Мемлекеттік органдардың тиімділігі



Кіріспе
1 Мемлекеттік басқару тиімділігін анықтаудың теория . әдістемелік негіздері
1.1 Мемлекеттік басқару тиімділігінің мәні мен мазмұны
1.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдары қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігінің көрсеткіштері мен критерийлері
1.3 Мемлекеттік органдар қызметі тиімділігін бағалау технологиясының шетелдік тәжірибесі
2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау (Алматы қаласы мысалында)
2.1 Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі
2.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы қаржы менеджментінің деңгейін бағалау
2.3 Алматы қаласы бойынша аудандар қызметінің тиімділігін бағалаудың 2014 жылғы нәтижесі
3 Мемлекеттік орган қызметін бағалаудың тиімділігін арттыру мәселелері және оны дамыту жолдары
3.1 Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін жетілдіру жолдары
3.2 Мемлекеттік билік органдары қызметінің модернизациясы: мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағыттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мемлекеттік органдардың тиімділігі – екі құрылымның бірлесіп жұмыс істеуінің нәтижесінде ғана іске асырылады. Яғни басқарушы өкілеттік органдар мен мемлекеттік ережеге сай басқарылатын тұлғалар мен жергілікті мемлекеттік құрылымдардың ауызбіршіліктен туындаған қызметінің нәтижесі.
Тиімділік – күрделі әрі көпдәрежелі ұғым. Бүгінгі күні бұл ұғым мемлекеттік саясатта үлкен маңызға ие. Тиімділік – бұл мемлекеттік қызметте нақты қойылған міндеттерді орындап, нәтижеге қол жеткізу үшін жасалған барлық ерен еңбек пен талпыныстардың жемісінің көрінісі.
Диплом жұмысының зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда мемлекеттік органның қызметінің тиімділігін бағалауға көптеген күш жұмсалуда. Мемлекеттік органның қызметінің тиімділігін бағалауды жетілдіруге қатысты реформалар бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі. Еліміздегі мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігінің жетілуі – сапалы қызмет көрсетудің дамуының алғышарты.
1. Атаманчук Г.В. Государственное управление: организационно- функциональные вопросы. – М., 2000г.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі»: http://akorda.kz/
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы.- 2009, желтоқсан-1// www. akorda. kz.
4. Эффективное государственное управление: материалы ІІІ Акад. симпозиума Астана: Акад. гос. Упр. При Президенте РК, 2011. – 101 б.
5. Повышение эффективности деятельности органов государственной власти: М.: Издательство «Алекс», 2005. – 180 с
6. Кубаев К.Е. Эффективное государственное управление. - Алматы:Қазақ университеті, 2006.– 218 с.
7. Ихданов Ж., Сансызбаeва Ғ.Н., Eсeнжігітова Р.Ғ. Мeмлeкeттік басқару тeориясы: Оқу құралы./-Алматы: Экономика, 2007.-216 б.
8. Кочетков А. Эффективность системы государственной власти// Власть. – 1997.- № 5. – 24 с.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Мемлекеттік органдардың тиімділігі - екі құрылымның бірлесіп жұмыс істеуінің нәтижесінде ғана іске асырылады. Яғни басқарушы өкілеттік органдар мен мемлекеттік ережеге сай басқарылатын тұлғалар мен жергілікті мемлекеттік құрылымдардың ауызбіршіліктен туындаған қызметінің нәтижесі.
Тиімділік - күрделі әрі көпдәрежелі ұғым. Бүгінгі күні бұл ұғым мемлекеттік саясатта үлкен маңызға ие. Тиімділік - бұл мемлекеттік қызметте нақты қойылған міндеттерді орындап, нәтижеге қол жеткізу үшін жасалған барлық ерен еңбек пен талпыныстардың жемісінің көрінісі.
Диплом жұмысының зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда мемлекеттік органның қызметінің тиімділігін бағалауға көптеген күш жұмсалуда. Мемлекеттік органның қызметінің тиімділігін бағалауды жетілдіруге қатысты реформалар бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі. Еліміздегі мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігінің жетілуі - сапалы қызмет көрсетудің дамуының алғышарты.
Мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігінің дамуы - халықтың мемлекеттік қызмет көрсетуге жоғары баға беріп қанағаттануына себеп болады.
Сол себепті Елбасымыз 2010 жылы мемлекеттік органдардың қызметі тиімділігін бағалауға арнайы заңдық актілердің қабылдануына бұйрық берді. 2011 жылы қабылданған заң бойынша 40 мемлекеттік органның (24 орталық және 16 жергілікті атқарушы органдар) жұмысының есептері мен нәтижелері тексеріліп бағаланды. Жұмыстың нәтижесіндегі орын алған кемшілік тұстар анықталып, ескерту берілді. Ескертуден соң қателіктерді қайта жөндеуге бұйрық берілді.
Бүгінде, жылдам өзгеріп келе жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдай мемлекеттік органдар алдына ХХ немесе ХІХ ғасырмен ауқымы, күрделілігі, кешенділігі жағынан салыстыруға келмейтін жаңа мақсаттар мен міндеттер қояды. Сондықтан, уақыт талабына сай болу үшін мемлекеттік басқару субъектілері басқарудың әдеттегі, дәстүрлі әдістерін қайта құруларды қарас - тырумен қатар, қызмет тиімділігін, нәтижелігін ұдайы көтеруі тиіс.
Атқарушы билік органдарының қызмет тиімділігін, еңбек нәтижелігі мен олардың жүзеге асыратын мемлекеттік функцияларының сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету саласы соңғы 10 жыл ішінде елімізде қолға алынған реформалардың басты себебіне айналды. Мемлекеттік қызметтің лайықты деңгейде қызмет етуінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі аса маңызды орын алары сөзсіз. Еңбек нәтижелігі мен қызмет тиімділігі арттырылмаған жағдайда ел өміріндегі кез-келген саланың, соның ішінде экономикалық жаңарулар, стратегиялық бағдарламалардың жүзеге асырылмайтыны белгілі [1; 95 б].
Қазіргі таңда, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілердің қызмет тиімділігін арттыру бойынша талдаулар мен зерттеулер саны көптеп кездеседі. Тиімділік теориясының дамуына экономика, басқару және мемлекеттік басқару теориялары зор үлес қосады. Алайда, бағалау көп жағдайда көрсеткіштер және аттестациялау түрінде жүргізіліп келеді. Бағалаудың мұндай түрлері мемлекеттік қызметшілер тарапынан ресмилік деп, олардың еңбегіне сай жалақы алуына еш әсерін тигізбейді деп қабылданады. Осылайша, мемлекеттік органдар жұмыс нәтижелігін тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтің кадрлық әлеуетін қалыптастыру, қолдану мен дамытудың маңызы арта түсті.
Диплом жұмысының зерттеудің мaқсaты және міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік органның қызметінің тиімділігін бағалау барысын зерделеу, бағалау жүйесін заман талабына сәйкес дамытып, жетілдіру жолдарын зерттеу болып табылады. Осы мaқсaтқa жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:
1) Мемлекеттік басқару органдарының тиімділігін анықтаудың теория-әдістемелік негіздерін зерттеу;
2) ҚР-ғы және шет елдердегі мемлекеттік билік органдары қызметінің тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін қарастыру;
3) ҚР-ғы мемлекеттік органдар қызметі тиімділігін бағалау әдістемесін сараптау;
4) Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін жетілдіру жолдарын ұсыну.
Зерттеу нысаны. Зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметінің тиімділігін бағалау жүйесі қарастырылады.
Зерттеу пәні. Қазақстан Республикасы және оның ішінде Алматы қаласындағы мемлекеттік органдар қызметі қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін танымал экономист ғалымдардың еңбектерінде баяндалған мемлекеттік басқару тиімділігі, оны бағалау және тиімділікті арттыру мәселелерінің теориялық және тәжірибелік аспектілері жөніндегі зерттеулерге және монографиялық жұмыстар құрайды. Және де аталған мәселелерге арнап өткізілген халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстелдер мен ғылыми семинарлар, шетел тәжірибесінің құқықтық, әдістемелік материалдары қолданылған.
Зерттеу барысында мемлекеттік басқарудың экономикалық, саяси, құқықтық, әлеуметтік аспектілерін, мемлекеттік басқару органдары қызметін бағалау институтының қалыптасу, қызмет ету және дамуын қамтитын арнайы ғылыми ізденіс жұмыстарының мәліметтері пайдаланылды.
Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметінің тиімділігін бағалау орталығының стaтистикaлық мәліметтері, Қaзaқстaн Республикaсының Зaңнaмaлық aктілері, Алматы қаласы бойынша аудандар әкімдіктерінің базалық мәліметтері және де осы проблемaлaр бойыншa бaсылымдaр мен моногрaфиялaр болып тaбылaды.
Зерттеу дәрежесі. Мемлекеттік басқару тарихына көз жүгіртер болсақ, ХІХ ғасырдың соңында көптеген индустриалды дамыған мемлекеттер тиімділік пен өнімділікті анықтауға тырысқан болатын. АҚШ алғашқылардың бірі болып, тиімділікті арттыру мәселелерін қарастырып, оны шешуді қолға ала бастады. Итермелеуші факторлардың негізгісі қоғам мемлекеттік қызметтің, әсіресе, жергілікті деңгейде тиімділік төмендігіне алаң - дағаны болды. Көптеген қалаларда жергілікті деңгейде өнімділікті, еңбек нәтижелігін арттыруға бағытталған қозғалыстар жүріп жатты. Кейіннен бұл процесс жоғары мемлекеттік органдар дәрежесіне дейін көтерілді. Алайда, мемлекеттік басқарудың тиімділігінің негізгі факторы билік пен басқару жүйесін ұйымдастыру және оның біртұтас организм ретінде қарастыру мемлекеттік басқару ғылымында тиісті деңгейде зерттелмеген. Бұл фактор кез-келген дамыған мемлекетте анықтаушы рөл атқарады. Сондықтан бұл саладағы зерттеулер ел дамуы үшін ерекше орын алады. Қазақстанда мемлекеттік органдар жұмыс нәтижелігін тиімділігін анықтау, оны арттыру, мемлекеттік қызметтің кадрлық әлеуетін соған сәйкес қалыптастыру мәселелерімен айналысқан келесі ғалымдарды атаған жөн:. Әубәкіров Я.Ә.,Беліспаев А., Гамарник Г.Н., Қапаров С.Ғ., Шеденов Ө.К., Қ.С.Мұхтарова, Қ.Е.Кубаев Ихданов Ж., Сансызбаева Г.Н., Смағұлова Г.С., А.Қ.Танкиева, К.Е.Аглешов т.б.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды, пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тізімінен тұрaды. 4 кесте, 15 суретті қaмтиды. Кіріспеде диплом жұмысының өзектілігі қарастырылған. Бірінші бөлімде автор мемлекеттік билік органдары қызметінің тиімділігіне қатысты жалпылама ақпарат бере отырып, мемлекеттік органның қызметінің тиімділігін бағалаудың шетелдік тәжірибесі қарастырылып өткен.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде бүгінгі күні мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесінде орын алған өзекті мәселелер мен Алматы қаласы бойынша аудандар қызметінің тиімділігін бағалауға қатысты статистикалық көрсеткіштер келтірілген. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы қаржы менеджментінің деңгейін бағалау қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін жетілдіруге қатысты ұсыныстар көрсетілген. Қорытындыда диплом жұмыс бөлімдеріндегі негізгі мәліметтерге қысқаша сипаттама беріп, жетілдіру мен дамытуға байланысты негізгі ұсыныстар аталған.

1 Мемлекеттік басқару тиімділігін анықтаудың теория - әдістемелік негіздері

1.1 Мемлекеттік басқару тиімділігінің мәні мен мазмұны

Мемлекеттік басқару дегеніміз - адамдардың әлеуметтік қызметі және соның негізінде қалыптасатын қоғамдық қарым-қатынастар деп түсіндіріледі. Ол әлеуметтік ортада жүзеге асырылып, әлеуметтік ортаның ықпалын, әсіресе, қоғамның әлеуметтік құрылымы тарапынан өзіне тигізетін ерекше мәнді ықпалын басынан өткізеді. Бұл орайда, мемлекеттік басқаруды ғылыми тұрғыдан танып-білуде әлеуметтану әдістерінің рөлі барынша түсінікті. Мемлекеттік басқару қоғамның қандай да бір жекелеген саласына ғана қатысты бола алмайды.
Көптеген мемлекеттер өз дамуының белгілі деңгейінде қоғам өміріндегі мемлекеттік және жеке институттардың рөлі туралы ойлана бас - тайды. Өйткені, мемлекеттік ұйымдар мен жеке құрылымдардың басқару және ұйымдастыру қызметінің арасында елеулі айырмашылықтар бар екеніне талас жоқ. Мемлекеттік органдар мен оның құрамдас элементтерінің қызметіне ұйымдастыру тұрғысынан талдау жасаудың маңызды мәселелері қарастырылады.
Мемлекеттік органдар дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференция, кәсібиліктің өсуі. Мемлекеттің әрбір саласына мемлекеттік органдардың ерекше түрлері сәйкес келеді. Осы орайда, мемлекеттік қызметтің маңызы айқындалады: мемлекеттің конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі.
Қазақстанның бүгінгі әкімшілік реформаларының барысы биліктің, мемлекеттік саясаттың, қоғамдық ой-пікірлердің бірден-бір зейін қояр нысаны болып отырғанын көрсетеді. Тәуелсіздік жариялаған алғашқы кезеңнен бастап, бүгінгі таңға дейін атқарылып келе жатқан оң істер түбегейлі саяси, экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық өзгерістер мен реформалар кезеңі деп айтсақ артық етпейді. Мемлекеттік органдар жүйесінің қалыптасуы мен дамуы, мемлекеттік басқару ісіндегі жалпы ілгерілеушіліктер, сондай-ақ, Қазақстанның тәуелсіздігінің негізгі тетігі болып табылады.
Қазақстан Республикасында бірнеше жыл қатарымен мемлекеттік басқару құрылымын оңтайландыру мен жетілдіру процестері үздіксіз жүргізіліп келеді. Аталған процестердің негізгі мақсаты - Қазақстан дамуының ағымдағы және жоспардағы мәселелерін нәтижелі де тиімді шешетін кәсіби үкімет құру болып табылады. Жоғары нәтижелі қызмет атқаратын қазіргі заманға сай мемлекеттік басқару жүйесі мен мемлекеттік қызмет жұмысын қалыптастыру - бүгінде алдыңғы қатарға шығып отырған негізгі мәселелердің бірі деп саналады. Сонымен қатар, Қазақстандағы экономикалық, әлеуметтік және басқа да реформалардың орындалу барысы, қоғамның демократиялық жолмен дамуы, құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы, жалпы елдің тұрақтылығы мен дамуы мемлекетті басқару тетіктерінің жағдайы мен қызметшілердің кәсібилігіне, олардың еңбек нәтижелігі мен бастамашылдығына, ел таңдаған саяси бағыт бойынша қызмет атқаруына байланысты болады.
Стратегиялық мақсаттарға табысты қол жеткізу мен бәсекеге қабілетті дүниежүзінің 50 елдерінің қатарына ену бойынша, басымдықтарды жүзеге асыру үшін, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен 2006 жылдың қыркүйек айында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған әкімшілік реформалары бастама алды. Елбасы Қазақстан Республикасы Парламенті сессиясының ашылуында Корпоративті басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарын шетелдің озық үлгілерін, тәжірибелерін қолдана отырып, мемлекеттік басқаруды жаңғыртуымыз керек деп атап көрсеткен болатын [2].
Бүгінде, жылдам өзгеріп келе жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдай мемлекеттік органдар алдына ХХ немесе ХІХ ғасырмен ауқымы, күрделілігі, кешенділігі жағынан салыстыруға келмейтін жаңа мақсаттар мен міндеттер қояды. Сондықтан, уақыт талабына сай болу үшін мемлекеттік басқару субъектілері басқарудың әдеттегі, дәстүрлі әдістерін қайта құруларды қарас - тырумен қатар, қызмет тиімділігін, нәтижелігін ұдайы көтеруі тиіс.
Атқарушы билік органдарының қызмет тиімділігін, еңбек нәтижелігі мен олардың жүзеге асыратын мемлекеттік функцияларының сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету саласы соңғы 10 жыл ішінде елімізде қолға алынған реформалардың басты себебіне айналды. Мемлекеттік қызметтің лайықты деңгейде қызмет етуінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі аса маңызды орын алары сөзсіз. Еңбек нәтижелігі мен қызмет тиімділігі арттырылмаған жағдайда ел өміріндегі кез - келген саланың, соның ішінде экономикалық жаңарулар, стратегиялық бағдарламалардың жүзеге асырылмайтыны белгілі.
Қазіргі таңда, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілердің қызмет тиімділігін арттыру бойынша талдаулар мен зерттеулер саны көптеп кездеседі. Тиімділік теориясының дамуына экономика, басқару және мемлекеттік басқару теориялары зор үлес қосады. Алайда, бағалау көп жағдайда көрсеткіштер және аттестациялау түрінде жүргізіліп келеді. Бағалаудың мұндай түрлері мемлекеттік қызметшілер тарапынан ресмилік деп, олардың еңбегіне сай жалақы алуына еш әсерін тигізбейді деп қабылданады. Осылайша, мемлекеттік органдар жұмыс нәтижелігін тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтің кадрлық әлеуетін қалыптастыру, қолдану мен дамытудың маңызы арта түсті.
Дүниежүзілік тәжірибе мемлекетті басқарудың мінсіз құрылымы ешбір елде қалыптаспағанын көрсетеді. Дегенмен, мемлекеттік билік органдарының қызметін жетілдіру әрбір елдің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.
Қазақстанда мемлекеттік органдардың тиімділігі мен еңбек нәтижелігін арттыру бағытында нақты жұмыстар атқарылып келеді. Мемлекеттік органдар қызметін нақты бағалайтын жүйе қажеттігі туындап, оның нәтижесінде Қазақ - стан Республикасы Президентінің бастамасымен 2010 жылғы 19 наурыздағы №954 Жарлығымен Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі бекітілді. Бұл шараны жүзеге асырудың негізгі себебі төмендегідей(cурет - 1).

Сурет 1. Қазақстанда жүйені әзірлеуге бірқатар алғы - шарттардың әсер етуі
Ескерту: [8] әдебиет негізінде автормен құрастырылған

Осыған орай, бағалау жүйесіне сәйкес, мемлекеттік қызметті реформалаудың негізгі мақсаты болып азаматтық қоғам дамуы мүддесін көздей отырып, мемлекеттілікті нығайту таңдалды [3].
Мемлекеттік органдардың қызмет тиімділігін бағалайтын аталған жүйе орталық мемлекеттік органдар (министрліктер, комитеттер, агенттіктер және т.б.) мен жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жетілдіру мен жұмысының нәтижелігін арттыру мақсатында әзірленген құжат болып табылады. Жүйені әзірлеу барысында туындаған мақсаттар:
- мемлекеттік органдар қызметі тиімділігін бағалау кезінде отандық және шетелдік үздік тәжірибелерді қолдана отырып, неғұрлым дәл нысандарды, бағалау тәсілдері мен әдістерін таңдау;
- тиімділікті бағалауға қажетті институционалды және нормативті базаны құру арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жұмысының, қызметінің, еңбегінің тиімділігін бағалаудың жалпы кешенді жүйесін қалыптастыру.
Қызметті бағалау жүйесінің басты мақсаты - кез - келген деңгейдегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау мен міндеттер мен қызметтердің жүзеге асыруындағы тиімділік көрсеткіштерін анықтау. Елбасының барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың қызметтері тиімділігіне әр жыл сайын бағалау жүргізу жүйесін бекіту арқылы Қазақстан мемлекеттік басқару саласында сапалы жаңа кезеңге аяқ басты. Қазіргі кезеңдегі мемлекеттік органдарды жетілдірудің стратегиялық міндеттеріне келетін болсақ:
- бүгінгі таңда нарықтық бастама мемлекеттің белсенді де жедел араласуын қажет етеді;
- экономикалық және әлеуметтік салалардағы белсенді саясат мемлекеттің рөлін көтеруді білдіреді. Нәтижесінде - бұл қоғамның қажеттілігіне сәйкес, тиімді заңдар мен нормативті-құқықтық актілерді дайындау және орындау;
- мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру - Қазақстанның болашағын анықтайтын негізгі фактор. Яғни, бұл - маңызды стратегиялық міндет. Сондықтан, бүгін мемлекеттік қызметшілердің және мемлекеттік органның жалпы жұмысының тиімділігін арттыру керек және тиісінше, мем - лекеттік ресурстарды ұтымды қолданған жөн;
- мемлекеттік аппараттың жалпы және оның жекелеген буындарының жұмысының тиімділігін арттыру алдыңғы қатарлы ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды ендіруге жағдай жасауы керек.
Мемлекеттік органдар жұмыс нәтижелігін арттырудың халықаралық тәжірибеге жаңадан еніп келе жатқан әдістерінің бірі - АҚШ ғалымдарымен жасалған теңдестірілген көрсеткіш жүйесі. Теңдестірілген көрсеткіштер жүйесін мемлекеттік органдар қызметіне ендіру бір қарағанда жеңіл әрі қарапайым болып көрінгенімен, шын мәнінде үлкен күрделі әрекеттерді талап ететін іс. Әрине, теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі мемлекеттік органдардың жұмыс нәтижесін көтеруде, жалпы мемлекеттік маңызы жоғары.
Теңдестірілген көрсеткіштер жүйесін мемлекеттік органдарда қолдану стратегиялық менеджмент мен ұйым құндылықтарын басқару жаңалықтарына сай келу емес, жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін ойластырылып жасалған таңдау. Теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі, бірінші кезекте стратегиялық жоспарлар мен алға қойылған міндеттерді жүзеге асырудың тиімді құралы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы (2006 жылдың 30 наурызы № 80) Жарлығына сәйкес, нәтижелікке бағытталған стратегиялық жоспарлаудың жаңа жүйесін әзірлеу туралы шешім қабылданды. Жарлыққа сай, әр мемлекеттік орган 2009 жылға дейін өз дамуының 5 жылға арналған стратегиялық жоспарын әзірлеуі тиіс болатын. Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізудің алғашқы жобасы Қазақстан Республикасының Салық комитетінде жүргізілді. Шараның басты құралы ретінде Қаржы Министрлігі теңдестірілген көрсеткіштер жүйесін қолдануды шешті. Салық комитетінің қызметкерлеріне теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі туралы оқытулар жүргізілді. Осылайша, Салық комитеті басқа мемлекеттік органдар ішінде алғашқылардың бірі болып, комитетінің жұмысына стратегиялық жоспарлау жүйесін, ТКЖ картасын, қызметтің негізгі көрсеткіштері мен процесті басқару жүйесін әзірлеуге кірісті [4; 101-102 б].
Теңдестірілген көрсеткіштер жүйесін мемле - кет - тік органдар қызметіне ендіру мүмкіндіктерін қарастырып көрейік. Қазіргі таңда, Қазақстанда орталықсыздандыру қарқынды жүріп келеді. Орталық мемлекеттік органдардың функциялары жергілікті органдарға берілуде. Жергілікті атқарушы органдар үшін инвесторлар тартуда жаңа мүмкіндіктер пайда болып, олар халықаралық экономикалық, сауда-қаржылық, гуманитарлық байланыстарда дәнекерге айналуда.
Осылайша, көп жағдайда, жергілікті органдар өздері шешім шығарып, оларды іске асыруда қаржы көздерін өздігінше іздестіреді. Әлеуетін экономикалық даму арқылы арттыра алатын қабілеті бар. Теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі арқылы мемлекеттік орган басшылығы қызметтің көрсеткіштері жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік алады. Олардың жетістігін бақылай алады. Сондай-ақ, мемлекеттік орган өз иелігінде табысын басқаруға тиімді құралды меңгереді.
Қорыта келе, мемлекеттік орган немесе кез - келген ұйымда болсын жұмыс нәтижелігін арттырудың қолданыстағы әдіс-тәсілдерімен қоса, доктор Ицхак Калдерон Адизес аталған мәселе бойынша өзінің пікірін білдіреді: кез келген ұйымда жұмыс нәтижелігін, қызметтің тиімділігін арттырудың басты алғышарты - қызметшілердің өз ісіне деген құрметі мен сүйіспеншілігі болып табылады. Яғни, әр адам өз ісінің маманы болмаса, қызметте де жақсы нәтиже көрсете алмайды деген сөзбен қорытындылағым келеді.
Мемлекеттік басқарудың тиімділік мәселесі қазіргі кездегі ғылым пен тәжірибенің басты назарындағы мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселеге шетел және Ресей ғалымдары да өздерінің ғылыми еңбектерін арнағаны белгілі.
Қызмет тиімділігі түсінігі кез - келген қызмет түріне, оның ішінде басқарушылық қызметте де қолданылады. Экономикалық ғылымда экономикалық тиімділік категориясы және оны бағалаудың тиісті өлшемдері енгізілген. Нарықтық бәсекелестік жағдайында фирманы басқару процесіне қатысты қазіргі заманғы менеджментте де осы категория пайдаланылады. Оларды бірқатар өзгертулер енгізе отырьш, мемлекеттік басқарудың тиімділігі түсінігін анықтау барысында қолдануға болады.
Қызмет тиімділігі түсінігі мемлекеттік басқару теориясында жеткілікті деңгейде қаралмаған және іс жүзінде толыққанды қолданылмаған ұғымдардың біріне жатады. Ал жалпы қоғамның, әрбір басқарушының, басқарылатындардың басқаруға және оның шешімдерін жүзеге асыруға жұмсалған шығындардың қандай нәтиже бергенін білуі қажет. Сондықтан басқару тиімділігі жайлы толық ақпаратқа ие болмай және оны өлшеуге ұмтылыс жасамай, басқаруды бақылау мен оны жетілдіру жолдарын анықтау мүмкін емес. Көптеген деректер осындай жағдайдың жетілмеген, жүзеге аспаған мемлекеттік басқарудың басты себебі болып табылатындығын дәлелдейді. Саясаткерлер барлық игіліктерге қол жеткіземіз десе де, көбіне мақсаттар мен жоспарлар орындалмай қалады, күш-жігер орынсыз жүмсалып, маңызды қоғамдық және жеке құндылықтарға қол жетпей жатады. Сондықтан басқару тиімділігінің мәселесі аса маңызды, тиімділікке қол жеткізудің шарттары төмендегідей(cурет - 2).

Сурет 2. Жалпы тиімділікке қол жеткізудің шарттары
Ескерту: [10] әдебиет негізінде автормен құрастырылған

Кез - келген қызметтің нәтижесінде рухани және материалдық өнімнің өсуі болмаса, әлеуметтік жағдай жақсармаса, онда ол қызмет түрі тиімді деп саналмайды. Сонымен бірге өнімнің өсуіне қол жеткізілген, бірақ ол адамдардың мұқтаждықтарына, олардың мәселелерін шешуге қолданылмаған жағдайда да тиімділік жоқ есептеледі [5; 151-152 б].
Әр - түрлі мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары көптеген объект түрлерін басқарады және олардың әрқайсысының басқару тиімділігі де әрқилы болады. Мысалы, қандай да бір басқарылатын объект белгілі бір өнім өндірген немесе әлеуметтік қызмет көрсеткен кезде туындайтын өндірістік тиімділік. Басқарылатын объектілердің қызметінің нәтижесінде көрініс табатын басқарудың мұндай тиімділігі өндірілген өнім мен оны өндіруге кеткен шығыңдар арасындағы арақатынасты білдіреді. Ол басқарылатын объект шеңберінде еңбекті ұйымдастырумен байланысты, технологиялық сипатқа ие және нормативтік-құндық шығын көрсеткіштері бойынша өлшенеді.
Орталықтандырылған жоспарлы экономикада өндірістік тиімділікке қатты көңіл аударылды. Кәсіпорындар (ұйымдар) берілген номенклатуралық-натуралдық көрсеткіштерге міндетті түрде қол жеткізуі керек еді. Өндірілген өнімнің қоғам мүшелерінің талаптарын қанағаттандыруы өндірушілер мен оларды басқаратын мемлекеттік органға да аса қажет болмады. Өндірістік тиімділікке бағытталу нәтижесінде қоғамда - инфляция, сапалы тауар тапшылығы, жартылай бос нарық орын алып, ал өндіріс саласында ешкімге керегі жоқ өнім өндіретін кәсіпорындардың өзінде жоғары көрсеткіштер мен жақсы табысқа қол жеткізілді.
Нарықтық қатынастарға өту аталған жағдайды өзгертеді, бірақ басқарылатын объектілердің барлығы үшін емес. Олардың бірқатары - өндіріс кезеңінде де, әлеуметтік қызмет көрсету саласында да өндірістік тиімділікке бағыт-бағдар жасайды. Сондықтан оған салыстырмалы экономикалық және әлеуметтік сипат беретін белгілер мен көрсеткіштерді үнемі жетілдіріп отырған жөн.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде өнімді өндіру жеткіліксіз, оны айналым кезеңіне (бөлу және айырбастау) өткізіп, сатып алушыларға сату қажет. Көптеген өндірушілер үшін үдайы өндірістік кезең сауда - саттық әрекетін жасаумен аяқталады. Осы кезде өнім тұтынушыға жетіп, басқару тиімділігінің екінші түрі -экономикалық тиімділдік туындайды.
Экономикалық тиімділіктің өндірістік тиімділікке қарағанда көпқырлы және терең мағынасы бар. Ең бастысы ол қоғамдағы қаңдай да бір өнімге деген қажеттілікті білдіреді, сұраныс пен ұсыныс арақатынасын сипаттайды, өндірушіге ұдайы өндірістік процестің барлық кезеңдерін анықтап, белгілейді. Өндіруші өндірілген өнім үшін нақты ақысын алады, ал бұл жаңа және ұлғаймалы өндірісті бастауға мүмкіндік беретін шығындалған ресурстарды қайтаруға және табыс табуға жағдай жасайды. Осындай тура және кері байланыс салдарынан экономика өзіне қажетті серпінділікке және өзін-өзі басқаруға ие болады.
Нарықтық экономикадағы барлық өндірушілердің негізгі мақсаты экономикалық тиімділікке қол жеткізу және басқару субъектілерінің, оның ішінде мемлекеттік басқару субъектілерінің де күш-қайраты осыған бағытталған.
Экономикалық тиімділіктің басқарылатын объектілердегі және басқарушы кіші жүйелердегі басқару тиімділігін талдау мен бағалау үшін маңызы зор. Оның шындыққа жанасуы өндіруші-монополистер, бағаны жасанды түрде котеру, нақты экономикалық процестерге тән тағы басқа құбылыстар орын алатын нарықтық экономиканың оңтайлылығымен байланысты. Сондықтан мемлекет экономикалық іс-әрекеттің ұтымды ережелерін жасап қоймай, басқарудың экономикалық тиімділігін анықтау арқылы олардың орындалуын бақылап отыруы қажет.
Қоғам үшін өндіріс, бөлу және айырбас кезендерімен қатар экономикалық, әлеуметтік көрсеткіштері бар тұтыну кезеңінің де маңызы зор. Өнімді алу жеткіліксіз, оны тиісті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдану керек. Өнім кейде сапасыз болуы, істен тез шығуы, үлкен шығындарды қажет етуі мүмкін. Кейде қымбат өнімнің өзі өзіне барабар қажеттілікті қанағаттандыра алмайды. Нәтижелі тұтыну ұғымы өндіріс құралдарын пайдалану деңгейін сипаттайды. Өсім беретін, еңбек өнімділігін арттыратын, ұлттық табысты құрайтын осы нәтижелі тұтыну. Сондықтан тұтыну кезеңінде өнімнің қоғамға, адамдарға қандай пайда әкелетінін білген жөн. Оны біз басқару тиімділігінің үшінші түрі - әлеуметтік тиімділікті қарастыру барысында анықтай аламыз [6; 125-126 б].
Әлеуметтік тиімділік - бұл қоғамның қандай да бір өнімді қолдану немесе нақты жұмыс түрін атқару барысында, сонымен қатар тиісті материалдық, әлеуметтік және рухани құндылықтарды пайдалануда жалпы оң нәтижелерге қол жеткізуі. Егер оны өндіріс-бөлу-айырбас-тұтыну жүйесіне қолданатын болсақ, ол тек өндіріс кезеңінде ғана емес, басқа да кезеңдерде орын алып, жүйе үшін ортақ болып, жалпы оның жағдайын сипаттайды.
Әлеуметтік тиімділік кез - келген еңбектің маңыздылығын, ұтымдылығын және тиімділігін көрсетеді. Егер өнімге кеткен шикізаттық, энергетикалық және басқа да материалдық шығындарды шегеріп тастасақ, онда адамдардың еңбегі және таланты, білімі мен тәжірибесі, біліктілігі мен ар-ұяты толығымен әлеуметтік тиімділікте көрініс табады. Әлеуметтік тиімділіктің көлемі қоғам-дық құрылымдар мен реттеуіштердің ұтымдылығын сипаттайды.
Егер экономикалық немесе ендірістік тиімділікке табиғатқа және қоғамдық өмірдің басқа жағдайлары мен факторларына (әлеуметтік инфрақұрылымға, адамдардың денсаулығына және т.б) зиян келтіру есебінен қол жеткізілсе, онда мұндай жағдайларды әлеуметтік тиімділік деп айта алмаймыз. Сонымен қатар, тапқан табыстарға сай келмейтін қорларды қолдану арқылы уақытша, қысқа мерзімді қол жеткізген жетістіктер әлеуметтік тиімділікті білдірмейді.
Әлеуметтік тиімділік жоғары сапа мен қазіргі заманғы технологиялық көрсеткіштерге негізделген. Онда ғылыми-техникалық революцияның жетістіктері толық көрініс табады.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігінің түсінігін анықтағаннан кейін тиімділік өлшемдерін қарастырған жөн. Тиімділік өлшемдері басқарудың көрініс табуының белгілерін, қырларын, әр түрлі жақтарын білдіреді. Оларды талдау арқылы басқару деңгейі және сапасы, оның қоғамның қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес келуі анықталады.
Жүйенің, яғни мемлекеттік басқарудың субъектілері мен басқарушы объектілерінің жиынтығының, атқарған қызметінің нәтижесін көрсететін мемлекеттік басқарудың жалпы әлеуметтік тиімділігінің өлшемдері (критерилері) құрайды. Мұндай өлшемдер бір жағынан, қоғамдық дамудың (жалпыұлттық, аймақтық) қажеттіліктерімен, мүдделерімен және мақсаттарымен объективті түрде байланысты, ал екінші жағынан, толғағы жеткен қажеттіліктердің, мүдделер және мақсаттардың мемлекеттік басқару арқылы қанағаттандырылатын шамасын көруге және бағалауға мүмкіндік береді. Осылардың негізінде мемлекеттік басқарудың қоғамның серпінділігі мен үйлесімділігін қамтамасыз етуге қаншылықты дайын екендігін анықтауға болады.

1.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдары қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігінің көрсеткіштері мен критерийлері

Мемлекеттік басқару қоғамдық, ұжымдық және жеке қажеттіліктердің, мүдделер мен мақсаттардың дамуын үнемі және объективті түрде зерттеуі, бағалауы және талдауы, сонымен бірге оларды жүзеге асырудың ұтымды формаларын, ресурстары мен құралдарын табуы қажет.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ұтымдылығы тұрғысынан алғанда қажеттіліктер мен олардың негізінде туындайтын мәселелердің қоғамдық ресурстарды ұтымды қолдану арқылы, тұрақты да сенімді түрде дер кезінде және толығымен қанағаттануы тиісті. жалпы әлеуметтік тиімділігінің өлшемдері төмендегідей (cурет - 3).

Сурет 3. Басқарудың жалпы әлеуметтік тиімділігінің өлшемдері (критерийлері)
Ескерту: [12] әдебиет негізінде автормен құрастырылған

Аталған мемлекеттік басқарудың жалпы әлеуметтік тиімділігінің өлшемдері қоғамдық өмірдің салалары бойынша бөлінеді. Егер қарқынды дамушы елдердің экономикасындағы процестерге көңіл аударатын болсақ, мұнда ең бастысы - еңбек өнімділігінің өсуіне, шығарылатын өнімнің сапасының, түрлерінің артуына алып келетін жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерге негізделген қоғамдық өндірісті ұлғайту екендігін аңғаруға болады.
Әлеуметтік салада әр елде әр түрлі болып келетін қоғамдық қатынастардың заңдылықтары мен нысандарын ескере отырып, әлеуметтік әділеттілік қағидасын жүзеге асыруға ұмтылыс жасалуда.
Рухани сферада, зиялы қауым арасында әрбір адам адамгершілік деңгейі, ішкі-сыртқы мәдениеті жоғары болып, еркін, демократиялық қоғамның тұлғасы ретінде қалыптасуы керек деген түсінік орын алуда.
Мемлекеттік басқару үшін саяси сферадан туындайтын жалпы әлеуметтік тиімділік өлшемдерінің маңызы зор. Ол басқару нәтижелерін талдау үшін қажет елшемдер емес, керісінше, қоғамның әлеуметтік, рухани, экономикалық сфераларының тиімді даму керсеткіштеріне басқарудың қандай нысандарын, әдістерін, тәсілдерін қолдану арқылы қол жеткізуге болатынын керсететін өлшем құралдары. Себебі саяси құралдар да басқарудың нәтижелері үшін аса маңызды. Саясат - саясат үшін емес, қоғам үшін қажет [7; 191-192 б].
Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселесі бүгінгі тандағы өзекті тақырыптардың біріне жатады. Ғалымдар арасында бұл мәселені зерттеу барысында әр түрлі көзқарастар қалыптасқан және оны шешу жолдары туралы да ортақ пікір жоқ.
Аталған мәселені тиімділіктің жалпы жүйелік факторларын талдау негізінде қарастыру мемлекеттік саяси-идиологиялық және стратегиялық факторларды ескеруді ұйғарады.
Басқару тиімділігін талдауда экономикалық, әлеуметтік, саяси, кұқықтық және республика субъектілерінің кіші жүйелері деңгейінде жалпымемлекеттік факторлар негізгі фактор ретінде қарастырылады.
Кіші жүйелер мен деңгейлерде билік пен басқаруды ұйымдастыру мақсаттарының және стратегияларының, құрылымдық нысандарының өзіңдік ерекшеліктерімен байланысты факторлар тікелей талдау объектісі болып табылады.
Ұйымдарды басқарудың тиімділігін талдау барысында басқарушылық қызметтің нақты тәсілдерінің, әдістері мен құралдарының тиімділікке тигізетін әсері түсіндіріледі. Жалпы жүйелік және аймақтық факторлардың рөлі корпоративтік масштабтағы басқару жағдайлары мен механизмдерін талдау арқылы айқындалады.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігінің әлемдік көрсеткіштері
Әлемдік банктердің талас тудыратын аймақтардағы және әлемнің 200 ден астам елдерінде 1996 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан рейтинг бойынша төмендегідей тармақтар құралған.
1. Қарапайым халықтің ой-пікірі мен мемлекеттік органдардың есебі(Үкіметті сайлаудағы халықтың рөлі, сөз бостандығының дәрежесі және т.б.)
2. Саяси тұрақтылық және күштеудің болмауы(Үкіметтің конституцияда бекітілген ереже шеңберінде ғана өзінің қызметін атқаруы)
3. Үкімет жұмысының тиімділігі(мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысының сапасы, саяси қысымнан тәуелсіздік дәрежесі)
4. Нормативтік - құқықтық реттеудің сапасы(Үкіметтің тиімді саясат құрудағы бағалау дәрежесі, нормативтік - құқықтық актілері,)
5. Заңның жоғарғы төрелігі(қылмыс пен зорлық зомбылықтың алдын алудағы полиция мен жоғарғы соттың жұмысының орындалуы)
6. Сыбайлас - жемқорлықпен күрес (Мемлекеттік биліктің сыбайлас - жемқорлыққа қарсы шаралары)
Бұл көрсеткіштер төменде көрсетілген (сурет - 4).

Сурет 4. Мемлекеттік басқарудың тиімділігінің әлемдік көрсеткіштері
Ескерту: [9] әдебиет негізінде автормен құрастырылған

Мемлекеттік басқарудың тиімділігінің келесі негізгі факторы билік пен басқару жүйесін ұйымдастыру және оның біртұтас организм ретінде қызмет етуі. Бұл фактор кез келген дамыған мемлекетте анықтаушы рөл атқарады. Мемлекеттік құрылым мен саяси режимнің ұлттық нысандарына қарамастан басқару тиімділігі, біріншіден, мемлекеттік басқару жүйесінің нақты біртұтастығымен және оған қатысушы басқарушы субъектілердің қызмет ету ережелерінің біріңғайлығымен; екіншіден, құқықтық тұрақтылықпен және жоғары құқықтық мәдениетпен; үшіншіден, барлық деңгейдегі мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының іс-әрекеттік қабілеттілігімен қамтамасыз етіледі [8; 18 б].
Мемлекеттік басқарудың тиімділігі жоғары кәсіби біліктілігі, инновациялық ойлау қабілеті бар, басқарушылық қызметтің демократиялық стилін мойындайтын және мемлекеттік мүддені басшылыққа алатын қазіргі Кездегі бюрократияның болуымен байланысты.
Қазіргі заманғы радикалды бюрократия мемлекеттік басқарудың тиімділігінің факторы ретінде мемлекеттік билік органдары мен қоғамдық институттардың төменгі буындарының бақылауында болғаны жөн. Әйтпесе басшылық лауазымдарды өз мүдделерінің құралына айналдырып, тиімділікке қол жеткізуге теріс әсерін тигізеді. Сол үшін мемлекеттік басқаруда тиімділіктің жалпы жүйелілік факторлары қалыптасқан.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігінің жалпы жүйелік факторлары келесідегідей(cурет - 5).

Сурет 5. Мемлекеттік басқарудың тиімділігінің жалпы жүйелік факторлары
Ескерту: [18] әдебиет негізінде автормен құрастырылған

Мемлекеттік аппараттың жағдайы, оның қызмет сапасы, халықтың билік органдарына сенім білдіру деңгейі - мемлекеттік басқарудың тиімділігі мәселесінің шешілуіне тікелей әсер ететін факторлардың маңызды кешенін құрайды. Мемлекеттік аппарат - атқарушы және басқарушы органдардың жиынтығы, ол басқа мемлекеттік органдармен басқару функциясының жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін мемлекеттік механизмнің бір бөлігі. Мемлекеттік аппарат - өз өкілеттіктерінің шеңберінде белгілі функциялар мен міндеттер атқару үшін билік қүзыретімен және қажетті құралдармен (материалдық) қамтамасыз етілген, мемлекеттік қызметкерлерден тұратын ұтымды ұйым.
Мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және оның қызметін демократиялық (тиімділік) сипатта ұйымдастыру барысында қарама-қайшылықтар туындауы мүмкін. Бұл аппараттың ашықтығы, мемлекеттік қызмет үшін кәсіби дайындалған әрбір адамның сол аппарат құрамына кіруі мен халықтың басқа топтарына қатысты заңдастырылған мәртебелік басымдылығын жүзеге асыру шарты ретінде корпоративтік жабықтылыққа беталыс арасындағы қарама-қайшылық. Мемлекеттік қызметкерлердің мәртебелік артықшылығы соңғы жылдардағы ғылыми әдебиеттерде әкімшілік-саяси элита деген түсінікпен анықталады. Әлеуметтік және мемлекеттік басқару бойынша шетелдік әдебиеттерде элита түсінігі өте сирек кездеседі. Мысалы, қызметкерлердің басқарушылармен арақатынасын сипаттай отырып, авторлар лидер, ұстаз, педагог іспетті оң қабылданатын терминдерді қолданады. Осындай терминологияның астарында менеджмент теоретиктері мен практиктерінің гуманистік және демократиялықтылығы байқалады.
Жалпы авторлар бұл фактінің тигізетін қандай да бір теріс әсерін байқамайды. Және олар зерттеу нәтижесінде келесідей қорытындыға келеді: іс-әрекеттің негізгі себебі ретінде мемлекеттік қызметкерлер тобының құрамына кіруі, біріншіден, шенеуніктердің негізгі бөлігінде қандай билікке қызмет етемін деген мәселенің туындамауын, екіншіден, атқарушы билік органдарында кадр құрамының тұрақтылығын қамтамасыз етуді ұйғарады.
Осы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде көптеген мемлекеттік қызметкерлердің моральдық нормалар мен тыйымдарға жете көңіл бөлмейтіндіктері анықталды. Ал мұны атқарушы биліктің қазіргі құрамының жақсы қасиеттеріне жатқызу мүмкін емес. Ресейлік зерттеушілердің мәліметтері бойынша қызметкерлердің тек жартысы шынайылыққа, әрбір он адамның төртеуі - принципиалдыққа, төрттен бір бөлігі адалдыққа аса зор мән беретіндігін, тек жеті адамның біреуі ғана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сыйлау қажет екендігін айтып өткен. Осы адамгершілік қасиеттердің шенеуніктердің бойынан табыла бермеуі билік пен басқару органдарының тиімді қызмет атқаруына кедергі келтіретіні сөзсіз.
Сонымен бірге мемлекеттік қызметтің конституциялық нормаларға сай келетін төмендегі принциптері қамтылған: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мойындау, сақтау және қорғау, мемлекеттік билік жүйесінің тұтастығы, қабілеті мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке азаматтардың бәрі бірдей тең құқылығы, мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі мен өкілеттігі.
Дегенмен де мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мен кадр мәселесі әлі де болса өз шешімін толықтай таппай отыр және қайта қарауды талап етеді. Бүгінгі танда орын алып отырған жағдайлар мемлекеттік қызметкерлерді тиімді қызмет атқаруға ынталандырмайды, сапасыз атқарған жұмыстар үшін, шешімдердің орындалмағаны үшін жауапқа тарту шараларын колдану мәселелерін шешпейді [9; 83-85 б].
Қоғамның экономикалық, саяси және әлеуметтік тұрақтылығы мемлекеттік басқарудың тиімділігін анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі жүйенің қызметінің барлық деңгейінде көрініс табады: жеке ұйымнан бастап жергілікті қоғамға дейін, жергілікті деңгейден аймақтық, аймақтық қауымдастықтан әлеуметтік жүйе мен оның саяси ұйымы - мемлекетке дейін. Тиімділік әрбір деңгейде мақсаттар мен нәтижелердің ара салмағын, мақсаттарда көрініс табатын басқарушылар мен басқарылатындардың мүдделеріне нәтижелердің сәйкес келуін сипаттайтын өзіндік критерийлермен өлшенеді. Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігінің жоғары критерийіне оның функцияларының толыққанды жүзеге асуы жатады. Бұл жалпы түрде қоғам мен саяси жүйенің тұрақтылығын, тұтастығын, бірлігін, қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сонымен қатар халықтың барлық топтарының мүдделерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды білдіреді.
ҚР - ғы мемлекеттік қызмет тиімділігін арттырудағы міндеттерді келесідей тізуге болады(cурет - 6).

Сурет 6. Мемлекеттік қызмет тиімділігін арттырудағы міндеттер
Ескерту: [19] әдебиет негізінде автормен құрастырылған

Мемлекеттің біртұтастығы мен қоғамның бірлігі - мемлекеттік басқару тиімділігінің нәтижесі, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізі және халықтың әл-ауқатын арттыру шарты. Ал бұдан билік пен басқаруды ұйымдастырудың жалпы жүйелік нысанының маңызы туындайды [10; 74 б].

6.3 Мемлекеттік органдар қызметі тиімділігін бағалау технологиясының шетелдік тәжірибесі

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің әлемдік тәжірибесіне сәйкес,1980-1990 жж. АҚШ-та нарықтық институттар үлгісі бойынша мемлекеттік басқару жүйесін, мемлекеттік қызметті клиенттерге қызметтер көрсетуге бағдарлауды қайта құру және үш Е (Economy, Effectiveness, Efficiency) базасында жаңа мемлекеттік менеджментке көшу жөніндегі ұсыныстар тұжырымдалды, ол үнемділікті, тиімділікті және нәтижелілікті білдіреді. Яғни үш Е жүйесі өзара байланысты үш компонентті қосады: үнемділік, шығындардың тиімділігі және нәтижелілігі. Теориядан тәжірибеге жолды елдің мемлекеттік құрылысы тиімсіз және азаматтар үшін жабық монополияға айналды деп белгілеген және мемлекеттік басқару жүйесіне толық реинжиниринг (reinventing the government) жүргізуді ұсынған АҚШ вице-президенті Ал.Гораның комиссиясы салды. Нәтижесінде елде мемлекеттік сектордың нәтижеге ресімделген моделі әзірленді және іске асырылды, онда кіші нәтижеге азаматтарға және олардың ұйымдарына көрсетілетін қызметтер, соңғыларының жариялық билік аппаратының қызмет етуіне қанағаттануы түсініледі.
Гора комиссиясы бірін бірі қайталайтын бағдарламаларды жою, ішкі федералдық ведомстволар міндеттерін бөлуді жақсарту, олардың функцияларының бөлігін қоғамдық және коммерциялық құрылымға беру туралы ұсыныстардан тұратын мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру жөніндегі 380 астам ұсынымдарды жасады. Бұл шаралар штатты және басқару шығындарын қысқартуға мүмкіндік беруі, аппаратты неғұрлым икемді және серпінді жасауы, атқарушы биліктің институттарына азаматтардың сенімін арттырға тиіс болатын [11; 396 б].
Шамамен осы уақытта Ұлыбритания консерваторлары М.Тэтчер басшылығымен, ал кейін лейбористтерде мемлекеттік басқаруда жаңа менеджмент жүйесін, клиентке бағдарлы ете отырып, көпшілік қызметтерін бөле отырып, оларды көрсетуді нарықтық жағдайда жеке секторларға беру тәжірибесін біртіндеп кеңейте отырып енгізуге кірісті. 2011 жылы Келесі қадам бағдарламасы іске асырылды, оған сәйкес мемлекеттік қызмет нәтижелілігінің 160 негізгі көрсеткіштері белгіленді. Оларға жету бағдарламалық іс-шараларды таңдауда және жұмысшыларды материалдық көтермелеуде еркіндік алған мемлекеттік органдардың, басшылардың негізгі міндеттері болды. Басқару барынша нарықтық тиімділікке ресімделген болуы тиіс еді (жоғары сапа және аз шығын кезіндегі қызметтердің көп саны; сіңірілген еңбек пен адалдық емес, іскерлік пен нәтижелілік).
2010 жылдары мемлекеттік қызметкерлердің біркелкі еңбек ақы төлеу жүйесіне аяқталуына нүкте қойылды. Көпшілік қызметтерді көрсетуді ұсынуда үкіметтің тәсілі өте нақты тұжырымдалған: қызметтер тұтынушыларды - ел азаматтарын, қанағаттандыруы тиіс. Мемлекеттік қызмет үшін бұл тек сыйақының қызметтің нәтижелілігіне тікелейлей байланысын белгілеу түрінде ғана емес, сонымен қатар өмір бойы қызмет етуден біртіндеп бас тарту түрінде де маңызды салдары болды. Мемлекеттік аппараттағы орын тек қызметтің нәтижелілігі кезінде ғана кепілдік берілді. Қазіргі уақытта Ұлыбританияда мәні бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын басқару жүйесі болып табылатын персоналды басқару жүйесі қабылданды. Тіпті мемқызметтің жоғарғы басшысы (үш мың лауазымның ішіндегі ерекше номенклатура) өз жұмысының жеке мақсаттарын анықтайды және тұрақты бағаланатын жеке жоспарларды жасайды.
Австралияда Жаңа Зеландия үлгісі бойынша бюджеттік ақша бөлулерді қызметтерді жеткізуші ведомстволардан қызметтерді тұтынушы ведомстволарға қайта бағыттауды жүзеге асыру болды. Жеткізушілер алушы ведомстволардың қызметтерді төлеу есебінен ақыны жанама алатын болды. Осыдан басқа қызметкерлерге өзінше бонус ретінде жыл сайынғы операциялық шығындардың 1,25% тиімділік дивиденді енгізілді. Реформалардың бір нәтижесі 1990-1997 жж. мемлекеттік аппарат санының 29% қысқартылуы болды.
Қазіргі уақытта азаматтар мен ұйымдар мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібі туралы ақпараттарды алуға елеулі уақытша, ұйымдастырушылық, қаржылық шығындарды тартады.
Әлемдік тәжірибе (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Швеция және басқалар) мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратқа азаматар мен ұйымдардың қол жетімділігін қамтамасыз етудің неғұрлым тиімді тәсілдерінің бірі мемлекет жасайтын Интернет желісінде мемлекеттік қызметтердің порталдары болып табылады. Мысалы, Канада да белгілі бір қызметті қашан қалай алу мүмкіндігі туралы халыққа қажетті ақпаратты беретін 1-800 Канада деген телефондалған орталық қызмет етеді. Сондай-ақ бастаушы кәсіпкерлерге кеңес беру бойынша қызметтер көрсететін Рұқсат ету орталығы қызмет етеді. Бұл орталықтар Канаданың барлық жерлеріндегі мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында орналасқан. Олардың ерекшелігі кәсіпкерлерге кеңестер берумен қатар олар елеулі сандағы мемлекеттік қызметтерді көрсетеді және бір терезе қағидасы бойынша жұмыс істейді.
2012 жылы Польшада мемлекеттік қызметтің ақпараттық орталығы құрылды. Оның құрылуының мақсаты мемлекеттік қызметтер түрлері, жеке мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметінің аясы және т.б. туралы ақпараттарға қатардағы азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлердің өздерінің қол жетімділігін кеңейту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқарудың тиімділігін бағалау тәсілдері
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ, ТҮСІНІГІ
Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының өкілеттігі
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесі
Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі
Қаржылық бақылауды ұйымдастырудың қағидалары
Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік - құқықтық жағдайы
Мемлекеттік басқару қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларын нығайту
Монополиялық нарық құрылымы
Қазақстандағы мемлекеттік қызмет пен қызметкерлердің тиімділігі мен әкімшілік құқықтағы жағдайы
Пәндер