Криминалистикалық болжаулар және тергеуді жоспарлау


Криминалистикалық болжаулар және тергеуді жоспарлау
Жоспары:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі.
- Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы.
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Криминалистикалық тергеу болжауы дегеніміз - тергеудің белгілі бір кезеңдерінде туныдаған жағдайларға, жиналған айғақты дәлелдемелерге негізделген қылмыстың түрі, оның болу тетігі және қылмыстың басқа да мән-жайлары жөніндегі тергеушінің ой-пікірі.
Тергеу болжамы әр түрлі негіздер бойынша топталады.
− Көлемі бойынша - жалпы және жеке;
− Қозғалмалы субъектісі бойынша - тергеу, жедел-іздестіру, сараптамалық
және соттық;
− Болған жағдайдың дәрежесіне байланысты - қайталанбалы, жай немесе нақты, анық.
Жалпы болжау - ол нақты қандай қылмыстың болғандығы жөніндегі тергеушінің ой-пікірі.
Болжауды қалыптастырудағы логикалық ойлауда анализ бен синтез, индукция мен дедукция, аналогия тәсілдері қолданылады.
Анализ - бұл зат бөліктерінің құрамын, кейбір жақтарының қасиетін, фактыны, құбылыстарды зерттеу.
Синтез - бұл анализ арқылы бөлінген белгілерді біртұтас және байланыстырып зерттеу.
Индукция - бұл жекеден жалпыға, ал дедукция - жалпыдан жекеге өтетін болжамалы жорамал.
Аналогия - деректерді, олардың жеке белгі негіздерімен салыстыруды қорытындылайтын логикалық ойлау әдісі. Осындай теңестіруден мынандай қорытынды шығады: егер белгілер ұқсас болса, онда деректер де ұқсас немесе олар бірдей себептермен ұғындырылады.
Болжауды құруда логикалық ойлау тәсілдерін қолдану:
− Болжам деректемесіне негізделіп шыншыл жорамалдар құрылады;
− Болжам логикалық дұрыс құрылып, өз мазмұнына қайшы келмеуі тиіс;
− Болжауды тексеру, тергеу әрекетімен, жедел іздестіру іс-шараларымен жүзеге асуы қажет.
Тергеуді жоспарлау - бұл уақыт пен күшті аз жұмсау үшін заң талабына сай болғанқылмыстың барлық жағдайын анықтау мен кінәлілерді ұстау бойынша жасалынатын мазмұнның негіздемесінен және жұмыс тәртібімен қорытындалатын ойлау процесі.
Тергеуді жоспарлау қағидасы деп, қылмысты тергеуде жоспарлауға ұсынылатын криминалистикалық талаптардың орындалуын айтады. Оны сақтау қағиданың сапалы болуын қанағаттандырады.
Жоспарлаудың негізгі үш қағидасы болады:
− Нақтылық. Нақтылық қағидасы жоспардағы болжамды тексеру үшін қажетті мәселелердің болуын, өткізілетін барлық тергеу әрекеттерінің іздеуші және басқа іс-шаралардың болуын, олардың орындау мерзімі мен оның орындаушыларын анық белгілеуді білдіреді. Жоспарда анық бір куәгерден жауап алу, сезіктілердің қайсысына тінту өткізу, осы тергеу әрекеттерін кім және қашан жүзеге асатыны көрсетілуі тиіс.
− Жекелік. Жекелік қағидасы жоспарды тек қана бір іс үшін және оның ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін есепке алу мен құру міндеттемесін білдіреді. Барлық қылмыстық істер бойынша типтік бағдарлама ретінде бір ғана жоспар құру мүмкін емес.
− Динамикалық (қозғалмалық) . Динамикалық қағиданың жоспарлау процесі бұл бір рет қолданылатын акт еместігін білдіреді; құрастырылған жоспар аяқталынған болып саналмайды, ол әрқашан толықтырылады және өзгертіліп отырады, сондай-ақ оның өзгеруі мен толықтырылуының мүмкіндігі мен қажеттігі алдын ала ұғындырылады.
Жоспарлау келесі ретпен жүзеге асырылады:
− Алғашқы тергеу әрекетін жоспарлау;
− Тергеу ісі барысындағы іс-әрекеттерін жоспарлау;
− Тергеудегі істің соңғы этабын жоспарлау.
- Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі
Қылмыстың тез арада ашылуы, тергеудің сапасы, тергеушінің істі тегеуге байланысты жұмысының мақсатты және ұйымдасқан түрде жүргізілуі тергеудің белгілі бір жоспармен жүргізілуіне тікелей байланысты. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін тергеу жоспарын жасау арқылы тергеуші тергеу барысында шешілетін сұрақтарды толық айқындап алып, осы сұрақтарды нақтылы қандай тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да ұйымдастырушылық шаралар жүргізу арқылы шешуге болатынын айқындап белгілейді.
Сұрақтар тергеп отрыған қылмыстың мән- жайын анықтауға байланысты болу керек. Сондықтан жоспарға кіретін сұрақтар осы қылмыс жөнінде тергеушінің ойнша жасаған болжауынан туындайды. Тергеп отырған қылмыстың қалай, қандай жағдайда болғанын тергеуші, әрине өз көзімен көрген жоқ. Бірақ қылмысты толық және объективті тергеу үшін тергеуші қылмыстың қалай болғанын ойша болса да, болжап, қылмыстың жасалу жолын көз алдына елестетіп көріп, оның бейнесін ойша жасап көруі керек. Осындай ойша шығармашылық талдау процесінің үстінде қылмыстың қандай жағдайда болғандығы, қылмысқа қатысқан адамдар және де қылмыстық оқиғаның басқа да мән жайлары жөнінде белгілі бір божаулар пайда болады. Тергеушінің бұл ойша талдау арқылы жүргізілетін тергеушінің бұл ойша талдау арқылы жүргізілетін шығармашылық белгілі бір сұрақтарды шешуге бағытталған іздеу процесі логикалық гипотеза әдістеріне негізделеді. Сондықтан тергеу божауы логикалық табиғаты жағынан алғанда гипотезаның бір түріне - жұмыс гипотезасына жатады.
Болжаудың мазмұны мен мағынасына байланысты тергеу болжауы жалпы және жеке болып екі түрге бөлінеді. Жалпы болжау - ол нақты қандай қылмыстың болғандығы жөніндегі тергеушінің ой-пікірі. Айталық, оқиға болған жерде мәйіт табылған жағдайда тергеуші осы оқиға жөнінде мына төмендегідей болжаулар жасай алады: жәбірленушіні біреу қасақана өлтірді, абайсызда өлтірді, не өзін-өзі өлтірушілік. Атап айтқанда мұндай жалпы божауда қандай қылмыс жасағандығы жөнінде белгілі бір пікір туындайды. Осы жасалған жалпы болжаудың әрқайсысынан сұрақтар туындап, олар жөнінде жеке болжаулар жасалынады. Мысалы, қылмыс белгілі бір адамның жасағандығы, қашан, қай мезгілде және қандай қару пайдаланғандығы жөніндегі, т. б сұрақ-болжаулар. Осындай шығармашылық талдаудан туындаған тергеу болжауларының барлығы бірдей тексерілуі керек. Бастапқы кезде жасалған болжаулардың бәрін бір кезекте қосарлы түрде тексеріп анықтау керек. Егер тергеуші осы сәтте шындыққа жатады деп тапқан бір болжауды ғана тексерумен айналысса, кейін ол болжау қате боған жағдайда, басқа болжаулардың тексерілуін кешіктірп алады.
Сонымен тергеу болжауы дегеніміз тергеудің белгілі бір кезеңдерінде туындаған жағдайларға, жиналған заттай дәлелдемелерге негізделген қылмыстың түрі, оның болу тетігі және қылмыстың басқа да мән-жайлары жөніндегі тергеушінің ой-пікірі.
Қылмыстық іс бойынша жасалған болжауларды және одан туындайтын сұрақтарды шешу үшін арнайы тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да анықтама жұмыстарын жүргізу керек. Бұл жүргізілетін жұмыстар белгілі бір кезекпен, тәртіппен, жоспарлы түрде өткізілуі керек болғандықтан, анықталатын сұрақтарды, тергеу шараларын толық қамтитын тергеу жоспары жасалады. Тергеу жоспарын осы тұрғыдан алып қарастырсақ, ол негізінен тергеу болжауын тексеріп, анықтауға бағытталған жоспар екендігі айқын көрінеді. Сонымен тергеу жоспарының логикалық негізі - тергеу болжаулары. Тергеу болжауларының, оны тексеруге бағытталған тергеу жоспарының жалпы бір шығармашылық жұмыстың бірімен- бірі байланысты екі сатысы екендігі, міне, осымен сипатталады. Тергеушінің шығармашылық ой-пікірі, осыған байланысты жасалған болжаулары қағазға жоспар арқылы түсіп, жоспарда көрсетілген тергеу шараларын жүргізу арқылы жүзеге асады.
- Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы
Тергеу жоспарын жасау белгілі бір қағидаларға негізделеді. Жоспады жасау үстінде тергеушінің міндетті түрде ескеретін шартты қағидалары бар. Олар: жоспардың жекелігі, нақтылығы, серпінділігі, жоспарланған шаралардың іске асу айқындығы, заңдылығы және қолайлылығы.
Жоспардың жекелігі дегеніміз - ол жоспардың тіке осы қылмысты ашуға, іске керектігі не осы іске байланысты сұрақтарды анықтауға бағытталуы және қылмыстық істі жүргізу үстінде жиналған дәлелдемелерге негізделуі. Анықталған сұрақтарды, жүргізетін тергеу әрекеттерін және басқа да ұйымдық жұмыстарын тергеушінің тіке өзінің жоспарлауы оның бұл бағыттағы жұмысын шығармашылық арнаға түсіреді, сонымен қатар тергеушінің жауапкершілігін арттырады.
Тергеу жоспарының нақтылығы дегеніміз - ол нақтылауға жататын сұрақтардың түсінікті және анық болуы. Осы сұрақтарды шешу жолдарының нақтыланып көрсетілуі. Жоспарда жалпы және декларативті сипатта көрсетілген тармақтардың болмауы шарт. Егер де іс бойынша анықталуға жататын жалпы сұрақтар болса, олар нақтыланып, анықталып көрсетілуі тиіс. Сұрақтардың көрсетілуі оларды тез арада шешіп, анықтауды жеңілдетеді.
Жоспардың серпінділігі (динамикалық қағидасы) ол тергеудің әр кезеңінде әрқилы тергеу ситуациясына сай өзгеріп тұруы. Тергеу процесі құбылмалы, әр уақытта өзгеріп отыратын процестердің қатарына жатады. Тергеу үстінде, әрине, бұрын жоспады құрғанда белгілі болмаған мәселелердің, сұрақтардың туындауы мүмкін. Осылардың бәрін дер кезінде жоспарға кіргізіп жасалған тергеу жоспары толықтырылып, өзгертіліп отырылады. Сондықтан болған өзгерістерді дер кезінде енгізіп, қосып отыруға тергеу жоспары бейімді болу керек. Тергеу жоспарын құғанда оған іс жүзінде анықтауға болатын сұрақтарды және белгілі мерзімде нақтылы орындауға мүмкін жұмыстарды, тергеу шараларын кіргізу қажет. Бұл жоспардың нақты орындалуын қамтамасыз етеді.
Анықталуы жоспарланған сұрақтар іс бойынша жасалған тергеу болжауларынан туындайды. Осы тергеу жоспарында көрсетілген сұрақтарды анықтау үшін өткізілуі тиіс жұмыс әрекеттері заңға қайшы келмеуі керек. Мұны тергеуді жоспарлаудың заңдылық қағидасы деп атайды. Тергеу әрекеттерінің жедел іздестіру және басқа ұйымдық жұмыстардың дәлелдеме алуға нәтижелігін және өткізуге қолайлығын арттыру үшін оларды ұтымды кезекпен өткізетіндей етіп жоспарлау қажет. Бірінші кезекте кідіртпей өкізуді қажет ететін тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстары жоспарлануы тиіс. Бұл тергеудің ықшамды және үйлесімді түрде өтуін қамтамасыз етеді.
Тергеу жоспары белгілі бір элементтерден құралады, осы қылмыс бойынша жалған тергеу болжауларына негізделеді және сол болжауларды тексеруге бағытталады. Сондықтан жоспардың бірінші элементі - осы іс бойынша жасалған тергеу болжаулары. Бұл тергеу болжауларын тексеру үшін белгілі бір сұрақтарды, мәселелерді анықтауға тура келеді. Сондықтан тергеу жоспарын құрғанда болжаудан туындаған және соған байланысты тексеруді қажет ететін сұрақтардың тізбегі жоспардың екінші элементі болып саналады. Жоспарға кірген сұрақтар тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да жұмыстарды жүргізу арқылы анықталып, шешілетін болғандықтан, орындалатын тергеу шаралары жоспардың үшінші элементі болады.
Жоспарланған жұмыстарды кім және қай мерзімде өткізу керек екендігі де жоспарда көрсетіледі. Бұл жоспардың төртінші элементі болады. Кей жағдайларда тергеу шараларын орындайтын лауазымды адамның аты- жөні өзінше жеке жазылады. Мұндай жағдайда жоспар бес элементтен құралады.
Енді тергеу жоспарын кесте түрінде көрсетсек, ол төрт кейде бес бағаннан тұратындығы байқалады. Әр бағандағы жоспар тікелей бір бірімен байланысып, бірінен- бірі туындайды. Осындай жоспар бойынша тергеушінің қылмысты тергеуге байланысты жүргізетін жұмыстары кесте түрінде қағаз бетіне түсіріліп көрсетіледі.
Тергеу жоспары ойша және жазбаша түрде жасалады. Тергеудің бастапқы кезеңінде қылмыстық іс бойынша мәліметтердің аз мезгілінде тергеуші өз жұмысын ойша жоспарлайды. Кейбір кідіртпей жүргізуді қажет ететін тергеу әрекеттері жоспарсыз да жүргізіледі. Айталық, қылмыс жөнінде хабар алысымен тергеуші оқиға болған жерге барып қарайды және қараудың қорытындысынан туындаған тергеу әрекеттерін өткізеді. Осы тергеу шараларын жүргізіп, орындаудан жиналған дәлелдеме деректерді талдап, оларды айқындап, анықтау арқылы тергеу болжауларын жасап, болжауларды тексеруді жоспарлайды.
Тергеу тәжірбиесінде тергеу жоспарының бірнеше түрі бар. Жұмыстың дұрыс жүргізілуі үшін жоғарыда көрсетілген элементтердің барлығы да жоспарда көрсетілуі керек. Жоспар бағандық және кестелік түрде жасалады.
Қазақстан Республикасының ҚК-нің «___» бабымен қарсы қозғалған №___ санды қылмыстық іс бойынша жасалған тергеу
ЖОСПАРЫ
Кестеде көрсетілген әр болжау бойынша жеке жоспар жасауға болады. Кейбір көп көріністі істерде әр көрініске жеке жеке жоспарлард да жасалады.
Жалпы тергеу жоспарына қосымша, оны толықтыруға бағытталған, жиналған айғақ мәлеметтерін бір жүйеге келтіру үшін жоспарлаудың басқа да түрлері қолданылады. Мысал, көп жоспарлаудың басқа да түрлері қолданылады. Мысалы, көп көріністі істер бойынша тергеп отырған қылмысқа қатынасы бар әр айыпкерге « жеке есеп» карточкесі толтырылады. Онда әр айыпкерге инкриминацияланған қылмыстық әрекеттер және оның осы қылмысқа қатысқандығын дәлелдейтін деректер келтіріледі. Жауапқа тартылған қылмыскерлердің саны көп, күрделі және көп көріністі істерді жоспарлаудың «шахматы ведомость» деген түрі де жиі қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz