Қазақстан тарихы туралы
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Тас дәуіріндегі Қазақстан. Мезолит. Неолит. Энеолит.
2. Қола дәуіріне сипаттама және археологиялық ескертіштер
3. Ғұндар, үйсіндер, қаңлылар мемлекеттері
4. Түрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты
5. Қарахан мемлекеті. Қарақытайлар. Наймандар мен керейлер, қыпшақтар
6. Моңғол мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы
7. Қазақстан Алтын орданың құрамында. Ноғай ордасы. Дешті.Қыпшақ
8. Қазақ халқының қалыптасуы. Жүздердің пайда болуы
9. Қазақстандағы көшпелілер өркениетінің ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Тарих деректерге сүйеніп жазылады.Ал қазақ тарихын толық зерттеу үшін бір тарихи оқиға туралы ондаған жүздеген мәліметтерге сүйенуге тура келеді.Сақталынған Ресей құжаттарын,Цинь империясы жылнамаларын ортағасырлық шығ деректерді (араб,парсы,түркі,шағатай тілдеріндегі еңбектер) және бұл мәліметтерді пайдаланған тарихшылар зерттеулерін салыстыра пайдалансақ дерекнама саласының қажеттігіне, арнайы талдап қарастыру керектігіне назар аударымыз. Өзара қарама-қарсы мәліметтерді салыстыра зерделеу ғана өз нәтижесін ұсынады.Сондықтан шетелдік деректерге қоса ел арасынан табылып жатқан отандық жазба ескерткіштерді де тарихи таным арнасына тартуымыз қажет.
1.Қазақстандағы іздеулер мен қазбалар, Алматы 1972ж
2.Ежелгі Қазақстан мәдениеті,Алма-Ата 1969ж
3.Қазақстан полеолитінің геохронологиясы,Медоев
А.Г1982ж
4.Архив Марғұлан атындағы архелогия институты,НАН РҚ

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Тас дәуіріндегі Қазақстан. Мезолит. Неолит. Энеолит.
2. Қола дәуіріне сипаттама және археологиялық ескертіштер
3. Ғұндар, үйсіндер, қаңлылар мемлекеттері
4. Түрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты
5. Қарахан мемлекеті. Қарақытайлар. Наймандар мен керейлер, қыпшақтар
6. Моңғол мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы
7. Қазақстан Алтын орданың құрамында. Ноғай ордасы. Дешті-Қыпшақ
8. Қазақ халқының қалыптасуы. Жүздердің пайда болуы
9. Қазақстандағы көшпелілер өркениетінің ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тарих деректерге сүйеніп жазылады.Ал қазақ тарихын толық зерттеу үшін бір тарихи оқиға туралы ондаған жүздеген мәліметтерге сүйенуге тура келеді.Сақталынған Ресей құжаттарын,Цинь империясы жылнамаларын ортағасырлық шығ деректерді (араб,парсы,түркі,шағатай тілдеріндегі еңбектер) және бұл мәліметтерді пайдаланған тарихшылар зерттеулерін салыстыра пайдалансақ дерекнама саласының қажеттігіне, арнайы талдап қарастыру керектігіне назар аударымыз. Өзара қарама-қарсы мәліметтерді салыстыра зерделеу ғана өз нәтижесін ұсынады.Сондықтан шетелдік деректерге қоса ел арасынан табылып жатқан отандық жазба ескерткіштерді де тарихи таным арнасына тартуымыз қажет.Тас дәуірі- адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең.Бұл кезеңде металл өңдеу болмаған,адамдар ағаштан,сүйектен,кейінгі тас дәуірі кезеңінде балшықтан ыдыстар мен құралдар жасаған.Тас дәуірі адамдардың жануарлар дүниесінен бөлінген кезінен бастап (1млн.800мың жыл бұрын),алғашқы металдардың таралу кезеңіне дейінгі аралықты (Ертедегі Шығыста 8 мың жыл бұрын, Еуропада 6-7 мың жылдар бұрын) қамтиды.Ерте темір дәуірі (палеолит)және жаңа тас дәуірі (неолит) болып екіге бөлінеді.Палеолит - қазбадан табылған адамдар өмәр сүрген уақыт.Палеолит пен неолит аралығындағы кезең мезолит деп аталады.Палеолит кезеңі ежелгі төменгі (1млн.800 мың жыл-35 мың жыл бұрын), кейінгі (35-10 мың жыл бұрын)болып екіге бөлінеді.
Тас дәуіріндегі Қазақстан. Мезолит. Неолит. Энеолит.
Алыс замандарда өткен бабаларымыздың өмір-тіршілігі жайлы қазіргі түсінігіміз олар тұрған үңгірлер мен үңгіме қуыстарды зерттеп білуге негізделген, сол үңгірлер мен қуыстарда адам еңбегінің белгісі - тас құралдар, соларды дайындаудан қалған қоқыстар тамақ қалдықтары - жануарлардың сүйектері сақталған. Қазіргі заманның артта қалған халықтары дейтін жұрттар өмірінен алынған этнографиялық мәліметтердің де маңызы аз емес. Мұндай мәліметтер етелгі адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің біраз қырлары мен сырларын анығырақ түсіндіруге мүмкіндік жасайды. Алайда ең басты хабарды алғашқы қауымның бәрінен де көбірек кездесетін материалы - еңбектің тас құралдары береді.
Белгілі бір әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына байланысты адамзат тарихы ұзақ-ұзақ кезеңдерге бөлінеді. Археологияда кезеңдендірудің өзіндік әдісі жасалған, оған сәйкес адамзат тарихы тас, қол мен темір және ортағасырлар дәуірлеріне бөлінеді. Ал, өзінің рет-ретімен жоғарыда айтылған дәуірлер кезеңдер мен мәдениеттерге - палеолит, мезолит және неолит кезеңдеріне бөлінеді.
Адамзаттың пайда болуы мен қалыптасуы тас дәуірінен бастау алады. Тас дәуірі б.з.д. 2,5 мың жылдай бұрын басталып, б.з.д. III мың жылдықта аяқталды, яғни, 2 млн жылдан астам кезеңді қамтыды. Тас дәуірі: полелит (ежелгі), мезолит (орта), неолит (жаңа) болып үш кезеңге бөлінеді. Өз кезегінде палеолит: төменгі, орта және кейінгі болып бөлінеді. Осы кезеңдер бөлінісі, жалпы алғанда, адамның жер бетінде, соның ішінде Қазақ жерінің аумағында алғаш қалыптаса бастау уақытын анықтау үшін келтіріліп отыр. Тарих ғылымында археологиялық мәдениет бойынша, атап айтқанда, белгілі бір уақытқа жататын және белгілі бір аумақта жинақталған археологиялық ескерткіштерді анықтау бойынша кезеңдерге бөлу дәстүрі қабылданған.
Көне тас ғасырының дәуірі - адамзат және оның шаруашылығының қалыптасу кезі - өндіргіш күштердің төмен деңгейінде болуымен сипатталады. Анайы шаруашылық қам-харекеті табиғаттың дайын тұрған өнімдерін пайдаланумен ғана шектелген. Әуелгі адам жабайы өсетін дәндерді, жемістер мен жидектерді жинап, жануарларды аулаған. Адамдардың өзара қарым-қатынасы, мүшелерінің экономикалық теңдестігіне, еңбек-бейнеті жынысы мен жасына қарай, табиғи түрде бөлісуге негізделеді және өзінің сипаты жағынан ұжымдық қатынастар болады.
Адамдардың қоғамдық ұйымы полеолит дәуірінде дамудың күрделі де ұзақ жолынан өтеді. Оның бастапқы кезі алғашқы табын-тобыр - басқосып қорғану және бассалу үшін, аң аулау, жиын-терін үшін бірлесу болады. Осынау рулық қатынасқа дейінгі әлеуметтік құрылымның қоғамдық қарым-қатынасы мүлде дамымаған, қауымдық-үйшілік шаруашылығы болмаған, дегенмен де оларда некелік байланыстардың біраз реттелгені байқалады.
Алғашқы тобыр төменгі полеолиттің ертеректегі екі басқышына - шелльге дейінгі және шелль кезеңдеріне сәйкес келеді. Ашель заманында жаңа әлеуметтік организм - алғашқы қауымға қажетті алғышарттар біртіндеп толысып жетіле бастайды. Мустье дәуірінде отырықшылық, еңбекті жынысы мен жасына қарап, табиғи түрде бөлу жүзеге асады, қауымның бастапқы түрлері пайда болады. Кейінгі полеолиттің адами ұжымдары әлеуметтік жағынан жаңа бір қырынан сипатталады - оларда алғашқы рулық қауымның толысқан түрлері құрылады. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, осы бір сапалық секіріс неандерталдардың дене бітімі қазіргі адамдармен бірдей саналы жанға (Homo sapiens) айналуына сай келеді.
Қола дәуіріне сипаттама және археологиялық ескертіштер
Адамның егіншілік машығын игеру процесі жабайы дәндерді, жеміс пен жидектерді жинап-теруден оны өсіруге көшуі сан мыңдаған жылдарға созылды. Ғалымдар мәдени дақылдарды өсіріп-жетілдірген кезең б.з.д. 8-7 мыңжылдықтар деп шамалайды және ол бәрінен бұрын Кіші Азияның таулы аудандарында пайда болса керек. Б.з.д. 6-5 мыңжылдықтардағы егіншілік әуелі Түркменстанның оңтүстігіне, Копетдаг алқабына жетіп, Орта Азияға тарайды. Қазақстанның таулы және далалы аудандарына қола ғасырында б.з.д. 3 мыңжылдық аяғында келеді.
Б.з.д. 2 мыңжылдықтың 1 ширегі біткен кезде евразия даласында қоланы ойлап шығарады. Ежелгі адамдар жезге қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтеді.
Қоладан ұңғылы балталар мен сүңгілер жасауды үйренеді. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қола ғасырында андроновтық археологиялық мәдениетке жататын жәдігерлер (мекендер, қорымдар, рудниктер, тастағы суреттер) қалдырған. (Ал ескі мола ең әуелі Андроново селосы жанынан - Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы іргесінде қазылып табылғандықтан, шартты түрде осылай атап кеткен). Сол жердегі қазу жұмыстарын 1913 жылы Б. В. Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М. П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері - шығыста Минусинскіден бастап, батыста Оралға дейінгі - орасан зор территорияға тарағанын анықтады. Кейінірек андронов ескерткіштері Қазақстанның түскейінен, Жетісу мен Орта Азиядан да табылды.
Андронов мәдениетін зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі хронологиямен, уақыт межесін анықтау ісімен байланысты, зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын үш кезеңге бөледі: ерте қола - б.з.д. 18-16 ғасырлар; орта қола - б.з.д. 15-12 ғасырлар; кейінгі қола - б.з.д. 12-8 ғасырлар. Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткішер атына сәйкес, федоров, алакөл, замараев кезеңдерін көрсетеді деп есептелді. Бірақ кейін Федоров ескерткіштері ерте қола дәуіріне емес, орта қола уақытына жататыны даталанды, сөйтіп, андронов мәдениеті дамуының сындарлы суреті бұзылды. Мұның үстіне Федоров ескерткіштерінің ерте және кейінгі кезеңдерге бөлініп, ыдырап кететіні анықталды. Оның бірінші тобы - б.з.д. XV-XIV ғғ, екінші тобы - XIII-XII ғғ. Жатады. Егер бұрын ескерткіштер Орталық Қазақстан мен Оралдан табылса, енді кейінгілері Батыс Сібірден, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысынан, Орта Азиядан табылды.
Керамика қатарынан сырты үшбұрыштар мен меадрлар, басылымды қосар сызықтар келісім тауып, жарасымды өрнектелген құмыралар көз тартады. Ыдыстардың тек жоғары жағы ғана әсемделеді. Дөңгелек қола айналар, қола моншақтар ұшырасады. Қабір ішінен мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері де табылған.
Қоланың кейінгі кезеңі Орталық Қазақстанда жаңа мәдениет - Беғазы-Дәндібай мәдениетінің құрылуымен белгілі. Бұл мәдениетке тән бір қасиет, ол бірінші жағынан, андронов дәстүрін сақтайды, екінші жағынан, онда жаңа элементтер: мазарлардың айрықша типі, өзіндік өзгешелігі бар жерлеу салты, қыш ыдыстардың жаңа түрлері пайда болады.
Ғұндар, үйсіндер, қаңлылар мемлекеттері
Жетісудағы Тиграхауд-сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары Орталық Азияның түкпірінен келген еді. Б.з.д. II ғ. шамасында үйсіндердің бір бөлігі Жетісуға көшіп келіп, сақ тайпаларын бағындырды, сөйтіп, қолбасшы гуньмо (Күн бегі) деп аталатын иеліктің негізін салды.
Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды, олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтеді де, Қаңлылармен шектеседі. Шығысында ғұндармен ортақ шекара болды, оңтүстігінде олардың иелігі Ферғанамен ұштасып жатты.
Үйсіндердің астанасы Чигучен (Қызылалқап қаласы) Ыстық көлдің жағасына орналасты. Үйсіндердің этникалық тегі әлі де ақырына дейін анықталмаған. Зерттеушілердің біразы үйсіндер шығыс иран тайпаларынан шыққан десе, екінші біреулері үйсіндер - түрктердің арғы аталары, олар түрікше сөйлеген деп есептейді, Бірақ, қалай болса да, қазақтың ең ірі тайпаларының бірі үйсін деп аталады.
Қаңлы, Қытайша Канцзюй жазба деректерде б.з.д. II ғ. айтылады. Қытай императоры Уди Батыс елдеріне Чжан Цянді бас етіп сауда елшілігін жібереді, 13 жылдан кейін талай қиыншылықтар өтіп, Чжан Цян қайта оралады. Ол бастырған жазбаларда бұрын Қытайға беймәлім болып келген мемлекеттерге сипаттама беріледі. Солардың арқасында Қаңлы мемлекеті де аталады, оның билеушісінің ордасында Чжан Цяннің өзі болған екен.
Қаңлы халқының этникалық сипаты жөніндегі мәселе күрделі де қиын. Қаңлылардың қай тілде сөйлегені жөнінде де біріңғай пікір жоқ. А. М. Бернштамның пікірінше, қаңлылар түрік тілді халық болған. Басқа зерттеушілер қаңлылар Солтүстік Иранның мал өсіруші тайпалары қатарына жатады, олар б.з. 1-мыңжылдығындағы ортасында Сырдария бойына түрік тайпаларының қоныс аударуына байланысты өзінің этникалық бейнесі мен тілін өзгерткен деп болжам жасайды. Б. А. Литвинский қаңлылар ирантілді сақтардың ұрпағы деп есептейді. Оның пікірінше, Қаңлы атын сақ тайпаларының бірі, былғары киімді әлде (сауытты) адамдар деп айтуға болады.
Тарихта ғұндар аты кеңінен белгілі. Осынау жоғалып кеткен халық аты - жаугерліктің, қаталдық пен тағылықтың бейнесіндей көрінеді. Аттила бастаған ғұндар Еуропа елдеріне жортуыл-жорық жасап, оларды құлазытып кетеді, олар халықтардың ұлы қоныс аударуын бастайды. Мұның бәрі Еуропа тарихынан таныс оқиға. Ал б.з.д. дәуірдің соңғы ғасырлары мен б.з. алғашқы ғасырларында Орта Азияны, оның ішінде Қазақстан жерін мекендеген азиялық ғұндар тайпалары онша мәлім емес. Тарихи әдебиетте олар хунну немесе сюнну деген атпен белгілі.
55-жылы аса құдіретті ғұн мемлекеті - оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінеді. Солтүстік-батыс Моңғолиядағы Қырғыз-Нұр көліне таяу жерден теріскен ғұндарының билеушісі Чжичжи өз ордасын орнатады.
Ғұндардың қарауында әскери тұтқындар қатарынан құрылған құлдары және қоластындағы облыстар халқы болған. Ғұндар арасында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы тұрпайы бюрократтық ақпараттың құрылуы, қанаудың бір түрі ретінде алым-салықты енгізу, жазу-сызудың таралуы сияқты құбылыстар өзімен-өзі жаңа кезеңге - таптық қоғам мен мемлекетке өту кезеңін ала келеді.
Түрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты
Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (II-V ғғ.) Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Еуропаның этникалық және саяси картасын едәуір мөлшерде өзгертті. VI ғ. Қазақстан жері аса қуатты мемлекет - Түрік қағанаты өкіметінің қоластына қарайды, олардың билеушілері Түрік тайпасының Ашындар әулетінен шығып отырған. Қағанат ұйымдасқанға дейінгі Түрік этносының өзінің құрылу тарихына келсек, ол III ғ. - Vғ. Ортасына дейінгі Ганьсу, шығыс Түркістан мен Алтай аймақтарында бірте-бірте сатылап құралған.
Түрік атының тұңғыш рет аталуы қытай шежірелерінен кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар Түріктерді Сюннуғұндар деп атаған. 546 жылы Алтайда теле тайпасы қыруар әскерінің талқандалуы салдарынан түріктерге 50 мың үйдің келіп қосылуы себепті олар кәдімгідей күшееді. 552 жылы көктемінде түріктердің бастаушысы Бумын өздерінің билеушісі аварларға қарсы шығып, оларды ойсырата жеңеді. Осы мемлекеттің ойрандалған орнында олар түрік қағанатын құрады.
Түрік қағанатындағы өзара қырқыс кезеңі (582-93 ж.) 603 жылы Батыс Түрік қағанатының бөлініп шығуымен аяқталады, Шығыс Түркістанның көгалды аймақтарынан бастап, Амударияға, Еділ өңірі мен Терістік , Кавказ далаларына дейін созылып жатқан байтақ жер осынау қағанат қарауына көшеді.
Батыс түрік қағанаты (603-704ж.) Қағанаттың этникалық саяси өзегі 10 тайпа (Он оқ будун) болды, олар Қаратау баурайынан Жоңғарияға дейінгі аралықта жатқан ежелгі үйсін жерін жайлайды. Шу өзенінің шығыс жағында Дулының 5 тайпасы, оның батыс жағында 5 тайпалы нушебилер тұрып жатты. Суяб қаласы елдің астанасы болды. Ал қағанның жазғы ордасы Мыңбұлақ. 610-618 жылдары Жегуй қаған мен оның інісі Түн-жабығы қаған билеген кезде қағанаттың күш қуаты таси түседі. Тохарстан мен Ауғанстанға жасалған жаңа жорықтар мемлекет шекарасын Үндістанның солтүстік-батысына дейін жылжытып-кеңейтеді.
Қағанат шаруашылықтың көшпелі және жартылай көшпелі әдісі басыңқы және отырықшы - егіншілік түрі қоса жүргізілетін бірегей жүйесі болып табылады. Қала мен дала қағанат құрамындағы біріккен әлеуметтік-саяси ағзаның бір-біріне аса қажет, бірін-бірі толықтырып отыратын бөлшектер еді. Елдің халқы - түріктері де, соғдылары да - бәрі бірдей сауда-саттықпен, қолөнер кәсібімен, егіншілік және мал өсірумен айналысып отырған.
Қағанаттағы бірінші тұлға - жоғарғы билеуші-басқарушы, әскери бастық, бәлкім, күллі жердің жердің қожасы да - қаған болған. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар - жабғы, шад және елтебер - қаған әулетіне ғана тән атақ. Сол қызметтерін бұйұрықтар мен тархандар атқарған. Қағанаттың негізгі халқы мал өсіретін ерікті сақ қауым мүшелері болған, оларды қара будан (қара халық, тобыр) деп атаған. Әлеуметтік жағынан тайпалар - ақ сүйек және вассал (бағынышты) тайпалар болып бөлінген. Бағыныштылар алым-салық төлеп отырған. Түріктердің көрші халықтарға шапқыншылық жасағандағы мақсатының бірі - құлдар әкету болған. Батыс түрік қағанатында таптардың пайда болу процесі және ерте феодалдық қатынастардың құрылуы жедел жүріп жатты.
Қарахан мемлекеті. Қарақытайлар. Наймандар мен керейлер, қыпшақтар
Қарахан мемлекеті (942-1212 ж. ) Мемлекет X ғасырда құрылды. Аумағы - Жетісу, Шығыс Түркістан. Орталығы: Баласағұн. Қазақстанда бірінші құрылған мемлекет. Жер иеленуді иқта деген. Ал иеленушілер - иқтадар. Басшысы - Сатұқ Боғра. Оның екінші баласы Сүлеймен-Ілік Баласағұнда билік жүргізді. Мұса қаза болған соң оның орнына Әли Арслан (960-990 ж. ) Хасан-Боғра хан әлсіз елдерді, Испилжапты басып алады. Саманиліктер Бұғараны және Самарқанды жаулап алады. Хасан Боғра хан Жент қаласының тайпаларынан қорқып, Жетісуға оралып, Қошқарбасы деген жерде өседі. X ғасырдың аяғында Қархандар Орта Азияға жорық жасайды, Хасан Боғра ханның баласы Жүсіп 992 жылы Хотанды басып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz