Деркүл өзені – Белес (Ростошский) ауылы бойынша көктемгі су тасуды есептеу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
5
КІРІСПЕ . . .: 1 ОРАЛ-ЕМБІ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ . . .
5: 6
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Жер бедері . . .
5: 6
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Геологиялық құрылымы . . .
5: 8
КІРІСПЕ . . .: 1. 3 Климаты . . .
5: 8
КІРІСПЕ . . .: 1. 3. 1 Радиациялық балансы . . .
5: 8
КІРІСПЕ . . .: 1. 3. 2 Ауа температурасы . . .
5: 9
КІРІСПЕ . . .: 1. 3. 3 Атмосфералық жауын-шашын . . .
5: 10
КІРІСПЕ . . .: 1. 3. 4 Ауа ылғалдылығы . . .
5: 11
КІРІСПЕ . . .: 1. 3. 5 Жел режимі . . .
5: 11
КІРІСПЕ . . .: 1. 3. 6 Топырақ бетінен булану . . .
5: 11
КІРІСПЕ . . .: 1. 3. 7 Қар жамылғысы . . .
5: 12
КІРІСПЕ . . .: 1. 4 Топырақ және өсімдік жамылғысы . . .
5: 12
КІРІСПЕ . . .: 1. 5 Гидрографиясы . . .
5: 14
КІРІСПЕ . . .: 2 ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛГЕНДІК . . .
5: 17
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Өзендер мен уақытша ағынсулардың су режимінің жалпы сипаттамасы . . .
5: 17
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Өзендер ағындысының зерттелгендігі . . .
5: 19
КІРІСПЕ . . .: 2. 3 Деркүл өзенінің сипаттамасы . . .
5: 20
КІРІСПЕ . . .: 3 ЖЫЛДЫҚ АҒЫНДЫНЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІ . . .
5: 21
КІРІСПЕ . . .: 3. 1 Жылдық ағындының қалыптасу шарттары мен факторлары . . .
5: 21
КІРІСПЕ . . .: 3. 2 Бақылау мәліметтері болған жағдайда ағындыны анықтау . . .
5: 21
КІРІСПЕ . . .: 3. 3 Бақылау мәліметтері жеткіліксіз болған жағдайда ағындыны анықтау . . .
5: 23
КІРІСПЕ . . .: 3. 4 Тірек бекетін таңдау . . .
5: 28
КІРІСПЕ . . .: 4 КӨКТЕМГІ СУ ТАСУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ . . .
5: 30
КІРІСПЕ . . .: 4. 1 Өзен алабына келген судың жалпы көлемі . . .
5: 30
КІРІСПЕ . . .: 4. 2 Су тасу ағындысы қабатын анықтау . . .
5: 30
КІРІСПЕ . . .: 4. 3 Су тасуы кезіндегі максимал су өтімдері мен максимал су деңгейлері . . .
5: 31
КІРІСПЕ . . .: 4. 4 Көктемгі су тасу кезіндегі су тасуының басталуы және максимал су өтімдерінің орнауы мерзімдері . . .
5: 32
КІРІСПЕ . . .: 4. 5 Максималды су өтімі мен көктемгі су тасудың бақылау нәтижелері жетіспеген жағдайда ағынды қабатын есептеу . . .
5: 33
КІРІСПЕ . . .: 5 ДЕРКҮЛ ӨЗЕНІ - БЕЛЕС АУЫЛЫНЫҢ АҒЫНДЫЛАРЫНЫҢ ҚАМТАМАСЫЗДЫҚ ҚИСЫҒЫНЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН БАҒАЛАУ . . .
5: 45
КІРІСПЕ . . .: 5. 1 Вариация коэффициентін бағалау . . .
5: 45
КІРІСПЕ . . .: 5. 2 Асимметрия коэффициентін бағалау . . .
5: 47
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
5: 53
КІРІСПЕ . . .: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
5: 54


РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыстың тақырыбы - Деркүл өзені Белес (Ростошский) ауылы бойынша көктемгі су тасуды есептеу.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, 5 бөлімнен және қорытындыдан құрылған. Берілген жұмыстың көлемі 54 беттен, 9 суреттен 9 кестеден, 14 қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі қолданылған сөздер: су өтімі, су ағындысы, қамтамасыздық қисығы, вариация коэффициенті, ассиметрия коэффициенті, орташа су өтімі, көктемгі ағынды қабаты, максималды су өтімі, гидрологиялық сипаттамалар және тағы басқалар. Зерттеу объектісі - Орал- Ембі өзендер алабы болып табылады.

КІРІСПЕ

Жайық-Жем алабында Орал және Ембі өзендері толығымен кіреді. Алаптың жалпы ауданы 713 мың шаршы шақырым. Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы ұзақтығы шамамен он бес шақырым, ал батыстан шығысқа қарай мың шақырымға созылады. Орал Ембі алабында 1150 шамасында өзен және ұзындығы 10 шақырым шамасында уақытша суайрықтар бар. Аудан өзенінің жалпы ұзындығы отыз мың шақырымнан асады.

Берілген жұмыста қарастырылып отырған Орал - Ембі өзендер алабының жалпы физикалық-географиялық жағдайына, климаттық факторларға, гидрологиялық зерттелгендігі және су режимінің жалпы жүру кезеңдері жайында сипаттама берілген.

Қарастырылып отырған өзен алабына кіретін Деркөл өзені Белес ауылы бойынша берілген тұстамадағы өзен ағындысының орташа жылдық су өтімдері көктемгі ағын қабаты және максималды су өтімдерінің гидрологиялық сипаттамаларын анықтау

Жұмыстың міндеттері:

  • алаптың физикалық- географиялық және гидрологиялық тұрғыдан зерттелу деңгейін сараптау;
  • алаптағы өзендердің жылдық ағындылары жайлы деректерді талдау;
  • негізгі гидрологиялық сипаттамаларын есептеу;
  • көктемгі су тасу ағындысын және оның гидрологиялық сипаттамаларын есептеу.

Жұмыста Казгидромет торының: "Ресурсы поверхностных вод" Т. 15, "Гидрологиялық жылнама", "Основные гидрологические характеристики" және "Водный кадастр" сияқты стационарлы бақылау деректер мәліметтері және басқа да деректер қолданылды.


1 ОРАЛ-ЕМБІ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Орал-Ембі алабында Орал және Ембі өзендері толығымен кіреді. Алаптың жалпы ауданы - 713 мың шаршы шақырым. Солтүстік пен оңтүстік арасындағы ұзақтығы шамамен - 15 шақырым, ал батыстан шығысқа - 1000 шақырымға созылып жатыр.

  1. Жер бедері

Жер бедеріне қарап Орал-Ембі алатын алты табиғи - тарихи алапқа бөлген. Олар: Оңтүстік Оралдың таулы ғимараты, Жалпы Сырт, Орал маңы үстірті, Каспий маңы ойпаты, Үстірт үстірті және Маңғышлақ аралшығы.

Оңтүстік Орал таулы ғимараты үлкен таулы - қатпарлы ауданды алып жатыр. Шығыс Еуропа платформасы аумағы бойымен мезазойда тұрған. Ең биік нүктесі Рязь тауы, биіктігі - 1067 м. Салыстырмалы биіктігі 700-900 м аралығында болып келеді.

Орал өзені бастауын Орал таудың шығыс беткейінен алады (абс. белгісі 643 м) және ежелгі жазықтан оңтүстік бойымен тау ғимараты шығыс беткейіне қарай ағады. Оңтүстіктен батысқа қарайғы Оралтау жоталарынан Зілайрық үстірті орналасқан, одан оң жағалаулық салалар Сақмар өзені Үлкен ық, Қосмарқа, Ұрман-Зілайыр, Барақал тағы да басқалар ағады. Бұл аудан жазық біркелкі суайрықтармен және өзен жазығының терең тілімденуімен ерекшеленеді.

Жалпы Сырт батыстан Зілайыр үстіртінен және Каспий маңы ойпатына жалғасады. Сонымен қоса Орал және Волга өзендерінің бассейндерінің суайрық аймағы болып келеді.

Сырттың батыс шеткі бөлігі Шипа тауының тобына кіреді, олардың бірі, биігі Ішкі тау болып табылады. Ал Сырттың оңтүстік бөлігі бойын кең жазық алып жатыр, ұзындығы Орал қаласынан 60 шақырым.

Төменгі Орал үстірті Каспий маңы ойпатымен түйіседі, шығысынан жон арқалы жазықтықты алып жатыр. Өзеннің суайрық биіктігі 400-500 метрде орналасқан. Батыс және оңтүстік жаққа қарай ойпат біртіндеп 100 м теңіз деңгейіне дейін жетеді. Сонымен қоса осы аймақтарда сорлы жерлер кездеседі, көктемде ол жерлер еріген сулармен толады.

Төменгі Орал үстірті жер бедері денудациялы-эррозиялық процеске куә. Оның негізгі себебі су және жел.

Каспий маңы ойпаты Каспий теңізінің солтүстік бөлігін қамтиды [7] . Ол қазіргі кезде кеуіп кеткен Каспий теңізінің түбі сияқты жер бедеріне ие. Олардың кейбір бөліктері эолдық процестерден өткен. Ойпат көптеген мөлшердегі сорды ойыстармен, көлдер мен терең емес ағыншықтармен ерекшеленеді.

Ең үлкені Чижа-Дуринск-Балықты диспрессиясы. Ол жалпы Сырттың оңтүстік шекараларынан Орал-Волга құмдарына дейін жайылған ойық жер. Ауданы бойынша екінші орында Ембі өзенінің төменгі аймағы мен Өлі Көлтік жері арасында орналасқан Солтүстік Каспий маңы Қарақұмдары болып келеді.

Каспий маңы ойпатының оңтүстік аймағы теңіз деңгейінен 28 м төмен орналасқан. Бұл аймақтың көбі сортан және тұзды болып келеді. Мұндай жерлер Орал-Ембі аймағының 13, 8% яғни 78, 6 мың км 2 жерді алып жатыр.

Үстірт үстірті Орал-Ембі бассейнінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Ауданы шамамен 161 мың шаршы км құрайды. Жер бедері биіктігі 50-290 м аралығында өзгереді. Үстірттің солтүстік бөлігі биіктігінің төмендеуімен ерекшеленеді. Биіктік 70-80 метрден аспайды. Мұнда Сам - Саматай құмдары орналасқан. Үстірт үстіртінің жер бедері ерекшелігі, әсіресе солтүстік және батыс бөліктерінде жоғарыда айтылған жазық тәрізді төмен жерлердің көптеп кездесуі.

Маңғышлақ Атырау облысының шеткі батыс бөлігінде орналасқан. Түбектің оңтүстік бөлігі жазықты болып келсе, солтүстігінде биіктігі төмен Қаратау таулары бар. Ол таулардың екі биіктік нүктелерін атап кету жөн: Солтүстік Ақтау, биіктігі 555 м, Оңтүстік Ақтау, биіктігі 531 м құрайды.

Маңғышлақтың батыс бөлігінің жазықты аймағында биіктігі теңіз деңгейінен 132 м төмен орналасқан Қарақия ойысы бар. Маңғышлақтың шығыс бөлігі Ақтөбе, Сауысқай және Құр - Қызыл құмдық массивтерімен ерекшеленеді.

Облыс территориясының жер бедері сипатына қарай бес ауданға бөлуге болады: Мұғалжар таулары, Орал-Ембі үстірті, Торғай -Арал маңы төрткіл жазығы, Үстірт шоқысы және Каспий маңы ойпаты.

Оңтүстік Орал тауының жалғасы болып табылатын Мұғалжар тауы меридиональді бағытта 450 км-ге созылып облыстың орталық бөлігінде орналасқан. Бұл тау солтүстік және оңтүстік бөліктерден тұрады. Олар бір-бірінен кең ауқымды тау аралық ойпаттармен бөлінген. Шамамен 50̊ с. е аяқталатын солтүстік Мұғалжар таулары Елек пен Ырғыз өзендерінің аралығындағы ені 200 км-ге дейінгі кеңістікті алып жатыр және олар жалпы алғанда төбелі- жонды қырат ретінде көрінеді. Солтүстік Мұғалжардың шығыс қанаты (Ор-Ырғыз өзен аралығы) биіктігі теңіз деңгейінен 340 м-ге дейін жетіп Ор өзеніне қарай біртіндеп төмендейтін кең алқапты біртекті жазық ретінде сипатталады. Эрозиялық тілімденген жерлер мұнда тек өзен аңғарларының беткейлерінде ғана кездеседі.

Оңтүстік Мұғалжардың шығыс бөлігін 20-30 м-ге көтерілетін қырқалар мен төбелер сирек кездесетін таулы қырат ретінде көрінеді. Теңіз деңгейінен 280-300 м биіктікте жатқан бұл таулы үстірт Ырғыз өзенінің оңтүстік салаларының тар және терең аңғарларымен бөлінген.

Орал-Ембі үстірті облыстың батыс жартысының көп бөлігін алып жатыр және ол Уил, Сағыз, Ембі алаптарының уақытша ағынсулары мен көптеген өзендердің аңғарлрымен бөлініп кеткен жон төбелі жазық ретінде сипатталады. Өзендердің су айрық сызығында биіктіктер теңіз деңгейінен 400-500 м-ге көтеріледі. Ал батыс және оңтүстік батысқа қарай үстірт 100 м-ге дейін төмендейді, бірақ біркелкі емес.

Төбелер аралығындағы кең ауқымды ойпауыттар көбінесе барханды немесе құм-төбелі (Уил, Сағыз және Ембі өзендерінің аралығындағы құмдар) алқаптар немесе сорлар алып жатыр.

Үстірттің осы бөлігінің бетінде, сондай-ақ, іші еріген қар суымен толған тұйық қазаншұңқырлар кездеседі. [1, 9]

  1. Геологиялық құрылымы

Ақтөбе облысының территориясында жасына қарай алуан түрлі тау жыныстары жатыр-төрттіктен орхей және протерозой кезеңіне жататын жыныстарға дейін.

Төрттік шөгінділер кең таралған және олар көптеген өзен аңғарларында кездесетін өзен аллювиясы мен (қалдық, тұнба), облыстың батыс бөлігінде дамыған көне Каспий шөгінділері мен Ембі, Уил, Ырғыз, Торғай және тағы басқа өзен алаптарындағы эолды құмды массивтермен сипатталады.

Көне төрттік шөгінділердің қуаттылығы (саздақ, құмсаз және үлкен кесекті сынық материалдардың) 1-70 м-ге дейін құрайды.

Неогенді шөгінділер облыстың оңтүстігіндегі (Үстірт шоқысы) және Ор, Ырғызбен Торғай өзен аралық аумағында таралған. Құмды қабаттар жиынтық ұуаты бойынша (Ембі өзенінің аңғарынан оң жақта 300 м-ге дейін) Елек пен Үлкен Қобда өзендерінің аралығында құмды сазды қабаттардан едәуір басым келеді.

Мұғалжар таулары мен Қазақтың қатпарлы өлкесінің арасында палеоген мен бор шөгінділерінен тұратын кең палеозой фундаменті орналасқан. Шығысқа қарай бұл фундамент (іргетас) біртіндеп меридиональді бағытта қатпарлардың батуы байқалады. [9]

  1. Климат

Орал-Ембі аймағының климаттық жағдайлары радиациялық баланс, циркуляциялық процесстер және жер бедері әсерінен пайда болады. Және континентальды климат қалыптасқан. Каспий теңізінің әсері тек жағалық жерде байқалады. Қысқы кезде Азор және Сібір антициклондарының әсерінен территорияның үлкен аймағында ашық және суық ауа-райы қалыптасады. Жазы ыстық және оңтүстікке қарай шөлейттену дәрежесі күрт өседі. [1]

1. 3. 1 Радиациялық баланс

Континенталдық климат әдетте аспанда үлкен бұлттылықпен ерекшеленбейді. Сол үшін бұл аймаққа күн радиациясы көптеп келеді.

Жылына күн сәулесі түсу ұзақтығы 2300-2900 сағатты құрайды. Бұлтты күндер көп болатын Оңтүстік Орал аймағында 1800-2200 сағат құрайды.

Радиациялық баланс жылына шамамен 37-49 ккал/см 2 . Аймақтың көп бөлігінде оң радиациялық баланс 8-10 ай болады, Каспий теңізі жағалауында-11 ай, ал Атырау облысының оңтүстігінде жыл бойы оң таңбалы радиация сақталады. Орал-Ембі аймағында максималды радиациялық баланс 6, 8-9, 4 ккал/см 2 жетеді. Ол көбінесе маусым-шілде айларында байқалады.

Кей жылдары радиациялық баланс мөлшері орташа жылдық мөлшерден айтарлықтай ауытқып, мамыр, маусым айларында 8-11 ккал/см 2 болуы мүмкін.

Минималды радиациялық баланс қаңтар-желтоқсан айларында байқалып, радиация мөлшері оңтүстікте 0, 2 ккал/см 2 болса, солтүстікте -1, 0 ккал/см 2 дейін жетеді.

Тәуліктік радиациялық баланс көбінесе күннің биіктігіне байланысты, ең үлкен мөлшері күндіз күн зенитіне жеткен кезінде байқалады (шамамен жазда 0, 6-0, 7 ккал/см 2 болса, қыс айларында 0, 06-0, 10 ккал/см 2 ) . [4, 9]

1. 3. 2 Ауа температурасы

Аймақтың солтүстік пен оңтүстік қарай созылып жатуы температураның біркелкі таралуына себепкер. Орал-Ембі бассейнінде орташа жылдық температура 1-12 аралығында болады. Ең суық ай болып қаңтар айы болып келеді. Температура мөлшері минус 18 \ ℃ жетуі мүмкін. Арктикалық ауа массаларының келуімен ауа райы күрт суытады. Бұл құбылыстар әдетте қаңтар, ақпан айларында болады.

Аудандағы абсолюттік минимумдар келесі: солтүстік шығыста минус 42-48 болса, Атырау облысының оңтүстігінде минус 34-35 болса, шығыста 24-20 құрайды.

Сонымен қоса, Орал-Ембі аймағында кенеттен жылынуы байқалуы мүмкін. Осындай жылыну ұзақтығы 1-5 күнге дейін жетуі мүмкін.

Ақпан айынан жалпы жылыну басталады. Ең интенсивті уақыт наурыздан сәуірге өткен кезде болады. Температура оңтүстікте 11-13 болса, солтүстікте 7-10 құрайды.

Орташа айлық температура көрсеткіші тамыз айында жоғары болып келеді, шамамен 16-27 {^\circ} . Ең үлкен температураның төмендеуі шамамен 7-9 {^\circ} қыркүйек қараша айларында байқалады. Қараша айының орташа температурасы әлі де оң болып 2-13 {^\circ}\ құрайды.

Ауа температурасының режимінің қалыптасуына жер бедері үлесі үлкен. Мысалы циклондық әсері үлкен Орал тауының батыс беткейінде орналасқан Мраково станциясында қыс айының орташа айлық температурасы шығыс беткейде, яғни антициклондық әсері көп Қызыл станциясына қарағанда 2 {^\circ} жоғары.

Облыс айлығында орташа жылдық ауа температурасы солтүстігінде (минус 12, 0 мен минус 18, 0̊ С) қаңтар мен ақпан айларында байқалады. Жеке жылдары температураның абсолюттік минимумы минус 48̊ С (Ақтөбе станциясы, 12 қаңтар 1940жыл) .

Ең жылы ай шілде, осы айдың орташа ауа температурасы 20, 7̊ С-тан (Родниковка станциясы) 26, 4̊- қа дейін (Ақтұмсық бек, 5 тамыз 1955жыл) . Осылайша ауа температурасының абсолюттік амплитуда (ауытқи) тербелісі 90̊ асады.

Көктемде орташа тәуліктік ауа температурасының 0̊ арқылы өтуі әдетте оңтүстігінде 25-31 наурыз және солтүстігінде 6-10 сәуір; күзде - сәйкес 1-10 қараша және 29-31 қазан. [2, 9]

1. 3. 3 Атмосфералық жауын-шашын

Жер бедері пішінінің, атмосфералық процестің әртүрлігіне орай Орал-Ембі алабына жауын-шашынның өзгергіштігі тән.

Қарастырылып отырған ауданның жылдық орташа шамасының қосындысы бойынша төрт ауданға бөлуге болады.

Бірінші аудан - Орал тауы жоталарының шығыс тілімдері кіреді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 500-650 мм құрайды.

Екінші аудан - Орал тауларының шығыс бөлігі және Оренбург облысының оңтүстік шығыс бөлігінің жылдық орташа жауын - шашын мөлшері 350-450мм.

Үшінші аудан - орталық және солтүстік батыстың жылдық жауын-шашын мөлшері 250мм-ден 500мм-ге дейін.

Төртінші аудан - оңтүстік, көп бөлігі құрғақ, Каспий теңізінен шығысқа қарай орналасқан. Жылдық жауын - шашын мөлшері 150-250 мм құрайды және максимумы Маңғышлақ таулы аймағында түседі.

Орал таулары жауын - шашынға үлкен кедергі болып келеді, сондықтан таудың батыс беткейінде шығыс беткейге қарағанда жауын-шашын көбірек мөлшерде түседі. Орташа айлық жауын - шашын ең көп мөлшері қарастырып отырған аймақтың солтүстік - шығысында шілде айына келеді. Шамамен 40-78 мм құрайды. Орал тауының батыс беткейлерінде жауын - шашынның максимумы қазан айына келеді (84 мм) . Орал және Атырау облыстарында жауын - шашын максимумы желтоқсан айына келеді (22-40 мм/айына) . Жылы кезеңде (сәуір - қазан ) жылдық жауын - шашын мөлшерінің 50-75 % түседі.

Жалпы Орал-Ембі бассейні құрғақшылықпен ерекшеленеді. Бір екі ай қатарымен жауын - шашын мүлдем жаумауы да мүмкін, ал Атырау облысының оңтүстік аймағында ондай период үш айға созылуы мүмкін.

Көптеген жылдарда айлық жауын - шашын мөлшері қарастырылып отырған ауданның солтүстік - шығыс бөлігі шілде айында көпжылдық кезеңдегі орташа 40-78 мм-ді құрайды.

Соңғы 30 жылда нөсер жауындар санының ұлғайғандығы мәлім. Олар кіші территорияны қамтып, бірнеше минуттан 3-5 сағатқа созылуы мүмкін. Нөсер жаңбырлар көбінесе маусым - тамыз айларында болады.

Оның шамасы облыс территориясында орташа жылдық жиынтығы 160-тан 361 мм-ге дейін өзгереді. Жауын-шашын ең аз түсетін - Үстірт шоқысы болып табылады. Жеке жылдарда жауын-шашын жиынтығы оның орташаланған шамасынан едәуір ауытқуы мүмкін. Шамадан тыс жаңбырлы және мол қарлы жылдары жауын-шашын мөлшері облыс ауданының солтүстігінде 576 мм-ге (Мартук ст., 1956 жыл), ал оңтүстігінде - 371 мм (Аяққұм бек., 1958жыл) жетеді.

Құрғақ жылдары жауын-шашын 70 мм дейін өзгереді. (Ырғыз бек., 1929жылы 69 мм) . Жауын-шашын жыл ішінде бірқалыпсыз таралады. Оның негізгі мөлшері жылы кезеңде түседі, ал суық кезеңде жауын-шашын жылдық шамасының шамамен 30-40 % \% түседі. Жауын-шашынның айлық максимумы көбінесе, маусымда айқын көрінбейтін максимум қазанда байқалады. Жауын-шашынның минималды айы ақпан болып табылады.

Жауын-шашынның көп болып ұзаққа жалғаспайтын және төмен қарқынды жаңбыр түрінде түседі, кейде ұзақ жаңбырлар мен қатты нөсерлер болып тұрады. [2, 7]

1. 3. 4 Ауа ылғалдылығы

Ауаның абсолюттік ылғалдылығы облыс аумағында шамамен жылына 6, 0-6, 5 мб құрайды. Ең жоғарғы мәніне (12-15 мб) ол шілде айында жетеді. Ең төменгі мәні (1, 5-2, 5 мб) - қаңтар-ақпан айларында байқалады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, әдетте 25-30 % \ \%\ жазда, 80-90 % \% -ға дейін қыс пен көктемде өзгереді.

Жылдың жылу кезеңі ішінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30 % \% -ға тең немесе кем болатын күндер саны 60-80 солтүстігінде және 110-125 оңтүстігінде. Ең жоғарғы құрғақшылық жылдары барлық күндер дерлік ішінде жеке айлары ылғалдылық 30 % \% -дан аспайды. (Ырғыз, Шалқар, Ембі, Ақтөбе станциялары) .

1. 3. 5 Жел

Жылдың суық мерзімінде (қараша-наурыз) облыста күшті қарлы боран туғызатын солтүстік-шығыс және шығыс желдері басым.

Жаздың басында оңтүстік желдер жиі байқалады - бұлар бөгендер мен топырақ бетінен судың қарқынды булануына әсер ететін аңызақ желдер. Жазда ылғалдық әкелетін батыс желдер басым, бірақ облыс аймағында оның тек аз бөлігі ғана жер бетіне жетеді.

Желдің орташа жылдық жылдамдығы 4-5 м/сек құрайды, күшті жел байқалады (15 м/сек) жылына 60 күндей байқалады. [2]

1. 3. 6 Топырақ бетінен булану

Құрғақ климат жағдайында булануға түскен жауын-шашынның көп бөлігі булануға жұмсалады. Топырақ бетінен орташа жылдық булану шамасы жауын-шашын мен ағындының зональды 300 мм, оңтүстігінде 160 мм -ді құрайды. Орташа ағынды изосызығынан оңтүстік пен шығысқа қарай орналасқан кіші су жинау алаптарын булану шамасы 12 мм, 3-4 % \% , ал Уил өзенінің орта ағысының ауданында 8-10 % \% -ға оның зональдық мәнінен кіші.

Топырақ ылғалдылығы жеткілікті мөлшері болған жағдайда жылдық булану бұл аумақта солтүстікте 850 мм-ден оңтүстігінде 1400 мм-ге дейін жетуі мүмкін. Жыл ішінде буланатын ылғалдылықтың барлық мөлшері дерлік кезеңге жатады(шамамен 90 % \% ), әдетте сәуір мен қазан аралығындағы үш негізгі вегетациялық ай ішінде булану (мамыр, маусым, шілде) оның жылдық шамасының 50 % \% -дан астам бөлігін құрайды.

Ең жоғарғы айлық булану қабаты мамырға келеді (60-70 мм-дейін) бұл кезеңде топырақта көктемгі ылғалдылық қоры ысырапталады.

Қыс айларында булану өзінің жылдық шамасының шамамен 10 % \% -ын құрайды.

1. 3. 7 Қар жамылғысы

Қарастырылып отырған аудандарда қар жамылғысы жылына 2, 5-5 ай тұрақты жатады. Қар жиналу негізінен ақпанның ортасынан наурыздың ортасына дейін Орал алдында наурыздың үшінші декадасына дейін болып келеді. Ауданда қар қорының максималды вариация коэффициенті 0, 3-тен 0, 5-ке дейін ауытқиды. Қар тығыздығы қар қорының максималды кезінде 0, 23-0, 33-ті құрайды. Оңтүстік Орал орманды массивндегі қар жиналу далалы жерден 1, 5 есе көп.

Қардың еруі ақпанның үшінші декадасынан оңтүстікте сәуірдің бірінші декадасынан басталады.

Қар қорының түбегейлі бітуі ақпанның үшінші декадасынан оңтүстікте сәуірдің бірінші декадасы аралығында болады. [2]

1. 4 Топырақ және өсімдік жамылғысы

Зерттеліп отырған аймақтың жер бедері және климатының сан алуандығына байланысты, топырақ жамылғысы да сан түрлі. Жазық аудандарда құрғақшылық пен үнемі соғып тұратын желдердің әскрінен топырақтар құрғап, әрі қар жамылғысы биіктігінің шамасына орай суық кезеңде әжептәуір тереңдіктерге дейін мұз қатып, топырақтағы микробиологиялық процестердің өту мерзімін әжептәуір қысқартады.

Жалпы бұл аумақта топырақ жамылғысының келесі типтері кең жайылған:

  • күлгін-қоңыр топырақтар аса құрғақ климаттық жағдайда Арғанаты, Арқарлы секілді тау жұрнақтарында қалыптпсады. Бұл топырақтағы қалыптастырушы үштік кезеңнің гипсті, аздап тұздалған түзілімдері. Бұл топырақтың қарашірік қабаты өзінен төмендегі топырақ қабаттарынан қатты айырмашылығы жоқ.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Торғай өзені алабының гидрографиялық ерекшеліктері
Батыс Қазақстан облысы жайлы
Тобыл алабы өзендерінің соңғы онжылдықтардағы су ресурсын бағалау
Жайық өзені: «табиғаты- халқы- шаруашылығы» мектеп жобасы
Ақтөбе облысының өзендерінің суының жылдық нормасын табу
Тобыл өзенінің көпжылдық ағынды тербелісін бағалау
Жем өзенінің ең аз ағындысын есептеу
Есіл өзені сужинау алабының табиғи сипатамасы
Торғай өзені алабы
Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы Арасан өзені бойындағы су қойманың жобасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz