Бюджеттің есебі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1 Бюджеттің және ұйымның негізгі экономикалық
көрсеткіштер
1.1 Бюджеттің мәні, мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Ұйымның негізгі экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы ... ... ... ..17
1.3 Ұйымның есеп саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2 Бюджеттің есебі
2.1 Бюджеттің кірісін қамтамасыз ететін салықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.1.1 Тікелей салықтар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
2.1.2 Жанама салықтар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53
2.2 Бюджетке төленетін міндетті және ерікті төлемдердің есебі ... ... ... ... ... 56
2.3 Салық тиімділігі бойынша есеп айырысулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 61
3 Бюджетпен есеп айырысудың аудиті
3.1 Мемлекетті емес тәуелсіз аудиторлық басқарудың қалыптасуы және
оның мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64
3.2 Бюджетпен есеп айырысудың аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 74
3.3 Бюджетке төленетін төлемдерді талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...79
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .83
Пайдаланылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .86
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 88
Қазақстан Республикасының салық жүйесі қазіргі кезде өзінің қалыптасып, одан ары даму кезінде. Сондықтан салық жүйесінің ұдайы өзгеріп, жетіліп отыруы заман талабы. Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде де қаржы және оның негiзiндегi салық жүйесi мен салық салу механизмi зор рөл атқарады. Салықтар мемлекеттер пайда болуымен бiрге пайда болды. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен және жаңаруымен қабаттаса жүредi. Экономиканы салықтық және соның негізінде қалыптасатын бюджеттік реттеудегі басты саясат фискалдық саясат болып табылады. Ол экономиканы салықтық тежеу мен ынталандыру, бюджеттік қолдау мен реттеу шараларының жиынтығынан тұрады [4,б.12].
1 Иманбаева Б.Б «Бюджеттік қарым қатынастар»// Бухгалтер бюллетені №1, Алматы қаңтар 2009, 18 бет
2 Жаманбаев Н.К «Бюджеттің даму тенденциясы»// Бухгалтер бюллетені №1, Алматы қаңтар 2011.18 бет
3 Нурсиитов М.С «Бухгалтерский учет в организациях» Оқулық, Алматы 2011
4 Смагулова А.С «Салықтық есеп айырысулар»// Бухгалтер бюллетені №3-4, Алматы қаңтар. 2011 38 бет
5 Бердібаева Ә.Т Бюджет және салық есеп саясаттары»// Бухгалтер бюллетені №43, Алматы қазан. 2009
6 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі). –Алматы: ЮРИСТ,
7 Байдаулетов. М.Б. «Қаржылық есеп» Оқу құралы. - Алматы
8 Беркутова Л.М «Әлеуметтік салық»// Бухгалтер бюллетені №1, Алматы қаңтар.2009 118 бет
9 №8 (IAS) Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандарты. «Есеп саясаты» Алматы 2010.
10 Мейірбеков А.Қ Жер салығының түсініктемесі»// Экономика негіздері Алматы №30, 2008 33 бет
11 Ақпаева Ұ.Қ « Бюджетке төленетін төлемдер»// Егемен Казақстан 2010 №12
12 Ермекбаева Б.Ж. «Салықтар және салық салу» Оқу құралы. – Алматы. Қазақ Университеті, 2003
13 Үмбетәлиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. «Салық және салық салу» Оқулық – Алматы: Экономика, 2006
14 Сатылбеков Б.Т « Бюджет негіздері» Бухгалтер бюллетені №9, ақпан. Алматы 2009
15 Есбергенова Л.Б. «Салық қойылымдары» КазНУ хабаршысы №66, Алматы 2008, 55 бет
16 Аудиторлық қызмет туралы. Қазақстан Республикасының Заңы. – Алматы: ЮРИСТ, 2008

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1 Бюджеттің және ұйымның негізгі экономикалық
көрсеткіштер
1.1 Бюджеттің мәні, мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Ұйымның негізгі экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы ... ... ... ..17
1.3 Ұйымның есеп саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2 Бюджеттің есебі
2.1 Бюджеттің кірісін қамтамасыз ететін салықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.1.1 Тікелей салықтар есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
2.1.2 Жанама салықтар есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53
2.2 Бюджетке төленетін міндетті және ерікті төлемдердің есебі ... ... ... ... ... 56
2.3 Салық тиімділігі бойынша есеп айырысулар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 61
3 Бюджетпен есеп айырысудың аудиті
3.1 Мемлекетті емес тәуелсіз аудиторлық басқарудың қалыптасуы және
оның мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 64
3.2 Бюджетпен есеп айырысудың аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... . 74
3.3 Бюджетке төленетін төлемдерді талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..79
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .83
Пайдаланылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..86
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .88

Кіріспе

Қазақстан Республикасының салық жүйесі қазіргі кезде өзінің қалыптасып, одан ары даму кезінде. Сондықтан салық жүйесінің ұдайы өзгеріп, жетіліп отыруы заман талабы. Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде де қаржы және оның негiзiндегi салық жүйесi мен салық салу механизмi зор рөл атқарады. Салықтар мемлекеттер пайда болуымен бiрге пайда болды. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен және жаңаруымен қабаттаса жүредi. Экономиканы салықтық және соның негізінде қалыптасатын бюджеттік реттеудегі басты саясат фискалдық саясат болып табылады. Ол экономиканы салықтық тежеу мен ынталандыру, бюджеттік қолдау мен реттеу шараларының жиынтығынан тұрады [4,б.12].
Салықтар ұлттық кірістің негізгі құралы болып табылады және мемлекеттік бюджет бөлігін қалыпастыруды қаржы ресурсының басым бөлігін жұмылдыруды қамтамасыз етеді. Салықтық түсім түрлері, олардың әрқайсысына назар аудару механизмі зандылық тәртіпте және сәйкесіеше мемлекеттік басқару органдарымен бекітіліп анықталады. Салықтар фискалды, экономикалық, әлеуметтік мағыныға ие. Мемлекет көмегімен елдегі экономикалық процестерді белсенді реттей алады: қоғамдық өндірістің дамуына мүмкіндік тудырады немесе оның өсу қарқынын ұстап тұрады.
Салық алу базасы заңды және жеке тұлғаларға тікелей байланысты болғандықтан салық алынатын базаны анықтау маңыздылығы жоғары. Салық алынатын базаны нақты анықтағанда бухгалтерлік есеп пен аудиттің алатын орны ерекше, яғни бюджетпен есеп айырысу оның есебінің ұйымдастырылуы және бақылау құралдарының жүзеге асырылуы тақырып өзектілігін айқындай түседі. Оның ішінде әсіресе бюджеттің қалыптасуын бақылау жасап, үнемі назарында ұстап, талдап тиісті шараларды жүзеге асырып отыратын мемлекеттік ұйымдардағы оның ішінде жергілікті әкімшілік ұйымдардың бюджетпен есеп айырысу операцияларын қарастыру дипломдық жұмыстың негізгі желісі болып табылады.
Салықтардың экономикалық мәнi олардың өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бiр бөлiгi болып табылатындығында.
Салықтар, әлеуметтік және экономикалық әскери қорғаныс құқықтық қорғаушылықтарды, негізгі ғылымды және тағы басқаларын дамытудағы қызметтерді орындауға қажетті мемлекеттің ақшалы (бюджеттік және бюджеттен тыс кірістер) кірістерін қалыптастыруымен байланысты қаржылық қатынастарды бейнелейді. Олар жан-жакты дамыған шарықтық түріндегі экономикалық жүйені қалыптастыратын негізгі қаржы қасиетін бейнелеуші және сонымен бірге бастапқы категория болып табылады. Нақты нарықтық экономиканы қалыпастыру жағдайында салықтық нысан жалпы қаржылық өзіндік байланыс жүйесіне басым бола бастады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп,дамуының негізі болып табылады. Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды. Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.
Дипломдық жұмыстың теориялық негізі ретінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды есеп беру жөніндегі заңдық және нормативтік актілері, қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың халықаралық стандарттары мен методикалық нұсқаулары, сонымен бірге бухгалтерлік есеп пен талдау мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері алынды.
Зерттеу жүргізу объектісі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты салық салу базасының анықталуының дұрыстығын растау, салық қойылымын қолдану, заңдылық, есеп айырысудың дұрыстығы, салық төлемдерінің бюджетке уақытылы аударудың толықтығын тексеру , салық саясатын ұйымдастыруды жетілдіруге, тиімділігін арттырудың жолдарын, Қазақстан Республикасындағы салық салу механизмі және оның мемлекет бюджетінің кіріс бөлігіне әсер етуін зерттеп, зерделеп талдау болып табылады.
Осы қойған мақсатқа жету үшін алдыға мынадай міндеттер қойылды:
1. Бюджеттің экономикалық мәніне сипаттама беру;
2. Бюджеттің ес,ебін жүргізу;
3. Бюджетпен есеп айырысудың аудитін ұйымдастыруды зерттеу.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
1. Бюджеттің және шаруашылықтың сипаттамасы. Мұнда бюджеттің
мәні және құрылымы; зерттеліп отырған ұйымның экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы; ұйымның есеп саясаты қарастырылған.
2. Бюджеттің есебінің ұйымдастырылуы. Мұнда бюджеттің кірісін
қамтамасыз ететін салықтар, яғни тікелей салықтар, жанама салықтар; бюджетке төленетін міндетті және ерікті төлемдердің есептерінің ұйымдастырылуы.
3. Бюджетпен есеп айырысудың аудиті. Мұнда ұйым көрсеткіштері
пайдаланыла отырып, меншікті капитал аудиті мен талдауының жүргізілуі көрсетілген.
Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған 29 әдебиеттен және қосымшалардан тұратын 88 бет, 13 кесте, 7 сурет келтірілген.
Дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының бугалтерлік есеп және қаржылық есеп беру саласындағы заңдық, нормативтік актілері, зерттеу жүргізілген кәсіпорынның соңғы үш жылдың қаржылық қорытынды есебі пайдаланылды.

1. Бюджеттің және ұйымның негізгі экономикалық көрсеткіштері

1.1 Бюджеттің мәні, мен құрылымы

Бюджет -- ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа денгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір - бірінен ерекше тұратын болек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 4 бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге ерналған оның орталықтандырылған ақша қоры. Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы экономикалық қарым қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орындауға объективті ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары біріңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, зайымдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық - экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материялды негізі бар өндірістік қарым қатынаста жатыр.
Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан ол сол қаржының барлық негізгі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде қаржы жалпы ақша қарым қатынас жүйесі болса, яғни мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру және пайдалану процесі, онда бюджет өз алдына ақша қарым қатынас жүйесін құрады, яғни бюджет қорды қалыптастыру және пайдалану процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғамдық қажеттілік шығындарды (әлеуметтік, қорғаныс, т.б.) қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры [1,б.18].
Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар) беттерінде бюджет термині әр түрлі ұғымда пайдаланылыды, мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы да келесідей анықтама берілген: бюджет - ол қаржылық жоспар; бюджет - ол басқарушылық жоспар; бюджет - ол заңнамалық құжат; бюджет - ол коммуникация құралы; бюджет - ол бюджеттік салық саясатты дәлелдейтін құжат деген. Бірақ, бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең, себебі оған мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен фискалдық саясаттың көрсеткіштері, бюджеттің көрсеткіштері тағы басқа көрсеткіштер мен ережелер кіреді [22,б.13].
Бюджет деген көптеген ұгымға сүйене отырып, ол келесідей түсініктемелерден қалыптасады:

Бюджет
Өз алдында жеке бір экономикалық категория және
мемлекеттің негізгі қаржы жоспары

Экономиканы реттеуге арналған құрал (бюджеттік механизм) және бюджеттік қарым қатынасқа қатысушылар міндетті түрде орындайтын заң

Мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры

Сурет 1. Бюджет түсініктемесі [22,б.37]

Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.
Сондықтан, Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген - ол республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет термині - мемлекет құрастыратын және басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланады [22,б.37].
Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніңдегі ымыраға (компромисс) келеді, бюджеттік дотациялар мен трансфертер бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қаржы қасиеттерімен сипатталады, яғни экономикалық маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы қаржы мен оның тізбектерінде біртиптік функцияларға сәйкес. Сондықтан, мемлекеттік бюджет, барлық қаржы жуйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын атқарады. Сонымен қатар, қаржы категориясына қарағанда бюджет ерекше категория, оған келесі негізгі функциялар атқаруы:
Әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету

Бюджет категориясының негізгі функциялары
Ұлттық табысты қайта бөлу
Экономиканы реттеу мен ынталандыру

Ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын мен пайдалануын қалыптастыру

Сурет 2. Бюджет категориясының негізгі функциялары [2,б.54]
Ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімдердің құндық бөліс құралы ретінде мемлекеттік бюджет осы функция арқылы өзінің экономикалық маңызын тікелей көрсетеді. Бөліс функция арқылы мемлекет аумағында ақша қаражаттарын орталықтандыру мен оны жалпымемлекеттік мұқтаждықты қанағаттандыруға пайдалану іске асырылады. Ал бақылау функциясы мемлекет тарапына уақытында және толық қаржы ресурстар түсуі, орталықтандырылған қаражаттар бөлуіндегі пропорциялар жағдайы, сол қаражаттар үнемді және тиімді пайдалану жөнінде мәлімдейді.
Мемлекеттік бюджеттің бөлу мен бақылау функциялары бір бірінен бөлек емес, неғұрлым қосылып, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларда бюджеттік қарым-қатынастың барлық жағы бейнеленеді.
Бөлу функциясының мазмұны қоғамдық іс-әрекет салалары, аумақтар, экономика салалары арасында қаржы ресурстарды қайта бөлу процесімен анықталады. Бюджеттен басқа бір де бір құндылық бөлу категориялар ақша қаражаттарын осындай көп аспектіні қайта бөлу мен экономикалық басқарудың әр деңгейінде іске асыра алмайды [2,б.54].
Салааралық қайта бөлу, бір жағынан, заңды және жеке тұлғалар бюджетке енгізілетін салықтар мен төлемдерге, ал екінші жағынан, бюджеттік қаражаттар арқылы әр түрлі инвестициялық бағдарламалар, айналыс құралдар, операциялық және басқа да шығындарды қаражаттандыруға негізделеді. Аумақаралық қайта бөлу лайықты мемлекеттік билік органдарына салықтар мен кірістер жүргізіледі. Мұндай әдіс әрбір әкімшілік-аумақтық бірлікте оның дамуын еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес қамтамасыз ететін бюджеттік қор қалыптастыруын қамтамасыздандырады.
Ақша қаражаттарын өндірістік және өндірістік емес салалар арасында қайта бөлу материалдық өндіріс кәсіпорындардың қаржы ресурстарының бір бөлігін алу арқылы іске асырылады. Содан кейін өндірістік емес сала мекемелерін бюджеттік қаржыландыру жүргізіледі. Мұндай бюджеттік қаржыландырудың ұлттық табысты пайдалануының құрылымын қалыптастыруда рөлі өте зор, себебі мемлекеттік бюджет экономика секторлары арасында ұлттық табысты қайта бөлудің маңызды құралы болып табылады. Әрине, қазіргі уақытта ақша қаражаттарының басым жағы орталықтандырылған қорға мемлекеттік сектордан түседі, бірақ жалпымемлекеттік қажеттілікті қамтамасыз етуге жеке кәсіпкер мен экономиканың мемлекеттік емес саласының басқа да субъектілердің қаражаттары тартылады.
Бөлу функцияны ішкі өнімнің бөлінген құнын қайта бөлуге пайдалануының кең тарауы бірден мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың белгілі бір бөлігін бірнеше қайта бөлуге әкеледі. Ақша қаражаттарының ағыны бюджетпен кәсіпорындардың өзара қатынастарының өзгерістері арқылы ең алдымен өзара байланыстарды өзгертеді, сонымен қатар бюджеттің экономикаға тигізетін әсерінің дәрежесін тек сандық үйлесімдермен анықтамай, олардың экономика процестерінің дамуы мен еліміздің қаржы ресурстарының өсуіне әсерлі болады. Сондықтан, бюджеттің бөлу функциясы экономиканың құндық құрылымын реттеуде, салалық және аумақтық үйлесімдерді жетілдіруге, мемлекет ішіндегі және мемлекетаралық деңгейдегі интеграциялық процестерді ұлғайтуда кеңінен пайдаланады [5,б.81].
Бөлу функциясының әрекет ету бюджетпен қатынасқа түсетін қоғамдық барлық қатысушылар мен экономиканың барлық салаларымен анықталады. Бюджеттік бөлудің негізгі объектісі болып қосымша өнім (таза табыс) табылады, бірақ бюджет арқылы керекті өнімнің де бір бөлігі қайта бөлінуі мүмкін, мысалы, материалдық өндіріс жұмыскерлерінің салықтық төлемдері және оларды пайдалануы.
Бюджеттін бөлу функциясының ерекшеліктеріне: бюджеттің қоғамдық өндіріске көпжақты әсері мен нақты ңәтижеге жеткізетін жоғары деңгейдегі іскерлігі жатады. Бюджеттің бұл функциясы ақша қаражаттарын экономикалық және әлеуметтік дамудың басымдылық бағыттарға пайдалануға мүмкіншілік береді де экономиканың жоғары өсу қарқынына жетуі мен оның тиімділігін жоғарлатуына ықпал етеді.
Бюджеттің бақылау функциясының негізін бюджеттік түсімдермен шығындар көрсеткіштері арқылы бюджеттік ресурстар қозғалысы қалайды. Мысалы бюджетке уақытында немесе толық төленбеген салықтар мен түсімдер экономиканың кейбір салаларында даму қарқыны төмендегеннің белгісі жатады. Егер бюджет тарапынан қарастырылған қаражаттар толық көлемде пайдаланбаса, онда экономика салалары мен іс-әрекет салаларда экономикалық коньюктура қажетті деңгейде еместігі. Сондықтан, бюджеттік көрсеткіштер экономикадағы осындай кемшіліктерді көрсете отырып , сол кемшіліктерді жою мен бұзылған қаржылық тәртіпті қалпына қайта келтіруге бағытталған нақты шара қарастырып қолдануға негіз болады.
Бюджеттің бақылау функциясы бәрін қамтушы сипатқа ие және өте кең әрекетті шекарамен ерекше. Бұл функция экономиканың барлық салалары мен қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларына жайылған. Дегенмен, бюджетке елдің барлық қаржы ресурстары жиналмаса да, бақылау функцияға экономиканың жалпы қаржылық ахуалы жөнінде хабар беруге кедергі болмайды. Қазіргі заманның шарттарына сәйкес бюджеттің бақылау функциясы да өзгеруде, себебі ол өз мақсаттарын іске асыруға кең тараған ақпарат пайдалану, автоматталған жүйелер, қаржылық есептемелер, компьютерлер қолдану негіздерінде көп мүмкіншілік алады.
Мемлекеттік бюджет категориясы объективті болғандықтан оның функциялары да объективті. Бюджет функцияларын бірден оның ішкі потенциалдық қабілеттілігінен түсіну қажет, себебі ол (қабілеттілік) өзін тек міндетті түрде бюджеттік қатынасы бар қоғамдық қарым-қатынастың белгілі саласында көрініс табады. Сондықтан, бюджетке лайықты қасиеттер көрінісі, оларды бөлу мен бақылау құралдары ретінде пайдалануы тек адамша іс-әрекет процесінде мүмкін, ал ол мүмкіндік мемлекет жасаған бюджеттік механизм арқылы іске асырылады.
Бюджеттік механизм, бюджеттік саясатты шынайы түрде іске асырушы болып, бюджеттік қатынастарды нақты түрде экономикалық және әлеуметтік сауалдарды шешуге бағытталады. Бұл арада бюджет іс-әрекетінің объективтік және субъективтік жақтарының арасындағы арақатынасты дұрыс түсіну қажет, себебі бюджеттің және оның функцияларының объективтік сипаты қатынас жүйесіндегі бюджеттің орны мен оның экономиканың даму деңгейіне тәуелді екенін анықтайды.
Сонымен, бюджет функциялары, дәл айтсақ, бюджеттік салық саясатың функциялары қорытынды түрде келесілерді құрайды:
-нарықтан тыс қызмет көрсету (қоғамдық сипаттағы қызметтер: білім беру
- денсаулық сақтау, қорғаныс және т.б.),
-кірістерді қайта бөлу (салықтар, трансфертер, субсидиялар және т.б.),
-мемлекеттік реттеу (монополияға қарсы реттеу, еңбекпен қамтамасыз ету және т.б.),
-мемлекеттік бақылауды іске асыру (сыртқы бақылау, ішкі бақылау).
Мемлекеттік бюджеті - экономиканы басқару құралы ретінде сипаттай отырып, бұл құралдың рөлі объективті алдын ала анықталғанын айырықша айту қажет. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарды жалпы реттеу нәтижесінде бюджеттік қатынастарды негізгі қаржы құжат арқылы формада пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің бөлу табиғаты негізінде оны қоғамдық өндіріске әсер ететін маңызды экономикалық құрал ретінде пайдалану. Бюджеттің мәні мен рөлі оның экономикалық құрал ретіндегі ерекшелігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық өнім бөлу саласының кең пайдаланатын құндық құралы болып табылады [1,б.8].
Бюджеттің рөлі экономиканы ынталандырушы есебінде арнайы бюджеттік механизм арқылы іске асырылады. Осы механизмнің арқасында объективтік түрде бар қатынастарды экономиканың даму мүддесінде пайдаланудың мүмкіншілігі болады. Бюджеттік механизм - ол бюджеттік қатынастарды ұйымдастыруға мемлекеттің құрастырған және пайдаланатын арнайы формалар кешені мен қаржылық ресурстарды қоғамдық іс-әрекет салалары, экономика салалары және елдің аумақтар арасында қайта бөлуді қамтитін әдіс-тәсілдердің жүйесі.
Бюджеттік жүйе - мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын - бюджетті - қалыптастыру мен пайдалану бойынша заңды, жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы барлығы қаржылық қатынастар, бюджеттік қалыптастыру мен атқарудың әдіс-тәсілдері және сол қатынастарды басқару органдарымен байланысты. Басқаша айтқанда, барлық деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген бюджеттік процесс пен бюджеттік қатынастар қосындысын бюджеттік жүйе деп түсіндіріледі [2,б.29].
Бюджеттік заңнамаларға сәйкес бюджеттің барлық түрлері мен деңгейлері дербес болып есептеледі. Бюджеттік жүйе құрамында Төтенше мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор қарастырылады. Елдің бюджеттік жүйесінің орталық орнын келесі қаржы жылға Қазақстан Республикасының заңымен бекітілетін республикалық бюджет алады. Жаңа бюджеттік кодекс бойынша республикалық бюджет салықтық және басқа түсімдер арқылы қалыптасқан және мемлекеттік биліктің орталық органдарының функцияларын қаржымен қамту және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыпуға арналған орталықтандырылған ақша қоры ретінде анықталған. Кодексте осыған сәйкес анықтамалар бюджеттің басқа түрлеріне де берілген. Олар жергілікті мемлекеттік органдардың функцияларын қаржымен қамту және аймақтар мен аудандарда мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған.
Республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптасатын және республикадағы төтенше немесе әскери жағдай кезінде енгізілетін бюджетті Төтенше мемлекеттік бюджет деп атайды. Мұндай бюджет тек қана Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен енгізіледі және күшін жояды, егерде ел аумағында төтенше немесе әскери жағдай жарияланса [5,б.14].
Қазақстан Республикасының Ұлттық қор негізін мемлекеттің қаржы активтері мен материалды емес активтердің мүлік түріндегі басқа да активтері құрайды. Бұл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру, экономиканы шикізаттық сектордан тәуелділігін және сырткы қолайсыз факторлардың әсерін төмендетуге арналған.
Бюджеттік процестегі жоғары және төмен тұратын бюджеттер арасындағы бүктемелеуленген қатынастарды бюджетаралық қатынастар деп атайды. Бюджетаралық қатынастар жүйесі тек қана республикалық бюджет пен республиканың аймақтар бюджеттері арасындағы қатынастардан тұрмайды, оған аймақтар ішіндегі облыстық және аудандық бюджеттер арасындағы қатынастар да кіреді. Бюджетаралық қатынастардың негізі болып мемлекеттік басқару деңгейлерінің өкілеттілігі мен функцияларын айқын шектеу, бюджет деңгейлері арасында кірістер мен шығыстарды бөлу әдістерінің бірлестігі табылады.
Бюджет процес маңында заңнамалар арқылы реттелетін мемлекеттік органдардың бюджеттер болжамын құрастыру, қарастыру мен бекіту, бюджеттерді атқаруын ұйымдастыру мен оның бақылауын қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттері қарастырылады. Бюджеттік процестердің мазмұны елдің мемлекеттік және бюджеттік құрылымдары арқылы анықталады.
Бюджет жүйесінің деңгейлері арасында түсімдерді шектеу аймақтардың бюджеттік қамтамасыз етуін теңестіру мен жергілікті атқарушы органдар бір қалыпты деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Бюджеттік жүйе қызмет атқаруының негізі келесі қаржылық қатынастары:

Бюджеттік жүйе қызмет атқаруының
негізгі қаржылық қатынастары

Мемлекеттің кәсіпорындармен орталықтандырылғанақша қоры қалыптасу процесі жөнінде;

Мемлекеттің өндірістен тыс саласының мекемелерімен бюджет тарапынан қаржыландыру жөнінде;

Қаржы-банк жүйесінің мекемелері арасында (Қаржы министрлігі, Ұлттық банк және т.б.) және мемлекеттің шетелдік мемлекеттермен

Сурет 3. Бюджеттік жүйе қызмет атқаруының қаржылық қатынасы

Қаржылық қатынастармен барлық бұл формалары мемлекетпен реттеледі, жетілдіріледі және белгілі принциптер мен құқықтық нормалар негізінде басқарылады.
Мемлекеттің кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен халық арасындағы қаржылық қатынастарды бюджеттік қатынастар деп атайды. Бұл қатынастардың қаржылық қатынастар бөлігі ретіндегі ерекшелігі, біріншіден, олар мемлекет қатысатың бөліс процінде болуынан, екіншіден, олар жалпы мемлекеттік мұқтаждықты қамтамасыз етуге арналған ақша құралдарының орталықтандырылған қорды қалыптастыру және пайдалану байланысынан тұрады. Бюджеттік қатынастар мен бюджетаралық байланыстар қаржылық ресурстарды қалыптастыру, бөліс және қайта бөліс процестері арқылы белгілі болады. Олар өз арнауы мен нақты іске асуы бюджеттік жүйе арқылы көрінеді, яғни барлығы әр түрлі деңгейдегі бюджеттер, бюджетаралық арақатынастар мен бюджеттік жайластырушылық арқылы [5,б.11].
Бюджеттік құрылым - ол елдің мемлекеттік бюджеті мен бюджеттік жүйені ұйымдастыруы және олардың өзара байланысың ұйымдастырушылық формалары. Бюджеттік жайластырушылық түсінігі бюджеттік жүйенің құрылымын, бюджеттік жіктеуді, бюджеттік жүйе мен бюджеттерді құру принциптерін енгізеді. Бюджеттік құрылым елдің мемлекеттік құрылымдық формасымен анықталады және биліктің орталық пен жергілікті органдарының республикалық және жергілікті бюджеттерді құрастыру, қарау, бекіту мен атқару, кірістер мен шығыстарды бөлу жөніндегі өкілеттіліктерін реттейтін құқықтық нормаларға негізделеді. Бұлар бюджеттік жүйенің буындарын құрайды, ал олардың өзара байланысы бюджетаралық қатынас механизмі арқылы іске асады.
Қазақстан Республикасының бюджеттік жайластырушылығы мемлекеттік құрылымның біртұтас формасына сәйкес, мұнда елдің әкімшілік-аумақтық бірліктерінде автономия да, мемлекеттілік те жоқ. Олар барлығы біріккен құқықтық актілерге, биліктің біріккен органдарына, саясаттық, экономикалық және әлеуметтік процестерді орталықтандырылған басқаруға бағынады. Жалпы айтқанда, бюджеттік құрылым әрекеттегі негізгі құқықтық актілер және экономикалық-әлеуметтік процестердегі бюджеттің рөлі мен мәні арқылы анықталады [7,б.15].
Бюджетаралық қатынастар белгілі принциптерге негізделеді. Қазақстан Республикасының Бюджеттік көдексінде келесі бюджетаралық принциптер мазмұндалған:
1.төмен тұрған бюджеттердің жоғары тұрған бджеттермен арақатынасындағы теңбе-теңдік;
2.түсімдердің келесі шектеу критерийлері есепке ала отырып, оларды тиімді бөлу:
а) төмен тұрған бюджеттер маңында тиянақты сипаттары бар, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер бекітіледі;
ә) мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтерге төленген төлемдер салықтық және салықтық емес түсімдер ретінде сол қызметтерді қаржыландыратын бюджеттің кірісі болып түседі;
б) қайта бөліс сипатты және салықтық базасының жайғастыруы бір қалыпты емес салықтар бюджеттік жүйенің неғұрлым деңгейіне бекітіледі;
в) салықтар мен бюджеттің басқа міндетті түсімдері неғұрлым оларды жоғары дәрежеде жинайтын бюджет деңгейіне бекітіледі;
г) тиянақты аумақтық салықтық база бойынша жинайтын салықтар жергілікті бюджеттер маңына бекітіледі.
3.әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша бюджеттік деңгейлерді қамтамасыз етуді ткңестіру;
4.жергілікті атқарушы органдардың мөлшерлес деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
5.мемлекеттік қызметті максималды тиімді және нәтижелі көрсету, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуді неғұрлым соларды тиімділік және нәтижелік түрде өндіретін және көрсететін мемлекеттік органдар маңына бекіту;
6.мемлекеттік қызмет көрсету деңгейді оларды алушыларға максималды жақындату, яғни мемлекеттік қызмет сапасын жоғарлату мен оларды алушылардың сұраныстарын жақсы білу үшін қызмет атқаруды бюджеттік жүйенің неғұрлым төменгі деңгейіне беру;
7.алынған ресми трансферттер мен несиелерді тиімді және бекіткен мақсатта пайдалану маңындағы әрбір бюджет деңгейінің жауапкершілігі.
Тәжірибеде бюджетаралық қатынастарды реттеудің әр түрлі формалары бар. Олар бюджет деңгейінің әр біреуінің салықтық потенциялы, аймақтарды мұқтаждықтарын объективті бағалау нәтижесі мен бекітілген натуралды нормалардың есебі арқылы анықталады. Республиканың Бюджеттік кодексі бойынша бюджетаралық қатынастар реттеудің формалары ортамерзімді фискалдық саясатқа сәйкес тағайындалады [1,б.54].
Республикалық және облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеттері арасындағы бюджетаралық қатынастарды реттеу формалары жөнінде ресми трансферттер мен бюджеттік несиелер қолданылады. Ал облыстық және аудандық, облыстық мағынадағы қала бюджеттері арасындағы бюджетаралық қатынастар ресми трансферттер, бюджеттік несиелер және кіріс бөлу нормативтер арқылы реттеледі.
Трансферттер механизмі бюджеттік реттеуді бекіткен әдістемемен қамтамасыз ету мен бюджетаралық қатынастар қалыптасуының субъективті түрде болмауы үшін қолданылады. Трансферттер нормативті-бөлшекті әдіс негізінде есептеледі, сондықтан ол аумақтарды бюджеттік кірістерін көлбеулі теңестіру мен оларға қаржылық жәрдемді бәріне бірдей тәртіппен көрсетуге мүмкіншілік береді [22,б.22].
Жаңа Бюджеттік кодекске сәйкес республика бюджеті жаңа құрылымда қалыптасады. Құрылымға келесі бөлімдер кіреді:
1.Кірістер:
-салықтық түсімдер;
-салықтық емес түсімдер;
-негізгі капитал сатудың түсімдері;
-ресми трансферттер түсімдері.
1.Шығындар;
2.Операциялық қалдық;
3.Таза бюджеттік несиелеу - бюджеттік несиелер, бюджеттік несиелерді өтеу;
4.Қаржы активтер операциялары бойынша қалдық - қаржы активтерді сатып алу, мемлекеттің қаржы активтерді сатудың тусімдері;
5.Бюджет тапшылығы (профициті);
6.Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - зайымдар түсу, зайымдарды өтеу, бюджет құралдары қалдығының қозғалысы.
Жоғарыда келтірілген құрылым бойынша бюджеттің бекітуі мен оны атқару жөнінде есеп беру құрастырылуы іске асады. Бұл арада бюджет кірістері маңында салықтық және басқа да міндетті, қайырылмайтын төлемдер, ресми трансферттер, бюджетке ақысыз берілетін ақшалар келтіріледі. Және де ресми трансферттерден басқа кірістерде мақсатты арнаулары болмайды.
Бюджет шығындары маңында қайырылмайтын негізде бөлінетін бюджеттік құралдар алынады. Олар мемлекеттік мекемелерінің іс-әрекетін қамтамасыз ету, мемлекеттік саясатты іске асыруға қажетті тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу, жеке тұлғаларға ақшалы төлемдер мен заңды тұлғаларға субсидиялар беруге пайдаланады. Бюджет шығындарына ресми трансферттер де жатады, себебі олар бюджеттен басқа деңгейдегі бюджет пен Ұлттық қорға төлейтін төлемдер [22,б.128].
Бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырмасы оперециялық қалдық (сальдо) деп аталады. Бұл арада, егерде бюджет шығындары кірістерімен асып түссе, онда теріс операциялық қалдық болады, ал кері болса - онда оң операциялық қалдық болады. Теріс операциялық қалдық жіберіледі, егерде бюджет шығындарына даму бюджеттік бағдарламалар болса, бірақ оның шекті көлемі мемлекеттің орта мерзімді фискалдық саясатпен анықталады. Қазіргі уақытта ақысыз бюджеттік қаржыландырумен қоса бюджеттік несие беру арқылы бюджеттік несиелендіру де пайдаланады. Мұндай несиелер қайтару және өтелу шарттары негізінде беріледі, бірақ олар бойынша пайыздар немесе жалпы алынбайды, не болмаса банк несиелері пайыздарының деңгейінен төмен алынады. Сондықтан, бюджет несиелері банк несиелері мен бюджеттік қаржы беру арасынан орын алады. Осыған байланысты бюджет құрылымында бюджет несиелері мен оларды өтеу арасындағы айырмасы арқылы есептелетін таза бюджеттік несиелендіру деген түсінік бар.
Мемлекеттік қаржы активтерімен мүліктенуге жұмсалған шығындар мен оларды өткізуден түскен түсімдер арасындағы айырмасы қаржы активтер операциялары бойынша қалдық (сальдо) деп аталады.Қаржы активтермен мүліктену маңында заңды тұлғалар мен халықаралық ұйымдардан мемлекеттік меншікке қатысу үлесі мен құнды қағаздар сатып алуға жұмсалған шығындар табылады. Ал қаржы активтерді өткізуден алынған түсімдер болып мемлекеттік меншіктегі, мемлекеттік кәсіпорындардың оперативтік немесе шаруашылық басқарудағы заңды тұлғалар мен халықаралық ұйымдардың қатысу үлесі мен құнды қағаздарын сатудан түскен бюджет кірістері табылады.
Бюджеттік тапшылық (дефицит) маңында бюджет шығындарының оның кірістерінен артықшылығы қарастырылады, ал егерде бюджет кірістері оның шығындарынан асып түссе, онда бюджеттік профицит деген түсінік болады. Бюджет тапшылығының (профициттің) мөлшері операциялық қалдықтан таза бюджеттік несиелеу мен қаржы активтер операциялар бойынша қалдықты минустағанға тең [1,б.26].
Бюджеттік тапшылықты өтеу үшін мемлекет әр түрлі әдістерді пайдаланады, мысалы, ақша эмиссиясы, ішкі және сыртқы шеттен алып пайдалану. Республиканың Бюджеттік кодексінде бюджеттік тапшылықты қаржыландыру шеттен алып пайдалану мен бюджет құралдарының бос қалдықтары есебінен қарастырылған. Бюджет тапшылығын қаржыландыру мөлшері тапшылық мөлшеріне сәйкес және ол алынған зайымдар мен бюджеттік құралдар қалдықтары сомасының зайымдар бойынша негізгі берешекті өтеу сомасының артықшылығы арқылы анықталады.
Бюджет профицитін пайдалану деген бюджет профицитін, зайымдар құралдарын, бюджет құралдарының бос қалдықтарын зайымдар бойынша негізгі берешекті өтеуге жұмсау. Оның көлемі зайымдар бойынша негізгі берешекті өтеу сомасының алынған зайымдар мен бюджет құралдар қалдығының қозғалысы сомаларынан артықшылығы арқылы анықталады [4,б.58].

1.2 Ұйымның негізгі экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы

Т.Рысқұлов ауданы әкімиятының қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі, әрі қарай Бөлім, Т.Рысқұлов ауданы әкімиятының 13.01.2005 жылы №9 қаулысының негізінде құрылған.
Т.Рысқұлов ауданы әкімиятының 28.11.2008 жылғы №478 қаулысының негізінде Рысқұлов аудан әкімиятының қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің атауы . Т.Рысқұлов ауданы әкимдігінің қаржы бөлімі,мемлекеттік мекемесі болып өзгертілген.
Бөлім мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган болып табылады.
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге сондай - ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлім заңды тұлға болып табылады, ұйымдық-құқықтық формасы мемлекеттік мекеме, тірі-мемлекеттік, оның оқшауланған мүлкі, дербес баланс, банк мекемелерінде есеп шоты корреспонденциялық, тағы басқа да шоттары,, мемлекеттік тілдегі өзінің атауымен елтаңбалы мөрі және мөртабандары, фирманың толық аты жөні көрсетілген бланкілері болады, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие болады және міндеттемелер қабылдайды. Сотта талапкер және жауапкер болады. Бөлім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен мезгілден Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі бастап құрылды деп есептеледі.
Бөлім мақсаты және тапсырмалары:
-аудан бюджетінің атқарылуы, комуналдық меншікті басқару, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті іске асыруды қамтамасыз ету;
-бюджеттің атқарылуы, бюджеттік есепке алу, комуналдық меншікті басқару, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы салааралық үйлестіру мен әдістемелік басшылық жасау болып табылады.
Бөлім қызметінің мәндері:
-аудандық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етуде және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетеді;
-бюджетке түсімдерді болжауға және аудандық бюджетке кіріс түсімдері саласында мемлекеттік саясат мақсаттары мен басымдықтарын анықтауға қатысуда;
-өз құзіреті шегінде мемлекеттік салалық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруды қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
-бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептілікті жасауды;
-Бюджет есебінің жүргізілуін қамтамасыз етуде.
Бөлімнің құқықтары:
-мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан бөлімге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті ақпараттарды сұрауға және алуға;
-бюджеттік заңнамада көзделген жағдайларда бюджеттік қаражаттарын қайтарып алуды және қаржыландыруды төқтата тұруды қамтамасыз етуге;
-жергілікті атқарушы органдардан ауданның, қаланың бекітілген бюджеті туралы жиынтық деректер мен олардың атқарылуы туралы ай сайынғы есептерді сондай-ақ облыстық.
Бөлімнің функциялары:
-тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы аудандық маслихат шешімінің жобаларын әзірлеуге, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, сондай - ақ, тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы аудандық маслихаттың шешімің іске асыру туралы облыстық әкімият қаулысының жобасын әзірлеуге қатысуда;
-аудандық әлеуметтік - экономикалық дамуының мемлекеттік және орта мерзімді жоспарларын, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді әзірлеуге қатысуда;
-бюджеттік түсімдерді болжауға және аудандық бюджетке кіріс түсімдері саласында мемлекеттік саясат мақсаттары мен басымдылықтарын анықтауға қатысуда;
-заңнама қолдану практикасына талдау, оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындауды өз құзіреті шегінді нормативтік құқықтық келісімдердің жобаларын әзірлеуді және дайындауды немесе қабылдауды.
Қызмет көрсету тәртібіне сәйкес Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері болып табылатындар:
-тиісті аумақта бюджетін орындалуы бойынша есеп беру;
-ауданның стартегиялық жоспарларын жетілдіріп іске асыруда атқару --органдарының қызметін үйлестіреді;
-бюджеттік есепті және аудан бюджетінің орындалуы бойынша есеп беру;
-аудан бюджетінің орындалуы және бюджеттік бағдарлама әкімшіліктеріне -қызмет көрсету, рұхсат беру;
-аудан бюджетінің орындалуын қамтамасыз ету, оның орындалғаны жөнінде -есеп беруді дайындау;
-жергілікті бюджеттің орындалуын жетілдіру, бюджеттік бағдарлау, бюджеттік -бағдарлама тиімділігін бағалау әдістерін еңгізу;
-аудан бюджетінің түсімі мен қаржыландыру жоспарының жинағына өзгерістер -мен бекітулер жасайды;
-аудан бюджетінің орындалуына әдістемелік басшылық жасау;
-аудан бюджеті қаражатын пайдалануға талдау жүргізу және бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібін белгілеу;
-аудан әкімінің оезервті қаражатына талдау мен есеп жүргізу;
-ауданда жүргізілетін мемлекеттік сатып алулар туралы тоқсан сайын -мемелекеттік статистикалық есеп беруді құру;
-ауданның мемлекеттік кәсіпорындарының қаржылық-шаруашылық қызметіне талдау жасау;
-мемлекеттік мекеменің қызметіне байланысты мәселелер бойынша аудан -әкімдігінің мәжілісіне және аудан әкіміне мағлұмат дайындау;
-мемлекеттік мекеменің қызмет бағытына байланысты азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарау;
Негізгі қағида Қазақстан Республикасының Конституциясына және ҚР "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы Заңына, ҚР басқа да нормативтiк-құқықтық актiлерiне сәйкес Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi мәртебесiн, өкiлеттiгiн және Жамбыл облысы әкiмiнiң жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.

Кесте 1. Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің негізгі көрсеткіштері
№ рн
Көрсеткіштер
31.12.2009
31.12.2010
Ауытқу
сомасы %
1
Сатудан түскен пайда
--
--
--
--
2
Жұмысшылардың орташа тізімдік саны
120
131
11
8.3
3
Негізгі құралдардың жылдық орташа мөлшері
241450
241450
--
--
4
Активтердің жылдық орташа мөлшері, мың.теңге
810751
8761251
652500
7.4
5
Қор қайтымдылығы, теңге
7554349
7643676
89327
1.16
6
Өнімнің өзіндік құны, теңге
--
--
--
--
7
Жиынтық пайда
--
--
--
--
8
Кезең шығындары, мың теңге
--
--
--
--

Кесте 1 жалғасы
№ рн
Көрсеткіштер
31.12.2009
31.12.2010
Ауытқу
сомасы %
9
Салық салынғанға дейінгі пайда
--
--
--
--
10
Таза пайда
--
--
--
--
11
Дебиторлық қарыздар
--
--
--
--
12
Сатылымның рентабельділігі, %
--
--
--
--
13
Активтердің рентабельділігі,%
--
--
--
--
14
Меншік капиталының рентабельділігі
--
--
--
--

Мекеменің жалпы активтер сомасы жыл басында 810751 құрады, ал жыл соңында 8761251 -ге тең болған. Жыл басындағы сомадан жыл сонындағы сома 652500 - ге артып тұрғанын көрсетіп тұр.
Жұмысшылардың орташа тізімдік саны өткен жылы 120 қызметкерді құраса, есепті жылы 131 қызметкер болды. Яғни ауытқу сомасы 11 қызметкер.
Мекеменің есебінде негізгі құралдар сомасы жыл басында 241450 ді құраса, ал жыл соңында 241450 яғни ешқандай өзгеріс болмады.
Сонымен қатар, мекеменің құрамында қорлар бар. Атап өтетін болсақ, активтегі қорлардың сомасы жыл басында 7554349- ға тең болса ал есепті жылда 7643676 болған. Активтегі қорлар жыл басына қарағанда жыл соңында 89327 болған.

1.3 Ұйымның есеп саясаты

Есеп саясаты - бұл ұйым қаржы есептілігін дайындау және ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер, келісімдер, ережелер және тәжірибе Мемлекеттік мекеме өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін құқылы:
1. жергілікті басқару органдарының стратегиялық жоспарларының дайындауын және іске асыруын үйлестіру;
2. қолданбалы заңнама шегінде салық органдарынан, бюджеттік мекемелерден және басқа аумақтық органдардан түскен салық қосындысын, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, бухгалтерлік баланстарды, статистикалық мағлұматтарды, басқа аудан бюджетінің жобасын құрастыруға және орындауға қажет мағлұматтарды үлгі жөнінде және белгіленген уақытта Қазақстан республикасының заңнамасымен бекітілген басқадай құжаттарды сұрап алу. Аудан бюджеті есебінде ұсталынатын, мемлекеттік мекемелердің бюджетінің орындалуын; аудан бюджетінен берілген мақсатта пайдалануға бюджет қаражаты, оның ішінде несие, аудан бюджетіне толық және уақытында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза пайда үлестерін Қазақстан Республикасының құқықтық актілер қағидасы талабы бойынша оындауын бақылауды іске асыру;
3. аудан бюджетінен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға, бюджеттік заңнама бұзушылығын міндетті түрде жоюын көзге түртіп көрсетеді;
4. аудан бюджетінен қаржыландырылатын мекемелердің заңсыз және мақсатсыз бюджеттік қаражатты пайдаланса және шағын сметасы бойынша есеп бермесе қаржыландыруды тоқтатады немесе шек қояды;
5. егерде лауазымдық тұлға қызмет көрсетуінде қылмыс белгілері әшкерленсе бақылау объектісінде (жергілікті атқару органы аудан бюджетін орындау жөнінде, мемлекеттік мекемелер, аудан бюджеті есебінен ұсталынатын, заңды және жеке тұлғалар, аудан бюджетінен қаражат алушылар мемлекеттік тапсырма субсидия түрінде, несие, мемлекеттік кепілдігі бар қарыздар және мемлекеттік органдар аудан бюджетіне толық уақытында қаражат түсімін қамтамасыз ететін) аудан қаражатын пайдаланылғанын, Қазақстан Республикасының бюджет кодексін бұзған фактілер болса бақылау мағлұматтарын құқық қорғау органдарына бере алады;
6. бөлімдердің қызмет көрсету шегінде мемлекеттік органдарда және оның бөлімшелерінде, жергілікті атқару органдарында аудан бюджетінің орындалуын бақылауды үйлестіру;
7. аудан бюджетінің қаражатын тиімді пайдалануын бақылауды іске асыру;
8. белгіленген мезгілге бақылау объектілерінен қажет құжаттырады, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктер бақылауды жүрізу сұрақтарына байланысты мәліметтер сұрап алады;
9. бақылау жүргізу әдістемелерін жетілдіру мәселелерін шараларын дайындау;
10. мемлекеттік мекеменің қызмет бағыты бойынша аудан бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың және мекемелердің қызметінен есесптерді, басқа мәліметтерді талап етіп ала-алады, қызмет көрсету жұмысын және бақылауды үйлестіреді;
11. әкімдікпен және аудан әкімінің қарауына Мемлекеттік мекеменің міндетіне кіретін сұрақтар шараларын дайындау;
12. мемлекеттік мекеме құзырына кіретін мәселелер жөнінде семинар және кеңестер дайындау;
13. заңнамамен оған жүктелген басқа функцияларды жүзеге асыруға құқылы. Негізгі қағида Қазақстан Республикасының Конституциясына және ҚР "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы Заңына, ҚР басқа да нормативтiк-құқықтық актiлерiне сәйкес Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi мәртебесiн, өкiлеттiгiн және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебі
Қазынашылық басқармасының ашылуы
Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі
Алғашқы құжаттардың және бухгалтерлік есептіліктің жағдайлары
Бюджет табыстарының есебі
Бюджеттік көрсеткіштерді экономикалық талдау
Бюджеттік есеп - айрысу есебінің түрлері
Мемлекеттік мекемелердің қазынашылық комитетімен есеп айырысу тәртібі
Бюджеттің экономикалық мәні
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастыру
Пәндер