Ағылшын және қазақ тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктер (салғастырмалы талдау)


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ, ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктер (салғастырмалы талдау)
Орындаған:
4-курс студенті Н. Б. Женісова
Ғылыми жетекші:
филол. ғыл. канд. доцент Р. М. Таева
Норма бақылаушы:
филол. ғыл. канд. доцент Ж. М. Уматова
Қорғауға жіберілді:
«__» 2014 ж.
Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы
кафедрасының меңгерушісі:
филол. ғыл. докт. профессор Г. Б. Мәдиева
Алматы, 2014
РЕФЕРАТ
Диплом жұмысының тақырыбы: Ағылшын және қазақ тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктер
Диплом жұмысының көлемі: 57 бет.
Диплом жұмысында пайдаланылған әдебиеттер саны: 52.
Тірек сөздер: лингвомәдениеттану, концепт, зоонимдік метафоралар, когнитивті лингвистика, фразеологиялық тіркестер, салғастырмалы талдау, идеомалар және т. б.
Диплом жұмысының мақсаты: Мәдениет пен тілді өзара біртұтас бірлікте қарастыра және ұлттық мәдени деректерге сүйене отырып, туыс емес ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық жануар атаулары бар бірліктерді әр түрлі мәдениет негізінде салыстыра-салғастыра лингвомәдени және лингвокогнитивтік сараптама жасау арқылы олардың мағына қалыптасуы мен концептілік құрылымындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері: Дипломдық жұмыста алға қойылған мақсат пен міндеттерге байланысты сипаттамалық-синхрондық, салыстырмалы-диахрондық, лингвомәдени және когнитивтік мағыналық талдау, әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің дереккөздері: Зерттеу жұмысымызға 8 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (1974-1986), «Қазақ тілінің сөздігі» (1999), «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» (І. Кеңесбаев, 1977), «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі» (1966), «Бір мың әсерлі де бейнелі орам» (Ә. Қайдар, 2003), «Англо-русский фразеологический словарь» (А. Кунин, 1984), Oxford Compact English Dictionary over 145000 words, phrases and definitions edited by Catherine Jeans. - Oxford University press 2000, «A Dictionary of English Idioms» (B. Herderson, 1954), т. б. сөздіктер мен жинақтардан қазақ және ағылшын тілдерінен 750 (400 - қазақ тілінде, 350 - ағылшын тілінде) фразеологиялық теңеулер жинақталып, талдауға түсті.
Алынған нәтижелер: Ағылшын және қазақ жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктердің уәжі, этимологиясы, ішкі формасына сүйене отырып кешенді түрде зерттелді.
Диплом жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, әр бөлімнің зерттеу қорытындысы ретінде берілген тұжырымнан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
РЕФЕРАТ
Тема дипломной работы: Фразеологические единицы с наименованиями животных в английском и казахском языках
Объем дипломной работы: 57.
Количество используемых источников: 52.
Ключевые слова: фразеологические единицы, фразеологические сочетания, фразеологические сращения, идеомы, когнитивная лингвистика, контрастивная лингвистика, компаративная лингвистика, зоонимы, этнолингвистика, устойчивые выражения.
Объектом данной работы являются фразеологические единицы двух языков: английского и казахского, что представляет смешанный ряд сопоставляемых языков. Причем исследуется не весь фразеологический фонд этих языков, а только обороты лексико-семантического поля «зоонимов».
Целью данной работы: Неисследованность основных вопросов, связанных с семантической структурой данных фразеологизмов и механизмом ее формирования, а также с ролью компонента-зоонима в формировании фразеологического значения обусловили выбор данных фразеологизмов в качестве объекта исследования и определили основную цель работы - изучить семантическую структуру фразеологизмов с компонентом-зоонимом, определить роль компонента-зоонима, а также других компонентов в формировании фразеологического значения, изучить взаимовлияние семантических и грамматических свойств фразеологизмов.
Методы исследования: описательный метод, метод сопоставительного анализа.
Материалом исследования является картотека фразеологизмов с компонентом-зоонимом, насчитывающая 750 единиц (400 на казахском языке, 350 на английском языке) . Источниками материала послужили толковые и фразеологические словари казахского и английского языков, работы отечественных и зарубежных лингвистов справочники по фразеологии.
Работа состоит из введения, двух глав и заключения. После каждой главы на основе анализа материала делаются выводы.
REFERAT
The theme of the diploma project: The comparative analysis of the animalistic phraseological units in the English and Kazakh languages
The size of work: 57.
The number of used literature in references: 52.
The list of the key words: phraseolgical units, comparative methods, descriptive methods, animalistic phraseology, contrastive methods, concept.
The object is the phraseological units with zoonimical component.
The aim of the research: the comparative analysis of animalistic phraseological units and their semantic structure in the English and Kazakh languages.
The tasks of the work:
1. To consider and generalize the main requirements to the phraselogy.
2. To explicate a concept of the animalistic phraseological units and to reveal the regularities of their usage.
3. To analyze their semantic and structural peculiarities.
The methods of the research: Comparative and descriptive methods, method of the system analysis.
The source consists of scientific materials, teaching aids, articles, Oxford Compact English Dictionary over 145000 words, phrases and definitions edited by Catherine Jeans. - Oxford University press 2000, «A Dictionary of English Idioms» (B. Herderson, 1954) . This diploma work is based on works of foreign researches and our Kazakh researches.
The structure of the work: diploma work consists of the introduction, two chapters, conclusion and list of used literature.
МАЗМҰНЫ
1. 2
1. 3
Фразеологиялық бірліктердің топтастырылуы
Фразеологиялық бірліктерді салыстырмалы, салғастырмалы талдаудың қалыптасуы мен зерттелуі
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адам дүниетанымы кеңістікті танып білуден жинақталады. Әр ұлттың әлем бейнесі олардың дүниені танудағы көзқарастарына байланысты. Адам баласының білімі, көрген - білгені, ақылы, ойы мен оның рухани дүниесін, өмірлік тәжірибесін сөйлейтін тілінен бөлмей, тілдік әлемімен бірге қоса қарастыру, нақтырақ айтсақ, кез келген халықтың тілінде ұлттық - мәдени сипатта бекитін дүние бейнесін антропоцентристік тұрғыда зерттеу - қазіргі заманғы лингвистиканың ең негізгі мәселелерінің бірі.
Жан-жануарлар атаулары биология, зоология оқулықтарында, сөздіктерде кездескенімен қазақ, орыс және ағылшын тілдерін салғастыра танымдық тұрғыдан талдап, зерттеген арнайы ғылыми еңбектер жетерлік деп айта алмаймыз. Діні, мәдениеті, тарихы, әлеуметтік және саяси даму жолдары бөлек ағылшын және қазақ халықтары тілдеріндегі фразеологиялық жануар атаулары бар бірліктерді салыстыра-салғастыра зерттеу арқылы олардың бойындағы ұлттық-мәдени ерекшеліктерін айқындау, ортақ айшықтарын табу, теңеулердің жасалуына негіз болған уәждерді ашып көрсету, мағына қалыптасу жолдарындағы ерекшеліктерін анықтау осы жұмыстың өзектілігін айқындайды.
Екі тілдегі фразеологиялық жануар атаулары бар бірліктерді салыстырмалы-салғастырмалы талдау қандай да бір мәдениеттану зерттеулер сияқты тарихпен, дәстүрмен, салғастырылып отырған лингвомәдени қауымдастықтардың өмір салтының ерекшелігімен танысуды тереңдету, сонымен қатар мәдениетаралық қарым-қатынас барысында әр ұлттың ерекшелігін, менталитетін, олардың бір-бірін түсінушілік, ізгіниеттілік пен толеранттылыққа болжау мүмкіндігі де зерттеудің өзектілігін айқындай түседі. Зерттеуде қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық жануар атаулары бар бірліктерді лингвомәдени және лингвокогнитивтік тұрғыдан алғаш рет қарастырылуы да осы жұмыстың өзектілігіне жатады.
Зерттеу нысаны . Ағылшын және қазақ тілдік қорындағы ішкі формаларында жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктер.
Зерттеу пәні. Туыстығы жоқ ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық жануар атаулары бар бірліктерді лингвомәдениеттану және лингвокогнитивтік тұрғыларынан салыстыра-салғастыра талдап зерттеп қарастыру.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Мәдениет пен тілді өзара біртұтас бірлікте қарастыра және ұлттық мәдени деректерге сүйене отырып, туыс емес ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық жануар атаулары бар бірліктерді әр түрлі мәдениет негізінде салыстыра-салғастыра лингвомәдени және лингвокогнитивтік сараптама жасау арқылы олардың мағына қалыптасуы мен концептілік құрылымындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:
• тіл мен этнос мәдениетінің сабақтастығы негізінде қалыптасқан лингвомәдениеттанудың теориялық негіздері мен әдіснамалық ұстанымдарын сипаттау;
• ағылшын және қазақ тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктердің уәждемелік жігін ашу арқылы екі халық мәдениетінің, ұлттық сананың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін көрсету;
• ағылшын және қазақ тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктердегі когнитивті лингвистиканың ұстанымдарына сүйене отырып талдап, екі халықтың дүниетанымында маңызды орын алатын микроконцептілерге салыстырмалы-салғастырмалы лингвомәдени сараптама негізінде олардың ішкі ұлттық мәдени маңызын ашу.
• когнитивті лингвистиканың, лингвомәдениеттанудың жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктерді салыстыра-салғастыра талдап, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау;
• екі тілдің фразеологиялық жануар атаулары бар бірліктердегі теңеу бейнесі негізін құрайтын компоненттерді тауып, оларға лингвомәдени тұрғыдан сараптама жасау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеудің нәтижесінде мынадай мәселелер ғылыми жаңалық ретінде шешімін тапты:
• Құрылымы әр түрлі ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық жануар атаулары бар бірліктердегі алғаш рет когнитивтік және лингвомәдениеттану тұрғысынан салыстыра-салғастыра зерттелді;
• Ағылшын және қазақ жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктердің уәжі, этимологиясы, ішкі формасына сүйене отырып кешенді түрде топтастырылды;
• Ағылшын және қазақ халықтарының ұлттық дүниетанымының фразеологиялық жануар атаулары бар бірліктердегі көрініс тапқан басты танымдық концептілер аймағы, олардың жануар атаулары бар фразеологиялық теңеулердегі көрініс-мазмұны анықталып, лингвомәдени қырлары сарапталды.
• Ағылшын және қазақ тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктердің пайда болу көздері әр халықтың тарихымен, заттық және рухани мәдениетімен, өмір-тіршілігімен тығыз байланысты болғандықтан, олардың мағынасының лингвомәдени және когнитивтік тұрғыдан талдау арқылы тарихи-этимологиялық көздерін ашуға болады.
• Әр ұлттың концептілер жүйесін дүниетаным құндылықтары құрайды. Әр тілдегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктердегі мағына қалыптасу ерекшеліктері оларды концептілік жағынан жіктеуге мүмкіндік береді.
• Жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктердегі жеке көріністер тек сол тілге ғана тән ерекшеліктермен сипатталып, ұлттық нaқышпен бейнеленеді. Олардың лингвомәдени сипатын ашу ұлттық дүниетанымның сыры мен ерекшеліктерiн танып білуге септігін тигізеді.
Зерттеудің теориялық маңызы. Салыстырмалы-салғастырмалы лингвомәдени сараптама өзгенікін біліп, өзіңдікін дұрыс бағалап, тереңіне бойлауға жол ашaды. Кейінгі кезде тіл білімінің шектес теориялық ғылымдар тоғысуындағы пайда болған бағыттарына орай, жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктер лингвомәдениеттану және когнитивтік тұрғыдан сипаттау оны этностық дүниетанымның ажырамас бөлігі мен көрінісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары тіл теориясындағы салыстырмалы-салғастырмалы лингвомәдениеттану және когнитивтік лингвистика теорияларын нақтылай түсуге, мәселелерін айқындауға өз деңгейіне сәйкес үлесін қосады.
Зерттеудің практикалық құндылығы
. Зерттеудің барысында қол жеткен нәтижелер мен тұжырымдарды этнос тарихын, этникалық дүниетанымды тіл арқылы тануға арналған лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвоелтану, этнолингвистика, мәдениетаралық қарым-қатынас теориясы, салыстырмалы фразеология бойынша арнайы курстарда, семинарларда теориялық және практикалық материал ретінде пайдалануға болады. Зерттеуде талдау жасалған тілдік деректерді әр түрлі түсіндірме және тақырыптық екі тілді сөздіктер құрастыруда, ағылшын тілін практикалық тұрғыдан оқытуда қосымша материал ретінде қолдануға болады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері
. Жұмыстың ғылыми теориялық негізі ретінде жалпы тіл біліміндегі, салыстырмалы-салғастырмалы тіл ғылымындағы, лингвомәдениеттану мен когнитивтік лингвистика мәселелеріне арналған, сондай-ақ қазақ, орыс, неміс, ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық теңеулер зерттелген ғылыми еңбектерге жүгіндік. Тіл мен мәдениет арақатынасы мәселелерін зерттеу барысында В. фон Гумбольдт, Ф. де Соссюр, Л. Вайсгербер, А. А. Потебня, И. Н. Телия, В. А. Маслова, Ю. С. Степанов, А. Толстой т. б. және қазақстандық ғалымдар Ә. Т. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жанұзақов, Ж. Манкеева, Г. Н. Смагулова, А. И. Ислам, К. К. Дүйсекова, Г. И. Исина т. б. ғалымдардың ғылыми еңбектері басшылыққа алынып, тілдің ұлттық мәдениет көрсеткіші екендігі теориялық тұрғыдан негізделеді.
Тіл білімінің салыстырмалы-салғастырмалы фразеология саласы бойынша ғылыми тұжырымдар жасап, дәлелдеп, негізін қалаған А. Д. Райхштейн, М. М. Копыленко, Э. М. Солодухо, З. Қ. Ахметжанова, С. Е. Исабеков, Д. Добровольский, М. Т. Сабитова т. б. зерттеулеріндегі негізгі тұжырымдарды бағдар етіп, екі тілдің фразеологиялық теңеулерінің жасалуында, мағына қалыптасуында және концептілік құралымындағы ұқсастықтары мен айырмашылық дәрежелері анықталады. Фразеологиялық теңеулерді әр тілде арнайы зерттеген Т. Қоңыров, Г. Исина, Г. Қарбозова, В. Огольцев, Е. Ройзензн, Э. Бабаев, Р. Глазырин, М. Черемисина, З. Божеева т. б. ғалымдардың еңбектері жұмыстың теориялық негіздерінің бірі етіп алынды.
Зерттеудің әдістері. Дипломдық жұмыста алға қойылған мақсат пен міндеттерге байланысты сипаттамалық-синхрондық, салыстырмалы-диахрондық, лингвомәдени және когнитивтік мағыналық талдау, әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің дереккөздері. Зерттеу материалы мен зерттеудің дереккөздері ретінде жалпы іріктеу негізінде жинақталған қазақ және ағылшын тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктер пайдаланылды. Зерттеу жұмысымызға 8 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (1974-1986), «Қазақ тілінің сөздігі» (1999), «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» (І. Кеңесбаев, 1977), «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі» (1966), «Бір мың әсерлі де бейнелі орам» (Ә. Қайдар, 2003), «Англо-русский фразеологический словарь» (А. Кунин, 1984), Oxford Compact English Dictionary over 145000 words, phrases and definitions edited by Catherine Jeans. - Oxford University press 2000, «A Dictionary of English Idioms» (B. Herderson, 1954), т. б. сөздіктер мен жинақтардан қазақ және ағылшын тілдерінен 750 (400 - қазақ тілінде, 350 - ағылшын тілінде) фразеологиялық теңеулер жинақталып, талдауға түсті.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, әр бөлімнің зерттеу қорытындысы ретінде берілген тұжырымнан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІ САЛҒАСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Фразеологиялық бірліктер туралы түсінік және оның қасиеттері
Әлемдегі тіршіліктің бар саласын қамтитын әр ұлттың өзіне ғана тән көркем сөз орамдары - фразеологизмдерді молынан кездестіруге болады. Фразеологизм тілдің айшықты да, мәнерлі, бай салaсының бірі. Бұлар өзінің бейнелік, әсерлік, экспрессивті - эмоциялық, суреттеме қасиетімен ерекшеленіп көзге түседі. Осындай көркем, пәрменді бояуы қанық алуан түрлі фразеологизмдерді халық орынды пайдаланып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келедi. Халықтың талай ғасыр сомдап шығарған тұрақты тіркестерi - фразеологизмдер тіл қазынасының бір бөлігі екeні даусыз.
Фразеология - «phrasis» - орам, сөйлемше «logia» - ұғым, ілім деген грек сөздерінен жасалған тeрмин. Бұл атау негізінен екі түрлі мағынада қолданылaды. Бірiншіден, тілдегі тиянақты тұрақты сөз тіркестерін қазіргі және тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тіл білімнің бір саласы дегенді, екіншіден - белгілі бір тілдегі фразеологимдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Сондықтан болар фразеологизмдер көкейге қонымды, ықшам, ұтқыр да ұтымды сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жатады. Алғаш рет бұл терминді 1905 жылы Шарль Балли «Тіркесті зерттейтін стилистика» бөлімінде қарастырған. Бұл термин Батыс елдерімен қатар америкалық лингвистерінің еңбектерінен де көрініс тапты [1, 61] . Айшықты сөз өнерінің басым көпшілігі халықтың тұрмыс тіршілігінде, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, діни, наным-сеніміне байланысты туындаған. Олардың құрылымын, тілде қалыптасу кезеңдерін тұрақталу негіздерін зерттеу, сайып келгенде, оқырман қауымды оның тілдік табиғатынан хабардар етіп қоймай, сонымен қатар этнос өмірімен тұтастығымен ерекшеленеді. А. В. Куниннің айтқандай, фразеологиялық бірліктер халықтың тіл байлығы. Осы арқылы сол елдің тарихы, мәдениеті мен әдебиетіне көз жүгірте аламыз [2, 5] .
Соңғы жылдары халықаралық, тіларалық қатынастың дамуына байланысты құрылымы жағынан да мүлдем алшақ тілдерді салыстыра зерттеу тіл ғылымында дәстүрге айналып келе жатыр. Салыстыра зерттеу барысында екі тілдің өзіндік құрылымдық және жүйелік ерекшеліктері мен ұқсастықтары айқындалады. Сондай-ақ, тіл табиғатында осы уақытқа дейін зерттеушілер назарынан шет қалған кейбір құбылыстардың сыры ашылып, осы кезеңге дейін қалыптасқан тұжырымдар басқа қырынан зерделенуі, тілдің өзіндік сипаты айқындатуда. Әр типтес тілдердегі фразеологизмдерді салыстыра зерттеу де өзіндік тұңғиық сыры бар қиындығы да мол күрделі жұмыс.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуге деген құлшыныс академик І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілі фразеологиялық сөздігі» атты көлемді еңбегінен етек бастаған. Бұл құнды еңбек тек қана қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркі тануға қосылған елеулі үлес деп қарауға болады. Автор аталған сөздіктің «Қазақ тілінің фразеологизмдері» бөлімінде қазақ тіліндегі фразеологиялық теорияның мәселесін жан-жақты қарастырып, біраз ілгері дамытқан. Қазақ тілінің фразеологизмдерін зерттеушілердің қай-қайсысы да бұл еңбекті қолданатыны айдан анық [3] .
Фразеологиятану ғылымында фразеологизмдердің басты белгілері, релеванттық қасиеттері ретінде үш ерекшелігі аталады:
а) даяр қалпында жұмсалу белгісі;
ә) мағына тұтастығы;
б) тіркес тиянақтылығы.
Фразеологизмдердің дайын қалпында жұмсалу белгісі - тұрақты тіркестер қарым-қатынас процесінде, сөйлеу кезінде жасалынбайды, даяр қалпында біртұтас (бүтін, бірлік) единица ретінде жұмсалады. Фразеологиялық етістіктің бұл қасиеті оны еркін сөз тіркесімен салыстырғанда анық көрінеді.
Мысалы: тамақ ішу, қолды жуу, үй тазалау және to love music, clever man, to build houses деген еркін сөз тіркестері қарым-қатынас процессінде, сөйлесу кезінде бір-бірімен емін-еркін тіркесіп айтылуынан жасалса, ас адамның арқауы, түймедейді түйедей ету, қой аузынан шөп алмас және mare’s nest, small hours, husband’s tea, т. б. тәріздес сөз тіркестер тіркескен күйінде, бүтін күйінде жадымызда айна қатесіз сақталады да, сөйлеу кезінде олардың сыңарлары (сөздер) сөйлеушінің қалауы бойынша тіркеспейді, бүтіннің бөлшектері тәрізді бұрыннан тіркесіп қойған қалпында, өлеңдегі қайырма тәрізді бұлжымай бір тұтас күйінде қолданылады. Мұндай қасиет тұрақты тіркестерге ғана емес, сонымен қатар лексикалық бірлік сөзге де тән. Мысалы: әдемі, жылдам, үндемеу, to talk, to laugh, to smile деген сөзде және бұларға белгілі дәрежеде синонимдес болып келетін «үріп ауызға салғандай», «көзді ашып жұмғанша», «жұмған аузын ашпау», to get a talk with, to give a laugh, give a look, force a smile тәрізді фразеологизмдер дайын қалпында жұмсалу қасиетімен сипатталады.
Мысалы, қазақ-ағылшын тілдеріндегі тұрақты тіркестерді салыстырсақ:
to kill two birds with one stone - екі қоянды бір оқпен өлтіру;
cat and dog life - ит пен мысықтай өмір;
to pick up one’s ear - құлақ түру;
to abound іn courage - жүрек жұтқан болу;
to meet adversіtіes wіth - бәлеге шалдығу, қырсыққа іліну;
to take advantage of somethіng - бірдеңенің пайдасын көру;
to justіfy somebody’s confіdence - біреудің сенімін ақтау;
to talk nonsense, talk rubbіsh, talk rot - аузына түскенін оқтай;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz