Туризм сферасындағы бизнес



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Туризм сферасындағы бизнес.
2.Туристік кәсіпорындардың құрылу формалары.
3.Туризмнің басқа салалармен байланысын талдау.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Туризм адамзат қоғамының барлық өмірлік маңызды салаларын қамтыған сфера. Туризмнің дамуы соңғы кезде кез-келген елдің экономикасының табыс табу көзіне айналуда. Туризм әлемдік экономиканың қарқынды дамып жатқан секторы және валюталық түсімдердің тиімді көзі болып табылады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Үндеуінде: «Біз бәсекеге қабілеттілігін үнемі арттырып отыратын басым салалары бар бәсекеге қабілетті экономика үлгісін таңдадық, сөйтіп қазақстандық кластерлер жүйесін дамытудың бастамасын көтердік»,– деп көрсетілген. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, осындай басым бағыттағы қызмет салаларына туризм де жатады.
1. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. – Алматы, 2000.
2. ↑ "Қазақ энциклопедиясы,"5 том
3. Менеджмент туризма: Туризм и отраслевые системы. – М.: Финансы и статистика, 2001.
4. Ердавлетов С.Р. История туризма. Развитие и научное изучение. – Алматы, 2003.
5. Алиева Ж.Н. Экологический туризм. – Алматы, 2002.
6. Мазбаев О.Б., Атейбеков Б.Н., Асубаев Б.К. Туризм және өлкетану негіздері: оқу құралы.- Алматы, 2006.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Туризм сферасындағы бизнес.
2.Туристік кәсіпорындардың құрылу формалары.
3.Туризмнің басқа салалармен байланысын талдау.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Туризм адамзат қоғамының барлық өмірлік маңызды салаларын қамтыған сфера. Туризмнің дамуы соңғы кезде кез-келген елдің экономикасының табыс табу көзіне айналуда. Туризм әлемдік экономиканың қарқынды дамып жатқан секторы және валюталық түсімдердің тиімді көзі болып табылады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Үндеуінде: Біз бәсекеге қабілеттілігін үнемі арттырып отыратын басым салалары бар бәсекеге қабілетті экономика үлгісін таңдадық, сөйтіп қазақстандық кластерлер жүйесін дамытудың бастамасын көтердік, - деп көрсетілген. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, осындай басым бағыттағы қызмет салаларына туризм де жатады.
Туризм қазіргі әлемде құқығы жағынан жүз жылдықтың экономикалық феномені болып танылды және кез-келген мемлекет экономикасының дамуына ықпал етеді. Осы заманғы әлемдік экономикада туристік сала - аса жанды және перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде мемлекет кірісінің алғашқы тарауы болып табылады.
Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша Қазақстан Республикасы тұрақты туризмді дамыту үшінболашағы бар елдер санында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Сондықтан да Қазақстанда туристік сала елдің экономикалық дамуындағы басым сала ретінде белгіленді.
Дүние жүзі бойынша туризм жылына 500 млрд. доллар табыс береді. Бірінші орынды АҚШ алады, одан соң Батыс Еуропа елдері кіреді (Испания, Франция, Италия).Туризмнің маңызы тек экономикаға тікелей әсер етуімен шектелмейді. Әр мемлекет өз елінде туризм индустриясын дамытуға ұмтылатын себебі: біріншіден,халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жолының бірден-бірі осы туризм саласы; екіншіден, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда, яғни бейбітшілікті нығайтады; үшіншіден, ең басты себеп - туризмді елдің экономикасының елеулі секторына айналдыру. Сол себепті туристік бизнес өте кең тараған бизнестердің бірі. Ол көптеген мемлекеттердің басты табыс көзі болып табылады. Мысалы: Мысыр, Түркия, Тунис, Кипр, Иордания және тағы басқалар.
Туристік бизнес немесе туризмдегі кәсіпкерлік іс әрекеттерінің қазіргі кезеңі жиырмасыншы ғасырдың соңғы жылдарында қарқынды дамыды. Ол өз кезегінде туристік ағындардың артуымен, жаңа туристік кәсіпорындардың көптеп ашылуымен, туристік инфрақұрылымның дамуымен тікелей байланысты болды. Туистік индустрияның дамуы бұл туристік бизнестің дамуы.

1.Туризм сферасындағы бизнес.
Туризмдегі сферасындағы бизнесті екі негізгі типке бөліп қарастыруға болады. Олар: операторлық және агенттік. Бірінші типі туристік өнімді өндірумен тікелей байланысты болса, екінші типі оларды тарату, тұтынушыларға жеткізумен айналысады. Яғни, туроператор деп-туристік өнімді өндіруші субъект.Турагент дегеніміз-туроператор шығарған өнімді жеткізуші рөлін атқарады.
Термин бойынша туристік бизнес дегеніміз жан-жақты қызмет көрсету түрі болып табылады, және әрқайсысы өзіндік спецификасымен ерекшеленеді. Туристік индустрия дегеніміз - қонақ үйлер және басқа да орналастыру сферасы жүйелерінің жиыны, көлік жүйесі, тамақтандыру, ойын-сауық обьектілері мен шаралары, танымдылық, іскерлік, емдік, спорттық және басқа сферадағы шаралары, кәсіпкерлер, туроператорлар мен турагенттер қызметі, экскурсиялық жорықтар ұйымдастырушы органдар және аудармашы жүйелерінің жиынтығын қамтиды. Туристік бизнестің негізгі мазмұнын қарастырсақ, оны турагент пен туроператорлар деп қарастыруға болады. Туроператор қызметі дегеніміз - туристік өнімді өндіруші болып келеді. Бұл дүние жүзі туризім бизнесінің ең бастысы саналады. Себебі тек туроператор ғана туристік өнімді өндіреді және ол өзіне көлікпен қамтамасыз ету, орналастыру, тамақтандыру, экскурсиялық қызмет және тағы да басқа қызмет көрсету түрлерін қамтуы мүмкін. Туроператор туристік өнімді өндірумен қоса оны ярмаркалар, көрмелер, жарнама жүйелері, каталог және буклет жасау арқылы дамыту шараларын атқарады. Туроператорлар өнімдерін турагенттер арқылы жүзеге асыра алады. Бұл жерде туроператор өнімнің сапалылығына жауап береді, және ол бір салада ғана жұмыс істеуі мүмкін. Мысалы: қонақ үйлерде орналастыру. Туроператорлар бірдей болмайды, әр қайсысы бір салада жұмыс істеп бір-бірімен қарым-қатынаста болуы мүмкін. Мысалы: бір туроператор шетелге туристерді аттандырумен айналысса, ол басқа туроператорлармен келісім жүргізіп, сол елдердегі туроператорлардың қызметін қолдануы мүмкін. Бұл жерде ақшалай келісім шарт тікелей орын алады. Турагент дегеніміз - туроператор шығарған өнімді жеткізуші рөлін атқарады. Турагент делдалды қызмет атқарып, туристік нарыққа тікелей қызмет атқарады. Турагент туроператор мен тұтынушы арасында байланысты қамтамасыз етеді. Турагенттің туроператордан айырмашылығы, турагент өнім өндірмейді, ол туроператордан тікелей дайын өнімді сатып алады. Егер туристік өнімнің сапасына шағым болса, ол шағымды туроператор турагент көрсеткен келісім бойынша қарастырады. Туристің сұранысы бойынша турагент сол кездегі керекті туроператор қызметін таңдай алады.
Туризм − қазіргі таңда қарқынды даму үстіндегі экономикалық сектор, туристік қызметтерге ұсыныс артып, туристік саладағы жұмыс орындар көбеюде. Туристік бизнестегі технологиялар дамып, компьютерленуде. Қазіргі заманғы клиент сапалы туристік өнімді сенімді туристік агенттерден сатып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БИЗНЕС - ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Туризмнің экономикалық қызметтері
Қазақстан Республикасының туризм саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері
Жамбыл облысындағы туристік қызметтің даму жолдары (Жамбыл облысының мәліметтері бойынша)
Кәсіпкерлік [ дәрістер ]
Нарық жағдайындағы Қазақстандағы қонақ үй шаруашылығының жағдайы және оның туризмде алатын орны
Қазақстанның Республикасының қызмет көрсету дамуының қазіргі деңгейі
Дүниежүзілік туристтік ұйымдағы Халықаралық туризм
Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы
Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы туралы
Пәндер