«Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
1.1«Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімінің» техникалық экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.1Ұйым капиталының есебі және аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.2 Негізгі құралдар есебі мен аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.3. Инвестициялар есебі мен аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.4 Қорлар есебі мен аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.5 Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.6. Дебиторлық берешектердің есебі мен аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.7. Міндеттемелердің есебі мен аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.8. Өндірістік шығындардың есебі мен аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.9Табыстар мен шығыстардың есебі мен аудиті және қаржылық нәтижені анықтау тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
3.1.Қаржылық есептілікті құрастыру әдістемесі мен тәжірибесі қолданылатын нормативтері мен стандарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
3.2.Бухгалтерлік балансты талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38

Мемлекеттік органның толық атауы - «Қазығұрт аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі. «Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) экономика және қаржы саласында дамудың негізгі бағыттарын әзірлеу басшылығын жүзеге асыратын және Қазығұрт ауданында бірыңғай мемлекеттік қаржы саясатын белгілейтін, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірліктегі мемлекеттің қаржы басқару саласында үйлестіруді, бақылауды және есепті ұйымдастыру функцияларын орындайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органы болып табылады.
Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. /// Егемен Қазақстан 2014жыл 11 қараша
2. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 314 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 қыркүйекте
3. Мақала «Қазығұрт тынысы» 7 наурыз 2014ж
4. Мақала «Қазығұрт тынысы» 5 шілде 2013ж
5.«Бюджетная политика и финансовый контроль»/ Под общ.ред. докт.экон.наук А.С. Серикбаева.- Астана: Академия государственной службы при Президенте РК, 2005г.- 87с.;
6.Оксикбаев О.Н. «Государственный финансовый контроль: проблемы и поиск решений. Сборник статей и выступлений.»- Астана: Фолиант, 2008.- 584с.;
1. СП. Суворова, Н.В. Парушина, Е.В. Галкина МЕЖДУНАРОДНЫЕ СТАНДАРТЫ АУДИТА/москва

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ КАФЕДРАСЫ
Өндірістік тәжірибеден өту жөніндегі ЕжА11Қ1 топ студентінің
Бақытқызы Балжан
ЕСЕБІ
Тәжірибе орны: Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі
Тәжірибеден өту мерзімі: 19. 01. 2015
15.04.2015
Кафедрадан бекітілген тәжірибе жетекшісі:
Аға оқытушы: Оралбаева Жанар __________________
Ұйымнан бекітілген тәжірибе жетекшісі:
Бюджеттің орындалуы және бухгалтерлік есеп
секторының бас маманы:Айнақұлов Іңкәрбек __________________
Алматы, 2015 жыл
МАЗМҰНЫ:
1.1Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімінің техникалық экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2.1 Ұйым капиталының есебі және аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.2 Негізгі құралдар есебі мен аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.3. Инвестициялар есебі мен аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.4 Қорлар есебі мен аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.5 Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .19
2.6. Дебиторлық берешектердің есебі мен аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 21
2.7. Міндеттемелердің есебі мен аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.8. Өндірістік шығындардың есебі мен аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .24
2.9 Табыстар мен шығыстардың есебі мен аудиті және қаржылық нәтижені анықтау тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
3.1. Қаржылық есептілікті құрастыру әдістемесі мен тәжірибесі қолданылатын нормативтері мен стандарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
3.2.Бухгалтерлік балансты талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімінің техникалық экономикалық сипаттамасы
Мемлекеттік органның толық атауы - Қазығұрт аудандық экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі. Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) экономика және қаржы саласында дамудың негізгі бағыттарын әзірлеу басшылығын жүзеге асыратын және Қазығұрт ауданында бірыңғай мемлекеттік қаржы саясатын белгілейтін, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірліктегі мемлекеттің қаржы басқару саласында үйлестіруді, бақылауды және есепті ұйымдастыру функцияларын орындайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органы болып табылады.
Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік орган мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. Мемлекеттік орган азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Мемлекеттік орган егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Мемлекеттік орган өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеме басшысының актілерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Осы Ереже Мемлекеттік органның құрылтай құжаты болып табылады.
Мемлекеттік орган қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Егер Мемлекеттік орган заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі. [2]
Мемлекеттік мекеменің миссиясы: Қазығұрт ауданының әлеуметтік - экономикалық даму стратегиясын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, ауданның даму бағдарламасын іске асыру, аудандық бюджетті орындау, аудандық бюджетті орындау бойынша бюджеттік есепті жүргізу және бюджеттік есепті құрастыру, аудандық коммуналдық мүлікті басқару, мемлекеттік сатып алу үдерісін үйлестіру.
Міндеттері:
1) аудандық бюджетті жоспарлау және атқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету, ауданның әлеуметтік - экономикалық даму стратегиясын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
2) экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
3) Қазығұрт ауданының әлеуметтік - экономикалық даму паспорттарын, Қазығұрт ауданының даму бағдарламасын құрастыруды үйлестіру;
4) Аудандық коммуналдық меншікті жекешелендіру және басқару.
Функциялары:
1) өз құзырлығы шегінде әлеуметтік - экономикалық даму болжамын және Қазығұрт ауданының бюджет параметрлерін әзірлеуді жүзеге асырады;
2) аудан бюджетінің жобасын құрастыру, бюджетке табыстың және салықтың жылдық түсімдерін болжау, жергілікті бюджетке кірістердің түсіміне талдау жүргізу;
3) 3 жылға бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің саласында бюджет шығыстарының лимиттерін және бюджеттің негізгі параметрлерін қалыптастыру;
4) үш жылғы кезеңге аудандық бюджетті әзірлеуді, аудандық бюджетті қалыптастыру бойынша бюджеттік комиссияның жұмысы үшін материалдарды дайындауды жүзеге асырады;
5) аудандық мәслихатқа аудандық бюджеттің жобасын ұсынуды жүзеге асырады;
6) қаржы жылына Қазығұрт ауданының барлық бюджеттік мекемелері бойынша нақтыланған, бекітілген жылдық қаржы жоспарының талдауын іске асырады;
7) бюджетті жоспарлау сатысында бюджеттік бағдарламалардың негіздемесіне талдауды, алдымыздағы қаржы жылына және үш жылғы кезеңге бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерінің ұсынуына және құрастырылуына бақылауды жүзеге асыру;
8) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік комиссияға ұсынған бюджеттік өтінімдері бойынша қорытынды дайындау;
9) жергілікті инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингін жүзеге асыру;
10) аудандық бюджетті орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
11) бюджетті орындау бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
12) жоспарлы кезеңге шығыстарының орындалуы және күтілетін бюджет түсімдерінің көлемдерін анықтайтын үдеріс болып табылатын, қолма - қол ақшаны, қолма - қол ақша профицитін (дефицитін) және оны жабу көзінің ағындарының болжамын құрастыру;
13) міндеттер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландыру жөніндегі жиынтық жоспарларды құру, бекіту және жүргізу;
14) бюджет қаражаттар есебінен бөлінген бюджет несиелерін тіркеуді, олардың мониторингі мен есебін жүзеге асыру;
15) бюджетті орындау көрсеткіштерін үнемі және жүйелі түрде жинау, қадағалау және талдау арқылы бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;[2]
Кәсіпорынның экономикалық жағдайын көрсету үшін негізгі көрсеткіштер қолданылады. Олар Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, деңгейін жан-жақты анықтап беруге көмектеседі.
Нарықтық қатынастарға көшу арқылы кез-келген қызметтің жауапкершілігі күшейіп келеді. Осыған байланысты әр кәсіпкер немесе ұйымдар өзінің қолында бар мүмкіншіліктерін ұтымды пайдалану арқылы табысты молайту жолдарын іздеуде. Бұл ізгі ниетке жету үшін тек мақсат қою аз. Ендігі жерде олар қандай мәселе болсада экономикалық тұрғыдан болжап отыруды есептеуді және бағалауды керек етеді. Яғни әркімге экономикалық білім, оның ішінде есеп қажет.
Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға көшірді. Осы негізде әлеуметтік, күрделі мәселелерді шешу - бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып саналады. Әсіресе, соңғы жылдары экономика елімізде түбірлі өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей байланысты.
Ұйым мүшелері болып табылады:
1. Басқарма басшысы: Сапиев Марат.
2. Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік секторының меңгерушісі: Алибаев Данабек Нұрмаханұлы
3. Бюджеттің орындалуы және бухгалтерлік есеп секторының бас маман есепшісі: Алиқұлов Самат Бейбітшілікұлы
4. Бюджеттің орындалуы және бухгалтерлік есеп секторының меңгерушісі: Әшімханов Асқар Әшімханұлы
5. Бюджеттік жоспарлау және экономика секторының бас маманы: Жумадилов Арман Укибаевич
6. Бюджеттік жоспарлау және экономика секторының меңгерушісі: Едилов Дәуренбек Смагулович.
2.1 Ұйым капиталының есебі мен аудиті (жарғылық капитал)
Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органы болғандықтан, мекеменің жарғылық капиталы жоқ. Мекеме барлық керек қаражаттарды Казначействодан алады. Яғни, мекеме керек қаражаттардың жұмсалу жоспарын алдын ала есептеп, дайындап ұсынады. Заңға сәйкес Казначейство, Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің бухгалтериясына тікелей аударып отырады.
Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімінің есеп саясаты
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы № 410 Жарлығына сәйкес, Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына (МСБУ-IіAS) сәйкес құрастырылған.
Есеп саясатының келесідей мақсаттары белгілі:
oo Есептіліктің барлық түрін кірістіру;
oo Қаржылық мәліметтердің түсініктілігін, анықтылығын, сенімділігін қамтамасыз ету;
oo Қоғамда бухгалтерлік есепті жүргізудің бірыңғайлығын қадағалау;
oo Бухгалтерлік есептің жұмыс жасау аясының, қоғамға байланысты нормативтік актілердің өгеруі, ауысуына тез бейімделуін қамтамасыз ету.
Есеп саясаты бойынша Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімінің есеп саясаты негізгі валютасы Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы - теңге болып табылады. Есептілік кезеңі - ағымдағы жыл.
Есеп саясаты бухгалтерлік есепті ұйымдастыру барысында келесі сұрақтарды қарастырған:
1. Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімінің жалпы жағдайы мен статусы;
2. Негізгі құралдар есебін жүргізу;
3. Жал есебі;
4. Материалдық емес активтер;
5. Инвестициялық жылжымалы мүлік;
6. Қаржылық құралдар;
7. Тауарлы-материалдық құндылықтар есебі;
8. Сатуға арналған немесе жойылуға жіберілген ұзақ мерзімді активтер;
9. Активтер құнсыздануы;
10. Ақша қаражаттарының есебі;
11. Меншікті капитал;
12. Еңбекақы есебін ұйымдастыру;
13. Кірістер;
14. Мемлекеттік субсидия;
15. Шығыстар;
16. Займдар бойынша шығыстар;

Мекеме есеп саясатын мынадай қағидаларды есепке ала отырып құрастырған:
Есептелуі
+ қызметтің үздіксіздігі
+ түсініктілігі
+ маңыздылығы
+ сенімділігі
+ бейтараптылығы
+ толықтығы
+ сәйкестілігі
+ дер кезділігі
+ шынайылылығы
Қаржылық және басқа да есептілікті құрастыруға қатысатын мекеменің құрылымдық бөлімшелері қабылданған есеп саясатын толығымен және шынайы қолдануға міндетті. Олар осы есеп саясатында көрсетілген қағидалар мен бухгалтерлік есеп стандарттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерін жүзеге асыруы тиіс.
Мекеменің бухгалтерлік және басқару есебінің мәліметтерінің негізгі сақтау көзі - бас кітап болып табылады. Бас кітапқа шоттардың корреспонденциясы көшіріліп жазылады және операциялар туралы толық мәліметтер болады. Көмекші журналдардағы мекемелік операциялар күн соңында Бас кітапқа көшіріліп жазылады. Мекеменің бухгалтерлік есебі баланстық және баланстан тыс шоттарға екіжақты жазу принципін, ал меморандум шоттарына - бір жақты жазуды қолданады.
2.2 Негізгі құралдар есебі мен аудиті
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын рөліне қарап анықталады.
Негізгі құралдардың қозғалысы туралы ақпаратты талдап қорыту үшін 2400 - Негізгі құралдар бөлімінің 2410 - Негізгі құралдар, 2420 - Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы шоттарының мәліметтері қолданылады.
Компанияда негізгі құралдар қолданылу мақсатына және атқаратын қызметіне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
oo Жер;
oo Ғимараттар;
oo Машиналар және құрал-жабдықтар;
oo Көлік құралдары;
oo Құралдар;
oo Шаруашылық керек жарақтары;
oo Өндіріс құрал-жабдықтары;
oo Аяқталмаған құрылыс.
Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің есеп саясатына сәйкес материалдық активтер бастапқы құнмен бағаланады. Бастапқы (тарихи) құны - негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген, баж салығы т.б.), сондай - ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар және т.б. шығындарынан тұрады. Мысалы, мекемеде кварталдық төлем бойынша 01.04.2015 күні кәсіпорын баллансына кеңсе тауарларын және тұрмыстық заттар алуы қажет деп оны жалпы 140853 мың теңгеге бағаланды. Ал бұл құралдарды жеткізу үшін тағы қосымша 3000тг шығындар қоса есептелді. Сонда бұл құрал 143853 теңгеге бағаланды. Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу нөмірін беріп, мүлікті Мүліктік тізімге алады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалады. Бұл мүліктерді бір ғана карточкада есепке алуға рұқсат етіледі. Бұл карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдың актілері, техникалық төлқұжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады. Карточкада объектілердің және олардың жекелеген құрылымдық элементтерінің қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы мәліметтері қайталанбайды. Негізгі құралды басқа субъектіге тапсыру кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай - ақ негізгі құрал объектілерінің субъект ішінде орын ауыстыруы кезінде Негізгі құралдарды қабылдау - тапсыру актісі, ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдың объектілерін есептен шығаруға Негізгі құралдар объектілерін есептен шығару актісі негіз бола алады.
* Мемлекеттік мүлік туралы
2120 Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар шотының дебеті 2300 Негізгі құралдар кіші бөлімі шоттарының кредиті;
* Жинақталған амортизация сомасына:
2391 Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы қосалқы шотының дебеті және 2300 Негізгі құралдар шоттарының кредиті;
* бір мезгілде: есептен шығарылған негізгі құралдар бойынша күрделі салымдарды қаржыландырудың сомасын есептен шығару:
5011 Күрделі салымдарды қаржыландыру шотының дебеті және 6020 Күрделі салымдарды қаржыландырудан түсетін кірістер шотының кредиті.
* Негізгі құралдарды қайта бағалау (жете бағалау):
2300 Негізгі құралдар шотының дебеті және 5111 Негізгі құралдарды қайта бағалауға резерв қосалқы шотының кредиті;
* жинақталған амортизацияны түзету сомасына:
5111 Негізгі құралдарды қайта бағалауға резерв қосалқы шотының дебеті және 2391 Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы шотының кредиті.
* Негізгі құралдарды беру:
2120 Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар шотының дебеті және 2300 Негізгі құралдардың кіші бөлімі шоттарының кредиті;
* жинақталған амортизация сомасына:
2391 Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы қосалқы шотының дебеті және 2300 Негізгі құралдар кіші бөлімі шоттарының кредиті;
№.
Аудитордың іс-әрекетті
Ақпараттар көзі
1
Баланс көрсеткіштерінің бас кітап деректерімен сәйкестігін тексеру
Баланс, бас кітап
2
Негізгі құралдардың синтезі және аналитикалық есептердің жүргізудін дұрыстығын тексеру
Бас кітап, №12 және №10 журнал ордерлер,негізгі құралдардың тозуы және қайта бағалау сомалары есептеу жөніндегі жасалған кестелер, бастапқы құжаттар
3
Негізгі құралдардың сақталу және пайдалану орындарындағы барын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етуді тексеру
Тұрақты жұмыс істейтін түгендеу коммисиясын және материалға материалды жауапты тұлғаны тағайындау жөніндегі және басшысының бұйрығы. Материалды жауапты тұлғамен жасаған шарт, түгендеу тізімдері және салыстыру ведомстары түгендеу актілері, қабылдап тапсыру актілері негізгі құралдардың есебінің түгендеу карточкалары. Негізгі құралдардың түгендеу тізімі, түрған орны пайдалану бойынша карточкалары т.б.
4
Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша бастапқы құжаттардың рәсімдеудің дұрыстығын тексеру.
Қабылдау, тапсыру актісі (ОС 1) жөнделген, реконструкцияланған және жетілдірілген объектілер қабылдау тапсыру актісі (ОС 2), негізгі құралдардың тізімнен шығару актісі (ОС 3), автокөлік құралдардың шығару актісі. (ОС 4) негізгі құралдардың есебінің түгендеу карточкасы.
5
Негізгі құралдарды жіктеуді жүзеге асырудың дұрыстығын тексеру
Техникалық құжаттамалар, ерекшеліктер, жинақтаушы ведомость т.б.
6
Негізгі құралдардың бағалаудың және қайта бағалаудың дұрыстығын тексеру
Келісім бағалаудың хаттамасы, сатып алу, сату шарттары, жалдау, негізгі құралдарды қайта бағалауды жасау кестелері, ОСІ, ОС2, ОС6 т.б.
7
Негізгі құралдарды кіріске енгізулуінің дұрыстығын тексеру.
Техникалық құжаттамалар ОСІ, ОС2, ОС6 т.б. №12 журнал ордерлер, бас кітап
8
Негізгі құралдардың тозу есебін есептеудің және көрсетудің дұрыстығын тексеру
Есеп саясаты жөніндегі бұйрық, негізгі құралдардың тозуын есептеу жөніндегі жасалған кестелер нормативтік құжаттар №10 журнал ордерлер, бас кітап.
9
Есептеудің және жалдау төлемі шоттарында көрсетілуін негізгі құралдардың жөніндегі операцияның дұрыстығын тексеру
Жалдау шарттары, жалданған "Ұзақ мерзімге жалданған" негізгі құралдардың есебінің карточкасы ОС 12-а
10
Негізгі құралдардың шығарылу есебін көрсетудің дұрыстығын тексеру
ОС 1, ОС 3, ОС 4, ОС 6, шарттар ағымдағы түгендеу нәтижелері №12 журнал -ордерлер, бас кітап.
Аудитор аналитикалық есептің мәліметтерінің негізінде негізгі құралдардың құрамы және құрылымымен танысуы қажет.
Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оларды бағалаудың қабылданған біртұтас принципі болып табылады. 16ХҚЕС сәйкес негізгі құралдар бастапқы құн, ағымдағы құн, баланстық құн, қалдық құн, келісілген құн бойынша бағаланады.
Негізгі құралдардың бағалануының дұрыстығын тексеру келіп түскен негізгі құралдар бойынша бастапқы құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Кәсіпорындарға негізгі құралдар қаржылық салымдар, басқа кәсіпорындар мен тұлғалардан сатып алу, тегін беру, жарғылық қорға салымдар салу, негізгі құралдардың артық шыққандарын балансқа есепке алу және т.б. нәтижесінде кірістеледі.
Аудитор негізгі құралдардың кіріске алыну тәртібінің сақталуын тексеру барысында мыналарды:
oo келіп түскен негізгі құралдарды кәсіпорын жетекшісімен бекітілген комиссия қабылдайды;
oo қабылданған негізгі құралдарды рәсімдеген кезде әо объектіге акт жасалынғанын, мұнда объектінің түрі, пайдалануға берілген жылы немесе зауыттан шығарылған жылы, объектінің қысқаша сипаттамасы, бастапқы құны, инвентарлық нөмірі, объектіні қолдану орны және басқа да мәліметтердің толық көрсетілгенін;
oo негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және т.б. есебін жүргізген кезде, объектілер бір типті, олардың құндары бірдей болып, бір күнтізбелік ай ішінде қабылданған болса ғана рұқсат етіледі;
oo актіге объектінің техникалық құжаттары тіркелгенін;
oo негізгі құралдардың қабылдау-тапсыру актісі толтырылып рәсімделгеннен кейін оның кәсіпорын бухгалтериясына берілгенін;
oo қабылдау-тапсыру актісіне бас бухгалтердің қолы қойылып, ұйымның жетекшісімен бекітілгенін;
oo қабылданған негізгі құралдарға инвентарлық карточкалар ашылып, әр негізгі құралға инвентарлық нөмірлер берілгенін;
oo кіріске алынған негізгі құралдардың тұрған және пайдалану орындары бойынша материалды жауапты тұлғаларға бекітілгенін, олармен шарт жасалғандығын анықтап алуға тиіс.
6.3 Инвестициялар есебі мен аудиті
Инвестиция -- экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқының қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор.
1100"Қаржылық инвестициялар " бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. 1100-1150 шоттарында Акциялар, Облигациялар, Басқа да қаржылық инвестициялар шоттары кіреді.
1100-1150 шоттар активті, күрделі,негізгі болып табылады. Осы шоттардың дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылық инвестициялардың кему операциялары жазылады. Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп инвестициялар салынған объектілер бойынша жүреді. Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондық төлемдері кіреді.
Аудит бағдарламасы:
Инвестицияны баланста көрсетудің дұрыстығын тексеру
Баланс. Бас кітап
Инвестицияның аналитикалық және синтетикалық есебі мәлеметтерінің сәйкестігін тексеру
Бас кітап,12ЖО, бастапқы құжат
Қаржылық инвестицияларды жіктеудің дұрыстығын тексеру
Бастапқы құжат
Бағалы қағаздардың бар екендігі мен сақталу орнын анықтау
Бағалы қағаздар есеп кітабы, акционер -лердің реестрі, сату сатып алу актісі,төлем тапсырмалары, акциялар, сертификаттар, облигациялар, куәліктер,
жүкқұжаттар
Инвестиция құнын бағалаудың дұрыстығын тексеру
Шарттар,сатып алу сату актілері,төлем тапсырмалары,жүкқұжаттар
Бағалы қағаздар алу жөніндегі бух- галтерлік жазбалардың дұрысты -ғын тексеру
1 2 3 4 6 7 8 ЖО,бас кітап
Бағалы қағаздарды сату мен номи- налды құны арасындағы айырманы есептен шығарудың дұрыстығын тексеру
1 2 3 4 6 7 8 журнал ордері, бас кітап
Қаржылық инвестициялардың істен шығуын есепте көрсетудің дұрыстығын тексеру
12 Журал-ордер, Бас кітап
Басқа заңды тұлғаларға кәсіпорының қарыз беру заңдылығын тексеру
Шарттар, есеп айырысу төлем құжаттары.
6-кесте
Қаржы инвестициялары бойынша операцияларды есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:
1110 Қысқа мерзімді берілген қарыздар;
1120 Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары;
1130 Қысқа мерзімді қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған резерв;
2110 Ұзақ мерзімді берілген қарыздар;
2120 Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары;
2130 Ұзақ мерзімді қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған резерв;
Қаржы міндеттемелерімен жасалатын операцияларды есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:
3010 Қысқа мерзімді алынған қарыздар;
3020 Өзге қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер;
4010 Ұзақ мерзімді алынған қарыздар;
4020 Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер;
* Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баланстық құны бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерін (мемлекеттік кәсіпорындарды) түзуге немесе толықтыруға негізгі қаражатты беру кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай жазба жүргізеді:

6.4 Қорлар есебі мен аудиті
Мекеменің есеп саясатына сәйкес, ТМҚ банктің ағымдағы қажеттілік деңгейінен аспайтын мөлшерде сатылып алынады жәнеоның құнына сатылып алынған бағасы мен жеткізу шығындарын да қосады. Саудадан жеңілдік, төленген артық ақшаны қайтару немесе тағы басқа да өзгертулер сатып алуғы байланысты шығындарды есептегенде есепке алынады.
Материалдар запасы Басқа да тауарлы-материалдық қорлар бөлімінде ТМҚ-ның біртекті бөлімінде саны және құнымен есепке алынады.
ТМҚ-ды кiрiстеуге мына құжаттар негiз болып саналады:
oo шот-фактура, онда: қатар нөмiрi мен күнi, атауы және жабдықтау, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлiк нөмiрi, әкелiнген ТМҚ атаулары мен саны, құны, акцизделетiн ТМҚ сомасы т.б.;
oo накладной;
oo тауарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғаның жазған накладнойы мен құжаттары, атап айтқанда: материалдардың шығысы мынадай құжаттар бойынша рәсiмделедi: материалдарды айырбастауға арналған талап-актiсi, материалдарды босатуға арналған талап накладнойы.
Мемлекеттік мекеменің қорларын есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:
1310 Материалдар;
1320 Аяқталмаған өндіріс;
1330 Дайын өнім;
1340 Тауарлар;
1350 Жолдағы қорлар;
1360 Қорлардың құнсыздануына арналған резерв.
Қорларды сатып алу мынадай корреспонденциялармен көрсетіледі:
Сатып алу:
* 1310 Материалдар, 1340 Тауарлар шоты тиісті қосалқы шотының дебеті және 3210 Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек шотының кредиті (қайтарымды немесе айырбастау ыдысын алып тастағанда, сатып алу бағасы бойынша);
Басқа мемлекеттік мекемеден түсім:
* 1310 Материалдар, 1340 Тауарлар шоты тиісті қосалқы шотының дебеті және 6330 Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер (баланстық құны бойынша) шотының кредиті;
Демеушілік, қайырымдылық көмек немесе гранттар түрінде түсім:
* 1310 Материалдар, 1340 Тауарлар шоты тиісті қосалқы шотының дебеті және 6050 Демеушілік және қайырымдылық көмектен алынатын кірістер (әділ құн бойынша) шотының кредиті.
Қайтарымды немесе айырбасталатын ыдыс (бөшкелер, бидондар, жәшіктер, бөтелкелер және басқа ыдыс) босы да, қорлардағы да өнім берушілердің шотында көрсетілген баға бойынша ескеріледі:
* 1319 Өзге материалдар қосалқы шотының дебеті және 3210 Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек шотының кредиті.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz