XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси қатынастары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ
Қорғауға жіберілді:
«» 2012 ж
Кафедрасының меңгерушісі
т. ғ. д., профессор Т. О. Омарбеков
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың
басындағы Қазақ хандығының сыртқы
саяси қатынастары
050114-«тарих» - мамандығы бойынша
Орындаған: Ғ. Б. Маханов
Ғылыми жетекшісі:
т. ғ. д., профессор Б. Б. Кәрібаев
Сәйкестік бақылаушысы
Алматы 2012
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І Қазақ Хандығының Сыр бойы үшін жүргізген күрестері және оның нәтижелері . . . 12
ІІ XVІ ғасыр басындағы Қазақ хандығы және Мәуреннахрдағы Шайбан әулетімен қарым-қатынас . . . 31
ІІІ Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59
КІРІСПЕ
Диплом тақырыбының өзектілігі. Қазақ халқы үшін ХҮ-ХҮІ ғасырлар оқиғалары ішінен мақтан тұтып, үздіксіз атап өтуге лайықты тарихи даталар қатарына ХҮ ғасырдың ортасындағы мен ХҮІ ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси тарихын атап өтуге болар еді. XIX ғасырдың ортасынан бері зерттеушілер назарынан тыс қалмай отырған Қазақ хандығының құрылуына негіз болған саяси, әлеуметтік, этникалық факторлардың қызығушылық туғызуы күні бүгінге дейін арта түсуде. Оның басты себебіне қазақ халқының төл мемлекетінің ХҮ ғасыр ортасында дүниеге келуі мен XX ғасыр соңында Егемендік алуы арасындағы тарихи сабақтастық негіз болса керек. Ал ұлттық мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының сыртқы саясатын зерттеп білу арқылы ұлттық сананы одан әрі дамытуда үлкен маңыз атқаратыны сөзсіз.
1991 жылдан бастап Қазақ елінің тәуелсіздік алуына орай өткенімізді саралап, түбегейлі зерттеу арқылы көптеген тарихи мәселелер күн тәртібіне қойылып, зерттеле бастады. Соның бірі әрі ең негізгісі Қазақ хандығының құрылу мәселесі еді. Төл тарихымыздың олқылықтарының орнын толықтырудағы атқарар жұмыс ұлан-ғайыр. Әсіресе қазіргі таңда Қазақстан тарихшыларының алдында мемлекетіміздің қайнар бастауы қай кезеңнен басталады деген өзекті мәселені идеологиялық нұсқауларсыз ерікті түрде жазу міндеті тұр.
Тарихи құбылыстардың қалыптасу, даму және күйреу кезеңдері болатыны секілді, Қазақ хандығы да осындай кезеңдерді басынан өткереді. Әрбір кезеңдегі тарих халықтың, қоғамның саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани мәселелерімен тығыз байланысты болғандықтан, олардың әрқайсысының халықтың тарихында алатын орны ерекше, маңызы жоғары болып саналады.
Моңғолдардың жаулап алушылығына байланысты этнопроцес уақытша тежелсе де, Ол Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында біржолата тоқтап қалмайды. XV ғасырдың ортасына таман этнопроцесс өз дамуының келесі сатысына өтіп, қазақ атты этносты қалыптастырса, ол өз кезегінде өзінің әлеуметтік-территориялық ұйымын, яғни өзінің мемлекеттілігін - Қазақ хандығын дүниеге әкелді. Ал саяси жағынан алғанда Қазақ хандығының құрылуы кездейсоқ оқиға не болмаса, жекелеген адамдардың іс-әрекетінен туындаған оқиға емес. Қазақ хандығы XV - ғасырдың бірінші жартысы мен орта тұсындағы Әбілхайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасы, Темір ұрпақтарының мемлекеті секілді саяси құрылымдар арасындағы қатынастардың заңды қорытындысы ретінде қалыптасады. Хандықтың құрылуының қоғамдағы этносаяси процестермен байланыста болуы тақырыптың өзектілігін одан әрі аша түседі.
«Билік көзі халықтa» деген қағидаға сай, мемлекеттің құрылуы да, дамуы да, құлдырауы да халыққа тікелей байланысты. Халықтың мүддесіне сай саясат жүргізетін, оның талаптарына сай келетін мемлекеттің тарихы ғана ұзақ және баянды болмақ. Бұл қағиданың растығын тарихпен қатар, қазіргі күннің өзі дәлелдеп отыр. Қазақ хандығының құрылу тарихынан біз осы қағиданы аңғарамыз. Бұл да тақырыптың өзектілігін көрсететін жағдайлардың біріне жатады.
Диплом жұмысының мақсатына XV ғасырдың соңы мен xvi ғасырдың басындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси қатынастарын анықтап, оқиғалардың хандықтың құрылу барысына тигізген ықпалдарын анықтау жатады.
Мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:
- Қазақ хандығының ішкі сыртқы саяси жағдайына талдау жасау.
- Қазақ хандығынң XV ғасырдың ортасындағы сыртқы саяси жағдайын қарастыру.
- Мауреннахрдағы Темір әулеті басқарған мемлекеттің XV ғасырдың 40- 50 ж. ж ішкі және сыртқы саяси жағдайларын қарастыру
- ХV ғасырдың бірінші жартысындағы Әбілқайыр хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайына талдау жасау арқылы олардың Қазақ хандығының құрылуына тигізген саяси ықпалдарын анықтау;
- ХV ғасырдың ортасындағы Моғолстан мемлекетіндегі саяси жағдайлардың Қазақ хандығының Жетісуда құрылуына тигізген рөлін анықтау;
- ХV ғасыр ортасындағы Мауереннахр мен Хорасанда өмір сүрген Темір әулеті мемлекетіндегі саяси жағдайлардың Қазақ хандығының әсерін анықтау;
Диплом жұмысының теориялық және методологиялық негіздері. Диплом жұмысының теориялық негізі етіп зерттеудің мақсаты мен міндеттерін дұрыс шешуге бағдар беретін, ғылыми көзқарастар алынды. Көшпелі қоғамдардағы қоғамдық қатынастар мен мемлекеттік мәселелерімен айналысқан зерттеушілер евроцентристік көзқарастардан туындайтын таптық емес, ертетаптық теорияларға сүйеніп көшпелі қоғамдарда мемлекеттердің болу мүмкіндігін жоққа шығарады. Біз мұндай көзқарастағы теориялардан бас тартып, олардың объективті шындықты көрсетуде дәрменсіз екендігіне көз жеткіздік. Қазіргі кездегі көшпелі қоғамдардағы қоғам дамуының өркениеттік теориясы бойынша қоғамның өзіне ғана тән ерекшеліктері ескеріліп, онда мемлекеттің пайда болуы қоғамның ішкі қажеттіліктерінен туындайтыны мойындалады. Қазақстан аумағында ХV-ХVІ ғасырларда өмір сүрген құрылымдарды осы теорияның негізінде қарастырдық, өркениеттік теориясы негіз етіп алынды.
Жұмыстың методологиялық негізіне қазіргі кезеңдегі зерттеу жұмыстарының бәрінде қолданылып жүрген таптық емес принциптер мен ұстанымдар алынды. Тарихи объектіге таптық тұрғыдан қараудың объектіні толық, жан-жақты зерттеуге мүмкіндіктер бермейтінін дәлелденген факт. Қоғамның әлеуметтік тобының бір бөлігі тұрғысынан қарастырылатындықтан, тарихи материалдар соған сай екшелеп алынады, объектілерді, құбылыстарды бағалау сол тұрғыдан жүргізіледі. Ал қоғамның барлық әлеуметтік тобын қамтитын ұстанымға «Тарих - адамдардың іс-әрекеті, қызметі» атты таптық емес, жаңа принцип негізге алынды. Бұл принцип бойынша тарихи объектілер құбылыстарға қоғамның бір әлеуметтік тобының тұрғысынан емес, барлық әлеуметтік топтары тұрғысынан, яғни ұлттық мүдде тұрғысынан қарауға мүмкіндіктер туады. Осы принцип объектілер мен құбылыстардың ішкі мәні мен мазмұнын ашуға қажетті фактологиялық материалдардың бәрін пайдалануды талап етеді. Оқиғалар мен құбылыстарды жаңа принцип бойынша бағалау оның зерттеу шеңберін кеңейтеді, алынған нәтижелердің объективтілігін арттырады.
Таным процесіндегі ең бір кең қолданылатын жүйелілік тұрғы біздің зерттеуіміздің негізін құрайды. Жүйелілік тұрғы тарихи процесті оның құрамдас бөліктерімен тығыз байланыста, бір-біріне өзара әсер етуші факторлар ретінде қарастырады. Біз қарастырып отырған мәселеде этникалық және саяси факторлар бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне әсер етуші факторлар болғандықтан, жүйелелік принцип зерттеудің методологиялық принциптерінің бірі ретінде алынды. Методологиялық негізге сондай-ақ ғылыми зерттеулер үшін өте қажетті жан-жақтылық, нақтылық, объективтілік принциптер басшылыққа алынып отырылды. Жұмысты орындау барысында тарихи-салыстыру мен хронологиялық-проблемалық, абстрактылық пен нақтылық секілді ғылыми танымның әдістері мен тәсілдері қолданылды.
Диплом тақырыбының зерттелу деңгейі: Қазақ хандығының ХV-ХVІ ғғ. саясаты тарихы алғаш рет Ресейде ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап зерттеле бастайды. Содан бері қазіргі күндерге дейін 150 жылдай уақыт өтсе де, ол арнайы түрде жеке тақырып ретінде қарастырылған емес. Ол тек жалпы тақырыптың шеңберінде ғана қарастырылады. Оның ең басты себебіне тақырыпқа қатысты деректердің өте аздығы жатады. Соған қарамастан, әрбір тарихи кезеңдердегі тақырыпқа қатысты зерттеу жүргізген тарихшылар оның әртүрлі мәселелерін шешуге атсалысады. Біз тақырыптың зерттелуін хронологиялық тұрғыда бірнеше кезеңге бөлеміз. Бірінші кезеңге - мәселенің тарих ғылымында алғаш көтеріле бастаған кезінен ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының соңына дейінгі аралық жатады. Бұл кезеңнің хронологиялық шеңберінің аяғы КСРО-да қоғамдық ғылымдарда маркстік-лениндік концепцияның үстемдік құруының басталуына келіп тіреледі. Осы кезеңде мәселеге қатысты зерттеу жүргізген немесе өз зерттеулерінде мәселенің кейбір тұстарын қамтып өткен зерттеушілерге - В. В. Вельяминов-Зернов [2], В. В. Радлов [3], Н. А. Аристов [4], И. И. Крафт [5], В. В. Бартольд [6-15], Ш. Құдайбердіұлы [16], А. П. Чулошников [17], М. Тынышпаев [18-20], Г. Е. Грумм-Гржимайло [21] және тағы басқалар жатады. Бірінші кезеңдегі тақырыптың зерттелуі жөнінде айтар болсақ, онда мынадай мәселені ерекше атап өтеміз. 1864 жылы жарық көрген «Исследование о Касимовских царях и царевичах» атты үш бөлімнен тұратын еңбектің екінші бөлімінде В. В. Вельяминов-Зернов қазақ сұлтаны Оразмұхаммедтің шығу-тегін анықтау барысында парсы тіліндегі «Тарих-и Рашидидің» мәліметтерін алғаш рет орыс тіліне аударып, ғылыми айналымға енгізеді. Қазақ сұлтанының төртінші атасы Жәнібек хан болғандықтан, зерттеуші Жәнібек ханға қатысты «Тарих-и Рашиди» мәліметтерін түгел аударып береді. Сол деректегі Қазақ хандығының қалай құрылғандығын баяндайтын мәлімет күні бүгінге дейін ең негізгі, ең басты мәлімет ретінде болып отыр. В. В. Вельяминов-Зернов бұл дерекке талдау жасамаса да, ол айналымға енгізуші ретінде тақырыптың тарихнамасында алғашқы болып айтылады. Осы кезеңдегі тарихшылардың көпшілігі өз зерттеулерінде В. В. Вельяминов-Зерновтың еңбегіндегі мәліметтің мазмұнын баяндау арқылы Қазақ хандығының құрылуын түсіндіреді [2] . Ш. Құдайбердіұлы ғана ауыз әдебиетінің мәліметтерін енгізу арқылы тақырыптың деректік қорын кеңейтеді [16] .
Бірінші кезеңде тақырыптың зерттелуіне ерекше үлес қосқан М. Тынышпаев болды [18-20] .
Тақырыптың зерттелуінің екінші кезеңіне 30-40 жылдардағы зерттеулерді жатқызуға болады. Осы кезеңде мәселені зерттеуге С. Д. Асфендияров [22], М. П. Вяткин [23-24] және 1943 жылы жарық көрген «Қазақ ССР тарихында» тақырыпты жазған авторлар атсалысқан [25] . Екінші кезеңнің басты ерекшелігіне мәселенің маркстік-лениндік көзқарастарға сүйеніп, таптық тұрғыда зерттелуі жатады. Олар М. Тынышпаевтың пікірлерін сынға алып, оған «буржуазиялық», пантүрікшіл, «панисламдық» деген айдарлар тағады. Осы екінші кезеңде мәселенің зерттелу барысында мынадай жетістіктерге қол жеткізіледі: 1) Алғаш рет ортағасырлық кезеңдерге қатысты әртүрлі тілдерде жазылған жазба деректер топтастырылып, жеке жинаққа енгізіледі. Бұл жинаққа Қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты «Тарих-и Рашиди» дерегінен басқа, тағы көптеген дерек мәліметтері енеді; 2) Қазақ хандығының құрылуы - Қазақстан аумағында Өзбек және Ноғай хандықтары арасында болған феодалдық талас-тартыстардың, Орда Ежен мен Шибан әулеттері арасындағы феодалдық күрестердің нәтижесі деп түсіндіріледі; 3) Алғашқы қазақ ханы - Жәнібек хан делініп, Моғолстан аумағында құрылған Қазақ хандығы моғол билеушісіне тәуелділікте болды деген тұжырымдар айтылады.
Тақырыптың зерттелу тарихының үшінші кезеңіне ХХ ғасырдың 50-80 жылдарындағы зерттеулер жатады. Бұл кезеңнің ең басты ерекшелігіне - тақырыппен маман тарихшылардың айналысуы жатып, жаңадан тың дерек мәліметтерінің ғылыми айналымдарға енгізілуі жатады. А. А. Семенов [26-28], В. Ф. Шахматов [29-31], С. К. Ибрагимов [32-41], П. П. Иванов [42], К. И. Петров [43], М. Г. Сафаргалиев [44], Б. А. Ахмедов [45], В. П. Юдин [46], К. А. Пищулина [47], Т. И. Сұлтанов [48-49], М. Х. Абусеитова [50] сынды зерттеушілер осы кезеңде тақырыпты терең зерттеуге өз үлестерін қосып, мәселені жан-жақты қарастыруда үлкен табыстарға қол жеткізеді. Үшінші кезеңде тақырыпқа қатысты тың мәселелер жаңадан көтерілсе, кейбір мәселелер жөнінде дискуссия жүреді. Жалпы алғанда үшінші кезең бойынша тақырыпқа қатысты мынадай мәселелерді баса айтуымыз қажет. 1) Көптеген ортағасырлық деректері мәліметтерінің («Тауарих-и гузида-йи нусрат-наме», «Фатх-наме», «Шайбани-наме», «Зубдат ал-асар», «Тарих-и Абулхайр-хани», «Бахр ал-асрар фи манакиб ал-ахйар», «Тарих-и Кипчаки», «Михман наме-ий Бухара» және т. б. ) ғылыми айналымдарға түсірілуі тақырыпты жан-жақты және кең түрде қарастыруға мүмкіндіктер туғызады; 2) Зерттеушілердің бір тобы (А. А. Семенов, В. Ф. Шахматов, С. К. Ибрагимов) Керей мен Жәнібек негізін қалаған Қазақ хандығын мемлекет деп есептемей, феодалдық иелік деп санаса, екінші топтағы тарихшылар (В. П. Юдин, К. А. Пищулина, Т. И. Сұлтанов және т. б. ) оны жеке мемлекет деп таниды; 3) Осы кезеңде Моғолстан аумағында құрылған Қазақ хандығының мемлекеттік статусы жөнінде пікір-таластар көп айтылады; 4) Қазақ хандығының құрылған жылы төңірегінде қарама-қайшылықты пікірлер айтыла бастайды. Егерде үшінші кезеңге дейін Қазақ хандығы 1456 жылы құрылған деген пікір үстем болып келсе, осы жылдардағы зерттеулерде 1465/66 жылы құрылды деген пікір басымдыққа ие бола бастайды. Сонымен бірге Қазақ хандығы 1470 жылы құрылған деген тың пікір (Т. И. Сұлтанов) айтылады. 5) Қазақ хандығының құрылуы Шығыс Дешті Қыпшақ пен Моғолстан, Мауереннахр аймақтарындағы саяси дамулардың шеңберінде, сол аймақтардағы тарихи дамулармен байланыста қарастырылады.
Келесі кезеңге - ХХ ғасырдың 90-шы жылдары мен қазіргі таңға дейінгі уақыт жатады. Бұл кезеңнің басты ерекшелігіне - қоғамдық ғылымдардың, оның ішінде тарих ғылымының да ұзақ жылдар бойғы маркстік-лениндік көзқарастарға негіздеген теориялар мен методологиялық ұстанымдардан босап, жалпыадамзаттық дамуларды объективті түрде қарастыратын теориялар мен методологияларға бет бұруы жатады. Қазіргі кезеңдегі Қазақ хандығының құрылуы мәселелерімен айналысып жүрген тарихшыларға Т. И. Сұлтанов [51-53], Б. Е. Көмеков [54-58], К. А. Пищулина [59-60], М. Х. Әбусейітова [61], Ә. Хасенов [62], С. Жолдасбайұлы [63], З. Қинаятұлы [64-65], Б. Кәрібаев [66], Қ. Өскенбай [7], Н. Атығаев [8] және т. б. жатады. Сондай-ақ мәселенің әртүрлі қырлары М. Әбдіровтың [9], У. Х. Шәлекенов пен М. У. Шәлекеновтың [8], Г. Е. Сабденованың [2], Е. Бұлановтың [3], және т. б. тарихшылардың зерттеулерінде қарастырылады. Осы кезеңде тақырыптың мынадай мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізіліп, ой-пікірлер мен тұжырымдар айтылды: 1) Хандықтың құрылған жылына байланысты әртүрлі пікірлер қайта көтеріліп, тарихшылардың пікірлері бір тоқтамға келмей, мәселе шешілмеген күйінде қалып отыр; 2) Қазақ хандығының құрылуын Шығыс Дешті Қыпшақ пен Мауереннахр, Моғолстан және оларға іргелес аймақтардағы тарихи дамулармен байланыстыра қарауға талпыныстар жасалады; 3) Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы мен хандықтың құрылуының бір кезеңде жүзеге асқандығы жөнінде пікірлер айтылды; 4) «Қазақ» сөзінің мәні мен мазмұны, шығуы мәселесі осы тақырыпқа байланысты қайтадан күн тәртібіне қойыла бастады; 5) Осы кезеңдегі ірі жаңалыққа - Мұхаммед Хайдар мырза Дулатидың «Тарих-и Рашиди» еңбегінің орыс, қазақ тілдеріне тұңғыш рет ғылыми негізде толығымен аударылып, тақырыптың жан-жақты зерттелуіне мүмкіндіктер ашып беруі жатады.
Диплом жұмысының деректік негіздері: 1. Араб тіліндегі жазба деректерге Ибн ал-Асирдың [4], ан-Насавидың (Несеви) [5], Ибн Абд аз-Захирдың [6], Рукн ад-дин Бейбарс ал-Мансури ал-Мысридың [7], ан-Нувайридың [8], ал-Омаридың [9], ал-Айнидың [10], ал-Дженнабидың [11] тарихи-географиялық сипатта жазылған еңбектері жатады. ХІІІ-ХV ғасырларда Алтын Орда мен Египеттің арасындағы қарым-қатынастар достық, одақтастық сипатта болғандықтан, екі ел арасында елшілік, сауда-саттық байланыстар жақсы дамиды. Араб елшілері мен саудагерлері өздерінің тікелей міндеттерінен басқа, жалпы Алтын Орданың саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани, этникалық өмірі туралы құнды тарихи материалдар, географиялық сипаттағы деректер жазып қалдырады. Осы деректердегі мәліметтерге сүйеніп, біз ХІІІ-ХV ғасырларда Алтын Орданың ішкі, сыртқы саяси өмірін, әлеуметтік-экономикалық, этникалық, діни, рухани, мәдени жағдайларын қарастырамыз.
2. Тілдік принцип бойынша топтастырылған жазба деректердің екінші тобына армян тіліндегі деректер жатады. Дерек авторлары инок Магаки, Варден, Айривон Вардапет Мхитер, Стефан Орбелян, Смбат, Киракос Гандзакеци, Себастаци, Степанос, Оганес Тавушеци, армян патшасы Гетум және тағы басқалар өз деректерінде Жошы Ұлысының ХІІІ ғасырдағы жалпы жағдайы, ондағы Шыңғыс хан ұрпақтары арасындағы билік үшін болған күрестер, Алтын Орданың жеке хандары, олардың ислам және христиан діндеріне көзқарастары, ХІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап, исламның күшейе бастағандығы және т. б. мәліметтер туралы баян етеді. Біздің тақырыбымызға қатысты армян тіліндегі деректер мәліметтері нақтылық роль атқармаса да, олардың жалпыламалық ролі байқалады. Біз армян тілінде жазылған деректердің мәліметтерін К. П. Паткановтың [13], Н. Эминнің [17] және А. Г. Галстянның [18] ежелгі армян тілінен орыс тіліне аударылған нұсқалары бойынша пайдаландық.
3. Осы топтағы деректердің келесісіне - орыс тіліндегі деректер жатады. Олардың ішінде «Троицк жылнамасының» [19], «Никонов жылнамасының» [10], «1497 жылғы Жылнамалар жинағының» [20], «Уваров немесе 1518 жылғы Жылнамалар жинағының» [12] мәліметтері біздің қарастырып отырған тақырыбымыз үшін өте құнды болып есептеледі.
4. Тілдік принцип бойынша топтастырылған жазба деректер тобының келесісі - монғол тіліндегі деректер тобы. Біз бұл топтағы деректерден тақырыбымызға қатысы бар «Монғолдың құпия шежіресі» [15] және Лувсанданзанның «Алтын шежіре» (ХVІІғ. 2-ші жартысы) [17] атты еңбектеріндегі мәліметтерді пайдалдандық. Монғол тіліндегі деректерде Шыңғысханның шығу тегі, оның өмірі мен билікке келуі, жаулап алу соғыстары, ең бастысы, чаджарат, барин, салжиут, барлас, маңғыт, таишиут, бесут, кенегес, боржігін, дөрбет, қатаған және т. б. көптеген тайпалардың шығу тегі туралы құнды мәліметтер баяндалады. Біз үшін ол мәліметтер ХІІІ-ХV ғасырлардағы Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында болған этнопроцестерді, оған қатысқан этнокомпоненттерді анықтауға мүмкіндіктер береді.
5. Түрік тілінде жазылған деректер тобына біз Махмұд Қашқаридың «Түрік тілінің сөздігі» атты еңбегі [10] мен Қадырғали Жалайырдың «Жылнамалар жинағы» [4] атты еңбегінің мәліметтерін жатқыздық. Махмуд Қашқари еңбегінде XI ғасырда Дешті Қыпшақ пен оған іргелес аумақтарда өмір сүрген түрік тілдес тайпалар туралы жалпылама мәліметтер баяндалады. Ал Қадырғали Жалайырда біздің тақырыбымыз үшін маңызы бар Орыс хан, Құйыршық хан, Барақ хан, Жәнібек хандар туралы мәліметтердің, ХІY -ХY ғғ. Жошы Ұлысында болған оқиғалар туралы, Ноғай Ордасындағы Едіге және оның ұрпақтар Мансұр, Қази, Наурыз, Нұраддин, Афас, Оқас, Хорезми, Мұса, Жаңбыршы билерге қатысты мәліметтердің, Сібір хандары мен Шибанилық Әбілқайыр хан мен Иадгар хандарға қатысты мәліметтердің орны ерекше екендігіне көңіл аудардық. Жалпы алғанда біз, Қадырғали Жалайыр еңбегіндегі деректерді Қазақ хандығының құрылу тарихын зерттеуде негізгі, басты мәліметтер қатарына жатқызамыз.
Жазба деректердің келесі тобын аумақтық принцип бойынша топтастырып, оны аумақтық немесе европалық авторлар деректеріндегі мәліметтер деп шартты түрде атадық. Оған Марко Полоның [15], Плано Карпинидың [16], Вильгельм Рубруктың [17], Матвей Меховскийдың [19] шығармаларындағы мәліметтер жатады. Біздің тақырыбымыз үшін бұл топтағы дерек мәліметтері қосымша роль атқарады
Хұлагулық деректерге - ал-Жувейнидың «Тарих-и Жахангуша» [12], Рашид ад-Диннің «Жылнамалар жинағы» [21], Вассафтың «Вассаф тарихы» [12], Хамдаллах Казвинидың «Тарих-и гузиде» [12] атты тарихи шығармалары жатады. Олардың мәліметтерінде монғолдардың Орта Азияны мен Дешті Қыпшақты жаулап алуы, түрік тілдес және монғол тілдес тайпалардың шығуы, Алтын Орданың саяси тарихы мен оның алғашқы хандарының саясаты және т. б. мәселелер жөнінде баяндалады. Бұл деректер ішінде Рашид ад-Дин еңбегіндегі мәліметтердің алатын орны ерекше.
Делилік дерекке - Жузжанидың «Табакат-и Насири» [12], ал Жалайырлық дерекке - ал-Ахаридың «Тарих-и Шайх-Уайыс» [13] атты еңбектері жатады. Бұл деректерде ХІІІ ғасыр басындағы монғолдардың жаулап алуы, Жошы хан туралы, Берке хан туралы, 1342-1357 жж. Алтын Ордада болған оқиғалар туралы, Жәнібек ханның билігі тұсіндағы жағдайлар туралы мәліметтер кездеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz