Уланғандағы көрсетілетін алғашқы көмек


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
Өндірісте қолданылатын химиялық қауіпті
улағыш заттар.
Уланғандағы көрсетілетін алғашқы көмек.
- « Әсері күшті улы заттар ».
- « Адам организмінің улы заттарға қарсы
күресінің жолдары ».
- « Химиялық қауіпті обьектілердегі
апатты топтау ».
Әсері күшті улы заттар (ӘКУЗ)
ӘКУЗ - шаруашылық мақсатта қолданатын зат, олардың қалай болса солай сақтаулы немесе төгілуі адамдарды жаппай улануына алып келеді.
ӘКУЗ - жабық ыдыста қысыммен сақталады. ӘКУЗ қайнауға бейім, олардың қайнау температурасы +20 0 С, ал атмосфераға газ немесе бу ретінде бөлінеді, олар үлкен қашықтыққа тарайды. Химиялық зақымдау ошағының көлемі, оның адам терісіне тамшы сұйық түсуі және бумен дем алу нәтижесінде болуы мүмкін.
ӘКУЗ төгілген кезде көрсетілген немесе істелінетін іс-әрекеттер:
- хлор - төгілген кезде (ол ауадан ауыр) ең биік орындарға көтерілу керек;
- аммиак төгілген кезде (ол ауадан жеңіл) тез буланып жоғары көтеріледі, яғни төмен жерлерді таңдау қажет.
Аммиактан, метилхлоридтен, винилхлоридтен және басқа улы заттардан тыныс органдарын қорғау үшін 30-100 минут бойы қорғайтын противогаз кию керек. Аммиак суға жақсы жайылады. Осыған орай суланған мақта-дәке таңғышы көмектеседі.
Тыныс органдарын хлордан қорғау үшін өзінің немес балаңыздың дәретімен шайылған мата таңғышпен пайдаланамыз.
Бұл уланғыш заттардың бәрінен тиімді жеке және ұжымдық қорғау құралдары қорғайды.
Жүйке-сал ауруына ұшырататын улағыш заттар (зарин, воман, ви-экс) бәрі де түссіз, иіссіз сұйықтықтар. Бұлар орталық нерв жүйесін зақымдап сіңір тартылуға, сал ауруына, өлімге соқтырады. Жеке дәрі қобдишада осы заттарға қарсы антидоты бар.
Зарин - тұрақсыз, жоғары ұшпалы, тез буға айналады, өлім дозасы (мөлшері) 0, 10 (мг мин) /л тең, бу түрінде қолданылады, қату температурасы - 56°С, қайнау температурасы 158°С, сумен жақсы араласып, оған сіңіп, ыдыстың түбіне түседі. Сондықтан су қоймаларын ұзақ уақытқа зақымдайды. Төмен температураның өзінде адам өлтіретін ауада шоғырлануын беруі мүмкін. Адам тері қыртысына өзгеріс келтірмей денеге сіңіп кетеді, және организмде жиналып тұратын қасиеті бар (кумуляивтік қасиеті) . Заринның ықпалына түскен адамның көзінің қарашығы кішірейіп, өзі жарықты ауырсынады, кеудесіне ауыр салмақ басып тұрғандай сезінеді, дем алуы қиындайды.
Ви-экс - тұрақты, жазда бір аптаға, қыста бір айға дейін қасиетін сақтай алады. Ұшпалығы нашар, суға арыласпайды, қайнау температурасы 300°С, қату температурасы - 50°С. Аэрозоль түрінде қолданылады, өлім дозасы 0, 01 (мг мин/л) тең, теріден өткенде 7 адам тең. Зариннен күшті. Бұл заттың тері арқылы өтетін кезде сырын түрінде әсер ететін уақыты бар (бірнеше сағат) . коммулятивтік қасиеті бар.
Адам организмінің улы заттарға қарсы күресінің жолдары
Зиянды заттар организмге түскен соң, әр түрлі химиялық өзгеріске ұшырайды: биотрансформация немесе метоболизм. Улы зат клеткалы мембранамен, ақуыз құрылымымен және клетканың басқа да құрылымдарымен тінаралық ортамен қарым - қатынасқа түсіп өзгереді - бұл удың әр жолмен өз күшін жоғалтуы.
Бірінші жол - удың химиялық құрылымының өзгеруі.
Екінші жол - улы заты уақытша бір органдарға бөліп қоюы (депонирование) . Бұл жол - уақытша қанда айналып жүрген удың көлемін азайтады. Мысалы, ауыр металлдар (қорғасын, кадмии) сүйекте, бауырда, бүйректе, кейбір улы заттар жүйке жүйесінде жиналады. Бұл процесс өте күрделі және уды жоюдың негізгі тиімді жолы болып саналмайды. Себебі у қан айналымына кез келген уақытта қайта түсуі мүмкін.
Үшінші жол - организмнен шығуы - бұл әр түрлі жолмен болады: тыныс алу жолдары арқылы, асқорту, бүйрек, тері, темір. Мысалы, ауыр металдар ішек - қарын жолымен организмнен шығады. Терлегенде термен де шығуы мүмкін.
Химиялық өндіріс халық шаруашылығында кеңінен пайдаланады. Бірақ кейбір кездерде кішігірім апаттар орын алуда. Ол апаттар әсерінен химиялық зиянды заттар атмосфераға тасталынып қоршаған ортаны ластауда. Химиялық өндірістің қауіпсіздігі шикізаттың және өнімнің физика химиялық қасиетіне, қондырғылардың сенімділігіне, технологиялық процестің сипатына, химиялық зиянды заттардың сақталу және тасмалдау шарттарына, бақылау құралдардың деңгейі мен жағдайына, мамандардың профессионалдық біліктігі мен дайындығына және апатқа қарсы құралдардың тиімділігіне байланысты. Химиялық қауіпті заттардың тасталуы химиялық ластануға әкеліп соғады. Химиялық қауіпті заттар адам организміне тыныс алу жүйесі және тері арқылы енеді. Химиялық қауіпті заттар адам организміне жара беттеріне де кіреді. Химиялық қауіпті заттар адам организміне әсер жағынан 4 қауіпті классқа бөлінеді:
- Өте қауіпті.
- Жоғары қауіпті.
- Орта қауіпті.
- Қауіптілігі аз.
Химиялық қауіпті обьектілердегі апатты топтау
Химиялық саладағы апаттар 2 категорияға бөлінеді:
- жарылыс салдарынан болған апаттан технологиялық тізбектің және инженерлік қондырғының бұзылуы;
- апат салдарынан қосымша технологиялық және негізгі қондырғылардың зақымдануы.
Химиялық апаттардың топталуы.
- Жеке.
- Обьектілі.
- Жергілікті.
- Регионалды.
- Глобальды.
Жеке - зақымдағы улы заттарды атмосфералық ауаға тастамаған апат.
Обьектілі-зияндығы жоғары улы заттардың санитарлық қорғау зонасының радиусынан аспайтын апат.
Жергілікті-зияндылығы жоғары улы заттардың қоймасының қирауынан туындаған апат.
Регианалды-зияндылығы жоғары улы заттардың үлкен көлемді тасталуына алып келген апат.
Глобальді-үлкен химиялық қауіпті өндірістік барлық зияндылығы жоғары улы заттардың барлық қоймаларының толық қирауының салдарынан болатын апат.
Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп салынған баспана немесе панахана (убежище) ғана сақтай алады.
Жарықтық сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады: ағаштың көлеңкесі, үйдің тасасы. Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз кезінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.
Өткір радиация - әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғырлым ол әлсірей береді. Мысалы, ашық траншея - 3 есе азайтады; жабық траншея - 7-10 есе азайтады; бір қабатты ағаш үй - 10-15 есе; Жер астындағы үй - 7-15 есе (земляка), арнай дайындалған жер асты үйі - 400 есе; Көп қабатты үй подвалы - 100-400 есе; арнай салынхан баспахана - 1000 есе; темір бетоннан салынған баспана, шахта, тау қуысы - түгел қорғайды еш зиянсыз.
Радиоактивті ластану - жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп желмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ластайды. Ол 3 зонадан тұрады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz