Жерге жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Жерге жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау және зияндарды өтеу
2. Жер пайдалану мен жерге жеке меншіктің субъектілері мен объектілері.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Халықымыз Елбасымыздың жолдауларын жыл сайын асыға күтеді. Себебі, Елбасымыздың жолдаулары ел дамуының бағыт-бағдарларын, басымдылықпен мән берілетін мәселелерін айқындап, алға жаңа міндеттер қояды және болашаққа үлкен жол сілтейді. Елбасымыз өзінің 2010 жылғы жолдаған жолдауында, жер реформасын жүзеге асыру барысында оның қоғам дамуына қатысты рөлін бағалай келе «Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған жағдайлардың бірі болып табылады» деп атап кеткен болатын. Тәуелсіздік алған жылдардан бері Мемлекет басшылығының елімізді гүлдендірудегі мақсатына, осыған сәйкес Үкіметтің алдына қойған стратегиялық жоспарларына сай жүргізіліп келе жатқан жер реформасы қазіргі таңда өзінің шешуші сәтіне аяқ басты деуге болады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 2005. 250 б.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 1994 жылы 27 желтоқсан. № 269 ХІІІ Жалпы бөлім. Алматы, 2005. 150 б.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 1999 жылғы 1 шілдеде № 409 – І (ерекше бөлім). Алматы, 2005. 288 б.
4. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс – жүргізу кодексі. (Астана, 1999 жылғы 13 шілдеде № 44 – І. Алматы, 2005. 145 б.
5. Қазақстан Республикасының «Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ кодексі. Алматы, 2005. 185 б.
6. «Жер қойнауы жәнежер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 заңы. Алматы, 2005. 295 б.
7. Архипов И.Г. Регулирования земельных отношение по новому Указу о земле. / Предприниматель и право / 1996. № 2
8. Ә.С.Стамқұлов., Ғ.Ә.Стамқұлова. Жер құқығы. (Жалпы бөлім) Алматы. 2004 ж

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Жерге жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау және зияндарды өтеу
2. Жер пайдалану мен жерге жеке меншіктің субъектілері мен объектілері.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Халықымыз Елбасымыздың жолдауларын жыл сайын асыға күтеді. Себебі, Елбасымыздың жолдаулары ел дамуының бағыт-бағдарларын, басымдылықпен мән берілетін мәселелерін айқындап, алға жаңа міндеттер қояды және болашаққа үлкен жол сілтейді. Елбасымыз өзінің 2010 жылғы жолдаған жолдауында, жер реформасын жүзеге асыру барысында оның қоғам дамуына қатысты рөлін бағалай келе Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған жағдайлардың бірі болып табылады деп атап кеткен болатын. Тәуелсіздік алған жылдардан бері Мемлекет басшылығының елімізді гүлдендірудегі мақсатына, осыған сәйкес Үкіметтің алдына қойған стратегиялық жоспарларына сай жүргізіліп келе жатқан жер реформасы қазіргі таңда өзінің шешуші сәтіне аяқ басты деуге болады. Елімізде жер қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде айқындап, тұрақтандыруға бағытталған, жер байлығымызды ел байлығымызға айналдырудың маңызды мәселелерін шешуге бағытталған жер заңнамасы қалыптасты. Міне, осы тұлға біз жердің өзіне тән ерекшелігін, маңызы мен мәртебесін қатаң есте ұстауымыз қажет. Жер - өндіріс құралы. Адамдар жерді пайдаланып жұмыс істейді. Оның үстіне ол - өндіргіш күш. Себебі, жерге бидай ұрығын ексең, ол күзде бірнеше есе көбейіп шығады. Осындай үлкен ерекшеліктеріне байланысты адамдардың жермен қарым-қатынасы бірнеше заңдылықтар бойынша реттеледі. Жерді сақтау, қорғау және ұтымды пайдалану мәселесін көбінесе Жер кодексі қозғайды. Бұл жұмыс Жер ресурстарын басқару агенттігі құзырына, мемлекеттік стратегияға сай оның міндеттерін анықтап, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Ал, бұл міндеттер мен іс-шаралардың орындалуын жер заңдарының шеңберінде және белгіленген құзыреті жер ресурстарын басқаратын орталық қамтамасыз етеді. Өмірдің серпінді дамуына ауылшаруашылығының үлесі мол, еншісі қомақты. Ал, жер ресурстары осы саланың өндіріс құралы болып табылады. Статистикка бойынша халқымыздың 45 пайыздан астамы ауылдық жерлерде тұрады екен. Олар жер байлығын пайдаланып, ауылшаруашылық өндірісінің дамуына, халықымыздың ұлттық қадір-қасиетінің сақталуына үлес қосып отыр. Елбасымыз ұстанған сара саясаттың арқасында ауылдық жердің ажары кіріп, шаруа адамның тұрмысы түзеле бастағаны шындық. Елбасы айтқандай, қай салада да әркім елдікті түсініп өмір сүрсе, ертеңіміз бұданда жарқын болатынына сенімім мол. Жолдаудағы жоба-жоспарлар, ой-түйіндер түсінген адамға осыны аңғартады.
Болашаққа серпін беретін Жолдауда көрсетілген аса маңызды мәселелердің бірі, ол жер ресурстарын, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды, әрі нысанды пайдалану, оны бақылау және қорғау болып табылады. Осы мәселелер бойынша Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Жер ресурстарын басқару агенттігіне бірқатар міндеттер жүктеген болатын. Мұндағы негізгі проблема - ол жер ресурстарының әлеуетін тиімді, ұтымды пайдалану және қорғау.

1. Жерге жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау және зияндарды өтеу

Жерге меншік құқығын және жер пайдалану құқығын қорғау және зиандарды өтеу ҚР Жер кодексінің 20-тарауында жер туралы заннаманың орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретінде қарастырылған.
Алайда, жер туралы заңнаманың міндеттерінің қатарында тек жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау ғана емес, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың жерге қатысты басқа да құқықтарын қорғау көзделген. Тараудың аты меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғауды көздейді, ал 164-бап мемлекеттік меншікті қорғауды қарастырмаған, бұл ҚР Конституциясының нормаларына қайшы келеді. Себебі, ҚР Конституциясының 6-бабының 1-тармағында мемлекеттік және жеке меншік танылып, бірдей қорғалатындығы аталған.
Сонымен катар, ҚР Жер кодексінің аталған -бабы меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын азаматтық заңдардың нормаларымен қорғалатындығын көздейді, бұл да ҚР Азаматтық кодексінің 1-бабының нормаларына кайшы келеді.
ҚР Азаматтық кодексі табиғи ресурстарды, соның ішінде жер ресурстарын пайдалану мәселелерін реттемейді, оларды құқықтың жекелеген салаларының -- жер және экологиялық құқықтардың құқықтық реттеу пәні деп санайды. Егер аталған қатынастар жоғарыда аталған құқық салаларымен реттелмеген жағдайда ғана, олар азаматтық заңдардың нормаларымен реттелуі мүмкін. Бұл жердің ерекше касиетімен байланысты, себебі бұл табиғи ресурсты адам колынан жасалған заттармен теңестіруге болмайды. Жер пайдалану кезінде тозады деген түсінік дұрыс емес, керісінше егер оны ұлымды пайдаланса жердің жағдай жақсара түседі.
Сонымен қатар, жер туралы заңнаманың нормалары мемлекеттік және жеке меншіктегі жерлердің әрі жеке және занды тұлғалардың жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерінің құқықтық жағдайын қарастырады, объектілер мен субъектілерді, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асырудың көлемі мен шектерін, оларды қорғаудың кепілдіктерін және басқа да мәселелерді анықтайды. Бұлардын барлығы ҚР Жер кодексінің нормаларынан келесі тәртіпте көрініс тапқан:
1) 3, 20. 26-баптар жерге мемлекеттік меншік құқығын әртүрлі аспектіде қарастырады;
2) 12-баптың 22-тармағында меншік құқығының объектілері көзделген;
3) 12-баптың 31-тармағы жерге билік етуді мемлекеттің жердің заңды тағдырын тануының қамтамасыз етілген мүмкіндігі ретінде қарастырады;
4) 20-баптың 1-тармағы Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылатынын және бірдей қорғалатынын көздейді;
5) 20-баптың 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі болып Қазақстан Республикасы табылады;
6) 21-баптың 1-тармағына сәйкес, меншік иесінің өзіне тиесілі жер учаскесін иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар;
7) 21-баптың 2-тармағына сәйкес, жердің меншік иесі ретіндегі мемлекеттің құқықтарын мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады;
8) 21-баптың 3-тармағына сәйкес, жер учаскесінің меншік иесі ҚР Жер кодексінде және өзге де заң актілерінде көзделген негіздерде, шарттар мен шектерде меншік иесі құқығын жүзеге асыра алады;
9) 27-бапта мемлекеттік меншікті жүзеге асырудың нысандары қарастырылған;
10) 25-бапта жер учаскелеріне жеке меншік құқығын жүзеге асырудың нысандары қарастырылған; 30-бап жер пайдаланушылар қатарынан мемлекеттік жер пайдаланушыларды да көздейді;
11) 50-бапқа сәйкес жер учаскелерді берудің мөлшері заңмен белгіленген тәртіпте анықталады.
12) 8-бапта аймақтарға бөлу -- жер аумағын оның нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимін белгілей отырып айқындау қарастырылған;
13) 2-бапқа сәйкес жерлерді санаттарға жатқызуды, бір санаттан басқа санатқа ауыстыруды мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
14) жер үшін төленетін төлемді мемлекет орнықтырады (9-бап);
15) жер қатынастарын реттеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне және жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және оның жергілікті жердегі органдарының және жергілікті өкілді және атқарушы органдардын құзыретіне жатады;
16) жер учаскесі меншік құқығынын, жер пайдалану құқығынын және жерге басқа да құқықтардың объектісі ретінде 20-66-баптарда, сервитут 67-75-баптарда, жер учаскесін кепілге салу 76-80-баптардан шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін берілетін жер учаскелер 101, 170-баптарда, меншік құқығының, жер пайдалану құқығының және жерге қатысты өзге де құқықтардың тоқтатылуы 81 -96-баптарда, жер санаттарының құқықтық режимі 97-138-баптарда қарастырылған;
17) жер учаскелері меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері 64 және 66-баптардын нормаларымен реттелген;
18) 6-баптың 5-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың зандарды белгіленген құқықтарын мемлекеттік басқару органдарының және жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың актілерімен шектеуге болмайды. Мұндай актілердің заңды күші болмайды және олар орындалуға жатпайды;
ҚР Жер кодексінін жерге мемлекеттің меншік құқығын, жеке және заңды тұлғалардың жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғауды қамтамасыз ететін басқа да нормалары, соның ішінде тыйым салу нормалары бар.
Жер туралы заңнаманың аталған нормаларының барлығы құқық субъектілерінің меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғауды жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар, ҚР Жер кодексінде субъектілердің жер учаскесіне қатысты құқықтарын қорғау мәселесін сот тәртібінде қарауға қатысты 17 сілтеме бар, олардың ішінде 167-бап жер құқығы қатынастарынан туындайтын жер дауларының сот тәртібімен қаралатынын көздейді.
ҚР Жер кодексінін 168-бабы жер зандарын бұзғаны үшін жауаптылықты қарастырады.
Егер жеке және заңды тұлғалардын жер учаскесіне жеке меншік құқығы және жер пайдалану құқығы азаматтық құқық нормаларымен реттелсе, онда азаматтық құқық нормаларына қайшы келетін жерлерді нысаналы пайдалану туралы, жер корын басқару туралы, табысталатын жер учаскесінің мөлшерін нормалау және басқа да нормалар бойынша азаматтық заңнамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу қажеттігі туындайды. Ал бұл, өз кезегінде, тек жер заңдарының міндеттеріне емес, сонымен қатар ҚР Жер кодексінің 4-бабында көзделген жер заңдарының қағидаларына және ҚР Азаматтық кодексінің 1-бабының нормаларына қайшы келетін еді.
Жеке және занды тұлғалардың жерге, жер учаскесіне және жер пайдалануға мемлекеттік және жеке меншік құқығын қорғауда азаматтық еңбек. әкімшілік, кылмыстық құқық нормалары қолданылуы мүмкін. Сол себепті де, ҚР Жер кодексінің 164-бабында көзделгендей, меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы жер туралы және басқа да заң актілерінде көзделген тәртіппен қорғалуы дұрыс және Құқыққа сәйкес болып табылады. Жер заңдарын бұзғаны үшін кінәлі азаматтар мен занды тұлғалар, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады. Өткен тарауда атап кеткендей, жер заңнамасының басқа құқықсалаларының нормаларына өтпелі осындай нормалары Қазақстан Республикасы заңнамасынын біртұтас жүйесін көрсетеді. Сондықтан ҚР Жер кодексі 164-бабынын логикалық жалғасы ретінде ҚР Салық кодексінің 168-бабының нормаларын атауға болады Жер заңдарын бұзған үшін жауаптылық.
Жоғарыда айтылғанның негізінде ҚР Жер кодексінің атауын келесідей мазмұнда: Меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау өзгертуді қажет деп есептейміз.
Меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы осы Кодекспен және Қазақстан Республикасыньщ баска да заң актілерінде көзделген тәртіппен қорғалады.
Жерге меншік құқығын және жер пайдалану құқығын корғау тек ҚР Жер кодексінің 20-тарауымен шектелмейді, ол сонымен катар, ҚР Салық кодексінің басқа да бөлімдері, тараулары және баптарының нормаларымен жүзеге асырылады, яғни ҚР Жер кодексінің жалпы нормаларымен. Бұл нормаларды мынадай түрлерге немесе топтарға бөлуге болады:
1) ескертетін;
2) басқа меншік иелері мен жер пайдаланушыларды міндеттеуші;
3) жерді қорғау құқығын жүзеге асыруда артықшылық құқық беруші;
4) басқа да нормалар.
Ескерту шарасы ретінде ҚР Жер кодексінің 65-бабының 8-тармағында көзделген нормаларды атаса болады. Бұл нормалар жер учаскесінің меншік иелері.мен жер пайдаланушыларды басқа меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға, топырақтың ластануын, қоқыстануын, тозуын және оның құнарлығының нашарлануына әкеп соғатын әрекеттер жасамауға міндеттейді.
Егер ҚР Жер кодексіне сәйкес мемлекеттік жер меншігіндегі жер учаскелері жеке меншікте бола алатын жағдайда, оларды азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіне беруден бас тартуға жол берілмейді (ҚР ЖК 26-бабының 5-тармағы).
ҚР Жер кодексінде және Қазақстан республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген негіздерден басқа реттерде ешкімді де жер пайдалану құқығынан айыруға болмайды (ҚР ЖК 29-бабының 2-тармағы).
Егер атқару органның жер учаскесін беру туралы шешімінде өзгеше көзделмесе, жер учаскесінің нақтылы (белгілі бір жердегі) шекарасы белгіленгенге және жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган жер учаскесіне құқықты куәландырытын құжаттарды бергенге дейін жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді. Осы норманы сақтамау жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу деп танылады және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкімшілік жауаптылықты көздейді (ҚР ЖК 43-бабының 11-тармағы).
Егер біреудің жеке меншігіндегі немесе жер пайдалануындағы жер учаскесі қоршалмаған болса немесе жеке меншік иесі немесе жер пайдаланушы учаскеге өзінің рұксатынсыз кіруге болмайтын өзге да әдіспен белгілеп қоймаса, егер бұл жеке меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға зиян келтірмейтін болса, осы учаске аркылы кез келген адам өте алады. (ҚР ЖК 68-бабының 2-тармағы).
Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы қатысушылардың жер үлестерінің мөлшерін айқындау Қазақстан Республикасының заңдары негізінде жүзеге асырылуы мүмкін, егер оның барлық қатысушыларының келісімімен белгіленбесе, жер үлестері тең болып есептеледі (ҚР ЖК 56-бабының 1-тармағы). Осындай құқық қорғаушы сипаттағы нормалар ҚР Жер кодексінің 57,58,59-баптарында көзделген. Мұндай сипаттағы нормалар аталған Кодексте көп кездеседі.
ҚР Жер кодексінің 67-бабында меншік иесі немесе жер пайдаланушы өзіне меншік немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесін мүдделі жеке және занды тұлғаларға шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен беруді көздейді.
Егер нормативтік құқықтық актіде мүдделі тұлғаның меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен шарты негізінде сервитут белгілеу көзделсе, олардың мұндай шарт жасасудан немесе меншік иесі немесе жер пайдаланушы қоятын шарттың талаптарынан бас тартуына мүдделі тұлға меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға талап-арыз беруі арқылы сот тәртібімен дауласа алады (ҚР ЖК 67-бабының 3-тармағы).
Егер нормативтік құқықтық актіде жергілікті атқарушы органның актісі негізінде сервитут белгілеу көзделсе, сервитут белгілеуге мүдделі тұлға, меншік иесі немесе жер пайдаланушы бұл актіге сот тәртібімен шағымдана алады (ҚР ЖК 67-бабының 4-тармағы).
Жерге орналастыру процесінің барлық қатысушылары жерге орналастыру процесінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті (ҚР ЖК 151-бабы 4-тармағының 1-тармақшасы).
ҚР Жер кодексінің 170-бабына сәйкес, шаруа (фермер) қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелері уақытша жер пайдалану құқығымен табысталған Қазақстан республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес занды тұлғаларының ҚР Жер кодексінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда жер учаскесін жеке меншікке сатып алуға құқығы бар. Өздеріне жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелерін шаруа (фермер) қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) берген азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар 2005 жылдың 1 -каңтарына дейін кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалдау) туралы шарттарын бұзуға міндетті.
Бұл ретте, аталған шаруа (фермер) қожалығын немесе тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жургізу жөніндегі қызметпен дербес айналысуына не жер пайдалану құқығын салым немесе жарна ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің жарғылық қорына беруге құқығы бар. Жалға берушілердің аталған құқықтары іске асырылмай қалған жағдайда, кейінгі жер пайдалану (қосалқы жалдау) туралы шарттарды бұзу және жер пайдаланушылар (жалға берушілер) құқықтарының тоқтатылуы жер ресурстарыи басқару жөніндегі аумақтық органдардың талап-арызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады, ал кейінгі жер пайдалануға берілген жер учаскелері алып қойылады және ауданның арнайы жер қорына енгізіледі (ҚР ЖК 170-бабының 2-тармағы). Аталған бапта мәжбүрлеу шараларымен катар, кейінгі жер пайдаланудағы жер пайдаланушылардың міндеттеуші нормалары көрініс табады.
Мемлекеттік қажеттіктер үшін мемлекеттік жер пайдаланушыдан жер учаскесін алып қою оны алып қоюды жүзеге асыратын атқарушы органның біржақты шешімі негізінде жүргізіледі. Шағым жасау алып қою туралы шешімді орындауды тоқтата тұрады (ҚР ЖК 89-бабы).
Міндеттеуші нормаларға ҚР Жер кодексінін 65 және 66-баптарының нормаларынан басқа баптардың нормалары да жатады, мысалы, Қазақстан Республикасының жер зандарын бұзу салдарынан келтірілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге меншік құқығы
ҚР жерге жеке меншік құқығы
Ресей Федерациясындағы жерге меншік және жер пайдалану құқығы
Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздер
Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқықтары
Жерге меншік құқығының жалпы сипаттамасы
Жерге меншік құқығының субъектілері
Жерге жеке меншік құқығы және оны пайдалану
Қазақстандағы жер қатынастарын құқықтық реттеу
Меншік құқығының түсінігі
Пәндер