ҚР-ғы әлеуметтік саясат


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

  1. ҚР-ғы әлеуметтік саясаттың әлеуметтік саясаттың принциптеріӘлеуметтік құқықтық негіздері
  2. Әлеуметтік саясатты талдауҚазақстандағы саясаттың негізгі бағыттарыХалықты әлеуметтік қорғау механизімін реформалау
  3. Қазақстанның әлеуметтік жағдайды іске асыру азаматтарың денсаулығы, білімі мен салауатты өмір сүру мүмкіндігіШет елдермен қатынасыҚазақстанның әлеуметтік жағдайдың бүгіні мен ертеңі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қоғамдағы дамудың бастапқы кезеңдерінде шаруашылық прогресі көбінесе теңсіздік пен әділетсізідікке негізделетіні белгілі. Осы күні қалыптасып отырған нарықтық қатынастар да әлеуметтік әділеттікті қамтамасыз ете бермейді.

XVIII-XIX ғасырларда өткен өндіріс революциясы нарықтық қатынастарды өте күшті дамытты. Нарықтық қатынастардың дамуы бас бостандығы мен еркіндікке, әлеуметтік әділеттікке жол ашып берді. Еркіндік идеологиясын насихаттатйтын қоғамдық - саяси ағымдар қалыптасты. Осының барлығы индустриялды елдерде әлеуметтік теңсіздікті азайту заңдылығын қалыптастырды. Батыста және Шығыстың дамыған елдерінде орташа әлеуметтік топ қалыптасып, оның үлес салмағы артты. Мысалы, АҚШ-та осы күні табысы орташа әлеуметтік топтың үлес салмағы тұрғындардың 70% ін құрайды. Жалпы алғанда, нарықтық экономиканың осы күнгі моделі біршама әлеуметтік теңестіруді көздейді деп айтуға болады.

Бұл жерде, біріншіден, қоғамдық сананың нарық деген - оған қытасушылардың өзара келісімге келуі екенін ұғыну деңгейіне жеткенін көрсетеді. Соңғылар дербес, өз еркімен бір-бірімен қарсы тұрады, бірақ бір-біріне тәуелді: олардың мақсаттары қарсы ұшырасатын қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы ғана іске асады: Екіншіден, нарықтық әбден толған және бәсекелестіктің қатты дамыған жағдайында тауар мен қызмет өндірушілер тұтынушылардың табысы жоғары болуына мүдделі. /1. 93-103б. /

Бірақ осы жағдайды көрсеткенде мына бір мәселені баса айтқан жөн сияқты: нарық пен толық теңдік үйлесімге келмейді. Біріншіден, бұл нарыққа шығушылардың жеке бас ерекшеліктеріне байланысты болады. Ерекшеліктер адамдардың әлеуметтік, биологиялық және психологиялық табиғатына байланысты келеді.

Екіншіден, нарық механизмдерінің мәніне, нарықтық құн мен нарықтық бағаның қайшылықтарына, жұмыс күшін сату мен сатып алудың ерекшеліктеріне және басқаларға байланысты.

Сонымен, осы күнгі дамыған нарық қатынастары салыстырмалы түрдегі әлеуметтік теңдіктің қалыптасуына мүмкіндік береді. Бірақ оларды іске асыру белгілі бір принциптер тұтастығына негізделген мақсаттық шараларды қажет етеді. Осы шаралар әлеуметтік саясат, немесе мемлекет саясатының әлеуметтік аспектісі болып табылады.

Қоғамда еңбекке араласу мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды біріге қорғау міндетін атқара отырып қана экономикалық еркіндікке қол жеткізуге болады.

1. ҚР-ғы әлеуметтік саясаттың қалыптасуы

  1. Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың принциптері

Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған әлеуметтік саясаттың басты субъектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын жасайды және алдағы кезде арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған жетудің жолдарын анықтайды.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаттың мазмұны экономикалық заңдылықтардың іс - әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде әлеуметтік саясаттың өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің тоғағы жеткен қажеттіліктерін және басқада факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаттың мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені ол шаралардың ауқымды кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру стадияларын қамтиды, олар:

1) экономикалық заңдардың әрекеті, экономиканың жай күйі, қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуының перспективалары негізінде елдегі қаржының ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу;

2) экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып, әлеуметтік саясаттың стратегиялық және тактикалық шараларын тұжырымдау;

3) белгіленген іс-әрекеттерді қаржы механизмі (экономикалық қайта құрудың түбегейлігіне қарай оны жаңғырта және түзете отырып) арқылы іс жүзінде жүзеге асыру.

Осы негізгі үш буынның бірлігі әлеуметтік саясаттың мазмұнын анықтайды. Демек, экономикалық заңдардың іс- әрекетін есепке ала отырып, қоғамды дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұымдастыру мен пайдалану мемлекеттің әлеуметтік саясаттың мазмұны болып табылады.

Қазіргі кезде әлеуметтік саясаттың көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:

а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;

ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;

б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизімін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.

Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты мен қаржы жүйесінің қызметі нарық жағдайында қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға, әлеуметтік - экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларында қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайды.

Таяудағы мақсат ретінде -мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету және экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы жағдайын сауықтыру проблемасын шешу.

Қаржы саясатын жүзеге асырудың негізіне жалпы және жеке (өзгеше) қағидаттардың толып жатқан қатары қойылуы тиіс.

Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар:

1) қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;

2) қаржы қатнастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

3) қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;

4) қаржы резервтерін жасау (бюджет жүйесіндегі кірістердің шығыстардан және салалық қаржыларда қаржы резервтерінің асып түсуі) ;

5) мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасында қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу.

Әлеуметтік саясаттың тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарға мыналар жатады:

1) объективті экономикалық заңдардың іс- әрекетін есепке алу;

2) нақты тарихи жағдайларды есепке алу;

3) өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені есепке алу.

  1. Әлеуметтік құқықтық негіздері

Халықты әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдықтарының бірі болған және болып қала береді, ол халықтың әл-ауқатын әлеуметтік қамсыздандырудың көпдеңгейлі жүйесін, міндетті әлеуметтік сақтандыруды, кедейлікті төмендету тетіктерін, халықтың әлеуметтік жағынан алғанда осал топтарын әлеуметтік қолдауды енгізу жолымен көтеруге бағытталған.

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі зейнетақы жүйесін, мүгедектік пайда болған кездегі, асыраушысынан айырылған жағдай бойынша, жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыруды, әлеуметтік көмек көрсету жүйесі мен әлеуметтік қызмет көрсетулер жүйесін қамтиды. Оның қатысушылары арасындағы ынтымақтастықсыз қамсыздандырудың жалғыз түрі жинақтаушы зейнетақылық жүйе болып табылады.

ҚР Конституциясымен Қазақстан Республикасының азаматына жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшеріне, жасы келгенде, ауырған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылғанда және өзге де заңдық негізде әлеуметтік қамсыздандыруға кепілдік беріледі.

1998 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін реформалау жүзеге аса бастады. Азаматтарға зейнетақымен қамсыздандырудың тең құқығын беру принциптеріне негізделген «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы (әрі қарай - Заң) қабылданды.

Республикада 2006 жылдың соңына қарай Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан зейнетақы алатындардың саны 1638, 6 мыңнан астам болған. Мемлекеттік базалық зейнетақылық төлемді 1660, 2 мың адам алған.

Зейнетақының ең төменгі мөлшері 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап 6700 теңгені құраған. 2006 жылғы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері - 9912 теңге. Зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда 9700 теңгені құраған. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері базалық зейнетақыны есепке алғанда 12912 теңгені құраған.

Зейнетақы төлемдерінің мөлшері жыл сайын индекстеліп, көтеріліп отырады. Зейнетақы төлемдерін бұрынғы еңбек өтіліне қарай дифференциалды арттыру жүзеге асырылды, ол миллионнан астам адамды қамтыды. Күш құрылымдары ардагерлерінің зейнетақылары да өсті. Елдегі барлық зейнетақылық және әлеуметтік төлемдер өз уақытында, ай сайын төленіп тұрады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақының мөлшерін бұрынғы еңбек үлесіне сүйеніп анықтаған кезде әділдік орнату үшін зейнеттік заңнамада көзделген зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табысты шектеу 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап өзгереді, ол 15 мәрте айлық есептік көрсеткіштен 25 мәртеге дейін арттырылады деп атап өтті. Бұл ретте ортақ сипаттағы зейнетақының орташа мөлшері 13 604 теңгеге немесе 25%-ға дерлік артады. Ортақ сипаттағы зейнетақының ең жоғары мөлшері 2008 жылы 21 713 теңгеге дейін, немесе 76%-ға өседі.

Сол сияқты Заңмен барлық жұмыс істеуші азаматтардың жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақылық жарналар аудару есебінен зейнетақы жинақтарын құру құқығы бекітілген.

Сонымен қатар, агенттердің (жұмыс берушілердің) қызметкерлердің кірісінен ұсталатын міндетті зейнетақылық жарналарды өз уақытында аудармау оқиғалары бар.

Заңның 22-бабына сәйкес агенттің міндетті зейнетақылық жарналарды, сондай-ақ өсімдерді өз уақытында ұстауына (жазуына) және аударуына бақылау салық органдарына жүктелген, соған байланысты осы мәселе бойынша азаматтардың шағымдары мәлімдеушілерге заңнама нормаларын түсіндіре отырып, тиісті органдарға жіберіледі.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында ана мен баланы әлеуметтік қорғауға ерекше мән бере отырып, Үкіметке 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін 34740 теңгеге дейін немесе 2 есе арттыруға тапсырма берді. Баланы бір жасқа толғанға дейін күтуге төленетін ай сайынғы жәрдемақылар едәуір өсетін болады. Жұмыс істейтін әйелдердің декреттік демалыста және бір жасқа толғанға дейін нәресте күтімі жөніндегі демалыста жүрген кезінде зейнетақылық жинақтаулары жүргізіле беретін болады.

1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» ҚР Заңында белгіленген жұмыс өтілі бар азаматтар мемлекеттік арнайы жәрдемақы алуға құқылы.

Мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатындарға зейнет демалысы жасына жеткен кезде аталған жәрдемақыны алу немесе зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақылық төлемдер тағайындау арасында таңдау жасау құқығы беріледі.

Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмасымен 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап №2 Тізім бойынша 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зиянды және ауыр еңбек жағдайында өз өтілдерін өтеген адамдарға 8 айлық есепті көрсеткіш мөлшерінде арнайы жәрдемақылар төленетін болады.

«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар мүгедектік бойынша, асыраушысынан айырылу бойынша және жасы бойынша базалық мемлекеттік арнайы жәрдемақылар алуға құқылы.

Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және мүгедектікке, асыраушысынан айырылуына және жасына байланысты оны алуға зәру азаматтарға мерзімді төленіп тұратын ақша қаражаты болып табылады.

Жоғарыда аталған Заңға сәйкес мүгедектерге мүгедектік тобына және сырқатының себептеріне қарай мүгедектігі бойынша базалық мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындалады, ол жұмыс өтіліне және орташа айлық табысына тәуелсіз болады.

Сонымен қатар, заңнамада белгіленген зейнет демалысы жасына толған кезде мүгедекке мемлекеттік базалық зейнетақылық төлем тағайындалады.

Мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатындардың орташа жылдық саны 645, 5 мың адамды құраған. Мемлекеттік арнайы жәрдемақының орташа мөлшері 7745 теңгені құраған, оның ішінде мүгедектік бойынша - 8057 теңге, асыраушысынан айырылу бойынша - 7369 теңге, жасы бойынша - 3990 теңге.

«Қазақстандағы адамның құқықтары: қоғамдық пікір» жобасы бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер нәтижелері бойынша сұрақ берілген респонденттердің 63, 2% азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру құқықтарын қорғау саласындағы ахуалға оң баға бергені, 27, 7% теріс баға бергені, 9, 1% жауап беруден қиналғаны анықталды. Алынған нәтижелер азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ахуалдың, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік -экономикалық құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттің қолданған шаралары тиімділігінің жақсарғанын көрсетеді.

2005 жылғы 1 қаңтардан бастап «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес республикада міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілген.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізудің негізгі мақсаты - әлеуметтік қатер тууы: жұмыс қабілетін жоғалту, асыраушысынан айрылу және жұмыстан айрылу нәтижесінде жоғалтқан кіріс бөлігін өтеу болып табылады.

2. Әлеуметтік саясатты талдау

  1. Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары

Қоғамдағы дамудың бастапқы кезеңдерінде шаруашылық прогресі көбінесе теңсіздік пен әділетсізідікке негізделетіні белгілі. Осы күні қалыптасып отырған нарықтық қатынастар да әлеуметтік әділеттікті қамтамасыз ете бермейді.

XVIII-XIX ғасырларда өткен өндіріс революциясы нарықтық қатынастарды өте күшті дамытты. Нарықтық қатынастардың дамуы бас бостандығы мен еркіндікке, әлеуметтік әділеттікке жол ашып берді. Еркіндік идеологиясын насихаттатйтын қоғамдық - саяси ағымдар қалыптасты. Осының барлығы индустриялды елдерде әлеуметтік теңсіздікті азайту заңдылығын қалыптастырды. Батыста және Шығыстың дамыған елдерінде орташа әлеуметтік топ қалыптасып, оның үлес салмағы артты. Мысалы, АҚШ-та осы күні табысы орташа әлеуметтік топтың үлес салмағы тұрғындардың 70% ін құрайды. Жалпы алғанда, нарықтық экономиканың осы күнгі моделі біршама әлеуметтік теңестіруді көздейді деп айтуға болады.

Бұл жерде, біріншіден, қоғамдық сананың нарық деген - оған қытасушылардың өзара келісімге келуі екенін ұғыну деңгейіне жеткенін көрсетеді. Соңғылар дербес, өз еркімен бір-бірімен қарсы тұрады, бірақ бір-біріне тәуелді: олардың мақсаттары қарсы ұшырасатын қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы ғана іске асады: Екіншіден, нарықтық әбден толған және бәсекелестіктің қатты дамыған жағдайында тауар мен қызмет өндірушілер тұтынушылардың табысы жоғары болуына мүдделі. /1. 93-103б. /

Бірақ осы жағдайды көрсеткенде мына бір мәселені баса айтқан жөн сияқты: нарық пен толық теңдік үйлесімге келмейді. Біріншіден, бұл нарыққа шығушылардың жеке бас ерекшеліктеріне байланысты болады. Ерекшеліктер адамдардың әлеуметтік, биологиялық және психологиялық табиғатына байланысты келеді.

Екіншіден, нарық механизмдерінің мәніне, нарықтық құн мен нарықтық бағаның қайшылықтарына, жұмыс күшін сату мен сатып алудың ерекшеліктеріне және басқаларға байланысты.

Сонымен, осы күнгі дамыған нарық қатынастары салыстырмалы түрдегі әлеуметтік теңдіктің қалыптасуына мүмкіндік береді. Бірақ оларды іске асыру белгілі бір принциптер тұтастығына негізделген мақсаттық шараларды қажет етеді. Осы шаралар әлеуметтік саясат, немесе мемлекет саясатының әлеуметтік аспектісі болып табылады.

Қоғамда еңбекке араласу мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды біріге қорғау міндетін атқара отырып қана экономикалық еркіндікке қол жеткізуге болады.

Нарықтық экономика әр адамға, оның қабілеттілігіне қарай, өзінің экономикалық өмірін құру үшін толық еркіндік береді. Бұл еркіндік қоғамның басқа мүшелерінің еркіндігі мен құқығына және мүддесіне қайшы келемеуі, кедергі болмауы қажет.

Екінші принцип, мемлекеттің әр түрлі қоғамдық топтар мүдделері арақатынасын анықтауына бацланысты. Экономикалық саясаттың, оның ішінде әлеуметтік саясаттың алдында қоғамдағы әртүрлі мүдделер арасындағы ең оңтайлы үйлесімділікті табу міндеті тұрады. Мемлекеттік биліктің институтционалдық құрылымы барлық тұрғындардың ықылас - мүдделерін ескеру қажет. Бірақ, әрбір жеке тұрғынды есепке алу мүмкін емес, сондықтан оларды әлеуметтік топ деңгейіне дейін жеткізіп жинақтайды. Сонымен, әлеуметтік-экономикалық саясат, біріншіден, топтар мүдделерінің өзіне-өзі іске асуы үшін құқықтық және ұйымдық жағдай жасады, ал екіншіден, оларды жалпы даму бағытымен сәйкестендіру қажет. /2. 54-65/

Әлеуметтік бағдарламаларды жасағанда және оларды іске асыру кезінде тұрақты қоғамдық бақылау, институтционалдық күштердің тепе-теңдігі, қоғамда демократиялық мәдениетінің жоғары деңгейі қажет болады.

Әлеуметтік теңдіктің деңгейі ең алдымен табыстар жүйесіне байланысты келеді. Соңғысы адамның белігілі бір өмір сүру деңгейіне қажетті материалдық игіліктерге жұмсалатын барлық қаржы - қаражат сомасы, табыстар, заңды түрде - экономикалық қызметтің нәтижесі. Табыстар қалыптасу көзіне қарай жіктеледі. Оларды негізгі және қосымша табыс түрлері деп бөледі. Дамыған нарықтық экономика жағдайында адам, қалыпты түрде, белгілі бір негізгі табыс түріне ие болады. Жалдамалы еңбек ететіндер үшін бұл еңбекақы, ал кәсіпкерлер үшін - таза пайда.

Қосымша табыстарға негізгі табыстан тыс түсетін ақшалай немесе материалдық кіріс түрлері жатады. /2. 85-102б. /

Нарықтық экономика дамыған сайын қосымша табыс табу мүмкіншіліктері кеңейе түседі. Осы табыс түріне құнды қағаздардан, салық төлемдерінің төмендеуінен, мұрагерліктен т. б. түсетін табыстар жатады. Қосыша табыс табуға адамдар екі себептен ұмтылады.

Біріншіден, табыс көзін көп тарапты ету негізгі табыстық төмендеуінен сақтандырады. Екіншіден, қажеттіліктің табыс негізі табыс түрінің өсуінен тұрақты түрде озып отыруына байланысты. Осы екінші жағдай өтпелі экономика үшін маңызды. Мысалы, мамандардың бағалауынша Қазақстанда жұмыскерлердің 50%, зейнеткерлердің 30% осы күндері қосымша табыс табу мақсатында қосымша еңбектенуге мәжбүр екен.

Қарастырылып отырған тұрғыдан алғанда әлеуметтік қамсыздандыру көрсеткіштерінің маңызы өте зор. Оны сипаттайтын экономикалық өлшемдердің арасында тұрмыс деңгейінің көрсеткіштері негізгі орындарды иемеденеді. Бұл жерде материалдық игіліктерді тұтыну деңгейі туралы сөз болып отыр. Соңғы жылдары әлем практикасында кең тараған көрсеткіштер отандық статистикада пайдалана бастағанын айтуға болады. Жеке алғанда, бұл «тұтынушылық қорысын» деген ұғымға қатысты. Осы ұғым адам өміріне қажетті ең негізгі материалдық игіліктер мен қызметтер құрамасын білдіреді.

Экономикалық нарықтық үлгісіне көшу кезінде әлеуметтік жіктелуі артады. Сондықтан тұрмыс деңгейін өлшемді түрде сипаттайтын «тұтынушылық қоржынды» толтырудың бірнеше нұсқалық түрлері қалыптасқан. /2. 145-148б. /

Тұтынудың «рационалды» және «минималды» деңгейлерін есептеу қабылданған. Осы күнгі отандық статистика мекемелері «тұтынушылық қорын» құрамы мен оның минималды және рационалды деңгейлерін тұрақты түрде есептеп көрсетеді. Соңғы кездері біздің экономикалық әдебиеттерге «өмір сүру сапасы» деген ұғымда енгізілді. Осы көрсеткіш тұрмыс деңгейін жүйелі түрде өлшеп сипаттайды. Бұл көрсеткіш материалдық игіліктерді тұтынумен бірге әлеуметтік игіліктерді (денсаулық сақтау, білім алу, демалыс мәдениет т. б. ) пайдалануды да есепке алып, қоғамының тұрмыс деңгейін жан - жақты сипаттайды. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты - оның қоғам өмірінің әлеуметтік -экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты. Әлеуметтік саясаттық мәні қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қоғамдағы әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау. Мемлекеттің қоғамдық өнідірісті реттеу мақсатында жүргізетін шаралардың құрамды бөлігі ретінде мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі экономикалық ахуалмен тығыз байланысты болады.

Еңбек ақы төлеуде теңгермешілікті жоюдың маңызы зор. Еліміздің тұтыну рыногының бірыңғайлылығын қаматамасыз ету керек, яғни қорлардың бұл бөлігін тұтынушылар барлық еңбекшілер емес, тек осыны тұтынуға тиістілер.

Мысалы, дәрігерлік көмекті жұрттың барлығы емес, тек ауыратын адамдар ғана сұрайды, мектеп мекемелерінің қызметін тек мектеп жасындағы балалары барларға ғана керек. Басқаша айтқанда, қоғамдық тұтыну қорлары еңбекке байланысты емес, табыстар айырмашылығын жұмсартуға тиіс. Сонымен қатар олар еңбек қабілетін қалыптастыру, жоғарғы білім алу мен мәдениетті қолдау, денсаулықты сақтау, зейнеткерлерді қамсыздандыру сияқты маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру сияқты маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырулары тиіс. Бірақ бөлудің бұл түрі бүкіл қоғам және оның жеке мүшелерінің мүддесін қамтығандықтан, денсаулық, білім тұрғын үй және т. б. саладағы әлеуметтік саясат мемлекеттің назарында болуға тиіс. /2. 159-169б. /

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мароэкономика
ҚР-ғы инвестициялық саясаттың мәні мен қажеттілігі
ҚР-ғы кәсіпорындардың инвестициялық саясатын талдау және бағалау
Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру негізі
СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқаулар
Инвестиция және оны қаржыландыру
Қазақстанда корпоративтік басқаруды дамыту
Макроэкономикалық көрсеткіштерге статистика мәліметтері. Инфляция,салдары,қарсы саясат. Инвестиция түсінігі,маңызы.ҚР-ғы инвестициялық қызмет сипаты
Экономикалық мемлекеттік реттеу
Инвестициялық жобаның жалпы принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz