Мақтаарал ауданының омыртқалы жануарларын зерттеу


Реферат

Диссертациялық жұмыс 69 беттен, 3 суреттен, 50 әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кілттік сөздер: Жыныстық деморфизм, орнитофауна, териофауна, ихтофауна, қыстаушы, отырықшы, суқойма, ареал, кутикула, моногамдар, полигамдар, ландшаф т. б

Зерттеу объектісі: Мақтаарал ауданының омыртқалы жануарларының алуан түрлілігі.

Диссертациялық жұмыста Мақтаарал ауданының омыртқалы жануарларының алуантүрлілігі сипатталды.

Мазмұны

б

КІРІСПЕ . . . 3

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . . 4

1. 1 Мақтаарал ауданының сипаттамасы . . . 4

1. 2 Сырдария өзенінін мекен ететін балықтар . . . 5

2. АЛЫНҒАН НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ . . . 8

2. 1 Сүйекті балықтар класы- Osteichthes . . . 5

2. 2 Қосмекенділер класы - Amphibia . . . 18

2. 3 Бауырымен жорғалаушылар класы - Reptilia . . . 20

2. 4 Құстар класы- Aves . . . 24

2. 5 Cүтқоректілер класы - Mamalia . . . 42

3. МАТЕРИАЛ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ . . . 64

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 67

КІРІСПЕ

Мақтаарал ауданы - Қазақстанның қиыр оңтүстігінде орналасқан аудан. Жер аумағы 1, 8 мың км 2 . Климаты континентальды, қысы қысқа, біршама жұмсақ. Қаңтардың көп жылдық температурасы -3-4 0 с . Жері жазық және оған көршілес жатқан территориялар суқоймаларына бай. Солтүстігінде Шардара су бөгені, солтүстік батысында Арнасай су жайылмасы (ол Өзбекстан территориясында) орналасқан. Ауданның территориясын Достық каналы кесіп өтеді және 180-дей үлкенді-кішілі елді мекендер бар. Аудан аймағы және оған жақын орналасқан территориялар құстардың қыс айларында жиналатын орны болып табылады. Кез-келген қысқы орнитофаунасын зерттеу ғылыми әрі практикалық манызға ие [1] .

Диссертациялық жұмыстың өзектілігі: Мақтаарал ауданының омыртқалы жануарлары жайында деректер жоқтың қасы. Тіпті оның фаунасының алуантүрлілігі, саны, мөлшері, шарушылықта алатын орны зерттелмеген. Омыртқалы жануарлар жайындағы кез-келген мәліметтер бұл аудан үшін жаңалық. Аудан территориясында кездесетін фауна құрамын анықтау, оның қорын тиімді пайдалануға, маңызын анықтауға мүмкіндік береді. Осыған орай диссертациялық жұмыс әрі өзекті, әрі теориялық, практикалық маңызға ие болады.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты: Мақтаарал ауданының жалпы омыртқалы жануарларының биоалуантүрлілігін зерттеу және зерттеу барысында олардың құрамын анықтау.

Диссертациялық жұмыстың міндеттері:

1. Мақтаарал ауданындағы Сырдария өзенінің ортаңғы ағысында кездесетін балықтардың аборигенді және арнайы жерсіндірілген түрлерін анықтау.

2. Осы аудандағы Қосмекенділері мен Бауырымен жорғалаушыларың түрлерін анықтау.

3. Мақтаарал ауданы территориясында кездесетін құстардың сапалық құрамын анықтау.

4. Зерттеліп отырған Мақтаарал ауданындағы сүтқоректілердің алуантүрлілігін анықтау.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы. Мақтаарал ауданының омыртқалы жануарларының алуан түрлілігі мүлдем зерттелмеген, тек 2011 жылдан бастап магистрлік деңгейде ғана зерттеле бастады. Осы зерттелу барысында Мақтаарал ауданында құстардың бірнеше түрлері қыстап қалатындығы және осы ауданда ұя салып, кейбір құстардың ұшып келу және кету мекендері екендігі анықталды, ал сүтқоректілер класына жататын бірнеше түрлері белгілі болды. Сүйекті балықтар класына жататын жойылып, Қазақстанның Қызы кітабына тіркелген балық түрлері де тіршілік еткені мәлім болды.

Мақтаарал ауданының омыртқалы жануарларының алуан түрлілігін зерттей келе бұл жұмыс теориялық және практикалық маңызға ие екендігін көрсетті.

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1 Мақтаарал ауданының сипаттамасы

Зерттеуге алынып отырған Мақтаарал ауданы Оңтүстік Қазақстан Облысында, Мырзашөл құмды жазығының солтүстігіңде, Сырдария өзінінің сол жағалауында, абсолюттік биіктігі 150-250 метр төбелі, белесті жазықта орналасқан. Ауданның батысы, шығысы мен оңтүстігі Өзбекстанмен шекаралас. Солтүстігін түгелдей алып жатқан Шардара бөгені арқылы Сарыағаш, Шардара ауданымен шектеседі .

Мақтаарал ауданының территориясын ондағы омыртқалы жануарлардың алуан түрлілігін зерттеу жайында әдебиеттер жоқ. Сондықтан бұл ауданның омыртқалы жануарларын зерттеу және мәліметтерді салыстыру үшін жалпы Оңтүстік Қазақстан облысын зерттеуге алынған және көршілес жатқан ел Өзбекстан территориясын зерттеген ғалымдардың еңбектеріне жүгіндік.

Мақтаарал ауданының картасы

1. 2 Сырдария өзенінін мекен ететін балықтар.

Сырдария өзенінің ортаңғы ағысы Мақтаарал ауданынан ағып өтетін болғандықтан осы өзенінің ортаңғы ағысындағы балықтардың түрлерін анықтау үшін төмендегі мәліметтерге жүгіндік.

Қазіргі кезде Кіші Арал және Сырдария өзенін зерттеу барысында оларда балықтардың 40 түрі кездескені белгілі, бұлардың ішінде 22 түрі аборигенді түр болып саналады. Олар шортан - Esox Lucius, арал тортасы - Rutulus rutilus aralensis, қызылқанат - Scardinus erythrophthalmus, арал ақмарқасы - Aspius aspius iblioides, тыран - Abramis brama orientalis, арал айнакөзі - Abramis sapa aralensis, ташкент үкішабақ балығы - Alburnoides oblongus, жолақ үкішабақтектес балығы - Alburnoides taeniatus, арал шемеясы - Chalcalbburnus chalcoides aralensis, тұқы - Сyprinius karpio, түркістан аққайраңы - Leuciscus idus oxianus, заравшан аққайраңы - Leuciscus lehmanni, түркістан теңге балығы - Gobio gobio lepidolaemus, арал қаязы - Barbus brachycephalus, түркістан қаязы - Barbus capito conocphalus, қылыш балық - Pelecus cultratus, арал шырма балығы - Sabanejewia aurata aralensis, кәдімгі жайын - Silurus glanis, арал шаншарбалығы - Pongitius platygaster, кәдімгі алабұға - Perca fluviatilus, көксерке - Sander lucioperca [1] .

Басқа су қоймаларынан арнайы жерсіндірілген балықтар: шұбар дөңмаңдай - Hypophthalmichthys nobilus, ақ дөңмаңдай - Hypophthalmichthys molittrix, ақ амур - Ctenopharyngodon idella, кәдімгі қырлықұрсақ балығы - Hemiculter leucisculus, амур шабағы - Pseudorasbora parva, амур жалған теңге балығы - Abbottina rivularis, амур үшерін балығы - Opsariichthys uncirostris, теңбіл кекіре (глазчатый горчак) - Rhodeus ocellatus, кәдімгі гамбузия - Gambusia affinis, каспий атеринасы - Atherina boyeri caspia, элеотрис - Hipseleotris cinctus, амур кекіресі - Rhinogobius cheni, кавказ бұзаубас балығы - Knipowitschia caucasica, құмдауыт бұзаубас балығы - Neogobius fluviatilis, каспий басты бұзаубас балығы - Neogobius gorlap, жыланбасбалық - Channa argus, медака - Oryzias latipes, өзен камбаласы - Platichthys flesus [1] .

Сырдария өзенінде ертеректе кездесіп, кейін Қызыл кітапқа енгізілген кәдімгі бекіре (шип) - Acipenser nudiventris Lovetsky, сырдария тасбекіресі - Pseudoscaphiynchus fedtschenkoi, арал албырты - Salmo trutta aralensis, шортантәрізді ақмарқа - Aspiolucius esocinus сияқты балықтар қазіргі кезде кездеспейді [1] .

Біздің зерттеулер бойынша жоғарыда аталған балық түрлерінен төмендегідей түрлері кездесті.

Аборигенді балық түрлері: Албырттәрізділер - Salmoniformes отрядына, шортандар - Esocidae тұқымдасына жататын 1 түр: шортан - Esox Lucius; Тұқытәрізділер - Cyprinіformes отрядының, тұқытектестер - Cyprinidae тұқымдасына жататын 10 түр, арал тортасы - Rutulus rutilus aralensis, арал ақмарқасы - Aspius aspius iblioides, тыран - Abramis brama orientalis, тұқы - Сyprinius karpio, күміс түстес мөке - Carassius carassius, түркістан аққайраңы - Leuciscus idus oxianus, түркістан қаязы - Barbus capito conocphalus, қылыш балық - Pelecus cultratus, Жайынтәрізділер - Siluriformes отрядының, жайынтектестер - Siluridae тұқымдасына жататын 1 түр: кәдімгі жайын - Silurus glanis, Алабұғатәрізділер - Perciformes отрядының, алабұғалар - Percidae тұқымдасына жататын 2 түр: кәдімгі алабұға - Perca fluviatilus, көксерке - Sander lucioperca [1, 2] .

Ал арнайы жерсіндірілген балық түрлерінен кездескен түрлері: Тұқытәрізділер - Cyprinіformes отрядының, тұқытектестер - Cyprinidae тұқымдасына жататын 5 түр: шұбар дөңмаңдай - Hypophthalmichthys nobilus, ақ дөңмаңдай - Hypophthalmichthys molittrix, ақ амур - Ctenopharyngodon idella, амур шабағы - Pseudorasbora parva, теңбіл кекіре (глазчатый горчак) - Rhodeus ocellatus, Алабұғатәрізділер - Perciformes отрядына жататын, жорғлағыштектес - балықтар - Anabantoidei отрядтармағына жыланбасбалықтар - Channidae тұқымдасына жататын 1 түр, жыланбасбалық - Channa argus [1, 2] .

Карта бойынша Сырдария өзенінің ағысы.

Мақтаарал ауданының жылдық температурасы Өзбекстан елінің жылдық температурасы мен сәйкес келеді, бұл ұқсастықта Өзбекстан елінде мекендейтін құстар түрінің біраз түрлері Мақтаарал ауданында да кездеседі. Өзбекстан орнитофаунасында құстардың 18 отрядына жататын 441 түрі кездессе, Қазақстан территориясында құстардың 19 отрядқа жатытын 540-тай түрлері мекен етсе, олардың 32 түріне жоғалу қауіпі төніп тұрса, 57 түрі Қазақстанның Қызыл кітбына тіркелген [2, 3] .

Зерттеліп отырған Мақтаарал ауданында құстардың негізінен 3 мекен ету типі тән. Олар: 1-су қоймалары мен олардың жағалаулары; 2-елді мекендер, 3-мәдени ландшафтар (негізінен ауыл шаруашылық жерлер) . Бұл биотоптар жергілікті және қыстайтын авифаунаны қалыптстыруда үлкен рөл атқарады [4] .

Әдебиеттермен танысу барысында Мақтаарал ауданының территорясында жоғарыда айтылған 3 биотопта құстардың 11 отрядқа жататын 24 түр кездесетіні анықталды. Бұл құстардың басым көпшілігі көктем-күз айларында осы территоряда ұялайды не көктем мен күз айларында ұшып келу-кету кезінде кездесті.

Ал Мақтаарал ауданының қысқы орнитофаунасы жайында деректер өте аз, бірақ біздің зерттеу нәтижелеріміз бойынша бұл ауданда 5 отрядқа жататын, 8 түрі қыстап қалатындығы белгілі болып отыр.

Қазақстан территориясында сүтқоректілердің 8 отрядына, 43 тұқымдасқа жататын 175- тен астам түрлері болса, Мақтаарал ауданын зерттей келе бұл ауданның сүтқоректілердің 6 отрядына жататын 13 тұқымдасқа бірігетін 28 түрдің кездесетіні анықталды [5, 6] .

Мақтаарал ауданының территориясында кездесетін сүтқоректілер (28 түр) республика терриофаунасының 15, 5% құрайды. Бұл ауданның сүтқоректілердің республикамызда алатын орны зор, бірақ сондада ары қарай зерттеуді талап етеді [6] .

2. АЛЫНҒАН НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ

Зерттеліп отырған Мақтаарал ауданында омыртқалы жануарлардың 5 класы анықталды, олар:

І. Сүйекті балықтар класына - Osteichthes жататын, 4 отрядқа жататын, 19 балық түрлері, оның 12 аборигенді, ал 6 басқа су қоймалардан жерсіндірілген түрлер.

ІІ. Қосмекенділер класы - Amphibia жататын, 1 отрядтың 2 түр кездесетіні анықталды.

ІІІ. Бауырымен жорғалаушылар класы - Reptilia жататын, 2 отрядтың 4 түрі анықталды.

IV. Құстар класы - Aves жататын, 11 отрядтың 24 түрі кездеседі.

V. Сүқоректілер класы - Mamalia жататын, 6 отрядтың 28 түрі кездеседі.

2. 1 Сүйекті балықтар класы- Osteichthes.

Қазіргі кезде Кіші Арал және Сырдария өзенін зерттеу барысында оларда балықтардың 40 түрі кездескені белгілі, бұлардың ішінде 22 түрі аборигенді түр болып саналады.

Сырдария өзенінің ортаңғы ағысы Мақтаарал ауданынын өтіп, одан ары қарай Шардара ауданына өтіп Шардара су қоймасына барып құяды. Жоғарыда аталған балықтардан Мақтаарал ауданынан өтетін Сырдария өзенінде 18 балық түрі кездеседі: Олардан аборигенді түрлер 12, жерсіндірілген түрлердің саны 6.

Аборигенді балық түрлері: Албырттәрізділер - Salmoniformes отрядына, шортандар - Esocidae тұқымдасына жататын 1 түр: шортан - Esox Lucius; Тұқытәрізділер - Cyprinіformes отрядының, тұқытектестер - Cyprinidae тұқымдасына жататын 8 түр, арал тортасы - Rutulus rutilus aralensis, арал ақмарқасы - Aspius aspius iblioides, тыран - Abramis brama orientalis, тұқы - Сyprinius karpio, күміс түстес мөке - Carassius carassius, түркістан аққайраңы - Leuciscus idus oxianus, түркістан қаязы - Barbus capito conocphalus, қылыш балық - Pelecus cultratus, Жайынтәрізділер - Siluriformes отрядының, жайынтектестер - Siluridae тұқымдасына жататын 1 түр: кәдімгі жайын - Silurus glanis, Алабұғатәрізділер - Perciformes отрядының, алабұғалар - Percidae тұқымдасына жататын 2 түр: кәдімгі алабұға - Perca fluviatilus, көксерке - Sander lucioperca [1, 2] . Олар:

Шортан - Esox lucіus . Дене пішіні жебе тәрізді, ұсақ қабыршақтар жапқан, ұзындығы 40-50 см-ге, салмағы 3-4 кг-ға жетеді, арқа қанаты аналь (құйрықасты) қанатының деңгейінде, басы жалпақ. Аузы үлкен, онда көптеген тістері бар, тістерінің өткір қырлары артқа қарай иілген, сондықтан оның аузына түскен жемтігі аузынан кері шыға алмайды. Түсі өзі тіршілік ететін ортасына байланысты құбылып отырады, бүйірінде көлденең жолақты ірі қоңыр түсті дақтары болады.

Қазақстанның барлық табиғи су айдындарында кездеседі, тек Орталық және Солтүстік қазақстанның көлдерінде, Балқаш-Іле, Талас, Бөген су алабтарында кездеспейді.

Шортан - жыртқыш балық, қорегін шөп арасында жасырынып тұрып, атылып барып ұстайды. Шабақтары майда омыртқасыздармен қоректенеді, ұзындығы 5 см-ге жеткенде жыртқыштыққа көшеді.

Шортан балықтары 3 - 5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Сәуір - мамыр айларында тайыз өзендерге, су температурасы 4 - 12°С болғанда уылдырығын шашады. Ауа райына қарай, жалпы көбею мерзімі 2, 5 айға созылуы мүмкін.

Шортандардың кәсіптік маңызы бар балықтар, дәмді еті үшін көп ауланады [7] .

Арал тортасы - Rutulus rutilus aralensis. Арал тортасы басқа балықтардан сыртқы көрінісі бойынша басқа балықтардан ажыратылады. Бұл балықтардың кеуде және аналь жүзбе қанаттары қызғылт, көкірек, арқа және құйрық жүзбе қанаттары сұрлау, кейде құйрық жүзбе қанаттарының соңы қарамен бітеді.

Суы тез ағатын, қатты және құмды - тасты грунтта, каналдардың шөп өскен жағалауларында тіршілік етеді.

Арал тортасы Қазақстанның көптеген өзендері мен көлдерінде және су қоймаларында таралған.

Шортандар балдырлармен, жоғары сатыдағы су өсімдіктерімен, хирономид личинкаларымен, шаянтәрізділермен, кейде қорек жетіспеген жағдайда басқа балықтардың шабақтарымен де қоректенеді.

Бұл балықтар өмірінің 2-3 жылында жыныстық жағынан жетіледі, сәуір айынан бастап мамыр айлары аралығында уылдырық шашды. Уылдырықтарын су өсімдіктеріне шашады. Уылдырық шашу уақытында бұл балықтар қоректенбейді.

Шортандар балдырлармен, жоғары сатыдағы су өсімдіктерімен, хирономид личинкаларымен, шаянтәрізділермен, кейде қорек жетіспеген жағдайда басқа балықтардың шабақтарымен де қоректенеді.

Шаруашылық маңызы бар, еті дәмді болғандықтан ауланады [8] .

Арал ақмарқасы - Aspius aspius iblioides. Арал ақмарқасының басқа балықтардан ерекшелігі бұлардың арқасы және құйрық жүзбе қанатының түсі қара-сұр, бүйірі күміс түстес немесе сұрлау, денесінің астыңғы жақ бөлігі ақшылдау болып келеді. Арқа жүзбе қанаты біреу.

Бұл балықтар Қара және Каспий теңіздерінде, сирек болсада Азов пен Балтық теңізінде, Орталы Азияның дерлік барлық суларында, Амударияда және Сырдарияда таралған.

Жас ақмарқалар құрттармен, майда шаянтәрізділермен және насекомдармен қоректенеді. Ал дене пішіні 30-40см-ге жеткен ақмарқалар жырқыш келеді, ола балықтардың шабақтарымен де қоректенеді, бірақ көп емес, негізінен насеком (қоңыздар, көбелектер, шегіркелер ) қоректілер.

Арал ақмарқалары өмірінің 3-4 жылында жыныстық жағынан жетілдеді, көктемде сәуір және мамыр айларында судың ағысына уылдырықтарын шашады.

Шаруашылық маңызы бар балық, көптеп ауланады [8] .

Тыран - Abramis brama orientalis. Тыран балықтарының денесі биік, басы мен ауызы кішкентай. Ауыздары түтік тәрізді, арқа ж. збе қанаты денесінің ең биік жерінде орналасқан. Аналь жүзбе қанаттары ұзынша келген, аналь жүзбе қанаты арқа жүзбе қанатының астыңғы біткен жерінен басталады. Дене пішіні үлкен трандардың арқасы сұрлау немесе қоңырқай келеді. Барлық жүзбе қанаттары сұр, ал кішкентай особтарының түстері күміс түстес болып келеді. 23 жылға дейін өмір сүреді.

Тырандар балықтары тобырымен, судың терең немесе ортаңғы қабатында тіршілік етеді. Мекен етіп жүрген ортасында сақ болып тіршілік етеді. Бұл балықтар Еуропаның орталық және солтүстік бөлігінде, Каспий, Қара, Балтық, Азов, Арал теңіздерінде, Қазақстанда көптеген су қоймаларда Ертіс, Балхаш, Сырдария өзенінде таралған. Тырандар хирономид дернәсілдерімен, майда шаянтәрізділермен (дафния, циклоп), балдырлармен құрттармен қоректенеді.

Тыран балықтарының уылдырық шашу уақыты Солтүстік аймақтарда сәуірдің ортасында, ал Оңтүстік аймақтарда одан ертерек болады. Уылдырықтарын сі өсімдік терінің, су астындағы тастардың маңдарына шашады. Шамамен 90 мыңнан 350 мың аралығында уылдырық шашады.

Тыран балықтарының шаруашылық маңызы зор, бірақ етінде қылтықтары көп болады. Сонда көптеп ауланады [9] .

Тұқы - Сyprinius karpio. Денесін циклойдты қабыршақтар жапқан, 2 жұп мұршалары бар. Төменгі ауыз, мұртшалары қысқа, 2 жұп, көзінің диаметрінен аз (кішкентай) .

Түсі мекен ортасына байланысты күміс түстен сарғыш түске дейін ауытқиды. Арқасы әдетте қара, құрсағы ақшыл [9, 11] .

Тұқы балығы Каспий теңізі, Жайық, Жем су алабтары, Шалқар көлі, Арал су алабы, Орал, Ембі өзендерінде, Қапшағай су қоймаларында кеңінен таралған. Аралда кездесетін тұқының ұзындығы 40 - 45 (80) см, ал салмағы 2 - 2, 5 кг [1] . Сонымен қоса тұқы балығы Еуропа, Қара және Жерорта теңіздерінде мекендейді, ал Солтүстік Америкаға жасанды жерсіндірілген [9] .

Тұқылар қорек талғамайтын балық, су қойманың қоректік базасының жағдайымен байланысты қоректену спектірін өзгертуге қабілетті. Бірақ Қазақстанның көптеген су қоймаларында оның сүйсініп жейтін қорегі насекомдарың дернәсілдері (личинкалары) және хирономидтер. Осымен бірге оның қорегінің түйінінде зоопланктонмен макрофиттер де басым болады, сонымен қатар өсімдік және жануар текті детрит.

Тұқының шабақтары ерте кезде алдымен зоопланктонмен яғни коловраткалармен, бұтақмұртты шаяндармен, ескекаяқты шаяндармен қоректенеді. Арал теңізіндегі шабақтар бұтақмұртты және ескек аяқты шаяндармен қоректенеді [17] .

Тұқының жыныстық жетілуі 3-4 жылда, үлестеп уылдырық шашады. Бұл балықтың аталығы аналығына қарағанда ертерек жетіледі. Тұқы балығының аналықтары орташа 96 мыңнан 18 - ға, Бұқтырма су қоймасында 25-ға дейін уылдырық шашады [9] .

Сырдария және Талас бассейндерінде уылдырық шашу температурасы наурыздың аяғында - сәуірдің бірінші жартысында болады. Шу, Іле өзендерінің бассейндерінде, Аралда, Балқаш және Алакөл көлдерінде сәуірдің екінші жартысында мамырдың басында республиканың солтүстігінде мамырдың ортасында. Қолайлы жылдары тұқы 3 порцияға дейін уылдырық шашады. Уылдырық шашуы су температурасы 17-18 0 С кезінде басталады, бұл әдетте Орал бассейнінде Сәуірдің аяғымен Майдың басында байқалады.

Уылдырығын шашу үшін тұқы өсімдік шабындықтары су астында қалған бөліктерді таңдайды, егер олар жоқ болса тұқы уылдырығын қатты су өсімдіктерінің тамыры мен сабағына шашады. Уылдырық шашатын бөліктері аса терең емес жерде орналасқан, әдетте 0, 5 м терең емес, бұны өте жылы аймақтарды іздейтіндігімен түсіндіруге болады. Су температурасы тұрақты кезде бірден уылдырық шашады, бірақ жыл маусымдарына байланысты уылдырық шашудың тәуліктік циклі өзгереді. Көктемде су температурасы төмен кезде әдетте уылдырық шашу үшін судың өте жылы уақыты кешті таңдайды. Жазда жиірек таңғы уақытта уылдырық шашуы байқалады [11, 12, 19, 20] .

Тұқы бекіре және албырт балықтарынан кейінгі Қазақстандағы ең бағалы кәсіптік түр болып саналады. Тұқының еті дәмді әрі сапалы болып келеді. Тағам ретінде ең негізінен жаңадан аулаған кезде қолданылады. Екі жастағы тұқы балығының 1 кг етінде 6, 5% май, 16, 14% белок болады, бұл 875, 5 ккал - құрайды, кейбір мәліметтер бойынша тұқы балығының етінде 14, 7 - ден 21, 7% - ға дейін белок, 0, 4 - тен 22, 2% - ға дейін май болады. Спорттық балық аулаудың ең сүйікті объектісі, тоған шарушылығында қолдан өсіреді [9, 10, 11, 18] .

Күміс түстес мөңке - Carassius carassius. Күміс түсті мөкенің дене пішіні орташа келген, мұртшалары болмайды, денесін күміс түстес қабыршақтар жапқан, ол қабыршақтары құйрық жүзбе қанатына денйін жалғасады, жұтқыншақ тістері 1 қатарлы.

Мөңкелер кез-келген су қоймалар мен өзен көлдерде кездеседі, бірақ жылу сүйгіш. Қазақстанда Сырдария, Іле, Шу, Ертіс, Жайық, т. б өзендерде таралған.

Бұл балықтар күндіз суда белсенді тіршілік етіп, күндіз қоректенеді. Судағы газдық режиміне өте төзімді келеді. Қыста су түбінде қыстап шығады.

Бұл балықтар фито және зоопланктонмен, бентоспен, детритпен майда шаянтәрізділермен (дафния, циклоп т. б) қоректенеді [9, 18] .

Мөке балықтары жыныстық жасына 2-3 жасында жетіледі, Оңтүстік аймақтарда Солтүстік аймақтарға қарағанда ертерек жетіледі. Уылдырықтары су температурасы 14-15 0 С та, мамыр және маусым айларында шашады.

Шаруашылық маңызы зор, бірақ етінде қылтықтары көп болады [10, 13] .

Түркістан аққайраңы - Leuciscus idus oxianus . Арқасы білімсіз жасыл-сұр, екі жаны күміс түстес, көкірек, кеуде, аналь жүзбе қанаттары қызғылт, арқа және құйрық жүзбе қанаты ашық қара (Г. В. Никольский, 1940; Л. С. Берг, 1949) . Қабыршақтары ірі, бүйір сызығында 55-61 қабыршақтары болады, тістері тегіс, бірақ ұшына қарай ішке иілген.

Г. В. Никольскийдің (1940) және Л. С. Берге (1949) зерттеуі бойынша түркістан аққайраңы Арал теңізінде, Сырдария өзенінде, Шу өзенінде және т. б өзендерде мекендейді.

Аққайрандар су өсімдіктерімен, майда шаянтәрізділер, бүйірімен жүзушілермен, насекомдармен қоректенеді.

Түркістан аққайраңдары жыныстық жағынан өмірінің 3-4 жылында жетіледі (Г. В. Никольский, 1940), ал Г. М. Дуравецтің зерттеуі бойынша Сырдаряи өзенінде мекендейтін түркістан аққайраңдары 2-3 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Бұл балықтар Сырдария өзенінде наурыз айының соңында және сәуір айында толық уылдырық шашып болады, мамыр айында аулауға рұқсат береді. Уылдырықтарын ағысы күшті сулардағы өсімдіктердің маңдарына шашады (И. А. Пивнев, 1963) . Бұл балықтардың қанша уылдырық шашатыны анықталмаған.

Түркістан аққайраңдары еті үшін ауланады, Сырдария өзенінің жағалауларында 1971-1973 жж бастап аулана бастады (Г. М. Дукравец, 1978) [7, 8] .

Түркістан қаязы - Barbus capito conocphalus. Дене пішіні үлкен, ұзындығы 70 см, салмағы 5, 3 кг-ға дейін. Бүйір сызығында 59-68 қабыршақтары болады. Арқа жүзбе қанатында 8 тарамдалған талшықтар болады. Қазақстанның қызыл кітабына тіркелген.

Түркістан қаязы Орталы Азияның су қоймаларында (Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстан), Қазақстанның Арал теңізінде және Сырдария өзенінде, Шу өзенінде таралған. Бірақта жоғарыда аталаған өзендермен теңіздерде кездескенімен саны жағынан өте сирек кездеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сырдария өзенінің мекен ететін балықтар
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық - географиялық сипаттама
Мақтаарал ауданының географиясы мен экономикалық жағдайы
Мақтаарал ауданының топонимиясына тарихи — лингвистикалық және сөзжасамдық сипаттамасын, тілдік ерекшеліктері
Қызыл кітапқа енген құстарды да қырып жатыр
Мақтааралдың мақтанышы
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері
Жорғалаушылардың денесінің құрылымы
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық-географиялық сипаттама жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz