Алматы қаласының ауа басейнінің сапасын бақылауды басқару және ұйымдастыру


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Биология факультеті

Экология және ботаника кафедрасы

С. Н. Айдабосын

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ АУА БАСЕЙНІНІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

050608 - « экология» мамандығы

Алматы 2011

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Биология факультеті

Экология және ботаника кафедрасы

Қорғауға жіберілді: Кафедра меңгерушісі, б. ғ. д., профессор

“___”2011 С. С. Айдосова

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ АУА БАСЕЙНІНІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ

050608 - «экология» мамандығы

Орындаған: 4 курс студенті С. Н. Айдабосын

Ғылыми жетекші б. ғ. к., доцент Б. Е. Шымшықов

Норма бақылаушы: Г. Ж. Билялова

Алматы 2011

РЕФЕРАТ

Бітіру жұмысы 42 бет көлемінде ұсынылған. Ол кіріспеден, тараулардан, зерттеу нәтижелерін талдау, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бітіру жұмысында 12 кесте, 2 диаграмма және 2 сурет келтірілген. Қолданылған әдебиеттердің жалпы саны - 32. Түйінді сөздер: экология, атмосфералық ауа, ластану көрсеткіштері, көміртегі тотығы, күкірт тотығы, азот тотығы, автокөліктер, ЖЭО, шаң, түтін, булар, ауыр металдар, қорғасын.

Жұмыстың мақсаты: Алматы қаласының ауасының ластануына байланысты экологиялық басқару органдарының қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға ұйымдастырылып жатқан іс-шараларын көрсету . Міндеттері: 1. Алматы қаласы атмосфералық ауасының ластануын бағалау, зиянды газдардың мөлшерін анықтау. 2. Атмосферны ластаушы көздерін және ластау мөлшерін анықтау. 3. Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға арналған іс-шараларды үйымдастыру мен басқаруды көрсету.

Жұмыста далалық және лабораториялық әдістерді пайдаланып ластануды бақылау посттарынан ауа үлгілерінен, оның құрамындағы ластаушы заттар және олардың түсу жолдары анықталды. Алматы қаласының ауасының мониторингін басқару үшін қазіргі кезде қосымша бақылау посттарын үйымдастыру қажет.

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ

АҚ - Акционерлік қоғам

АЛИ 5 - Атмосфераның ластану индексі

АҮФ - Аденинүшфосфат

АҚШ - Америка Құрама Штаттары

АЭБ - Ақпараттық экологиялық бюллетень

БАҚ - Біріккен акционерлік қоғам

ЖЭО - Жылу электр орталығы

ҚҚ - Қатты қалдықтар

ЛБП - Ластануды бақылау посты

ЛЗК - Ластаушы заттар концентрациясы

РҒӨЗО - Республикалық ғылыми-өндірістік зерттеу орталығы

ШРК - Шекті рауалы концентрация

ШМК - Шекті мөлшер концентрациясы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

  1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУАтмосфералық ауаның ластануы және ластаушы көздері . . . 5Атмосфералық ауаның әлем деңгейінде ластануы . . . 9Атмосфералық ауаның Қазақстан Республикасы

бойынша ластануы . . . 11

  1. ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ МЕН ӘДІСТЕРІЗерттеу нысаны - Алматы қаласының атмосферасының ауасы . . . 14Алматы қаласының географиялық орналасуы . . . 15Жер бедері (рельефі) . . . 17Климаты . . . 17Топырағы мен өсімдіктер жамылғысы . . . 18Зерттеу әдістеріАуаның құрамындағы газдарды анықтау әдісі (SO2, CO2, N2O, CO, H2S) . . . 20Ауадағы қорғасынды (Pb) анықтау . . . 22
  2. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУАлматы ауасын ластаушы көздер . . . 25Автокөліктің үлесі . . . 26Жылу электр орталығының (ЖЭО) үлесі . . . 31Жеке секторлар үлесі . . . 32Алматы ауасының экологиялық жағдайын жақсарту

іс-шаралдары . . . 32

  1. Ауа сапасын бақылау жүйесі (мониторингі) . . . 32
  2. Алматының басқару органдарының

экологиялық жағдайды жақсарту іс-шаралары . . . 37

  1. Алматы ауасын тазарту үшін қажетті іс-шараларды

ұйымдастыру мен басқару . . . 38

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 40

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 41

КІРІСПЕ

Соңғы жылдары дүние жүзінде экологиялық жағдайлар шиеленісе түсуде. Оның көптеген себептері бар. Негізгі факторлар, көбінесе адам іс-әрекетінен туындап отыр. Ең басты проблемаларының бірі - Жер шарындағы халық санының артуы. Әсіресе ғылыми-техникалық прогрестің дамуы, табиғи қорларды барынша пайдалану қоршаған орта жағдайын нашарлатып, адам денсаулығына орасан зор зиян келтіруде. Мұндай келеңсіз экологиялық жағдайлар ғылыми-техникалық прогрестің, қоғам дамуының әрекеттері емес, болып жатқан технологиялық және экологиялық саясатқа, экологиялық білімнің төмен болуына, кейбір техникалық және экологиялық шешімдердің дұрыс болмауына байланысты. Осының бәрі қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге, табиғатты қорғау және қалпына келтіру, көркейту жұмыстарын жүйелі әрі ғылыми негізде кешенді тұрғыда қарастыруды қажет етеді. Ірі қалаларда халықтың санының еселеп артуымен байланысты автокөліктер санының күрт көбеюінен қала атмосфералық ауасындағы көміртегі тотығы мен азот диоксидінің орташа жылдық шоғырлануы шекті мөлшерден асып түсуде. Осының бір мысалы Алматы қаласы. Алматы қаласы Қазақстанның ең ірі қаласы болып табылады, оның аумағында ірі өнеркәсіп мекемелері, ЖЭС және жеке үй - құрылыс секторлары бар, сонымен қатар, автокөліктер көп пайдаланады. Олар қоршаған ортаны қарқынды ластаушылардың қайнар көзі. Алматы қаласында ауа алабы соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан Алматы қаласында ауаның ластануын зерттеуді және бақылауды ұйымдастыру мен басқару өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Біздің жұмыстың тақырыбы осы өзекті мәселеге арналған. Жұмыстың негізгі мақсаты : Алматы қаласы ауасының ластануына байланысты экологиялық басқару органдарының қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға ұйымдастырылып жатқан іс-шараларын көрсету. Жұмыстың міндеттері: 1. Алматы қаласы атмосфералық ауасының ластануын бағалау, зиянды газдардың мөлшерін анықтау. 2. Атмосферны ластаушы көздерін және ластау мөлшерін анықтау. 3. Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға арналған іс-шараларды үйымдастыру мен басқаруды көрсету.

  1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУАтмосфералық ауаның ластануы және ластаушы көздері.

Қазіргі таңда экологиялық проблемалар қатарында атмосфералық ауаның ластануынан туындап жатқан көптеген мәселелер орын алған. Өйткені біз қоршаған ортамен үнемі байланыста болып табиғатқа әсер етіп отырмыз. Адамзат қоршаған ортаға антропогендік өзгерістер әкеліп, одан көптеп пайда көріп отыр: ауылшаруашылығы және өнеркәсіп дамуда, қалалар салынып ландшафтар көркейіп жатыр. Алайда антропогендік әсердің қоршаған ортаға жағымсыз жақтары да болып жатыр. Мұндай келеңсіз экологиялық жағдайлар ғылыми-техникалық прогрестің, қоғам дамуының әрекеттері емес, болып жатқан технологиялық және экологиялық білімнің төмен болуына, кейбір техникалық және экологиялық шешімдердің дұрыс болмауына байланысты. Табиғи байлықтарды ысырапты пайдалану, өнеркәсіп және тұрмыстық қалдықтар, автокөліктерден шығатын газдар және т. б. биосфераны мейлінше ластауда[1] . Осылардың ішінде ең негізгі ауыртпалық атмосфералық ауаның ластануына әкеліп соғуда. Атмосфералық ауа - түрлi газдардың қоспасы. Оның құрамында 78. 08% азот, 20. 9% оттегi, 0. 93% аргон, 0. 03% көмiрқышқыл газы бар. Ал қалған 0, 01% басқа неон, гелий, метан, радон, ксенон, т. б газдардың үлесiне тиедi. Жер бетiнде оттексiз тiршiлiк жоқ. Ол жасыл өсiмiдіктердiң тiршiлiк əрекеттерi нəтижесiнде түзiледi. Өндiрiстiң қарқындап дамуына жəне отын түрлерiн кең масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектiң қоры азайып, ал көмiрқышқыл газының мөлшерi жоғарылауда. Нəтижесiнде табиғаттағы көмiртектiң айналымы бұзылды деуге болады. Академик А. П. Виноградов зерттеулер нəтижесiнде көмiрқышқыл газының концентрациясы жыл сайын 0, 2% ға ұлғайып отырғанын анықтады. Адамзат қоғамында адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы күнге дейiн түрлi жану процестерiнде 273 млрд. тонна оттегi жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған. Көмiртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмiрқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы Жердегi барлық химиялық тепе-теңдiкке үлкен əсер етедi [1, 2, 3] . Қазіргі таңда экологиялық проблемалар қатарында атмосфералық ауаның ластануынан туындап жатқан көптеген мәселелер орын алған. Өйткені біз қоршаған ортамен үнемі байланыста болып табиғатқа әсер етіп отырмыз. Адамзат атмосфераға транспорттардан бөлiнген газдардың құрамында 25-27% қорғасын болатыны анықталған. Жəне оның 40% диаметрi 5 мкм ге дейiн болатындықтан ауада ұзақ уақыт сақталып, онымен бiрге адам организмiне түсетiндiгi белгiлi болды [1] . Қазiргi кезде бүкiл əлемде шамамен 700-750 млн. аса автокөлік жүрiп тұрса, үлкен қалалардағы атмосфералық ауаның тазалығын сақтау адамзат үшiн қаншалықты маңызды екенi түсiнiктi. Мысалы, Лос-Анжелес қаласының ауасын үнемi 2, 5 млн автокөлік, Парижде - 900 мың, т. с. с. ластайды. Ал əрбiр мың автокөліктен күнiне ауаға 3000 кг көмiртек оксидтерi, т. с. с отынның толық емес жану өнiмдерi бөлiнедi. Бұл физико-химиялық қоспалар тыныс алу кезiнде адам мен жануарларға аса зиянды болып табылады [1] . Қоршаған ортаны ластаушылардың ішіндегі басым бөлігі болып түсті металлургия қалуда. Атмосфераның түсті металлургия кәсіпорындарының ластаушыларының негізгі көзі болып сипатталатыны күкіртті ангидрид - 75%, көміртек оксиді - 10, 5%, шаң -10, 4% [7] . Қара және түсті металлургия қоршаған ортаны ең күшті ластайтын сала екендігі анықталды. Қара металлургия зауыттарының орташа есеппен (1 млн. т) жылдық өндірісі шаң - 380, күкірт ангидриді - 200, көміртек оксиді - 400, азот оксиді - 42 т/тәулігіне құрайды [22] . Химиялық мұнай химиясы мен картон өндірістері ауа басейнін (көмірқышқыл газы, көміртегі оксиді, күкіртті газ, көмірсутектер, азот қосындылары, хлор, мышьяк, сынап және басқалар), су және топырақты (мұнай мен мұнай химия өнімдері, фенол мен басқа да улы заттар, қағаз- картон өндірісінің сульфатты ағынды сулары және басқалар) негізгі ластаушылары т. б. [8] . Кез келген аймақтың немесе экономика саласының дамуының негізі - энергетика. Кәсіпорындардың даму қарқыны, оның техникалық деңгейі, адамдардың өмір сапасы көбінесе энергетиканың дамуымен байланысты. Көптеген мемлекеттерде энергетиканың негізгі көзі болып жылу энергетикасы болған, солай да бола бермек. Ол көмір, мұнай, газ жануынан алынады [9] . Энергетикада қоршаған ортаны ластаушылардың негізгі көзі жылу энергетикасы болып есептеледі. Ең күштісі жылу мен химиялық ластану. Егерде жанармай жануы толық болмайды, ал қатты ЖЭО пештерін жағудан үлкен көлемде күл, күкірт диоксиді, канцерогендер бөлінеді. Олар қоршаған ортаны ластап табиғаттың барлық компоненттеріне әсер етеді. Мысалы, күкірт диоксиді атмосфераны ластағанда қышқыл жаңбыр жауады [14] . Атмосфераға ластаушы заттар мынадай антропогендік әрекеттермен түседі: органикалық отындарды жағу, көмір және мұнай, автокөлік, шойынды 1-ші және 2-ші дәрежеде өңдеу және химиялық, мұнай химиялық, цементті тау өндірісі, т. б. [18] . Қорғасынның негізгі түсу көзі автокөлік жанар майы. Атмосфераға түскен зиянды заттектердің 60%-дан астамы антропогендік жолмен түседі [14] . А. А. Беустың ( 1976 ) есептері бойынша соңғы 10 жылда түсті металл кендерін өндіру мен өңдеу арқасында 1 шаршы км жер бетіне орташа есеппен 30 кг қорғасын және 80 кг-нан астам басқа зиянды заттар таралады екен. Көмір, мұнай және жер қойнауынан алынатын отындарды жаққанда түтінмен бірге ауаға осы отын ішіндегі элементтер тарайды. Тас көмірді жаққанда одан цезий, хром, қорғасын, сынап, күміс, қалайы, титан, уран, радий т. б. элеметтер бөлініп шығады [12] . Г. А. Гармаштың (1995) деректері бойынша, қара және түсті металлургия кәсіпорындарында ауаға тарайтын ауыр металдардың 95%-дан артығы техногенді шаң түрінде бөлініп шығады. Автокөлік жолдарына жақын өскен өсімдіктердің хлоропластарында АҮФ-тың түзілуі баяу жүретіні анықталған. Өсімдік неғұрлым автокөлік жолынан алыс өссе, соғұрлым изоляцияланған хлоропластарда АҮФ көп түзіледі [7] . Қоршаған ортада атмосфералық ауаның жағдайын бақылау мен басқаруда зерттеулер қазіргі уақытта ғылыми және іс жүзінде де өте маңызды орын алады. Атмосфералық ауаның сапасын бақылау бағытындағы зерттеулер қазіргі кезде қоршаған ортада атмосфералық ауаның жай-күйі, онда болып жатқан процестердің себебі мен сипатын түсінуде бірқатар нәтижелер береді [1] . Атмосфералық ауаны ластаушы көздерден әртүрлі зиянды заттектердің бөлінуі қоршаған ортаға әртүрлі әсер етеді. Соның ішінде ең негізгісі адам денсаулығына көптеп зиян келеді (1 кесте) .

1 кесте. Атмосфералық ауаны ластаушылардың негізгі сипаттамасы

Атмосфераны ластаушылар
Шығу көздері
Адамның денсаулығына әсері.
Атмосфераны ластаушылар: Өлшеулі заттар
Шығу көздері: Қазбалар мен басқа да отын түрлерін жағу кезінде пайда болады; көлікте, жылу электр станцияларынд отынның толық жанбауы кезінде, құрылыс материалдарын (бетон, ағаш) шығаратын кәсіпорындарда, топырақ эрозиясы кезінде, асфальт төсеніштерді үрлеу кезінде және т. б.
Адамның денсаулығына әсері.: Тыныс жолдарын қатерлі ісіктермен зақымдайды. Тыныс жолдары мен басқа органдарға құрамды бөлшектердегі компонеттердің улы әсері арқылы ықпал етеді. Тыныс (өкпе, бронхы) және қан айналымы жүйесінің бұзылуына әкеледі.
Атмосфераны ластаушылар: 1 кестенің жалғасы
Атмосфераны ластаушылар: Күкірт қос тотығы
Шығу көздері: Құрамында күкірті бар (бірінші кезекте көмір мен майдың ауыр фракциялары) отынның жануы кезінде атмосфераға тарайды. Күкірт диоксидінің негізгі көзі болып электр станциялары, қазандықтар мен металлургия кәсіпорындары есептеледі.
Адамның денсаулығына әсері.: Жоғары тыныс жолдарын тітіркендіреді. Тамақ-мұрын, кеңірдек және бронхының сілекейлі қабатына әсер етуі байқалады.
Атмосфераны ластаушылар: Азот диоксиді және азот оксиді
Шығу көздері: Жоғары температура кезінде отынның жануы және оттегінің жетіспеушілігі кезінде пайда болады. Негізгі көздері: автокөліктен шығатын газдар, ЖЭО шығарындылары, қатты қалдықтарды жағу, газдың жануы.
Адамның денсаулығына әсері.: Азот оксидтері - жоғары улылығына байланысты қауіпті атмосфераны ластаушылар болып табылады, қандағы гемоглобин құрамын төмендетіп, қан құрамының өзгеруіне әкеледі, көру органдарына әсер етеді, тыныс алу жүйесінің төменгі жағын қоздырады, әсіресе өкпе тінін. Өткір респираторлы ауруларға, пневмонияға бейімділікті арттырады.
Атмосфераны ластаушылар: Көміртек оксиді
Шығу көздері: Негізгі көздері; автокөліктен шығатын газдар (тиісті температура болмаған кездегі көмірсутекті отынның толық жанбауы салдарынан немесе ішкі жану қозғалтқыштарынада ауа жіберетін жүйенің дұрыс болмауынан пайда болады) ЖЭО шығарындылары, ағаш, қазбалы отынды, қатты қалдықтарды жағу және органикалық заттардың жартылай шіруі.
Адамның денсаулығына әсері.: Қанның тіндерге оттек жіберетін қабілетін төмендетеді. Психомоторлы функциялардың бұзылуына және демалу, ұйқышылдық, жүрек айну, бас ауруларына әкеліп соғады.
Атмосфераны ластаушылар: 1 кестенің жалғасы
Атмосфераны ластаушылар: Формальдегид
Шығу көздері: Атмосфераға көмірсутектің толық жанбауынан тарайды. Негізгі көздері; автокөліктер, ЖЭО, химиялық және ағаш плиталар түрлерін, жұқа тақтай өндіру, тоқыма өнеркәсібі болып табылады, темекі түтінінде болады.
Адамның денсаулығына әсері.: Тыныс жолдарын (бронхы, өкпе) зақымдайды, қатерлі жаңа өскіндер, мутация, жүрек тамырлары аурулары пайда болады. Формальдегидтің әсерінен бауыр, бүйрек, жүрек және бас миы дамуында ауытқушылықтар болады.

Ауаның құрамында болатын күкіртті газдың шектеулі нормасы - 0. 02мг/м 3 және аммиак - 0. 1мг/м 3 .

Мамандардың есептеулері бойынша, Франция мемлекетінде атмосфераның ластануынан болатын шығын ұлттық табыстың 4%, АҚШ-та - 3%, Жапонияда - 8% құрайды [3] . Атмосфераның ластануы нәтижесі қазір бүкіл әлем жұртшылығын алаңдатып отырған экологиялық проблемалар туындауда. Бұларды өз кезегінде зерттеу, бақылау, басқару және ұйымдастыру мәселелері біраз қиыншылықтарға ұшырап отыр. Осыған байланысты кез келген аймақта болсын атмосфералық ауаның сапасын бағалау, басқару мен ұйымдастыру мәселелері маңызды орынды иеленеді.

  1. Атмосфералық ауаның әлемдік деңгейінде ластануы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүлік нарығының даму мәселелері (тұрғын үй мәселесі)
Сырдария өзенінің экологиялық мәселелері
Шарын өзенінің гидрологиясы мен гидрографиясы
Үндістан туралы
Шарын өзенінің суы мен жәндіктерінің ауыр металмен ластануы
Нұр - Сұлтан қаласының экологиялық жағдайы
Ауа, жер мониторингі
Экологиялық инновациялық өнім
Қалалардағы экологиялық жағдайды ұзақ мерзімге болжау
Тасымалдаудың келтірілген жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz