Сын және оның этикалық аспектiлерi


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Сын және оның этикалық аспектiлерi

Жұмыс тәжiрибесiнде сынды жиi кездестiруге - өзiмiз сынауға немесе әрiптестер тарапынан сыналу объектiсi болуға тура келедi.

Әсiресе, басшы үшiн сын ережесi мен оларға қойылатын этикалық талаптарды бiлу өте маңызды, өйткенi, кейбiр уақыттарда өз бағынушыларына, олардың жұмыс бағасына байланысты және қызметтегi мiнез-құлықтарына қарай сын ескертпелерiн айтуға тура келедi. Тек басшы ғана сын ескертпелерiн жасап қоймай, сонымен қатар жай қызметкерлерде (олар жоғары дәрежелi кәсiпқой социалистер) басқа қызметкерлердiң өз қызметтерiн жақсы орындау үшiн жұмыс сапасына талдау жасауға мәжбүр болады. Ережеде өкiнiшке орай, сынаушы мен сыналушының қарым-қатынастарын қиындататын және дау-жанжалға әкелiп соқтыратын көптеген аспектiлер бар. Егер сын ескертпелерi орынсыз айтылғын болса, онда ондай сын ұжымының этикалық дәрежесiн төмендетедi және психологиялық климатына зиянын тигiзедi. Сын әдiл айтылса да, ауыр қабылданады, демек сыналушының қызметтегi мiнез-құлқының өзгеруi немесе жұмыс сапасының көтерiлуiне қол жеткiзу мақсат емес. Мүмкiндiгiнше осындай шиеленiстердi шешу үшiн сын ескертпелерiн айтқанда сынаушы да, сыналушы да, Гроцесстiң этикалық жақтарына сәйкес кейбiр ережелердi ұстану керек.

Сынаушыға ұсыныстар:

  1. Сынға қатысты ұжымдық, заңгерлiк, статустық негiздер бар екенiн шешiңiздер. Басқа сөзбен айтқанда, өзiңiз үшiн iстiң мән-жайын жеткiлiктi жақсы бiлетiнiңiздi анықта: Сiз өз жұмысыңыздың кәсiпқой маманысыз, сiз сынайтын қызметкер бөлiмi сiздiң бөлiмiңiзге тiкелей қатысы бар ма және соңында, сынайтын объект туралы анық және толық ақпарат жеткiлiктi ма? Осы сұрақтарды өзiңiзге қоя отырып және оларға нақты жауап бере аласаңыз ғана, сын ескертпелерi туралы шешiм қабылдауға болады.
  2. Сiзде сынға негiз бар делiк. Бiрақ сынды жариялауға әлi кезек келген жоқ: әсiресе сiз басшы, менеджер болсаңыз, сiздiң ойыңызша сынды қажет ететiн қызметкермен куәгерсiз сөйлесiп көрiңiз. Әрине егер ол сынға бiрiншi рет тартылып тұрса, яғни қызметтегi мiнез-құлқында бұрын-соңды қателар жiберiлмеген болса, онда сын мағынасындағы бiрiншi әңгiме бетпе-бет болуы керек. Басшы (қатардағы қызметкер) сыналушыға, егер мұндай қателiктер қайталанса сын сферасының өрiстейтiнiн, яғни мұндай қылықтар бүкiл ұжымға немесе жоғары басшы органдарына жарияланатынын ескеру керек. Ереже бойынша, мұндай ескертпелер (қоқан-лоқы деп айтуға болмайды) қателердi түзеуге, қызметтегi мiнез-құлықтың өзгеруiне өзiнiң нәтижесiн тигiзедi, өйткенi ешкiм өзiнiң қателiктерiн бүкiл ұжым қызметкерлерiнiң бiлгенiн қаламайды.
  3. Тағы бiр ереже - ол сынды мадақтаудан бастау, яғни сыналушыға айтылатын бiрiншi сөздер шамамен былай болу керек: “Сiз өзiңiздiң компетентiңiзбен (түрлерi - адалдық, кәсiпқойлық, тәртiптiлiк) қалай осындай (кешiрiлмейтiн) қателiктердi жiбердiңiз”. Ары қарай алғашында оның жұмысына сынаушы жоғары баға бергендiктен, ол оны сенiмдiлiкпен қабылдайды. Сыналушы өзiнiң бұрынғы еңбектерiнiң бағаланғанын көрiп, беделiн сақтап қалады және ренжiмей сабырлықпен сынды әдiл деп қабылдайды. Ақырында адам өзiнiң жұмыс қабiлетiн сақтап және қайтадан жағымды сөздер есту үшiн қателiктерiн түзеуге шабыттанады.
  4. Төртiншi ереже этикалық сипатта: адамды емес, жұмысты (тәрбиесiн, қылығын) сынау керек. Айту керек: “Сiздiң жұмысыңыз өте нашар орындалған, сiздiң қызмет мiндеттерiне қарым-қатынасыңыз өрескел және ерсi және т. б. ”, бiрақ “Сiз жаман адамсыз, өрескелсiз, осындай қызметкердi қалай жұмысқа алған” деген сөздер айтуға болмайды.
  5. Сынап тұрып сөзiңiздiң интоннациясына, әңгiменiң қарқынына, айқайға баспай, артық эмоционалды қылықтарды айтып салмауға көңiл бөлу керек. Бiр қалыпты, сабырлы үн, фактiлерге сiлтеме жасау, қойылатын сұрақтардан хабардар болу сияқты қажеттi қасиеттер сынаушының этикалық нормасы болу керек.
  6. Асығыс шешiмдер қабылдауға болмайды, сыналушыға сөз айтуға мүмкiндiк беру керек. Мүмкiн оның өзiн жақтайтын мәлiметтер бар шығар немесе тiптi болмаса оны басқа түрде көрсетуi мүмкiн.
  7. Сын “есеп беру” болмас үшiн, оны сыналушы қызметкердiң өз қатесiн түзеуге ынтасы мен сенiмдiлiгiн оята отырып, сынаушы сыналатын қызметкерге: “Барлық адам қателiк жiбередi, онда тұрған ештеңе жоқ, бiрақ адамның жақсы жұмыс iстегiсi келмегенi, сол жаман” деген сөздер айтылу керек. Сынаушы өзiнiң кезiнде жiберген қателiктерiн еске түсiре отырып және оларды түзеудi әңгiмеде өз тәжiрибелерiн мысалға келтiру керек. Бұл сыналушының өзiнiң жiберген қателiктерiне қарамай, жағымды нәтижелерге жетуiне кедергi болатын нәрселердi жеңуге ынтасын оятады және сенiмсiздiктен аулақ болуына ықпалын тигiзедi.
  8. Бiреудiң адресiне сын ескертпелерiн айтатын менеджер (жай қызметкер) сынмен ғана шектелiп қоймау керек. Оны бiреудiң жұмысына немесе қызметтегi мiнез-құлқына риза еместiгiнен, оның қиын жағдайлардан қалай шығуды және қателердi қалай түзеудi бiлетiн тәжiрибелi, жоғары кәсiпқой маман екенiн жорамалдауға болады. Тек сынға ғана тоқталып қоймай, сыналушыға қиын сұрақтарды шешуде, мысалы: “Сiздiң орныңызда мен былай iстер едiм” немесе “Сiзге осыған ұқсас қателiктермен күресудегi өзi тәжiрибем туралы ақыл бергiм келедi” деген лебiздердi айту жөн. Бiрақ мұндай ұсыныстар шонжарлық аямпаз түрде болмау керек.
  9. Сыншының соңғы сөзi, бiрiншi сияқты, сыналушыға өз күшiне сенетiн, қателiктерi мен кемшiлiктерiн меңгере алатын ой клтiру керек, мысалы: “Мен сiздiң бәрiн түсiнгенiңiзге және мұндай жағдай қайталанбайтынына сенемiн”, “Мен сiздi намысы бар, тәжiрибелi қызметкер ретiнде бiлемiн және қателiктер мен кемшiлiктерiңiзбен жұмыс жасайтыныңызға сенемiн”.
  1. Сыналушыға өз жұмысындағы жаңылыстарды орнына келтiруге қажеттi ұсыныстар бергенiмiздi осыған дейiн айттық. Бiрiншi сынайтын адамға не iстеу керек, сынның ауыртпашылығын төмендетуi, сiздi сынды байсалды қабылдағанының, сiздi байқағанның, сiзге көңiлi толмағандығының белгiсi деп түсiнуге болады, өйткенi сiзден көп нәрсенi күткен. Басқа сөзбен айтқанда, сiздiң кәсiпкерлiк қабiлетiңiздiң бағасы өте жоғары болған. Сiз күтпеген жағдай болды, сiз туралы жақсы ойлады. Бұл жерде сiздiң қызметiңiздiң логикасы қайтадан өзiң туралы жақсы ойлауды талап етедi. Оған қатты қынжылмаңыз сiз оны бұрында iстеген болсаңыз, қазiрде оны iстейсiз.
  2. Өзiңiзге, жұмысқа, қызметтегi мiнез-құлқыңыз бен iс-әрекетiңiзге әдiл қарауға тырысыңыз. Бұл арманның соңғы моделиөлшерi емес. Сiз жұмысты жақсы iстей алмайсыз ба? Сiз әрине iстейсiз! Сын арқылы жақсы маман ретiнде сiздiң кәсiпкерлегiңiздiң көтерiлгенiне және т. б. рахмет айтасыз.
  3. Практикалық ескертпелерге өз жауабыңды: “Мен сынмен толығымен келiсемiн, жұмысты жақсы iстейтiнiме (шапшаң, қатесiз, т. б. ) еш күмәнiм жоқ” деген сөзден бастап, “Менiң мүмкiндiктерiме жоғары баға бергенiңiзге алғысымды айтамын" деген фразамен сынға жауапты аяқтауға болады. Сыналушы еш асыралаңдамай, ашуланбай, сынмен келiсiп тұрғанын, сонымен қатар, “Мен бұл жұмысты жақсы iстеймiн, менiң мүмкiндiктерiмнiң жоғары бағасы қатысушылардың есiнде” деген сөздердiң бәрi қасында осы сөздердi естiп тұрған қызметкерлерге жақсы әсер қалдырады.

Егер бұл бөлiм жиналысы немесе жалпы жиналыс болса, онда барлығы талқылау барысын зер салып тыңдамайды және әр айтылған сөз үзiлiп естiледi. Мысалы, сын ескертпелер қатысушылардың құлағына кiрiп те шықпауы мүмкiн, ал, “Менiң потенциалымның бағасы жоғары” және “Жақсы iстеу” деген сөздер жақсы естiледi және есiнде жақсы сақталып қалады. Сондықтан кейбiр оқушыларда бiреуге ұрысқан жоқ, сынаған жоқ, тiптi мақтады, әйтпесе ол не үшiн оның мүмкiншiлiгiнiң жоғары бағасына алғыс айтты.

Жоғарыдағы айтылғандарды сыналушыға үндеу деп түсiнуге болмайды, бiрақ өз адресiңе әдiл емес ескертпелер мен жағымсыз қылықтар болса үндеуге қатты жығылуға болмайды.

Автор өзiнiң жеке тәжiрибесiне сүйене отырып сынға келесiдей сөздермен жауап беруге тура келедi: “Менi сенiмдiлiктi ақтайтын, дұрыс түсiнетiн және бағалайтын адам ретiнде қабылдап және айтылған тiлектерiңiздi еске ала отырып, менiң жұмыс адресiме сын ескертпелерiн айтқандарға алғысымды айтуға рұқсат етiңiздер. Өйткенi жоғары мамандандырылған, жоғары дәрежелi мамандардан тұратын ұжымда менiң жақсы iстейтiнiме еш күмәнiм жоқ”.

Бұл жерде “сын” немесе “сындық ескертпелер” лебiзi “айтылған тiлектермен” алмастырылған және бүкiл жиналыс бойы журнал оқып отырған бiр қатысушы соңында: “Мен түсiнбедiм, сенi не үшiн мақтады немесе сен кiмдi мақтадың” деген түрде текст құрылады. Автор осындай мысалды пайдалануды ұсынбайды, бiрақ жоғарыда айтылғандарды мағлұматқа алуды қолдайды.

  1. Сыншыға жоғары бағалы позиция беретiн сынның тағы бiр пайдалы жағы:

егер, басқа қызметкерлердiң қатысуымен немесе куәгерсiз сындық

ескертпелер жасалынса, онда ол шынымен жұмыстың жақсы жүргенiне

жаны ауыратын адам. Егер сын сыналушы үшiн үстiнен жай түскендей

болса, бұрын соңды ең болмаса қызметкерлердiң қатысуынсыз осы жұмысты атқарушы сыналса, онда сынаушыны жұмыс сапасы онша толғандырмайды, оған ұжым мен басша алдында өзiн көрсету маңызды болып тұр. Сондықтан жұмыс сын объектiсi болса, қатысушылар өздерi үшiн сыншының сынайтын жұмысының сапасына деген шындық қарым-қатынас мүмкiншiлiктерiн ұғады.

Сонымен қорытынды жасаймыз. Сын әдiл болу керек, сындық ескертпелер формасы орынды айтылу керек.

Бiреудiң адресiне айтылған сынның пайда болу себебiн анықтау сыншыға мақсат болып табылады. Не сындық ескертпелер объектiсi болып қызмет атқарады. Әрине әр қызметкер үшiн жұмыста қателiктер мен кемшiлiктердi жiберуге болмайды, бiрақ ешқандай объективтi жағдайлар қызметкердiң өз мiндетiне жауапкершiлiкпен қарауына кiрiспеу керек. Осындай жағдайларды талдау керек.

Сын ережелерi туралы жете айтылғандықтан, бағынышты-қызметкердi немесе басқа дәрежедегi қызметкерлердi дұрыс мадақтау туралы бiрнеше ұсыныстар берген әдiл. Жұмысқа алғыс айту, мадақтау бұқара, қызметкерлер немесе басшылар алдында айтылуы керек, бұл тек мақтайтын адамға ғана емес, сонымен бiрге алғыс пен мадақтау мақсатына жеткiсi келетiн, оны қоршаған коллегаларға да жағымды психологиялық әсер қалдырады. Қорыта келе, сынаушы жағынан да, сыналушы жағынан да этикалық норма мен ереженiң бұзылғаны әрқашан коллегалар мен басқа да қатысушыларға өте ауыр ықпалын тигiзедi. Мұндай бұзушылықтарға ызалану, өш алу, жалғандық, өтiрiкке жатпайтын, бiрақ дұрыс тұжырым жасауға кедергi келтiретiн кейбiр фактiлердi елемеу жатады. Керiсiнше, адалдық, ақ ниеттiлiк, ақ көңiлдiлiк, ескертпелерге және олардың жауаптарына екпiндiлiк бiлдiру, жұмысты жақсартуға ықпал ету, жалпы мақсатқа жету - әр қызметкер мен әр ұжымға iске асыруда тiлейтiн сын прцесiнiң этикалық қасиеттерi осындай.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психодиагностиканың этикалық және кәсіби бағыттары
Сөз мәдениетін жаңа технологияларды тоғыстыра оқыту жолдары
Жаңа тұрпатты мұғалімді даярлаудың психологиялық және педагогикалық негіздері
Информатика және этика
Маркетинг және қоғам
Жоғары оқу орны студенттерінің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ғылыми- практикалық негіздері
Бағалаудың табиғаты, құрылымы
Тұтынушылардың рухани санасы
Жеке тұлғаны дамыту үшін Интернет - ортаның мүмкіндіктері мен тәуекелдері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕ АДАМДЫ ҰСТАП БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz