Сот шығындары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. ҚР Азаматтық іс жүргізу заңдары
1.1. Соттың құрамы, қарсылық білдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Ведомстволық бағыныстылық және соттылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3. Азаматтық сот ісін жүргізудің міңдеттері мен принциптері ... ... ... ... .11
ІІ. Сот шығындары
2.1. Сот шығындарының түрлері. Мемлекеттік баж ұғымы, түрлері ... ... 12
2.2. Сот шығындарын бөлу тәртібі. Бағалау объектілері ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3. Баж төлеуден босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
III. Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдарды қолдануы туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Сот шығындары - азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж салығынан және іс қарауға байланысты алымдардан тұрады. Мемлекеттік баж салығы бастапқы және қарсы талап-арыз берушіге, үшінші жаққа, даудың пәніне өз алдына талап қоюшыға, айрықша өндіріс ісі бойынша талап қоюшыға, сондай-ақ кассация шағым берушіге салынады. Қс қарауға байланысты алымдарға куәгерлер мен сараптамашылардың ақысына, дәлелдемені тұрған жерінде көруге, жауапкерді іздестіруге және сот шешімін орындауға, т.б. жұмсалған шығындар сомасы кіреді. Азаматтық іс жүргізу заңнамасында сот шығындарын өтеуден босатылған тұлғалар көрсетілген. Оларға еңбекақы, алимент өндіру, денсаулыққа келген зиянды өтету, қылмыстан келген материалдық зиянды өтету, т.б. істері бойынша талапкерлер жатады.
1. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі 2012 ж.
2. ҚР Азаматтық құқық А.Е. Егембердиев
3. Азаматтық іс жүргізу құқығы Абдулина Т.К. Алматы 2001 ж.
4. Салық кодексі 2012 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. ҚР Азаматтық іс жүргізу заңдары
1.1. Соттың құрамы, қарсылық білдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Ведомстволық бағыныстылық және соттылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3. Азаматтық сот ісін жүргізудің міңдеттері мен принциптері ... ... ... ... .11
ІІ. Сот шығындары
2.1. Сот шығындарының түрлері. Мемлекеттік баж ұғымы, түрлері ... ... 12
2.2. Сот шығындарын бөлу тәртібі. Бағалау объектілері ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3. Баж төлеуден босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
III. Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдарды қолдануы туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...33

Кіріспе

Сот шығындары - азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж салығынан және іс қарауға байланысты алымдардан тұрады. Мемлекеттік баж салығы бастапқы және қарсы талап-арыз берушіге, үшінші жаққа, даудың пәніне өз алдына талап қоюшыға, айрықша өндіріс ісі бойынша талап қоюшыға, сондай-ақ кассация шағым берушіге салынады. Қс қарауға байланысты алымдарға куәгерлер мен сараптамашылардың ақысына, дәлелдемені тұрған жерінде көруге, жауапкерді іздестіруге және сот шешімін орындауға, т.б. жұмсалған шығындар сомасы кіреді. Азаматтық іс жүргізу заңнамасында сот шығындарын өтеуден босатылған тұлғалар көрсетілген. Оларға еңбекақы, алимент өндіру, денсаулыққа келген зиянды өтету, қылмыстан келген материалдық зиянды өтету, т.б. істері бойынша талапкерлер жатады.
Осы курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: сот шығындарының түрлері және оның негіздерінің түсінігін, мемлекеттік баж түсінігі мен мазмұнын және мемлекеттік баж түрлерін толықтай зерттеу болып табылады.
Сонымен қатар курстық жұмысымда толығырақ бөлімдер бойынша мағлұматтар айтылады. Бұл курстық жұмыс көптеген қызықты мағлұматтарды қамтиды. Енді қысқаша мәлімдеме беріп кететін болсақ:
бірінші тарау бойынша ҚР Азаматтық іс жүргізу заңдарын қарастырдым, оның ішінде соттың құрамы және қарсылық білдіру, сондай-ақ азаматтық сот ісін жүргізу міндеттері мен принциптерін қарастырдым;
екінші тарауда сот шығындарының түрлері мен жалпы түсінігі, оның ішінде сот шығындарын бөлу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік баж және оның жалпы түсінігі берілген. Сот шығындарын бөлу тәртібі және баж төлеуден босату туралы екінші және үшінші тақырыптарда қарастырдым.
ал үшінші тарауда Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдарын қолдануы туралы мағлұматтарды жан-жақты қамтуға тырыстым.
Зерттеу жұмысымның мақсаттары мен міндеттері: Курстық жұмысымның мақсаты сот шығындарының түрін және оның негізгі түсінігін, соңдай-ақ мемлекеттік баж ұғымын толығырақ ашып, толық мәліметтер беру, курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Зерттеу пәні: Азаматтық іс жүргізу.

I. ҚР Азаматтық іс жүргізу заңдары

0.1. Соттың құрамы, қарсылық білдіру

Судьяның істі қарауға қайта қатысуына жол берілмейтіндігі:
- бірінші сатыдағы сотта әкімшілік дау туралы істі қарауға қатысқан судья сол істі апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатысындағы сотта қарауға, сондай-ақ оның қатысуымен қабылданған шешім күшін жойған жағдайда бірінші сатыдағы сотта істі жаңадан қарауға қатыса алмайды.
- апелляциялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, кассациялық немесе қадағалау сатысындағы соттарда қарауға қатыса алмайды.
- кассациялық немесе қадағалау сатысындағы сотта әкімшілік дау туралы істі қарауға қатысқан судья, өзінің қатысуымен қабылданған қаулы күшін жойған жағдайда аталған сатыларда осы істі қарауға қайтадан қатыса алмайды.
- адағалау сатысындағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, апелляциялық немесе кассациялық сатылардағы соттарда жаңадан қарауға қатыса алмайды.
Судьяға, мемлекеттік органнның лауазымды тұлғасына қарсылық білдіру үшін негіздер:
- егер судья, мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы:
1) осы істі мұның алдындағы қарау кезінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, өкіл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса;
2) іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің біреуінің туысы болса;
3) істің нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі не оның әділдігіне негізді күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса, ол істі қарауға қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге тиіс.
- істі қарайтын соттың құрамына өзара туыс адамдар кіре алмайды.
Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға сот отырысының хатшысына, сот приставына қарсылық білдіру үшін негіздер:
- ҚР ӘІЖК-нің 40-бабының бірінші бөлігінде аталған қарсылық білдіру үшін негіздер прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына, сот приставына да қолданылады.
- сонымен қатар сарапшы немесе маман, егер:
1) ол іске қатысушы адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет жағынан немесе өзгедей тәуелді болса немесе тәуелділікте болып келсе;
2) ол тексеру жүргізіп, оның материалдары сотқа жүгінуге негіз болса не осы азаматтық істі қарағанда пайдаланылса, істі қарауға қатыса алмайды.
- прокурордың, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының, сот приставының осы істі мұның алдында қараған кезде тиісінше прокурор, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы, сот приставы ретінде қатысуы оларға қарсылық білдіруге негіз болып табылмайды. Сараптама қорытындысының дұрыстығына күмән туындауына орай ол қайталап жүргізілетін жағдайларды қоспағанда, сарапшының осы істі алдыңғы қарау кезінде сарапшы ретінде қатысуы оған қарсылық білдіру үшін негіз болып табылмайды.
- егер куәгер әкімшілік процесті жүргізетін органнан қызметтік жағынан тәуелді болса, ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатыса алмайды.
- аудармашы және маман, егер істі дайындау кезінде олардың біліксіздігі анықталса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатыса алмайды.
Қарсылықтар білдіру (өздігінен бас тарту) туралы мәлімдемелер және оларды шешудің тәртібі:
- ҚР ӘІЖК-нің 74, 75-баптарында аталған мән-жайлар болған кезде судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы өздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті. Сол негіздер бойынша іске қатысатын адамдар қарсылық білдіретінін мәлімдеуі мүмкін.
- өздігінен бас тарту мен қарсылық білдіру істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дәлелденіп, мәлімделуге тиіс. Істі қарау барысында өздігінен бас тарту (қарсылық білдіру) туралы мәлімдеме жасауға қарсы болу (қарсылық білдіру) негіздері сотқа немесе өздігінен бас тартуды (қарсылық білдіруді) мәлімдеуші адамға істі қарау басталғаннан кейін белгілі болған жағдайда ғана жол беріледі.
- істі жеке-дара қараушы судьяға мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) сол соттың төрағасы немесе сол соттың басқа судьясы, олар болмаған жағдайда - жоғары тұрған сот судьясы қарайды.
- істі соттың алқалы құрамда қарауы кезінде судьялардың біреуі өздігінен бас тартуды (қарсылық білдіруді) мәлімдеген жағдайда сот іске қатысушы адамдардың пікірін тыңдайды және, егер ол түсініктеме бергісі келсе, қарсылық білдірілген судьяның пікірін тыңдайды және қарсылық білдіру туралы мәселені қарсылық білдірілген судьяның қатысуынсыз шешеді. Қарсылық білдіруді жақтаған және оған қарсы дауыстар саны тең болған кезде судья қарсылық білдірілген болып есептеледі. Бірнеше судьяға немесе соттың бүкіл құрамына мәлімделген қарсылық білдіруді нақ сол сот толық құрамында жай көпшілік дауыспен шешеді.
- қарсылық білдіруді қабылдамай тастау немесе қанағаттандыру туралы ұйғарым шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды. Ұйғарымға келіспеушілік туралы дәлелдер аппеляциялық немесе қадағалау шағымдарына, наразылық келтіруге енгізілуі мүмкін.
- прокурордың, сарапшының, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының, сот орындаушысының, сот приставының өздігінен бас тартуы (қарсылық білдіруі) туралы мәселені істі қарайтын сот шешеді.
- өздігінен бас тарту (қарсылық білдіру) туралы мәселе соттың ұйғарымымен шешіледі.
Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы мәлімдемені қанағаттандырудың салдары:
- аудандық немесе оған теңестірілген сотта (мемлекеттік органда) істі жеке-дара қараушы судья қарсылық білдірген (өздігінен бас тартқан) жағдайда бұл істі сол сотта (мемлекеттік органда) басқа судья (мемлекеттік органның лауазымды адамы) қарайды. Егер іс қаралатын сотта (мемлекеттік органда) судьяны (мемлекеттік органның лауазымды адамын) ауыстыру мүмкін болмаса, жоғары тұрған сот (мемлекеттік орган) арқылы іс басқа аудандық немесе оған теңестірілген сотқа (мемлекеттік органға) беріледі.
- облыстық немесе оған теңестірілген сотта, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында істі қарау кезінде судья өздігінен бас тартқан не қарсылық білдірген не соттың барлық құрамы қарсылық білдірген жағдайда, істі сол соттағы басқа судья немесе басқа құрамдағы судьялар қарайды.
- егер облыстық немесе оған теңестірілген сотта өздігінен бас тарту немесе қарсылықтар білдіру қанағаттандырылғаннан кейін не ҚР ӘІЖК-нің 73-бабында аталған себептермен осы істі қарау үшін соттың жаңа құрамын құру мүмкін болмаса, облыстық немесе соған теңестірілген сот іс бойынша тараптар болса, ол қаралатын сот ұйғарымы үшін іс Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына берілуге тиіс.
Соттың құрамы:
- әкімшілік соттың атынан әрекет ететін судья әкімшілік даулар туралы істерді жеке-дара қарайды.
- істерді кассациялық сотта немесе қадағалау сатысындағы соттарда қарауды соттың алқалы құрамы жүзеге асырады. Іс алқалы түрде қаралған кезде соттың құрамына саны тақ (кем дегенде үш) судья кіруге тиіс, олардың біреуі төрағалық етуші болып табылады.
- соттың алқалы құрамының мәселелерін шешу тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік іс жүргізу заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. [2]

0.2. Ведомстволық бағыныстылық және соттылық

Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныстылығы:
- егер бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау ҚР АІЖК-де және басқа да заңдарға сәйкес өзгеше сот тәртібімен жүзеге асырылмаса, оларды қорғау туралы істерді соттар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды;
- отар азаматтық (корпоративтік дауларды қоса алғанда), отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапқа билік бағыныстылығына негізделген қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді қарайды. Корпоративтік дауларға (бұдан әрі - корпоративтік даулар) коммерциялық ұйым, коммерциялық ұйымдардың қауымдастығы (одағы), коммерциялық ұйымдардың және (немесе) дара кәсіпкерлердің қауымдастығы (одағы), Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым және (немесе) оның акционерлері (қатысушылары, мүшелері) олардың бір тарабы болып табылатын:
1) заңды тұлғаның құрылуына, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты;
2) акционерлік қоғамның акцияларын, шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, кооператив мүшелерінің жарналарын қамтитын мұраға қалдырылған мүлікті бөлуге немесе ерлі-зайыптылардың ортақ мүліктерін бөлуге байланысты туындайтын дауларды қоспағанда, акционерлік қоғамдар акцияларының, шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, кооператив мүшелері жарналарының тиесілігіне, олардың ауыртпалықтарын анықтауға және олардан туындайтын құқықтарды іске асыруға байланысты;
3) заңды тұлғаның құрылтайшыларының, акционерлерінің, қатысушыларының, мүшелерінің (бұдан әрі - заңды тұлғаға қатысушылар) заңды тұлғаға келтірілген зиянды өтеу, заңды тұлғаның жасасқан мәмілелерін жарамсыз деп тану және (немесе) мұндай мәмілелердің жарамсыздығы салдарын қолдану туралы талаптары бойынша;
4) заңды тұлғаның басқару органдарының құрамына кіретін немесе кірген адамдарды тағайындауға немесе сайлауға, өкілеттіктерін тоқтатуға, тоқтата тұруға және олардың жауапкершіліктеріне байланысты, сондай-ақ
олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға, тоқтатуға, тоқтата тұруға байланысты осындай адамдар мен заңды тұлға арасындағы азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын даулар;
5) бағалы қағаздардың эмиссиясына байланысты;
6) акцияларға және өзге де бағалы қағаздарға құқықтарды ескере отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін енгізуге байланысты туындайтын, сондай-ақ бағалы қағаздарды орналастыруға және (немесе) айналымға шығаруға байланысты даулар;
7) акциялар шығарудың мемлекеттік тіркелуін заңсыз деп тануға байланысты;
8) заңды тұлғаға қатысушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы;
9) заңды тұлғаның басқару органдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы даулар жатады;
- мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы қабылдаған актіге сотта дау айтылуы мүмкін;
- соттар ҚР АІЖК-нің 25-29-тарауларында тізбеленген ерекше талап қойылған іс жүргізу істерін қарайды;
- соттар ҚР АІЖК-нің 289-бабында тізбеленген ерекше іс жүргізу істерін қарайды;
- егер халықаралық шартта, Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, соттар шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетел қатысатын ұйымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын істерді де қарайды;
- заңмен соттардың құзыретіне жатқызылған басқа да істер соттарға ведомстволық бағынысты болады;
Сотқа ведомстволық бағыныстылықтың басымдығы:
- біреулері - сотқа, ал басқалары сот емес органдарға ведомстволық бағынысты өзара байланысты бірнеше талаптар біріктірілген кезде барлық талаптар сотта қаралуға тиіс;
- нақты даудың кімге бағыныстылығына қатысты күмән немесе қолданыстағы заңдарда қиғаштықтар болған жағдайда оны сот қарайды.
Талап қоюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу
- тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап оның мүлкі орналасқан жер бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрған жері бойынша қойылуы мүмкін;
- заңды тұлғаға да талап оның мүлкі орналасқан жер бойынша қойылуы мүмкін;
- заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап та филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін;
- алименттер өндіріп алу туралы және әке болуды анықтау туралы талаптарды талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша да қоя алады;
- мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талаптарды да талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша қоя алады;
- орындалу орны көрсетілген шарттардан туындайтын талаптар да шарттың орындалатын жері бойынша қойылуы мүмкін;
- некені бұзу туралы талаптар талап қоюшының кәмелетке толмаған балалары тұратын немесе денсаулық жағдайы бойынша талап қоюшының жауапкер тұратын жерге баруы ол үшін қиындық келтіретін жағдайларда да оның тұрғылықты жері бойынша қойылуы мүмкін;
- жалақыны, зейнетақы және жәрдемақыны өндіріп алу туралы талаптар, сондай-ақ заңсыз соттаудан, қылмыстық жауапқа заңсыз тартудан, бұлтартпау шараларын заңсыз қолданудан не әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудан азаматқа келтірілген зиянды өтеуге байланысты еңбек, зейнеткерлік және тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіру туралы талаптар талап қоюшының тұратын жері бойынша қойылуы мүмкін. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларға дау айту жөніндегі талаптар талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша да қойылуы мүмкін;
- тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талаптар талап қоюшының тұрғылықты жері не шарттың жасалу немесе орындалу жері бойынша қойылуы мүмкін;
- кемелердің соқтығысуынан келтірілген залалды өтеу туралы, сондай-ақ теңізде көмек көрсеткені және құтқарғаны үшін сыйақы алу туралы талаптар жауапкер тұрған немесе кеме тіркелген порттың орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін;
Ерекше соттылық:
- жер учаскелеріне, үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, жерге тығыз байланысты басқа объектілерге (жылжымайтын мүлік) құқықтар туралы, мүлікті тыйым салудан босату туралы талаптар осы объектілер немесе тыйым салынған мүлік орналасқан жер бойынша қойылады;
- мұра қалдырушыға кредит берушілердің мұраны мұрагерлердің қабылдап алуына дейін қойылған талаптары мұраға қалдырылған мүлік немесе оның негізгі бөлігі орналасқан жердегі соттың соттауына жатады;
- тасымалдаушыларға жүктер, жолаушылар немесе теңдеме жүкті тасымалдау шарттарынан туындайтын талаптар көлік ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органы орналасқан жер бойынша қойылады;
- Қазақстан Республикасының және оның меншігінің юрисдикциялық иммунитетін шет мемлекеттің бұзуынан келтірілген залалдарды өтеу туралы талап қоюлар, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, талап қоюшының тұрған жері бойынша беріледі.
Істі бір соттың жүргізуінен алып басқасына беру
- соттылық ережелерін сақтай отырып сот жүргізуге қабылдаған іс, кейіннен ол басқа соттың соттауына жатса да, мәні бойынша шешілуге тиіс;
- егер:
1) тұрғылықты жері бұрын белгісіз болған жауапкер істі өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беру туралы өтініш жасаса;
2) бір немесе бірнеше судьяға қарсылық білдірілгеннен кейін, сондай-ақ назар аударуға тұратын басқа мән-жайлар бойынша судьяларды ауыстыру немесе аталған сотта істі қарау мүмкін болмаса;
3) істі аталған сотта қарау кезінде оның істің соттылық ережелерін бұза отырып қабылданғаны анықталса;
4) сотқа талап қойылса, сот істі басқа соттың қарауына береді.
- істің сол соттың соттауына жатпайтыны туралы тараптардың арыздарын сол сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мәселе бойынша ұйғарым шығарылады. Осы баптың екінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда істі беру жоғары тұрған сот судьясының ұйғарымымен жүзеге асырылады. Тараптың (тараптардың) іс сол соттың соттауына жатпайтыны туралы арызын қанағаттандырмай қалдыру туралы сот ұйғарымына жоғары тұрған сотқа шағымдануға болады, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды. Істі бір соттан басқасына беру - бұл ұйғарымға шағымдану мерзімі өткеннен кейін, ал шағым берген жағдайда шағымды қанағаттандырмай қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін жүргізіледі;
- істің соттылығы туралы соттардың арасындағы дауларды жоғары тұрған сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды. [2] [1]

0.3. Азаматтық coт ісін жүргізудің міндеттері мен принциптері

Азаматтық coт ісін жүргізудің міндеттері мен принциптері -азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен корғалатып мүдделерін қорғау, зандылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық, бұзушылыктың алдын алу.
Азаматтык сот ісін жүргізудің негізгі принциптері:
- зандылық;
- сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы;
- адамнын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта корғау;
- жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу;
- жеке өмірге қол сұғылмаушылық;
- меншікке қол сұғылмаушылық;
- судьялардың тәуелсіздігі;
- барлық адамдардың заң мен сот алдындағы тендігі;
- сот ісін жүргізу тілі;
- тараптардың айтысуы мен тең кұқықтылығы;
- дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау;
- куә болып жауап беру міндетінен босату;
- білікті заң көмегін алуға құқықты қамтамасыз ету;
- сотта істі қараудың жариялылығы;
- сотта істі қарау барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- сот актілерінің міндеттілігі;
- іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы. [2]

ІІ. Сот шығындары

2.1. Сот шығындарының түрлері. Мемлекеттік баж ұғымы, түрлері

Сот шығындары:
1) азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж салығынан және іс қарауға байланысты алымдардан тұрады. Мемлекеттік баж салығы бастапқы және қарсы талап-арыз берушіге, үшінші жаққа, даудың пәніне өз алдына талап қоюшыға, айрықша өндіріс ісі бойынша талап қоюшыға, сондай-ақ кассация шағым берушіге салынады. Қассация қарауға байланысты алымдарға куәгерлер мен сараптамашылардың ақысына, дәлелдемені тұрған жерінде көруге, жауапкерді іздестіруге және сот шешімін орындауға, т.б. жұмсалған шығындар сомасы кіреді. Азаматтық іс жүргізу заңнамасында сот шығындарын өтеуден босатылған тұлғалар көрсетілген. Оларға еңбекақы, алимент өндіру, денсаулыққа келген зиянды өтету, қылмыстан келген материалдық зиянды өтету, т.б. істері бойынша талапкерлер жатады;
2) қылмыстық іс бойынша анықтауға, алдын ала тергеуге, сараптамаға, аудармашыға, куәларға, адвокатқа және басқа істі жүргізуге кеткен шығындар. Мұнда сот шығындарын сотталушы өтейді. Ал егер сотталушының материалдық жағдайы келмейтін болса немесе ақталып шықса сот шығындарын мемлекет өз мойнына алады. Жеке немесе жеке-жариялы істер бойынша сотталушы ақталып шыққан жағдайда сот шығындары шағым берушіге жүктелуі мүмкін.
Соттың қызметі мемлекеттік бюджеттен қаржылаңдырылады. Осы шығыңдарының бір бөлігі заңмен бекітілген тәртіпте процеске қатысушылармен төленеді.
ҚР АІЖК-нің 100-бабына сәйкес сот шығындары:
-мемлекеттік бажбен;
-іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады.
Әрқайсысын жеке қарастырып көрейік.
Мемлекеттік баж - уәкілдік берілген мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны не құжаттар бергені үшін алатын міндетті төлем, яғни сотпен (судъямен) азаматтық іскер қарап шешкені үшін мемлекет кірісіне төленетін ақша төлемі.
Мемлекеттік баж сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер жөніндегі арыздардан (шағымдардан), апелляциялық шағымдардан, атқару парағының дубликатын беру туралы сұрағы бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сот бұйрығын беру туралы арыздан, сондай-ақ сот пен аралық соттардың, шетелдік соттардың және төреліктердің шешімдері бойынша атқару парақтарын, құжаттар көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін алынады.
Мемлекеттік баждың белгіленген процентік ставкалары, егер өзге Салық кодесімен белгіленбесе, ҚР-сы заңды актісімен мемлекеттік баж төленетін күні белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен есептеледі (Салық кодексі 495-бабының 2-бөлігі).
Мемлекеттік баж - заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны не құжаттар бергені үшін мемлекеттік органдар алатын міндетті төлем.
Мемлекеттiк баж - уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн және (немесе) құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем.
Мемлекеттiк бажды төлеушiлер - аңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасау және (немесе) құжаттар беру жөнiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға немесе лауазымды адамдарға өтiнiш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк баж төлеушілер болып табылады.
Мемлекеттік баждың екі түрі бар:
1) талап қою бағасынан пайыздық ставкалары бойынша есептелетін мемлекеттік баж;
2) төленген күні республикада белгіленген есептік көрсеткіш мөлшеріне негізделіп есептелетін мемлекеттік баж.
Соттардағы мемлекеттік баж ставкалары мынадай мөлшерде алынады (ҚР Салық кодексінің 496-бабының 1-бөлігі):
1) мүліктік сипаттағы талап арыздардан:
-жеке тұлғалар үшін-талап сомасының-1 пайызы;
-заңды тұлғалар үшін-талап сомасының-3 пайызы;
2) мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс-әрекеттеріне берілген шағымдардан-30 пайыз;
3) мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс-әрекеттеріне берілген шағымдардан-500 пайыз;
4) Салық тексеру актілері бойынша ескертулерге дау айту туралы талап арыздардан:
- жеке кәсіпкерлер және шаруа (ферма) қожалықтары үшін-ескертулерде белгіленіп есептелген салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдер сомасынан (айыптарды қосқанда) 0,1 пайыз;
- заңды тұлғалар үшін-ескертулерде белгіленген есептелген салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдер сомасынан (айыптарды қосқанда) 1 пайыз;
5) некені бұзу туралы талап арыздардан-30 пайыз; некені бұзу кезінде мүлікті бөлген жағдайда баж осы баптың 1) тармақшасына сәйкес талап бағасына қарай белгіленеді;
6) хабар-ошарсыз кеткен немесе ақылынан ауысуы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекет қабілеті жоқ деп белгіленген тәртіппен танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені бұзу кезінде мүлікті бөлу туралы талап арыздардан осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;
7) тұрғын үй-жайларды жалдау шартын өзгерту немесе бұзу туралы, мұраны қабылдау мерзімін ұзарту туралы, мүлікті пайдалануға тыйым салудан босату туралы талап арыздардан және мүліктік емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан - 50 пайыз;
8) ерекше жүргізілетін істер жөніндегі арыздардан (шағымдардан)-50 пайыз;
9) соттың шешіміне апелляциялық шағымдардан мүліктік емес сипаттағы талап арыз берілген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінің, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша-арыз беруші дауласып отырған сома негізге алынып есептелген мемлекеттік баж мөлшерінің-50 пайызы;
10) сот шешімдерінің, үкімдерінің, ұйғарымдарының, соттың басқа да қаулыларының көшірмелерін (дубликаттарын), сондай-ақ іске қатысушы тараптар мен басқа да адамдардың өтініші бойынша соттар беретін іске қатысты басқа да құжаттардың көшірмелерін қайталап беру үшін әрбір құжат үшін 10 пайыз және бұған қоса, әзірлеген әр бет үшін 3 пайыз.
Бір мезгілде мүліктік және мүліктік емес сипаттағы талаптар қойылған талап арыздар үшін мүліктік сипаттағы талап арыздарға және мүліктік емес сипаттағы талап арыздарға белғіленген мемлекеттік баж қатар алынады.
Талап қоюдың бағасын талап қоюшы көрсетеді (АІЖК 102-бабы). Көрсетілген бағаның талабын мүліктің шын мәніндегі бағасына анық сәйкес келмеген жағдайда талап қою бағасын талап арызын қабылдау кезінде судья айқындайды.
Талап қою кезiнде оның бағасын анықтау қиын болған жағдайда мемлекеттiк баж мөлшерiн сот iстi шешу кезiнде анықтаған талап қою бағасына сәйкес келетiн бажды кейiннен қосымша өндiрiп алу арқылы судья алдын ала белгiлейдi. Iстi қарау кезiнде талап қою мөлшерi ұлғайған жағдайда, баждың жетiспейтiн сомасын талап қоюшы талаптың көбейген бағасына сәйкес қосымша төлейді.
Мемлекеттік баж төлемді қабылдап алған банктің (оның филиалының) орналасқан жері бойынша жергілікті бюджеттің кірісіне есептеледі. Төлемді қабылдап алған банк (оның филиалы) квитанция (түбіртек) береді, оны іс материалдарына біріктіріленеді (талап арыз не арыздың қосымша тіркелетін құжаттар тізімінде көрсетілуі тиіс).
Мемлекетті баж:
- сотқа берiлетiн талап арыздардан;
- ерекше талаппен iс жүргiзу арыздарынан;
- ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан);
- сот бұйрығын шығару туралы арыздардан;
- атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, аралық (төрелiк) соттардың және шетел соттарының шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату жөнiндегi атқару парақтарын беру туралы арыздардан;
- сот актiлерiнiң, атқару парақтарының және өзге де материалдардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан алынады.
Мемлекіттік баж келесі жағдайларда қайтарылмайды:
- талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан;
- талап қоюшы өз талаптарын азайтқан;
- іс тараптардың бітімгіршілік келісімімен аяқталған жағдайларды;
- іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар - іске мүдделі тұлғалармен сотта іс қарау және соттың шешімімін орындау жөнінде төленетін шығындар.
Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар қатарына мыналар жатады:
- куәгерлерге, сарапшыларға және мамандарға төленуге тиісті сомалар (ҚР АІЖК-нің 108,109-баптары);
- сол жерде қарау жүргізілуге байланысты шығындар;
- заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шығындар;
-жауапкерді іздестіру жөніндегі шығындар.
Куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға төленуге тиісті сомалар:
- куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға сотқа келуге байланысты оларға келтірілген жол ақысы, бөлме жалдау жөніндегі шығындар өтеледі және іссапарға жіберілген адамдар үшін белгіленген мөлшерде тәулікақы төленеді. Сарапшы мен маманға сондай-ақ оларға тиесілі химиялық реактивтер мен тапсырылған жұмысты орындау кезінде олар жұмсаған басқа да шығын материалдарының құны, сонымен бірге олардың жұмысты орындау үшін құрал-жабдықтарды, коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны және машиналық уақытты тұтынғаны үшін төлеген ақысы өтеледі;
- куә ретінде сотқа шақырылған жұмыс істейтін адамдарға сотқа келуге байланысты олардың болмаған уақыты үшін жұмыс істейтін жері бойынша орташа жалақысы сақталады. Еңбек қатынастарында тұрмаған куәлар өздерін әдеттегі айналысып жүрген істерінен алаңдатқаны үшін іс жүзіндегі уақыт шығындары ескеріліп және заңда белгіленген бір айлық жалақының ең төменгі мөлшері негізге алына отырып, өтемақы алады;
- сарапшылар мен мамандар, егер бұл жұмыс олардың қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, соттың тапсырмасы бойынша өздері орындаған жұмыс үшін сыйақы алады. Сыйақының мөлшерін тараптармен келісім бойынша сот анықтайды;
- сот сараптамасы органдары жүргізген сараптаманың ақысын төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;
- куәларға, сарапшыларға, мамандарға сомаларды, сондай-ақ сот сараптамасы органы жүргізген сараптамаға ақыны тиісті өтініш берген тарап төлейді. Егер аталған өтінішті екі тарап берсе немесе куәні шақырту, сараптаманы тағайындау, маманды тарту соттың бастамасы бойынша жүргізілсе, талап етіліп отырған соманы тараптар тең бөліп төлейді;
- егер бұл жұмыс сарапшылар мен мамандардың қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмесе, соттың тапсырмасы бойынша істеген жұмыстары үшін оларға төленуге тиесілі сомаларды тиісті өтініш жасаған тарап сот депозитіне алдын ала төлеп қояды. Сыйақының мөлшерін тараптармен келісім бойынша сот белгілейді;
- сот сараптамасы органы сараптама жүргiзгенi үшiн төленуге тиiс сомаларды тиiстi өтiнiш жасаған тарап, не өзiне сот осындай мiндеттеме жүктеген тарап алдын ала төлеу нысанында тиiстi бюджетке енгiзедi;
- бір немесе екі тарап шығындарды төлеуден босатылған жағдайда сарапшылар мен мамандарға тиесілі сомаларды төлеу республикалық бюджеттің есебінен жүргізіледі;
Куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу:
- куәларға, сарапшыларға және мамандарға тиесілі сомаларды олар өз міндеттерін орындағаннан кейін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ашылған шоттан сот төлейді;
- аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу республикалық бюджеттің есебінен жүргізіледі. Сыйақының мөлшерін тиісті еңбекке ақы төлеудің қолданылып жүрген нормаларын негізге ала отырып сот белгілейді.

2.2. Сот шығындарын бөлу тәртібі. Бағалау объектілері

Пайдасына шешім шығарылған тарапқа, бүл тарап сот шығындарын төлеуден босатылса да, басқа тараптан іс бойынша жұмсалған барлық шығындарды сот алып береді. Егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, онда 112 шығындар талап қоюшыға қойылған талаптардың сот қанағаттандырған мөлшеріне барабар, ал жауапкерге - талап қою талаптарының талап қоюшыға бас тартылған бөлігіне барабар беріледі.
Егер жоғары сатыдағы сот істі жаңадан қарауға берместен шығарылған шешімді өзгертсе немесе жаңа шешім шығарса, ол тиісінше сот шығыстарын бөлуді де өзгертеді (ҚР АІЖК-нің 110-бабы).
Сотқа басқа түлғалар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдары
Сот шығындарын төлеуден босату
Cот шығындары
Сот шығындарын бөлу тәртібі
Сот шығындары ұғымы және олардың құрамы
Сот шығындары: ұғымы, құрамы
Сот шығындарының түрлері
ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰЖАТТАРЫ, МЕРЗІМДЕРІ МЕН СОТ ШЫҒЫНДАРЫ
Мемлекеттік баж төлеу тәртібі
Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар
Пәндер