Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі нарығы


Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

«ҚАРЖЫ» КАФЕДРАСЫ

«ҚАРЖЫ» мамандығы

4 курс Ф07К3 тобының студенті Сулеименова С. У. .

«Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі нарығының атты тақырыбында диплом жұмысын орындауға арналған

ТАПСЫРМА

« ___07 » желтоқсан 2010 ж. №4-2975 бұйрығымен бекітілді.

Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі «»

Жұмыстың бастапқы мәліметтері :

Диплом жұмысындағы толықтырылуы қажет сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны:

a)

ә)

б)

Диплом жұмысын дайындау

ГРАФИГІ

Реттік №
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі
Ескертулер
Реттік №: 1.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Әдебиеттерді таңдау, оларды зерттеу мен өңдеу. Негізгі көздер бойынша библиография жасау.
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі:
Ескертулер:
Реттік №: 2.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Диплом жұмысының жоспарын жасау және оны жетекшімен қарастыру.
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі:
Ескертулер:
Реттік №: 3.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Бірінші бөлімді жазу және оны тексеруге ұсыну.
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі:
Ескертулер:
Реттік №: 4.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Практикалық материалдарды және т. б. жинақтау, жүйелеу және талдау.
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі:
Ескертулер:
Реттік №: 5.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Қорытынды мен ұсыныстарды ғылыми жетекшімен келісу.
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі:
Ескертулер:
Реттік №: 6.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Ескертуге сәйкес диплом жұмысын қайта өңдеу (толықтыру) . Аяқталған жұмысты кафедраға ұсыну.
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі:
Ескертулер:
Реттік №: 7.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Рецензия мен пікірлермен танысу
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі:
Ескертулер:
Реттік №: 8.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Рецензия мен пікірлерді ескере отырып, қорғауға дайындықты аяқтау.
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі:
Ескертулер:

Тапсырманың берілген күні

Кафедра меңгерушісі

э. ғ. к., доцент Арзаева М. Ж.

Жұмыс жетекшісі

аға оқытушы Кукиев А. Ж.

Тапсырманы орындауға

алған студент

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ-НЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР

1. 1 Банктің депозиттік операциялардың теориялық негіздері . . . 7

1. 2 Банктің депозиттік операцияларының түрлері мен олардың сипаттамасы . . . 12

1. 3 «Альянс банк» АҚ-ның депозиттік операцияларын жүзеге асыру кезеңдері . . . 21

2 “ АЛЬЯНС БАНК ” АҚ мысалында коммерциялық банк-тердің депозиттік операцияларын талдау

2. 1 Коммерциялық банктердiң депозиттік операцияларын салыстырмалы талдау . . . 25

2. 2 «Альянс банк» АҚ-ның қаржылық жағдайын және депозиттік операция-ларын талдау . . . 35

2. 3 Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты және оның депозиттерді жетілдірудегі орны . . . 45

3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯ - ЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің дамуы . . . 52

3. 2 Депозиттік операциялардың дамуы және келешегі . . . 57

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 67

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2011 жылдың 28 қаңтарда «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Біз экономикамыз мен мемлекетіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық", - деп Елбасымыз Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да көзімізді жеткізд і[1] .

Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те. Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жекеменшік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті", - деп экономикамыздың барлық салаларын дамытуға мүмкіндігіміз бар деп пайымдаған еді.

Диплом жұмысының өзектілігі: Экономикамыздың дамуына үлкен өзіндік үлесін қосып жатқан Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің қызметтерінің дамып, халықаралық стандарттарға сай болып жатқандығын айта аламыз. Яғни коммерциялық банктердің пассивті операциялары негізінде салымдар түрінде кәсіпорынның, ұйымдардың, халықтың уақытша бос қаражаттарын тартуға мүмкіндігі бар. Бұл салымдардың негізінде банктің қаржылық тұрақтылығын арттырып, халықты қосымша табыс көзімен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар жиналған қаражатты басқа салаларға инвестициялап отыр. Жалпы депозиттік қаражаттың экономикамызға тигізетін әсері өте үлкен болып отыр.

Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақты дамуы бірінші кезекте ұзақ мерзімді қайта құрудан өткен банктік мекемелердің дамуынан көрініс табады. Осыған байланысты еліміздің депозит нарығының соңғы жылдардағы даму қарқыны банктердегі салымдар көлемінің ұлғаюынан және халықтың банк жүйесіне деген сенімділігінің артуынан байқалады.

Профессор Сейітқасымов Ғ. С. : "Банктік депозиттік нарықтың дамуындағы жетістіктер 1994 жылдың аяғынан бастап байқала бастады, себебі осы кезден бастап депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер тиімді болды. Банктерді депозиттік саясатын белсендіруге мәжбүрлеген бірқатар себептер бар. Бұл себептерді коньюктуралық деуімізге болады, себебі олар белгілі уақыт ішінде маңызды болады және белгілі жағдайлардың өзгеруіне байланысты көкейтестілігін жоғалтады", - деп өзінің бағасын берді.

Банктердегі жеке тұлғалар шоты бойынша банктік құпия туралы заңды актілерді қабылдау және жеке тұлғалардың мерзімді депозиттерін кепілдендіру жүйесі жүзеге асқаннан бері халықтың бос ақшаларын тартуда экономикамызда оңтайлы шаралар жүргізілуде. Халық салымдарын сақтандыру жүйесі Қазақстан Республикасында банк саласындағы ең маңызды жетістіктердің бірі, өйткені басқа ТМД елдерінде мұндай жүйе жоқ.

Сондықтан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банк жүйесінің тұрақтылығын сақтауда және банк мекемелеріне деген халық сенімділігін арттыруда өзінің негізгі міндеттерін оңтайлы орындауда.

Мұндай жағдайда халық тарапынан депозит салымдарынан түсетін пайда жайлы және қызмет көрсету сапасына байланысты сұрақтар пайда болады. Негізінен нарық жағдайында халықты толғандыратын мәселе - капиталды (жеке жинақтар) қалай қауіпсіз түрде көбейтуге болады, өткені пайда көлемі тәуекел көлеміне тура пропорционалды, яғни нарықта жоғары пайданы жоғары тәуекелділік бар жерде ұсынады. Бірінші кезекте бұл Қазақстанның әр түрлі аймағындағы біресе бар, біресе жоқ болатын қаржы пирамидаларына негізделген. Сондықтан Ұлттық Банк басқармасы мұндай мекемелердің қызмет жасауы заңды емес және қаржы пирамидаларына ақша салмастан бұрын ойлану керектігін айтады. Шындығында, халық біртіндеп келе ақша қаражаттарын тұрақты пайыз мөлшерлемесімен банк депозиттеріне салу керектігін түсінді.

Диплом жұмысымның мақсаты - коммерциялық банктердің депозиттік операциялардың жағдайына талдау жүргізіп, оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды беру.

Көрсетілген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

  • коммерциялық банктің депозиттік операцияларды қалыптастыру ерекшеліктерін ашу;
  • Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі депозиттік салымдарынның динамикасына және «Альянс Банк» АҚ мысалында банктің депозиттік қызметіне талдау жүргізу;
  • коммерциялық банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін депозиттік операцияларды тиімді жүргізудің кейбір жолдарын ұсыну.

Диплом жұмысының обьектісі болып - Альянс банктің депозиттік операциялары.

Диплом жұмысының пәні - депозиттік операцияларды жүзеге асыру процесінде пайда болатын экономикалық және ұйымдық қатынастардың жүйесі.

Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс бет көлемінен, негізгі бөлімі кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, сонымен қатар қолданыған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Жұмыста кесте және сурет бар.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімде коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының теориялық негіздері,

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі депозиттік салымдарынның динамикасына және «Альянс Банк» АҚ мысалында банктің депозиттік қызметіне талдау жүргізілген.

Үшінші бөлімінде банктегі депозиттік операцияларын дамытудың кейбір жолдары және пайда болатын өзекті мәселелерді шешу қарастырылған.

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ- НЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Банктің депозиттік операцияларының теориялық негіздері

Депозиттік операцияларды қарастырудан бұрын, депозит ұғымына аса көңіл аудару қажет.

Себебі, депозит латын сөзінде «deposіtum» банкке сақтауға берілген затты білдіреді. Бұл зат ретінде ақша, бағалы қағаз, алтын немесе өзге құндылықтар болуы мүмкін. Қазіргі банктік тәжірибеде депозит ретінде тек қана сақталған ақшалай қаражатты түсінеміз.

Шынымен де бүгінгі күнгі отандық және шетелдік экономикалық әдебиеттерде депозит ұғымына қатысты әр түрлі көзқарас қалыптасқан.

Белгілі ресей ғалымы, қаржыгер В. И. Колесниковтің айтуы бойынша депозит түсінігі - бұл банкке уақытша пайдалануға берілген клиенттің қаражатына байланысты экономикалық қатынастар делінген. Біздің ойымызша, мұндай көзқарас депозиттің толық ұғымын бермейді. Себебі, біріншіден, пассивтік операцияның бір түрі ретінде депозитті клиент банкке сақтау үшін және одан пайда көру үшін салатындығы айтылмай қалуда, екіншіден, активтік операция тұрғысынан депозиттің мәні мүлде ескерілмеген.

Ал, келесі ресей қаржыгері, ғалым О. И. Лаврушиннің анықтамасында: депозит - банктік заңдылыққа және шоттың режиміне сәйкес банктің пайдалануға құқығы бар, клиенттердің - заңды және жеке тұлғалардың банктегі белгілі бір шотқа салынған ақшалай қаражаттары деп түсіндіріледі.

Әрине мұнда да келіспейтін тұстары бар, яғни бұл жерде де депозитті бір бағытты қарастырған немесе банктік депозит туралы сөз қозғалмаған десе болады[8] .

Отандық экономист ғалымдардың еңбектерін қарастыратын болсақ, соның бірі ретінде, кәсіпкерлерге және көпшілік қолданушыларға арналған орысша-қазақша түсіндірме экономикалық сөздікте депозит - клиенттің банкке қатысты талаптарын сипаттайтын банкке салған салымдары және жинақ кассасы, сондай-ақ банктік кітаптағы жазулар деп береді. Мұндай анықтамалар туралы өте ауқымды да, нақты түсінік берілмейді. Жинақ кассасын депозит ұғымына сиғызу бұл кемшілік немесе банктің кітапшасындағы жазу деп санау өте орынсыз.

Депозиттік операция - клиент қаражатының банкке - оның уақытша пайдалануына берілетінін білдіретін экономикалық қатынас. Осы айтылғандардан мынандай тұжырымдама жасауға болады, депозит тек салымшыға ғана емес, сонымен бірге, банкке де пайдалы. Депозиттердің көбісі ссудалық капиталды құра алады, содан кейін, ол пайдалы жолымен кез келген шаруашылық саласына орналастырылады. Депозит бойынша пайыздағы және қарыз алушыдан алынған капитал пайызындағы айырмашылық банктің еркін (бос) ақшалай қаражатты тарту бойынша және ссудалық капиталды орналастыру бойынша жүргізген жұмысының сыйақысы болып табылады. Банктер бұл сыйақының мөлшерін арттыру үшін «жалған салым ақшаны» құру арқылы өзінің ресурстық базасын ұлғайтуға ұмтылады. Ал, бұл «жалған салым ақшаның» пайда болуына талап етілмелі шот өз септігін тигізеді.

Қазақстан Республикасындағы «банктер және банктік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңына» сәйкес, депозит - бұл белгілі бір уақыт мерзімінен кейін немесе алдын-ала келісім бойынша депозитордың алғашқы талабымен қайтарылатын немесе үшінші бір тұлғаға толық не жартылай берілетін, бір тұлғаның (депозитардың) басқа тұлғаға - банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы делінген.

Сонымен қатар, осының қысқарған түсінігі С. Б. Мақыштың «Коммерциялық банктер операциялары» деген еңбегінде былай беріледі: депозит - бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары[6] .

Біздің ойымызша, осы аталған соңғы екі түсініктемемен біршама келісуге болады.

.

Cурет 1. Банктік депозиттердің түрлері

Дерек көзі: автордың қолдануымен АльПари, 1-2, 2009 ж. [11]

Дегенмен, депозитке банктің активі мен пассиві тұрғысынан мынадай анықтама берген дұрыс сияқты: депозит - бұл қандай да бір банкке уақытша сақтауға салынған, кез келген уақытта қайтарып алуға және одан пайда алуға болатын, жеке тұлғалардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ өзге банктердің уақытша бос ақша қаражаттары.

Осы анықтамаға сәйкес, банктік депозиттерді пассивті және активті деп екі топқа бөлуге болады (1-сурет) .

Мұндағы, активтік депозиттер - бұл банктің басқа банктерде пайда табу және өтімділігін қолдау мақсатында орналастырылған, сондай-ақ корреспонденттік қатынас негізінде жасалған келісім-шартқа сай пайдалануға мүмкіндік беретін уақытша бос ақша қаражатын сипаттайды.

Отандық тәжірибеде активтік депозиттер Қазақстан Республикасының Ұлттық банктегі банктердің депозиттері мен өзге коммерциялық банктерде, соның ішінде шетелдік немесе отандық банктерде орналастырған ұлттық және шетел валютасындағы шоттардағы қаражаттарын сипаттайды.

Банктік тәжірибеде активті депозиттерді банкаралық депозит деп атайды. Банкаралық депозит негізінен банкаралық несиенің қалыптасуына себеп болады.

Пассивтік депозитер - бұл банктің ресурсының негізін құрайтын тартылған қаражат көзін білдіреді. Пассивтік депозиттер банктерге клиенттердің белсенділігі бойынша жинақтайды.

Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да, пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары.

Пассивтік операциялар - бұл нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе активті - пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды.

Бұл анықтамалар бірін - бірі толықтырады десе болады, себебі біріншісі пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды.

Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.

Пассивтік операциялардың төмендегідей формалары болады:

- коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;

- банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;

- басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;

- депозиттік операциялар.

Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстары құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ - заемдық немесе тартылған ресурстар құрылады[6] .

Депозиттік операциялар коммерциялық банк үшін оның ресурсын қалыптастырудың ең негізгі көзі болып табылады. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік ұйымдары, қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады. Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі:

біріншіден, банктер салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден бұл салымдар табыс әкеледі.

Банктерге орналастырылған уақытша бос ақша қаражаттары салымшы үшін екі жақты қарастырады, яғни, бір жағынан ақша ретінде, ал екінші жағынан салымшыға табыс әкелетін капитал ретінде қарастырылады.

Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:

- банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;

- депозиттік операциялар әрекет етуі керек;

- банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операциялармен қарыз аударылуы қажет;

- депозиттік операциялар мен қарыздарды беру бойынша байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;

- депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану арқылы ұйымдастырылады.

Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі негізінен негізгі 4 факторға тәуелді болып келеді:

Халықтың ақшалай табыстарының көлемі;

Олардың банктік жүйеге деген сенімінің деңгейі;

Салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесі;

Елдегі банктік жүйенің даму деңгейі және ондағы қаржылық өнімдердің дамуы.

Банктік депозит - салымшыны банкке алдын ала келісілген сыйақы қосылып қайтарылуы шарты негізінде берілген ақша қаражаттары.

Ақша қаражаттарын сақтандыру шоттарына аудару ерікті сипатта жүзеге асады. Әр бір салымшы ақша қаражатын орналастыру кезінде көптеген шарттарды ескере отырып банкті өз қалауынша таңдайды. Банк менеджері депозит мерзіміне, мөлшеріне, оған есептелетін пайыз және тағы да басқа шарттармен салымшыларын таныстырып, толық және ақысыз кеңес беру.

Шот ашу үшін салымшы банкпен банктік салым туралы келісім шартқа отырады. Талап еткенге дейінгі және мерзімді жинақтаушы салымдар бойынша шот ашу кезінде салымшыға депозиттік сертификат немесе жинақтау кітапшасын береді.

Депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында коммерциялық банктер ақша қаражаттарын мерзімді депозиттерге тартуға, депозиттік операциялар түрлерін кеңейте түсіп, депозиторлар санын өсіру үшін көптеген қосымша қызметтер көрсетіп, жеңілдіктер беруі тиіс.

Жалпы экономикалық мағынасы тұрғысынан депозиттерді мына топтарға бөліп қарастыруға болады. Талап еткенге дейінгі депозиттер - белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте, банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша ең төмен пайыз төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге мүлдем тыйым салынған. Талап еткенге дейінгі депозиттер, бірінші кезекте ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі олардың әр түрлі формаларда - қолма - қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады. Осындай шот ашып клиент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық жүргізуге сенім білдіреді. Банктерде күнделікті төлем операцияларының жүргізу біраз шығындарды талап етеді, алайда ЭЕМ-ді, компьютерлік техникаларды қолданумен ол біршама азайды, әйтседе ол банктердің шығындарының маңызды факторы болып табылады. Талап еткенге дейінгі шоттарда иеленуші клиенттер өз шоттарындағы ақшалай қаражаттарды ағымдағы есеп айырысулар үшін толық пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп дәрежеде немесе аз дәрежеде компенсациялайды.

Банктің коммерциялық мақсаттары үшін банкімен пайдаланылатын тұрақты қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу мақсатымен қарызға берілуі мүмкін. Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің ағымдағы шоттарынан қаражаттарын үнемі алып және оны бірнеше күннен немесе аптадан кейін қайтадан толтырып отыруы нәтижесінде қалыптасады. Бірақ, көптеген клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын алмайды. Осы қаражаттар қалдықтарымен талап еткенге дейінгі шоттар есебінен банктер 60, 90, 120 күнге вексельге немесе нақты несие бере алады.

Отандық банктік тәжірибеде депозиттерді, олардың сипатына қарай әр түрге бөліп қарастырады.

Айталық, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзінің нормативтік актілерінде, соның ішінде ақша массасын құрылымын анықтауда екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерді былай жіктейді:

Аудармалы депозиттер:

1) әрқашан айып-пұлсыз және шектеусіз атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады;

2) чектің, траттаның немесе жиро-кепілдіктің көмегімен еркін айналады;

3) төлемдер жүргізуде кеңінен қолданылады.

Аудармалы депозиттер қысқа ақша массасының бір бөлігін құрайды.

Басқа депозиттер - негізінен ол, белгілі уақыт аралығынан кейін ғана алынатындығы немесе әртүрлі шектеулері жай коммерциялық операцияларда біраз қолайсыздық туғызатын және жинақ механизміне қойылатын талаптарға жоғары дәрежеде сай келетін жинақ және мерзімді депозиттер. Басқа депозиттер, сонымен қатар, шетел валютасында салынған басқа салымдар мен депозиттерді қамтиды[7] .

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:

депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;

депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;

депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;

салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.

Депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында коммерциялық банктер ақша қаражаттарын мерзімді депозиттерге тартуға, депозиттік операциялар түрлерін кеңейте түсіп, депозиторлар санын өсіру үшін көптеген қосымша қызметтер көрсетіп, жеңілдіктер беруі тиіс.

Сонымен қорыта айтқанда, депозит дегеніміз банктің клиенттердің бос ақша - қаражаттарын белгілі бір уақыт мерзіміне, пайыздық үстеме беру арқылы тарту мақсаты, ал депозиттік операциялар дегеніміз - бұл заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын белгілі-бір мерзімге немесе талап етуге дейінгі салымдарға тартуға байланысты қарастыратын банктің операциялары болып табылады.

1. 2 Банктің депозиттік операцияларының түрлері мен олардың сипаттамасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру нарығының қалыптасуының негізгі ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы
Сақтандыру нарығының құрылымы
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы
Сақтандыру компанияларының тізімі
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы
Қаржылық сақтандыру ұйымының дамуы
Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының жағдайы
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы қызметін талдау
Сақтандырудың теориялық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz