Алматы облысының ұлттық құрамының динамикасын картографиялау



КІРІСПЕ
1 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1.1. Облыс өнеркәсібі
1.2. Ауыл шаруашылығы
1.3. Шағын бизнесті дамыту
1.4. Көлік
1.5.Сыртқы экономикалық байланыс
1.6. Инвестициялар
2. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ
2.1. Халық санағының деректерін талдау
2.2.Сыртқы және ішкі көші.қон
2.3. Халықтың орналасу тығыздығы
2.4. Облыс халқының ұлттық және діни құрамы
3 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК.ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАРТАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУДА ГАЖ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ
3.1 Әлеуметтік.экономикалық карталарды құрастыруда ГАЖ.дың рөлі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Менің бітіру жұмысымның тақырыбы: «Алматы облысының ұлттық құрамынының динамикасын картографиялау».
Жұмысыныңмақсаты - кеңес өкіметі дәуірі мен тәуелсіздік алғаннан кейінгіҚазақстандағы көші-қон үдерістерін,оның мәні мен маңызыннегізгі факторларын, түрлері мен нәтижелерін анықтап, Алматы облысыхалқының ұлттық құрамының динамикасының өзгеруін картографиялау мақсатында мынадай міндеттер көзделді:
- кеңес дәуіріндегі көші-қон үдерісін толқындарына, бағыттарына, бары-сына, нәтижелеріне қарай, тарих ғылымында ашылған жаңа тұжырымдамалар негізінде кезеңдерге бөлу;
- көші-қон үдерісінің әр кезеңдегі ішке және сыртқа бағытталған түрлерін (республика ішіндегі, аймақ аралық, КСРО республикаларымен, шетелдік) анықтау;
- көші-қонның саяси-демографиялық катаклизмдермен өзара байланысын көрсету негізінде халықтың ұлттық құрамына тигізген әсерін кезеңдер бойынша талдау;
1. Алматы облысының статистика жылнамасы. Алматы 2009 Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің 2009-2010 жылға мәліметтері.
2. Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің Алматы Статистика департаментінің берген мәліметтері.www.almatyobl.stat.kz.
3. Социально-экономический паспорт Алматинской области за 2008 год;
4. Алматы облысының энциклопедиясы. Алматы, ....... 89б.
5. Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттігі. Алматы, 2007. Б.: 12-19
6. Алматы облысының 2015 жылға дейінгі даму стратегиясы.
7. Алматы облысының 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы. - Алматы: шыққан жылы. Б.:
8. Евтеев О.А.. Проектирование и составление социально-экономических карт. – М.: 1999. 156б.
9. Измайлова Н.В.. Экономическая картография. – Одесса:1980. 112б.;
10. Тикунов В.С.. Моделирование в социально-экономической картографии. – М.: 1985. 280б.;
11. Чепкасов П.Н.. Разработка и составление социально-экономических карт. – Пермь, 1984. 88б.;
12. Заруцкая И.П., Сваткова Т.Г.. Проектирование и составление карт.
13. Салищев К.А.. Системное картографирование природных и социально-экономических комплексов. – М.: МГУ, 1978. 132б.
14. Билич Ю.С., Васмут А.С.. Проектирование и составление карт. – М.: Баспа, 1984. 363б.

КІРІСПЕ

Менің бітіру жұмысымның тақырыбы: Алматы облысының ұлттық құрамынының динамикасын картографиялау.
Жұмысының мақсаты - кеңес өкіметі дәуірі мен тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстандағы көші-қон үдерістерін, оның мәні мен маңызын негізгі факторларын, түрлері мен нәтижелерін анықтап, Алматы облысы халқының ұлттық құрамының динамикасының өзгеруін картографиялау мақсатында мынадай міндеттер көзделді:
- кеңес дәуіріндегі көші-қон үдерісін толқындарына, бағыттарына, бары-сына, нәтижелеріне қарай, тарих ғылымында ашылған жаңа тұжырымдамалар негізінде кезеңдерге бөлу;
- көші-қон үдерісінің әр кезеңдегі ішке және сыртқа бағытталған түрлерін (республика ішіндегі, аймақ аралық, КСРО республикаларымен, шетелдік) анықтау;
- көші-қонның саяси-демографиялық катаклизмдермен өзара байланысын көрсету негізінде халықтың ұлттық құрамына тигізген әсерін кезеңдер бойынша талдау;
- тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстандағы көші-қон үдерістерінің ерекше-ліктерін, оның себептері мен бағыттарын анықтап, тәуелсіздік жылдарындағы көшi-қон үрдiстерiнiң кеңестік кезеңдегі көші-қон үрдістерімен байланысын, ерекшеліктерін, барысы мен нәтижелерін көрсету;
- көші-қон үдерістерінің өркениетті даму жолындағы тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық дамуындағы маңыздылығын айқындау.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы.
Қазақстандағы ХХ ғ. көші-қон үдерістері мен оның этнодемографиялық салдарлары алғаш рет тарихи себеп-салдар және сабақтастық тұрғысынан жан-жақты және кешенді түрде зерттелді;
- кеңестік дәуірдегі көші-қон үдерісі тәуелсіздік кезіндегі көші-қон қозғалысының бағыттары, барысы, қарқындылығы, сондай-ақ, халықтың сандық және сапалық құрамына, республиканың саяси-элеуметтік жағдайы мен этнодемографиялық дамуына тигізген әсерін талданды;
- кеңес өкіметі орнауы қарсаңындағы көші-қонның ерекшеліктері талданды;
- кеңес дәуіріндегі көші-қон үдерісінің саяси, мәдени нәтижелері адамзат қоғамындағы ұлтаралық келісім, шыдамдылық, өзара көмек пен бейбіт қатар өмір сүру құндылықтарының орнығуына байланысты өзгерістерге ұшырауы көрсетілді;
- Қазақстанның тәуелсіздік алу қарсаңындағы көші-қон үдерістерінің ерекшеліктері нақтыланды.
Мен, Алматы облысының ұлттық құрамынының динамикасын талдамас бұрын, алдымен түрлі әдебиеттерді, Алматы облысының статистикалық бюро агенттігінің мәліметтерін (Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық паспорты), ғаламтор сияқты ақпараттар көздерін қолдана отырып облыстың әлеуметтік - экономикалық жағдайы туралы көп мәліметтер жинадым. Сол жинаған мәліметтердің қорытындысы бітіру жұмысының І бөлімінде кеңінен берілген.
Ал жұмыстың ІІ бөлімінде жалпы Қазақстандағы санақ деректері мен көші-қон мәселесі қаралып, облыстағы ұлттар құрамының динамикасына тигізер әсері талданып, сипатталған.
Қазіргі заман талабына сай, ғылым мен техника дамыған тұста барлық алдыңғы қатарлы елдерде қауіпті табиғи құбылыстарды зерттеуде географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) технологияларын қолдану өте жақсы дамыған. Сондықтан да зерттеліп отырған территориядағы әлеуметтік-экономикалық процестерді зерттеу барысында дәстүрлі әдістермен бірге ғылымның жаңа жетістіктерінің бірі - ГАЖ-ды және компьютерлік технологияны қолдандым. Жұмыстың ІІІ тарауында осы бағдарламада жұмыс жасау тәртіптері туралы кеңінен қарастырылған.

1 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Алматы облысы 1932 жылы құрылған. Облыс орталығы - Талдықорған қаласы, тұрғындар саны 126,6. Аумағы 224 мың шаршы шақырым. Елді мекендер саны 836. Халқы 2011 жылдың 1 қаңтарына - 1857,8 мың адам. Олардың ішінде 103 ұлт өкілдері мен ұлттық топтар бар.
Ауылдық кенттік және қалалық округтар саны 274, халықтың тығыздығы 7 адамшаршы км. Талдықорған қаласы мен Астана қаласының арасы - 1480 шақырым. Облыс оңтүстігінде Қырғыз республикасымен, солтүстік-шығысында және солтүстік-батысында Балқаш көлімен, батысында Жамбыл облысымен шектесіп жатыр. Облыс құрамына 16 аудан мен облыстық маңыздағы 3 қала бар (Талдықорған, Қапшағай, Текелі). Барлық 274 әкімдік, олардың ішінде 16 аудандық, 10 қалалық, 14 кенттік, 234 ауылдық әкімдіктер бар1.
Алматы қаласы - республиканың мәдени, ғылыми және қаржы орталығы.
Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Алматы облысының табиғаты мен жер бедері ала-құла болып келген. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген.
Оның басым бөлігін Сарыесікатыраудың, Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен тілімделген. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері толығымен қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы - Бесбасқан (4442 м) орналасқан. Облыстың оңт. және оңтүстік-шығысы Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен (Ұзынқара) жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің т.б. жоталарынан құралған. Жетісу Алатауы мен Іле, Күнгей Алатаулары және Кетпен таулары аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. Алматы облысының оңтүстік-батысын және батысын Шу, Іле таулы үстірттері мен далалары қамтыған.
0.1. Облыс өнеркәсібі
Облыстың өнеркәсіп саясаты 6 аудан мен 3 қаладан құрылған, тауар өндірушілердің үштен екісі орналасқан. Жалпы өндірілген өнеркәсіп өнімінің 78,8 пайызы ірі кәсіпорындардың үлесіне тиеді. Олар мыналар: Голд Продукт ЖАҚ-гі, Алматы қант ААҚ-ы, Бент ААҚ-ы, Саф шыны компаниясы, Компания ФудмастерААҚ-ы, Қазақстан қағазы ЖАҚ-ы, Қайнар ААҚ-ы, Темірбетон ЖШС-гі және т.б. Облыста 32,1 мың ауылшаруашылығы тауар өндірушілері бар, олардың 31,7 мың шаруа және фермерлік шаруашылықтар2.
Облыс өнеркәсібінде ауылшаруашылық шикізаттарын өңдеу басты орында, олардың жалпы өнеркәсіп өнімін өндірудегі үлесі 59,5 пайыз. Облыста бір мыңнан астам ауылшаруашылық шикізаттарын өңдеу кәсірорындары бар. Облыс өнеркәсібі республика тауарлы өндіріс көлемінің 3,3 пайызын қамтиды. Республика тауарлы өндірісінде жүзім шарабы, темекі бұйымы, қант, ашытқы, крахмал, электрлі аккумулятордан облыс жетекші орындарды алады.
2006 жылы 4,3 млрд.теңгенің 4 ірі жобасы құрылысы аяқталды, оған Үркер косметик ЖШС, Нұрмай ЖШС, Казсиликон ЖШС және Қазцинк-Гранит ЖШС жатады. Голд Продукт ЖШС, АҚ-да табиғи шырын және минералдық су, Тұлпар ЖШС-те құрылыс және қаптау кірпішін, Новая строитиельная инициатива ЖШС-де құрылыс кірпішін шығару бойынша қуатты өндірістері іске қосылған. Қазақстанды дамытубанкі Шарын өзеніндегі Мойнақ су электр стансасын құрылысын қаржыландыруда. Заемды қаржы есебінен Берикап Қазақстан ЖШС және Гранита плюс ЖШС құрылыс жүргізілуде. Электр энергиясының аймақтық рыногі Алматы Пауэр Консолидейтед ЖАҚ, Текелі жылу электр орталығы және орташа қойылған қуаты 425 МВт 15 су электр стансалары, оның ішінде 364 МВт Қапшағай СЭС, Алматы 46,9 МВт СЭС каскадтары арқылы көзге түседі.
2008 жылы облыс өнеркәсіп өнімінің 297,6 млрд.теңгені құрады. Экономикаға 174,5 млрд.теңге инвестиция салынды.
Ал 2011 жылдың қорытындысы бойынша облыста қазіргі бағамен 422,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі - 109,8 пайызды құраған.
Тау-кен өндірісі жалпы өндіріс көлемінің 1,6 пайызын құрап, есепті кезеңде 6,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өңдеу өнеркәсібінің үлесі - 82,2 пайызға өсіп, 347,3 млрд. теңгенің өнімі шығарылған. Электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауамен баптау облыстың жалпы өндіріс көлемінің 15,2 пайызын құрайды (64,3 млрд. теңге), сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау - 1,0 пайызды құрады (4,3 млрд. теңге).
Тамақ өнімдерін өндіруде 2010 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда сүт өнімдері - 4,3 пайызға, нан және ұн - 4,0, крахмал және ұн өнеркәсібінің өнімдері - 41,3, дайын мал азығы - 23,7, жеміс-жидек және көкөністі өңдеу мен консервілеу - 24,7, балықты өңдеу және консервілеу - 16,2, сусын - 14,7,темекі өнімдерін өндіру 6,0 пайызға артты.
57 жаңа нысанды іске қосу, 12 өндірісті кеңейту есебінен 1389 жаңа жұмыс орны құрылды.
2012 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағада 104,0 млн.теңгені құрады, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 16,7 млрд. теңгеге артық (87,3 млрд. теңге), нақты көлем индексі 108,2%, өсу қарқыны - 119,1 %.
2012 жылғы қаңтар-наурыз айларында өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі бойынша республикада облыс 5 орынды иеленді.
Өңдеу өнеркәсібінде 2012 жылғы 1 тоқсанда жалпы сала бойынша 81,4 млрд.теңгеге өнім шығарылды, 2011 жылғы 1 тоқсанға қарағанда нақты көлем индексі - 109,0%-ды құрады (67,2 млрд. теңге), өсу қарқыны - 121,1 %.
Жалпы өнеркәсіп бойынша көрсеткіштерді қалыптастыруға өңдеу өнеркәсібі ең көп үлесін тигізеді, өндіріс көлемінде оның үлесі 78,3%-ды құрайды. 2012 жылғы 1 тоқсанда Алматы облысы өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі бойынша республикада 7 орынды иеленді.
Жалпы өнеркәсіп өндірісінде азық-түлік өндірісінің үлесі (18,3 млрд.теңге) 17,6% -ды құрайды және өңдеу өнеркәсібі - 22,5%. Темекі өнімдерін шығару облыстың жалпы өнеркәсіп көлемінің 20,0%-ын және өңдеу өнеркәсібінің 25,6%-ын құрайды.
2012 жылғы қаңтар-наурызда өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігі 12,4 мың. АҚШ долларынадам, немесе былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 105,7% -ды құрады.
Облыста соңғы жылдары өнеркəсіп өнімін өндіруді өсірудің оңды тенденциясы сақталуда. Өндірісті өсіру жұмыс істеп тұрған кəсіпорындардың қуаттылығын арттыру жəне жұмысы тоқтап тұрған кəсіпорындардың қызметін жаңарту, 98 жаңа өндіріс орындарын, учаскелер, цехтарды пайдалануға беру есебінен қамтамасыз ету көзделуде.
Өнеркәсіпті дамыту мақсатында 2003-2015 жылдарға Қазақстан Республикасын индустриялы-инновациялық дамыту бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама аясында бәсекеге қабілетті инновациялық өндірістерді құру жөніндегі жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
0.2. Ауыл шаруашылығы
Алматы облысының ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне қазіргі заманға сай техникамен және жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің жаңа технологияларын игеру бойынша ҚазАгроҚаржының лизингтік бағдарламалары арқылы қолдау көрсетілуде.
Алматы облысының әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, атап айтқанда Алакөл, Жамбыл, Қарасай, Көксу, Панфилов, Сарқанд аудандарының шаруашылықтары лизинг алды. ЖШС-нің майонез шығару үшін Америкалық желіні сатып алу, сояны қайта өңдеу бойынша ағылшын жабдығын сатып алу жөніндегі жобалары іске асты. Еңбекшіқазақ ауданындағы тоған судағы балық шаруашылығына бекіреге және форельге арналған жеке азық өндірісін ұйымдастыруға 540 млн.теңге көлемінде қаржы бөлінді. Осы ауданда Алматы облысы бойынша АП Адал АҚ жобасын қолдау көрсетілді. ЖШС-нің алма, алмұрт, өрік, шие ағаштарын өсіру үшін вируссыз жоғары өнімді отырғызу материалдарын, тамшылатып суару жүйесін, басқа да озық технологияларды қолдану арқылы Интенсивті технология бақтарын құру ауқымды жобасын іске асыруға қолдау көрсетілуде3.
Аграрлық несие корпарациясы АҚ несие серіктестігі желісі арқылы ауалшаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелеу бағдарламасын іске асырады. Облыс бойынша барлығы 890-нан аса ауылшаруашылығы тауарын өндіруші-үлескерлер қатысқан 17НС құрылды. Оларға өсімдік шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ауыл тұрғындарының бірлестіктерін дамыту ынталандырылуда, бұл оларға өнімдерін тұтынушыларға делдалсыз жеткізу мүмкіндігін береді. Аграрлық несие корпарациясының қолдауымен облыста 210 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және 240 жеке үй шаруашылығын қамтитын осындай 20 бірлестік құрылған.
Бұдан басқа, бюджеттен тыс сырттан тартылған қаржы есебінен ет өнімінің өндірісі бойынша Ақ Сұңқар ШҚ, Шығыс Қаратау ШҚ, етті қайта өңдеу бойынша Көк жазық ЖШС, Жас Қанат ШҚ жобалары қаржыландырылады. Жалпы алғанда бес инвестициялық жобаны іске асыру үшін қазірдің өзінде 1 млрд. 645 млн.теңге бөлінді. Облыс халқы өзінің тамақ өнімдерімен толық қамтамасыз етілген.
Облыстың егіс көлемі 885,2 мың га, оның ішінде дәнді дақылдар -491,4 мың га, техникалық дақылдар -19,2 мың№га, майлы дақылдар -100,8 мың.га, картоп және бақша дақылдары -60,7 мың га құрайды.
Облыста мал саны да өсуде. 2007 жылы мал саны мүйізді ірі қара бойынша -719,4 мың бас, оның ішінде сиыр -332,4 мың бас, қой мен ешкі -2664,0 мың бас, шошқа -139,5 мың бас, жылқы -194,4 мың бас, құс -8129,4 мың басты құраған. Ал 2011 жылдың мәліметтері бойынша мал басының саны төмендегідей көрсеткіштерге жеткен: мүйізді ірі қара - 829,8 мың бас (2010 жылмен салыстырғанда 101,3%), қой мен ешкі - 3108,0 мың бас (101,8%), шошқа - 114,5 мың бас (100,6%), жылқы - 238,5 мың бас (102,4%) және құс - 9063,1 мың бас (106,8%).
Ал 2012 жылдың 1 сәуіріне облыстағы ірі қара саны 1,3 пайызға, қой мен ешкі 1,4, жылқы 2,0, шошқа саны 4,3, түйе 2,2, құс 4,8 пайызға артты.
Мал шаруашылығын дамыту мен малдардың өнімділік сапасын арттыруда облыстағы асыл тұқымды мал шаруашылығы базасы мал шаруашылығын тұрақты дамытуға негіз болуда.
Мемлекеттік қолдау көрсетудің нәтижесінде жылдан жылға асыл тұқымды малдардың басы мен үлесінің өсуі мен қатар, асыл тұқымды мал шаруашылықтарының саны да өсуде.
Облыс бойынша бүгінгі күні 156 асыл тұқымды мал шаруашылығы субьектілері жұмыс жүргізуде. Нәтижесінде облыстағы асыл тұқымды малдардың үлесі ірі қарадан 13,3 пайызға, жылқы 12,2, қой 20,0, түйе 48,4, шошқа 29,8, құс 6,5 пайызға жетті.
Балқаш ауданындағы Dinara-Ranch ЖШС-гі, Алакөлдегі Нағашыбек ШҚ, Райымбектегі Кеген Агро ЖШС-гі, Ұйғыр ауданындағы ҚазМалы ЖШС-рі шет ел селекциясының ірі қара малының бағыттағы Герефорд және Ангус тұқымдарын сатып әкеліп өсіруде4.
Облыс бойынша 61,0 мың тонна ет, 131,0 мың тонна сүт, 190,5 млн. дана жұмыртқа өндірілді немесе өткен жылдың осыған сәйкес мерзімімен салыстырғанда ет өндіру 7,2 пайызға, сүт өндірісі 0,4, пайызға артты.
2011 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 286,1 млрд. теңгеге өндіріліп, 2010 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,1%-і құрады.
2012 жылдың 1 қаңтарына берiлген мәлiметтер бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарында 293,5 мың тонна (тірі салмақпен) мал және құс еті өндірілді, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 0,5%-ке артық, тиісінше сүт - 667,8 мың тонна (100,2%), жұмыртқа - 878,7 млн. дана (96,6%), жүн - 7,9 мың тонна (100,9%).
Облыс бойынша 1174,3 мың тонна (алғашқы кіріске алынған салмақпен) дәнді дақылдар жиналды немесе өткен жылға қарағанда 105,1%, оның ішінде дәндік жүгері - 343,0 мың тонна (108,4%), күріш - 58,0 мың тонна (100,5%).
Қант қызылшасының жалпы түсімі 97,3 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 6,2 мың тоннаға артық.
194,0 мың тонна майлы дақылдар жиналды немесе 15,2%-ке артық. Өткен жылмен салыстырғанда майбұршақ өндірісінің көлемі 16,3%-ке, мақсары - 22,1%-ке көбейді.
599,7 мың тонна картоп (102,7%), 708,2 мың тонна көкөністер (108,5%), 62,3 мың тонна жеміс-жидек (112,1%) және 15,5 мың тонна жүзім (95,5%) жиналды.
2009 жылы облыс қой өсірушілерінің Жетісу аймақтық ассоциациясы құрылып, соның негізінде Жетісу асыл тұқым АШӨК-ві аттестациядан өтіп 2010 жылы дистрибъютерлік орталығы мәртебесін алған.
2012 жылы облысымызда жаңадан қуаттылығы 4800 бас болатын фермерлік шаруашылықтар, 2000 басқа арналған мал бордақылау алаңдары және репродуктор шаруашылықтар құру үшін шет елден 1900 бас сатып алу және 50787 бас аналықты етті бағыттағы асыл тұқымды бұқалармен (ұрығымен) сіңіре будандастыру жоспарланып отыр.
0.3. Шағын бизнесті дамыту
2011 жылдың 12 айында шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны 109,0 мың бірлік, онда 289,0 мың адам жұмыспен қамтылған немесе экономикалық белсенді тұрғындардың 29,1 пайызын құрады (2011 жылдың 4 тоқсанына - экономикалық белсенді тұрғындар саны - 993,5 мың адам).
Жалпы сомасы 583,8 млрд. теңге өнім шығарылды, бюджетке түскен түсім 15,5 млрд. теңге (2010 жылмен салыстырғанда 122,0%).
Кәсіпкерлікті дамытуда қолайлы жағдай жасау, әкімшілік кедергілерді жою және төмендету мақсатында рұқсат беру процедураларын (құжаттарын) инвентаризациялау бойынша облыста жұмыстар жүргізілді. Жұмыс барысында мемлекеттік органдардың бақылаушы-қадағалаушы функциялары мен процедураларын (құжаттар) қысқарту бойынша ұсыныс енгізілген5.
Осы мақсатпен әкімшілік кедергілерді жою және кәсіпкерлік саласындағы мәселелерді шешу бойынша Жұмыс тобының құрамы өзектелді. Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік құрылымдардың, Нұр Отан ХДП қоғамдық бірлестігінің, кәсіпкерлер бірлестіктерінің Атамекен Одағы ҰЭП өкілдері және тағы басқалары енгізілген.
Жұмыс тобымен 10 басқармалар мен департаменттер, облыстың 19 аудандары мен қалаларының атқарылған жұмыстарын тыңдау бойынша 2 семинар-кеңес өткізілді.
Жергілікті орындаушы органдармен 40 рұқсат беру құжаттары (процедуралары) қаралып, оның ішінде 7 құжатты жоюға, 15 - оңтайландыру және 18 құжатты қалдыру жөнінде ұсыныс берілді.
Шағын кəсіпкерлікті дамыту жəне қолдау кəсіпкерлік саласындағы жұмыстарға халықтың əлеуметтік - кедей тобын тарту жолымен кедейшілік деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін аймақтық саясат бағыттарының бірден-бір жолы болып табылады.
Соңғы жылдары шағын кəсіпкерлікті дамыту жөніндегі жұмыстар жандандырылды. Жыл сайын шағын кəсіпкерлік субъектілерінің, оларда жұмыс істейтіндер саны өсуде.
Алайда, негізінен бастапқы капиталдың жоқтығынан, халықтың жеке бизнес жүргізуге дайын еместігіне байланысты шағын кəсіпкерлік ауылдық жерлерге қарағанда қалалық жерлерде анағұрлым дамығандығын атап айту қажет.
1.4. Көлік
Облыс Қытай және Орта Азия, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан республикалары арасында маңызды көлік дәлізі болып саналады. Достық теміржол станциясы және Қорғас автокөліктер өтетін жолдар арқылы Қытайға және басқа да әлем елдеріне қазақстандық тауарларды экспортқа шығаруды жүзеге асырады.
Қазіргі заманғы көлік дәліздерін қалыптастыру облыс аумағында бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыру есебінен жалғасатын болады. Жетіген-Қорғас теміржолының құрылысы, Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізін (Алматы-Қорғас автомобиль жолы) қайта жөндеу басталды.
Алматы-Қапшагай, Үшарал-Достық, Алматы-Өскемен автомобиль жолдарын қайта жөндеу, БАКАД автомобиль жолының құрылысы бойынша жобаларды жүзеге асыру көзделді.
Автомобиль жолдары көптеген аймақтар үшін тауарлар, өнеркəсіп жəне ауылшаруашығы жүктерін түсіретін, сондай-ақ жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын бірден - бір артықшылығы бар қатынас құрамы болып табылады. Қазіргі уақытта ауылдық жерлерде барлық аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердің 80 пайызы автомобиль жолдарымен қамтамасыз етілген6.
Жолмен қамтамасыз етуді сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі - аумақтың 1000 шаршы шақырымға жолдарының тығыздығы болып табылады. Облыста бұл көрсеткіш тұтастай алғанда республика бойынша 29,7 шақырымның орнына 42,5 шақырымға тең.
Жыл сайын азаматтардың жеке меншігіндегі барлық автомобиль түрлерінің саны артуда.
Алматы облысындағы маршрут желісі 344 автобус бағытынан тұрады, оның ішінде 40 - қалаішілік, 134 - облысішілік (қалааралық), 71 - ауданішілік, сондай-ақ 99 - елді мекендерді республикалық және облыстық маңызы бар қалалармен жалғастыратын маршруттар. Осы маршруттарда сыйымдылығы мен модификациясы әртүрлі 1949 автобус жұмыс істейді.
Аталмыш маршруттарда 33 заңды тұлға және 3 жеке кәсіпкер автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асырады.
Облыстың аумағында 17 автостанция және Талдықорған мен Қапшағай қалаларында 2 автовокзал орналасқан. Алматы облысында автомобиль көлігі қызметінің көрсеткіші тұрақты өсуі байқалады, өйткені облыстағы тасымалдау көлемінің негізгі бөлігі көліктің осы түрі құрайды.
Мәселен, 2012 жылдың 1 тоқсанның қорытындысы бойынша автомобиль және әуе көлігімен тасымалданған жолаушылар саны 142,6 млн.адамды құрап, бұл 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,4% өсті, жолаушылар айналымы 2347 млн.жолкм құрады (115,5%).
Алматы облысының аумағы автомобиль жолымен қатар өзен, теміржол және әуе сияқты көлік тораптарына ие. Алматы облысы арқылы жалпы ұзындығы 1342,9 шақырым теміржол магистралі өтеді. Бұл фактор аймақтың, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік-мәдени кеңістігіне кіруіне мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар қажетті шарты болып табылады.
Автомобиль көлігімен 33,7 млн.тонна жүк тасымалданып ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22,4 % артты, жүк айналымы 1387,8 млн.ткм құрады (117,5%).
Сонымен қатар облыста 2 әуежай: Талдықорған қаласында -Жетісу Авиакомпаниясы АҚ және Іле ауданы Боролдай кентінде -Альтаир Эйр ЖШС орналасқан.
Талдықорған әуеайлағы Жетісу авиакомпаниясымен бірге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімшелерімен бірге облыстық орталықтан 15 шақырым жерде, теңіз деңгейінен 600 метр биіктікте орналасқан. Ені 44м және ұзындығы 2500м, асфальтбетон төсеніш төселген бір ұшу-қону жолағы бар. ТУ-154, ТУ-134, ЯК-40, ЯК-42, АН-24, ИЛ-76 ұшақтарын және МИ-8 тікұшақтарын қабылдауға қабілетті.
Қазіргі таңда Жетісу Авиакомпаниясы АҚ арқылы әлеуметтік маңызы бар Талдықорған-Астана-Талдықорған әуебағыты жүзеге асырылады.
2012 жылдың 1 тоқсанның қорытындысы бойынша осы әуеқатынасы бойынша әуежай арқылы 5871 жолаушы жөнелтіліп, ол 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8 %-ға өсті, 94 рейс орындалып, нақты жолаушы айналымы 5094 мың жкм құрады және ұшқан сағаттың саны - 396.
Іле ауданы Боролдай кентіндегі әуежайы (Альтаир Эйр ЖШС) ені 35 м және ұзындығы 1410 м, сыйымдылығы 16 ұшаққа (АН 26, АН 30 түріндегі) немесе (МИ-8 түріндегі) тікұшақтарға арналған.
Қазақстандық әуекомпания SKY SERVICE 2005 жылдан бастап өзінің қызметін кіші авиацияда жүзеге асыруда, ұшақпен және вертолетпен жолаушыларды тасымалдайды, оның ішінде туристік маршруттар, патруль, жолаушылар тасымалы, аэрофотосурет және т.б. Аталмыш компания Іле ауданындағы Боролдай кентінің әуежайынан туристерді вертолетпен Тамғалы Тас, Шарын арнасы, ХанТәңірі, Солжақ Талғар, Турген сарқырамасы, Қапшағай су қоймасы, Көшпенділер сарайы, Есік, Ассы обсерваториясы, Солдат шатқалы, Табаған, Алакөл көлі, Балқаш көлі, Көлсай көлі туристік объектілерге тасымалдайды.
Ұшу паркінің негізін EUROCOPTER және BELL Helicopter TEXTRON завод өндірушілердің вертолеттары құрайды. Сондай-ақ Paper PA-42 Cheyenne III американдық ұшақ құрастырушы компанияның жеңіл ұшағы бар, барлығы 9 вертолет және 1 ұшақ бар.
Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 254 Жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдау қызметін көрсету құқығына конкурс ұйымдастыру және өткізу туралы қаулысын орындау мақсатында, басқармамен 2012 жылдың 1 сәуіріне 13 лот бойынша тұрақты маршруттарға қызмет көрсету құқығына 6 конкурс өткізілді.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде басқармамен Көлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заң жобасына, сондай-ақ Алматы облысында шағын авиацияны дамыту мәлелесі бойынша ұсыныстар әзірленіп жолданды7.
2012 жылы көлік саласында келесі іс-шаралар жүргізулуде:
- жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдау қызметін көрсету құқығына конкурс ұйымдастыру және өткізу;
- облыстың елді мекендерін Алматы қаласымен жалғастыратын қала маңы маршруттарын реттеу;
- 500 метрге ұзарту және 50 метрге дейін кеңейту көзделінген Талдықорған қаласының әуеайлағына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, ұшу-қону жолағының алып жүру қабілетін күшейту және светосигналды құрылғыны ауыстыру;
- Жетіген - Қорғас теміржол бағытының екінші кезегін пайдалануға беру;
- жаңа облысішілік маршруттарды ашу;
- жылжымалы құрамды жаңарту;
- облыстың жергілікті өкілді органымен бекіту үшін субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар залалды маршруттар тізбесін құрастыру.
1.5. Сыртқы экономикалық байланыс
Облыстың әлемнің 120 елдерімен сауда-серіктестік қатынасы бар, 38 елмен экспорттық жеткізілім жүзеге асырылады, импорт тауарлары 116 мемлекеттен түседі.
3.6. Инвестициялар
2011 жылы облыс экономикасына 371,8 млрд. теңге инвестиция тартылды, бұл 2010 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда 114,5 пайызды құрады.
Инвестицияның негізгі көлемі - кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаттары есебінен - 204067,5 млн. теңге немесе 54,9 пайыз, республикалық бюджеттен - 37056,6 млн. теңге немесе 9,9 пайыз, жергілікті бюджеттен - 31176,2 млн. теңге немесе 8,4 пайыз, шетел инвестициялары - 51298,3 млн. теңге немесе 13,8 пайыз және басқа да несие қаражаттары - 48239,8 млн. теңге немесе 13 пайыз.

2. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ
2.1. Халық санағының деректерін талдау
Бізді қошаған табиғи орта мен бірге еліміздің қоғамдық өндірісінің орналасуы мен дамына әсер ететін факторлардың бірі адам. Еңбек дағдысы, өндірістік тәжірибесімен қаруланған халық қажетті өндіріс құралдарын, тұтыну заттарын жасап, еліміздің басты өндіргіш күштері бола отырып, мұндай материалдық игіліктерді өзі де тұтынады.
Жалпы халықтың санын, өсіп-өнуін, жыныстық-жастық құрылымын, географиялық орналасуын, тығыздығын, қала мен ауыл халқы арақатынасын, аймақтық ерекшеліктерін білудің маңызы зор. Бұл демографиялық деректер өндірістің мамандануына, шаруашылықты орналастыру мен оның құрылымы, қарқынына әсер етеді. Керісінше өндірісте халықтың орналасуына белгілі бір мөлшерде ықпал етеді. Алматы облысының халқының санын, оның ұлттық құрамының өзгеруін талдамас бұрын мен ең алдымен елімізде болған халық санақтарының деректеріне тоқтала кеткенді жөн көрдім.
Әрбір елдің халқы туралы деректерді халық санағы береді. Ең алғашқы халық санағы 1897 жылы Қазақстан Ресей империясының құрамында болған кезде, одан кейін 1926, 1939, 1959, 1970, 1979 және 1989 жылдары Бүкілодақтың құрамында болған кезде өткен. Кеңес Одағы жылдарындағы соңғы халық санағы 1989 жылы жүргізіліп, Қазақстан халқының саны 16,5 млн. адамды құрап, оның алдындағы халық санағымен салыстырғанда 2 млн.адамға өскен болатын (1-кесте).
Ал тәуелсіз Қазақстандағы бірінші халық санағы 1999 жылы жүргізіліп, халықтың саны 14 млн 925 мың 400 адам болып, 1989 жылмен салыстырғанда 1 мон 246,7 мың адамға немесе 7,7 %-ға кеміді 7.

Қазақстан Республикасы халқы санының өзгерісі
1- Кесте

Облыстар мен қалалар атаулары
1989
жылғы халық санағы
1999
жылғы халық санағы
1989 және 1999 жылдар арасындағы айырмашылық (+- артық; --кем)
2009
жылғы халық санағы
1
2
3
4
5
6
1
Қазақстан Республикасы
16199,1
14951,6
-1247,6
16196,8
2
Ақмола
707,8
544,2
-163,6
835,7
3
Ақтөбе
732,7
681,4
-51,3
707,9
4
Алматы
1642,9
1559,5
-83,4
1642,3
5
Атырау
424,7
439,7
+15,0
496,0
6
Шығыс Қазақстан
1767,2
1527,3
-239,9
1530,8

1-кестенің жалғасы
1
2
3
4
5
6
7
Жамбыл
1038,7
983,8
-54,9
1025,0
8
Батыс қазақстан
629,5
617,6
+11,9
618,8
9
Қарағанды
1745,4
1411,7
-333,7
1411,7
10
Қызылорда
574,5
595,5
+21,0
636,9
11
Қостанай
1223,8
1029,9
-193,9
894,2
12
Маңғыстау
324,2
316,9
-7,3
416,5
13
Павлодар
942,3
805,6
-136,7
747,6
14
Солтүстік Қазақстан
1268,7
1017,4
-251,3
725,9
15
Оңтүстік Қазақстан
1823,5
1981,1
+157,6
2356,5
16
Алматы қаласы
1071,9
1120,7
+48,8
1420,8
17
Астана қаласы
281,3
319,3
+38,0
678

Ал екінші, яғни 2009 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша санақаралық кезең ішінде республика халқының саны 1022,9 мың адамға өсті, өткен 1999 жылғы санақпен салыстырғанда халық санының өсімі 6, %-ды құрады. Қазақстан халқының саны 16196,8 мың адамды құраса (20011 жылдың 11 қаңтарында -16 млн 4333 мың адам), ал Алматы облысының халқының саны 1642,3 адамды құрады. Бұл көрсеткіш 1999 жылмен салыстырғанда өскен, себебі ол жылдары елден өз отанына қоныс аударушылар легі көп болуына байланысты халық саны 1989 жылмен салыстырғанда азайған еді.

Халық санақтарының деректері бойынша Қазақстан Республикасы
халқының саны (адам, пайызбен)
2-кесте.
Халық санағы өткен жыл
Барлық халық
%-бен
Қала халқы
%-бен
Ауыл халқы
%-бен
1959
9303801
100
4138651
44,5
5165150
55,5
1970
13026274
100
6636116
50,9
6390158
49,1
1979
14709508
100
7980457
54,3
6729051
45,7
1989
16232324
100
9269000
57,1
6963324
42,9
1999
14981281
100
8455783
56,4
6525498
43,6
2009
16009597
100
8662432
54,1
7347165
45,9

Жоғарыдағы кестеде көрсетілген деректерді талдап көрелік (2-кесте). 2009 жылғы санақ деректеріне сенсек, ел тұрғындарының саны 16009597 адамға жетіпті. 1959 жылмен салыстырғанда Қазақстан халқының саны 6705796 адамға өскен екен. Негізінен бұл өсім соғыстан кейін қазақтардың жанталасқан демографиялық дүмпуі мен коммунизм құрылыстарына, тың игеруге көптеп әкелінген комсомолдар мен қылмыскерлердің арқасында пайда болды. Қазақстандықтардың саны тек КСРО ыдырап, орыстілділердің өз отандарына жапырыла көшуі кезінде ғана төмендеді. 1989 жылғы халық саны 1999 жылы 1251043 адамға кемігенін көреміз. Өткен он жылда Қазақстан халқы 1989 жылғы сандық деңгейіне қайта жетті. Негізінен бұл өсім - қазақ халқының өсімі болып табылатыны ешкімнің дауын туғызбас.
Халқының саны бойынша Қазақстан ТМД-да Ресей, Украина және Өзбекстаннан кейінгі төрінші орынды, ал әлемде 51-ші орынды алады. Халық санының өзгерісі табиғи өсім және көші-қонға байланысты.
Халықтың табиғи өсімі дегеніміз әрбір 1000 адамға шаққандағы туған және өлген адамдардың арақатынасы.
Кеңес жылдарында Қазақстан халықының табиғи өсімі 17,4 адамды құрды. Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша Орта Азия республикалары мен Әзірбайжанға 2 есе жол беріп және керісінше елдің Еуропалық бөлігіндегі мысалы Ресей және Украина сияқты басқа республикалардан 2,5 рет асып түсті. Одақтың орташа табиғи өсімі 9 адамды құрады (1 сурет).
Қазақстандағы нарықтық қатынастың өтпелі кезеңінің қиындықтарымен байланысты демографиялық жағдай күрделі болуда. Бұл туудың, орташа өмір сүру жасының төмендеуі, айырылысудың өсуі, некелесу санының азаюы т.б. көрінеді. Туу деңгейінің Қазақстанның барлық облыстары сияқты Алматы облысындағы қалалық және ауылдық жерлерде де байқалды. Егер 50-ші жылдардың соңында орташа қазақ әйелдері жеті бала туса, ал 90-шы жылдардың басында үш, ал 2000 жылдардың басында бір не екеу ғана болды (3-кесте).
Бірақ туудың төмендеуі тенденциясына қарамастан, жалпы алғанда, республикада жоғары туу қазақ халқында сақталып, олардың үлесіне бүкіл туудың 60 %-дан астамы, ал орыстарға 20 %-ы келді. Қазіргі мезгілде ір 1000 тұрғынға шамамен 23 туып, ал жалпы өлім коэфициенті 10 адамды құруда. Осының нәтижесінде халықтың қазіргі табиғи сімі шамамен 13,4 адамды құрайды.

Халықтың табиғи қозғалысы (1000 адамға есептегендегі)
3-кесте
Көрсеткіштер жылдар
1970
1980
1990
2000
2009
Туғандар саны
23,4
23,9
21,7
14,7
22,4
Өлгендер саны
6,0
8,0
7,7
10,1
9,0
Табиғи өсім
17,4
15,9
14,0
4,6
13,4
1000 туғандарға 1 жасқа дейінгі өлгендер саны
25,9
32,7
26,4
19,6
18,2
Халық саны (жыл соңына млн.адам)
13,2
15,0
16,8
14,9
16,0
Жастың ұзақтығы
70,1
67,4
67,6
65,4
68,6

1-сурет. Алматы облысы халқының табиғи өсім картасы.

Қазақстандағы қоныстанушы жеке ұлттардың арасындағы табиғи өсім деңгейі біркелкі емес. Едәуір жоғары табиғи өсім өзбектерде-24,4 %, қазақтарда -21,9 %, ал төменгі өсім орыстардың -27 % және украиндықтардың- 1 % арасында сақталынуда.
Тағы бір маңызды мәселе - урбанизация үдерістері. 1959 жылдан 1989 жылға дейін еліміздегі қала тұрғындарының саны тұрақты түрде ұлғайып келген. Кеңес өкіметі құлаған кезде орыстілділердің көптеп көшуі қала мен ауыл тұрғындарының балансына кері әсерін тигізді. Қалаларда босаған орынға құлдыраған қазақ ауылының тұрғындары келе бастады. Қисынға салсақ, ауылдықтардың саны кеміп, қалалықтардың үлесі ұлғаюы тиіс болатын. Алайда, іс жүзінде олай болмады. Қазақстандағы біраз қалалардың мәртебесі кент деңгейіне дейін төмендеді. . Кеңес өкіметі құлаған кезде орыстілділердің көптеп көшуі қала мен ауыл тұрғындарының балансына кері әсерін тигізді. Қалаларда босаған орынға құлдыраған қазақ ауылының тұрғындары келе бастады. Қисынға салсақ, ауылдықтардың саны кеміп, қалалықтардың үлесі ұлғаюы тиіс болатын. Алайда, іс жүзінде олай болмады. Қазақстандағы біраз қалалардың мәртебесі кент деңгейіне дейін төмендеді. Осы себепті болар ауыл-қала балансы аса үлкен өзгеріске түспеді. 1989 жылы ел тұрғындарының 57,1 %-ы қалаларда тұрса, бүгінгі күні олардың үлесі 54,1 %-ға дейін төмендеді.
Ал облыстағы аудандар бойынша соңғы жылдардағы табиғи өсім 2011 жылы 7 014 адамға , ал 2012 жылы 6 763 адамға кеміді. Облыс ішінде бұл көрсеткіштің ең жоғары мәні Қарасай, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарында тіркелген. Мәлімет бойынша бұл көрсеткіш 1 038 адамды құрайды. Ал туылғандар мен өлгендер саны да соңғы жылдары осы аудандарда болып отыр (4-кесте). Туылғандардың ұлты бойынша қазақтар, одан кейін орыстар және әзербайжандар алдыңғы қатарда тұр. Мысалы, Қарасай ауданындағы туылғандар саны 1500 ге дейін , ал өлгендер саны 1457 адамға жетіп отыр.
Некеге отырғандар мен ажырасқандар да осы аудандарда көп тіркелген. Мұның ең басты себебі бұл аудандардың қалаға жақын орналасқандықтан тұрғындарының көп болуына, қролайсыз жағдайлардың көп тіркелетіндігіне байланысты.
Тағы бір назар аударарлық мәселе - аймақ-аймақтардағы демографиялық өзгерістер. 1999 жылдан бері өткен он жылда Республика халқы 6,9 %-ға өскені анық. Аймақтардағы демографиялық өзгерістер бірдей болған жағдайда облыстардың барлығында халық саны осы шамада өсуі тиіс еді. Алайда, еліміздің аймақтарындағы жағдайдың бірдей емес екені хақ.
1999-2009 жылдар аралығында Қазақстанның 7 облысы, Алматы және Астана қалалары тұрғындарының саны артқан. Өсім, байқап отырсақ, негізінен қазақтар мекендеген аймақтардың арқасында мүмкін болып отыр. Мысалы, осы кезеңде Алматы облысы тұрғындарының саны 116,1 %-ға, ал Алматы қаласындағы тұрғындар саны 120,8 %-ға өскен (5-кесте).

Халықтың табиғи қозғалысы туралы мәліметтер
4-кесте

Табиғи өсім (кему), адам
Туылғандар, адам
Өлгендер, адам
Некелесу
Ажырасу

2011
2012
2011
2012
2011
2012
2011
2012
2011
2012
Облыс бойынша
7 014
6 763
11 062
10 700
4 048
3 937
3 413
3 964
915
980
Ақсу
156
154
241
239
85
85
58
88
15
17
Алакөл
216
251
370
412
154
161
84
138
19
35
Балқаш
104
87
168
158
64
71
73
68
9
8
Еңбекшіқазақ
924
937
1 414
1 466
490
529
429
501
108
113
Ескелді
189
131
319
273
130
142
98
108
22
20
Жамбыл
480
569
732
805
252
236
265
287
55
46
Іле
871
774
1 251
1 164
380
390
391
449
100
123
Қарасай
1 038
1 007
1 500
1 457
462
450
489
546
127
129
Қаратал
81
131
217
236
136
105
54
95
17
10
Кербұлақ
196
176
291
265
95
89
89
109
8
24
Көксу
135
133
240
226
105
93
65
74
16
26
Панфилов
564
551
806
752
242
201
227
278
55
52
Райымбек
309
299
477
477
168
178
174
164
18
16
Сарқант
96
124
254
209
158
85
75
65
16
7
Талғар
672
597
1 035
949
363
352
287
359
89
115
Ұйғыр
279
282
425
398
146
116
125
148
37
29
Қапшағай қ. ә.
177
127
302
297
125
170
130
164
43
65
Талдықорған қ. ә.
520
447
893
808
373
361
251
261
127
130
Текелі қ. ә.
7
-14
127
109
120
123
49
62
34
15

Өңірлердегі халық саны
5- кесте

Барлық халық, адам

1999
2009
%
Қазақстан Республикасы
14981281
16009597
106,9
Ақмола
827254
737495
89,1
Ақтөбе
682558
757768
111,0
Алматы
1557269
1807894
116,1
Атырау
440286
510377
115,9
Батыс Қазақстан
616800
598880
97,1
Жамбыл
988840
1022129
103,4
Карағанды
1410218
1341700
95,1
Қостанай
1017108
885570
87,1
Қызылорда
624991
678794
108,6
Маңғыстау
314669
485392
154,3
Оңт. Қазақстан
1978339
2469357
124,8
Павлодар
806983
742475
92,0
Солт. Қазақстан
725980
596535
82,2
Шығыс Қазақстан
1531024
1396593
91,2
Астана қ.ә.
328341
613006
186,7
Алматы қ.ә.
1130621
1365632
120,8

Бүгінгі күннің басты мәселесі - өңірлердің саяси, әлеуметтік, экономикалық дамуына халық санының кемуінің кері әсерін тигізбеуі болып табылады. Бұған қол жеткізу үшін адам саны азайған облыстарда ұлттық мүддеден туындайтын демографиялық және миграциялық саясат жүргізу қажет. Оралмандардың негізгі легі оңтүстік аймақтарға емес, дәл осы солтүстік өңірлерге бұрылуы абзал.
Өңір-өңірдегі урбанизациялық үдерістер де әр-түрлі деңгейде дамуда. Соңғы он жылда Алматы облысында қала халқының саны өспей, оған керісінше, ауыл тұрғындарының саны артып отыр.
Қазақстандағы нарықтық қатынастың өтпелі кезеңінің қиындықтарымен байланысты демографиялық жағдай күрделі болуда. Бұл туудың, орташа өмір сүру жасының төмендеуі, айырылысудың өсуі, некелесу санының азаюы т.б. көрінеді. Туу деңгейінің өсуі Алматы облысында да байқалады. Егер 50-ші жылдардың соңында қазақ әйелдері жеті бала туса, ал 90-шы жылдардың басында үш, ал 2000 жылдардың басында бір немесе екеу ғана болды.
Бірақ туудың төмендеуі тенденциясына қарамастан, жалпы алғанда, республикада және облыс ішінде жоғары туу қазақ халқында сақталынып, олардың үлесіне бүкіл туудың 60 %-дан астамы, ал орыстарға 20 %-ы келіп отыр. Қазіргі мезгілде әр 1000 тұрғынға шамамен 23 туып, ал жалпы өлім коэффициенті 10 адамды құруда. Осының нәтижесінде халықтың қазіргі табиғи өсімі шамамаен 13,4 адамды құрайды.
Қорыта айтқанда, құрылғанына 77-жыл болған облыс шекаралары әлденеше рет өзгерді, демографиялық күрт өсулер және шығын байқалды, СССР құлауынан кейін көші-қон барысында облыстан елеулі кетушілер анықталды, бірақ та соңғы төрт жылда оң көші-қон айырмасына әкелген көші-қонның кемуінде тұрақты тенденция байқалды.
2.2. Сыртқы және ішкі көші-қон

Қазақстан халқының табиғи және механикалық қозғалысының, санының, ұлттық, әлеуметтік, жастық-жыныстық, біліми-мәдени, мамандықты және т.б. құрамының көрсеткіштері жайлы кездесетін мәліметтер халықтың көші-қон үдерісінің тарихи демографиялық салдарларын көрсетуде таптырмас дерек болып табылады. Санақ материалдарын мұрағат қойнауларында жинақталып, сақталған құжаттармен бірге салыстыра және толықтыра отырып, еліміздің тарихында болып өткен, халық дамуындағы өрлеулер мен тарихи демографиялық дағдарыстардың шынайы бет-пердесін ашатын толыққанды мәліметтер ала аламыз.
1917-1939 жж. Қазақстандағы көші-қон үдерістерінің ерекшелігі - ішке Ресейдің орталық аймақтарынан келген шаруалар көші-қонының жалғасуы мен 1916 ж. көтерілісті басып-жаншу шараларынан қашқан қазақтардың сыртқа көші-қонының бұған дейін қалыптасып қалған көші-қон маршруттары арқылы жүзеге асуы.
Жалпы айтқанда, 1926-1939 жж. көші-қон үдерістері қазақ халқын демографиялық апатқа әкелген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық және экологиялы - географиялық картографиялау
Әртүрлі территориялық деңгейдегі жерлерді тұрпаттау және агроэкологиялық бағалауды картографиялау
Оңтүстік Қазақстан облысының демографиялық жағдайын картографиялау
Алматы облысының мал шаруашылығын картографиялау
Алакөл аумағының геоэкологиялық картасын құру
Қазақстанның түсті металлургиясының картасын құрастыру (қара және түсті)
Ақтөбе қаласының ауа құрамының ластануы
Маңғыстау мұнай-газ кенорындары: сипаттамасы және карта құрастыру
Шығыс Қазақстан облысының экономикасы
Жетыбай кен орны
Пәндер