Кәсіпкерлік саласындағы міндеттемелік-құқықтық қатынастар



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Кәсіпкерлердін міндеттемелік қатынастарга катысу ерекшеліктері.
2. Кәсіпкерлік шарттардың нысаны.
3. Кәсіпкерлік салада шарттардың орындалуы.
III. Бақылау сұрақтары
IV. Тест
V. Қорытынды
VI. Пайдаланылған әдебиеттер.
Шаруашылықтың нарықтық жүйеге ауысуы – бұл кәсіпкерлік түріндегі экономикаға ауысу деген түсінікті береді. Мемлекеттегі кәсіпкерліктің дамуына жағдайлар жасау өтпелі экономиканың дұрыс қалыптасуына ықпал тигізетін бірден бір дұрыс шешімдердің негізгісі. Осыған байланысты елдегі кәсіпкерлік қатынастардың дамуы негізгі және маңызды орындарды алатын аса қажетті қатынастардың бірі болып отыр.
Нарықтық экономикаға ауысу барысында жеке тұлғалар кәсіпкерлер нысанында толық шаруашылық бостандыққа қол жеткізіп отыр.
1. Предпринимательское право. Курс лекций/ Под ред.Н.И.Клейн. М., 2003 г.
2. Кулагин М.И. Предпринимательство и право. опыт Запада. М., 2005 г.
3. Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық С.П. Мороз Алматы «Бастау» баспасы 2009ж
4. ҚР Конституциясы. Алматы, 1995ж 30тамыз. (1998 және 2007ж өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).
5. ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім). 1994ж. 24 желтоқсан.
6.Жеке кәсіпкерлік туралы ҚР Заңы 2006ж. 31 қаңтар (2010.30.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасы

Тақырыбы: Кәсіпкерлік саласындағы міндеттемелік-құқықтық қатынастар

Орындаған: Елғонов Н.Н.
Тобы: ЮМ-12-1к4
Қабылдаған: Блашева М.

ШЫМКЕНТ 2014 ЖЫЛ.

Кәсіпкерлік саласындағы міндеттемелік-құқықтық қатынастар

Жоспары:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Кәсіпкерлердін міндеттемелік қатынастарга катысу ерекшеліктері.
2. Кәсіпкерлік шарттардың нысаны.
3. Кәсіпкерлік салада шарттардың орындалуы.
III. Бақылау сұрақтары
IV. Тест
V. Қорытынды
VI. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Шаруашылықтың нарықтық жүйеге ауысуы - бұл кәсіпкерлік түріндегі экономикаға ауысу деген түсінікті береді. Мемлекеттегі кәсіпкерліктің дамуына жағдайлар жасау өтпелі экономиканың дұрыс қалыптасуына ықпал тигізетін бірден бір дұрыс шешімдердің негізгісі. Осыған байланысты елдегі кәсіпкерлік қатынастардың дамуы негізгі және маңызды орындарды алатын аса қажетті қатынастардың бірі болып отыр.
Нарықтық экономикаға ауысу барысында жеке тұлғалар кәсіпкерлер нысанында толық шаруашылық бостандыққа қол жеткізіп отыр. Олар өз еріктерімен тауар нарығындағы сұраныс және ұсыныс мәселелерін зерттей отырып, жаңа өнімнің қоғамға қажетті түрлері бойынша үлгілерін жобалап ұйымдастырады, сатылатын өнім ассортименттерін жаңартып басқада түрлерін қалыптастырады, өндірісті жаңа техникалық жабдықтармен қамтиды, өзгеде қатынас субъектілерімен қарым қатынастарға түсу арқылы байланыстар құрады, пайда табу мақсатында өзгеде нарық талаптарын қанағаттандыратын әрекеттерді жүзеге асырады. Олардың табатын табыстары өндірістерін қаржыландыратын негізгі қайнар көз болып табылады. Егерде кәсіпорындар қаржы тапшылығы мәселелеріне жолығатын жағдайда қаржыландырудың өзгеде қайнар көздерімен қатынастар қалыптастырады, мәселен банктар, қорлар өзара несиелендіру қоғамдары және т.б. Бұлармен қатар кәсіпкерліктің ең ұтымды ерекшеліктерінің бірі ретінде олардың еріктілігін айта кетуге болады, мәселен ертедегі жоспарлық экономикамен салыстырар болсақ ғылыми - техникалық, стратегиялық саясаттарымен бағдарламаларын өздері қалыптастыру арқылы, нарықтың тікелей бәсекелестік заңнамасына бағына отырып қоғамның шынайы қажеттілігін қанағаттыратын бірден - бір қолайлы да, қолды құрал болып отыр.
Кәсіпкерлік қатынастардың дамуы өз алдына қоғамдағы көптеген экономикалық, әлеуметтік мәселелерді шеше отырып еліміздің ішкі және сыртқы жағдайларын жақтартуда орасан зор орын алады. Бұл қатынастар елдің сыртқы экономикалық іс -- әрекеттерін дамыта отырып өздеріне және тұтынушы қоғамға, қолайлы да тиімді шетелдік нарықтардың шығаратын тауарларын ұсына отырып, отандық өндірісте шығатын тауарларды өткізу нарығының жаңа белестеріне жол ашады. Ал бұл өз алдына отандық тауарларды өндіруші кәсіпкер тұлғалардың кәсіпкерлік қатынастарын дамытуға, шетелдік тұлғалармен қарымқатынастарға түсе отырып қоғамдағы кәсіпкерлік қатынастардың молайуы мен күрделенуіне бірден - бір қолайлы жағдай туғызады.

1. Кәсіпкерлердін міндеттемелік қатынастарга катысу ерекшеліктері.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өзара қатынастарын реттеудің негізгі құралы шарт болып табылады. Экономикалық айналымның басты құқықтық формасы және тараптардың құқықтарын, олардың жауапкершілігін айқындайтын дәл соның өзі болады.
Кәсіпкерлік шарттың түсінігі және мәні туралы мәселе, бірінші кезекте, шартты түсінудің бұрыннан бар тәсілдеріне талдау жасауды талап етеді. Бұл мәселеге қатысты тәсілдердің алуан түрлілігі римдік құкықтан бастау алады, ал оның ережелеріне сәйкес шартты құқықтық қатынастардың пайда болуының негіздемесі, сол негіздемеден шығатын құқықтық катынастың өзі немесе тиісті құқықтық қатынас қабылдайтын форма ретінде құрастыруға болады.
Шарт жайындағы қазіргі заманғы түсініктер жоғарыда келтірілген аспектілерді бойынша сіңірген шарт ретінде екі немесе бірнеше адамның азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы туралы келісімін танумен қатар, шарт деп оның барлық қатысушыларының еркі бойынша заңдық факт, құқықтық қатынас, құжат, міндеттемелердің пайда болуын тіркейтін келісім және басқалары түсініледі. Айтылғандарды есепке ала отырып, көп ұғымды түсінік ретінде шартты тараптардың келісімі, заңдық факт және солардан туған құқықтық қатынас деп қарастыру ең қолайлы тәсіл болып табылады.
Кәсіпкерлік шарттың мәні туралы мәселеге көше отырып, шаруашылық шарт терминінің еткен жүзжылдықтың 30 жылдары бастапқыда өнім беру шартының синонимі ретінде пайда болғанын айтқан жөн. Кейіннен шаруашылық шарт түсінігі социалистік ұйымдардың шаруашылық қатынастарында пайдалану үшін арнайы белгіленген шарттарды қамтитын ерекше құрылымға дейін кеңейді. Ғалымдардың шаруашылық шарттарының құқықтық жаратылысына қатысты көзқарастары басынан бастап-ақ шаруашылық құқықтың және шаруашылық құқықтың дербестігін жақтаушыларға (Д.Н.Сафиуллин, Н.И.Клейн, И.А.Танчук және басқалары) және бұл көзқарасқа қарсыларға (Д.М.Генкин) бөлінді.
Ғалымдардың пікірлері казіргі таңда да шамамен дәл осылайша бөлініп отыр. Пікірлердің соншалықты сан алуандылығына қарамастан, оларды екі үлкен топқа белуге болады: 1) кәсіпкерлік шарт - бұл шарттың дербес түрі (тұрпаты) 2) кәсіпкерлік шарт - бұл азаматтық-құқықтық шарттың ерекше түрі (тұрпаты).
Бірінші көзқарастың жақтаушылары ішінен Кәсіпкерлік шарт - бұл шарттық тұрпат емес, сонымен бірге Азаматтық кодекспен жиынтық мағынада (контекст) азаматтық-құқықтық шарттың бір түрі де болып табылмайды деп санайтын В.С.Белыхты атауға болады. Ары қарай В.С.Белых кәсіпкерлік шарт құрылысы Азаматтық кодекстің мағыналық аукымына сыймайтыны және оған заңдық бейне беру Кәсіпкерлік (коммерциялық) кодексте ғана мүмкін екені туралы қорытындыға келеді.
С.С.Занковский де осы ұстанымды жақтайды, оның пікірінше, РФ АК-інде құкықтық реттеудің екі режимі бар: Кәсіпкерлік және тұрмыстық. Олардың алғашқысы бизнеске, екіншісі азаматтардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған, ал ол оншама қолайлы емес - Кәсіпкерлік шарттарының тұрмыстық шартпен ортақ белгілері бар, бірақ ұқсастықтарына қарағанда айырмашылықтары көптеу, сол себепті азаматтықпен қатар, Кәсіпкерлік қызмет реттелген арнайы сауда немесе коммерциялық кодекстер шығарылған құқықтық жүйелер қисындылау көрінеді (Германия, Франция, Жапония).
Шындығында, жеке құқық дуализмі жүйесі қалыптасқан елдерде азаматтық-кұқықтық шарттар сауда (коммерциялық) шарттарынан ажыратылып көрсетіледі. С.Жамен мен Л.Лакур айтқандай, халықаралық тәжірибеде де коммерциялық шарттардың төмендегідей: 1) коммерсантпен коммерциялық қызметке қажетті шарттар (сауда мәмілелері); 2) кәсіпқой емес агентпен шарттар (аралас мәмілелер); 3) коммерциялық қызметке қатысы жоқ шарттар (азаматтық мәмілелер) сияқты түрлері ажыратылады.
Кәсіпкерлік шарттың түсінігі мен мәніне өркениеттік көзқарас кәсіпкерлік шарттың дербестігін жоққа шығаруға және оны азаматтық-құқықтық шарттың сан алуандылығының ерекшелігі деп тануға негізделген. М.И.Брагинский, В.В.Витрянский осыған байланысты РФ Азаматтық кодексінің шарттардың жекелеген түрлеріне арналған 610 бабының 262-сі тұтастай Кәсіпкерлердің қатысуына есептелген, алайда қалған (шарттық) баптары да, жоқ дегенде, жалпы ереже бойынша кәсіпкерлердің қатысуын жоққа шығармайтың қатынастарға есептелген. Сол себепті Е.А.Сухановтың жеке (азаматтық) қүқық жүйесінің қалыптасқан жағдайында Кәсіпкерлік (сауда, коммерциялық, шаруашылық) құқықтың және тиісінше жаңа шарттың жаңа құрылымын құрудың (бір бүтін азаматтық-құқықтық мектеп өкілдері істегендей) мақсаттылығын біржақты жоққа шығаруға болмайтыны туралы көзқарасымен келісу керек. Мұндай жағдайда оң жетістіктерге емес, керісінше, артқа шегіну қадамы болатын кұқық жүйесі дамуының объективті үдерісінің бұзушы орын алған болар еді.
Сөйтіп, Кәсіпкерлік шарт - бұл Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында жасалатын, тараптар немесе тараптардың бірі Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылатын келісім.

2. Кәсіпкерлік шарттардың нысаны.

Кәсіпкерлік шарттардың тек өздеріне тән бірқатар ерекшеліктері бар. Кеңестік шаруашышық құқық теоретиктерінің бірі А.Г.Быковтың пікірі бойынша, шаруашылық шарттың өзгеше белгілері: арнайы субъектілік құрам; шаруашылық шартпен қогамдық қатынастардың ерекше саласын жанама түрге келтіру; шаруашылық шарттың жоспарлы сипаты болып табылған. Әрине, қазіргі заман жағдайында бұрыннан келе жатқан шарттарды жоспарлы және жоспарлы емес деп бөлу енді қолданыс таппайды. Е.А.Суханов әділдікпен атап кеткендей, қалыпты, азаматтық шарттан айырмашылығы тек оның қатысушылары бір-бірімен ештеңеге келісе алмай, жоспарлау реттеу.
Органдарының нұсқаулары бойынша шарт тараптары болып жарияланған шаруашылық шарт құрылысы енді келмеске кетті. Бірақ, соған қарамастан, шаруашылық шарттың басқадай белгілеп нарықтық қатынастар жағдайында да өзектілігін жойған жоқ.
С.А.Паращук шаруашылығы шарттың келесідей ерекшеліктері атайды: 1) ол Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында жасалады. 2) оның тараптары немесе тараптардың бірі болып кәсіпкерлік қызмет субъектілері саналады; 3) қайтарымдық сипатында болады; 4) оң кәсіпкерлердің шарттық міндеттемелерінде барынша еркіндік және көтеріңкі талап үйлесім тапқан. В.С.Белых шарттарды кәсіпкерлік санатына жатқызудың мынадай белгілерін бөліп көрсетеді: 1) кәсіпкерлік қызметке қатысты әртекті қатынастар туындайтын Кәсіпкерлі қызмет саласында қалыптасқан қатынастар; 2) субъектілік құрам кәсіпкерлік қызметтің екі тарапы да болатын жағдай; 3) мүлік пайдаланудың кәсіпкерлік мақсаты. С.С.Занковский жекелеген зерттеушілердің шартты Кәсіпкерлік деп тану үшін ең болмаған тараптардың біреуі кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылған: жеткілікті (мысалы, С.А.Паращук ұсынғандай) деген көзқарастарды сын көзбен бағалайды, бірақ Кәсіпкерлік шарттарға Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын коммерциялық емес ұйымдардың қатысуымен жасалған шарттарды жатқызуға болады деп санайды (мысаль В.С.Белых сияқты). Алайда Кәсіпкерлік шарттың елеулі белгілі ретінде Кәсіпкерлердің шарттық міндеттемелерінде барынша еркінді және көтеріңкі талап үйлесім тапқан дегенмен келісуге бола қояр мекен, өйткені ол Кәсіпкерлік шарт дейтіндерге емес, тұтастай алғанда Кәсіпкерлік қызметке тән сипат, сол себепті бұл жерде бәрінен бұрын сөз шарт белгісі туралы емес, заң ұстанымы жөнінде болуға тиіс. Сонымен бірге Кәсіпкерлік қызметке қатысты әртекті қатынаста туындайтын Кәсіпкерлік қызмет саласында қалыптасқан қатынастар деген белгіні бөліп айтудың да мақсатқа сай екендігі күмән тудырады. Тұжырымдаманың өзі біршама сәтсіз құрылған: Кәсіпкерлік саласын соншама көп қатынастар туындайды, егер аталып кеткендей, олар әртекті болып табылатын болса, онда оларды бір-бірінен қалай ажыратуға болады? Бұл белгі бір қатынастарды екіншілерінен ажырату үшін ұсынылған ғой, бірақ оны іс жүзінде қалай қолдану керектігі түсініксіз. Шартты Кәсіпкерлік деп тану үшін айтарлықтай маңызы жоқ тағы бір белгі - бұл шарттың қайтарымдық сипаты болып саналады, өйткені басты және айқындаушы белгі - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жасалатын шарттың кәсіпкерлік мақсаты, ал ол кәсіпкерлік қызметтің қайтарымдық сипатын да, басқадай белгілерін де алдын ала айқындайды.
Егер шарттың екі тарапы да Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болған жағдайда ғана шарт Кәсіпкерлікке жатқызылуы мүмкін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Азаматтық құқық нормалары
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ
Азаматтық құқық және құқықтық қатынас субъектілері жән объектілері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ
Азаматтық құқықтың қағидалары
Азаматтық құқық жүйесі
Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері мен нысандарды қолдана отырып кәсіпкерлік қызмет субъектілерін жауапкершілікке тарту
Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің бірдей мойындалуының және қорғалуының конституциялық құқықтық негіздері
Азаматтық құқық түсінігі және жүйесі
Пәндер