Саясат субъективті сипаттағы құбылыс ретінде
1. Саясат субъективті сипаттағы құбылыс ретінде
2. Тәжірибедегі қолданбалы саясат
3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2. Тәжірибедегі қолданбалы саясат
3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Саясат ұғымы – әлем халықтарының барлығына сай ұғым. Өркениетті адамзат ұдайы саясат құбылысымен қатарласа, онымен қоян-қолтық араласып өмір сүріп келе жатыр. Жер шарындағы 220-дан астам мемлекеттердің әр қайсының өзіне тән саясаты бар. Сондықтан, саясат – әлемдік жалпылық сипаттағы құбылыс. Саясатқа ғылыми талдау жасауды бастаған көне грек ойшылдары және қытай философтары. Жазбаша деректерде алғаш рет саясат сөзі грек тілінде polite – мемлекетті басқару өнері деп берілген. Б.ғ.д. IV-VI ғасырларда-ақ ойшылдар саясаттың қоғамдық өмірдің аса күрделі құбылыстарының бірі екендігін жақсы түсінген. Себебі, саясат құбылыс ретінде қоғамдық қатынастардың негізгі салдары мен бағыттарын қамтиды немесе оларға тікелей ықпал етеді. Ол жалпылық сипатқа ие бола отыра, жеке тұлғаның, адамның өміріне өзінің әсерін тікелей немесе жанама тигізіп отырады.
1. Платон. Государство // Соч. в 3 т. – М.: Мысль, 1971.- Т.3. г.1.- 473 с.
2. Аристотель. Политика. Афинская полития // Пред. Е.М. Темнова. М.: Мысль, 1997.- 458 с.
3. Цицерон М.Т. Диалоги о государстве, о законах. – М., 1966. – 446 с.
4. Макиавелли Н. Государь. М.: Планета, 1990.- 654 с.
5. Монтескье Ш. О духе законов // Избр. Произведения. М.: Мысль, 1995.- 270 с.
6. Попер Карл Раймунд. Открытье общество и его враги. // Пер. с англ.; Под ред. В.Н. Садовского. М.: Феникс, 1992.- Т.2.- 448 с.
7. Аль-Фараби. Социально-этнические трактаты.- Алма-Ата: Наука, 1973.-399 с.
8. Баласағұн Ж. Құтты білік (Құдатғу біліг). Аударған Алматы: Ғылым, 1986.- 540 б.

Кіріспе
Саясат ұғымы - әлем халықтарының барлығына сай ұғым. Өркениетті адамзат ұдайы саясат құбылысымен қатарласа, онымен қоян-қолтық араласып өмір сүріп келе жатыр. Жер шарындағы 220-дан астам мемлекеттердің әр қайсының өзіне тән саясаты бар. Сондықтан, саясат - әлемдік жалпылық сипаттағы құбылыс. Саясатқа ғылыми талдау жасауды бастаған көне грек ойшылдары және қытай философтары. Жазбаша деректерде алғаш рет саясат сөзі грек тілінде polite - мемлекетті басқару өнері деп берілген. Б.ғ.д. IV-VI ғасырларда-ақ ойшылдар саясаттың қоғамдық өмірдің аса күрделі құбылыстарының бірі екендігін жақсы түсінген. Себебі, саясат құбылыс ретінде қоғамдық қатынастардың негізгі салдары мен бағыттарын қамтиды немесе оларға тікелей ықпал етеді. Ол жалпылық сипатқа ие бола отыра, жеке тұлғаның, адамның өміріне өзінің әсерін тікелей немесе жанама тигізіп отырады. Әр мемлекеттің, әр халықтың, әрбір әлеуметтік тап пен топтың белсенді мүшелері саясатты жасауға немесе оған ықпал етуіне ұмтылып отырады. Саясат үнемі қозғалыста, дамуда болады. Оның себебі саясатқа араласушы күштердің қозғалысының бір сәтке де толастамауы. Әр мүдделі топтың саясаты оның мақсаттарына тәуелді. Сол себепті, саясат ғұмыры ұзақ немесе қысқа. Әр топтың өз саясаты сол топтың өмір сүруіне қатысты. Мысалы, ертедегі грек полистерінің саясатының ғұмыры сол полистердің өміріне ғана қатысты болды. Алайда, олардың сабақтары, тәлімі мен тәжірибесі грек ойшылдары Аристотелдің, Платонның т.б. еңбектері арқылы әлемдік саяси ой мен саяси тәжірибе үшін пайдалы салдарға ие болды. Өткен саяси тәжірибені білу және пайдалану күштердің мүдделі топтарының саясатына тән. Себебі, бұрын болған саяси шындық негізінде қазіргі шындық қалыптасты.Қоғамдық қатынастарға жалпылық сипатқа ие саясаттың араласпайтын саласы кемде - кем. Адамзат өмірінің дамуына өзекті, шешуші мәселелер түгел дерлік саясатпен байланысты. Саясат олардың мақсат-міндеттерін және құндылықтарын іске асырып, шындыққа айналдырудың негізгі құралы мен тетігі болып табылады. Сонымен саясат дегеніміз - мүдделі топтың алдына қойған мақсаттары, міндеттері, ой-арманы және көкейтесті құндылықтарына жетудің жолдары, тәсілдері, жоспарлары.
Саясат қандай да болмасын бір мақсатты орындауға жұмылған топқа тән. Саясаттың іске асуы мүдделі топтың билікке жетуіне байланысты. Саясат билік иесінің мақсаттарына, армандарына жетуінің тәсілдері мен жолдарын анықтау болып табылады. Саясат қандай да болмасын мүдделі топтың әлеуметтік, экономикалық, қаржылық және саяси мақсаттары үшін күресудің және соған жетудің мазмұнын анықтаушы. Саясат түрлі мақсаттарға байланысты болғандықтан, көпжақты сапаға және салдарларға әкелетін аса күрделі, қалтарысы мол феномен. Саясат - мәселені түбінде өз пайдаңа және мақсатқа жетудің ең шешуші құралы. Қоғамдық қатынастардың құрамдас бөлшігі ретінде саясат ғылым, адамдар оны пайдалануға түрлі айла амалдар қолдануына байланысты саясат-өнер. Саясат билік және мемлекетпен ықпалдасып барып шындыққа айналатын құбылыс.
Осыншама ұзақ анықтамадан саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде аса күрделі табиғатын көреміз. Саясат оны жасаушы мүдделі топтың ой армандарының, мақсат-міндеттерінің жиналған көрінісі ретінде туындап, топ мүшелерін біріктіруші рухани күшке, субъективті факторға айналады.
Саясат субъективті сипаттағы құбылыс ретінде адамдар топтарына ғана тән. Ол ұжымдық сипатқа ие. Жеке тұлға өзі жалғыз ешқандай саясатты іске асыра алмайды. Жеке тұлғаның саяси мақсаттары ұжымдық қатынастарда ғана шындыққа айналады. Саясат объективті шындықта қызмет ететіндіктен оны ғылыми тұрғыдан түсініп, талдауға болады. Ал, саясаттың адамдардың іс-әрекетіне, ниетіне, айла-амалдарына байланысты да жүретіндігінен, ол - өнер. Саясатқа анықтама бергенде, саясат - ғылым және өнер деп айтылуында терең шындық бар.
Саясат қандай да болмасын, мемлекеттің өмірі мен қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды, дамуға ықпал жасайды. Ресми биліктің қандай формасы болмасын, билікке ұмтылған мүдделі топтар болмасын, өзінің мақсат-міндеттеріне сәйкес, саясатын жасайды және билігін асыруға тырысады. Сондықтан, саясат, билік, мемлекет ұғымдары туыстас, өзара тәуелді және өзара ықпалдастықта. Саясат объективті шындық ретінде адамдар мен түрлі әлеуметтік топтардң билікті және басқаруды жүзеге асыру қызметі болып табылады. Ресми мемлекеттік саясаттың іске асуы билік пен мемлекеттік институттардың қызметіне байланысты.
Саясат адамзат өркениетімен бірге жасасып келе жатқан көне құбылыс. Билікті жүйелі негіздеп, ұйымдастыруға ұмтылыс болған. Б.э.д. IV ғасырда ерте грек философтары Платон мен Аристотель саясатты қоғам мен мемлекетті басқару өнері деп түсіндірді. Аристотель өзінің атақты Саясат деген еңбегінде грек полистеріндегі билік табиғатын, функцияларын, басқарудың мүмкін формаларын саралап көрсетеді. Ол мемлекет пен қоғамды ғылыми басқаруға болады деген мәселені күн тәртібіне қойып, шешпек болды. Polite (саясат), episteme (білім), techno (өнер) үшеуі қабаттасып, қоғамды басқару ғылымы мен өнерін жасайды,- деп тұжырымдайды ұлы грек философы. Саясат адамзат қоғамын ұйымдастырудың барлық істеріне қатысты дейді Платон. Саясат ықпалын қоғам мүшелері түгелдей сезінеді. Сондықтан, саясат - ғылым және өнер. Ғылыми негізделген саясатты өнерлікпен жүргізу оның тиімділігін және күштілігін қамтамасыз етеді.
Адамзат қоғамының дамуымен бірге, саясат ұғымы мазмұны да байып, дамиды. Адамзат өркениеттің қазіргі эволюциясы жағдайында саясат қоғамды модернизациялаудың құралы, әдісі және жолы болып табылады. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени салада тән саясат бағыттары болады. Қоғамдық құрылыс салалары қаншалықты көп болса, саясат салалары да соншалықты көп.
Сонымен саясат қоғамдық жүйені өзгертудің, жаңартудың құралы, тәсілі және әдісі бола отыра, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларды дамытуды үнемі күн тәртібіне қояды және іске асырады. Қандай билікке мүдделі топ болмасын, өз мақсаттарын, мүдделерін саясат арқылы қоғамдық қатынастарға енгізеді. Саясат мүдделі топтардың мақсаттарын іске асырудың ең сенімді және универсалды құралы болып табылады. Ал, ресми мемлекеттік саясат сол елдің алдындағы ең өзекті мақсат, міндеттерді қамтиды. Ресми билік саясатын мемлекет басшысының, патшаның, корольдық, президенттің мемлекет тұтастығын сақтауға, өзінің жеке билігін нығайтуға, ішкі және сыртқы қатынастардағы мәселелердің пайдасына және өз пайдасына шешуге бағытталған мақсатты, міндеті және әрекеті деп бағалауға болады. Демек, саясатта шешуші рөлге мемлекеттік билікті иемденіп отырған мүдделі топ ие.
Билікке қол жеткізген кейбір мүдделі топтар ел халқының ортақ мемлекеттік мүдделеріне қызмет жасамай, ел байлығын, табиғат ресурстарын жеке топтық мүддеге немесе отбасылық клан мүддесіне қызмет етеді. Олай болғанда, басқарушы топ ел халқын алдау, өтірік уәделер беру, жасанды шараларды уағыздау арқылы, қате қоғамдық пікір қалыптастыруға тырысады. Немесе, өз халқына қарсы қорқыту, репрессия саясатын жүргізеді. Мұндай мемлекеттерде қарапайым халық өтірік пен алдаудың, қорқыту мен зорлық-зомбылықтың құрбаны болады.
Демократиялық, құқықтық мемлекетте саясат ел халқының басым бөлігінің мақсат, мүдделеріне сәйкес, мемлекеттің күш-қуатын арттыруға, халықтың материалдық әл-ауқатын жақсарту мақсатында іске асырылады. Мұндай саясатты электорат қолдайды. Халықты өз жағына тарту үшін әр қырлы мүдделері мен позициясы бар мүдделі топтар саяси сфераға өз бағытын жүргізуге ұмтылды. Олардың түпкі мақсаты билікке қол жеткізу, немесе билікті басқа топтармен бөлісу. Осы себепке байланысты, саяси процесс парменентті, үзіліссіз мемлекеттік билікке талас процесі болып табылады. Билікке талас демократиялық елдерде Президент, Парламент сайлаулары кезінде тіптен күшейе түседі.
Саясаттың қызметі, іске асуы тек қоғамды біріктіруші, топтастырушы рөл атқармайды. Саясатта теке-тірес, шиеленіс, конфликтер үнемі орын алып отырады. Басым топтың саясатының өзіне күдік келтірушілер табылады. Саясаттың ерекшелігі оның билікке талас қатынастарымен қат-қабат біргежүреді. Саясат, билік, мемлекет, басқару құбылыстары бірінен бірі туындап, біріне бірі себеп болып, ұдайы өзара тәуелді байланыстағы қозғалыста жүреді.
Тәжірибедегі қолданбалы саясат адамдардың мемлекеттік өміріне, қоғам басқаруға, билікке араласуы. Адамзат саясатқа сайлаушы, сайланушы, губернатор, әкім, министр, түрлі билік институттары басшылары ретінде араласады. Саясатты негізінен белгілі бір әлеуметтік топтың, саяси күштің мүддесін жақтайтын саяси партиялар жасайды. Партиялық саясат мақсаты мемлекеттік билікті жеңіп алу арқылы, өзі көксеген, партия бағдарламасында негізделген мемлекетті басқару идеалын жүзеге асыру. Демек партия бағдарламалары, платформалары, концепциялары және түрлі қоғамдық-саяси ұйымдардың көрінісі болып табылады.
Саясатты бірден ғылым және өнер деп бағалауға болады. Саясаттың ғылымилығы оның объективті шындықпен байланыстылығында. Саясат қоғамдық қатынастардың заңды нәтижесі ретінде ғылыми талқылауға бөлінеді. Саясат қоғамның саяси сферасының шындығы. Объективті саяси шындықты талдай отыра, саясат бағыттары анықталады. Саясаттың өнер болуы мақсатқа жету барысында мүдделі топтың мүмкін болатын барлық айла, әрекеттерді қолдана білуінде. Саясатта мақсатқа жету үшін қарсыласты алдау, өтірік айту, жалған уәде беру, түрлі жасырын келіссөз жүргізу, құпия қадамдар жасау, одақтастар жинау, жақтастарды көбейту сияқты айла-тәсілдердің сан алуаны қолданылады. Кім пысық, кім өнерлі болса, кім өз өнерімен электоратты соңынан ерте алса, саясатта сол жеңіске жетеді. Саясатты ғылым да өнер де деп атау осыған байланысты. Билікке саясатты ғылым мен өнерге айналдыра білгендер жылдам жетеді. Саясатты пайдалану, жүргізу және іске асырудың мәселелерін саясаттану ғылымы зерттейді.
Саясат қоғамдық құбылыстармен терең және диалектикалық байланыста болуы себепті өте күрделі құбылыс. Оның күрделі болуы оны жасайтын мүдделі топтардың қым-қиғаш мақсат-міндеттердің болуына тәуелді. Саясатқа қатынасын және оны жасайтын мүдделі топтар қатарына: халықаралық ұйымдар (БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕЫӘҰ, ШЫҰ т.б.сияқты), мемлекеттер, халықтар мен этникалық топтар, әлеуметтік топтар мен таптар, саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар, үкіметтік емес ұйымдар, діни ұйымдар мен секталар, т.б. саясат субъектілері кіреді. Сонымен қатар, саяси үрдістерге саясат субъектілерін басқаратын жеке тұлғалардың, адамдардың рөлі өте ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz