«Жасыл» құрылыс


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
:
Кіріспе: Анықтамалар, белгілер мен қысқартулар
:
: 1
Кіріспе: Әдеби шолу
:
: 1. 1
Кіріспе: «Жасыл» құрылыстың пайда болу тарихы
:
: 1. 2
Кіріспе: «Жасыл» құрылыс тұрақты даму жолы ретінде
:
: 1. 3
Кіріспе: «Жасыл» құрылыс урбоэкологияның - жаңа жиынтық ғылымның бөлігі ретінде
:
: 1. 4
Кіріспе: Архитектуралық-құрылыстық бионика
:
: 1. 5
Кіріспе: «Жасыл» құрылыс ғимараттарын бағалау үшін пайдаланатын халықаралық стандарттар
:
: 1. 6
Кіріспе: «Жасыл» құрылыста LEED және BREEAM бағалаудың стандарттарын салыстыру
:
: 1. 7
Кіріспе: Қазақстанда «жасыл» құрылыстың даму келешегі
:
: 1. 8
Кіріспе: Алматы қаласындағы «жасыл» құрылыс принциптері
:
:
Кіріспе:
:
:
Кіріспе:
:

1 ӘДЕБИ ШОЛУ

1. 1 «Жасыл» құрылыстың пайда болу тарихы

Әлемде миллиардтан астам ғимарат бар екені анықталды және олардың қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз әсерлерін келесідей сандармен көрсетуге болады: 17 % ауыз суды шығындайды; барлық кесілген ағаштардың 25 % пайдаланады; көмірқышқыл газының барлық шығарындыларының 33 %; барлық материалдар мен энергияның 40 % пайдаланады [1] .

Ғаламшарда халықтың өсуі - ғимараттарға мұқтаждықты арттыратын басты себеп болып табылады. Өсу нәтижесінде, сонымен қатар, табиғи ресурстарды пайдалану және қалдықтардың түзілуі де артады. Ғаламшарда көмірқышқыл газының 80 % шығарындыларын шығаратын халықтың 50 % -ы жиі урбандық территорияларда өмір сүреді.

1972 жылы өткен БҰҰ-ның қоршаған орта және қоршаған орта туралы Бағдарлама жасау жөніндегі Стокгольм Конференциясы экологиялық мәселелерді шешу үшін үкіметтік деңгейде халықаралық қауымдастықтардың ат салысуын белгіледі. Тұрақты даму Концепциясы 1970 жылдары басталған ғылыми білімдердің экологизацияға логикалық өту және қоғамдық-экономикалық дамуды алға тартады. Бұл концепцияның негізгі тезисі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адамның өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, шаруашылықтың және басқа да қызметтің қоршаған ортаға зиянды әсерін шектеу және кез келген құрылыс түрін салуда табиғи ресурстарды рационалды пайдалану болып табылады [2] .

1974 жылдан бастап әлемдік энергетикалық тоқыраудан кейін әлемдік құрылыс практикасында «энерготиімді ғимараттар құрылысы» деген бағыт пайда болды және осы уақытқа дейін өзінің өзектілігін сақтап қана қоймай, сондай-ақ күннен-күнге мұқтаждығын арттырып отырған осындай ғимараттардың ғылыми негіздері белсенді қалыптастырыла бастады [3] .

1980 жылдардан бастап үйдің экологиялық қауіпсіздігіне ерекше назар салынып отыр. Энерготиімді технологиялардың ішінде ішкі ауа сапасының жоғарылауына көмектесетін және үйдің экологиялық қауіпсіздігін арттыратындары сұранысқа ие [4] .

1990 жылдардың соңынан бастап энерготиімділік және экологиялықтыққа қоршаған ортаны бұзылудан сақтау талаптары қосылды. XXI ғасыр құрылысының негізгі идеясы табиғат антропогенді қызметтің пассивті фоны еместігі туралы ой. Кәсіби көзқарастың нәтижесінде қала құрылысына қолайлы сипаттамалары жоғары және ғимараттардың климатизациясына энергетикалық көз болып табылатын жаңа табиғи орта түзілуі мүмкін [3] .

“Жасыл” стандарттарды дайындау 1990 жылдары басталды. Қазіргі таңда, халықаралық практикада ғимараттарда (жобалау, құрылыс және эксплуатация) қолданылатын “жасыл” стандарттардың саны 50-ге жетті. Бағалау критерилері әр түрлі. Айта кетерлігі, бағалау критерилерінде ұлттық ерекшеліктер ескерілді және бірінші дайындаған мемлекетте, сосын әлемнің басқа мемлекттерінде қолданылды [5] .

Критерий топтарының классификациясы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: қоршаған ортаны ластауды азайту; табиғи ресурстарды рационалды пайдалану, энерготиімділік; технологиялар, инновациялар мен менеджменттер; экологиялық қолайлылық [6] .

Қоршаған ортаға ғимараттардың әсер ету бағытына сәйкес: сыртқы қоршаған ортаның ғимараттарға әсері. Құрылыста тұрақтылыққа жақындау регламентациясы, “жасыл” стандарттар соңғы принциптерді дайындау ғимараттардың сәйкес келу дәрежесін бағалау [7] .

«Жасыл» стандарттар жұмсалған энергияның толық тізбегін жобалау, құрылыс және утилизация, қайта пайдалану процесін есепке алады. Энергия экономика жинағы ретінде кем дегенде жобалаудың алты бөлімінен тұрады: территория, су, энергия және атмосфера, материалдар мен ресурстар, ортаның ішкі сапасы, инновациялар [6] .

“Жасыл” құрылыстың дамуына әсер ететін климаттың өзгеруі және СО 2 шығарындыларын азайту туралы ұлттық және үкімет аралық деңгейдегі қозғалыстар [3] .

2002 жылы экологиялық құрылыс бойынша Бүкіләлемдік кеңес құрылды [2] .

2002 жылы өткен БҰҰ-ның тұрақты даму жөнінде Бүкіләлемдік саммит барлық әлемдік қауымдастықтың тұрақты даму идеялары Жер ғаламшарында тіршілікті қамтамасыз ететін негізгі адамзаттың қажеттіліктерін ұзақ уақыттық қанағаттануда сақтайтын жүйе екендігін дәлелдеді. Осыған байланысты, «жасыл» құрылыс территорияның тұрақты даму құрылыс обьектісі механизм ретінде қолданылады [3] .

Солай, «жасыл құрылыс» - бұл жобалау және құрылыс стандарттарымен құрылымданған жинақтық білім. Оның даму деңгейі ғылым мен технологиялардың жетістіктеріне, өнеркәсіптік инженерлер белсенділігі мен қоғамның экологиялық принциптерін құруына байланысты.

«Жасыл» ғимараттар біріншіден энергия мен су пайдалануды азайту үшін жобаланады. Солай, авторлардың жұмысында [6] бұл ресурстарды пайдалану шамамен 25-30 % және 30-50 % азайтылады екен. Көптеген зерттеулер бойынша, «жасыл» ғимараттарды жобалаудың және құрылысының бағасы қарапайым ғимараттарды жобалау мен құрылысында айырмашылығы аз. Мысалы, зерттеулер бойынша, Массачусетс (АҚШ) штатында 33 «жасыл» ғимараттар құрылысының бағасы тек 2 %-ға жоғары болған [8] .

«Жасыл» ғимараттар жұмыс жасаушылардың еңбек өнімділігін арттыра алады және формальдегид бөлетін құрылыс материалдарын пайдаланбай олардың денсаулығына зиян келтірмейді. Мысалы, АҚШ-тағы зерттеулер адамның еңбек өнімділігінің артуы 1, 5 %-ы жылына 1000 долларға эквивалентті немесе 1 м 2 -қа 4 долларға тең [9] .

«Жасыл» құрылыста құрылыс қызметінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі принциптер қолданылады [6, 7] : 1) білікті жобалаушы топ; 2) энерготиімді технология және шешімдер; 3) рационалды суды пайдалану; 4) ғимараттардың орнын таңдау; 5) экономикалық анализ; 6) ландшафтты дизайн; 7) жобалау; 8) материалдарды таңдау; 9) құрылыс қалдықтарын екінші реттік пайдалану және өңдеу.

Қазіргі таңда «жасыл» құрылыс әлемде жылдам дамып жатыр. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде «жасыл» құрылыстың экономикалық, экологиялық және қоғамдық артықшылықтары туралы ақпарат өзекті және мамандар мен қоғамда қызығушылық туындатады [3] .

Экологиялық артықшылықтары : парникты газдардың шығарындыларын азайтады, табиғи ортаға ластанған сулардың түсуін төмендетеді, табиғи ресурстарды сақтайды.

Экономикалық артықшылықтары келесідей: ғимараттардың эксплуатация кезінде энергия мен суды пайдалануды азайту нәтижесінде шығынды төмендетеді, объект капитализациясын арттырады және қаржыландыру және сақтандыру шығындарын азайтады, жалға алушылардың қызығушылығы, әлемдік мойындау, корпоративті бәсекелестік, жасыл құрылыс технологияларының ашықтығы және қол жетімділігі.

Қоғамдық артықшылықтарына жатады: үй-жайда ауа, жылу және акустикалық сипаттамалардың сапасы жайлы жағдайда, тұрғындар мен жалға алушылардың денсаулығы мен өміріне жақсы жағдайлар жасалады.

«Жасыл» ғимараттарда шығыны азайтылған құрылыс жоғарғы сапада және максималды жайлы болады. «Жасыл жобаларды» іске асыру өзектілігін айқындайтын тұрақты дамуға көмегін тигізеді [10] .

Көпғасырлық урбанизация кезінде ғаламшарда қала құрылысы туралы шешімдер дамыды. Ғаламшарда урбанизация - кішкентай тұрақтардан керемет урбоареалдарға дейін ұзақ тарихи жол жүрді.

Алғашқы адамзат тұрақтары бірінші реттік қажеттіліктерді қанағаттандыру қызметін атқаратын жай орта болған және табиғи орта мен қоғамның ішіндегі қарым-қатынастарға байланысты шешілмейтін қандай да бір қоғамдық және экологиялық проблемалар туындатқан емес.

Бірінші пәтерлер қол жетімді материалдардан - шөптер, жапырақтар, батпақтар, бұталар, терілер мен жануарлар сүйектері жасалды. Аз уақыт қызмет етіп, бұл үйлерді адамдар көшу кезінде тастап отырған, сосын олар табиғатта органикалық материал ретінде ыдырап отырған. Экологиялық теп-теңдік көшпелі тайпалардың өсімдіктер мен жануарлар ресурсының таусылуы себебінен көшуі немесе қажеттіліктерді тұрақты өтеу үшін бір-бірінен алыста орналасу үшін көшуімен сақталады. Қалдықтар мөлшерінің артуы себебінен ортаның нашарлауы адамды оларды құрту жөнінде ойлануға мәжбүр етті. Қала ортасын экологизациялау басталғанда Жерде бірінші урбанирленген ландшафттар - тұрақтар, үйлер мен мәдени ғимараттар пайда болды [11] .

Алғашқы үйлерде өмір сүру сапасы төмен болды, бірақ ең ескі қалаларда қол жетімді әдістермен жоғарылатқан: визуалды орта жақсарды, архитектурада монументальды туындылар пайда болды, жасылдандыру, канализация технологиялары, дене санациясы және т. б. жүргізілді. Солай, Крит аралында терракоттан (2000 ж. б. ғ. -ге дейін ) ванна мен құбыр табылды. Ассириялық патшаның Саргон II (б. ғ. б. VII ғ. ) ғимаратында әр орындықтың астында су төгетін, құмыралар табылған. Ескі Римда б. ғ. б. 312 жылы жақсы тазарған және аз тазарған сулар үшін алғашқы акведук табылды. Ортақ моншалар мен байларға арналған жеке моншалар салынды. Римда су төгетінін сақтап отырайық (заманауи канализацияларға ұқсас) . Скульптуралық мрамордың үстімен төгілген. Жанында су құбырлар, құдайлар ескерткіштері орналасқан. Әжетханаларда адамдар әңгімелесіп, жаңалықтармен бөліскен. Ластанған су XIX ғасырға дейін Еуропада жалғыз сақталған канализациялық коллектор арқылы Тигр өзеніне құйылып отырған [12] .

Ескі Үндіде құрылыс ережесінің «Шильпашастра» экологиялық бағыттылығы келесідей: әр үйге функционалды зондылау (сәйкес жерлер үйге, саябақтарға, сыйынатын орындарға, су резервуарларына бөлініп отырған. Ғимараттардың биіктігі, биіктігі регламенттеледі, олардың тағайындалуы, қабырғалардағы материалдар, ғимараттардың орналасуында жел бағыты есепке алынды, ғимараттың қызыл сызығы есепке алынды [12] .

Екіөзен қаласын (б. ғ. б. VI - VII ғғ. ) тас платформаларында арнайы шұңқырларға өсімдіктер салу арқылы периметрі бойынша жасылдандырған. Навуходоносор II (б. ғ. б. 605 - 562 жж. ) кезінде салынған Семирамидтың «Ілінгіш бақтары» бірінен-бірі асқан террасалары болған. Террасалар қорғасынмен құйылған тас тақташаларын монтаждаған тас бағандарына сүйенген. Сосын битуммен қаныққан қамыс қабатын салған, әрі қарай кірпіштің екі қабатын, ал оның үстіне 1-2 м өсімдік грунтын қойған. Төменгі террасаларда ағаштар отырғызылған, ал жоғарғыларында бұталар мен гүлдер орналасқан. Ілінгіш бақтардың идеясы кейін Персияда, Италияда, Ресейде қолданылды, ал қазір бүкіл әлемде аздап өзгерген формада газон-кровелі құралының көмегімен қолданылады [13] .

Антикалық Грекияда және Ескі Римде табиғаттың үйге жақындығын жақсы архитектуралық ережелер мен әр түрлі шешімдерді қолдану арқылы іске асты [13] .

Бірақ қалалардың өсуіне байланысты экологиялық және қоғамдық проблемалар арта бастады. Қазіргіге ұқсас қала ортасының сапа проблемалары б. ғ. II ғасырда басталған. Египеттік мумияны зерттеу нәтижелері, олардың өкпелері май шамдары мен құм бөліктеріне толған. Римда Юлий Цезарь қала көшелерінде транспорт көп болғандықтан арбаларды тек бейуақытта жүргізуге рұқсат ету туралы заң орнатқан [12] .

Қала дамуының факторлар (экологиялық, қоғамдық және т. б. ) жиынтығының жоқтығы қала құрылысының шешімдері сәтсіздікке әкелді. Көптеген ғасырлар бойы құрылысшылардың табиғатқа қатынасы тұтынушылық көзқараста болған. Нәтижесінде қазіргідей жағдай орын алды: көп қабатты ғимараттар - балкондар сирек жасылдандырылған және параллелепипедтті орналасқан; фасадтардың түгел шыныда болуы; көшелерде, алаңдарда, саябақтарда ластанған өсімдіктер; ластанған су қоймалар; автокөліктер толған асфальт қабатынмен қапталған көшелер мен алаңдар; зауыттардың көптеген түтінді және шығарынды құбырлары, ақаба сулар мен басқа да қалдықтар; жел жоқ кездегі смог «қалпақтары».

Сондай-ақ қалыпты қала ортасында үйлердің, өнеркәсіптік ғимараттардың, инженерлі аймақтардың шынайы табиғи ортада функциясын ескермей салу және жобалау қалыптасқан: ғимараттар жағымсыз, олар табиғи ортаға барлық ластану түрлерін, сонымен қатар эстетикалық ластануды да енгізеді. Ландшафт нашар қолданылады, ғимараттар табиғи қоршауға масштабты емес, материалдар да кейде жағымсыз, қалдықтар жәй утилизденеді, табиғи көздер энергиясы аз қолданылады. Адам территорияның урбанизациясын табиғи ресурстардың сарқылмау түсінігін, атмосфера, гидросфера, литосфера ластанудан кейін өзін-өзі тазарта алатынын, табиғи ландшафттардың қысқаруына биосфераның шыдамдығын дұрыс білмегендіктен дұрыс қалыптастырмаған [14] .

1. 2 «Жасыл» құрылыс тұрақты даму жолы ретінде

«Жасыл» құрылыс, «жасыл» ғимараттар, тұрақты құрылыс (Green Building, Green construction немесе Sustainable building) - бұл ғимараттардың құрылысы мен эксплуатациясының практикасы, мақсаты ғимарат сапасын көтеру және сақтау, ішкі ортасының жайлылығын арттырумен қатар энергетикалық және материалдық ресурстарды пайдалану деңгейін азайту.

Архитектуралық-құрылыс экологиясы жаңа ғылым ретінде 1991 жылы жарық көрді [15] және содан бері даму үстінде. Соңғы жылдары тұрақты архитектура және тұрақты (жасыл) құрылыс архитектуралық-құрылыс экологиясының маңызды бөлігі болып қалыптасты. Бұл ғылымдарда бірінші орындағы маңызды міндет қала ортасында ғимараттардың ішкі және сыртқы сапасын көтеру болып табылады.

Бұл жаңа ғылымдар тұрақты дамуды дамытуға бағытталған, олар нақты зерттеулерге және урбоэкология, архитектуралық-құрылыс экология, экологиялық энергетика, транспорт және тағы басқа салалар аясында дайындалған жұмыстарға сүйенеді. Салынған қоршаған орта және құрылыс индустриясы - бұл тұрақты дамуға жетудің екі кілті, себебі басқа индустриалды салалар өмірлік маңыздылығы бойынша құрылыс саласымен салыстырғанда төмен.

Құрылыста зерттеулер мен инновациялардың Халықаралық кеңесі 1999 жылы тұрақты құрылыс проблемаларын және шешімдерін детализдеуге «Күн тәртібінде XXI ғасыр тұрақты құрылыс» дайындалды. Құрылыс тұрақты даму проблемасына орталыққа қойылды, себебі құрылыс саласы кез келген мемлекетте қоғамдық-экономикалық дамудың негізгі мүшесі болып табылады. Мысалы, Еуропада ғимараттар 40 % аса энергияны пайдаланады, ал құрылыс саласы шамамен жасанды қалдықтардың 40 %-ын шығарушы. Сондықтан тұрақты құрылыс бағдарламасында қала ортасының сапасы бірінші орында тұр [1] .

Тұрақты (жасыл) құрылыс - тұрақты дамудың экологиялық, қоғамдық-экономикалық және мәдени аспектілерінде ат салысатын құрылыс. Тұрақты құрылыс шеңберіне көптеген проблемалар кіреді - экологиялық, қала құрылысы, архитектуралық, құрылыстық, экономикалық және қоғамдық [14] .

Тұрақты архитектура жаңа бағыт ретінде түзіліп жатыр. Бастапқыда ол тек энергияны пайдалануы төмен ғимараттардың архитектурасы деп есептелді. Бұл түсінік тұрақты архитектураның даму стратегиясын қысты, бірақ біртіндп оның шеңберіне басқа да проблемалар қосылды: жайлылық және қала әл-ауқаттылығы; жарық пен вентиляцияда табиғи технологияларды пайдалану; ғимараттардағы микроклимат; биік тұрақты құрылыс; тұрақты архитектура үшін стратегия мен құрал-жабдықтар; өмір тізбегін бағалау материалдары; энергияны пайдалануы нөлдік көрсеткіштегі салынған орта; тұрақты келешекте дәстүрлі шешімдер [14] .

Тұрақты архитектура және құрылыс әрдайым дамиды, жаңа идеялармен, бағыттармен толықтырылады. Ғимараттарды және инженерлік құрылыстарды салуда архитектуралық-құрылыстық экологиялық шешімдер адамға ұсынылатын орта сапасының көтерілуіне алып келетін тірі табиғатқа көмектесу бағытында дамиды.

Сау ортасы бар экологиялық қалада тұрғындардың, үйлердегі көршілердің, жасылдандырылған алаңдарда архитектура құралдарымен қарым-қатынасын қолдайды. Барлық тұрғындарды қала ортасының архитектуралық-ландшафттың көмегімен тәрбиелеу сезім мүшелері (көру, есту, түйсік) үшін әдемі және дені сау, таза орта арқылы жүзеге асады. Өз кезегінде тұрғындар сапаны қолдайды [16] .

Сау және экологиялық қала ортасын құруда бірінші орынды алатын әдістер ғимараттардың және инженерлік құрылыстардың экологиялық көркемділігі.

Бұның көркемдіктің ерекшелігі антропология мен тұру тарихын дайындаумен байланысты. Экологиялық көркемділікте адамға жағымды және визуалды көркем болып келеді. Бұл, мысалы, формалардың қисықсызықтығы және әр түрлілігі (табиғатта абсолютті бірдей жапырақтар, ағаштар, ландшафттарда кеңістік және бұрыштар) жасылдандыруға (адам көзінде көптеген түрлі-түсті сызықтар бар, олар адам жасылдың ортасында өскендіктен осы түс дұрыс. Адам инстинктивті өзіне және денсаулығына экологиялық көркемділік факторын табиғи ландшафттардың көп болуын білдіреді [17] .

Заманауи экологиялық ғимараттарда жеке конструктивті элементтер қала тұрғындары үшін ерекше, себебі олар бұрында салынған әдемі ғимараттар, қалалардың үлгісін әдемілік, тепе-теңдік туралы алғашқы түсінікті бұзады. Осындай элементтердің пайда болуы ғимараттың өңін өзгертетін жаңа технологиялардың арқасы. Мысалы, күн батареялары және гелиоколлекторлар ғимараттардың шатырларына әрқашан сәйкес келе бермейді. Ғимаратта терезелерді күннің жарығы бөлменің түбіне дейін кіретіндей күннен қорғау және күн батареяларымен қатар қолдандыру. Ғимараттарға ерекше түрді табиғи вентиляция құралдары, сонымен қатар ғимараттармен қатар қолданылған ветроагрегаттар, егер фасадта көрінсе және жағымсыз визуалды алаң құрып қалақ айналса (осындай алаңдарды жою үшін жел аграгаттары арнайы вертикалды құбырларда орналасқан [17] .

Жаңа экологиялық технологиялар терең жұмысты қажет етеді, себебі экологиялық архитектура, экологиялық көркемділік жаңа құралдармен бұзылмас үшін қажет. Бұл технологиялық құралдар экологиялылық принципқа сәйкес келуі тиіс, сонымен қатар табиғатқа ұқсастық принципіне сәйкес келуі тиіс. Әйтпесе ғимараттың бір параметрін экологияландырам деп басқа маңызды бөлігін бұзып алмау керек. Сондай-ақ экологизацияның қарапайым әдістерін қолдану арқылы әдемі емес архитектуралық шешімдер қабылдаса да (мысалы, вертикальды жасылдандыру жұтаң фасадты жабады және ғимараттың жағымсыз көрінісін байқатпайды) ғимараттардың экологиялық көркемділігін жасауға болады [16] .

Экологиялық көркем ғимараттар үшін бірінші кезекте сыртқы көрініс, форма және материал маңызды. Осындай ғимараттар ландшафттың негізгі компоненттерін бұзбай жақсы үйлеседі. Егер қала қоршаған ортамен бірге қарастырылса, барлық объектілер, аудандар және қала табиғи ортамен экологиялық теп-теңдікте болады. Экологиялық көркемдік қала ішінде табиғи территориялардың даму жолы арқылы жасалады. Үздіксіз урбоареалдар, мегаполистер экологиялық негізделмеген жасыл территорияларсыз болса, егер архитектуралық қатынаста керемет және ластанулардан таза болғанның өзінде экологиялық көркем деп есептелмейді. Қалада флоры мен фаунаны қорғау және сондай-ақ бірінші орында экологиялық көркемділіктің қамтамасыз етілуі тұр.

Табиғи формаларға ғимараттардың конструкциялары визуалды экологиялыққа жақын. Ғимараттарда кеңістік формаларын кең пайдалану - бұл қалалардың визуалды экологиялылығының маңызды өсу бағыттарының бірі. Үйдің экологиясы және тұрмыс пен үйдің эстетикасымен тағыз байланысты - адамға жақын адамдық мәдениеттің құрамы. Адамның үйі және оның барлық ішкі жұмыстары (пәтердің ішкі сылағы, жиһаз, бөлме өсімдіктері мен жануарлар, әр түрлі үйдің құралдары, ыдыстар, киімдер және т. б. ) экологиялық және эстетикалық болуы, пәтердің ішкі сылағын жүргізу үшін тек табиғи, адамға ыңғайлы және әсер етуші материалдар - ағаш, табиғи бояулар, табиғи олифа, керамика элементтері, глазурленген тақталар, қағаз обоилар, табиғи кілемдер және т. б. гүлді гамма көзге әдемі көрінеді. Әдеміліктің белгілі заңдары қолданылады: әр түрлілік және бөліктердің гармониясы.

http://core.archplatforma.ru/imgs/newsimgs/2014_11/ScienceHills_1.jpg

Сурет 1 - Табиғи формаға жақын бөліктік конструкция, (ғылым мұражайының жиынтығы, Токио) [49]

Ішкі бөлмелердің фитодизайны (үйлер, офистар және т. б. ) - бұл сыртқы көрінісіне, адам денсаулығына әсер етуіне, ортаның микроклиматына тұрақтылығын ескере отырып интерьерда өсімдіктерді пайдалану. Интерьерлердің ландшафтты жасылдануы табиғи ландшафтқа ұқсас болуы Жапиония және Англиядағы сияқты [18] . Ол сәйкес жағымды ассоциацияны қалыптастырады. Бүкіл әлемде қолданылатын қысқы бақтар да тиімді-архитекторлар мен бағбандар жасаған су қоймалары, су құбырлары, тастар, аздап архитектура элементтері қатысқан, сәйкес жарықтандырылған арнайы жасылдандырылған. Үйлердің ішінде өсімдік себеттерін, перделерді, жайқалған өсімдіктерден тұратын қабырғалар болады [18] .

Тұрмыста пайдаланатын жиһаздар мен заттарды экологизациялау формальдегид және басқа да улы заттар шығаратын ағаш плиталар және пластиктен дайындалған жиһаздардан бас тартып, жер шарында қоры мол (керамика, шыны) қайта қалпына келетін және толық рециклденетін материалдардан жасалған жиһаздарды қолдану керек. Визуалды экология көптеген айқын деталдарды, аксессуарлар (фигуралық қаламдар, инкрустация және т. б. ) . ұсынады. Экологизацияда жиһаз санын шектеп, оны ауыстырмай ұзақ уақытты пайдалану маңызды қажеттілік болып табылды.

Храмдарда, ескі сарайларда интерьер және жиһаздар экологиялы. Архитектуралық экологиялылық теорияларын білмесе де, оларды салғанда адамның әр түрлілікті, әдемілікті және бай детальдар, формалардың табиғатқа ұқсастығы, заттарды ауыстырмай ұзақ пайдалану гармониялы түрде жасалған. Сарай интерьері (сурет 2) визуальды экологияның заманауи талаптарына сай [13] .

http://forum.awd.ru/gallery/images/upload/890/3a0/8903a0d8a0cb3a1531f90fca67c6dfce.jpg

Сурет 2- Фредериксборг сарайы, Дания

Адамның психофизиологиялық күйіне иіс үлкен рөл ойнайды екен. Олардың әсерін одоэкология зерттейді [13] . Қала ортасының одорациясы қала тұрғындарының психофизиологиялық күйі қалыпты келесі бағыттарда жүреді:

Фитомелиорация (ауаға пайдалы шығарындылар шығаратын тұрақты өсімдіктерді дайындау) принциптерін пайдаланып табиғи ортаны максималды енгізу.

Ғимараттардың ішінде және қаланың көшелерінде ортаның одорациясы бойынша арнайы құралдарды пайдалану жағымды және сау табиғатқа ұқсас иістер микробтармен күресу мен жағымсыз иістерді жою.

Жалпы, архитектуралық-құрылыс экологиясының маңызды міндеті адамның сезім мүшелеріне сау архитектуралық-ландшафттық ортаның жағымды әсерін қамтамасыз ету.

1. 3 «Жасыл» урбоэкология ғылым жиынтығының жаңа бөлігі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау
«Жасыл» құрылыс дамуының болашағы
Қала саябақтары
Көгалдандыру ерекшеліктері мен көгалдандыру нысанының жобасы
Сәулеттік және конструктивтік шешімдер жайында
Ауылдық елді мекендерді жоспарлау композициясы
Қаланың қала құрылысы дамуының мақсаты
Елді мекендердің жерлерін пайдалану
Басталған жылға жоспар көп
Қаптағыш материалдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz