Бастауыш мектептің оқыту процесінде оқушыларға адамгершілік тәрбиесін беру
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І тарау. Оқушыларды адамгершілік тәрбиелеудің педагогикалық.психологиялық негіздері
1.1. Адамгершілікке тәрбиелеудің негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2. Қоғам мен тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу барысындағы этиканың рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3. Адамгершілік сананы қалыптастыру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
ІІ тарау. Практикалық бөлім
2.1.Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің әдіс.тәсілдері мен ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.2.Оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуы білім заңының қабылдануы болашақ ұрпақ тәрбиесіне жаңаша қарауды, оны қарастырудың тиімді жолдарын нақты айқындауды талап етеді. Еліміз егемендік алып, еркін даму жолына түскен жылдары қазақ халқының санасында. Әлем өркениетінің құлаш ұрған ғылым мен мәдениетті тұспалдаса дамып келе жатқан еліміздің асқақ мұратының бірі – ұрпақ тәрбиесі. Оқыту мен тәрбие жүйелерінде жаңаша бетбұрыс, әдіс-тәсілдер жинақтала бастады. «Адамгершілік белгісі – иіліп сәлем бергенге» деген сөзді халық бекер айтпаған.
1. Айтжанова З. Салауаттылық - өмір салты. Адамгершілікке тәрбиелеу. Бастауыш мектеп, 2004.
2. Әбдіжапарова Ж. Мектеп оқушыларына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Алматы: Рауан, 1998
3. Бала тәрбиесі. Мұғалімдерге арналған құрал. Іс тәжірибесі. Алматы: Мектеп, 1985.
4. Бастауыш класс мұғалімдерінің іс-тәжірибесінен. А., 1974 ж.
5. Бержанов К., Мусин С. Педагогика тарихы. А.,: Мектеп, 1971 ж.
6. Гоноболин Ф.Н. Психология. А.,: Мектеп, 1976 ж.
7. Дүйсембекова Ш.Д. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде педагогикалық жағдаяттар. Семей,
8. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2004.
9. Занков Л.В. Избранные педагогические труды. М.: Педагогика, 1990,
10. Елубаева С. Дидактикалық ойын – оқыту әдістерінің бірі. Бастауыш мектеп, 1998.
11. Кондрашов В.А. Этика. Ростов-на-Дону. 1999.
12. Кенжебаева Р. Педагогикалық зерттеулер. Алматы: ЖАҚ «Бастауыш мектеп», 2004.
13. Қарсыбаева Р. Адамгершілік қасиетті бала бойына дарыту. Алматы: Мектеп, 2001.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Жалпы
педагогика-психология және
өзін-өзі
тану кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: "Бастауыш мектептің оқыту процесінде
оқушыларға адамгершілік тәрбиесін беру"
Орындаған:
Кенжалы Н.Ж. 04201-топ
Ғылыми
жетекші: аға оқытушы магистр
Қ.Р. Қажымова
Орал 2014 жыл
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І тарау. Оқушыларды адамгершілік тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық
негіздері
1.1. Адамгершілікке тәрбиелеудің
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..9
1.2. Қоғам мен тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу барысындағы этиканың
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.3. Адамгершілік сананы қалыптастыру
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
ІІ тарау. Практикалық бөлім
2.1.Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері
мен
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..24
2.2.Оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған
эксперимент жұмысының мазмұны мен
нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..34
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
Кіріспе
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуы білім заңының қабылдануы болашақ
ұрпақ тәрбиесіне жаңаша қарауды, оны қарастырудың тиімді жолдарын нақты
айқындауды талап етеді. Еліміз егемендік алып, еркін даму жолына түскен
жылдары қазақ халқының санасында. Әлем өркениетінің құлаш ұрған ғылым мен
мәдениетті тұспалдаса дамып келе жатқан еліміздің асқақ мұратының бірі –
ұрпақ тәрбиесі. Оқыту мен тәрбие жүйелерінде жаңаша бетбұрыс, әдіс-тәсілдер
жинақтала бастады. Адамгершілік белгісі – иіліп сәлем бергенге деген
сөзді халық бекер айтпаған.
Адамгершілігі аса жоғары кісіні халық иманды деп құрметтейді,
адамгершілік тәрбиені бұзған адамды имансыз деп түңіледі. Имансыз қылық
жасағандар, яғни адамгершілік міндетке жеңіл-желпі қарап, оны бұзғандар әрі
кінәлі, әрі күнәлі болып, ерте ме, кеш пе әйтеуір жазасын тартатын болады.
Адамгершілігі ар ұяты бар адамның бет бейнесі, иманжүзділігі жарқын, биязы,
өзі парасатты келеді.
Осындай аса жауапты міндеттердің баянды болуы жас республикамыздың
ертеңгі қажеттілігі елін, жерін сүйетін отаншыл, адамгершілігі мол,
иманжүзді, білімді, ата-баба әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін бойына сіңірген,
оны қастерлей білетін адамзат өсіруді ұстану басты тәрбие құралымыз.
Зерттеудің өзектілігі: Бала тәрбиелеу оның дүниеге келген сәтінен
басталады. Бірақ әлеуметтік тәжірибені саналы түрде меңгеру кешірек
қалыптасады. Дұрыс ұйымдастырылған тәрбие тәрбиеленушінің тәрбие барысында
қалыптасуға тиіс мінез-құлық ережелерін игеруіне ықпал етеді. Бала белгілі
бір қасиеттің мәнін түсінбейінше, оны баланың бойында тәрбиелеу мүмкін
емес. Жеке тұлғаның қасиеттерінің мәнін түсіне келе баланың жас
ерекшеліктеріне қарай өзіндік көзқарастары, түсініктері, сенімдері, мұрат-
мақсаттары қалыптасады. Бұл міндеттерді шешу үшін Жеке тұлғаның
адамгершілік санасын қалыптастыру әдістерідеген әдістер қолданылады.
Бұл топтағы әдістердің сезімдерді, көңіл-күй эмоциясын қалыптастыруда
маңызы зор. Егер оқушылар педагогикалық әсерге жауап бермесе, жеке тұлғалық
қасиеттерді қалыптастыру жүзеге аспайды. Оқушылардың тәрбие мазмұнына
сай іс-әрекетке белсенді түрде араласуқажеттілігіболған жағдайда ғана алға
қойылған мақсат орындалады. Осылайша, жеке тұлғаның санасын қалыптастыру
әдістері оқушыларды алған білімдерін күнделікті тәжірибеде белсенді
қолдануға, яғни мінез-құлық әдеттерін қалыптастыруға дайындайды.
Зерттеудің проблемасы: Қарастырылып отырған мәселенің
көкейкестілігі, қоғамдағы гуманистік адамгершілік құндылықтардың
құлдырауына байланысты болып отыр. Бірақ осымен күресу үшін тек бір ғана
әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық реформалардың жеткіліксіз
екендігі белгілі. Экономикалық, саяси және әлеуметтік үдерістерді моральдық
жағынан асқақтататын жаңа бір көзқарасты қалыптастыру керек. Бүгінгі таңда
ғасырлар қойнауында қалыптасқан, ұлттық бейненің озық, өнегелі дәстүрлерін
жас жеткіншектердің бойында адамгершілік асыл қасиеттерді қалыптастыру
қоғамымызда аса маңызды міндеттердің біріне айналғаны даусыз.
К.Д.Ушинскийдің Тәрбие халықтық ілтипатқа ие болған жағдайда ғана өз
мақсатына жетеді деген идеясын дамыта түссек, ұлттық тәлім – тәрбиенің
іргетасын дұрыс қалаған болар едік.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік
сезімін оятып, жан-жақты саналы азамат ретінде қалыптастыру. Бүгінгі таңда

Зерттеудің міндеттері: 1)Ұлылар мен ғалымдардың ой пікірлері мен
тұжырымдамаларын жинақтау. 2) Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудің әдіс-
тәсілдері мен бағыттарын ерекшелеп алу. Адамгершілік тәрбиесінің түрлеріне
тоқталу. 3) Сананы қалыптастыру әдістеріне анықтама беріп, этикалық әңгіме
түріне тоқталу.
Зерттеу нысаны: бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік
тәрбиесі.
Зерттеу пәні: Адамгершілік тәрбиесінің әдістері.
Зерттеу әдістері: педегогикалық, психологиялық, этно-
педагогикалық, тарихи - этнографиялық, фольклорлық, бастауыш
әдістемелік, әдеби, әлеуметтік әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық
талдау жасау; бастауыш педагогикасы мен әдістемесі, педагогикалық
тәжірибелерді жинақтап қорыту.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Егер оқушылардың назарын адамдар өміріндегі теріс қимылдарға аударып,
соларды талқылап, дұрыс қорытынды шығаруға бағыттау қажет. Уақытында және
орынды келтірілген мысалдар тәрбиеленушінің теріс қылықтардан аулақ болуына
көмектеседі. Әрине, тәрбиешінің өз өнегесін, тәрбиеленушілерге қатынасын,
іскерлік қасиеттерін, жеке басының қадірін мысал етуі тәрбиенің дұрыс
жүргізілуіне әсерін тигізеді.Онда тәрбиеші өз тұлғасымен, қадір -
қасиетімен жүйелі және бірізді әрекет жасаса, өзін мысал етудің оңды әсері
ұлғая түседі. Мұндай əдістер түрі: əдептілік əңгімелері, түсіндіру,
ұғындыру, əдептілік сұхбаттары, үгіттеу, сендіру, көрсетпе нұсқау, үлгі
тəрбие əдістерінің тиімділігі олардың қалай қолданылуына, педагог таңдаған
гуманистік бағытқа тəуелді
Зерттеу көздері: Этнопедагогикалық еңбектер; туралы жазылған
ғылыми – зерттеу еңбектері мен мерзімді басылым материалдары; Батыс
Қазақстан облыстық ғылыми - әмбебап кітапханасы қорындағы тәрбие саласына
қатысты әдебиеттер.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, теориялық
және практикалық бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
1.1 Адамгершілікке тәрбиелеудің негіздері
Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңбекке, білімге,
Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы
адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға ғана емес, адамгершілік
құндылықтарға негізделеді.
Адам ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.
Мәдениеті жоғары адам айналасындағылармен қарапайым-қарым қатынаста
болады.
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың адамгершілік ұғымы, принциптері,
мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдендіреді. Оқушылар оларды
оқып үйреніп оқу, тәрбие, еңбек процестерінде іске асырғанда адамгершілік
олардың сеніміне айналады.
Адамгершілік қатынастар-моральдық нормалармен өлшенеді.
Моральдың негізгі міндеті – адамның мінез құлқын тәрбиелеу, осы арқылы
олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам
арасындағы қатынасты реттеу.
Адамгершілік тәрбесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-
құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселесі Әл-Фараби, Ыбырай, Абай,
т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.
Әл – Фараби Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы
керек. Ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шаппай,
кез – келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат-мүдделері жөнінде достарымен
ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар – ожданы
таза болады деген.
Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер
қалдырды.
Оның бірінші қоятын талабы – мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы
мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз,
сұрамсақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен
әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай
қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады. Абайдың
қоятын екінші талабы – тұрақтылық. Қылым дегенін қыларлық, тұрам дегеніне
тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты
бар болсын дейді.
Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті – дүниені белсене
құрушы адамның бірі болып, халқы, Отан үшін қызмет істеуі.
Ақын мейірімділік қасиетке ерекше мән береді (төртінші қара сөзі).
Қазақ халқы – мәдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар,
сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие, әдіс – тәсілдері бар халық.
Қазақ топырағында туып, білім алған, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған
ұлы тұлғалар: Әбу-Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари,
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров,
М.Сералин, М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Көбеев, Б.Момышұлы, М:Ғабдулин, т.б.
ойшыл ғалымдар мен ақындар ғылымының әр саласы мен әдебиеттің, мәдениеттің
дамуына игі ықпал жасады.
Тәлім-тәрбие берудің басты саласының бірі – ұлтжандылық, халқы үшін
адал қызмет ету. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең
сезінген ежелгі қазақ ақын – жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы
тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын пида
етуге, жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлді. Мысалы, 17-
18 ғасырда өмір сүрген жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткерлері
Ақтамберді Сарыұлы:
Жауға шаптым ту байлап,
Шепті бұздым айғайлап,
Дұшпаннан көрген қорлықтан
Жанды жүрек қан қайнап.
Ел-жұртты қорғайлап
Өлімге жүрміз бас байлап, -
деп елінің бас бостандығы үшін жаумен жан аямай, кескілесе күресуге
шақырады.
Профессор М.Ғабдуллин өзінің Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес
еңбегінде Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың
өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені хақ. Мұндағы тәрбиелік
мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек
ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта
мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды тәрбиелеуде
әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстінен нұр
болар еді дейді.
Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой-
пікірлерін оқу-тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, оқушы-жастарды
ұлтжандылыққа тәрбиелеу-әрбір тәрбиеші ұстаздың басты парызы.
Әскери ұлтжандылық тақырыптарына ой толғаған жауынгер жазушы,
тәлімгер педагог Б.Момышұлы жас жауынгерлерді ерлік, ұлтжандылық, Отанын,
елін, жерін сүю, ұлттар достығына тәрбиелеу қажеттілігін өз шығармаларының
арқауы етті. Ол ұлттық дәстүрді, елжандылықты жастардың қанына сіңіруде
мақал-мәтелдердің, батырлар жырларының, терме-толғаулардың мәніне
тоқталады.
Жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге қажетті негізгі адамгершілк қасиет,
С.Көбеев жастарды елжандылыққа тәрбиелеуде география, жаратылыстану, тарих
пәндерінің маңызын атай келіп, оқушыларды елжандылық пен ерлікке
тәрбиелеуде алуан түрлі қоғамдық істерді пайдалану керектігін, әсіресе,
өлкетану мұражайларына және мәдени-әдеби мұраларды да тиімді пайдалану
керек дейді.
Еліміз егемендік алып, мемлекет ретінде қалыптасты. Экономикадағы,
саяси-әлеуметтік, ғылым салаларындағы жетістігіміз мақтануға тұрарлық. Осы
жетістіктер аясында жас ұрпақты Отанға деген сүюге, ол үшін аянбай қызмет
етуге тәрбиелеу - әр педагогтың басты міндеттерінің бірі.
1.2. Қоғам мен тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу барысындағы этиканың рөлі
Қоғамдық өмірдегі адамгершілік құндылықтарының орны мен рөлі
туралы мәселе ХХI ғасырда басты орынға шыға бастады. Өйткені осы кезеңде
техникалық прогрестің ең ұлы жетістіктері адамның өміріне қаупін төндіріп
тұрғандықтан қоғамдағы мәдениет осыған сәйкес дамуы керек деген пікірлер
пайда болды.
Осы жағдай қазіргі уақытта қоғамдық өмірдің барлық cалаларында жаңа
ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану мен енгізу жағдайында одан
сайын күрделене түсуде. Осыған сәйкес, қазіргі заманымыздың кейпі, адамзат
қарым қатынасының сипаты мен тәсілдері, өндірістік қатынастардың сипаты,
тарихи процестің барысы да күрделі өзгеріске ұшырауда.
XXI ғасырдағы ойшылдар көбінесе адамға, адамның өміріне, оның
игілігіне, еркіндігіне, қабілеттерінің дамуына, оның шығармашылық
күштерінің жүзеге асырылуына, адамның сауатсыздықтан арылуына назар аудара
бастады. Осындай мақсаттарға қол жеткізу үшін ғылыми зерттеулер, шындық
әлемді эмоционалдық-көркемдік тұрғыдан игеру және білім беру қызметі бар
күштерін салуда.
Казіргі замандағы туындап жатқан мәселер көбінесе – қоғамдағы
гуманистік адамгершілік құндылықтардың құлдырауына байланысты болып отыр.
Бірақ осымен күресу үшін тек бір ғана әлеуметтік-экономикалық және саяси-
құқықтық реформалардың жеткіліксіз екендігі белгілі. Экономикалық, саяси
және әлеуметтік үдерістерді моральдық жағынан асқақтататын жаңа бір
көзқарасты қалыптастыру керек. Өйткені кез келген әлеуметтік өзгерістер
адам мен қоғамды жетілдіруге және рухани-адамгершілік тұрғыдан жандандыруға
қызмет еткенде ғана прогресивтік мағынаға ие болады. Сондықтан да шындыққа
қатысты моральға тән сыни бағамдау мен шындықты қанағат тұтпау және оны
идеалды тұрғыдан бағалау әлеуметтік тәжірибеге гуманистік мақсаттардың
сәйкестігінің қажетті алғышарты болып табылады. Қазіргі заман
адамының моральдың - адамгершілік түсінігін арттыру өзекті мәселеге
айналуда. Өркениеттің зор ауқымды жетістіктерінің алдында адам өзінің
әлсіздігін, түкке тұрғысыздығын сезініп, сенімі жоғалып бара жатыр.
Сондықтан адамгершілік пен өнегелілік қасиеттерді жандандыру мен
адамды рухани тұрғыдан жетілдіру - ол прогрессивтік және әлеуметтік
өзгерістердің мақсаты мен тәсілі болады.
Әрбір адамды адамгершілік қасиеттерге үйрету керек. Өзінің табиғаты
жағынан адамгершілік қасиеттері бір жағынан қарапайым әрі түсінікті сияқты.
Бұл, ең алдымен, өмірдің өзіне, өмірдің қуаныштары мен қайғысына, бақыты
мен бақытсыздығына құрметпен және қайырымдылық қатынаста болу дегенді
білдіреді. Бұл дегеніміз өмірге мағына мен мән беретін, яғни адамгершілік
құндылықтары адамның өзінің жақындары үшін қамқорлық танытуынан, отаны мен
бүкіл адамзатқа деген зор махаббатынан, табиғатты аялап, мәдениеттің
жетістіктерін бағалай білу қасиеттерінен көрініс береді. Бұл еркіндікті
және тәуелсіздікті, парыз бен жауапкершілікті, қайырымдылық пен
адамгершілікті, жомарттық пен адалдықты, ар намыс пен риясыздықты, достық
пен махаббатты білдіреді. Бірақ та көп жағдайларда осындай адамгершілік
қасиеттері жалған болып шығып, яғни кейбір адамдар осы таза қасиетті
өздерінің пайдасына пайдаланып өзінің зұлымдық іс әрекеттерін жүзеге
асыруына қатысты осы мәселенің төңірегінде көптеген пікірталастар
туындауда. Сондықтан да саналы адамдардың адамгершілік құндылықтарының
шынайы мәнін түсіне білуге ұмтылысы, тек сезімдеріне ғана сүйенбей, сонымен
қатар тұрақты өмірлік мақсаттарға қол жеткізу арқылы өмірлік жағдайларға
бағытталған ұмтылыстары түсінікті. Мифтер, аңыздар мен ертегілердегі
сияқты халық шығармашылығының ертедегі формаларынан адамның қайрымдылық пен
зұлымдығы туралы, оның тағдыры, өмірінің мәні мен мағынасы туралы
түсініктерін байқауға болады. Осы жолда адамзаттың рухани
ізденісіне өнегелі тәжірибелерімен байытылған өнер мен діннің қосқан үлесі
өте зор. Бірақ философиялық ілім ретіндегі этикада ғана адамгершілік
қасиеттердің әлемі мен жалпы мораль арнайы пәнге айналды.
Этика- өзінің ұзақ уақыт тарихи жолында қоғам мен тұлғаны адамгершілік
мәдениетке тәрбиелеу үшін жалпы мазмұны бай материалды жинақтай білді.
Сондықтан да этиканы оқу әрбір адамға қажет, өйткені этикалық білім ,ең
алдымен,адамның арнайы кәсіби білімін мен іскерлігін қалыптастырмайды, ол
оны тұлға ретінде қалыптастырады. Этиканы оқу барысында тұлға мораль
мәселесіне барынша назар аударады, ол тұлғаны жоғарғы рухани құндылықтарға
бағытталуына дем беріп, адамның адамгершілік мәдениетін жоғарылатуға
мүмкіндік береді. Этика адамның моральды сана сезімін дамытуға, өзін-өзі
жетілдіру үшін оның жеке жауапкершілік сезімін оятуға көмектеседі. Тарихи
этикалық тәжірибені зерттеу арқылы адам мен қоғамның өнегелі дамуының
тарихи үдерісін зерттей келе, қазіргі заманғы этика адамды басқа нәрсеге
үйретеді, яғни адамгершілік мәселелеріне ақыл оймен және саналы түрде
қарауға үйретеді. Этикалық білім тұлғаның моральдық санасын ауыстырмайды,
оны ол ауыстыра алмайды да, ол оны қалыптастырудың рационалды негізі
болмақ, яғни өмірде пайда болған адамгершілік сезімдерін, көңіл күйлерін,
интуициялары мен түсініктерін тұрақты моральдық-құндылықты ережелерге
айналдыру үшін рационалды негіз болып саналады. Сонымен, этика әр уақытта
адамдардың өмірлік маңызды және құндылықты мәселелерін теориялық тұрғыдан
түсіндіруге ұмтылды.
Қазіргі таңда өмірдегі құндылықтардың мәнін ашуға, адамгершілікке
тәрбиелеуге әдебиет, дін мен өнер сияқты салалар ат салысуда.
Бірақ шындықты рухани тұрғыдан игеруде осы тәсілдің мазмұнын ашуда жоғарғы
жетістіктерге жеткен-философия. Философиялық-этикалық дүниетаным өзінің
бүкіл тарихи дамуында зор материалдар жинақтаған болатын, яғни моральдың
мәнін ғылыми тұрғыдан зерттеуде үлкен жетістіктерге жетті. Сонымен қатар
этика өзінің барлық мазмұнымен моральдың өзін байыту мен дамытуға және
этикалық ағартушылық арқылы, этиканы оқу арқылы моральдық құндылықтарды
күнделікті өмірге енгізу және оны негіздеуге белсенді ат салысты.
Адамгершілік мәселесін зерттеп, моральдың ерекшеліктерін аша отырып, этика
рухани мәдениеттің барлық сфераларын гуманистік мазмұнмен байытады, осының
негізінде ХХ ғасырдың ұлы ойшылы А.Швейцер Мәдениет дегеніміз этика -
деп қорытынды жасайды. [2]
Сонымен, XXI ғасырдағы тапшылығы – адамгершілік тапшылығы,
рухтандырушылық және өзара түсінушілік тапшылығы. Мұндай жағдайдың орын алу
себебі, өмірдің бір саласында туындаған мәселе сөзсіз басқа салаларда
туындайды, яғни осының салдарынан туындаған қиындықтыр мен қарама-
қайшылықтар көкейкесті мәселе болып отыр. Бүгінгі таңда адамгершілік пен
өнегелік қасиеттерін жандандыру мен адамды рухани тұрғыдан жетілдіру
қажеттілігі туралы айтылуда. Қазіргі кезеңде айрықша күрделі мәселенің бірі
адамның моральдық түсінігін арттыру. Ал адамның моральдық кейпін
қалыптастыратын этика.
1.3. Адамгершілік сананы қалыптастыру əдістері
Тəрбие процесінің жалпы құрылымынан байқағанымыздай, дұрыс ұйымдас-
тырылған тəрбиенің бірінші сатысы - оқушылардың өздерінде қалыптасуы қажет
əрекет-қылық нормалары мен ережелерін білу (түсіну). Ең алдымен қандай да
сапаны туындатып,орнықтыру үшін, сол сапаның мəн-мағынасын жете түсініп алу
міндетті. Адамның көзқарастарын, ұғымдарын, наным сенімдерін кемелдендіруге
бағытталған əдістер тұлға санасын қалыптастыру əдістері атамасын алған. Бұл
топ əдістері екінші кезеңде іске қосылатын – сезім, көңіл-күй толғаныстарын
қалыптастыруда аса қажет. Егер оқушы педагогикалық ықпалға бейтараптылық
пен немқұрайлылық танытатын болса, тəрбие процесі шабандайды, мақсатқа жете
алмайды. Егер оқушы қабылдаған идеясын өзін толғантқан жарқын бейнеге
айналдыра алса ғана, оның бойында ізгі де жарқын сезімдер туады. Өткен
жылдар оқулықтарында бұл əдістер тобы сендіру əдістері деп аталған, себебі
олардың міндеті тұрақ -ты наным-сенімдер қалыптастыру болған. Оқушы əрекет-
қылығына дем беретін оның білімі мен білігі емес, ең алдымен ол көзделген
адами сапаның қоғамдық қажеттігі мен өзіне пайдалылығын танып, оны өз
нанымы негізінде əрекет-қылыққа айналдыруы, ал бұл сана қалыптасуымен бірге
жүретін психикалық құбылыс. Тəрбие мазмұнымен белгіленген іс-əрекетке бала
белсенді араласуға дайын болған жағдайда ғана қолданылатын əдіс өз
нəтижесін береді.Наным-сенімге оқушыны əрқилы əдістермен жеткізу мүмкін.
Өткен ғасыр басындағы мектептерде бұл үшін тағылым-тарихи
өсиеттер, хадистер мен мысалдар кең қолданылған. Ал қорытынды шығару
баланың өз еркіне берілді. Өкініштісі, бүгінде біз мұндай аса құнды
əдістерді пайдаланудан мүлде қалғанбыз, олардың орнына тура, қарабайыр,
ойға жете- лемейтін уағыздау əдісіне көшкенбіз. Құрғақ уағыз айтып, шексіз
бір жақсы көрсетпе-нұсқау беруден түскен өнім шамалы. Сондықтан, ұмыт
болған əдістерді жаңғыртып, мұғалімдер өз сабақтарында ислам хадистерін,
ақын-жыраулар тағылымдарын, шешен билердің ұлағатты кеңестерін, ғұлама
Абайдың Қара сөздерін жəне т.б. тағылым-тəрбие көздерін молынша
пайдалануда. Әрбір әдістің өзіндік сипаты және қолдау аумағы болады.
Педагогтың деңгейі жоғары болған жағдайда ғана бұл топтағы әдістер жүйелі
әрі басқалармен бірлескен түрде қолданылады. Мазмұны мен қолданылуына қарай
анағұрлым қиын, сөздік - эмоционалдық әсер етуші әдістері мынадай:
әңгімелеу, түсіндіру, этикалық кеңес, диспут, және көрнекі тәжірибелік әсер
ету әдісі, өнеге – өрнек келтіру.
Этикалық тақырыптағы əңгіме – инабаттық мазмұнға негізделген
деректер мен оқиғалардың үлкен көңіл көтеріңкілігімен əсерлі баяндау əдісі.
Сезімге ықпал ете отырып, əңгіме моральдық бағамдар мен əрекет-қылық
нормаларының мəнін түсініп, ұғуға жəрдемдеседі.Ол адамгершілік ұғым,
түсініктерінің мазмұнын ашып қоймастан, оқушылардың инабаттылық талаптарына
сəйкес болымды тұлғалық əрекеттеріне деген ұнамды қатынас өрбітіп, мінез-
құлықтың оңды өзгерісіне ықпал жасайды. Әдептілік əңгімелері бірнеше қызмет
жасайды: 1) білім көзі; 2) тұлғаның адамгершілік сапаларын басқалар дың
имандылық қасиеттерімен толықтырады; 3) тəрбиелік ұнамды үлгі-өнегені өрнек
ретінде ұсынады. Бастауыш сыныптарда пайдаланылатын этика тақырыбындғы
әңгіме – бұл адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың
эмоционалды, айқын көрінісі. Сезімге әсер ету әңгімелері тәрбиеленушілерді
моралды жәйттерді бағалауға, олардың мәнін түсінуге көмектеседі. Этика
тақырыбындағы әңгіме бірнеше қызмет орындайды: баланың білім деңгейін
көтеру,басқа адамдардың тәжірибесін баланың тұлғалық, адамгершілік
тәжірибесін байытуға бағыттау.
Этикалық әңгімені өткізудің жағдайлары:
1. Әңгіме оқушының әлеуметтік деңгейіне сай келуі керек.
2. Әңгіме көрсетпе - көрнекі құралдармен бірге жүрілуі қажет.
3. Қоршаған ортаның эмоциялы әсері әңгіменің мәні мен мазмұнына сай болуы
керек.
4. Әңгіме кәсіптік деңгейде өткенде ғана тартымды болады.
5. Әңгіме тыңдаушыларды толғандыруы міндетті.
Түсіндіру - тәрбиеленушіге эмоционалды - сөзді әсер ету әдісі.
Түсіндірудің әңгімелеуден айырмашылығы - берілген топқа немесе нысаналы
әсер етуде.Бұл әдісті қолдануда педагог ұжым мүшелерінің тұлғалық сапасына,
сыныптың білім ерекшеліктеріне сүйенеді.Бастауыш сынып оқушылары үшін
түсіндірудің қарапайым тәсілдері мен құралдары қолданылады: Былай істеу
керек , Барлығы осылай істейді т.с.с. Бұл әдіс мынадай жағдайларда
қолданылады: а) қылық формасы немесе жаңа моралдық сапаны қалыптастыру және
бекіту үшін; б) болған іске тәрбиеленушінің дұрыс қатынасын онықтыру үшін.
Мектеп тәжірибесінде түсіндіру адам психикасына еніп, іс -
әрекеттің себептерін тудыратын және тұлғаға жалпы әсер ететінін сендіруге
сүйенеді. Сендіру тәрбиеленушіге белгілі бір шешім қабылдату жағдайында
пайдаланылады. Сендіру басқа тәрбие әдістерінің әсерін күшейту үшін
қолданылады.
Этикалы сұхбат тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің пікір алысуға
екі жақты кірісуін керек ететін жүйелі және бірізді әдіс түрі.Сұхбаттың
(беседа) әңгімеден айырмашылығы – сөйлеушіні тыңдап, оның ойын ескере
отырып, онымен қарым - қатынас жасау жолдарын құру. Мұндай әңгіме моралды,
этикалы, тәрбиелі мәні бар тақырыптардан тұрады. Этикалы сұхбат мақсаты –
адамгершілік түсініктерін тереңдету және бекіту, білімді жалпылау және
нақтылап орнықтыру, адамгершілік көзқарастары мен нанымдар жүйесін
қалыптастыру.
Этикалы сұхбатқа нақты деректер, оқиғалар, сыныптағылардың
қылықтары себепші болады. Мұндай сұхбаттасу оқиға ізінше немесе
кейінірек, балалар өз қылықтарының жақсы не жаман екенін ойластырып
түсінген соң өткізіледі.
Этикалы сұхбаттасудың нәтижелілігі бірнеші маңызды шарттарға
байланысты :
1. Сұхбаттасудың проблемалы болғаны маңызды.Тәрбиеші шәкірттерін
үйреншікті емес сұрақтар қоюға ынталандырады, сол сұраққа жауапты
оқушылардың өздерінің табуына көмектеседі.
2. Этикалы сұхбаттар алдын - ала дайындалған, жауаптарын айтып қойған даяр
сценарий бойынша өтпеуі тиіс. Оқушыларға өз ойларын баяндауға мүмкіндік
беру қажет, оларды басқалар ойларын сйылауға, оған дұрыс көзқарас нышанымен
қарауға үйрету керек.
3. Сұхбатты дәріс баянға айналдыруға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz