Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық қорғау (конституциялық аспект)


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 174 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Н. А. Саулебек

Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық қорғау (конституциялық аспект)

Монография

Қарағанды 2016

ӘОЖ 342. 4(574)

ББК 67. 400

C 21

Сын пікір білдірушілер:

Божқараұлы А. - Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің «Конституциялық және халықаралық құқық» кафедрасының меңгерушісі з. ғ. к., доцент.

Мұсұлманбекова А. А. - ҚР Мемлекеттік қызмет істерінің министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға офицері.

Қаржасова Г. Б. - Қарағанды Экономикалық Университеті Қазтұтынуодағының ЖҚАП кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы.

Авторы:

Н. А. Саулебек - з. ғ. к., Қарағанды экономикалық университетінің аға оқытушысы.

Монография Қазтұтынудағы Қарағанды экономикалық университетінің Ғылыми кеңесінде талқыланды. Хаттама № «» қаңтар 2016ж.

Осы монографиялық жұмыста Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығында қарастырылуға жататын экономикалық мүдделерді құқықтық қорғаудың конституциялық негіздері жайлы жазылған. Монография Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының пәніне арналған және конституциялық ғылымда адам және азаматтардың экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету барысында конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған отандық заңнамалардың қолданысы мен тәжірибеде жүзеге асырудың жолдарын салыстыра отырып, ғылыми тұрғыда талқыланған. Ұсынылып отырған монография жоғары оқу орындарының, соның ішінде заң мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарының тыңдаушыларына және жоғарыдағы мәселелерге қызығушылық танытатын қауымға арналған.

.

ISBN 978-601-235-066-1

© Н. А. Саулебек

Қазтұтынудағы Қарағанды

экономикалық университеті 2016ж.

МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ:
:
МАЗМҰНЫ: БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .
: 4
МАЗМҰНЫ:
:
МАЗМҰНЫ:

КІРІСІПЕ . . .

: 5
МАЗМҰНЫ:
:
МАЗМҰНЫ:
  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕМЛЕКЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ . . .
: 11
МАЗМҰНЫ: 1. 1 Экономикалық мүдде - мемлекеттік ұлттық мүдде ретінде . . . … . . .
: 11
МАЗМҰНЫ: 1. 2 Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық қорғау экономикалық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз етудің алғы шарты ретінде . . .
: 27
МАЗМҰНЫ: 1. 3 Экономика мен кәсіпкерлік саласында азаматтардың құқықтарын іске асыру мен қорғаудың конституциялық-құқықтық механизмдері (Қазақстан Республикасында экономикалық мүдделерді құқықтық реттеу) ……… . . .
: 44
МАЗМҰНЫ: 2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ ОРГАНДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ . . .
: 60
МАЗМҰНЫ:
  1. Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар жүйесі… . . . . . .
: 60
МАЗМҰНЫ:
  1. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі мен рөлі… . . .
: 88
МАЗМҰНЫ:
  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің Қазақстан Республикасында экономикалық мүдделерін құқықтық қорғау барысында басқа мемлекеттік органдармен өзара құқықтық әрекеті . . .
: 138
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ. . . . ……… . . .
: 158
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
: 164

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР - Қазақстан Республикасы

ҚМ - Қаржы министрлігі

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

ӘСҰ - Әлемдік Сауда Ұйымы

КСРО - Қазақ Советтер Республика Одағы

ГФР - Германия Федерациялық Республикасы

КСР - Қазақ Советтер Республикасы

МҚК - Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті

МҚТ - Мемлекеттік құпиялар туралы

ЕврАзЭС - Еуразиялық Экономика Ұйымдастығы

ЕО - Европалық Одақ

ІІМ - Ішкі істер министрлігі

МТК - Мемлекеттік тергеу комитеті

ҰҚК - Ұлттық қауіпсіздік комитеті

КБК - Кедендік бақылау комитеті

ІІБ - Ішкі істер басқармасы

ІІБ - Ішкі істер бөлімі

ҚҚС - Қосымша құн салығы

ААҚО - Алматы аймақтық қаржы орталығы

ҚРА - Қазақстан Республикасының Агенттігі

БАЭ - Біріккен Араб Эмираттары

ҚПК - Қылмыстық процессуалдық кодекс

ЭСЖҚА - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі

ҚР МҚжСЖҚІҰБ - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы

ҚР ҚМ МКК - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті

Қазтұтынуодағы Қарағанды

Экономикалық Университетінің

50 - жылдық мерейтойына арнаймын!

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Монографиялық жұмыста мемлекеттің экономикалық мүдделерінің теориялық негіздері ғана талданып қоймай, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі туралы авторлық пікірлер айтылып, экономикалық мүдделерді құқықтық қорғауды қамтамасыз етумен айналысатын Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының практикалық қызметінің аса маңызды бағыттары зерттеледі. Монографияда Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық қорғауды жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының мәртебесін белгілеуге байланысты мәселелер егжей-тегжей қаралады.

Кілт сөздерінің тізімі: құқық, конституциялық құқық, мемлекет, зайырлы, демократия, экономикалық мүдде, экономикалық қауіпсіздік, ұлттық мүдде, ұлттық қауіпсіздік, құқыққорғау органдары, мемлекеттік қызмет.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Осы монографиялық жұмыста тұңғыш рет қазақстандық құқықтық ғылымда Қазақстан «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратын; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [1, 1 б. ] болып табылатын жағдайда Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық қорғауға байланысты проблемаларға кешенді зерттеу жүргізілді.

Бүгінде біз үлкен мүмкіндіктердің табалдырығында тұрмыз. Кез келген қоғам мен мемлекетте елдің құқықтық қорғанысын, экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін түрлі жүйелер қызмет етеді. Қазақстанның егемендік пен тәуелсіздік алуы принципті түрдегі және жаңа сападағы әлеуметтік жүйенің пайда болуына әкелді.

Мемлекетте экономикалық заңдардың блогы, қаржы-экономикалық органдар жүйесі сияқты экономикалық қатынастарды реттеу механизмі бола тұра іс жүзінде кейде елдің экономикалық мүдделерін құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге байланысты проблемаларда кездесіп қалады. Жаңа экономикалық жағдайда Қазақстан Республикасында бұрын қоғамға тән емес және құқық қорғау органдарына онша таныс емес қылмыс түрлері туындады, мұның өзі елдің ұлттық қауіпсіздігіне елеулі нұқсан келтіреді.

Мемлекеттің мұндай өсуі тек қана құқықтық мемлекетпен азаматтық қоғам құрылғанда мүмкін болады, онда заңдылық пен әділеттілік принциптері дәйекті жүзеге асырылады, мемлекеттік механизм арқылы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары сенімді қорғалады және кепілдік беріледі [2, 3 б. ] . Біз құқықтық мемлекет құруға ұмтылып отырған адамның жоғары құндылықтарын құрайтындардың бәрін: оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қабілетті деп санаймыз.

Тұтасымен алғанда, осы монографиялық зерттеу тақырыбының өзектілігі тақырыпта қаралатын аспектілерді тиімдірек дамыту мақсатында теориялық қорытындылар мен практикалық ұсыныстар жасау, оларды жетілдіру мен дамытуды, соның ішінде Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметінің бағыттары бойынша жекелеген құзіреттерде анықтау қажеттігіне байланысты болып отыр.

Осы монография жаңашылдығымен ерекшеленетіндігін атап өтуіміз керек, өйткені қолда бар кейбір ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты барлық проблемаларды қамти алмайды. Осыдан зерттеу жүргізіп отырған тақырып көбінесе жаңашылдығымен ерекшеленеді, яғни, сөзсіз өзекті болып табылады деуге болады.

Монографиялық зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты проблемаларды жан-жақты зерттеу мемлекеттігімізді одан әрі нығайту үшін басты шарт болып табылады. Осы зерттеудің басты мақсаты - Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық қорғау мәселелерін кешенін қарау және оны жан-жақты талдай отырып тұжырымдау болып табылады. Экономикалық мүдделерді қорғау барысында конституциядағы бекітілген адам және азаматтар құқықтарын жан-жақты сақтай отырып, мемлекеттің нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты және құқықтық мемлекет құру жағдайында Қазақстанның экономикалық мүдделерін құқықтық қорғаудың механизмін жетілдіруге байланысты мынадай негізгі міндеттер туындайды. Оларға:

- Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесі ретінде экономикалық мүдделердің түсінігі мен мазмұнын ашу;

- экономикалық мүдделер мен елдің экономикалық қауіпсіздігі арасында салыстырмалы талдау жүргізу;

- экономикалық қауіпсіздікті қорғауда конституциялық-құқықтық механизмдерінің мәні мен заңдық табиғатын ашу;

- Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық қорғауды жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының жұмысын талдау;

- Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қазіргі уақыттағы міндеттері мен өкілеттілігін анықтай отырып, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдеріне талдау жасау;

- қаралып отырған органдардың заңдылығы мен құқық тәртібін нығайту саласындағы оның атқарып отырған қызметін сараптау;

- мемлекеттік органдардың экономикалық мүдделерін құқық қорғау органдарында азаматтардың құқықтары және заңды мүдделерінің қорғалу дәрежесі мен жағдайын анықтау;

- экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде құқық қорғау органдары қызметінің құқықтық нормалары мен іс-әрекет әдістерінің ерекшеліктерін, олардың өзара іс-қимылын талдау, салыстырмалы сипаттама беру;

- жүргізілген зерттеулер нәтижесінде мемлекеттің экономикалық мүдделерін құқықтық қорғауды жетілдіруге бағытталған тұжырымдар мен ұсыныстар жасау.

Зерттеу объектісі. Монографиялық жұмыстың объектісі болып - конституциялық құқықта экономикалық мүддені құқықтық қамтамасыз ету мен құқыққорғау органдарының конституциялық-құқықтық мәртебесі. Монографиялық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығында адам және азаматтарының экономикалық мүддесін қамтамасыз ету кезінде құқыққорғау органдарының конституциялық-құқықтық мәртебесі мен өкілеттіліктерін қарастыру және құқыққорғау органдарының заңсыз кірістерін заңдастыруға қарсы іс-қимылдарын жүзеге асырудың құқықтық зерделеу жұмыстарына негізгі назар аударылған.

Зерттеу пәні. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы мен қаржылық, кәсіпкерлік, құқыққорғау органдары пәндерінің өзара қарым-қатынас тәсілдері мен механизмдері. Адам және азаматтардың әлеуметтік-экономикалық даму бағытында конституциялық құқықты қамтамасыз етудің мәселелері болып табылады.

Зерттеудің теориялық және методологиялық негіздері. Осы тақырыпты зерттеуде мынадай әдістер қолданылды: диалектикалық, тарихи-құқықтық, логикалық-заңдық, жүйелік-құрылымдық, салыстырмалық-құқықтық және статистикалық.

Зерттеу осы тақырыпқа арналған мол әдебиетті, соның ішінде шетелдік және отандық авторлардың еңбектерін, монографиялар мен ғылыми мақалаларды, оқу және анықтама материалдарды кеңінен пайдалану негізінде жүргізілді. Әсіресе Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарына, әкімшілік, қылмыстық және азаматтық-құқықтық заңнамаларға және басқа нормативтік-құқықтық актілерге жеткілікті көңіл бөлінді.

Монографиялық тақырыпқа байланысты проблемаларды теориялық-құқықтық жағынан ойластыру мына авторлардың еңбектерінде біршама қаралады: осы тақырыпқа байланысты басылымдардың ішінен шетелдік ғалымдарының Агеев В. М., Бэттлер А., Басков М. К., Генкин А., Гершкович Б. Я., академик Сенгалов В. К. және қазақстандық теориятанушы-ғалымдардан Зиманов С. З, Баймаханов М. Т., Сапарғалиев Г. С., Сартаев С. С., Қопабаев Ө. Қ., Көбеев Е. Қ., Амандықова С. К., Матюхин А. А., Малиновский В. А., Абдрасулов Е. Б., Алимбеков С. Т., Майлыбаев Б. А., Мұхамеджанов Э., Айтхожин Қ. Қ., Адайбаев Б. Ж., Арыстанбеков К. Т. және т. б. ғылыми еңбектері монографиялық зерттеу барысында басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысында ҚР Жоғарғы соты, ҚР Бас Прокуратурасы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы, ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті, сондай-ақ ҚР ҚМ Салық комитеті сияқты мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі мен қызметінің ұйымдық негіздерін және олардың осы заманғы Қазақстандағы мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орнын анықтауға байланысты тұжырымдар жасалынды. Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғауға қатысты жекелеген мәселелер бойынша ғалымдар мен практикалық қызметкерлердің көптеген баспа еңбектерінің болуына қарамастан зерттеулердің кешенді талдануы осы күнге дейін кең көлемде зерттелмеді.

Сонымен бірге кейбір ғылыми пікірлер мен ұсыныстар белгілі дәрежеде өз өзектілігін жоғалтты, өйткені тіпті Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық қорғауды жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының қызметіне байланысты нормативтік-құқықтық заңдылықтардағы нормаларды тәжірибеде пайдалануда кемшіліктер кездеседі.

Монографиялық зерттеудің нысаны мен тақырыбы оның мақсаты және міндеттерімен белгіленеді. Осы ғылыми зерттеудің нысаны Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық қорғау, оның рөлін, орны мен біздің жас мемлекетіміздің қалыптасуы және дамуы үрдісінде маңызын анықтау болып табылады.

Зерттеудің тікелей тақырыбы Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін жүзеге асыратын мемлекеттік органдарының құзырына жататын мәселелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекеттік саясаттың осы саласында қамтитын нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру болып табылады.

Зерттеудің эмперикалық базасы. Жұмыста Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы, ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитеті, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Ішкі істер органдары, ҚР ҚМ Салық комитетінің нормативтік материалдары, сондай-ақ мемлекеттік органдар жариялаған басқа да ақпараттары кеңінен пайдаланылды.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы оның осы заманғы қазақстандық заң ғылымында осы салада туындайтын проблемаларды зерттеуге және шешуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық қорғауда құқық қорғау органдарының жұмыс тиімділігін арттыруға байланысты ғылыми диссертациялық зерттеу тұңғыш рет жасалынды. Мұнда ерекше назар аударатын аз зерттелген немесе дискуссиялық мәселелерге жан-жақты көңіл бөлінеді.

Зерттеу барысында экономикалық қауіпсіздік түсінігінің нақты құрамдас бөлігін аша отырып, ал бұған дейінгі осы мәселені зерттеу жұмыстарымен салыстырмалы түрде тұжырымдалды.

Сондай-ақ жүргізілген ғылыми зерттеу мен монографияда белгіленген проблемаларды қарау нәтижесінде диссертанттың пікірі бойынша елдің экономикалық мүдделерін құқықтық қорғауда құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіруде елеулі бағыттарды көрсетуі зерттеу жұмысының жаңалығы болып табылады. Қазіргі қолданыстағы заңнамалық базадағы кейбір нормаларды түсіндіруден пайда болатын құқық қорғау органдарының іс-әрекетіндегі кейбір мәселелерді реттеуге өз үлесін қосуы мүмкін. Осы бағытта Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық заңнамаларын жаңа нормативтік-құқықтық нормалармен толықтыру жөнінде нақты ұсыныстарды айқындауда.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар . Монографиялық зерттеуді негіздеуге ерекше назар аударылған мынадай тұжырымдармен анықталады:

1) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық қорғау - бұл мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз етуден басқа, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында әлеуметтік-экономикалық жағдайын құқықтық жетілдіру;

2) Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттің ұлттық мүдделерімен анықталады, ал оларға мемлекеттің тіршілігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін сұраныстар жиынтығы жатады.

3) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін Конституциялық аспектісі жағынан құқықтық қорғау - бұл экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заң жүзінде жүзеге асырылу жағдайы болып табылады.

4) Экономикалық қауіпсіздікті талдаудағы маңызды аспектісі - мемлекеттік қызметті жеткілікті қамтамасыз етіп, оның халықаралық байланыс жүйесінде негіз болатын әскери, экономикалық, саяси және әлеуметтік ресурстардың жиынтығын құрайтын мемлекетік кешенді күші болып табылады.

5) «Экономикалық қауіпсіздік» және «экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» терминдерінің құқықтық анықтамасы мәселесін қарау Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды теориялық және практикалық мағынаға ие екендігі сөзсіз.

6) «Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық қорғау» мазмұны заң ғылымында теория шеңберінде зерттелсе, тәжірибе жүзінде мемлекеттік органдар арасындағы өзара әрекеттер арқылы анықталады.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы. Зерттеудің теориялық маңызы - бұл диссертация тұтасымен экономикалық мүдделерді қорғаудың құқықтық мәртебесін, сондай-ақ елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының тағайындалуын ұғынуға көмектесе алады .

Теориялық қорытындылар Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жаңа арнайы ғылыми-теориялық зерттеулерге, елде заңдылық пен құқық тәртібін одан әрі нығайту мақсатында құқық шығару қызметін жетілдіру, құқықтық әрі егеменді мемлекет құру жөніндегі идеяларды бекіту және жүзеге асыру үшін негіз болып қызмет ете алады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы автор жасаған Конституциялық құқық ғылымын байытатын тұжырымдамалық қағидалар болып табылады, олар елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құқық қорғау органдарының конституциялық-құқықтық мәртебесінің түсінігі мен мәнін аша түседі. Сонымен қатар , диссертацияның тақырыбы бойынша зерттеулердің нәтижесі құқық қолдану жұмысында, заңгерлік жоғары оқу орындарының оқу үрдісінде, ғылыми-әдістемелік және ғылыми-көпшілік оқу құралдарын дайындау үрдісінде пайдалануға болады.

Жариялымдар туралы мәліметтер. Осы монография Қарағанды экономикалық университетінің Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасында орындалды.

Зерттеудің негізгі қағидалары мен қорытындыларына сәйкес 2 шетел мақаласы, 4 хабаршы, 7 халықаралық ғылыми конференцияларда мақалалары жарияланды. Оның ішінде:

Монографиялық зерттеудің құрылымы мен көлемі. Монографияның құрылымы зерттеудің сипатына, мақсаты мен міндеттеріне, сондай-ақ әдістемелік құралдар мен ұсыныстарға байланысты болып отыр.

Монографиялық жұмыс 170 бетте мазмұндалған. Кіріспеден, 3 бөлімді құрайтын 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕМЛЕКЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ

1. 1 Экономикалық мүдде - мемлекеттік-ұлттық мүдде ретінде

Адамзат тарихында ұлттық мүдде туралы мәселенің анықталмаған жағдайда қалуына байланысты мысалдар аз емес. Осындай қалді ТМД-ның бұрынғы кеңес одағы республикалары ғана емес, сонымен бірге транзитті жағдайда тұрған барлық елдер де бастан кешуде. «Ұлттық мүдде» санаты әлемнің барлық мемлекеттерінің қазіргі заманғы саяси және ғылыми салаларға мықтап енді. Дамуының дәрежесі мен сипатына қарамастан кез келген елдің белгілі бір баса назар аударатын ұлттық мүдделері бар. Олардың қатарына экономикалық мүдде кіретіні даусыз.

Мемлекеттік-ұлттық мақсаттары нақты айқындалмаған халықтың болашағы жоспарсыз, шашыраңқы болуы мүмкін. Сондықтан оған жат әлеуметтік-саяси құрылым күштеп таңылуы мүмкін. Тарихи тәжірибе көрсетіп отырғандай, нақты проблемаларды боямалау, мүмкін боларлық қателердің алдын алу, мемлекет ішінде қауіпсіздікті нығайту жөніндегі қажетті шараларды қолдану мен өткізуге кері әсерін тигізуі мүмкін.

Осы тарауды толық мәнді және жан-жақты ету үшін біз аса маңызды категория ретінде адамдардың оларды қоршаған әлемге белсенді қатынасын көрсететін «түсінік» ұғымына соқпай өте алмаймыз. Түсініктің әсерімен адамның әлемге қатынасы мақсатты бағыт алады. Ол адамның қылықтарымен және әрекеттерімен қозғалатын ішкі серіппе болып табылады. Осы феноменді жан-жақты талдау адамның өмірлік талпыныстары мен қылықтарының нақты себебін түсіндіруге мүмкіндік береді. Адам және қоғам мүддесіне байланысты мәселелерге көптеген зерттеулер арналған [3, 18б. ], мұның өзі, бір жағынан, «мүдде» түсінігінің әлеуметтік құбылыстарды тануда, адамдардың мінез-құлқының терең себептерін ашуда ерекше маңыздылығымен айқындалады, екінші жағынан осы категорияның қоғамдық ғылымдарда жеткілікті зерттелмегендігімен түсіндіріледі.

Қажеттілік, тұлғаның мүдделері әлеуметтік мемлекеттің мәнін зерттеуде басты буындардың бірі болып табылады. Өйткені құқықтық мемлекет өз нормаларында тұлғаның өмірдегі әлеуметтік мүдделерін сол қалпында білдіруі тиіс. Осы категориялар әлеуметтік әрекеттердің тікелей себептерін ашуы үшін жасалған, соның нәтижесінде қоғамдық өмірдің түрлі саласында өзгерістер мен толықтырулар болып тұрады [4, 6 б. ] .

Әрбір елде мүдденің алатын орны ерекше. Мүдделер әртүрлі болып келеді. Әлеуметтік топ та, ұжым да, тұлға да өз қылықтарының, әрекеттерін өз мүдделерімен ұштастырады. Адам оны қоршаған ортаға қажетті мүдделерді анықтайтын өз мақсаты арқылы бірлесе іс-қимыл жасайды. Сондықтан әдеттегі сана деңгейінде адамдардың жеке іс қимылы мен қылықтарында, сондай-ақ жаппай тарихи оқиғалар мен құбылыстарда мүдденің үлкен мағынасы айқындалады. Ғылыми ой тарихында осы проблемаға француз ағартушылары назар аударды, олар қоғамдық өмірдің құбылыстарын, адамдардың салттары мен әдет-ғұрыптарын олардың қажеттіліктері мен мүдделері арқылы түсіндіруге тырысты. Олар мүддені ерекше маңызды әлеуметтік құбылыс деп есептеді.

Мәселен, П. Гольбах үшін мүдде - адам қылықтарының оятушы күші, ол мүддені әрбір адам өзінің бақытымен байланыстыратын объект деп атайды [5, 311 б. ] .

Саяси билік, егер халықтың басым көпшілігі түсінетін және қабылдаған мемлекеттік, ұлттық, экономикалық мүдделер мен мақсаттар жүйесіне сүйенбесе, өз беделін бекіте алмайды. Жалпыұлттық мүдделер мен құндылықтарға сүйенген мемлекеттік билік қызметінің құлдырауы мен халықтың әлеуметтік жағдайының құлдырауын тоқтатып, сыбайлас жемқорлық және ұйымдасқан қылмыспен күресуде өз жетістігін бере отырып, қоғамның тұрақты дамуына үлесін қосады. Ұлттық мүдделер мен оларды жүзеге асырудың механизмін түсіну үшін екі негізгі принципті тәсілді ескеру қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы қызметкерлердің еңбек құқықтарының қорғалу дəрежесі
Жедел іздестіру қызметінің құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздерін талдау
Еңбек қатынастарының субьектілерінің құқықтары мен міндеттері
«Саясаттағы ұлттық қауіпсіздік, оның құрылымы»
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МӘРТЕБЕСІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ
Құқық пен экомомика, саясат
Адамның және азаматтардың тең құқықтылығын бұзу
Конституциялық құқық - құқықтың жетекші саласы
Ақпараттық саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz