Америка Құрама Штатының шаруашылығы



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Америка Құрама Штатының шаруашылығы
2. Өнеркәсібі
3. Ауыл шаруашылығы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпенжәне өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.
Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді.
1. Хаинжамал Хасенова «География» Анықтамалық көмекші құрал. Алматы 2007ж.-224бет.(59-70с)
2. В.П.Максаковский «Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы» алматы 1997ж.
3.«Қазақ Совет Энциклопедиясы»10том
4. В.П.Максаковский «Шетелдердің экономикалық географиясы» Алматы 1987ж.
5.З.К.Қаргажанов, К.М.Баймырзаев «экономический механизм приропользования» Алматы: Ғылым,2000г.
6. Н.Н.Баранский «Методика преподования экономической географий» Москва 1960г.
7. Бронер Д.Л. «Транспорт города» Москва, 1975г.
8. Н.Н.казанский «География путейсоощения» Москва «Транспорт» 1987г.
9. М.Р.Насыров «Орысша –қазақша түсіндірме сөздік анықтама: Нарықтық экономика» Алматы, білім 1995ж

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Америка Құрама Штатының шаруашылығы
2. Өнеркәсібі
3. Ауыл шаруашылығы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ауыл шаруашылығы -- материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпенжәне өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.
Ауыл шаруашылығы -- шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы -- неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді.
Дүниежүзінің кез келген елінің ауыл шаруашылығы өзара бір-бірімен тығыз байланысты екі саладан -- өсімдік және мал шаруашылығынан құралады. Олардың арасалмағы әр елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен еңбек ресурстарының көрсеткіштеріне және табиғат жағдайларының ерекшелігіне сәйкес өзгеріп отырады. Экономикалық деңгейі жоғары елдерде (АҚШ, ГФР, Франция және т.б.) ғылым жетістіктері мен агротехникалық шаралар кеңінен қолданылуы нәтижесінде мал шаруашылығы өнімдерінің үлесі жоғары. Мұндай жағдай кейбір жекелеген дамушы елдерде де байқалуда, бірақ оның басты себебі климаттың қолайсыз әсерінен өсімдік шаруашылығының өркен жаюына мүмкіндіктің болмауы. Бұл керініс Таяу Шығыстың кейбір елдеріне тән. Өсімдік және мал шаруашылығы тек қана өзара байланысып қоймай, олардың өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салаларымен де тығыз байланысты. Бұл салалар арасындағы өзара байланыс агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) арқылы жүзеге асады. Мұндай кешендер құрылымы мен қуатына қарай алуан түрлі болып келеді және дамыған елдерде кең қанат жайған. Ал дамушы елдерде олар жаңа-жаңа белең алып келеді.

1. Америка Құрама штатының шаруашылығы

АҚШ шаруашылығы жедел дамуда, оның үлесіне жалпы дүние жүзінде өндірілетін өнімнің 15 бөлігі, өнеркәсіп өнімінің 15%-ы тиеді. АҚШ экономикасының даму дәрежесіне нақты баға беруде соңғы жылдары пайдаланылып жүрген бірқатар көрсеткіштер ескеріледі.
АҚШ экономикасының даму деңгейінің негізгі көрсеткішінің бірі -- еңбек өнімділігі, өйткені бұл елдегі жұмыс істейтін әрбір адамның еңбегінің нәтижесін көрсетеді. XX ғасырдың 90-жылдарының соңына қарай АҚШ-тағы еңбек өнімділігі жылына 51 мың америка долларын құрады, яғни жұмыс істейтін әрбір адам осындай өнім өндірді. Еңбек өнімділігінің жоғары болуына ғылымға негізделген өндіріс үлесінің артуы себепші. Бұған ірі университеттер жанында жұмыс істейтін ғылыми-өндірістік орталықтар негіз болады. Мысалы, электрондық өнімдерді шығаруға Стэнфорд университетінің негізінде өркендеген Калифорниядағы Силикон аңғары, Бостон маңындағы Массачусетс технология институты негізінде қалыптасқан орталық маманданған. Қазіргі кезде АҚШ-та жұмыс істейтін әр 100 адамға 63 компьютерден келеді. АҚШ ғылымды көп қажет ететін өнім өндіруде жетекші орын алады, оның үлесіне бүкіл дүние жүзінде өндірілетін мұндай өнімнің 20%-ы тиесілі.
Қазіргі АҚШ экономикасына өндіріс пен қаржының күшті шоғырлануы тән. Сондықтан көптеген басқа елдерде кәсіпорындарын ашқан аса ірі компаниялар АҚШ шеңберінен шығып, ұлтаралық компанияларға айналған.

2.Өнеркәсібі

Өнеркәсіп -- АҚШ шаруашылығының жетекші саласы: елдегі өнеркәсіп өнімдерінің жалпы құны ауыл шаруашылығы өнімдерінің құнынан 10 еседей артық. АҚШ өнеркәсіп өнімдерін шығару жөнінде дүние жүзінде бірінші орын алады. АҚШ өнеркәсібінің даму деңгейі өте жоғары. Елде металлургия, отын-энергетика, машина жасау өнеркәсібі, автомобиль жасау, электрондық және электр техникасын жасау өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп күшті дамыған
Ел өнеркәсібінде өндірістік және аумақтық шоғырлану қалыптасқан. АҚШ өнеркәсібі жаппай сериялы ғана емес, айрықша күрделі, бірегей өнімдер шығарумен де айналысады. Бұл елде жасалған өнеркәсіп тауарларының әлемнің кез келген мемлекетінде бәсекелестік қабілеті жоғары.
АҚШ өнеркәсібінің өзекті салалары -- металлургия, машина жасау және химия өнеркәсібі. Қара металлургия кәсіпорындарының орналасуы ұзақ уақыт бойы шикізат көздеріне тәуелді болып келді. Аппалач алабының кокстелетін көмірі мен Ұлы көлдер маңындағы темір кен орындары негізінде Чикаго, Кливленд, Питтсбург сияқты осы саланың орталықтары қалыптасты. Соңғы жылдары шикізаттың көршілес елдерден әкелінуі қара металлургия кәсіпорындарының шығыстағы портты қалаларға (Балтимор, Филадельфия) ығысуына апарып соқты. Түсті металлургия кәсіпорындары, негізінен, кен орындарына жақын орналасады, дегенмен көп энергия жұмсалатын өндірістердің Колумбия және Теннеси өзендерінің энергетикалық кешендері негізінде дамуы да байқалады.
Елдің дүниежүзілік нарықтағы өзіндік сипаты мен орнын айқындайтын дәстүрлі өнеркәсіп саласының бірі -- автомобилъ жасау. АҚШ-тағы 125 қалада автомобиль шығарылады. Әсіресе Детройт қаласы ерекше көзге түседі, оны автомобильдер астанасы деп те атайды. Мұның өзіндік тарихы бар. 1896 жылы Детройт маңындары Дирборн қаласында Генри Форд өзі жасаған автомобильді көпшілік назарына ұсынды. Ол алғаш рет автомобильді конвейерлік әдіспен шығаруды игеріп Фордмоторс автомобиль компаниясын ұйымдастырды. Қазіргі кезде бұл кәсіпорын дүние жүзіндегі ірі ұлтаралық концернге айналды: компанияның құрамына енетін кәсіпорындарды әлемнің әр түкпірінен кездестіруге болады. АҚШ-тың автомобиль жасау саласында әйгілі Дженерал моторс, Крайслер корпорацияларының да өзіндік орны бар
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң, АҚШ-та жаңа ғылымды көп кажет ететін өнеркәсіп салалары дами бастады. Қазіргі кезде АҚШ авиациялық техника жасаудан дүние жүзінде бірінші, ал телекоммуникациялық жабдықтар мен микросұлбалар жасаудан екінші, ал санды бағдарламалар негізінде басқарылатын станоктар жасаудан үшінші орынды алады. Әсіресе ғарыштық техника жасау мен электроника жедел карқынмен өркендеді. 1971 жыды АҚШ-тағы Іntеі фирмасы дүние жүзінде түңғыш рет микропроцессорларды қолдануды жүзеге асырды. Бұл жеке компьютерлік техниканың алғашқы үлгілері болатын. Қазіргі кезде дүние жүзінің барлық дерлік елдеріндегі компьютерлік жүйелерде Іntеі сериясындағы микропроцессорлар пайдаланылады.
Батыстағы Лос-Анджелес қаласы ғарыштық техника жасау және электроника саласының орталығына айналды. Ғарыштық техника жасауда Юнайтед технолоджис компаниясы көзге түседі. Елдің оңтүстігіндегі Даллас және Хьюстон қалаларында ірі әуе-ғарыш өндірісі шоғырланған. Елдің солтүстік-батысындағы Сиэтл қаласында 1916 жылы Боинг фирмасының алғашқы авиациялық зауыты ашылған болатын. Қазіргі кезде мұнда алып Боинг ұшағы ғана емес, вагондар мен кемелер, тоңазытқыштар да жасалады. Электрондық техника жасау мегалополистердің барлығында бар. Бұл саладағы жетекші кәсіпорындар -- ІВМ, Дженерал электрик, Хьюлетт Паккард компаниялары.
Мексика шығанағындағы мұнай-газ алабы аумағында, осы шикізат түрлерін өңдеуге негізделген аса ірі химия өнеркәсібінің орталығы қалыптасты. Мұнда 200-ден астам мұнай және газ-химия кәсіпорны жұмыс істейді. Хьюстон қаласын мұнай химиясының астанасы деп те атайды. Мұның өзі қаланың экологиялық жағдайын нашарлатады. АҚШ-тың мұнай өнеркәсібі саласында Экссон, Тексако, Шеврон, Амоко компанияларының үлесі жоғары. Қазіргі кезде бұл ірі компаниялар Қазақстанның мұнай байлықтарын барлау, өндіру ісіне белсене қатысып отыр.
Тоқыма өнеркәсібі шоғырланған басты аудан АҚШ-тың байырғы штаттары орналасқан Жаңа Англия болатын. Ұзақ жылдар бойы мұндағы Бостон қаласында елдегі ең сапалы маталар өндіріліп келді. XX ғасырдың басында өнеркәсіптің бұл саласы шикізат (мақта, жүн, синтетикалық талшықтар) көзі жақын, салыстырмалы түрде арзан жұмыс күші бар оңтүстік штаттарға қоныс аударды. Қазіргі кезде Атланта және оның маңындағы Гринвилл, Нашвилл қалалары тоқыма өнеркәсібінің орталықтары болып табылады
АҚШ аумағында өнеркәсіпті қалалар шоғырланған ірілі-ұсақты өнеркәсіпті аудандар бар. Олардың жиынтығы өз кезегінде өнеркәсіптік белдеулерді құрайды. АҚШ аумағындағы аса ірі өнеркәсіп белдеулері былай жіктеледі:
1.Солтүстік өнеркәсіпті белдеу.
2.Оңтүстік-Шығыс өнеркәсіпті белдеу.
3.Галф (Мексика шығанағы жағалауы).
4.Калифорния.
Солтүстік өнеркәсіпті белдеу елдің алғаш игерілген бөлігінде -- Атлант мұхиты жағалауынан Миссисипи өзеніне дейінгі аралықта орналасқан. Бұл белдеудің құрамына елдің байырғы ірі өнеркәсіп орталықтары мен аудандары енеді. Соңғы жылдары АҚШ-тағы басқа өнеркәсіп белдеулерінің жедел дамып, өнеркәсіп өндірісінде үлестерінің артуына қарамастан, Солтүстік өнеркәсіп белдеуі өзінің ел аумағындағы және дүниежүзілік маңызын жойған жоқ. Оңтүстік-Шығыс өнеркәсіпті белдеуі еңбек ресурстары мен электр энергиясын көп қажет ететін өнеркәсіп өнімдерін өндіруге маманданған. Бұл белдеу -- соңғы онжылдықтарда қалыптасқан жас аудан. Мексика шығанағы маңындағы Галф өнеркәсіпті белдеуі жергілікті мұнай және газ кен орындары негізінде қалыптасқан химия өнеркәсібінің аса ірі орталығы болып табылады. Калифорния өнеркәсіпті белдеуі ғылымды қажет ететін салалардың айрықша дамуымен көзге түседі.

3. Ауыл шаруашылығы

АҚШ экономикасында агроөнеркәсіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Америка Құрама Штаты
Томас Джефферсонның өмірі мен саяси жолы жіне тәуелсіздік жолындағы күрестері
Томас Джефферсонның өмірбаянын, саяси қызметін, ол басқарған кездегі Америка Құрама Штатының тарихы
АҚШ-тағы азамат соғыс туралы
Франклин Д. рузвельттің саяси портреті
АҚШ екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
АҚШ бүкіл дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан кейін
АҚШ Ұлы депрессия жылдарында
Америка дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында
1929-1933 жылдардағы дағдарысты зерттеу
Пәндер