Механикалық асфиксияның жіктелуі мен белгілері



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім

1. Механикалық асфиксияның жіктелуі мен белгілері
2. Асылу

3. Түзақпен буындыру, Қолмен буындыру

4. Кеуде мен қарыңды басып жаныштау. Тыныс жолдарын бөгде заттармен бітеу

5. Суға, т.б. сүйықтарға түншыгу
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Сот-медицина сараптамасының жиі кездесетін түрі — тірі адамдарды куәландыру. Бүл сараптама зақымданудың ауыр-лық дәрежесі, денсаулық жағдайы туралы, жыныстық қыл-мыстар жағдайында жынысты, сол сияқты жасанды аурулар мен өтірік ауыруды және басқаларын анықтау туралы мәселелерді шешу үшін тағайындалады.

Өліктер ең алдымен өлу себептерін анықтау, зорлап өлті-рілген бе, жоқ па деген сұрақты шешу үшін зерттеледі. Өлікті көбінесе жеке адамдар зерттейді, бірақ оның комиссия арқылы да зерттелуі мүмкін. Сараптаманың бұл түрі сот-меди-цина мәйітханаларында немесе ауруханалардың патология-лық-анатомірлық бөлімдерінін секциялық орындарында жүргізіледі.
1. Қ. Қаракөбенов Қ 41 Сот медицинасы: Оқулық. - Алматы: «ЖЕТІ ЖАРҒЫ» 1996. – 320 б.
2. «Қазақстан Республикасының сот сараптамасы туралы» заңы. 12.11.1997 жыл.
3. Жетпісбаев Ғ.А., Османова Г.Ж. Ж 56 Сот медицинасы: дәрістер жинағы. – Алматы: «NURPRESS» баспасы, 2011. – 256 б.
4. Акопов В.И., Судебная медицина, М., 2003;
5. Пашинян Г.А., Судебная медицина, М., 2005.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім

1. Механикалық асфиксияның жіктелуі мен белгілері
2. Асылу

3. Түзақпен буындыру, Қолмен буындыру

4. Кеуде мен қарыңды басып жаныштау. Тыныс жолдарын бөгде заттармен бітеу

5. Суға, т.б. сүйықтарға түншыгу
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Сот-медицина сараптамасының жиі кездесетін түрі -- тірі адамдарды куәландыру. Бүл сараптама зақымданудың ауыр-лық дәрежесі, денсаулық жағдайы туралы, жыныстық қыл-мыстар жағдайында жынысты, сол сияқты жасанды аурулар мен өтірік ауыруды және басқаларын анықтау туралы мәселелерді шешу үшін тағайындалады.

Өліктер ең алдымен өлу себептерін анықтау, зорлап өлті-рілген бе, жоқ па деген сұрақты шешу үшін зерттеледі. Өлікті көбінесе жеке адамдар зерттейді, бірақ оның комиссия арқылы да зерттелуі мүмкін. Сараптаманың бұл түрі сот-меди-цина мәйітханаларында немесе ауруханалардың патология-лық-анатомірлық бөлімдерінін секциялық орындарында жүргізіледі.
Әр алуан әдістер арасынан секрециялық, гистолоғиялық, изосерологиялық, биохимиялық, бактериологиялық, фотосуреттік (спектрдін көзге көрінетін сәулелерінде, ультракүлгін және инфрақызыл сөулелердегі микро және макросурет), спектроскопиялық, рентгенологиялық, трассологиялық әдістер мен түрлі түсті таңбалар әдісін және басқаларын атап көрсетуге болады. Сот-медицина сараптамасын жасаған кез-де, аталған әдістердің біреуі көбінесе тірі адамдарға, ал басқа біреуі өліктерді зерттеген кезде қолданылады. Алайда сарап-тама кезінде бір әдістің өр түрлі қолданылуы аз кездеспейді. Сот-медицина төжірибесінде пайдаланылатын зерттеу өдістері мен әдістемелері санының барған сайын көбейе түсуі неғүрлым негізделген жөне объективті қорытындылар беруге мүмкіндік туғызып отыр. Таным процесі ретінде сот-меди-цина сараптамасы өзгеріссіз қалмай, дамып, тереңдей түсуде. Бүл өзгерістердің мәні оның зерттеу әдістері мен деректерін пайдаланатын ғылымдардың одан өрі дамуына байланысты.

1. Механикалық асфиксияның жіктелуімен белгілері

Қан мен үлпаларға оттегінщ жетішеуіне байланысты көмір қышқылы жинақталатын жағдай асфиксия деп аталады. Ал механикалых, асфиксия дегеніміз -- механикалық фактордың ықпалы салдарынан болатын және оған қоса өкпенің тыныс алуы, қан айналысы мен орталық нерв жүйесі жұмысының бүзылуы.
Адам механикалық асфиксиядан өлген жағдайда өлікті зерттеу кезінде бірқатар белгілер байқалады. Алайда жалпы асфиксиялық деп аталатын бул белгілер тек механикалық асфиксия жағдайында ғана емес, адам тез өліп кететін басқа жағдайларда да, мысалы, жүрек-қан тамыр ауруларынан, электр жарақатынан жөне т.б. кенеттен өліп кететін жағдайларда да кездеседі. Сонымен бірге адам механиқалық ас-фиксиядан өлген жағдайда өлікте бул белгілердің болмауы да мүмкін.

Сыртқы белгілерге мыналар жатады:

1. Көздің дөнекер қабығына үсақ қан қүйылуы көп неме-се бірлі-жарым болуы мүмкін, көбінесе олар конъюнктиванык аралық қатпарларына шоғырланады.

2. Беттің ционозы -- жиі кездесетін, бірақ үнемі бола бер-мейтін белгі. Ол адам өлгеннен кейін өліктің астыңғы жағы-на қанның ағып кетуі салдарынан алғашқы сағаттарда жойы-лып кетуі мүмкін.

3. Өліктің жойылып кеткен интенсивті қоңыр күлгін таң-баларьгаың интенсивтігі қанның сүйык, күйде болып, дененің астыңғы жағына тез ағып кетуіне байланысты. Адам тез өліп кеткен барлық жағдайларға да осындай өлік дақтары тән болады, сондықтан бүл белгінің диагноз қойғандағы атқаратын рөлі онша емес.

4. Амалсыздан несеп жіберіп қою, дефекация жөне үрық шығару механикалық асфиксия жағдайында кез келген уақытта бола бермейді, кейде электр жарақатынан, кейбір улармен уланудан, адам кенеттен өліп кеткен жагдайда болуы мүмкін.
Асфиксиядан өлудің ішкі белгілеріне мыналар жатады:

1. Қанның қара қошқыл сүйық болуы -- механикалық ас-фиксия жағдайында жиі кездесетін белгі. Алайда қанның мүн-дай күйде болуы адам тез арада өліп кететін басқа да жағдайларға байланысты болуы мүмкін.

2. Жүректің оң жақ жартысының қанға толып кетуі шағын шеңбердегі қан айналысьшың қиындауына байланысты. Адам басқа жағдайларда тез өліп кеткен кезде де жүректің оң жағы қанға толып кететін болғанымен, механикалық асфиксия жағдайында бүл мейлінше айқын аңғарылады.

3. Ішкі мүшелердің қанға толы болуы да адам тез өліп кеткен жағдайда орын алады.
4. Талақта қанның аз болуы -- сирек кездесетін белгі.

5. Сіріқауыз бен эпикард астына аздап қан қүйылуы механикалық асфиксия жағдайында жиі кездеседі. Әдетте, олардың көлемі шағын, ал түсі қара қощқыл, көбінесе көкшіл болады. Сыртқы фактордың сипатына және ықпал еткен жеріне қарай механикалық асфиксия мьшадай түрлерге бөлінеді:

1) мойынды буындыру (странгуляция): а) асылу; ә) тү-зақпенбуындыру; б) қолмен буындыру;
2) кеуде мен қарынды басып жаншу;
3) тыныс жолда-рын және ауа жүта-тын саңылауларды жабу; а) ауыз бен мүрынды басып түншықтыру; ә) тыныс жолдарын бөгде заттармен тығындау; б) суға, т.б. сүйықтарға тұншығу.

1. Асылу

Адамның мойнын оның бүкіл денесінің және бір бөлігінін салмағымен жаншып буындыруды асу деп атайды, Осыған байланысты ол толық немесе жартылай асу деп бөлінеді, соңғысы жиірек кездеседі. Бұл орайда өліктің әр түрлі сипатта болуы мүмкін. Адамды тұрған күйінде, тізерлетіп, отырғызып, жатқызып асуға болады.
Әдетте, адам түзақпен асылады, алайда мойынның ағаш бүтақтарының, шарбақ тақтайларының арасына, автомаши-на есігіне немесе кабинасына қысылып түншығуы да кезде-седі.
Түзақтар неден ісгелгеніне қарай жүмсақ, жартылай қатты және қатты түзақтар болып бөлінеді. Жүмсақ түзақтар киім-кешектен, бөкебайлардан, сүлгіден, т.б. жасалады, Кейбір жағдайларда киімнің жағасы да сондай түзақ ретінде пайдаланылуы мүмкін. Жартылай қатты түзақтар өте жиі кездеседі, олар көбінесе арқаннан, жіптен, белдіктер мен белбеу-лерден жасалады. Ал қатты түзақтар сымдардан, т.б. істелуі мүмкін.
Адамды асқан кезде түзақтың түрлі жағдайда болуы ықти-мал. Әдетте, түйініне қатысы жөнінен ол қиғашталып жасалады. Түзақтардың түйші өліктің желкесінде болады, бүл дағ-дылы жағдай; ал егер түйін сол немесе оң жағьшда болса, ол бүйір жақтағы түзақ деп саналады; сондай-ақ түйіннің әдеттен тыс болуы мүмкін, бүл жағдайда түйін адамның иегі ас-тында немесе бетінің төменгі жағында болады.
Адамды асқан кезде мойын мүшелерін тұзақтың буындыратынын және түзақта барлық жағдайда түйін бола бер-мейтінін ескергенде, түзақтың жағдайын былайша бөлуге болады: а) алдыңғы жақтан асу, бүл орайда түзақ мойьшның алдыңғы жағын түншықтырады, ал бүшр жағьша салмақ азырақ түседі; ә) артқы жақтан асу, бүл жағдайда мойынның артқы жағы және ішінара бүйір жағы қысылады; б) бүйір жақтан асу, мүнда салмақ күші негізінен мойынның оң және сол жақ бүйіріне түседі; в) белдеулеп асу, бүл ретте түзақ бүкіл мойынды түгел қамтиды; г) сирек кездесетін жағдайлар, бүл жағдайда адамның иегі мен аузы арасынан, аузы арқылы, мүрнынан төменіректен асылуы, т.б, болуы мүмкін.

2. Түзақпен буындыру

Тұзақпен буындырғанда оны мойынға көбінесе басқа адам орап тартады немесе басқа әдіспен қылғындырады, бірақ адамның салмағымен қылғындырылмайды. Әдетте тузақ мойынға салынады да алдынан немесе артынан туйіледі, сирек болса да түйіннің бір бүйірінен түйілуі кездеседі. Кейде түйіннің орнына бұрау -- тұзаққа салынып бүрайтын таяқша немесе басқа бір ұзынша зат қолданылады. Кейбір жағдайларда тұзақ отырған немесе жатқан адамның мойнына салынып, түйін түйілмей, тұзақтың ұшын арт жақтан тар-тып, мойынды алдыңғы немесе бүйір жағынан қылғындырады. Буындыруға арналған түзақтар әдетте жұмсақ және жартылай қатты материалдан жасалады, қәтты материал-дан жасалуы сирек кездеседі. Кейде киім-кешек те (мысалы, галстук, бөкебай, орамал, т.б.) бір үшы жүріп бара жатқан машинаның тетігіне ілініп, адамды түншықтыратын тұзақ ролін атқаруы мүмкін.
Буындырғанда түзақтың мойынға әсер ету механизмі негізінен адамды асқандағыдан айырмашылығы тек мынада: көбінесе әуелі адамның жүрегі тоқтайды да жоғарғы көмей нервісінің рефлексті аймағы мен синокаротидтік түйіннің қызарғаны байқалады. Мойынды баяу және біртіндеп қылғындырғанда асфиксиялық белгілер беттің көгеруі мен домбығуы, бет терісінің көп жерлеріне, көз бен ауыздың шырышты қабықтарына қан қүйылуы түрінде айқын аңғарылуы мүмкін. Қалтырап қысылғанда көбінесе нәжіс пен несеп шығып кетеді.
Түзақ салып буындырған жағдайда странгуляциялық сайдың асылғандағыдан айырмашылығы -- ол көбінесе көлде-нең бағытта болып, бүкіл мойынды айналдыра түгел қамти-ды, яғни түйықталған сипатта болып, бүкіл бойында бірқалыпты көрінеді. Мойынның алдыңғы жағында ол өдетте көме-кейдің қалқан тәрізді шеміршегінен төменіректе немесе соның деңгейінде болады. Түзақтың астына жүмсақ зат салғанда сай бірқалыпты болмайды, тіпті түйықталмауы да мүмкін. Тұзақпен қатты қылғындырған жағдайда странгуляциялық сайдың бойындағы шел клетчаткалары мен бүлшық еттерге қан қүйылғаны байқалады; көмекейдің қалқан тәрізді шеміршегі мүйіздерінің, сондай-ақ көмейдін басқа шешршектерінің де асылғандағыдан гөрі жиірек сынғаны анықталады.

3. Қолмен буындыру

Бұлайша буындырған кезде мойын бір немесе екі қолмен қылғындырылады. Мойынныц қан тамырлары мен нерв са-бақтарын жаныштаумен қатар кеңірдек саңылауы тарылады, кейде көмейді екі бүйірінен қысқан кезде дауыс саңы-лауы мүлдем жабылып қалады. Саусақтардың қысуынан жоғарғы көмей нервісі мен синокаротидтік түйін күрт қызарып кетеді, ал жүрек мойынға алғаш әсер еткенде-ақ тоқтап, тыныс болмай қалуы мүмкін.
Қолдың қысуынан мойынға әр түрлі жарақаттар түседі. Адам тез есінен танып, қарсылық көрсете алмайтын кезде саусақтар мен тырнақтардан доға тәрізді немесе жарты ай сияқты жарақат және қанталаған дөңгелек із қалады. Мүндай іздердің орналасуы тұншықтырған сәтте қолдың (қолдардың) мойынды қалай қысқанына байланысты болады.
Буындыру кезінде адамның қарсылық жасауы табиғи нәрсе, соның нәтижесінде мойынның терісіндегі жарақаттар әр түрлі сипатта болады, Әдетте, қанталаған жарақат-тардың көбі теріде емес, шел клетчаткасы мен бүлшық еттер арасында, көмей, өңеш, қалқанша без төнірегінде, күре тамыр артерияларының адвентициясында, мойынның бүлшық еттерінде жинақталады. Көбінесе тіл асты сүйектері мүйізшелерінің, көмей мен кеңірдек шеміршектерінің сынуы жиі кездеседі.
Құрбан болған адам қатты қарсылық көрсеткен жағдайда оның мойнымен қатар денесішң басқа бөліктеріне де тырнал-ған, қанталаған жарақаттар түсуі мүмкін. Онын кеудесінен тіземен басқан кезде қабырғасы сынып, бауыры жарылып кетеді. Ал мойыннан әлдебір жүмсақ нәрсемен үстап қылғындырған жағдайда кейде мойынның терісінен де, жүмсақ улпа-ларынан да ешқандай жарақат табылмауы ықтимал.

4. Кеуде мен қарыңды басып жаныштау

Механикалық асфиксияның бұл түрі әлдебір ауыр затпен, мысалы, аударылған машинаның қорабымен, бетон тақтамен, кесілген ағашпен, т.б, тек кеудені, текқарынды немесе кеуде мен қарынды қоса басып қалу салдарынан болады. Кеуде мен қарыннын жаншылуы тыныс алудың шектелуіне немесе толық тоқталуына және өкпе мен мидағы қан айна-лысының күрт бүзылуына әкеп соғады. Жанышталудың қалай болғанына, қаншалықты күшті екеніне қарай адам-ның түрлі уақытта өліп кетуі мүмкін.
Жаңа туған нәресте мен емізулі балалардың тынысы тоқталып, түншығып өлуі үшін тым қатты орау немесе кеуде қуысын алақанымен сәл басу жетіп жатыр.

Тұншығып өлу белгілерінің айқындығы қаншалықты қатты және қаншалықты ұзақ уақыт жаншылғанына байланысты. Дененің бүл жерлерінің қатты жаншылуы көбінесе аз уақыт-тың ішінде тыныс алу мен қан айналысының тоқталуына жөне адамның өлуіне әкеп соғады, бүл орайда асфикция белгілерінің мүлде аз болуы мүмкін. Мұндай жағдайда қабырғалардың сынуы, ішкі мүшелердің (бауырдың, талақтың) жа-рылуы түріндегі жабық жарақаттар байқалады.
Кеуде қуысы мен қарын толық жаншылмай, үзақ уақыт басылып жатқан жағдайда тыныс алу едәуір дәрежеде шектеліп, жоғарғы қуыс көк тамыр жүйесіндегі қаи айналысы бүзылса, асфикция белгілері ерекше айқын аңғарылады. Беті ісініп, көгеріп кетеді, терісі, көздің дәнекер қабығы мен белок қабығы үсақ және ірі көлемде қанталайды. Көз алмасы кей-де айналып, мойын көк тамыры қанға толып түрады.
баланың өлігінен тез өліл кету белгілерінен басқа ешқандай өзгерістер байқалмайды. Кейде баланын өлуі уақыты жағынан оның әлдебір аурудан, мысалы, бронхиолиттен, пневмониядан, т.б. өліп кетуімен түспа-түс келуі мумкін. Мүқият жүргізілген гистологиялық зерттеу өлудің шын себептерін анықтауға мүмкіндік береді.

Тыныс жолдарын бөгде заттармен бітеу

Тыныс жолдары саңылауларының бітеліп-жабылуы салдарынан адам көмекей мен қолқаға әлдебір бөгде заттардын тығындалып қалуы, кеңірдек пен бронх саңылауларын әр түрлі сусымалы денелердің, кейде ұйыған қанның бітеп тастауы, сондай-ақ қатты мас кезде құсықтың кептелуі жағда-йында өліп кетуі мүмкін. Тыныс жолдарына толық шайнал-маған тамақтын (ет, май, т.б.) кенеттен қорқып кеткенде не-месе мас адамдар жүтудан жаңылысқан кезде, сондай-ақ нерв жуйесі ауыратын адамдарда кептеліп қалатын кездері болады, ал кейде тыныс жолдарына тістің сынған протездері де түседі.
Бөгде заттардан түншығу, әсіресе балаларда жиірек кез-деседі, олар әдетте ауыздарына тиындар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асфиксияның себептері
Механикалық асфиксия
Балалар аурулары туралы
Клиникалық өлім жағдайындағы (шок, коллапс, талу, тұншығу, күн өту, ыстық өту) жануарларға алғашқы ветеринариялық көмек көрсету
Эзофаготомия (oesophagotomy) — өңеш қабырғасын зерттеу, бөгде денелерді жою немесе қандай да бір құралдарды енгізу үшін таратудан тұратын хирургиялық операция
Көмей қызметі
Механикалық асфиксия кезіндегі ағзадағы патологиялық өзгерістер
Жақ-бет аймағыжарақаттанған науқастарға көмек көрсету
Гипоксия мен туы жарақаттарының себептері. Асфиксиямен туылған нәрестелерге көрсетілетін негізгі шұғыл көмек шаралары.
Сынықтардың асқынулары
Пәндер