Мемлекеттің үдемелі-индустрияландыру саясаты аясында инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың құқықтық негіздері
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Инвестицияның түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3. Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮДЕМЕЛІ.ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ САЯСАТЫ АЯСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮРГІЗУІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1. Қазақстан Республикасының үдемелі.индустрияландыру саясаты аясында инвестициялау бағдарламаларының құқықтық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ..31
2.2. Инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың құқықтық негіздері ... 37
2.3. Үдемелі . индустрияландыру саясаты аясында инвестициялық қызметті қолдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮДЕМЕЛІ.ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ САЯСАТЫ АЯСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62
ТЕРМИНДЕРДІҢ, ҚЫСҚАРТУЛАРДЫҢ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК.ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .66

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысы бүгінгі таңның, біздің мемлекетіміздің басты саясаты “Қазақстан – 2030” стратегиялық жоспарының басты мақсаты – 2030 жылға қарай Орталық Азия Барысына айналуға байланысты басты стратегиялық дамудың бірі – инвестициялық саясат. Яғни, инвесторларды мемлекеттік қолдау. Осы еңбек мазмұнында инвестиция түсінігі мен түрлері, егемендік алғаннан бері мемлекетіміздің инвестициялық саясаты, инвестициялық саясатты реттеудің құқықтық негізі, Қазақстан Республикасының үдемелі – индустрияландыру саясаты аясында инвестициялау бағдарламаларының құқықтық мәселелері, инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың құқықтық негіздері, үдемелі–индустрияландыру саясаты аясында инвестициялық қызметті қолдау, осы саясат негізінде жүргізіліп жатқан жобаларды талдау қарастырылған.
1. www.zakon.kz 125568.
2. Қазақстан Республикасы “Инвестициялар туралы” заң 2003 жылы 8 қаңтар №373-11 шыққан, кейіннен 2005 жылы 4 мамыр №48, және 2006 жылы 31 қаңтар №125 өзгертулермен.
3. “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” 1997 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы.
4. “Қазақстан инвестициялық қоры туралы” 2004 жылғы 6 шілдедегі N 575 – II Қазақстан Республикасының Заңы (2006.07.07. берілген өзгерістерімен).
5. “Инвестициялық қорлар туралы” 2004 жылғы 7 шілдедегі № 576-II Қазақстан Республикасының Заңы (2009.13.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен).
6. С.П.Мороз. Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық. “Бастау” баспасы. Алматы 2009 жыл. 172–201 бет.
7. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі.Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95 – IV Кодексі.
8. С.П.Мороз. Инвестиционные право. Учебное пособие. Юрист 2007.124–141c.
9. Н.Ш.Әлжанова. Инвестициялық жобалау. Алматы “Қазақ университеті” 2006 жыл.23,38 бет.
10. Қазақстан Республикасы мен Еуропа Инвестициялық Банкi арасындағы Қазақстан Республикасында Еуропа Инвестициялық Банкiнiң қызметiн реттейтiн негiздемелiк келiсiмге қол қою туралы.Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 6 сәуiрдегi № 963 Жарлығы
11. Я.Әубәкіров. К.Нәрібаев. М.Есқалиев. Е.Жатқанбаев. Е.Байжұмаев. С.Досқалиев. Ж.Жәйшібеков. Экономикалық теория негіздері. Алматы “Санат” 1998 жыл.
12. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
(Салық кодексі). Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы заңы. (2011.01.01. берілген өзгерістерімен және толтырумен)
13. С.М.Найманбаев. Салықтық құқық. Алматы “Жеті Жарғы” 2010 жыл.124–131 бет.
14. «Вестник Налоговой службы РК» ведомствалық басылымының 2009 жылғы 1– інші саны.
15. “Қазақстан - 2030”.1997 жылдың қазан айының 10 – ындағы Президенттің жолдауы.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:
РЕФЕРАТ
Диплом жұмысы Мемлекеттің үдемелі-индустрияландыру саясаты аясында инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың құқықтық негіздері тақырыбына орындалған.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаттын, оның ішінде үдемелі - индустрияландыру саясаты аясында инвестициялық қызметті қолдаудың құқықтық негізін зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері. Қойылған зерттеу мақсатына байланысты дипломдық жұмыс келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
- қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын талдау;
- инвестициялық саясатты мемлекеттің тікелей және жанама қолдауын зерттеу;
- үдемелі - индустрияландыру саясаты аясында инвестициялық саясатты мемлекеттік қолдауды талдау;
- үдемелі - индустрияландыру саясаты аясында жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобаларды талдау.
Зерттеудің объектісі. Инвестициялық саясат аясында туындайтын қоғамдық құқықтық қатынастар.
Зерттеудің пәні. Үдемелі - индустрияландыру саясаты аясында инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың құқықтық негізі.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытындыдан, терминдердің, қысқартулардың тізімі және пайдаланылған нормативтік - құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмысын орындау барысында жиі қолданылған терминдер: инвестиция, үдемелі индустриялық - инновациялық даму, инвестициялық жоба, преференция, инвестор, экономика, салықтар және тағы басқа.
Глоссарий
ИНВЕСТИЦИЯ - лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингі заттарын, сондай - ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кəсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту, сондай - ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған жəне алған тіркелген активтері.
ИНВЕСТОР - инвестициялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ - инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет.
САЛЫҚ - мемлекет тарапынан біржақты шығарылған заңдардың негізінде, Республикалық немесе жергілікті бюджетті олардың кірістерін қалыптастыру үшін, нақты салық төлеушілер - заңды және жеке тұлғалардан айқындалған мөлшерде, белгіленген мерзімде, сондай - ақ жүйеленген тұрақты түрде мемлекет (немесе жергілікті мемлекеттік басқару органдарының) қарамағына алынатын жекелей - баламсыз, қайтарымсыз, ақшалай (кейде натуралды - заттай) міндетті төлем.
ЭКОНОМИКА - қоғамның шаруашылық жұмысы, сонымен бiрге өндiрiс, үлестiрiлу, айырбас және тұтынуды қатынастардың жиынтығы.
ИННОВАЦИЯ - бұл процесстердiң тиiмдiлiгiнiң сапалы өсуi немесе нарық қажеттi өнiм қамтамасыз ететiн енгiзiлген жаңалықтар. Адамның зияткерлiк қызметi, оның қиялы, творчестволық процесс, ашулар, өнертабыстар және рационализация түпкi нәтижесi болып саналады. Инновациялар мысал жаңа тұтынушы қасиеттерi немесе өндiрiстiк жүйелердiң тиiмдiлiгiнiң сапалы жоғарылатуымен (тауарлар және қызметтер) өнiм бiржола жою базарға болып табылады.
ПРЕФЕРЕНЦИЯ - мемлекеттің кәсiпорындарға және ұйымдарға өз қызметтерін жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасау мақсатындағы жеңiлдiктер және басымдылықтар,артықшылықтар беруі.
ИНДУСТРИЯ - жұмыс саласы, өндірісті экономика секторы.
БЮДЖЕТ - мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР - бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту, мемлекеттің активтерін құру есебінен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру.
БЮДЖЕТТІК ЖОБА - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді тұрғызуға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға бағытталған іс - шаралар жиынтығы.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Инвестицияның түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3. Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...23
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮДЕМЕЛІ - ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ САЯСАТЫ АЯСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮРГІЗУІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1. Қазақстан Республикасының үдемелі - индустрияландыру саясаты аясында инвестициялау бағдарламаларының құқықтық мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... .31
2.2. Инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың құқықтық негіздері ... 37
2.3. Үдемелі - индустрияландыру саясаты аясында инвестициялық қызметті қолдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮДЕМЕЛІ - ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ САЯСАТЫ АЯСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .58
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62
ТЕРМИНДЕРДІҢ, ҚЫСҚАРТУЛАРДЫҢ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .66
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысы бүгінгі таңның, біздің мемлекетіміздің басты саясаты "Қазақстан - 2030" стратегиялық жоспарының басты мақсаты - 2030 жылға қарай Орталық Азия Барысына айналуға байланысты басты стратегиялық дамудың бірі - инвестициялық саясат. Яғни, инвесторларды мемлекеттік қолдау. Осы еңбек мазмұнында инвестиция түсінігі мен түрлері, егемендік алғаннан бері мемлекетіміздің инвестициялық саясаты, инвестициялық саясатты реттеудің құқықтық негізі, Қазақстан Республикасының үдемелі - индустрияландыру саясаты аясында инвестициялау бағдарламаларының құқықтық мәселелері, инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың құқықтық негіздері, үдемелі - индустрияландыру саясаты аясында инвестициялық қызметті қолдау, осы саясат негізінде жүргізіліп жатқан жобаларды талдау қарастырылған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Мемлекеттің дамуы оның экономикасына байланысты. Сол экономиканы қалыптастыруда мемлекетіміз әр түрлі іс - шаралар жүргізуде. Соның ең бастысы "Қазақстан - 2030" стратегиялық жоспары. Осы жоспарда 7 басым бағыт көрсетілген. Соның бірі - "Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардық деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген Экономикалық өсу.Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу".
Мемлекетіміз алдына қойған жоспарды орындау үшін көптеген жобаларды іске асыруы қажет. Ал, жобаларды іске асыру үшін қаражат қажет. Біздің мемлекетіміз осы жобалардың барлығын жүзеге асыруға қаражатты бюджеттен шығара алмайтыны анық. Яғни, қазіргі таңда жобалардың барлығын уақытылы қаржыландыруға қаражат жоқ. Осыны негізге ала отырып, мемлекетіміз инвесторларды қолдауды жүзеге асыруда. Инвесторларды қолдау біздің мемлекетіміздің дамуына үлес қосатыны анық. Осыған байланысты инвесторларды мемлекет өз дәрежесінде қолдауы қажет. Осы қолдауды дұрыс, заман талабына сәйкес, тұрақты түрде жүзеге асыру біздің мемлекетіміздің дамуының кепілі болатыны анық. Осы мәселені түпкілікті зерттеген ғалымдардар қатары аз. Ал, қазіргі таңда жүріп жатқан үдемелі - индустрияландыру саясаты осы инвесторлардың қаражатына мұқтаж. Осы саясат аясында инвесторларды қолдау өте маңызды мәселе болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстанның инвестициялық саясатның құқықтық негізі, осыған байланысты кейбір мәселелер кешенді түрде зерттелмеген. Сонымен қатар, инвесторлардың құқықтары мен міндеттері және жеңілдіктері әлә толығымен зерттелмеген.
Зерттеу жұмысының ғылыми - теориялық негізін Қазақстан Республикасының инвестициялық климатқа әсер ететін заңдары мен экономика және заң саласында еңбек етуші ғалымдардың еңбектері құрайды.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігімен қатарлас пайда болған инвестициялық құқық ғылымындағы проблемалық мәселелерді зерделеуге жоғарыда арналған дипломдық жұмыстардың өзектілігі даусыз. Онда зерделенген проблемалық сұрақтар еліміздің және құқықтық дамуына өз ықпалын тигізгені де сөзсіз. Осы тұрғыдан келгенде ұсынылып отырған зерттеу жұмысының қажеттілігі уақыт талабынан туындап отырған, яғни үдемелі - индустрияландыру саясатынан деп тұжырымдауға болады.

Зерттеудің ғылыми - әдістемелік негіздері. Диплом жұмысы Қазақстан Республикасының заңдық күші бар, қолданыстағы заңнамаларының және отандық экономика және заң әдебиеттері негізінде орындалған. Диплом жұмысының алдына қойылған міндеттерге жету үшін жалпы диалектикалық, танымдық, логикалық, салыстырмалы - құқықтық және басқа да әдістер қолданылған.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Зерттеудің тәжірибелік маңызы төмендегілерден құралады:
- жасалған тұжырымдар, ұсыныстар мен қорытынды ұстанымдар инвестициялық саясатты жетілдіруге негіз болады;
- инвесторларды қолдауды жетілдіру;
- үдемелі индустрияландыру саясатын дұрыс жүргізуге негіз болатын ұсыныстар.
Зерттеудің нормативтік базасын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Инвестициялық құқыққа байланысты заңдар,инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар туралы заңдар, Салық кодексі, Бюджет кодексі, стратегиялық жоспарлар құрайды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысының нақтыланған мына бағыттағы түйіндері дипломдық жұмыстың алдына қойған мақсаты және міндеттерімен байланысты, әрі ғылыми ізденістегі жаңалықтардың жинағын құрады.
Қазақстан Республикасындағы жүргізіліп жатқан жобаларды орындаудағы қаражаттың қандай жағдайда, қалай орын алып отырғанын қарастырып өтеміз. Үдемелі - индустрияландыру саясаты аясында мемлекеттің инвесторларды қосымша қолдау көрсетуіне талдау жасалды. Мемлекеттің инвесторларды тікелей және жанама түрде қолдау қарастырылып өтеді. Үдемелі индустрияландыру саясаты аясында өзгерістерге ұшырап жатқан қолдаударға талдау жасау.
Инвестициялық климатқа әсер ететін факторлар мен жетілдіру қажетті мәселелерге ұсыныстар жасау.
1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ.
1.1.Инвестиция түсінігі және түрлері.
Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде "жалпы капиталдық салынымдар" деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық - мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін еді.
"Инвестиция" термині латынның investire - "жұмылдыру" сөзінен алынған. Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа да құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыдан инвестициялық түсінігі нарықтық тәсілге жақын келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асады, ал инвестицияландыруды қаржылық және басқа түрлері бар екені бәрімізге мәлім. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айрықшаланатын залал түрінде көрінеді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі емес екенін, берілген терминдер ұқсас емес екенін дәлелдеп отыр. Капиталдық салынымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең [1].
Қазақстан Республикасының "Инвестиция туралы" заңына сәйкес, Инвестициялар - лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингі заттарын, сондай - ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кəсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту, сондай - ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған жəне алған тіркелген активтері [2]. Инвестиция - бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, себебі қолма - қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай да табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тәуекелмен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.
Инвестициялардың белгілері.
Инвестицияларды мүліктің кез келген түрі деп түсінуге сүйене отырып, инвестициялар ретінде қарастырылуы үшін, ол құндылықтар иеленуге тиіс белгілерді тұжырымдап алған жөн. Инвестициялардың негізгі және айқындаушы белгісі - олардың жеке тұтынуға емес, метериалдық немесе рухани игіліктер құруға бағытталуы болып табылады. Бұл белгі кәсіпкерлік нысандарына немесе қызметтің басқа түрлеріне салынатын инвестициялардың мақсатты жұмсалуынан көрінеді. Мысалы, егер берілетін тауар құрал - жабдық немесе инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты басқадай қажеттіліктерге арналған материалдар болмаса, шетелдік тауар кредиттері инвестициялар санатынан шығарылуға тиіс; бұл жағдай ресми техникалық қызмет немесе біздің елімізге берілетін гранттар шегінде келіп түсетін қаражаттарға да қатысты.
Келесі белгілер инвестициялардың кәсіпкерлік маңызын ашады - олар, негізінен, пайда (табыс) табу мақсатында салынады және оларды инвестор өз атынан және өзі тәуекелге бара отырып жүзеге асырады. Бұл жерде инвестициялық қызмет, кәсіпкерлік қызмет сияқты, дербестігімен,яғни өз бетінше әрекет ететіндігімен және бастамашылығымен сипатталатынын айрықша атап өту қажет, бірақ қызметтің бұл түрлері бір - бірімен сәйкесуі де, сәйкеспеуі де мүмкін; тиісінше инвестордың кәсіпкер мәртебесін иеленуі де, иеленбеуі де мүмкін.
Ендігі жерде, инвестициялардың ерекше белгісі - дәстүрлі және үйреншікті түсінігінде қысқа мерзімге арналатыны да болғанмен, біржолғы сипатта еместігі мағынасында олардың ұзақ мерзімді болатыны. Уақыттың белгілі бір ұзақтығы инвестицияларды басқадай қаржы құралдарынан ажыратуға болады [1., 6.181-182 бет].
Инвестициялардың әр түрлі түрлерінің ерекшеліктерін анықтаудың және оларды жіктеудің үлкен теориялық және практикалық маңызы бар, өйткені олар инвестициялық қатынастарды реттеуге және инвестициялық заңдарды ары қарай жетілдіруге себеп болады. Инвестицияларды бөлудің әртүрлі негіздері бар. Солардың ең кең тарағанына тоқталатын болсақ, олар төмендегідей:
1) инвестициялардың түрлері;
2) ақша құралдарын салу объектілері;
3) инвестицияландыруға қатысу сипаты;
4) инвестицияландыру кезеңі;
5) меншік түрлері;
6) инвестордың қатысу түрлері;
7) тәуекел дәрежесі;
8) ұдайы өндіріс түрлері;
9) субъектілік белгісі бойынша.
1.Инвестициялардың түрлерін былайша топтаймыз:
- ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар;
- жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
- авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;
- жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да мүліктік құқықтар;
- қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген "ноу - хау" емес) ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.
2. Құралдардың салыну объектілері бойынша:
- нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы. Нақты инвестициялар - ол нақты активке салынған инвестицияларнемесе материалдық өндіріс саласындағы инвестициялар, өйткені олар ғылыми - техникалық прогрестің дамуына, өндірістің тиімділігін көтеруге, құрал - жабдықтарды ауыстыруға және т.б. мақсаттарға бағытталуы мүмкін.
- материалды емес активтер - лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
- қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдарының салынуы - депозиттер, құнды қағаздар (оның ішінде мемлекеттік бағалы қағаздарға, корпорациялық бағалы қағаздарға және т.с.с.), банктық салынымдар.
Басқа әдебиеттерде, инвестициялардың мақсатына байланысты деп 2 - ге бөліп қарастырады:
1.Капитал тудырушы инвестициялар - ол материалдық және материалдық емес активтерді көбейтуге немесе оның өсіміне бағытталған инвестициялар. Басқаша айтқанда, бұл олардың дәстүрлі түсінігіндегі инвестициялар, өйткені, әдетте, инвестициялар капитал тудырушы болып табылады, яғни пайда немесе табыс табудың тәсілі немесе құралы ретінде қолданылады.
2. Зияткерлік инвестициялар - ол әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлауға, сондай - ақ олардың біліктілігін көтеруге, ғылыми зерттеулер жүргізуге және т.б. мақсаттарға бағытталған инвестициялар. Мысалы, қазіргі кезде зияткерлік инвестициялардың ең көп тараған түрлері жоғары білім алу үшін берілетін мемлекеттік және жеке кредиттер болып табылады. "Зияткерлік инвестициялар" ұғымын "әлеуметтік инвестициялар" ұғымына дейін кеңейтуге болады, өйткені екі жағдайда да инвестициялар нысаны әлеуметтік сала болып шығады және негізгі мақсат ретінде әлеуметтік оң пікірге қол жеткізу көзделеді. (бұл кезде бір мезгілде пайда немес табыс табу мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды).
3. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
- тікелей (төте) инвестициялар, бұл кезде инвестицияландыру және ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне. Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша, егер акционерлік қоғамның жарғылық капиталының кем дегенде 25%-ы шетел инвестордың меншігінде болса, онда шетелдік инвестициялар төте инвестициялар болып саналады. АҚШ, РФ заңдары бойынша жарғылық капиталдың шетелдік инвесторға тиесілі мөлшері 10% - дан кем емес, ЕО елдерінде - 20 - 25%, Канада, Австралия және Жаңа Зеландия елдерінің заңымен - 50%.
- жанама (қоржындық), бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы (инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асырады. Мұндай делдалдар инвестицияландыру объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салынымдарды портфельдік деп те атайды.
4. Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мынадай 3 түрге бөлуге болады. Олар:
- қысқа мерзімді, ұзақтығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар);
- орташа мерзімді 1жылдан 5 жылға дейін;
- ұзақ мерзімді 5 жылдан астам.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар әрекет ету мерзімі бойынша 1 жылға дейінгі мерзіммен қысқа мерзімді, 1жылдан 10 жылға дейінгісі орташа мерзімді, ал 10 жылдан астамы ұзақ мерзімді деп сараланады.
5. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
- азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
- мемлекеттік (бюджеттік), ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырылады.
Мемлекеттік инвестициялардың жеке инвестициялардан айырмашылығы мынада:1) мемлекеттік инвестициялар көздері бюджеттік қаражат болып табылады;2) мемлекеттік инвестициялар қайтарымдық және ақылы түрде жүзеге асырылады;3) мемлекеттік инвестициялароларды берудің негіздемесін және тәртібін мемлекет белгілейтіндігімен сипатталады;4) мемлекеттік инвестициялардың көлемі мен мөлшері мемлекеттік бюджеттің бекітілуіне байланысты;5) мемлекеттік инвестициялардың мақсатты пайдаланылуына мемлекет бақылау жасайды;6) мемлекеттік инвестициялар мемлекеттік қазына мүлкімен қамтамасыз етіледі. Ал, жеке инвестициялардың басты ерекшеліктері мынада: инвестициялардың көздерін, олардың көлемдері мен мөлшерлерін инвестордың өзі белгілейді, ал мемлекет инвестордың құқықтарын мүмкін болатын қолсұғушылықтан, оның ішінде мемлекеттік органдардың да қол сұғуынан қорғауды қамтамасыз етеді.
6. Инвестордың қатысу түріне байланысты:
- қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас);
- инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп жатқан кәсіпорындардыөз меншігіне алу;
- жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе басқа да құнды қағаздар түріне алу;
- табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да мүліктік құқықтарға концессия алу.
7. Тәуекел дәрежесі бойынша:
- тәуекелі аз инвестициялар. Ол белгілі бір табыс табу мүмкіндігінің жоғары дәрежесін негізге ала отырып, қауіпсіз деп танылған инвестициялар, алайда өзінің айрықша кепілділігіне байланысты, инвестициялардың басқа түрлерімен салыстырғанда, олардың табыстылығы төмен (дамыған елдерде бұл - мемлекеттік бағалы қағаздарға, жетекші және беделді компаниялардың акцияларына салынған салымдар).
- тәуекелі жоғары инвестициялар. Ол белгілі бір табыс табу мүмкіндігінің төмен дәрежесін негізге ала отырып, алыпсатарлық деп танылған инвестициялар. Инвестициялау және алыпсатарлық - бұл, жалпы алғанда, инвестициялық қызметке деген бір - біріне қарама - қайшы екі кереғар түсінік. Халықаралық тәжірибеде олардың арасын ажырату инвестициялық табыстың қаншалықты жорамалды және күтілетін нәтижесіне байланысты болады: инвестициялау барысында сатып алынып жатқан бағалы қағаздардың құны орнықты болып қала береді және олар табыс әкеледі деген толық сенімділік сақталады, ал алып сатарлықта мұндай сенімділік жоқ. Алыпсатарлық инвестицияларды жүзеге асыру барысында тәуекелдік жоғары болып тұрғанда, көбірек табыс табу да көзделеді.
Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты факторларға тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне және жобаның масштабы мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін болатын әрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру, өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік тапсырыстарды орындау және т.б.). Дәрежені бағалау критерийлері мыналар болуы мүмкін:
- барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы мүмкін;
- жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік табысты жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағдарысты болып табылады;
- барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа ұшырауы немесе апаттық тәуекел.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, егер бағалы қағаздардың қазақстандық нарығы туралы айтсақ, онда қазақстандық кәсіпорындардың бағалы қағаздарына инвестициялар салудың жеткілікті дәрежеде тәуекелді іс екені аңғарылады. Біздің еліміздің азаматтарының отандық қаржы және экономика институттарына деген орнығып қалған сенімсіздігін жою үшін, көп жылдар бойы адалдықпен тер төгіп, қызмет ету керек.
Әлемдік тәжірибеде ғылыми - техникалық зерттеулерге, жаңалық ашуға және өнертабыстарға кредит беруге және қаржыландыруға байланысты венчурлік операциялар аса тәуекелді болып саналады. Тәуекелдіктің жоғары дәрежесіне қарамастан, венчурлік бизнес шетелдік мемлекеттерде ,ғылым мен техниканың дамуына септігін тигізеді, бірақ бұл, негізінен, іргелі ғылымның емес, қолданбалы ғылымның дамуын қамтамасыз ететінін айта кету керек.
8. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы мүмкін:
- жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып жатқан жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың салынуы;
- шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі - өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың екінші және келесі кезектерін, қосымша өндіріс кешендерін және өндірістерді, жаңа кәсіпорындарды салу немесе қызмет етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту;
- шаруашылық жүргізіп жүрген кәсіпорынды қайтв құру - моральды тұрып қалған және физикалық жағынан тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы жаңа өнімнің шығарылуының профилін өзгерту мақсатымен өндірісті толық немесе жартылай қайта жабдықтауды ортақ жоба бойынша жүзеге асыру;
- техникалық қайта қамтамасыздандыру - жекелеген цехтардың, өндірістердің, учаскелердің өндірісінің техникалық - экономикалық деңгейлерін арттыруға бағытталған шара кешендерін жүргізу.
9. Субъектілік белгісі бойынша инвестиция 2 түрге бөлінеді:
- шетелдік;
- ұлттық.
Шетелдік және ұлттық инвестицияларға бөлудің жалпыға ортақ белгісі болып мынадай ұстаным танылады: инвестициялар инвестордың елінде немесе басқс бір елде жүзеге асырылады. Екеуінің айырмашылығы олардың құқықтық мәртебесінде. Мысалы: мемлекет жаңа инвестициялық заң қабылдаса, шетелдік инвесторлардың келісімдерінің мерзімі аяқталғанға дейін, олардағы шарттар және қарастырылған жеңілдіктер мен артықшылықтар өзгеріссіз қала береді. Ал, ұлттық инвесторлардікі өзгереді.
Инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық жобалау концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан - жақты бағалау үшін қажет. Бұл жерде құқықтық жағынан да аса маңызды болып есептеледі. Оларды айқын заңдық түрде орнықтыру және икемді қолдану республикада қолайлы инвестициялық жағдайды орнатуға және жүріп жатқан инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыруға септігін тигізетіні анық [6. 182-189,25].
1.2. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының құқықтық негізі.
Инвестициялық саясат дегеніміз - халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты [25]. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе - теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс [32].
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының негізгі тарапы ел азаматтары тұрғысынан қайта қалыптасудың және басқа қиындықтарын азайтуға ұмтылатын әлеуметтік - экономикалық бағыт болып табылады. Мемлекеттік үкімет органдарының жүргізген ішкі саясаты көбінесе саясаттың тұрақтылығын, қоғамдық және ұлтаралық келісімдерді сақтау, Қазақстан Республикасында инвестициялық саясатты жэне демократиялық саяси жүйелерді нығайту болып табылады. Демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және жоғары мемлекет ретінде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұрақты жұмыс істеуі белгілі бір шамада сыртқы саяси салаға байланысты .
Қазақстан Республиксының сыртқы саясаты жан - жақтылығымен ерекшеленеді, оның мәні тең құқықтық, өзара тиімді шарттарда әлемдік қауымдастықтық барлық елдерімен сыртқы экономикалық және инвестициялық саясатты қалыптастырудан тұрады. Яғни еліміз бүкіл әлемде бейбіт пен тұрақтылыққа бағытталған бейбіт сыртқы саясатты жүргізуде. Қазақстанның геосаясатында ең маңызды нәрсе тәуелсіздік тұғырын сақтап қалу, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
Ішкі инвестициялық ресурстардың мүлдем жоқ кезінде шетел капиталы өндірістің жандануына, экономикалық реформалардың дамуына себеп болып, белсенді иивестициялык саясатқа көшудің нсгізгі қаланды. Сондыктан да, Қазақстан үшін шетел инвестицияларын тарту экономикалық дамуы барысында маңызы зор екенін айта кеткен жөн [11. 102 бет].
Республиканың әлеуметтік - экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды құру, сондай - ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды. Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде, "Шетел инвестициялары туралы "Заң (1991ж.), "Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже" (1993ж.);"Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы " ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж.); "Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі " ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996ж.); " Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы "ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж.) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды. Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады; жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту , елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны мен әртараптандыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін , олардың функциялары мен міндеттерін анықтады. [6.174 - 175 бет]
2000 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша отандық пен шетел инвесторларының жеке капиталын салудың басым бағыттарына төмендегілерді жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл өнеркәсіптің , агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларының , машина жасаудың , құрылыс материалдары өнеркәсібі мен мұнай , химия өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салу мен реформалар жүргізу.
Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңберінде жүзеге асыру қарастырылады.
Мемлекетіміз өз инвестициялық саясатын қалыптастыруда тек тікелей инвестицияға байланысты істерді атқарып қана қойған жоқ. Яғни, инвестицияға байланысты заңдар ғана емес, инвестициялық климатқа әсер ететін факторлардың барлығын жай қалдырған жоқ. Осы жерде инвестициялық климатқа(ахуал) анықтама беріп кетсек, ол - капитал жұмсауларды тәуекел дәрежесi және олардың тиiмдi қолдануының мүмкiндiктерiн анықтаған экономикалық, заңға сүйенген, реттеуiш, саяси тағы басқа факторлардың жиынтығы. Қай елде болмасын инвестицияның келуі инвестициялық климат дәрежесіне және оны анықтайтын факторларға тікелей байланысты. Инвестициялық климатты анықтау шетел инвесторларын тарту мен пайдалану саясатының негізгі міндеті болып табылады. Себебі, біріншіден, инвестициялық климат шетел инвесторларына әсер ететін факторларды анықтауға, екіншіден мемлекеттегі жағдайды тереңірек бағалауға, үшіншіден шетел субъектілерінің мінез - құлықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Инвестициялық климат мемлекетте, аймақта және қалада инвестицияның қызмет жағын анықтайтын заңдық, нормативтік, ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени және тағы басқалары бір - бірімен байланысты факторлардың әсерінен қалыптасады. Яғни, инвестициялық климатты бірнеше көрсеткіштер (факторлар) арқылы бағалауға болады. Оларға: экономикалық реформаның жағдайы; банк жүйесінің тұрақтылығы; саяси реформаның тұрақтылығы; табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі; инвестициялық қызметтің құқықтық реттелу дәрежесі және халықаралық стандартқа сай жасалған заңдылықтар мен нормативтік актілердің болуы; инфляция қарқыны; сыртқы экономикалық байланыстар дәрежесі; білікті жұмыс күшінің болуы; мемлекеттік нарық потенцалының сипаты (ЖІӨ, халық саны); нарық инфрақұрылымының және валюта нарығының дамуы және тағы басқалар жатады [6.176-180 бет , 27].
Қазақстан Республикасы Конституциясыың 8 - бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым - қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір - бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады. [34]Осы қағидаға сәйкес біздің мемлекетіміз көптеген жұмыстар істеуде. Осы істелген жұмыстарымыз инвестициялық климатқа оң әсерін тигізуде. Осыған дәлел ретінде ЕҚЫҰ - ның 2010 жыл 1 - 2 желтоқсанында өткен Астана Саммитін айта аламыз [24].
Тәуелсіздік жарияланған кезден бастап, Қазақстан Республикасы инвестицияларды өзара қолдау және қорғау туралы екіжақты келісімдер жасау үдерісіне белсене араласып кетті. Алғашқылардың бірі болып: ҚР мен АҚШ арсындағы ірі қаржы салымдарын өзара қолдау және қорғау; ҚР мен Түрік Республикасы арасындағы өзара көмек және инвестицияларды қорғау туралы және т.б. мемлекеттермен келісімдер жасалып, бекітілді. Құлдыраудан кейін халықаралық келісімдер бекіту 1995 жылы жалғасын тапты. Өзара қолдау мен инвестицияларды қорғау туралы мына мемлекеттермен: Украина Үкіметімен; Испания Корольдігімен; Венгрия, Польша, Италия Республикаларының Үкіметімен және т.б. мемлекеттермен жасалды.
Қазіргі таңда ҚР инвестицияларды қолдау және қорғау туралы 41 екіжақты келісімге қол қойылған.
ҚР жасаған инвестицияларды қолдау және қорғау туралы келісімдерде мемлекет - қатысушылардың инвесторларына өзара негізде екі режим: аса қолайлы режим немесе ұлттық режим беріледі. Инвестор әрбір нақты жағдайда ол үшін олардың қайсысының тиімдірек болуына байланысты, режимді өзі таңдауға құқылы. Екіжақты келісімдердің негізгі мақсаты - тәуелсіз және егемен елдердің өздеріне өзара міндеттемелер қабылдауы, ал ол аймақтық немесе көпжақты келісімдердің жалпы және ұсыныс сипатындағы жағдайына қарағанда, жеткілікті дәрежеде айқын және нақты сипатқа ие [6.190-194 бет].
Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:
1)мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;
2)ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;
3)шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы;
Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу және халық шаруашылығының барынша тиімді аймақтық - салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың үйлесімін қамтамасыз ету - мемлекеттің инвестициялық саясатының негізін құрайды [28].
Осы жерде ең бірінші, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 1995 жыл 30 наурыздағы заңын айта кетсек болады. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:
1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын əзiрлеу жəне жүргiзу;
2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жəрдемдесу. Қазақстанның Ұлттық банкi:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-бiр эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды. Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады жəне олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi мiндеттемелер алады;
2) банктерге, сондай - ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға кредит беруге құқылы. Банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
3)банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережелерiн белгiлейдi;
4)Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады жəне валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы;
5) қызметiнiң бiрден - бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға қолма-қол шетел валютасында бөлшек сауданы жүзеге асыруға жəне қызмет көрсетуге, сондай - ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi;
6)елдің есептiк төлем балансын, халықаралық инвестициялық ұстанымын жəне жалпы сыртқы борышын бағалауды қалыптастырады, төлем балансының қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi жəне ұзақ мерзiмдi болжамды бағаларын əзiрлеуге қатысады, валюталық операцияларды тiркеудi, мемлекеттік кепілдіктері жоқ мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингін жəне Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларының мониторингін (валюталық мониторингті) жүзеге асырады;
7) мемлекеттiң ақша - кредит жəне қаржы статистикасын қалыптастырады;
8) мемлекеттiң ақша-кредит жəне қаржы статистикасын қалыптастырады;
9) жеке жəне заңды тұлғаларға инвестициялық жəне коллекциялық монеталарды сату бағасын белгілейдi;
10) бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісе отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру тəртібін айқындайды;
11) сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай - ақ ішкі валюта нарығында шетелдік валютаны пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асырады.
Жоғарыда аталып өткен мақсаттар мен міндеттерді Ұлттық банкқа бере отырып Қазақстан Үкіметі қолайлы инвестициялық климаттын қалыптастыруға тырысады [17].
ҚР - ы 1997 жылдан бастап алдын - ала стратегиялық жоспарлау саясатын жүргізе бастады. Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi агенттiгi туралы ереже бекітілді(ҚР Президентінің 1997 жылғы 24 наурыздағы N 3423 Жарлығы). Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi агенттiгi (бұдан былай - Агенттiк) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн әрi елдiң дамуының ұзақ мерзiмдi стратегиясын, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн өзге де орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы ведомстволарының, сондай - ақ экономиканың стратегиялық секторларында қызметтi жүзеге асыратын акционерлiк қоғамдар жұмысының жылдық стратегиялық жоспарларын әзiрлеу үшiн жауапты мемлекеттiк орган болып табылады.
Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi:
1) әлемдiк тәжiрибенi зерделеу, жалпы әлемдiк тенденцияларды талдау мен болжам жасау;
2) Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын айқындау;
3) стратегиялық жоспарлаудың принциптерi мен әдiснамасын айқындау;
4) Қазақстан Республикасы дамуының стратегиясын әзiрлеу;
5) Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен мемлекеттiк комитеттерiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасы ведомстволарының, сондай-ақ экономиканың стратегиялық секторларында қызметтi жүзеге асыратын акционерлiк қоғамдар жұмысының жылдық стратегиялық жоспарларын әзiрлеу;
6) Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмалары бойынша аса маңызды мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу болып табылады.
Өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес агенттiк мынадай функцияларды iске асырады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен өзге де республикалық, халықаралық және шетелдiк ұйымдардан ақпаратты жүйелi түрде жинап, тексередi және жiктеп отырады;
2) Қазақстан Республикасының экономикалық жай - күйiн талдау мен болжам жасауды және iшкi әлеуетiне баға берудi жүзеге асырады, сондай-ақ әлемдiк экономиканың дамуының жай - күйi мен болжамдарын талдайды;
3) Қазақстан Республикасының министрлiктерiмен және мемлекеттiк комитеттерiмен, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының ведомстволарымен ведомстволық стратегияны және жылдық стратегиялық жоспарларды әзiрлеу процесiнде өзара iс - қимыл жасайды;
4) өзiне Қазақстан Республикасының Президентi жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады [22].
Осы жерде Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын қысқаша талдап кетсек. Бұл жоспардың 9 - шы бөлімі инвестициялық саясат деп аталады. Онда ең бірінші мақсат көрсетілген,яғни тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ету мақсатында бəсекеге қабiлеттi, жоғары технологиялы жəне ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстi дамытуға басым тəртiппен бағытталатын, ішкi жəне сыртқы инвестициялардың жоғары деңгейiне қол жеткiзу. Содан кейін ахуалды талдаған. Онда: Қазақстандағы ең басты стратегиялық мiндеттердiң бiрi əрдайым елге экономикалық өсу бағдарламасын iске асыруға мүмкiндiк беретiн тiкелей жəне "қоржындық" инвестицияларды тарту болып келдi. Экономиканы дамытуға бағытталған қаржы ресурстары көлемiн едəуiр арттырмайынша IЖӨ өсiмiнiң жыл сайынғы 5-7% деңгейiнде болжанып отырған жоғарғы қарқынына қол жеткiзу мүмкiн емес. Мемлекеттiк жəне жеке инвестициялардың экономикаға тартылған ағымдағы көлемi осы заманғы экономиканың жылдам өсiп отырған қажеттерiн қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз. Негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi қазiргi кезде IЖӨ - нiң 18-19%-ынан аспайтын мөлшердi құрайды, ал елiмiзге осы қолда бар деңгейден екi есе асып түсетiн инвестициялар көлемi қажет деп көрсетілген.
Ары қарай, инвестициялық климатқа әсер ететін жағдайларды талдап,одан кейін сол кездегі мемлекеттің әлсіз және күшті жақтарын талдап, олар бойынша нақты инвестициялық саясаттардың әрекеттері көрсетілеген [18].
Бұл стратегиялық жоспарлау саясаты ҚР - ның даму үрдісіне үлкен өзгерістер алып келді. Ол ағымдағы жағдайды бағалай отырып, алдағы белгілі - бір жыл ішінде дамудың бір үлгісін анықтауда, нақты бір саясат жүргізуге көп септігін тигізіп келеді.
ҚР инвестициялық саясатына Кеден одағын да жатқызуымызға болады. Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы Кедендік Одақтың заң жүзінде 2010 жыл қаңтардың 1 - інде әрекетке кіріскені, ал нақты жағдайда Кедендік Одақ 2010 жыл шілденің 1 - інде басталатындығы баршаға белгілі болатын. Бұл одақтың өмірге келуі аталған үш мемлекеттің сауда - экономикалық саясатына елеулі өзгерістер енгізуді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz