Сот сараптамасының жіктелуі,тағайындаудың ұйымдастырушылық сұрақтары және оны жүргізетін мекемелер



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Сот сараптамасының жіктелуі.
2. Сот сараптамасын тағайындаудың ұйымдастырушылық сұрақтары.
3. Қазақстан Республикасының сараптамалық мекемелері.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Сот-сараптамалық қызметті ұйымдастыру барысында, сот сараптамалары жіктелуінің ғылыми заңдылығына қатысты мәселесі маңызды. Оның шешілуі бірнеше факторларға қатысты. Ең алдымен, сараптаманың жіктелуі дегеніміз – сараптамалық білім саласының ғылыми жүйелендірілген түсінігі. Мұндай анықтама аталған тәжірбиелік және ғылыми сала туралы жүйелік түсінік алумен қатар, оның тәжірбиеде жүзеге асатын құрылымдық элементтерін бөлуге де мүмкіндік береді.Өз кезегінде, әрекеттердің соңында сот сараптамаларын жүргізуде көрініс табатын танымдық сараптамалық қызметтің құрылымдық элементтерінің дифференциациялануы, объективті критерилердің айқындалуын талап етеді, олардың негізделуі сот өндірісінде арнайы ретінде қолданылатын ғылыми білімдерді бөліп көрсету үшін қажет.
1. ҚР Конституциясы 30 тамыз 1993 жыл.
2. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі. 13.07.1999 ж.
3. ҚР «Сот сараптамасы туралы» Заңы. 12.11.1997 ж.
4. Бычкова С.Ф., Бычкова Е.С., Калимова А.С. Судебная экспертология. Курс лекций: Учебное пособие. – Алматы: Жетi жарғы, 2005.
5. Исаев А.А. Теоретические и правовые проблемы применения специальных знаний для квалификации преступлений. – Алматы: Жетi жарғы, 1999.
6. Шакиров К.Н. Судебная экспертология. Курс лекций. – Алматы, 2008.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Сот сараптамасының жіктелуі,тағайындаудың ұйымдастырушылық сұрақтары және оны жүргізетін мекемелер

Жоспары:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Сот сараптамасының жіктелуі.
2. Сот сараптамасын тағайындаудың ұйымдастырушылық сұрақтары.
3. Қазақстан Республикасының сараптамалық мекемелері.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Сот-сараптамалық қызметті ұйымдастыру барысында, сот сараптамалары жіктелуінің ғылыми заңдылығына қатысты мәселесі маңызды. Оның шешілуі бірнеше факторларға қатысты. Ең алдымен, сараптаманың жіктелуі дегеніміз - сараптамалық білім саласының ғылыми жүйелендірілген түсінігі. Мұндай анықтама аталған тәжірбиелік және ғылыми сала туралы жүйелік түсінік алумен қатар, оның тәжірбиеде жүзеге асатын құрылымдық элементтерін бөлуге де мүмкіндік береді.Өз кезегінде, әрекеттердің соңында сот сараптамаларын жүргізуде көрініс табатын танымдық сараптамалық қызметтің құрылымдық элементтерінің дифференциациялануы, объективті критерилердің айқындалуын талап етеді, олардың негізделуі сот өндірісінде арнайы ретінде қолданылатын ғылыми білімдерді бөліп көрсету үшін қажет.
Сот өндірісінде ғылыми білімді арнайы деп көрсету әдістемелік негізде келесі мүмкіндіктерді анықтауға мүмкіндік береді, олар:
* азаматтық және қылмыстық процестегі міндеттерді шешу үшін қолданылатын сараптамалық білімдердің өзектілігі;
* оның әзірлену және тәжірибелік маңыздылығының деңгейі;
* жетілдірудің мүмкінде жолдары;
* арнайы сараптамалық мамандықтардың тізімі және соған сәйкесінше сараптамалық мекемелердің талап бойынша құрылымдық құрылысы;
* сот-сараптамалық жүйесі үшін кадрлерді дайындаудың негізгі бағыттары.

1. Сот сараптамасының жіктелуі

Сот-сараптамалық қызмет тәжірбиесінде, А.Р.Шляховпен әзірленген сот сараптамасының жіктелуі қолдау тапқан. Сот сараптамасының жиынтығын автор тоғыз кластарға бөледі, олар:
oo Криминалистикалық сараптамалар,
oo Сот инженерлі-көліктік сараптамалар,
oo Сот экономикалық сараптамалар,
oo Сот биологиялық сараптамалар,
oo Сот инженерлі-техникалық сараптамалар,
oo Сот инженерлі-технологиялық (материалдық) сараптамалар,
oo Сот ауыл-шаруашылық сараптамалар,
oo Сот-экологиялық сараптамалар,
oo Сот-медициналық және психофизиологиялық сараптамалар.
А.Р.Шляхов әр класты тектерге бөледі. Мысалы, криминалистикалық сараптамалардың кластың 20 тегі бар:сот-қолжазбатану;сот-авторлық;с от-фонетикалық (вокалографикалық);құжаттардың сот-техникалық сараптамасы;сот-трасологиялық;сот-б аллистикалық;сот-портреттік;сот-фот отехникалық (фотосуреттік);метталдан жасалған ақша белгілерінің сот сараптамасы;өшірілінген, кесілген (жаншылып жойылған) нөмерлерді (фирмалық заттаңбалар) қайта қалпына келтіру сот сараптамасы;сот-топырақ тану сараптамасы;бояу заттарының және қабаттардың сараптамасы;мұнай және жанар-жағар май өнімдерінің сот сараптамасы;талшықтар, талшықтық материалдар мен олардан жасалатын бұйымдардың сараптамасы;шыны, керамика (фарфор, фаянс) олардан жасалатын өнімдердің сараптамасы;металл, құймалар және микроіздер, микробөлшектерді зерттеудің сот сарапатамасы;полимерлі материалдар, пластмасс және олардан жасалатын бұйымдардын сот сараптамасы;есірткі заттардың сараптамасы;темекі (махорка) олардан жасалатын бұйымдардың сараптамасы;одорографиялық (одорологиялық) сот сараптамасы.
Аталған кластар зерттеудің әдістемесін, объектісі мен пәнін негізге ала отырып, жіктеген. Үш негізді басшылыққа ала отырып А.Р.Шляховтын жіктелуін көптеген авторлар әлі күнге дейін пайдалы және дұрыс деп санайды.
Ал, О.В.Жгенти аталған сараптаманың жіктелуін (класс, тегі, түрлері) төрт деңгейге дейін қысқартты. Мұндай қысқартуды кибернетиканың қағидасына негіздеген: құрылымның қызмет етуі оның күрделілігінің азаяюына қатысты нәтиже береді.
Автор сараптаманың келесі класстарын ұсынады, олар:
* криминалистикалық;
* биолого-медициналық;
* экономикалық;
* инженерлі-техникалық;
* ауылшаруашылық;
* сот-көліктік.
Автор әр бір сараптаманың класын түрлер мен түршелерге (подвиды) бөлуді ұсынған. Мысалы, криминалистикалық кластың келесі түрлері мен түршелері бар, олар: 1) құжаттардың криминалистикалық сараптамасы - қолжазба мен құжаттардың криминалистикалық-техникалық сараптамасы, 2) трасологиялық сараптама - дактилоскопиялық сараптама (қолдың іздері), аяқ киім және жалаңаяқтың іздер сараптамасы, тіс іздерінің сараптамасы, адамдардың киім-кешек сараптамасы, бұзу құралдары мен саймандардың сараптамасы (механоскопия), көлік құралдары іздерінің сараптамасы, жаппай өнім құралдарының сараптамасы (түйме, фурнитура), жануарлар іздерінің сараптамасы, 3) қарулардың және оқ-дәрілердің кримналистикалық сараптамасы (сот-баллистикалық сараптама) - оқ, гильзадағы іздер бойынша қару ойындысының идентификациялық сараптамасы, аңшылық қарудың идентификациялық сараптамасы т.с.с. 4) сот-портреттік сараптама (түрлер мен түршелерге бөлінбейді), 5) материалдар мен затар, олардан жасалған бұйымдардың сараптамасы - талшық пен талшық материалдарының криминалистикалық сараптамасы, боялған қабаттар мен заттардың сараптамасы, мұнай, газ өнімдері материалдарының сот сараптамасы, шыны, керамика (фарфор, фаянс) олардан жасалатын өнімдердің сараптамасы, полимерлі материалдар, пластмасс және олардан жасалатын бұйымдардын сот сараптамасы.
Біздің ойымызша, сот сараптамасының жіктелуіне тәжірбиелік мазмұндағы белгі ретінде сараптамалық зерттеу кезінде нақты ғылымның әдіснамасында қолданылатын білім жатады. Мұндай білім объективті заңдылықтарды тануға бағытталған және идеялардың қағидалардың, ұғымдар мен әдістердің жүйесі ретінде таным қызметінің құралына айналады. Ғылыми білімнің әдіснамалық мазмұны криминалистика, экономика, техника мен өзге де ғылымдарды бір-бірінен ажыратудың негізінде жатыр. Өз құрамына пән, объект, әдістемені енгізе отырып, нақты міндеттерді шешуге бағытталған.
Біз ұсынып отырған сот сараптамасының топтастырылуы келесі негіздерге байланысты жіктеледі:
1-Класс: Криминалистикалық сараптама
1. Құжатттардың сот сараптамасы
2. Фонографиялық сот сараптамасы
3. Трасологиялық сот сараптамасы
4. Қарулар, жарылғыш заттардың, олардан қалған іздерді қолданудың сот сараптамасы
5. Материалдар, заттар және бұйымдардың сот сараптамасы
6. Портреттік сот сараптамасы
7. Фототехникалық сот сараптамасы
2-Класс: Сот экономикалық сараптама
1. Сот бухгалтерлік сараптама
2. Қаржы-несиелік сот сараптамасы
3. Қаржы-бюджеттік сот сараптамасы
4. Сот тауарлық сот сараптамасы
3-Класс: Сот инженерлі-техникалық сараптама
1. Жол-көлік оқиғалары мен көлік құралдарының сот сараптамасы
2. Құрылыстық-техникалық сот сараптамасы
3. Жарылғыш заттар техникасының сараптамасы
4. Сот-технологиялық сараптама
5. Компьютерлік жүйе мен технологиялардың сот сараптамасы
6. Электро-техникалық жүйе мен жабдықтардың сот сараптамасы
4-Класс: Сот-биологиялық және ауылшаруашылық сараптама
1. Сот-биологиялық сараптама
2. Сот-ветеринариялық сараптама
3. Сот зоотехникалық сараптама
4. Сот-агробиологиялық сараптама
5. Сот-агротехникалық сараптама
5-Класс: Сот дәрігерлі-психофизиологиялық сараптама
1. Сот-медициналық сараптама
2. Сот-психиатриялық сараптама
3. Сот-психологиялық сараптама
Сот сараптамасы кластарының қысқартылуы сараптамалық міндеттерді шешу үшін ғылыми білімдерді пайдалану деңгейін бағалаумен тікелей байланысты. Біз ұсынып отырған кластардің тізімі толық қамтылмаған, осыған қатысты аталған тізім белгілі бір білім саласында әзірлену деңгейіне қатысты және сот өндірісінің мұқтаждарық өзектілігіне сәйкес өзгеріп отырады.Сараптамалардың нақты түрлеріне бөлінуі олардың белгілі бір жіктеулік категорияда болуы немесе болмауы сараптамалық зерттеудің өндірісіндегі сот тәжірбиелік сұраныстарымен және әдістемелік, оның ішіндегі жабдықтаумен қамтамасыз етіледі. Осыған қатысты, нақты сараптаманың белгілі бір түрлерге жатуы мұнда қолданылатын ғылыми білімге ғана қатысты емес, сол сияқты нақты сараптамалық салаға да байланысты.
Мысалы, трасологиялық сараптаманың тегі криминалистикалық білімге негізделе отырып, келесі түрлерге бөлінеді:
* дактилоскопиялық сараптама;
* аяқ киім мен жалаңаяқ іздерінің сараптамасы;
* тіс, ерін және адамның басқа бөлшектерінің сараптамасы
* бұзу қаруының, саймандардың және құлыптау құралдары іздерінің сараптамасы;
* көлік-трасологиялық сараптамасы;
* бүтінді бөлшектеу идентификациялық сараптамасы.
Тәжірбиенің сұраныстарына және қолданылатын білімдерге сәйкес сараптамалардың түрлерге топтасу кластары мен тектеріне қатысты жіктеледі.
Аталған оқу құралында сот сараптама тәжірбиесінде жиі кездесетін және сот дәрігерлік-психофизиологиялық сараптамалардан басқа, сараптамалардың түрлері мен тектері қарастырылған.
Жоғарыда көрсетілген сот сараптамасының жіктелуімен қатар, өзге де сараптамалардың түрлері бар. Мәселен, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны шығарған кезде, оның ҚР Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық қызмет туралы Заңында және Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу Кодексінде көзделген сот сараптамаларының түрлері ескеріледі. Аталған заңдарда сот сараптамалары келесі түрлерге жіктеледі:
* сарапшылар санына қарай - жеке және комиссиялық;
* зерттеу көлеміне қарай - негізгі және қосымша;
* жүргізу реттілігі бойынша - алғашқы және қайталама;
* білімдерді қолдану құрамына қарай - тектік және кешенді.
Жеке сараптама тек бір ғана сарапшымен жүргізіледі, ал комиссиялық сараптама бірнеше сарапшылармен жүргізіледі. Комиссиялық сараптамаларды тағайындаудың негіздері күрделі сараптамаларды бірнеше мамандықтары бар бірдей сарапшылармен жүргізу болып табылады. Осы арқылы комиссиялық сараптама кешенді сараптамадан ерекшеленеді. Кешенді сараптама дегеніміз - әр-түрлі мамандықтары бар, өз құзыретінің шегінде ғана бірнеше сарапшылармен сараптамалық зерттеу жүргізуді айтамыз. Кешенді сараптаманың қорытындысы әр сарапшымен жүргізілген зерттеулердің нәтижесінің жиытығын құрайды. Жалпы сараптамалық зерттеудің нәтижелері тек құзыретті сарапшылармен бағаланып, қол қойылады.
Комиссиялық және кешенді сараптамаларда зерттеудің нәтижелерімен келіспеген сарапшылар немесе өз ой пікірлерін ұстанатындар туралы мәліметтер жалпы қорытындыда көрініс табады.Сараптаманы тағайындау кезінде қосымша және қайталама сараптамаларды бір-бірінен нақты саралау керек.Қосымша сараптаманы тағайындаудың негізі болып алғашқы жүргізілген сараптама қорытындысының анық немесе толық болмауын және бұрын зерттелген мән-жайларға қатысты жаңа сұрақтардың пайда болуын айтамыз. Заңға сәйкес, сараптама оны бұрын жүргізген сарапшыға немесе басқа сарапшыға тапсырылады.
Қайталама сараптама алғашқы сараптаманың сұрақтарын шешу үшін тағайындалады. Аталған сараптаманы тағайындаудың жағдайлары келесілер:
* сарапшының алғашқы қорытындысы жеткіліксіз негізделген болса;
* сараптама жүргізілгенде процессуалды нормалардың бұзылуы орын алса.
Қайталама сараптама әрқашан комиссиялардың құрамымен жүргізіледі. Алғашқы сараптаманы жүргізген сарапшылар қайталама сараптамаға кеңес, түсіндірме беру үшін қатыса алады, бірақ зерттеулерді жүргізе алмайды.
Қайталама және қосымша сараптама жүргізілгенде сарапшыларға алғашқы сараптаманың қорытындылары ұсынылуы қажет. Егер, екінші немесе келесі сараптама бірнеше негіздерге сәйкес тағайындалса, олардың біреуі қосымшаға, ал басқасы қайталамаға жатса, мұндай сараптама қайталама сараптаманың тәртібі бойынша жүргізіледі.

2. Сот сараптамасын тағайындаудың ұйымдастырушылық сұрақтары

Сот сараптамасын тағайындау барысында ұйымдастырушылық сұрақтарды шешіп алу қажет. Аталған жағдай процессуалдық шешім қабылдауға, сот сараптамалық мекемені тағайындауға немесе нақты сарапшыны таңдауға түрткі болады. Ұйымдастырушылық сұрақтар сараптаманы тағайындаудың сатысына қатысты болады, олар өз алдына дайындық және сараптаманы тапсыру сатыларына бөлінеді.
Дайындық сатысы ұйымдастырушылық сұрақтарды шешуді қажет ететін келесі кезеңдерге бөлінеді:
Сараптаманы тағайындау туралы шешім қабылдау.Аталған кезең, алдын-ала тергеу процесі немесе сот талқылау кезінде, іс үшін маңызды мән-жайларды анықтау үшін арнайы ғылыми білімді қолдануды қажет ететін жағдайлардың пайда болуын білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда, сот немесе тергеу үшін дәлелдерді арнайы ғылыми білімді қолдана отырып алу қажет болғанда, олар сот сараптамасын тағайындау туралы процессуалды шешім қабылдайды.
Сот сараптаманың нақты түрін анықтау.Аталған сұрақты шешу сараптамалық білімді тартуды қажет етеді.Осыған қатысты сот, тергеуші орын алатын сараптамалардың топтарын және олардың мүмкіндіктерін жақсы білуі қажет. Мәселен, сараптаманың процессуалдық түрін (қосымша, қайталама) қате анықтау, сараптаманы тағайындаудың процессуалдық кемшіліктеріне әкеп соғуы мүмкін, яғни сарапшының сараптама жүргізуден бас тартуын айтамыз.
Сараптамалық сұрақтарды шешетін міндеттерді анықтау.Тергеуші (сот) алдында тұрған міндеттерді нақты анықтап алуы қажет, ол өз алдына сараптамалық мақсаттарды шешуге ықпал етеді, сараптама жүргізудің қажетті және жеткілікті шектерін анықтайды.
Сарапшыға қойылатын сұрақтарды құрастыру.Тергеуші (сот) сараптаманың түрі мен міндеттерін анықтап алған соң, сарапшының алдына қойылатын сұрақтарды анықтап алуы қажет. Дәлелдеу субъектілері әдістемелік және процессуалдық талаптарды басшылыққа ала отырып, сараптамалық сұрақтарды анықтау қажет. Сұрақтар сарапшының құзыретінің және мамандығының шегінен тыс болмауы қажет. Сарапшының алдына қойылатын сұрақтар логикалық реттілікпен құрастырылуы қажет, яғни ең алдымен сот, тергеуге қажет маңызды жалпы фактілерді, кейін нақты мән-жайларды анықтау керек.Өзінің мазмұны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот экспертологиясы пәнінен қысқаша лекция жинағы
Сот сараптамасы туралы криминалистік ілімнің рөлі мен маңызы және оны тағайындау, жүргізу және бағалаудың тактикалық ерекшеліктері
Сот сараптамасын тағайындау және жүргізуде арнайы білімдерді қолдану
Сот сараптамасынын объектілері
Сот сараптамасын тағайындау, жүргізу және оның нәтижелерін бағалау
Сот сараптамасының түсінігі, негіздері мен тағайындау тәртібі
Сот сараптамасының жіктелуі
ҚР сот сараптамасы пәнінен лекциялар
Сотта сараптама тағайындау мен жүргізудің процесуалдық мәселелері
Бұйымның тұтыну қасиеттерінің сараптамасы
Пәндер