Төтенше жағдайлар және олардың алдын алу



1.Кіріспе. Төтенше жағдайлар және олардың алдын алу

2.Негізгі бөлім. Азаматтық қорғаныс заңы
А) құрылымы
Б) маңыздылығы.Төтенше жағдайлар қызметі

3. Қорытынды

4. Пайдалаған әдебиеттер
Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Табиғи сипаттағы ТЖ - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануы туғызатын ТЖ-лар.
1. Айтуғанова З.Ш. «Экологиялық қауіпсіздіктің экономикалық мәселелері» дисс. жұмыс. 2003 ж.
2. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы" Заңы, 1998 жыл, 26 маусым.// Егемен Қазақстан газеті.
3. «Қала мен Дала» газеті, «Экологияның өзекті мәселелері» атты мақала, 2004 ж. 26 мамыр.
4. Ақиқат журналы, «Экологияның экономикалық залалдары» атты мақала, 2006 ж №4, 58 б.
5. Айтуғанова З.Ш. «Экологиялық қауіпсіздіктің экономикалық мәселелері» диссерт. 2003ж. 45 б.
6. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы N 100 «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы

Жоспары:

1.Кіріспе. Төтенше жағдайлар және олардың алдын алу

2.Негізгі бөлім. Азаматтық қорғаныс заңы
А) құрылымы
Б) маңыздылығы.Төтенше жағдайлар қызметі

3. Қорытынды

4. Пайдалаған әдебиеттер

Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары
Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Табиғи сипаттағы ТЖ - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануы туғызатын ТЖ-лар.
Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.
Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді. Туындаған ТЖ жіктемесі ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №1310 Қаулысымен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесіне сәйкес жіктеледі. ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы №1351 Қаулысымен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру ережесіне сәйкес объектілік және жергілікті ауқымдағы ТЖ жағдайларды ТЖМ ОҚО төтенше жағдайлар департаменті тарапынан құрылған комиссия зерттейді.
Комиссия құрамына орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мүдделі органдардың басшылары кіреді. Комиссия тексеру барысында оқиғаны көргендерден, лауазымды және басқа адамдардан жазбаша және ауызша түсініктемелер алуға, сараптамалық қадағалау органдарының мамандары, ғалымдар қатарынан белгіленген тәртіппен кіші сараптама комиссияларын құруға құқығы бар. Кіші сараптама комиссиясы және оның төрағасы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ себептерін тексеру жөніндегі комиссия төрағасының өкімімен тағайындалады. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелер жазбаша түрде беріледі. Кіші сараптама комиссиясының барлық мүшелері қол қойған материалдар комиссия төрағасы белгіленген мерзімге комиссияға тапсырылуы және тексеру материалдарына қоса берілуі тиіс. Комиссия тексеру барысында болған оғиғаның жағдайларын анықтайды, оның себептерін, нормативтік құқықтық кесімдердің жіберілген бұзушылық сипатын, жауапты адамдар құрамын белгілейді және оларды жазаға тарту шараларын ұсынады, зардаптарды жою және осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау жөнінде іс-шаралар белгілейді, қирау және зиян мөлшерін анықтайды. Комиссия 10 күн ішінде табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру актісін жасайды.
Ал, өңірлік және жаһандық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ды ҚР Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын комиссия тексереді.
Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы. Авариялық ғимараттар бойынша зерттеу жұмыстарын авариялық ғимараттардың техникалық жағдайын зерттейтін тұрақты жұмыс атқару облыстық комиссиясы жүргізеді. Аталған комиссияның зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша шешімді облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы қабылдайды. Қауіпті өндірістік объектілеріндегі авариялардың себептерін тексеру тәртібін Қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы ҚР 2002 жылғы 3 сәуіріндегі Заңына сәйкес өнеркәсіптік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шегінде белгілейді.
Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.
Дүлей зілзала - ТЖ-дың пайда болуына әкеп соққан зілзала.
Апат - аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.
ТЖ-дың алдын алу - алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.
II. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары
ҚР Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы Заңының 14 бабына сәйкес алдын алу шараларына:
- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау;
- ТЖ саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары жатады.
ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен ТЖ-дың деректер банкін жасау, ТЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау,
радиациялық қауіпсіздікті бапқылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және ТЖ алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.
III. Төтенше жағдайларды жою жұмыстары
Төтенше жағдайларды жою жұмыстарына - ТЖ пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары жатады. Осы жұмыстарды уақтылы атқару мақсатында ауданның АҚ және ТЖ қызметтері құрылады. Бұл қызметтер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай тиісті техникамен, жеке құраммен, қажетті құралдармен жасақталады.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ҚР Заңының 20 бабында:
- табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ оқшаулау мен оларды жою жөніндегі бірінші кезекте жаслатын іс-қимылды бұрын бекітілген жоспарларға сәйкес ТЖ аймағында орналасқан авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын тарта отырып жергілікті атқарушы органдар және ұйымдардың басшылары ұйымдастырады делінген.
Бірінші кезекте жасалатын іс-қимыл кезінде халықты ТЖ аймағынан уақытша көшіру, ұйымдардың қажетті материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру ісі жүргізілуі мүмкін, авария, зілзала немесе апат болған объектінің жұмысы тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады, ұйымдарда жұмыс режимі өзгертіледі, адамдардың жүріп-тұруы мен жүктердің тасымалдауына шектеу (карантин) енгізіледі, мүмкін болатын құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртіп пен объектілерді қорғау қамтамасыз етіледі.
ТЖ аймағының шекараларын ҚР заңдарына сәйкес тағайындалған ТЖ жою басшылары ҚР Үкіметі белгіленген ТЖ сыныптау негізінде айқындайды.
Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ жою кезінде шұғыл медициналық жәрдем көрсету қызметі дереу іске қосылады, ал ол жеткіліксіз болған жағдайда орталық мемлекеттік органдардың және ұйымдардың медициналық күштері мен құралдары тартылады (21-бап).
Халықтың, қоршаған ортаның және шаруашылық жүргізу объектілерінің табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кепілді қорғалуын қамтамасыз ету үшін алдын ала материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа ресурстардың мемлекеттік резерві жасалады (24-1 бап).
IV. Аудан, және ауыл әкімдерінің төтенше жағдай саласы бойынша атқаратын міндеттері.
Халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдары мемлекет Конституциясына негізделеді және өзге де мемлекеттік нормативтік -құқықтық актілерден түзіледі.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты, аумақты және шаруашылық жүргізуші объектілерді қорғаудың негізгі принциптері мыналар:
- жариялылық және халық пен ұйымдарды болжанып отырған және пайда болған төтенше жағдайлар, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар ету;
- төтенше жағдайлар кезіндегі құтқару, авариялық- қалпына келтіру және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу міндеттілігі, шұғыл медициналық жәрдем көрсету, тұғындарды және зардап шеккен қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, төтенше жағдайлар салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге келген зиянды өтеу болып табылады.
Сонымен қатар бұл жерде Қазақстан Республикасының заңдары негізінде жергілікті халықтың төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік әлеуметтік сақтандырылуға міндетті екенін ескеруге болады.
Қазақстан Республикасының Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы заңының 13 бабын сәйкес, аудандардағы, ауыл әкімдіктеріндегі жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтардағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшін жауапты.
1. Аудан әкімдері мен ауыл әкімдері жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастырады;
2. Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияны, зілзала мен апатты тергеуге (зерттеуге) қатысады;
3. Халықты (тұрғындарды) және ұйымдарды қауыпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар етеді; (Қызметкерлер күшімен, БАҚ арқылы, байланыс және хабар беру құралдары арқылы, т.б. )
4. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ауданның бюджетінен, ауыл әкімдіктерінің қорларынан қаржыландырылады;
5. Материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа ресурстардың жергілікті қорларын құрады және пайдаланады;
6. Төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен тұрғындардың және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамассыз етеді;
7. Азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге келтірген зиянның өтелуін қамтамассыз етеді;
8. Медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
9. Азаматтар мен қызметкерлер төтенше жағдайлар аймақтарында тұрғаны және жұмыс істегені үшін өтемақылары мен жеңілдіктер алуды өз құзіреті шегінде қамтамасыз етеді;
10. Төтенше жағдайлар жойылғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру бағытында шаралар жүргізеді;
11. Ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру бойынша шаралар жүргізеді.
Селдің, қар көшкіннің, сырғыма мен опарылманың пайда болу кезіндегі іс-әрекеті
Таулы және тау бүктерінің аумағы селдің, қар көшкіннің, сырғыма мен қопарылманың әсеріне жиі ұшырайды.Бұндай қауіпті аймаққа Шымкент қаласы мен бір қатар басқада елді мекендерде кіреді.
Сел - тау өзенінің арналарында 3-5 мс жылдамдықпен биіктігі 10-20 м. дейін (кейбір жағдайларда 40-50 м. дейін) жекелеген толқындармен қозғалатын, су мен үгілген материалдар қоспасындағы қасқағым сәтте өтетін тау тасқыны, ол салмағы 300 тонна үлкен тастың өзін оңай дөңгелетіп әкетеді.
Селдің алапат талқандағыш күші өзінің жолында кездескен барлық гидротехникалық ғимараттарды қиратып, жазық пен өзен сағаларын бүлдіреді.
Селдің қуаты мен қиратушылығы бойынша Қазақстан ТМД-да алғашқы орындарының бірін алады.
Сел қаупінің белгілері:
:: сел қаупі күшті аудандарда қатты нөсердің ұзақ жаууы;
:: биіктегі сел қаупі бар өзендерде ауа температурасының көтерілуі, бұл морендік өзендердің суға толып, арнасын бұзып шығуын тудырады;
:: өзендегі су деңгейінің күрт төмендеуі немесе оның жоғарғы жағында өзен бөгетін бұзылуын көрсететін шұңқырдың пайда болуы;
:: өзен бөгетінің бұзылуына алып келетін жер сілкінісі.
Сел тасқыны кезiнде халықтың өзiн-өзi ұстауы мен ic-әрекетіне зiлзаланың белгiлерiн дер кезiнде анықтау мен белгiлеудi және ол туралы хабарлауды (ескерту) ұйымдacтыpy үлкен әсер eтеді.
Халыққа сел тасқынның жақындауы туралы хабарлaған жағдайда, сел қаупі кезінде қарттар мен балалардың шығуына көмектеседі. Бірінші кезекте аурулар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
Төтенше жағдайлар жөніндегі органдар қызметінің құқықтық негіздері
Төтенше жағдайлардың класификациясы мен түсінігі
Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау
Төтенше жағдай шаралары
Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері туралы ақпарат
Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары туралы
Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі. Азаматтық қорғаныс мақсаттары мен міндеттері
Төтенше жағдайдағы объектілер жұмысының тұрақтылығын арттыру жолдары
Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары
Пәндер