Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы


Жоспары:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі.
2. Қылмыстық іс жүргізу құқығының көздері .
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 2006 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында «біз дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз» деп көрсеткен болатын. Қазіргі таңда мемлекетіміз алға дамып келеді, яғни заман талабына, қоғам талаптарына сай өзгерістер болуда. Оны қоғамдағы болып жатқан қылмыстық құбылыстарда көрсетуге болады. Қылмыстық істерді тергеу, сотта қарау мен шешудегі анықтаушы, тергеуші, прокуратура, сот және анықтама органдарының қызметтері жариялы құқықтық сипатта болады. Қылмыс құқықбұзушылықтың қауіпті түрлерінің бірі бола тұра ол азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне, қоғамға, мемлекетке көп мөлшерде зиян келтіреді, мемлекеттің өкілетті органдарына қылмыстық заң нормаларының таралуын қамтамасыз етудегі заңда көзделген шараларады қолдануын міндеттеді. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына енгізілген соңғы толықтырулар мемлекеттің құқық қорғау жүйесінің дамуына оң әсерін тигізуде, себебі оның халықаралық жағдайларымен байланысты болуы және дәлелдеу құқығы, жедел іздестіру қызметінің нәтижелерін дәлелдеме ретінде қолдану салаларында көптеген өзгерістер енгізілуі де ықпал етуде.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы - толып жатқан түрлі жақтарды, жай-жапсарларды қамтитын күрделі, ауқымды, сан мағыналы құбылыс. Оның мәніне әр түрлі анықтама берілуінің себебін осымен түсіндіруге болады. Дәстүрлі көзқарас - қылмыстық іс жүргізу құқығын ережелер (нормалар) заңында көрсетілген, қылмыстық процесс мақсаттарына жету мен міндеттерін шешу мақсатында қылмыстық істерді тергеу, карау және шешу жөніндегі қызметті реттейтін әлеуметтік-шартты жүйе деп түсіну.
Кеңестік кезеңдегі құқық дамуының энциклопедиялық анықтамасы мынаған салды: қылмыстық іс жүргізу құқығы - өз нормалары қылмыстық істерді қозғауға, алдын ала тергеуге, сотта қарауға байланысты қызметті, оның тәртібі мен мазмұнын реттейтін құқық саласы; оның тәртібі мен мазмұны; бұл жағдайда пайда болатын құқық қатынастары. Ал құқық саласы - өздері реттейтін бір тектес қоғамдық қатынастар ортақтығы біріктірген құқық нормалары мен институттардың ерекшеленген тобы. Басқа салалар арасында қылмыстық іс жүргізу құқығы іргелі салаға жатады.
Құқықтық реформа кезеңіндегі энциклопедияда қылмыстық іс жүргізу құқығы - қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тәртібін белгілейтін және алдын ала тексеру, алдын ала тергеу, прокуратура және сот оргаңдарынын қылмыстық іс қозғау, тергеу, үкімді орындаумен байланысты мәселелерді сотта қарау және сотта шешу жөніндегі қызметін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі деп белгіленген.
- Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі
Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық іс жүргізу заңы арасындағы арақатынасты түсіну жалпы құкық пен заң арақатынасын түсінумен байланысты.
Егер құқық мемлекет күшімен қорғалатын жалпыға міндетті әлеуметтік нормалар жүйесі болса, заң осы "мемлекет күшінің" аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жағдайда заң, бір жағынан, нормативтік-құқықтық актілердің түгелдей бәрі деп түсінілсе, екінші жағынан ол мемлекеттік өкіметтің ең жоғары өкілетті органы қабылдаған нормативтік акті. Заңдар мемлекеттің құқық жүйесінің негізін қалайды 1 .
Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық іс жүргізу заңы бір нәрсе емес. Заң құқықтың құрамдас бөлігі.
Құқық пен заңның ажыратылуын жақтаушылар В. С. Нерсесянц, В. Д. Зорькин, Д. А. Керимов, Л. С. Мамут, В. А. Туманов, Р. 3. Лившиц құқық пен заң өзара байланысты, бірақ бір мағыналы емес құбылыстар екенін дәлелдеді. Атап айтқанда, Р. 3. Лившиц былай деп атап көрсетті: "Мән қолда бар заң, тиісті нәрсе заңның қандай болуға тиіс екені. Тиісті нәрсені іздеу теория тұрғысынан алғанда құқық мәнін іздеу болып табылады.
Құқықты адамзат қоғамының бүкіл тарихы қалыптастырады, ал заң қоғамдық дамудың нақты кезеңіндегі қоғамдық қатынастардың жайын норма түрінде бейнелейді. Сондықтан, қылмыстық іс жүргізу құқығын тектік ұғымына, яғни бірқатар құрамдас беліктерден тұратын неғұрлым кең ауқымды ұғымға, ал қылмыстық іс жүргізу заңын көріністі, яғни қылмыстық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылатын ұғымға жатқызу қажет.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық іс жүргізу заңының бір мағыналы еместігін мынадай факторлар аңғартады.
1. Қылмыстық іс жүргізу құқығы өз дамуында қылмыстық іс жүргізу заңынан озық келеді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы нормалар жиынтығымен қатар реттелетін қызметтің және ол қызмет нәтижесінде туындайтын құқық қатынастарының негізгі бағыты, идеялық өзегі деп түсінілетін тұжырымды қамтиды. Бұл идея жалпы заң рухын белгілей отырып, нақты норма шеңберіңдегі іске асыру процедурасында нақты көрінісін таба алмауы мүмкін.
Мәселен, қылмыстық іс жүргізу құқығында қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберіне тартылатын адамдардың занды мүдделерін қорғау идеясы қылмыстық процестің дербес сала ретінде қалыптасуының әуел басында өз негіздемесін тауып, дамытылды. Бұл идея ҚІЖК бірқатар ережелерінің мазмұнынан объективті түрде туындады, бірақ оны заң шығарушы түпкілікті тұтас норма ретіңде кабылдамады. Бұл идея алғаш рет заң жүзінде 1991 жылы бұрын қолданылған ҚазКСР ҚІЖК-нің "Анықтама алу органдарының, тергеушінің, прокурордың және соттың процеске қатысушылар мен өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдану жөніндегі міндеті" деген 30-2 бабына енгізу жолымен орнықтырылды. Кейінірек бұл құқықтық ереже Қазақстан Республикасының қазіргі кезде қолданылатын ҚІЖК-нде, атап айтқанда, "қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау " деген қылмыстық іс жүргізу принципі түрінде (15-бап) дамытылып, өз бейнесін тапты. Бұл принцип ҚІЖК-нің "Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" деген 12-тарауында орнықтырылған іс жүргізу кепілдіктері жүйесімен қамтамасыз етілген. Көріп отырмыз, әуел баста қылмыстық іс жүргізу құқығына тән болған, теоретиктер мен практиктер саланың ажыратылмас элементі деп қабылдаған процеске қатысушылардың занды мүдделерін қорғау идеясын заң шығарушы азаматтардың құқықтарын сақтау мен заңды мүдделерін қорғау туралы Қазақстан Конституциясы кепілдік берген талаптардың бұзылуларына байланысты теріс тәжірибе жинақталғаннан кейін ғана қабылдады.
2. Қылмыстық іс жүргізу құқығы адамзаттың құқықтық ойының игілігі болып табылатын құқық институттарына сүйене алады, ал ұлттық қылмыстық іс жүргізу заңында сол құқық институттарына негізделген нормалар болмауы мүмкін.
Азаптауларға тыйым салу туралы конвенция қылмыстық іс жүргізу құқығының бірқатар институттарын дамытқан; КСРО, осы Конвенцияға 1986 жылдан қатысушы бола отырып, Конвенцияға катысудың аса маңызды шарттарының бірі болып табылса да, қылмыстық іс жүргізу заңына қажетті түзетулер енгізген жоқ. Қазақстан Республикасы сабақтастық принципіне сәйкес, өздігінен-ақ осы Конвенцияға қатысушы болып отыр. Алайда бұрын қолданылып келген ҚІЖК-ке қаралып отырған осы бөлікке қатысты ешқандай өзгерістер енгізілген жоқ. Қылмыстық сот ісін жүргізуде азаптауларға тыйым салу туралы Конвенцияда айтылған идеяға келетін болсақ, қылмыстық іс жүргізу құқығы оны жалпы құқық ізгілігі принципіне сай келетін идея ретінде кабылдайды.
Қаралып отырған ереженің Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқаны назар аударарлық, оның 17-бабында былай делінген: "Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір керсетуге не жазалауға болмайды". Ал ҚІЖК-де азаптауға тікелей тыйым салатын нормалар жоқ. Алайда оңдай тыйымның бар екені туралы ой адамның жеке
басына тиіспеушілік (14-бап), жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу (13-бап) туралы Кодексте барлығы тұтастай қамтылған сот ісін жүргізу принциптерінен объективті түрде туындайды.
3. Қылмыстық іс жүргізу құкығы ешқашанда мемлекет шептерінде тұйықталмайды, бірақ географиялық тұрғыдан алғанда бүкіл қоғамға тарайды, ал қылмыстық іс жүргізу заңының күші аумақпен (кеңістікпен) және уақытпен шектеледі.
Кінәсіздік презумпциясы қылмыстық іс жүргізу құқығының негізін қалаушы идеялардың бірі - XVIII ғасырдағы француз ағарту ісінен бастау алады. Сол дәуірді елестетушілердің бірі ойшыл және жазушы Жан Жак Руссо мұраттарын дамыта отырып, ханшайым II Екатеринаға жазған хаттарында сот үкімінсіз ешкімді қылмыс жасауға кінәлі деп тануға және қылмыстық жазаға тартуға болмайды дейтін ережені ұстанатын заңның әділдігін көз жеткізе дәлелдеді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы осы идеяны қабыл алып, ол дүниеге келген уақыт пен орынға қарамастан, оны өз нормаларыңда орнықтырды.
4. Қылмыстық іс жүргізу құқығының құрамында "мәңгілік"институттар бар, оларды өзінің дамуына қарай жинақтай береді, ал белгілі бір уақытта өз рөлін орындаған қылмыстық іс жүргізу заңының өзгертілуі, толықтырылуы, жойылуы немесе жаңа заңмен алмастырылуы мүмкін.
1995 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы бүкіл салалық зандардың жаңартылуына, соның ішінде 1997 жылы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің қабылдануына объективті түрде себеп болды. Жаңа Кодексте бұрыннан белгілі және қылмыстық іс жүргізу құқығы егжей-тегжейлі талдап әзірлеген, басқа елдердің құқық қолдану практикасы ақтаған, Қазақстан шебінде құқық қолдану қызметінде өз өмір-шендігін дәлелдеген ережелердің орын алғаны табиғи нәрсе.
Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық іс жүргізу заңын өз бойына сіңіріп, ол қолданылатын шарттарды белгілейді. Құқық өз дамуында заңнан озық келеді. Құқық жалпы әлемдік игілік болып табылады, ал заңның колданылуы уақытпен және кеңістікпен шектеледі.
2. Қылмыстық іс жүргізу құқығының көздері
Құқық көздері, түрлі құқықтық актілер, құқық өз көрінісін табатын нысандар зерттелмейінше құқық рөлін түсіну мүмкін емес. Құқық көздерінің маңызды болатын тағы да бір себебі -олар құқықтың қоғамдық болмысын білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге белгілі бір дәрежеде құқық қалыптастыру функциясын атқарады. Құқықтың дамуы қандай заңдылықтарға бағынып, қандай факторлармен айқындалатын болса, құқық көздерінің дамуы да жалпы алғанда сондай заңдарға бағынады және сондай факторлармен айқындалады.
Қазақстан Республикасы өткеріп жатқан өтпелі кезеңге қатысты кез келген құқық саласы, соның ішінде қылмыстық іс жүргізу құқығы көздерінің жай-күйіне тән ерекшелік құқық мазмұнының құрылымы, жүйесі шегіндегі, демек құқық мазмұны шегіндегі олардың гетерогенді (әр текті) сипаты.
Құқық көздерінің гетерогендігі ұлттық құқық жүйесінің қалыптасуының процесі факторларға байланысты. Сондай факторлардың ең елеулілері мыналар:
-заңдардың өтпелі кезеңде қолданылуының ерекшеліктері;
-бұрын қолданылған құқық көздерінің жойылуы немесе құруы;
-жаңа құқық көздерінің қалыптасуы;
-бір бөліктерде ұлттық құқық қалыптасуы процесінің серпінділігі, жеделдігі; басқа бөліктерде -кешеуілдеу феноменінің ықпал етуі; соған байланысты сабақтас институттар мен категориялар шебінде қарама-қайшылықтардың пайда болуы;
-құқықта рецептуралық феноменнің байқалуы (яғни басқа елдердің құқықтарын алып пайдалану), соған байланысты ұлттық құқық үшін жеткілікті түрде елеулі факторларды теңдестіру қаупі пайда болады.
Құқық көздерінің жай-күйінің осы және басқа да ерекше белгілері бұрын танылған және кеңестік даму кезеңіндегі заң ғылымы теориялық тұрғыдан негіздеген жекелеген саралау категориялары мен өзге де категориялардан өтпелі кезенде бас тартуды қажет етеді. Алайда бұл кеңестік құқық жетістіктерін толық жоққа шығару деген сөз емес. Біз өтпелі кезендегі құқық көздерінің гетерогендігі көрінісін осыдан да байқап отырмыз.
Сонымен бірге ұлттық құқықтың пайда болуы мен қалыптасуы процесінің аяқталуы мен оның одан әрі дамытылуы құқық көздері жүйесінің сараптау элементтерін толық немесе ішінара жаңартуды қажет ететінін атап өту қажет.
"Қылмыстық іс жүргізу құқық көзі" деген ұғым мазмұнын жалпы алғанда құқық көзі деп нені түсіну керек екеніне байланысты қарау қажет.
Ғылымда мынадай баптар бар:
а) материалдық тұрғыдан алғанда құқық көзі - қоғам өмірінің материалдық жағдайлары;
ә) құқық көзі - мемлекеттік органдардың құқық нормаларын белгілеу жөніндегі қызметі, ал құқық актілері -құқықтың сыртқы нысандары;
б) формальды мағына мен заң мағынасындағы құқық көзі - мемлекеттік ерік-жігерді жалпыға бірдей жүріс-тұрыс ережелері түрінде білдіру әдісі.
Құқық көзінің мәнін салалық құқыққа (бұл жағдайда - қылмыстық іс жүргізу құқығына) қатысты түсіну үшін ең елеулісі - құқық көзін заң тұрғысынан алып қарайтын тұжырым.
Сонымен бірге қылмыстық іс жүргізу құқығының ғылыми түсінігі заң мағынасынан алғанда да өз мазмұны бойынша біртектес емес. Мәселен, А. Ф. Щербаков, М. С. Строгович, М. Л. Якуб, А. М. Ларин құқық көздерінің ғылыми, доктриналық түсініктемесінің мазмұнына мемлекеттік органдардың, нормативтік актілері, құқық ғұрыптары, сот прецеденттері кіреді деп санайды. Көздерге доктриналық түсініктемені, олардың құқықтық регламенттелуімен салыстыру олардың үйлеспейтінін дәлелдейді. ҚІЖК 1-бабына жасалған талдау қылмыстық процесс көздері тек нормативтік актілер ғана бола алады деп пайымдауға негіз береді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының доктриналық және құқықтық түсініктемелерінің арақатынасына мына ерекшеліктер тән:
1) ғылыми, доктриналық түсініктеме құқық, көздерінің тізбесіне объектілердің неғұрлым кең шеңберін қамтиды. Тікелей нормативтік көздермен қатар онда объектілер ретінде мыналар түсінілген:
а) мұсылмандық құқық доктринасында (Құран мен сунна), христиандық құқық доктринасында (Библия мен Қасиетті жазу) жазылған әдеттегі құқық;
ә) сот прецеденттері;
2) қылмыстық іс жүргізу құқығының көздері ҚІЖК 1-бабының құқықтық регламентінде ұлттық құқықты дамытудың қазіргі кезеңінің жағдайы мен ерекшеліктері толық дәрежеде қамтылған, көздердің толық тізбесі берілген, оған мыналар кіреді:
-Қазакстан Республикасының Конституциясы;
-конституциялық заңдар;
-Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі;
-Қазакстан Республикасы қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттар;
-Конституциялық, Кеңестің қылмыстық сот ісін жүргізу мәселелері жөніндегі нормативтік қаулылары;
-Жоғарғы Соттың қылмыстық сот ісін жүргізу мәселелері жөніндегі нормативтік қаулылары;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz