Прокурорлық қадағалау туралы



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының прокурорлық қадағалаудың ұғымы мен маңызы.
2. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағынан заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарынның және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі беркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы және заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл.
2. Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» заңы 21 желтоқсан 1995 жыл.
3. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі. Алматы. 2003 жыл.
4. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексі. Алматы. 2003 жыл.
5. М.М.Алиев «Прокурорский надзор Республики Казахстан». Алматы. 2002 год
6. Р.Н.Ақпаров «Қазақстан Республикасының прокуратура органдары». Алматы. 2000 жыл.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының прокурорлық қадағалаудың ұғымы мен маңызы.
2. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағынан заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарынның және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі беркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы және заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді.
Құқықтық мемлекетті құру, прокурорлық қадағалау әрекеттерін және дәрежесін жоғарлатуды, прокуратура дербестігін күшейтуді, оның қызметіне қандай да бір араласудың болмауын, олардың алдына қойылған тапсырмаларды табысты орындау үшін жеткілікті кепілді жасауды талап етеді.
Шын мәнінде, прокуратура тапсырмаларды шешуде ерекшелік күшіне сай, билікті бөлудің таптық сызбасына кірмейді, яғни заң шығару, орындаушылық міндеттерді және соттық билікті жүзеге асырмайды. Республикада прокуратура жын мәнінде сот саласында және мемлекеттік басқару саласында заң бұзушылыққа қарсы тұрады. Дамушы конституциялық билікті бөлу қағидаларын әрбір билік тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың, билік өкілеттілігін шынайы мазмұнмен толықтыруды қарастырған.
Осыған сәйкес кейбір тұлғалар шеңбері жағынан әртүрлі негіздерді және себептерді келтіріп, прокуратура міндеттеріне мемлекеттік саясат саласында заңдылықты қамтамассыз ету тән емес-деп прокуратураның өкілеттілік көлемін тарылтуға әрекеттер жасады.
Қадағалау өндірісі орындаушы, сот органдарына және заң шығарушы билікке тән болмауы қажет. Осы жоспарда оларға бақылау қызметі тән, ал қадағалау міндетіне өзінше өкілеттілік берілген-қандайда бір шешім қабылдаумен байланысты емес, бірде- бір билік тармағына бағынышты емес прокуратура органына жүктелінуі қажет.
Заң шығарушы органның тапсырмаларын тарылту шеңберінде, мемлекет көлемінде заңдардың орындалуын қадағалау міндетін арнайы органға беру, яғни прокуратураға мемлекет атынан Жоғарғы қадағалауды жүзеге асыру жайлы сұрақ шешіліп, тапсырылды.
Шын мәнінде бүгінгі күнде прокуратура, мемлекеттің Ел Басына ортақтандырылған заң қолдану тәжірибесін, шұғыл түрде заңды тұлғалардың, азаматтардың, сот инстанцияларының заң бұзушылық жайлы арыздануын күтпей-ақ, прокурорлық елеумен алдын алу шараларын орындауға мүмкіндік беретін орган болып отыр.
Демократиялық және республикада өзекті реформалар шарттарында, қоғам өмірінің барлық жағын құқықтық жаңартуды реттеуде, Конституцияның жоғарлылығын қамтамассыз етуге бағытталған және Қазақстан Республикасындағы заңдардың бірлігіне және заңдылықты нығайтуда прокуратура органдарының жұмыстары маңызды орын алады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заң күші бар Жарлығында, прокурорлық қызметтің ғұрыптық бағыттарынан басқа, бұрын Конституциялық Соттың құзіретіндегі заңдардың және басқа да құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қадағалау жаңа тапсырма ретінде прокуратура органына жүктелінді. Сондай- ақ Бас прокурорға заңдарға және басқа да құқықтық актілерге наразылық келтіру құқығы берілді.
Құкыктық мемлекет кұруға бағыт алған Қазакстан Республикасындагы құқыктық реформаны жүзеге асыру жағдайында мемлекетіміздің ең басты әлеуметтік құндылықтарының бірі - заңдылықты сактауға ерекше мән беріледі.
Осыған байланысты, әсіресе қылмыстық сот ісі жүргізу саласында еліміздегі заңдардың орындалуын әмбебаптық қадағалау органдарының бірегей орталыктандырылған жүйесі ретіндегі прокуратуралардың құзырын нығайту қажет.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы халықтарына Жолдауындағы бәрі де заң бойынша өмір сүретін шынайы құкықтық мемлекет құру.. және ..болашақ ұрпақтың алдында қазіргі біздің ұрпақтардың орасан зор жауапкершіліктері жатыр: олар өздерінің балалары үшін алаңдамай, көшелерде еркін жүріп және өздерінің мүліктері үшін алаңсыз бола алар ма екен деп айтылған сөздері біздің мемлекетіміздің алдындағы бірінші кезектеп міндеттердің бірі болып саналады.
Қазақстан Республикасы Прокуратура туралы Заңының 48-бабында прокурор - өз құзыреті шегінде Қазақстан РеспубликасыПрезиденті Жарлықтарын, өзге де нормативтік-кұқықтық актілердің дәл және бір-қалыпты қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің зандылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерінін өкілі болуды, сондай-ақ занда белгіленген жағдайларда, тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды адам, деп анықтама берілген.

1. ҚР прокурорлық қадағалаудың ұғымы мен маңызы

ҚР Конституциясының 1.6. 83 б. сәйкес "прокуратура мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Зандылықтың кез келген заң бүзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республиканың Конституциясы мен зандарына қайшы келетін зандарға, өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды. Прокуратура сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңцармен белгіленген тәртіп пен шекте қьшмыстық қудалауды жүзеге асырады".
Үлкен энциклопедиялық сөздікке сәйкес прокурор француз тіліндегі ргосіеиг деген, латын тілінің забучусь деген сөздерінен шыққан - ол прокуратура органының лауазымды адамы. Сотта ол мемлекет мүддесін білдіреді.
ҚР Конституциясы және "Прокуратура туралы" ҚР Заңы прокуратураны мемлекеттік органдар арасындағы дербес жүйе ретінде, ал прокурорлық қадағалауды прокуратура органы ретінде анықтады.
ҚР Конституциясының 4-белімінің 3-бабына сәйкес республикадағы мемлекеттік билік біртұтас. Ол Конституция мен зандар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау кағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Прокуратураға қатысты ережелер ҚР Конституциясының "Соттар және сот төрелігі" бөліміне енгізілген Бірақ, бұл жерде прокуратура соттармен қатар сот билігіне ие болады дегенді білдірмейді. Прокуратура органдарының міндеттері мен функцияларының сипаттамасы прокуратураны биліктің сот тармағына, сондай-ақ басқа атқарушы мен заң шығарушы тармақтарына жатпайтынына ешқандай күмән келтірмейді.
Прокуратура органдары биліктің үш тармағының әрқайсысымен функциональды байланысты болса да, ешқайсысына толығымен жатпайды. Мемлекеттік қүрылымдағы прокуратураның мүндай өзіндік жағдайы билік тармақтарының қызметін теңестіруге және олардың оңтайлы іс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтің жеке түрі ретінде прокурорлық қадағалаудың езгешелігі туады.
Осы айтылғандардан оқу курстарын игеруде маңызды принципиальды бірнеше ережелер шығады.
Біріншіден, прокурорлық қадағалау - бүл прокуратурадан басқа мемлекеттік, қоғамдық, дербес немесе езге үйымдар, мекемелер немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес, ерекше түрі.
Екіншіден, прокурорлық қадағалау Қазақстан Республикасының мемлекеті атынан жүзеге асырылады. Осы ережелердің маңыздылығы прокурордың қадағалауды іске асыра отырып, қүқық бүзушылықтарды анықтау, оларды жоюға және жергілікті өзін-өзі басқару, атқарушы немесе сот биліктерінің жеке органдары атынан емес, олардың барлық жиынтығына сәйкес кінәлі адамдарды жазалауда шараларды қолдануы.
Үшіншіден, прокурорлық қадағалау - мемлекеттік қызметтің езіндік түрі. Оның басқа мемлекеттік қызмет түрлерінен өзгешелігі ҚР Конституциясының дәл сақталуын тексеру, заң талаптарының орындалуы, өзге де қүқықтық актілердің заңға сәйкес келуін және тек прокуратураға ғана берілген қүралдардың көмегімен анықталған қүқық бүзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайтын қызметтердің ерекше мазмүнымен анықталады.
Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің басқа нысандарынан, ең алдымен мемлекеттік функцияларды орындауда өзінің тағайындалуымен ерекшеленеді.
Мемлекеттік басқарудың жеке органдары мен сот органдарына жүктелген кейбір қадағалау міндеттері осы қызметтердің бір бөлігін ғана қүрайды: мемлекеттік басқару органдары үшін - бүл атқару және бөлу қызметі; сот органдары үшін - сот әділдігі. Прокурорлық биліктің мемлекеттік басқару билік органдарынан және әділ соттан ерекшелендіретін өзінің өзгешелігі бар. Прокуратурада қадағалауды іске асыру кезінде, занда аталғандарды коспағанда, басқа органдардың шешімдерін өзінің шешімдерімен ауыстырмайды, қүқық бүзушыларға жазалау шараларын қолданбайды, керісінше қүзыретті органдардың, лауазымды адамдардың, үйымдардың заң бүзушылықты жоюын талап етеді. Атап айтқанда, прокурорлық шара колдану жолымен мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың қызметіне бақылау жасамай, олардың әкімшілік қызметіне араласпай заң бүзушылыктарды жою бойынша шаралар қолданады. Зандардың және жарлықтардың дәл әрі бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалаудың субъектісі Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынышты прокурорлар болып табылады.
Осыған байланысты, прокурорлық қадағалауды заң бүзушылықтарды анықтау және жою үшін шаралар қолдану, кінәлі адамдарды жауапқа тарту, қылмыстық қудалауды іске асыру жолымен заңдардың дәл және бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды іске асыруды қамтамасыз ететін арнаулы өкілетті адамдардың-прокурорлардың қызметтері мемлекет атынан іске асырылатын мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде сипаттауға болады.
ҚР Конституциясының 2-бабындағы 83-бабына сәйкес республика прокуратурасы төменгі түрған прокурорларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прокурорлық қадағалаудың түсінігі
Прокуратура құқық қорғау органы ретінде
Прокурорлық қадағалау туралы жалпы түсінік. Азаматтық іс бойынша прокурордың қадағалаудың бағыттары
Прокурорлық қадағалау туралы ақпарат
Еліміздегі прокурорлық қызметті ұйымдастыруды тиiмділеуде прокурордың құқықтық жағдайын анықтау
Тәуелсіз Қазақстанның прокуратура органдары
Қазақстан Республикасы органдар жүйесіндегі прокуратураның орны мен рөлі
Прокурорлық қадағалау жайлы
Прокурорлық қадағалаудың салалары
Прокуратура органдарын ұйымдастырудың құқықтық негізі және принциптерінің өзекті мәселелері
Пәндер