Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 5
1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІН НЕСИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 8
1. 1 Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу түсінігі мен қалыптасу кезеңдері . . . 8
1. 2 ҚР экономикасындағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеудің рөлі . . . 12
1. 3 Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау шаралары . . . 17
2 ҚР «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-НЫҢ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІН НЕСИЕЛЕУДЕГІ ТӘЖІРИБЕСІ . . . 31
2. 1 ҚР «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ң шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу көрсеткіштері . . . 31
2. 2 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ң шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу бойынша жүзеге асыратын бағдарламалары . . . 46
2. 3 Шағын және орта бизнес субъектілер кәсіпорындарының несиелік қабілетіне талдау тәжірибесі . . . 57
3 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІН НЕСИЕЛЕУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ . . . 76
- Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендірудегі негізгі
проблемалар . . . 76
- Шағын бизнесті басқару мен ұйымдастырудағы проблемаларды
шешу жолдары . . . 79
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 88
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 91
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында қаржы секторы өзінің дамуында жаңа сапалы деңгейінде тұр және оның дамуы мен сәтті қызмет етуінде көптеген реформалар жүзеге асырылады. Қазақстанның несиелік рейтингісінің жақсаруы осыған дәлел, яғни Қазақстанның қаржылық секторы сәтті дамуда.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі жағдайында экономиканың барлық саласының дамуын қамтамасыз етуде актуалды мәселелерінің бірі болып шағын және орта кәсіпкерлік қызметінің әсерлілігін көтеру, сонымен қатар оның қаржы-несиелік ұйымдармен, негізінен коммерциялық банктермен байланыс механизмін жетілдіру болып табылады. Кәсіпкерлік жағдай экономика дамуының шешуші факторы болып болуы тиіс. Сонымен қатар шағын және орта бизнестің дамуының бөлшектеп талдануы оның мемлекет тарапынан қолдауды қажет етеді. Шағын бизнестің өндірістік сектормен бірге әртараптандыруда дамуы «Қазақстан - 2030» Стратегиясының негіздерінің бірі болып отыр. Кәсіпкерлік - нарықтық қатынастардың қасиеттері мен сапалық сипаттамасының жиынтығы. Сондықтан кәсіпкерліктің әртүрлі формаларын дамытпайынша нарыққа өту мүмкін емес.
Қазірге кезде отандық банктер қарыз алушылар үшін банктік өнімді пайдалануға әртүрлі жеңілдіктер жасауда, несие беру процесі ықшамдалып, пайыздық ставкалардың төмендеу тенденциясы байқалуда. Себебі қысқа мерзімді айналым капиталын толықтыру мақсатында бөлінген несиелер несиелік портфельінің көлемінің ауытқуына әсерін тигізеді.
Дипломдық жұмысының мақсаты - Қазақстандағы орта және шағын бизнес субъектілерін несиелеу процесіне теориялық және практикалық мәселелерді қарастыру, несиелеу проблемаларын талдау, бизнес пен оның субъектілерінің арасындағы қарым-қатынасты сараптау және жеке тәжірибесінен зерттеу.
Көрсетілген мақсаттарға жету үшін алдыма төмендегідей міндеттемелерді қойдым:
- Нарықтық экономика белсенді қатысушылары-шағын және орта бизнестің субъектілерінің мәні мен мағынасын терең білу, дамуына жасалынатын шараларды қарастыру;
- Мемелекет тарапынан кәсіпкерлік субъектілерінің бастамаларын қолдау жөніндегі бағдарламаға тоқталу;
- Шағын және орта бизнесті несиелеудегі тәжірибелік мәселелерін қарастыру, несиені алу кезінде туындацтын проблемалар;
- ҚР «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ң шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу процесі, ережелері мен жұмыста қолданылатын құжаттардың жұмыс істеуі мен типтік формасын көрсету;
- Шет елдік несие желісі аясындағы несиелеу ерекшеліктерін атап көрсету;
- Бизнес субъектілерін несиелеуді, оның Қазақстандағы жетілу болашағы жайында өз ойымды қорытындылау.
Жазылған дипломдық жұмыстың теориялық негізі - экономикамыздың зардаптарын шағын және орта бизнестің даму жолдарымен, олардың субъектілерін зерттеу және дұрыс тұрғыда несиелендіру. Себебі, кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығы мемлекеттің экономикалық жетілуіне ықпал етуі және өндіріс, халықтың жұмыспен қамтылуына жеткілікті түрде қамтамасыз ете алуы жатады. Сол үшін кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес халықтың әл-ауқатының төмендеген кезінде, ел экономикасы макроэкономикалық дағдарысқа ұшыраған кезінде де өміршең күй танытты. Елдегі объективті және субъективті қиындықтар оның динамикалық дамуына кедергі етуде. Объективті қиындықтары экономикасының жаппай дағдарысқа ұшырауынан, бюджет тапшылығы, қаржылық ресурстар жетіспеушілігі, міне осы мәселелер шағын және орта бизнестің кең көлемде қарқын алуына кедергі етуде. Нарықтық экономикаға таяну жақындаған сайын, мемлекеттің инвестор ретіндегі рөлі төмендеуде. Мемлекет өз тарапынан бизнесті дамытуда қолайлы климат жасауы, заңдық-нормативтік актілерді жолға қоюы, шетелдік және отандық инвесторларды шағын және шағын және орта бизнесті дамыту жолында капитал құюына тартуы, шағын және орта бизнесті дамыту жолында капитал құюына тартуы, шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламаларын қолдайтын микроэкономикалық саясатты жасауда.
Осы дипломдық жұмыстың негізгі мәселелерін үш бөлімге бөліп қарастырдым. Бірінші тарауда шағын және орта бизнес экономикалық өсудің басты факторы екенін анықтадым. Сонымен қатар шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелер алуы кәсіпорынның дамуы үшін қаражаттарды толықтырудың іс жүзіндегі негізгі көздерінің бірі болып табылатындығы. Бұл бөлімде өзінің жалпы теориялық білімі негізінде материалды дұрыс реттеу мен жүйелендіруді іске асырды. Шағын және орта бизнес экономикалық өсудің басты факторы екені және оның пайда болу себептері мен жалпы экономикадағы алатын орны мен рөлі айқындалады. Мәліметтер әр түрлі әдебиет көздерінен алына отырып, сонымен қатар шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелер алуы кәсіпорынның дамуы үшін қаражаттарды толықтырудың іс жүзіндегі негізгі көздерінің бірі болып табылатындығы жайлы мәлімдедім. Мемлекет тарапынан жүргізілінетін бағдарламалар мен қолдау шаралары аясынан көрсетілген көмек пен әлде де жасалынатын өзекті мәселелер көрсетілген. Бұл бөлімде маңызды жетіспеушіліктер айқындалмады, себебі әрбір ақпарат пен берілген материал нақты негізделіп, жүйеленді. Бұл өз кезегінде зерттеудің келесі бөлімдерін қалыптастыруына тиімді жұмыс желісін берді.
Екінші бөлімде шағын және орта бизнес субъектілерінің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жалпы санындағы үлесі, салыстырмалы түрде алып қарағандағы ШОК субъектілері санының жыл сайынғы динамикасы мен өсу тенденциясын қарастырып көрсеткен. Қор мәселелері мен олардың атқаратын қызметінің өзектілігі көрсетіліп, атқарылатын жұмыс барысы айқындалады. Субъектілерді несиелеудің атқарылуы қордың ұйымдастырған және жүзеге асырылатын бағдарламалары арқылы көмегін тигізеді.
Дамыған индустриалды мемлекеттерде шағын бизнестің өзі ғана жалпы ішкі өнімнің 50% - дан астамын алатынын, ал елімізде шағын бизнесті және оған орта бизнесті қосқанның өзінде олардың ЖІӨ - гі сыбағалы үлесі 30% - дан аспайтыны айтылған және осы мәселелердегі қиыншылықтармен проблемаларды шешу өзектілігі қарастырылған. Бірақ шағын бизнес субъектілерінің елеулігі бөлшек сауда саласында байқалады. Осы саладағы олардың үлесі 90% - ға жетеді.
Мұндай жағдайдың қалыптасуын ең алдымен осы сектордың бәсекелестік еместік қабілетімен байланысты. Сондықтан шағын және орта кәсіпкерлік секторындағы қалыптасып отырған жағдайдың қандай екенін көру үшін әзірленген стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалар көрсетілген. Бұл құбылыстарды танып білу және оны шешу мақсаты бұл бөлімнің негізі болып табылады.
Үшінші бөлімде шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеудегі оның процестегі орны. Яғни тәжірибе жүзінде әрбір кәсіпкерге өз бизнесінің бастамасының немесе одан әрі дамуына байланысты қандай ұсыныстарға тап болатынын қарастырдым. Қазіргі таңдағы пайда болған проблемаларды шешу жолдарын айқындадым.
Жұмысымның зерттеу объектісі болып - ҚР «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді жүзеге асыру тәжрибелері қарастырылады. Практикалық негізі ретінде қор мәліметтерінің айқындылығымен көрсеткіштерді білу дәрежесің субъектілердің саны мен олардың несиелеу бағдарламаларын көрсету.
Осы жұмыстың методологиялық негізі - шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді талдау саласында еңбек еткен шетел және отандық практик-экономистердің, ғалымдардың монографиялары, ғылыми еңбектері болып табылады.
1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІН
НЕСИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу түсінігі мен
қалыптасу кезеңдері
Реформалаудың қол жеткен қомақты табыстарының бірі орта таптың қалыптасуы болып табылады. Әміршілдік жүйедегі экономиканың күйреуі, жекелеген нарық элементтірінің пайда болуы, экономиканың өмірге бұрынғы шаруашылық субъектілерден өзінің инновациялық мінез-құлқымен ерекшелінетін жаңа шаруашылық субъектілерін әкеледі. Сонымен бірге қоғамымызда меншік иесі деген жаңа әлеуметтік топ қалыптасты. Осы орта таптың қалыптасуы, негізінен орта және шағын кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты.
Шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын қолданбай еліміздің экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның бір - шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестікті дамытуда, тауар және қызмет сұраныстарын қанағаттандыруда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, жұмыссыздық мәселесін тежеуде және жаңа технологияларды енгізуде шағын және орта бизнес шешуші фактор ретінде маңызды роль атқарады. Шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда нарыққа тез бейімді, өзгермелі жағдайға байланысты икемді, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндіріс секторларында жұмыс істеуге қабілетті.
Шағын және орта бизнестің мәні мен мағынасын тереңәрек білу үшін, ең алдымен сол шағын және орта бизнесті алып жүруші субъект - кәсіпкер кәсіпкерлік терминіне тоқталып өтелік. Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес негіздері теориясын ХVIII - XIX ғасырларда Ф. Кэне, А. Смит, Ж. Б. Сэй, кейінірек И. Шумпетер, Ф. Хайск, А. Чаянов және тағы басқа экономист - ғалымдар негізін қалаған.
Кәсіпкерлік қызмет - жеке тұлғаның өз күш қабілетін танытуының, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асырушының тиімді тәсілі. Ол осындай ақ адамдардың өзіне сенімін арттырады, іскерлігін қалыптастырады. Кәсіпкерлік қызметке талдау жасау - оның жалпы экономикалық ой-пікір сияқты ұзақ тарихы мен терең тамырының бар екендігін көрсетеді. Көне тарих пен орта ғасыр ғалымдарында кәсіпкерлік туралы, оның индустриялық кезіне дейін қалай аталғанына қарамастан, ерекше ой пікір қалыптасқан. Экономикалық мағынада кәсіпкер ірі өндірістікнемесе құрылыс жобаларын басқарушы. Әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның мәнінде экономикалық -құқықтық, психологиялық және тарихи тұстары бар. Бірақ, шағын және орта бизнестің, яғни кәсіпкерліктің негізі адам қызметінің экономикалық танымында еңбекті пайдалануға негізделеді. Шағын және орта бизнесті жүргізушілер экономикалық мүддені білдіретін, сонымен қатар оған қатысушылар міндетті шарт жасасып ұйымдастырады. Мұндай бизнес түрі ұжымдық деп есептеледі. Жеке кәсіпкерлерге қарағанда жауапкершілігі шектеулі серіктестер көптеген мәселелрді шеш алады. Кәсіпкерліктің потенциалдық мүмкіндіктерін толық бағалау үшін олардың субъектілерін номиналды және нақты деп бөлудің маңызы ерекше. Номиналдыға дамыған елдерде әрбір азаматтың кәсіпкерлікпен айналусыға құқығы бар. Алайда оны жүзеге асыру қоғам мүшелерінің кез келгенінің қолынан келе шарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құқығы барлар жатады. Міне, осы адамдар экономиканың кәсіпкерлік секторын құрып, дамыта алады.
Логикалық тұрғыда, бизнестің субъекті деп - қандай да болмасын жасалған мәміленің белсенді жағы, барлық жауапкершіліктің мінсіз алушысы болып табылады. Бизнес субъектісінің термині ағылшынның бизнесмен сөзінің эквивалентіне тең, келесілерге сүйене отырып:
- Бизнес субъектісі ретінде жеке адамдар ( оларды жеке тұлғалар ретінде), фирмалар, сонымен қатар ұйымдар, кәсіпорындар, білрестіктер, қорлар, қоғамдастықтар (оларды көбінесе заңды тұлғалар ретінде қарастырады), сонымен бірге әрбір мемлекеттің өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлға болмайтын басқа да субъектілер жатқызылады( оларға Қазақстан Республикасы оның субъектілері және муниципалды білім) ;
- Бизнес субъектілері жұмыс қызығушылығымен басқару арқылы заңға сәйкес қандайда болмасын жұмыс типімен және түрімен айналаса алады;
- Бизнес субъектілердің қызметі экстерриториалды болып табылады. Яғни мемлекеттердің ұлттық заңнамасының әртүрлілігіне қарамастан бизнес субъектілерінің бірбірімен жұмыс қарымқатынасын бұзбайды.
- Бизнес субъектісі - бұл тарихи формадағы адам қоғамынының тіршілік қасиетінің категориясы;
Жеке және заңды тұлға және олардың ерекшеліктері туралы ең бастысы бизнестің негіздерінен білеміз. Жеке тұлға ретінде болмайтын бизнес субъектісіне танымал институтционалды бизнес субъектісі терминін қолданамыз. Ал олардың жұмыс қызығушылығына сәйкесінше терминді пайдаланамыз.
Ең бастысы бизнес субъектісінің түрлері мен типтерін және олардың жұмыс қызметіне назар бөлуіміз керек. Бизнес субъектілерінің шектелімдерін олардың функционалды іс-әрекетін бизнес субъектісінің класификациясы 1суретте көрсетіледі:
- кәсіпкерлер, қызметін жүзеге асырып тәуекелге өзі ұшыратын, экономикалық және заңдық жауапкершілікті өзіне алатын, сонымен бірге кәсіпкерлік топтар мен кәсіпкерлік одақтар;
- кәсіпкерлермен ұсынылатын жеке және топтық өнімді пайдаланушылар (жұмыс, қызмет), соның ішінде пайдаланушылар ассоциациялары мен бірлестіктері;
- жұмысшылар, өз еңбек қызметін контракт немесе басқа да негізде жүзеге асыратын сонымен қатар олардың бірлестіктері;
- мемлекеттік және муниципалды басқару органдары, мәміленің қатысушылары ретінде қатысатын болған жағдайда ( кәсіпкерлерге үкіметтік сұраныстарды ұсынған кезде, бағаны анықтағанда, арнайы жұмыстарды жүзеге асыратын кездегі жеңілдіктердің көлемі мен құрамын анықтаған жағдайда), мемлекеттік қызметкерлер;
- халықаралық және ұлттық қоғамдық ұйымдар, және олардың қызметкерлері.
Сурет 1. Бизнес субъект құрылымы
Ескерту: [14] -көзі негізінде құрылған
Келтірілген классификация бизнес субъектілерінің көлемді құрамын көрсетеді. Ол бизнес концепцияларының прагматикасына тұқсас. Сонымен қатар бизнес субъектілерінің кішігірім оған тек кәсіпкерлерді ғана жатқызатын құрамын кездестіруге болады. Кәсіпкерлік сферасының ішінде келесідей ұғымдар, бизнес бірлік, бизнес үдеріс және бизнес талант деген терминдер қолданылады.
Бизнес және кәсіпкерлікті бөлген кезде, бизнес пен кәсіпкерліктің субъектісі қатыгез ғылыми негіздерге сүйенбеуге тырысады. Бизнестің құбылысы кәсіпкерлік қызметіне қарағанда бай және ауқымды. Соның ішінде кәсіпкерлік бизнесі қызметтің бір типі реті ғана болса, кәсіпкерлер оның типітк субъектісі ретінде болады.
Кәсіпкерліктің объектісі - адамның белгілі қызметі. Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі өндірілген өнім мен көрсетілген өнім мен көрсетілген қызметі. Бірақ ең бастысы - әр кәсіпкер оның тек өзіне тиімдісін, пайдалысын ғана жасайды. Міне, осы себептен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты - өз кәсіпорынның пайдасын барынша жоғарылату немесе шығындарын барынша азайту болып табылады. Ал, кәсіпкердің табысы көбіне оның бизнесті ұйымдастыруына тікелей байланысты. Қызметінің бастапқы кезеңінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс факторларын жүйелеудің жаңа жолдарын іздейді, яғни, бұл кәсіпкерліктің ең басты мәселесі.
Сонымен, кәсіпкерлік - жаңа мүмкіндіктерді іздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тиімді салаларын іздеу, ескі ойлау шеңберінен шығу. Басқаша айтқанда, өндірістің жаңа түрін ашып, дамыту, тауарлар мен қызметтердің жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын өзгерту, сонымен қатар оларды жаңарту және өркендету. Мұндай өзгерістердің түрлері әралуан жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескі кәсіпорынды қайта құру, байланыстардың жаңа түрлерін ұйымдастыру немесе ескілерін жою, модификациялау әрекеттерімен байланысты. Демек, нақты өмірде кәсіпкерліктің объектісі - новаторлық, жаңашылдық мағынадағы ерекше өндіріс және айырбас пен бөлудің түрлі факторларын жүйелеу болып табылады.
Елімізде отандық шағын бизнестің балменді дамуы 1992-1993 жылдары басталды. Содан бері нарықтық экономиканың қалыптасуына да он жылдан астам уақыт өтті. Осы бірнеше кезең ішінде мемлекеттің меншігі бірте бірте жеке меншікке ауысты. Олар әр түрлі шаруашылық ассоциациялары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шағын кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар формаларында қайта құрылды.
Елдің кәсіпкерлікті дамытуда ынтасын арттыру үшін экономикалық, әлеуметтік, құқықтық базасын құрып, оларды одан әрі жетілдіру керек. Қазақстан Республикасының қалыптаса бастаған жалпы кәсіпкерлік қызметті төрт түрге бөліп қарастыруға болады. Олар:
Өндірістік - оның ішінде инновациялық, ғылыми-техникалық жаңалықтарға сай тауар өндіру, қызмет көрсету және басқалар.
Коммерциялық - сауда саттық, делдалдық, саудаүйлері, тауар биржалары және т. б.
Қаржылық - банктік, сақтандыру, аудиторлық, лизингтік қор биржалары және т. б.
Кеңес берушілік - басқармалық, әкімшілік, маркетингтік, ақпаратық, кадрлар дайындау және т. б.
Біздің республикамызда қаржылық кәсіпкерліктің банктік түрімен тек қана банктер ғана айналыса алады.
Шағын және орта бизнестің Қазақстан Республикасында қалыптаса басталуы мен дамуы тауарлы нарықтың және кәсіпкерлік іс-әрекеттің кең ауқымға құлаш жаюмен байланыстыруға болады. Әрине мемлекетіміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі, нарық экономикасына бет бұруы өзі елде кәсіпкерлік мен шағын және орта бизнеспен айналысуға міндет етеді. Бастапқы кезең ретінде көрінген мұндай бизнес 1995-1996-шы жылдары делдалдық қызмет ретінде жүзеге асты. Ал одан кейінгі 5-6 жылдар ішінде қолынан іс келетін азаматтар, заңды тұлғалар әлемдік тәжрибені үйрету арқылы қалыптасқан бизнес кілті - өндіріс екендігін түсінді. Республикамыз табиғи жер қойнауындағы ресурстарға бай, жер ауқымы кең бол, андықтан, ауыл шауашылығында - фермерлік іс, шаруашылық қожалықтарын құру, төл өсіру, сүт тағамдарының көптеген түрлерін молынан нарыққа шығару соңғы кезде кең дамып келеді.
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес халықтың әл-ауқатының төмендеген кезінде, ел экономикасы макроэкономикалық дағдарысқа ұшыраған кезінде де өміршең күй танытты. Елдегі объективті және субъективті қиындықтар оның динамикалық дамуына кедергі етуде. Объективті қиындықтары:
Экономикасының жаппай дағдарысқа ұшырауынан, бюджет тапшылығы, қаржылық ресурстар жетіспеушілігі, міне осы мәселелер шағын және орта бизнестің кең көлемде қарқын алуына кедергі етуде. Нарықтық экономикаға таяну жақындаған сайын, мемлекеттің инвестор ретіндегі рөлі төмендеуде. Мемлекет өз тарапынан бизнесті дамытуда қолайлы климат жасауы, заңдық-нормативтік актілерді жолға қоюы, шетелдік және отандық инвесторларды шағын және шағын және орта бизнесті дамыту жолында капитал құюына тартуы, шағын және орта бизнесті дамыту жолында капитал құюына тартуы, шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламаларын қолдайтын микроэкономикалық саясатты жасауда.
Субъективті негіздегі қиындықтарға, негізінен былайша түсіндіруге болады. Қоғамның сана- сезімінде қалыптасып қалған пайда табу, табыс алу, бай болу әрекеттерін әлі де болса, психологиялық жағынан дайындық жоқ. Кәсіпкерлік тарапынан да нарықтың тез өзгеру қозғалысына жылдам әрі тиімді реакциясы толық әдетке енбеген. Кәсіпкерлер менеджмент, маркетинг салаларының қыр мен сырын әлі де түсінбеген. Шағын кәсіпорындарының жұмысының тиімділігі - өнім өндірудегі тар мамндану ғана емес, еңбек құралдарына да мамандануда. Мұндай өндірістер шектеулі тауар ассортиментін шығарып, қаж ет болған жағдайда оны тез ауыстыруы да мүмкін. Шағын бизнестің дамуы транспорттық шығындар мен өнімдердің құрылымдық реформаларды тереңдету қажеттілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
1. 2 ҚР экономикасындағы шағын және орта бизнес субъектілерін
несиелеудің рөлі
Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнес субъектілерінің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөл ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін арттыратын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін жалдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетің көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономиклық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді щеще отырып қарқын алуда. Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:
-қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береті, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;
-ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы.
Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;
-тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz