Ой еңбегі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
І. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1. Еңбек физиологиясының міндетері, даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Ой еңбегінің ғылыми тұрғыдан ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.3. Ой еңбегі кезіндегі ағзаның функционалдық күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.4. Ой еңбегі нәтижесінде жүйке жүйесіндегі тежелу процесстері ... ... ... ...12
ІІ. Зерттеу материалдары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.1. Физикалық даму деңгейін антропометриялық зерттеу әдістемелері ... ... .14
2.2. Психо.физиологиялық зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Орта білім беру мекемелері мен жоғарғы оқу орындарында заманауи талапқа сай инновациялық білім және тәрбие беру мұғалімдерден терең, жан-жақты біліктілікті талап етумен қатар олады психо-физиологиялық жүктемелердің әсеріне душар етеді.
Оыған байланысты мұғалімнің еңбегін ғылыми тұрғыдан зерттеуді ұйымдастыру кешенді, жан-жақты қарастыруды талап етеді.
Еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру дегеніміз – еңбек нормаларын жеңілдету, еңбек тәртібін нығайту және оны сақтау. Ол үшін мектепте және жоғарғы оқу орындарында оқу процесін ұйымддастырудың стандартына сай тиісті нормативтеді ғылыми тұрғыдан жоспарлаумен қатар, оқытудың тиімді инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізе отырып, әр түрлі психо-физиологиялық стресс факторлардан сақтандыру арқылы ағзаның қажымауына шаралар қолдана білу.
Осыған орай мектеп мұғалімдерінің білім-тәрбие барысында атқаратын қызметінің нәтижесінде еңбекті ұйымдастыруда еңбек физиологиясының маңызы зор.
1 Абаскалова Н.П., Здаровью надо учить!, - Новосибирск, изд., Лада 2000.
2 Арустамов Э.А. ,Безопасность жизнедеятельности: Учебник. – Москва,2000 г.
3 Анохин П.К. Очерки по физиологии функциональных систем. - Москва: Медицина, 1975 .
4 Безопасность жизнедеятельности / Под ред. C.В. Белова. – М.: Высшая школа, 1999 г.
5 Горшков С. И., Золина З. М., Мойкин Ю. В., Методики исследований в физиологии труда, М., 1974 г.;
6 Дубровский В.И., Здоровый образ жизни, М., Флинта, 1999 г.
7 Демирчоглян Г.Г. Компьютер и здоровье. М. Советский спорт, 1995 г.
8 Косилов С. А., Физиологические основы НОТ, М., 1969 г.;
9 Коровкова А.В., Практикум по нормальной фзиологии, М., Высшая школа, 1983 г.;
10 Ломов Б. Ф., Человек и техника, М., 1966 г.;
11 Селье Г., Стресс без дистресса. — М: Прогресс, 1979 г.
12 Бакштанский В. Л., Жданов О. И. 10 000 дней: менеджмент жизни. М.: ПЕР СЭ, 2001 г.
13 Василюк Ф. Е. Психология переживания. Анализ преодоления критических ситуаций. — М.: Издательство Московского университета, 1984 г.
14 Дмитриева М. А. и др. Психология труда и инженерная психология. Л., 1979 г.
15 Пряжников Н. С, Пряжникова Е. Ю. Психология труда и человеческого достоинства. М: Академия, 2001 г.
16 Попов А. К. Общие и частные аспекты проблемы работоспособности человека // Психологические проблемы деятельности в особых условиях / Отв. ред. Б. Ф. Ломов, Ю. М. Забродин. М.: Наука, 1985 г.
17 Китаев-Смык Л.А «Психология стресса» М., Наука, 1983 г.
18 Рофе А. И. Организация и нормирование труда. «МИК», 2003 г.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
І. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
0.1. Еңбек физиологиясының міндетері, даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...4
0.2. Ой еңбегінің ғылыми тұрғыдан ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...5
0.3. Ой еңбегі кезіндегі ағзаның функционалдық күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
0.4. Ой еңбегі нәтижесінде жүйке жүйесіндегі тежелу процесстері ... ... ... ...12
ІІ. Зерттеу материалдары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
0.1. Физикалық даму деңгейін антропометриялық зерттеу әдістемелері ... ... .14
0.2. Психо-физиологиялық зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

Кіріспе

Орта білім беру мекемелері мен жоғарғы оқу орындарында заманауи талапқа сай инновациялық білім және тәрбие беру мұғалімдерден терең, жан-жақты біліктілікті талап етумен қатар олады психо-физиологиялық жүктемелердің әсеріне душар етеді.
Оыған байланысты мұғалімнің еңбегін ғылыми тұрғыдан зерттеуді ұйымдастыру кешенді, жан-жақты қарастыруды талап етеді.
Еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру дегеніміз - еңбек нормаларын жеңілдету, еңбек тәртібін нығайту және оны сақтау. Ол үшін мектепте және жоғарғы оқу орындарында оқу процесін ұйымддастырудың стандартына сай тиісті нормативтеді ғылыми тұрғыдан жоспарлаумен қатар, оқытудың тиімді инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізе отырып, әр түрлі психо-физиологиялық стресс факторлардан сақтандыру арқылы ағзаның қажымауына шаралар қолдана білу.
Осыған орай мектеп мұғалімдерінің білім-тәрбие барысында атқаратын қызметінің нәтижесінде еңбекті ұйымдастыруда еңбек физиологиясының маңызы зор.
Еңбек физиологиясы - бұл физиология ғылымының бір тарауы. Басты мақсаты адамның еңбек ету барысында, ағзасында болатын физиологиялық процесстерін және реттеу механизмдерінің функционалдық көріністерінің, заңдылықтарын зерттей отырып, басты-басты екі мәселені шешуге бағыттайды: жұмыс барысындағы процесстердің тиімді жолдарын анықтау арқылы, еңбектің жоғары өнімділігіне әсерін және тиімділігін анықтай отырып, әрбір тұлғаның еңбек ету барысындағы көптеген қолайсыз факторлардан сақтандыру шараларын қарастырады.
Сонымен қатар еңбек физиологиясының тағыда бір тиімді жағы, әрбір еңбек, адамның кәсіби ерекшеліктері мен іс-әрекетіне қарай жұмыс режимін, демалысын оның қарқынына, қиындығына, күрделілігіне байланысты дәлелді қорытындылар жасайды.
Еңбек физиологиясының маңызы адам ағзасының функционалдық күйін, еңбек етуге дейінгі және еңбектен кейінгі қызметіне баға бере отырып, еңбек режимінің әдіс тәсілдерін дайындайды, еңбекті жаңаша жүргізу жолдарын пайдалана отырып, адамның еңбекке қабілеттілігін жоғарылату мен денсаулығын сақтауды айқындайды.
Біздің магистрлік зерттеу жұмысымыздың басты өзектілігі мұғалімдердің еңбек ету барысында ағзасының физиологиялық, психологиялық өзгерістерін зерттеу.
Жұмысымыздың мақсаты:
еңбек жүктемесінің оның қарқынына, күрделілігіне, маңызына байланысты еңбек тәртібінің негізін жасау;
мұғалімнің еңбегіне қолайлы, шекті мүмкіндігін тиімді және шаршау-қажуды аз тудыратын жақтарын анықтау;
оқу процесіндегі мұғалім еңбегін бағалай отырып, ағзасының функционалды күйін анықтау;
еңбек физиологиясымен қатар ағзаның қажуы мен еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне екінші психологиялық факторлармен ұштастырып, зерттеулер жүргізу;
Зерттеу міндеттері: Білім беру және тәрбиелеудің қазіргі талапқа сай инновациалық әдістерді оқу процесіне қолдану кезіндегі еңбекті ғылыми ұйымдастырудың ең маңызды әлеуметтік мәселесі - адамның еңбегін бағалау.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы: Білім беру саласында еңбек адамдардың физиологиялық және психологиялық күйін зерттей отырып, адам ағзаларының бейімделуін және шектеуші факторларға төзімділігін еңбек физиологиясының теориялық мәселелерін физиологияның қолданбалы саласымен ұштастырып еңбек тәртібін сақтауға қолдану.

І. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

3.1 Еңбек физиологиясының міндетері

Еңбек - адамның өз мұқтаждығын қанағаттандыру үшін жасайтын мақсатты іс-әрекеті. Ол қоғаммен тығыз байланысты әлуметтік санат. Өйткені еңбек адам тіршілігінің және тұрмыс қалпының қажетті шарты болып саналады. Еңбек іс-әрекеттің организмге әсерін еңбек физиологиясы зерттейді.
Еңбек физиологиясы - бұл физиология ғылымының бір саласы. Ол әрбір тұлғаның еңбек етуде физиологиялық процестердің заңдылқтарын және оны реттеу жолдарын зерттеуші, яғни еңбек ету процесінде физиологиялық құбылыстар қалай өзгереді деген сұраққа жауап береді. Сөйтіп, адамның денсаулығын және жұмысқа қабілеттілігін сақтау үшін, еңбекті ұйымдастырудың режимі мен жүктемелердің организмге қолайлы түрлері мен әдістерін ғылыми тұрғыдан қарастырады.
Еңбек физиологиясының маңызы адам ағзасының функционалдық күйін, еңбек етуге дейінгі және еңбектен кейінгі қызметіне баға бере отырып, еңбек режимінің әдіс тәсілдерін дайындайды, еңбекті жаңаша жүргізу жолдарын пайдалана отырып, адамның еңбекке қабілеттілігін жоғарылату мен денсаулығын сақтауды айқындайды.
Еңбек физиологиясы ғылымының шығу тарихына тоқталатын болсақ, ол өз алдына жеке пән болып XIX-ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастады. Қоғамдық өндірістің дамуы мен еңбек етудің жаңа түрлерінің пайда болуы ағзаның қажуы, шаршауы жайлы мәселелермен айналыса бастады.
Осы проблемаларды ең алғаш зерттеуші ғалымдар Г. Гельмгольц, Э. Дюбуа-Реймон, И.М. Сеченов адам ағзасында болатын қажу процесінің физиологиялық жақтарын ғылыми жолмен зерттеп себеп-салдарын аша бастады. 1857 жылы жарық көрген польща жаратылыстанушысы В. Ястшембовскийдың Эргономика негіздері атты еңбегі, неміс физиологі Н. Цунца мен француз ғалымы Ж. Амардың бұлшықет жиырылуын зерттеуге арналған жұмыстары еңбек физиологиясы ғылымының қалыптасып, дамуына үлкен үлес қосты.
ХХ ғасырдың 20-жылдарынды СССР-да адамның еңбекке қабілеттілігін жан жақты зерттеу қолға алынды. Бұл мәселені жүйелі түрде шешуде 1920 жылы А.К. Гостев құрған Еңбек институты үлкен үлес қосты. Бұл институтта физиологтар, гигиенисттер, психологтар мен социологтар бірігіп зерттеу жүргізді (Гастев, С.Г. Геллерштейн, М.И. Виноградова, А.Д. Слоним, Н.А. Бернштейн еңбектері). Автоматтандырылған өндірістердің дамуына байланысты еңбек физиологиясы адамның операторлық және басқарушылық қызметінің ерекшеліктерін зерттеуге бағытталды. Осыған байланысты басты міндет организм функциясын, әсіресе ОЖЖ мен сезім мүшелерін жүйелі зерттеу болды. Н.В. Зимкин, И.С. Кандрор, З.М. Золина, В.В. Розинблаттың зерттеулері еңбек қызметін қалыптастыру мен қолдаудың б зерттеулері еңбек қызметін қалыптастыру мен қолдаудың бірқатар жаңа заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік берді, ал В.И. Зинченко, Г.М. Зараковский, Б.Ф. Ломовтың жұмыстары бұл саланың жүйелі сипаттамасының негізгі әдістемелерің қалыптастырды.
Адамның еңбек ету барысында қажуы және жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуін зерттеудің басты себеп-салдарын еңбек психологиясымен байланыстыра отырып, ал сыртқы факторлардың ағзасына әсерін еңбек гигиенасымен ұштастырып қарастыру жағынан келетін болсақ, бұл еңбек физиолгиясының эргономика ғылымымен байланысатындығын көруге болады.

3.2 Ой еңбегінің ғылыми тұрғыдан ұйымдастырылуы

Еңбекті дұрыс ұйымдастыруға қажетті жағдай - жұмыс пен демалысты міндетті түрде үйлестіре білу болып табылады. Біз денсаулықтың нағыз қайнар көзі - демалыс деп ойлаймыз. Ол рас, бірақ демалысты тек қана төсекке тапжылмастан тыныш жата беру деп түсіну дұрыс емес. Жұмыссыз əрекеттсіз демалу-жалқаулық. Негізінде еңбексіз демалыс болмайды. Демалыс əрқашанда белсенді қимыл қозғалыс үстінде өтуі қажет. Онымен бірге əр түрлі əректеттерді дұрыс аламастырып отыру, яғни ой еңбегеін дене еңбегімеп алмастырып немесе керісінше дене еңбегін ой еңбегі мен алмастырып отыру керек.
Адамдардың барлығына бірдей қолдануға болатын ортақ режим таңдап алу мүмкін емес. Біз əрқайсысымыз əрқилы еңбек етіп, əр түрлі өмір сүреміз, бірақ əркім өзінің мүмкіндігіне, жұмысының сипатына, тұрмыс жағдайына жəне денсаулығына қарай өзіне лайықты күн режимін жасап алуға болады. Ой еңбегі мен жəне дене еңбегімен айналысатын адам уақытын тиімді пайдалана білуі, жұмыспен демалысты дұрыс алмастыра білуі тиіс. Ең алдымен еш уақытта ешкімге еліктемеңіз, яғни үлгі ретінде басқа біреудің күн режимін үлгіге алмаңыз. Сізге өзіңізден басқа ешкім тиімді режим жасап бере алмайды. Жасаған күн режимінде əркім өзінің жағдайын əсіресе тұрмыс жағдайы мен дағдыланған əдеттерін əуестенетін істерін естен шығармауы керек. Күн режимінде демалу жəне көңіл көтеру уақыты серуендеу, экскурсияға шығу, жора-жолдастары мен кездесу, киноға,театрға, сырғанақ тебуге жəне т.б. баратын уақыттары ескерілуі керек. Жақсы күн режимін жасап алу əркімнің қолынан келеді, бірақ оны орындау оңай емес. Күн режимін орындауға И.П. Павловтың өмірі мысал бола алады. Ол өзінің күндік жұмыс жоспарын қызмет орнында ғана емес, үйдеде дұрыс сақтап, мұқият орындап отырған. Өзіне еркше талап қоя білген, жұмысты ерекше беріле істейтін ұлы ғалым түскі тамаққа берілетін үзілсіті де ұтымды пайдаланған, тамақ үстінде жұмыспен шұғылдануға немесе жұмыс жайында əңгімелесуге рұқсат бермеген. Ғалымның əйелінің айтуына қарағанда И.П. Павлов бірде бір ғылыми кітапты дачасына апармаған көрінеді. Жазғы демалыс кездерінде ол тек қана көркем əдеби шығармаларды ғана оқып, бақта жұмыс істеген, суға жүзіп, спортпен шұғылданған. И.П. Павлов денсаулық үшін ең қажеттісі бас пен қолдың үйлесімді қызметі деп есеп еген. Бір сөзбен айтқанда денсаулыққа пайдалысы тыныш отыру, жату емес, белсенді түрде демалу, яғни қандайда болсын əрекет үстінде демалу. Белсенді түрде демалу дегеніміз тек дене шынықтыру жаттығуларына арналған үзіліс, бойжазу ғана емес оларға қоса қызыметті тиімді түрде алмастыра білу болып табылады. Күш түскен ой еңбегі кезінде адамның назары белгілі бір құбылыстың, еңбек процесіне тек бір немесе бірнеше түрлеріне ғана ауады да қозу процесі мидың аздаған клеткаларына ғана шоғырланады. Содан барып, ми қыртысы клеткаларының белгілі бір жеріне ғана күш түседі. Соның саладрынан нерв процестері аралығында тепе-теңдік бұзылады. Сондықтан еңбекке қабілеттілікті барынша сақтау үшін, жоғарыда айтқанымыздай нерв клеткаларындағы қозу жəне тежелу процестерін дүркін-дүркін алмастырып отырған жөн.
Ой еңбегі мамандығының барлық түріне тəн өзіндік сипаты бар. Дене еңбегіне қарағанда ой еңбегі оталық нерв жүйесіне шамадан тыс күш түсіреді. Сонымен бірге ой еңбегі мен адам көп қозғалмайтын жағдайда өтеді.Ой еңбегі жұмысы қолайсыз ұйымдастырылған жағдайды, мысалы, есепші операторлардың, телевизия операторларының орталық нерв жүйелерінің функционалдық мүмкіндігі жұмыс күнінің екінші жартысында төмедей бастайды. Сөйтіп ой еңбегі мен айналысатын адам шаршай бастайды. Сондықтан бүкіл жұмыс күні бойына еңбекке қабілеттілік дəрежесін сақтау үшін еңбек пен демалысты дұрыс ұштастыра білген жөн.
Ой еңбегімен айналысатын егде адамдар үшін дене шынықтыру жайын сөз етекенде ең алдымен тыныс алу гимнастикасын айта кеткен дұрыс. Дем алу, яғни таза ауа жұту жаттығуларының организм үшін маңызы аса зор екендігі белгілі. Алайда бұл жаттығулар дененің табиғи қимыл қозғалыстарымен сайма-сай келуі, солармен тығыз байланыста жүргізілуге тиіс.
Адамның еңбекке қабілетті болуы тек еңбек процесін ұйымдастыруға ғана емес, сонымен бірге жұмыс орнына жəне айналасындағы санитарлық- гигиеналық жағдайларға да байланысты. Адам еңбек ететін орта дегеніміз цех, класс, лаборатория, кабинет болуы мүмкін. Ортаға айналадағы адамдарды да жатқызуға болады. Жұмыс істеліп жатқан жердің физикалық ортасы да еңбек əрекетінің психологиялық ерекшелігіне тиісті əсер етеді. Сондықтан жұмыс істейтін жердің ауасы ауа райының қандай екендігіне қарамастан күніне бірнеше рет тазартылуы қажет. Жұмыс орнының температурасы 18-20°, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 50-70 пайыз болуы керек. Жұмыс орны міндетті түрде таза болуға тиіс.Жазу столдарының биіктігі денені тік ұстап отырған жағдайда шынтақтьң деңгейіне дəл келуі керек. Орындық пен креслоның биіктігі тіземен бірдей болғаны жөн. Орындық орнына табуреткаларды пайдалану гигиеналық нормаға сəйкес келмейді, өйткені сүйеніштің болмауы бұлшық еттердің тез шаршауына себепкер болады да, адамды тез қажытады. Столда отырған кезде аздап қана еңкею керек, арқаны бүгіп отыруға болмайды. Стол үстінің ыбырсып жатуы адамның назарын əр нəрсеге аударып, ойын бөледі, сондықтан столдан артық заттардың бəрін алып қойған дұрыс. Қаламсаптар, қарындаштар жұмыс істеуге күні бұрын дайын тұруы қажет. Ал жұмыс орнының қолайсыздығы еңбек өнімділігін шұғыл төмендетеді. Ой еңбегімен айналысатын адам күні бойы отырып жұмыс істеуге, ал дене еңбегімен шұғылданатын адам көбіне түрегеліп тұруға мəжбүр болады. Сондықтан дене еңбегімен айналысатындардың əлсін-əлсін отырулары, ал ой еңбегімен айналысатын адамдар түрегеліп əрі-бері жүрулері тиіс.
Ой еңбегімен айналысатын адам күні бойы отырып жұмыс істеуге, ал дене еңбегімен шұғылданатын адам көбіне түрегеліп тұруға мəжбүр болады. Сондықтан дене еңбегімен айналысатындардың əлсін-əлсін отырулары, ал ой еңбегімен айналысатын адамдар түрегеліп əрі-бері жүрулері тиіс. Көздің адам өмірінде, еңбек процесінде ерекше орын алатыны белгілі. Сондықтан оны зиянды факторлардың əсерінен қорғай білген жөн, əсіресе жұмыс орнының жарық болуын қадағалау қажет. Кітап, қағаз оқығанда, жазғанда оларды көзге қолайлы жағдайда ұстау шарт. Жарықтың нашар болуы көздің көруін қиындатып, оны тез талдырады, ұзақ уақыт осылай қолайсыз жағдайда жұмыс істеген адамның көзі дертке шалдығыуы мүмкін.Еңбек етуге аса қолайлы жарық - күндізгі жарық, күн сəулесі болып табылады, сондықтан мүмкіндік бар жерде оны барынша толық пайдаланған жөн. Бұларға қоса денсаулық пен еңбек ету үшін у-шудың зиянды екенін де айта кеткен жөн. Шу жүйке жүйесіне зиянды əсер етеді. Адамды ашуланшақ етіп, жүрек, қан тамырлары ауруларына жəне басқа да дерттерге ұшыратады. У- шуы көп жерлерде, əсіресе адамдар тығыз отырған бөлмелерде жұмыс уақытында радионы сөйлетуге жəне оны тыңдауға болмайды. Дегенмен өндірісте у-шудан басқа да зиянды факторлар болады. Мысалы, газ, шаң-тозаң. Олар түтін мен тұман түрінде ауаға араласып, дем алғанда тыныс жолдарына жəне өкпеге кіреді. Мұның өзі адамды түрлі ауруларға душар етеді, тез қажып- шаршауына себепкер болады. Демек, ой еңбегімен жəне дене еңбегімен шұғылданатын адамдар күнделікті жұмыс істеумен бірге демала да білуі керек. Мəселен, жұмыстан кейінгі бос уақыттарын қоғамдық жұмыстарға, мамандықтарын, білімін арт- тыруға жұмсайтын адамдар аз емес. Негізгі жұмыстан соң басқа əрекетке көшуді белсенді демалыстың бір түрі деп қарау керек. Бос уақытта спортпен шұғылдану үшін үй ауласында волейбол,стол теннисі, шахмат, дойбы, тоғыз- құмалақ ойындарына арналған алаңдар мен бұрыштар жасаған жөн. Белгіленген күндері театрға немесе киноға бару, сенбі, жексенбі күндері тауға, дачаға барып демалу өте пайдалы. Үйде əркімнің өзі сүйетін демалыс түрлерін ұйымдастыруға болады. Ондай демалыс түрлеріне жақсы көретін əн-күйтыңдау жəне окыған кітаптары мен газет-журнал мақалаларын талқылау жатады, оларды ұйымдастыру да қиындық келтірмейді. Демалыс уақытында ішімдіктен аулақ болған жөн. Сонымен бірге тыныш жатып демалу мен қалыпты ұйықтау жайын да ұмытпаған жөн. Сенбі, жексенбі күндерінде де демалысты дұрыс ұйымдастыру қажет демекпіз. Өкінішке орай бұл күндерді мүлдем дұрыс ұйымдастыра білмейтін адамдар аз емес. Сенбі, жексенбі күндері олардың толып жатқан тұрмыстық жайларды шешулеріне тура келеді. Үйлерін жинайды, кірлерін жуады, сабаққа дайындалады. Соның салдарынан демалыс күні - демалыс болмай өтеді. Ал бұған жол бермес үшін бүкіл апта бойы еңбек пен демалыс режимін қатаң сақтаудың манызы зор. Жексенбі күні түгелдей демалуға жұмсалуы тиіс.
И.П. Павлов жексенбі - тек демалысқа ғана арналуы керек деген болатын. Жылдың қай мезгілінде болса да қала сыртына шығып, таза ауада демалғанға ешнəрсе жетпейді. Қайықпен жүзу, велосипед тебу, суға шомылып, жаяу жүру де өте пайдалы. Күні бойы тек бір іспен ғана шұғылдану адамды жалықтырып, тез шаршатады. Негізінде шаршау дегеніміз, еңбекті дұрыс ұйымдастырмаудан болатын жай. Кейде адам тыныш жатып демалуға əуес болғандықтан да тез шаршай береді. Демалыс күнін мазмұнды өткізудің режимін жасап бере қою қиын, бірақ қалай етіп демалған күнде де жексенбі күні адамның творчестволық күш- қуатын арттыра түсуге мүмкіндік беретіндей болуы қажет. И.П. Павлов, Л.Н. Толстой, Д.И. Менделеев сияқты ұлы адамдар да бос уақыттарында жақсы демала білген. Кезекті еңбек демалысын басқа уақытқа, яғни келесі жылға ауыстыру немесе бірнеше жыл қатарынан демалмау адам үшін өте зиян. Демалысқа дер кезінде шығу жəне оны жүйелі түрде пайдалану, сонымен бірге басқа бір жерлерге барып үйреншікті жайды өзгерту -ағзаның, жүйке жүйесінің қызметін, олардағы негізгі процестерді қалпына келтіруге көмектеседі. Демалыс кезінде туризм, альпинизм сияқты демалыстың белсенді түрлері үлкен пайда келтіретіндігі дəлелденген. Бірақ бұған мүмкіндік болмаса демалысты көбіне таза ауада өткізуге тырысқан жөн. Жақсы өткізген демалыс организмнің еңбекке қабілетін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге əр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұру күшін де арттырады. Дұрыс демала білумен қатар уақытында жатып, қалыпты ұйықтай білу де керек. Ұйқы бір қалыпты жəне жақсы болуы үшін күн сайын белгілі бір мезгілде жатып əдеттену керек. Орта жастағы адамның қалыпты ұйқысының ұзақтығы 8 сағат. Ұйқы біздің жүйке жүйелерімізді қорғап, оның еңбекке қабілеттілігін сақтайды. Сондықтан да ұйқы режимін қатаң ұстау керек. Адам ұйықтап жатқан бөлме аса жарық болмауға тиіс. Сондай-ақ ол бөлмеде қатты сөйлесуге, немесе радионы даңғырлатып қоюға болмайды. Жатар алдында шылым шегуге жəне жүйке жүйесін қоздыратын шай, кофе сияқтыларды ішуге болмайды. Жатар алдында үйдің ауасын тазартып алған жөн. Ой еңбегімен айналысуға ең қолайлы мезгіл - түнгі уақыт дейтін адамдар бар. Бұл қате пікір. Өйткені түнге қарай адам миы жөнді жұмыс істемейді. К. Маркс өзінің Ф. Энгельске жазған хатында мен түнде жұмыс істеп өзіме қиянат жасап жүрмін деген болатын. Еңбекке қабілеттілікті арттырудың тағы бір маңызды түрі - жақсы, тату- тəтті жанұя деуге болады. Тұрмысты белгілі тəртіпке келтіріп дұрыс құра білу, жанұяныңның материалдық жағынан қамтамасыз етілуі де адамның көңіл күйін көтереді. Ерлі-зайыпты адамдардың, арасындағы өзара сыйластық, бірін- бірі түсінушілік, бірін-бірі жылы жүзбен қамқорлық жасап отыруы да еңбекке қабілеттілікті арттырады. Жағдай, уақыт жоқ, қол тимейді, сондықтан күн режимін сақтауға мүмкіндік бола бермейді деген тəрізді сөздер қисыны келмейтін сылтау. Режимге келсек, ол денсаулықты ғана сақтап қоймайды, сонымен бірге уақытты да үнемдейді. Ерік күші бар, уақытқа ұқыпты адам бəріне де үлгіреді, ал мұның өзі оның еңбекке қабілеттілігін арттырады. Ф. Энгельс жолдастары арасында аса ұқыптылығымен ерекшеленген. Ол жұмыс істеген бөлме əрдайым тап тұйнақтай болады екен. Бұған қоса ол өзінің күн режимін қатаң сақтап, мұқият орындап отырған.Көңіл күйдің жақсы болуы, сондай-ақ сергек жүру де адамды шаршаудан сақтап, мерейін өсіре түседі. Көңілді адам сырқаттан тез жазылып кетеді. Демек көңілді, сергек жүру-денсаулықтың сенімді серігі. Тек қана дене шынықтырумен шұғылданудан бас тартпай, спортты, таза ауаны, күн сəулесі мен суды пайдалана білу керек, жүйелі түрде белгілі бір тəртіппен тамақтаньп, организмге дер кезінде демалыс беріп, оны əр түрлі зиянды əдеттердің əсерінен қорғап, əрқашан да режимді қатаң сақтай білу керек.Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыра білу - адамның еңбекке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек социологиясы
Еңбектенудің физиологиялық негізі
Дене еңбегінің физиологиялық ерекшеліктері
Дене еңбегі
Еңбек физиологиясы
Мектепте еңбек тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары
Еңбек физиологиясының негізі, дене еңбегімен ой еңбегінің ерекшеліктері
М. ТЫНЫШБАЕВ - ИНЖЕНЕР - ТАРИХШЫ
Еңбек әрекетінің психологиялық ерекшеліктері
Пәндер