Кафедраның тәрбие жұмысына бағытталған мобильді қосымшаның сервері


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР КАФЕДРАСЫ

«Кафедраның тәрбие жұмысына бағытталған мобильді қосымшаның сервері» тақырыбына жазылған

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған

(қолы)

Бекболатов Е. А.
Орындаған:

Ғылыми жетекші,

PhD доктор

(қолы):

(қолы)

Бекболатов Е. А.: Кумалаков Б. А.
Орындаған: Норма бақылаушы
(қолы):

(қолы)

Бекболатов Е. А.: Кумалаков Б. А.
Орындаған:

Қорғауға жіберілді:

Кафедра меңг. қ. а, PhD доктор

(қолы):

(қолы)

Бекболатов Е. А.: Есенгалиева Ж. С.

Алматы 2015

Реферат

Дипломдық жұмыс 84 беттен, 20 суреттен, 3 кестеден, 26 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және 2 қосымшадан тұрады.

Кілт сөздер : МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША СЕРВЕРІ, МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША, PUSH-ТЕХНОЛОГИЯ, GOOGLE CLOUD MESSAGING, КАФЕДРАНЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ, ХАБАРЛАМА ЖІБЕРУ ЖҮЙЕСІ.

Зерттеу объектісі : Кафедраның тәрбие жұмысы.

Жұмыс мақсаты : Кафедраның тәрбие жұмысын жүргізу барысында студенттермен және оқытушылармен тұрақты байланысты қамтамасыз етуге бағытталған, олардың мобильді құрылғыларына хабарлама жіберу үшін пайдаланылатын мобильді қосымша серверін құру.

Жасалған жұмыстар : Соңғы жылдары push-технология және ол технологияны мобильді құрылғылар үшін пайдалану дамып келеді. Мобильді құрылғылар адамдар арасында көп пайдаланылатындықтан қолданушыларға қажетті ақпаратты жеткізудің ең тиімді әрі тез жолдарының бірі олардың мобильді құрылғыларына хабарлама жіберу болып табылады. Дипломдық жұмыста push-технологияны кафедраның тәрбие жұмысын жүргізу барысында студенттер мен оқытушыларға хабарламалар жіберу үшін пайдалану қарастырылды. Кафедраның тәрбие жұмысын жан-жақты зерттеп, мақсаттар мен талаптарды анықтау арқылы студенттер мен оқытушылардың мобильді құрылғыларына хабарлама жіберуге мүмкіндік беретін мобильді қосымша сервері құрылды.

Жасалған жұмыс нәтижелері : Мобильді қосымша сервері Google Cloud Messaging GCM) қызметімен бірге жұмыс істеу арқылы Android операциялық жүйесі орнатылған мобильді құрылғыдағы арнайы мобильді қосымшаға мәтіндік хабарлама жібере алады. Хабарламаны жіберу барысында қолданушыларды топтарға бөлу, барлық қолданушыларға бір мезгілде және әрбір қолданушыға жекелей хабарламалар жіберу мүмкіндіктері жүзеге асырылды.

Қолдану аясы : Дипломдық жұмыстың тақырыбына байланысты хабарламалар жіберу жүйесі тек кафедра аумағында жұмыс істейді. Хабарламалар жіберу жүйесінің жұмыс істеу аумағы негізінен мобильді қосымша серверінің мәліметтер қорының көлеміне және қолданушылар туралы сақталған мәліметтерге байланысты. Сонымен бірге бұл жүйені кез келген ұйымға ондағы қызметкерлерге хабарламалар жіберу үшін қолданысқа енгізуге болады.

Зерттеу объектісі бойынша келешекке жасалатын жұмыстарға болжам: Хабарламалар жіберу жүйесі қазір Android операциялық жүйесі орнатылған мобильді құрылғылармен жұмыс істейді. Бұл жүйені басқа платформаларда жұмыс істейтін мобильді құрылғылармен байланыстыру үшін кроссплатформалық әмбебап мобильді қосымша серверін құру жоспарлануда.


Реферат

Дипломная работа состоит из 84 страниц, 20 рисунков, 3 таблиц, 26 источников и 2 приложений.

Ключевые слова : СЕРВЕР МОБИЛЬНОГО ПРИЛОЖЕНИЯ, МОБИЛЬНОЕ ПРИЛОЖЕНИЕ, PUSH-ТЕХНОЛОГИЯ, GOOGLE CLOUD MESSAGING, ВОСПИТАТЕЛЬНАЯ РАБОТА КАФЕДРЫ, СИСТЕМА ОТПРАВКИ УВЕДОМЛЕНИЙ.

Объект исследования : Воспитательная работа кафедры.

Цель работы : Разработать сервер мобильного приложения, обеспечивающий постоянную связь со студентами и преподавателями, использующийся для отправки уведомлений на их мобильные устройства при проведении воспитательной работы кафедры.

Сделанные работы : В связи с активным развитием push-технологий в последние годы и его использованием в мобильных устройствах, одним из эффективных и быстрых способов обеспечения пользователей необходимой информацией является отправка уведомлений на их мобильные устройства. В дипломной работе рассмотрено использование push-технологии для отправки уведомлений студентам и преподавателям при проведении воспитательной работы кафедры. Глубоко исследовав воспитательную работу кафедры, определив цели и требования был разработан сервер мобильного приложения, позволяющий отправлять уведомления на мобильные устройства.

Результаты: Работая совместно с сервисом Google Cloud Messaging (GCM), сервер мобильного приложения может отправлять текстовое сообщение на специальное мобильное приложение, установленное на мобильное устройство, который работает под управлением операционной системы Android. При отправке сообщений реализована возможность разделения получателей на группы, отправлять сообщение всем пользователям одновременно и отправлять сообщение каждому пользователю индивидуально.

Область применения: Согласно теме дипломной работы, система отправки уведомлений разработан для работы только в пределах кафедры. Область использования системы отправки уведомлений зависит от объема базы данных сервера мобильного приложения и сохраненных в нем данных пользователей. А также можно внедрить эту систему в любую организацию для отправки уведомлений сотрудникам организации.

Дальнейшее развитие исследований: Система отправки уведомлений в настоящее время работает с мобильными устройствами, работающими под управлением операционной системы Android. Планируется разработка кроссплатформенного универсального сервера для работы с мобильными устройствами работающих на разных платформах.

Abstract

Diploma work consists of 84 pages, 20 illustrations, 3 tables, 26 references and 2 appendixes.

Keywords: SERVER OF MOBILE APPLICATION, MOBILE APPLICATION, PUSH-TECHNOLOGY, GOOGLE CLOUD MESSAGING, EDUCATIONAL WORK OF THE DEPARTMENT, SYSTEM OF SENDING NOTIFICATIONS.

Research object: Educational work of the department.

Purpose of work: To develop a mobile application server, which will be directed at ensuring constant communication with students and teachers, will be used to send notifications on their mobile devices during the educational work of the department.

The done work : Push-technology and its use for mobile devices is actively developing in recent years. As mobile devices are widely used, one of the most effective and fastest ways to provide the users with necessary informationr is sending a notification on their mobile devices. The using of push-technology for sending notifications to students and teachers during the educational work of the department examined in this diploma work. The educational work of the department was deeply investigated, goals and requirements was set and mobile application server that allows you to send notifications to mobile devices of students and teachers was developed.

Results: Working in conjunction with the service Google Cloud Messaging (GCM), a mobile application server can send a text message to a special mobile application installed on a mobile device that is running an operating system Android. The ability to divide the recipients into groups, to send a message to all users at the same time and to send a message to each user individually was implemented during the sending messages.

Scope of use: According to the topic of the diploma work, the system will work only within the department. The scope of use of the notifications system depends on the database of the mobile application’s server and users’ data stored. And you can implement this system in any organization to notify employees of the organization.

Further development of research: Notification system is currently working with mobile devices running the operating system Android. To develop cross-platform universal server to work with mobile devices on different platforms is being planned.

Мазмұны

КІРІСПЕ6

1 КАФЕДРАНЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫ АВТОМАТТАНДЫРУ8

1. 1 Кафедраның тәрбие жұмысының мәні мен маңызы8

1. 2 Мобильді құрылғылар үшін push-технология ұғымының сипаттамасы9

1. 3 Google Inc. корпорациясының push-технологиясы11

1. 4 Есеп қойылымы15

2 МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША СЕРВЕРІН ҚҰРУ ЕСЕБІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ18

2. 1 Серверге қойылатын талаптар18

2. 2 Есеп шешімін UML тілінде модельдеу19

2. 3 Сервердің мәліметтер қорын жобалау26

3 МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША СЕРВЕРІН ҚҰРУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ31

3. 1 Сервердің жұмыс істеу схемасы және жалпы архитектурасы31

3. 2 Сервердің бизнес-логикасы36

3. 3 Сервердің веб-интерфейсі43

3. 4 Сервердің мәліметтер қоры52

3. 5 Сервердің Google Cloud Messaging қызметімен және мобильді қосымшамен әрекеттесуі55

3. 6 Сервердің жұмыс істеу барысындағы қауіпсіздік негіздері63

ҚОРЫТЫНДЫ69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ70

Қосымша A72

Қосымша B81


КІРІСПЕ

Соңғы кездері бүкіләлемдік ғаламтор желісінің адам өміріндегі рөлі артып келеді. Ғаламтордың көп пайдаланылуы соңғы жылдары дамып кеткен тасымалы құрылғылар мен сымсыз желілік технологиялар есебінен болып отыр. Ғаламтор желісіне үзіліссіз қосулы болу мобильді құрылғыларды қолданушыларға өздеріне қажетті ақпараттарды тез арада алуға мүмкіндік береді. Мобильді құрылғылардың операциялық жүйелерінің деңгейі мәліметтерді алу үшін көп жағдайда телекоммуникациялық қызметтер провайдерлерінен тәуелсіз шешімдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Осыған байланысты соңғы жылдары СМС және ММС арқылы хабарлама алмасу азайды. Тасымалы құрылғылардың энергия тұтынушылығының жоғары болуына және жұмыс істеу ұзақтығының шектеулілігіне байланысты классикалық клиент-серверлік технология көп шығынды талап етеді. Классикалық клиент-серверлік технологияда белгілі бір мәлімет алу үшін клиент серверге сұраныс жасауы керек еді. Бірақ соңғы жылдары ақпараттық технологиялар әлемінде «push-технология» ұғымы пайда болды. Push-технологияда клиент серверге ешқандай сұраныс жасамайды, барлық әрекеттер сервер тарапынан жүзеге асырылады. Бұл технологияны жүзеге асырудың ең кең тараған мысалы, бір мезгілде бірнеше мобильді құрылғыларға мәлімет жіберу болып табылады. Push-технологияның көмегімен мобильді құрылығыларды қолданушыларға тек қарапайым мәтін ғана емес, графикалық және мультимедиалық мәліметтерді де жіберуге болады.

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі соңғы жылдары дамып келе жатқан push-технологиямен және қолданушыларға ақпарат жеткізу үшін мобильді құрылғылардың көптеп пайдаланылуымен байланысты. Қазіргі кезде мобильді құрылғыларды адамдардың көпшілігі пайдаланады. Осыған байланысты қолданушыларға қажетті мәліметтерді жеткізудің ең тиімді әрі тез жолдарының бірі олардың мобильді құрылғыларына хабарлама жіберу болып табылады. Себебі мобильді құрылғы қолданушысы келген хабарламаны оқымауы көп жағдайда мүмкін емес. Дипломдық жұмыста аталған технологияны кафедраның тәрбие жұмысын жүргізу барысында студенттер мен оқытушыларға хабарламалар жіберу үшін пайдалану қарастырылды. Пәндік аймақты жан-жақты зерттеу нәтижесінде мобильді қосымша сервері құрылды. Бұл сервер кафедрадан немесе оқытушылардың үстел компьютерлерінен студенттерге және басқа оқытушыларға хабарлама жіберу үшін пайдаланылады. Аталған технологияны толығымен жүзеге асыру үшін мобильді қосымшаны да құру қажет. Бірақ бұл мәселе дипломдық жұмыстың тақырыбына байланысты бұл дипломдық жұмыста сипатталмайды.

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны - кафедраның тәрбие жұмысы.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні - кафедраның тәрбие жұмысын жүргізу барысында студенттермен және оқытушылармен хабарламалар алмасу.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - кафедраның тәрбие жұмысын жүргізу барысында студенттермен және оқытушылармен тұрақты байланысты қамтамасыз етуге бағытталған, олардың мобильді құрылғыларына хабарлама жіберу үшін пайдаланылатын және мобильді қосымшадан келген сұраныстарға жауап беретін мобильді қосымша серверін құру. Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай есептер қойылды:

- Пәндік аймақты зерттеу.

- Push-технологияны зерттеу және оны жүзеге асыру жолдарын қарастыру.

- Мобильді қосымша серверін модельдеу.

- Мобильді қосымша серверін құруды жүзеге асыру.

Дипломдық жұмыс тақырыбының жаңашылдығы - кафедрада студенттерге және оқытушыларға хабарлама жіберу үшін мобильді құрылғылар мен push-технология бұрын соңды пайдаланылмады. Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы - кафедраның тәрбие жұмысын жүргізуді жеңілдету үшін ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Кіріспеде дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі, зерттеу объектісі, зерттеу пәні, мақсаты, мақсатқа жету үшін қойылған есептер, тақырыптың жаңашылдығы және тәжірибелік маңыздылығы сипатталды.

Бірінші бөлімде кафедраның тәрбие жұмысының мәні мен маңызы, мобильді құрылғылар үшін push-технология ұғымы қарастырылды және дипломдық жұмыс мақсатына жету үшін есеп қойылымы анықталды. Екінші бөлімде мобильді қосымша серверіне қойылатын талаптар анықталды, UML тілінде оның моделі жасалды және мәліметтер қорын жобалау қарастырылды. Үшінші бөлімде дипломдық жұмыстың тәжірибелік жүзеге асырылуы, мобильді қосымша серверінің жұмыс істеу ерекшеліктері, оның мобильді құрылғылармен әрекеттесу негіздері қарастырылды.

Қорытындыда қойылған есептердің нәтижелері көрсетіліп, кафедраның тәрбие жұмысында хабарламалар жіберу жүйесін әрі қарай дамытуға ұсыныстар жасалды.

1 КАФЕДРАНЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫ АВТОМАТТАНДЫРУ 1. 1 Кафедраның тәрбие жұмысының мәні мен маңызы

Университеттегі әрбір кафедраның тәрбие жұмысы факультеттің және универсиететтің қойған жоспарларына сәйкес жүргізіліп отырады. Тәрбие жұмыстарының жоспары алдын ала бекітіледі. Кафедраның тәрбие жұмысы және оқудан тыс жұмыстар білікті мамандар даярлау үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Кафедраның тәрбие жұмысының мақсаты жоғары кәсіби білімі бар, жоғары дәрежедегі мәдениетке ие, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын, оқу үлгерімі жақсы және жан-жақты дамыған болашақ мамандарды даярлау және студенттердің жеке тұлғалық қасиеттерін арттыру болып табылады. Кафедраның тәрбие жұмысына қойылатын тапсырма осы аталған мақсаттарға жету үшін жағдайлар жасауға бағытталады.

Кафедраның тәрбие жұмысының негізгілері:

- Студенттердің жеке тұлғалық және мәдени қасиеттерін арттыруға бағытталған орта қалыптастыру.

- Оқудан тыс уақытта студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуына жағдай жасау.

- Студенттердің оқудан тыс жұмыстармен айналысуына бағытталған студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарымен бірігіп жұмыс жасау.

- Студенттердің кәсіби білімдерін арттыру және оларды ынталандыруға бағытталған түрлі сайыстар, олимпиадалар ұйымдастыру.

- Әйгілі тұлғалармен кездесіп, пікір алмасу үшін кездесу кештерін ұйымдастыру.

- Студенттердің мұражай, театр сияқты әр түрлі мәдениет ошақтарына баруын ұйымдастыру.

- Студенттерді қоғамдық еңбекке баулу үшін түрлі деңгейдегі сенбіліктерге қатыстыру.

- Университет, факультет немесе кафедра деңгейінде өтетін мерекелік немесе басқа да іс-шараларға студенттердің қатысуын ұйымдастыру.

- Топтардың эдвайзерлерінің түрлі тақырыптарға байланысты кураторлық сағаттар өткізулерін қадағалау.

- Студенттердің студенттік емханадан толық медициналық тексерістен өтуін қадағалау.

- Студенттердің салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған түрлі пікірталастар, ашық сабақтар, іс-шаралар ұйымдастыру.

- Студенттердің оқу үлгерімін бақылау.

- Кафедра немесе факультет деңгейінде жұмыс істейтін үйірмелерге студенттердің тіркелуіне және белсенді түрде қатысуына мүмкіндіктер жасау, т. б.

Осы аталған және басқа да тәрбие жұмысын жүргізу үшін студенттермен және оқытушылармен үнемі байланыста болып отыру маңызды болып табылады. Бұл мәселені заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүзеге асыруға болады. Дипломдық жұмыста осы мәселені шешудің бір жолы ретінде студенттермен және оқытушылармен мобильді құрылғы арқылы хабарлама алмасу жүйесі қарастырылды. Мысалы, қандай да бір іс-шараның өтетітіндігі туралы студенттерге хабарлау керек болсын. Бұл жағдайда кафедра әрбір топтың старосталарына немесе топтың эдвайзеріне тез арада телефон арқылы немесе жиналыстар ұйымдастыру арқылы хабарлауы керек. Осы әрекеттерді заманауи ақпараттық технологиялар көмегімен тек бір ғана батырманы басу арқылы орындауға болады.

Кез келген кафедрада студенттердің кәсіби білімдерін арттыру үшін, әр түрлі конференцияларға дайындау үшін және т. б. мақсаттарға жетуге бағытталған үйірмелер жұмыс жасайды. Бұл үйірмелерге жетекшілік ететін оқытушылардың бастауымен студенттер ғылыми зерттеулер жүргізуге, сынақтардан алынған нәтижелерді талдауға және халық алдында баяндама жасауға дағдыланады. Студенттердің осы үйірмелерге тіркелуін жүзеге асыру үшін де заманауи технологияларды пайдалануға болады. Студенттер мобильді құрылғы көмегімен кафедрада жұмыс істеп тұрған кез келген үйірме туралы ақпарат алып, қажет болса онда тіркелуіне болады.

Оқу үдерісінде студенттердің медициналық тексерістен өту мәселесі үнемі ұзаққа созылатын және өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі емтихан кезінде белгілі бір мерзімге дейін барлық студенттер медициналық тексерістен өтіп бітуі міндетті. Осы туралы студенттерге және олардың эдвайзерлеріне хабарлама жіберу және студенттердің медициналық тексерістен өткендігі туралы мәліметтерді тіркеп отыру керек. Бұл мақсаттарға жету үшін де заманауи ақпараттық технологияларды қолдануға болады. Студенттер өздерінің медициналық тексерістен соңғы рет өткен мерзімі туралы ақпаратты мобильді құрылғысы арқылы біле алатындай жүйелерді құруға болады.

Сонымен бірге студенттер мен олардың эдвайзерлері арасында кез келген мәселе төңірегінде хабарлама алмасуға мүмкіндік беретін жүйе құруға болады. Дипломдық жұмыста осы аталған мәселелерді шешу үшін мобильді қосымша сервері құрылды.

1. 2 Мобильді құрылғылар үшін push-технология ұғымының сипаттамасы

Push-технология - клиент-сервер архитектурасы бойынша жұмыс істейтін интернетке негізделген технология. Бұл технология pull-технологияға керісінше жұмыс істейді. Pull-технологияда клиент серверге қандай да бір транзакция үшін сұраныс жасайды да, серверден белгілі бір жауап алады. Pull-технологияны жүзеге асыру қиын емес. Ал push-технологияда клиент тарапынан ешқандай сұраныс жасалмайды, барлық операциялар сервердің бастауымен жүзеге асырылады. Сәйкесінше бұл технологияны жүзеге асырудың өз қиындықтары бар. Ол үшін белгілі бір клиентке мәліметтерді жеткізе алатындай функциялары бар сервер қажет.

Көптеген мобильді құрылғыларда пайдаланылып жүрген қас қағым сәттегі хабарламалар жүйесі - push-технологияның бір мысалы. Қазіргі таңда бұл технология қолданушыға ақпарат жеткізудің кең тараған нұсқаларының бірі болып отыр. Технологияны іс жүзінде пайдалану үшін қолданушының мобильді құрылғысы және онда орнатылған белгілі бір мобильді қосымшасы болуы керек. Мысал ретінде интернеттегі жиі өзгеріп отыратын ауа-райы болжамы, жаңалықтар сияқты ақпараттарды көрсетуге арналған мобильді қосымшаларды айтуға болады. Онда мобильді қосымша тарапынан ешқандай сұраныс жасалмайды.

1 суретке сәйкес мобильді құрылғылар үшін push-технологияны жүзеге асыру үшін 3 негізгі компонент қажет:

- хабарламаларды жіберетін мобильді қосымша сервері

- хабарламаларды мобильді қосымша серверінен қабылдап, белгілі бір мобильді құрылғыға жеткізетін қызмет көрсетуші сервер (push-server)

- хабарламаларды қабылдай алатын белгілі бір мобильді қосымша орнатылған мобильді құрылғы

C:\Users\Elaman\Desktop\1.png

Сурет 1 - Push-технология

Push-хабарламалар ұғымы алғаш рет Google компаниясы 2008 жылы Cloud to Device Messaging (C2DM) тегін қызметін іске қосқаннан кейін белгілі бола бастады. Одан кейін барлық белгілі мобильді платформалардың өз қызметтері іске қосылды. 2009 жылы Apple компаниясы iOS 3. 0 операциялық жүйесінен бастап Apple Push Notification Service (APNS) қызметін іске қосты. Кейіннен Microsoft компаниясы да Windows Phone 7 операциялық жүйесінен бастап Microsoft Push Notification Service (MPNS) және BlackBerry компаниясы өз қызметтерін іске қосты.

Push-технология және push-хабарлама ұғымдарының айырмашылықтары бар. Push-технология - хабарламаны түпкі қолданушыға жеткізудің барлық сатыларын қамтитын технология. Ал push-хабарлама - мобильді қосымшаға push-технологияның көмегімен жеткізілетін мәлімет. Оны әрі қарай өңдеу мобильді құрылғы операциялық жүйесінің ішінде жүргізіледі. Сонымен бірге әр операциялық жүйенің push-хабарламаны өңдеуде өз ерекшеліктері бар.

iOS операциялық жүйесінде жұмыс істейтін мобильді құрылғыларда push-хабарламалардың 3 түрі бар:

1) Audio - қолданушыға push-хабарламаның келгені дыбыстық белгілер арқылы хабарланады.

2) Badges - мобильді қосымша белгішесінің үстінде пайда болатын кішкентай цифр түріндегі хабарламалар.

3) Custom text alerts - қалқымалы мәтін түріндегі хабарламалар.

Windows Phone 8 операциялық жүйесінде жұмыс істейтін мобильді құрылғыларда да push-хабарламалардың 3 нұсқасы бар:

1) Tile - хабарлама мобильді қосымша белгішесінің үстінде кішкентай цифр түрінде пайда болады.

2) Raw - хабарлама мобильді қосымшаның ішінде көрсетіледі.

3) Toast - хабарлама экранның жоғарғы жағында 10 секунд бойы көрсетіліп тұрады.

Ал Android операциялық жүйесінде бағдарлама құрушыға еркіндік берілген, яғни келіп түскен push-хабарламаны бағдарлама құрушы өз қалауынша қалқымалы мәтін түрінде немесе дыбыстық хабарлама түрінде шығатындай етіп өңдей алады.

Мобильді құрылғыларға push-технологияны пайдаланудың бірнеше артықшылықтары бар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы энергетика және байланыс университетіне арналған мобильді қосымша құру
Телеграм бот
Мәліметтер қоры сервері
Кандидаттарды іріктеу процесі
Қазтұтынуодағы қарағанды экономикалық университеті
Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелер
Деректер қорын логикалық модельдеу
Мобильді қосымшаларды жобалау мен құрастырудың негізгі қағидалары
Мобильді қосымшаның бөлімдеріне сипаттама
Мобильді қосымшаның қауіпсіздігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz