Аз қамсыздандырылған топтармен әлеуметтік жұмыс


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Абданов Б. Қ.

АЗ ҚАМСЫЗДАНДЫРЫЛҒАН ТОПТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050905 - «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша

Алматы 2013

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Қорғауға жіберіледі»

Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс

кафедрасының меңгерушісі

Г. С. Әбдірайымова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырып: «Аз қамсыздандырылған топтармен әлеуметтік жұмыс»

050905 - «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша

Орындаған Б. К. Абданов

Ғылыми жетекші К. У. Биекенов

Соц. ғ. д, профессор

Норма бақылаушы С. М. Болысбаева

Алматы 2013


ЖОСПАР

КІРІСПЕ
КІРІСПЕ: І-БӨЛІМ. АЗ ҚАМСЫЗДАНДЫРЫЛҒАН ТОПТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
:
КІРІСПЕ: 1. 1 Халықтың аз қамсыздандырылған тобының мәні мен құрылымы . . .
:
КІРІСПЕ: 1. 2 Аз қамсыздандырылған топтармен әлеуметтік жұмыстың әлемдік тәжірибесі . . .
:
КІРІСПЕ: 1. 3 Халықтың аз қамсыздандырылған топтарына қатысты әлеуметтік-саяси концепциялар . . .
:
КІРІСПЕ: 1. 4. Кедейшілік әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде . . .
:
КІРІСПЕ:
:
КІРІСПЕ: ІІ-БӨЛІМ. АЗ ҚАМСЫЗДАНДЫРЫЛҒАН ТОПТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ПЕН ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
:
КІРІСПЕ: 2. 1 Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қарқынды дамуы мен осы саладағы өзгерістердің мәні . . .
:
КІРІСПЕ: 2. 2 Қазақстандағы кедейшілікпен күрестегі мемлекеттің әлеуметтік саясаты . . .
:
КІРІСПЕ: 2. 3 Қазақстан Республикасы мен шетелдің әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне салыстырмалы талдау жасау . . .
:
КІРІСПЕ: 2. 4 Жастардың қазіргі кезеңдегі кедейшілік мәселесіне қатысты көзқарасы: әлеуметтанулық зерттеу . . .
:
КІРІСПЕ:
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
:
КІРІСПЕ: ҚОСЫМША . . .
:


КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қамтамасыз ету жағдайымен осы саладағы атқарылған және алдағы уақытта болжанып отырған мәселелерді, жаңа бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың стратегиялық жолдауын пайдалана отырып кең ауқымда мағынасы ашылды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Республикамыздың «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауында Президентіміз Н. Назарбаев атап өткендей, еліміздің дамуының басым бағыттарының бірі тұрғындардың материалдық және әлеуметтік әл-ауқаты болып табылады. Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудің деңгейі мен сапасы - еліміздің азаматтарының әлеуметтік және экономикалық жағдайының маңызды құрамдас бөлігі. ЖЗЖ тұрақты түрде дамуы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуын жылдамдатуға ықпал етеді.

Еліміздің тәуел­сіздік алған жылдары Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін көп деңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жү­йесі құрылды. Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақ­стандық моделі базалық мемлекеттік әлеуметтік қамсыз­дандырудың, міндетті әлеу­меттік сақтан­дырудың, жинақ­таушы зейнет­ақымен қамтамасыз етудің және әлеуметтік көмектің өзара үйлесімін қарастырады. Әлеуметтік қамсыз­дандыру деңгейі ел дамуының әрбір кезеңінде оның эконо­микалық және қаржылық мүмкін­дікте­рімен айқындалып отырады.

Табысты жүргізілген қайта құрулар Қазақстан Республи­ка­сының Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назар­баев­тың айқындап берген Қазақстанды дамытудың страте­гиялық курсын нақты түрде іске асырды. Бүгінгі күні мемле­кеттің әлеуметтік бағдарланған саясатына сәйкес, еліміз шикізаттық бағыттан арылып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағыт­талған, Қазақ­стан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының страте­гиялық жоспарын жүзеге асыруда.

Тәуелсіздік алған 20 жыл - бұл қазақстандық қоғамның алға жаңа мақсаттар қойып, өз мүмкіндіктері деңгейін сезінген, жаңа міндеттерді шешу үшін топтасқан мезгілі [1] .

Еліміздегі мемлекеттік саясаттың басты басым­дықтары адам капиталын дамыту, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру болып табылады. Осы мақсат­та жүзеге асырылып отырған әлеуметтік бағдарламалар ең алдымен жұмыс орнын сақтауға, табыс деңгейін арттыруға, халықтың аса әлсіз бөлігін әлеуметтік қорғауға бағытталған.

Халықаралық зерттеулер нәтижелері әлеуметтік сақтан­ды­рулар және басқа да әлеуметтік қамсыздандырудың жалпыға бірдей жүйелері кедейлікпен күресудің, еңбек өнімділігін арттырудың, тұтастай елдегі әлеуметтік-эконо­микалық даму­дың маңызды құралы болып табыла­тынын көрсетті. Дамыған елдер­дің тәжірибелері еңбекшілерді және барлық халықты әлеуметтік қорғаудың базалық элементі ретінде теңдестірілген әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру жү­йелерінің болуы елдің еңбек ресурстарын нығайтып, эко­номикалық өсімнің ұлттық әлеуетін күшейтетінін көрсетіп отыр.

Әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделінің ерекшелігі құқықтық қатынастар субъектілері мүдделерінің - қызмет­керлер мен жұмыс берушілердің жеке жауапкершілігінің, олардың өзара ынтымақты көмегінің үйлесімділігі болып табылады.

Қазақстандық қоғамның өмір сүру сапасының артуы тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктері болып табылады. Статистика агенттігінің ақпаратына сәйкес табысы төменгі күнкөріс деңгейі мен азық-түлік себеті құнынан төмен тұрғындар үлесінің төмендеу динамикасы байқалуда.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Халықтың аз қамсыздандырылған топтарымен әлеуметтік жұмыстың теориялық негізін ашып, негізгі элементтеріне әлеуметтанулық талдау жасау.

Дипломдық жұмыста қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей зерттеу жүмысының міндеттері алға қойылды:

  • Халықтың аз қамсыздандырылған топтарымен әлеуметтік жұмыстың мақсаты мен міндеттері анықтау;
  • Халықтың әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруде мәнін ашу;
  • Халықтың аз қамсыздандырылған топтарымен әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік маңыздылығын қарастыру;
  • Қазақстандағы халықтың аз қамсыздандырылған топтарымен әлеуметтік жұмыстың арнайы әлеуметтік қызметтерін зерттеу;
  • Қазақстан Республикасы мен шетелдің әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне салыстырмалы талдау жасау.

Зерттеу пәні. Халықтың аз қамсыздандырылған топтарымен әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдіснамалық мәселелері.

Зерттеудің объектісі -Халықтың аз қамсыздандырылған топтары.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу кезінде шет ел ғалымдарының еңбектері мен отандық ғалымдардың еңбектері қаралып зерттелді, соның ішінде: А. Бабич, Л. Дробозина, Е. Егоров, В. Жеребин, Е. Жильцов, С. Кадомцева, Г. Поляк, В. Роик, М. Седова, Е. Шутяк, И. Шейман, С. Шишкин, С. Янова, Ю. Якушев және Абдирайымова Г. С., Абсаттаров Р. Б., Абишев М. А., Аженов М. С., Биекенов К. Ү., Жаназарова З. Ж., Пузиков М. Ф., Утешов С. Қ. және т. б. ғалымдардың еңбектерінен көрініс тапты. Бұл ғалымдардың еңбектері мен материалдары осы зерттеу жұмысының мәлімет көздері ретінде теориялық негіз болып табылды.

Құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, әр тарау төрт бөлімшеден, қортындыдан, пайдаланған әдебиттермен қосымшадан тұрады.

І-БӨЛІМ. АЗ ҚАМСЫЗДАНДЫРЫЛҒАН ТОПТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Халықтың аз қамсыздандырылған тобының мәні мен құрылымы

Халықтың аз қамсыздандырылған тобы - ерекше материалды жеткіліксіз қамтылған адам немесе табысы төмен және минималды халықтық тұтыну стандарттарына сай келмейтін отбасы - Қазақстан Республикасында ең төменгі күнкөріс деңгейі деген атауға ие болды; отбасы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдар тобы.

Қазақстан қоғамына әртүрлі әлеуметік жағдайына байланысыты саралау тән. Халық поляризациясы жоғары. Табыс айырмашылығы 10% көбірек және соңғы 5 жылда 15 % халық қамтылған саны 4-тен 15 есеге көбейген.

Қазіргі заман жағдайлырында әлеуметтік нашар отбасылар ғана емес ауқатты деп есептелетін отбасылар да мұқтаж болып қалды.

Материалды жеткіліксіз қамтылған, яғни I, II топ мүгедектері, қарт адамадар(80жастан үлкен), зейнеткерлер, көпбалалы аналар, толық емес отбасы, мүгедектер бар отбасылар, студентті отбасылар, жұмыссыз отбасылар, балалы жұмыссыз отбасылар, төтенше жағдайға тап болған тұлғалар(көшуге мәжбүр болғандар, зілзала нәубетке тап болғандар, босқындар, бомждар т. б. ) және девиантты отбасылар(алкоголиктер, нашақорлар, бұзақылар) .

Материалды жеткіліксіз қамтылған халық тобына көмек көрсету мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатының бағыты. Егер бұрындары халық өмірінің сапасын реттеу орталықтан болса, қазір бұл проблеманы жаңа әдістермен шешеді. Ең бастысы индексация мен өтемақы болып табылады.

Индексация - табысты автоматты турде түзету. Негізі индексация екі түрлі тәсілмен жүзеге асырылады: белгілі бір уақытқа белгілі бір пайызда көтеру немесе алдын ала келіскен пайызға баға өсу деңгейіне қарай табысты индексациялау; Индексацияға төлем мемлекеттік немесе жергілікті бюджет есебінен төленеді. Азаматтардың табыс түрлері, яғни жалақысы, зейнетақысы, шәкіртақысы және жәрдемақылар, біржолғылардан басқа есепке алынады.

Индексациядан басқа «Мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы» заң бар, ол жалғызбасты және мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмек көрсету құқықтарын тағайындайды.

Мемлекеттік әлеуметтік көмек - шынымен көмекке мұқтаж азаматтарға (жалғызбасты және мұқтаж адамдарға) ақшалай көмек, табиғи, гуманитарлық көмек ретінде, сонымен қоса жеңілдіктер мен қызметтер, өмірлік ауыртпалықтарды, әлеуметтік мәртебе мен тіршілік әрекетін жеңілдету, сонымен қатар қаражатты ұтымды пайдалану жүйесі.

Әлеуметтік мемлекетті құруды көздеп отырған Қазақстан өзінің әлеуметтік сферасын реформалауда: бұрынғы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі әлеуметтік қорғау жүйесімен алмастырылды. Қазақстанның әлеуметтік саясатының негізін құрайтын әлеуметтік қорғау жүйесі халықты негізгі қауіп-қатерлерден қорғауға кепілдік береді: кәрілік, мүгедектілік, асыраушысынан айырылған жағдайда. Осындай негізгі қауіп-қатерлерден мемлекет қорғауға кепілдік бере тұрып, әрбір азаматтың өзінің мүмкіншіліктерін іске асыруына, өзінің иннициатива танытуына, өзінің жеке басының қабілеттерін пайдалана отырып, жетістіктерге жетуіне ықпал жасайды. Еліміздегі әлеуметтік саясаттың негізгі міндеттері келесідей:

  • табиғи және техногенді апаттар, ауру, ашаршылық, түрлі қауіп-қатерлерді зардаптарына мемлекеттік кепілдік беру;
  • әлеуметтік ауыртпалықты азайтатын, белгілі бір өмір сүру деңгейіне және оның сапасын өзгертуге жұмсалынатын материалды қаражаттарды қайта бөлу және оларды ұйымдастыру;
  • өмір сүру деңгейін реттеу (салықтық құралдар, қайырымдылық шараларын кеңейту, кәсіпкерлікті қолдау) .

Еліміз қазіргі таңда әлеуметтік мемлекет құру жолында. Әлеуметтік мемлекет дегеніміз - бұл нарықтық қатынастарға негізделген қоғам, бірақ халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін күш жұмылдыратын мемлекет. Осы бағытта бірнеше стратегиялық бағдарламалар қабылдануда, солардың ішіндегі ең бастысы «Қазақстан-2030 даму бағдарламасы» болып табылады, сондай-ақ «Қазақстанның 2015 жылға дейін индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін аумақтық даму стратегиясы», «2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға өту концепциясы», «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» және т. б. Бұл стратегиялардың іске асуы Елбасының жыл сайынғы халқына жолдауында үндестік табуда.

Жоғарыда келтірілген фактілердің Қазақстанның дамуындағы маңызды аспектілер болғандықтан, еліміз реформалар барысынан қалай өтті, халықтың аз қамсыздандырылған топтарымен күресте қандай шаралар жүргізіліп жатыр, мемлекеттің әлеуметтік саясаты қалай құрылған және қалай қызмет атқарып жатыр деген мәселелрдің өзектілігі бітіру жұмысының тақырыбын таңдауға негіз болды.

1. 2 Аз қамсыздандырылған топтармен әлеуметтік жұмыстың әлемдік тәжірибесі

Чилидегі халықтың аз қамсыздандырылған тобымен күрес бойынша әлеуметтік саясат.

Халықтың аз қамтылған тобымен күрестің чилилік дәстүрі елінің мәдени және саяси дамуының ерекшеліктерімен байланысты. Барлық тарихи төңкерістерге қарамастан, билік басындағылардың қоғамның игілігі мен гүлденуі үшін жауапкершілік идеясы басты болды.

Аугусто Пиночетаның билігінің аяқталуы мен демократизация процесінің даму кезеңінде тек саяси ғана емес, әлеуметтік проблемалар да маңызды болды. Бірінші демократиялық үкіметті демократиялық партиялардың коалициясының («Консертасьон») көрнекті өкілі, Християндық демократиялық партияның лидері Патрисио Эйлвин (1990-1994) басқарды. Одан кейін Христиан демократ Эдуардо Фрей Руис-Тагле (1994-2000) болды. Бұл үкіметтердің алдында маңызды міндеттер тұрды: демократизация процесінің сәттілігі. Чилиде 90-жылдардың бойында маңызды мәселе жаппай кедейшілік болды.

Әскери үкіметпен жүргізілген қатаң неолиберальді реформалар (1973-1989) қоғамның тек экономикалық емес, әлеуметтік сферасын да өзгертті. Еңбек қатынастары, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек аймағында мемлекет өзінің реттеуші рөлінен толығымен айырылды, ол орнын жеке фондтар мен басқарудың децентрализацияланған жүйесіне берді.

80 жылдардың соңында Чили кедейшілік пен әлеуметтік теңсіздіктің жоғары деңгейлі елдерінің бірі болды. 1990 ж. кедейшілік шегінде өмір сүретін халық 38, 6% құрады. Әлеуметтік теңсіздік деңгейі бойынша Чили әлемде 54 орында болды. Осылайша, 1989-1990 жж. макроэкономикалық дамудың тұрақты белгілеріне қарамастан, елдің халқының тең жартысы неолиберальді реформалардан ұтылып, құрып біту қаупіне ұшырады.

Демократизация кезеңінің басында қоғамның бұл бөлігі, әрине, жаңа үкіметтен, ең алдымен, өзінің экономикалық жағдайының жақсаруы мен нарықтық қайта-құрулардың қымбатқа түскен әлеуметтік бағасының компенсациялануын күтті. Сонымен қатар кәсіпкерлер ортасы, бизнеспен байланысты жаңа орта тап Пиночета кезінде басталған неолиберальді бағыттың жалғасыун талап етті. Мықты экономикалық ресурсқа, ықпалды саяси күштер мен армияның қолдауына сүйенетін бизнес-элитаның қатаң ұстанымдары қандай да болсын әлеуметтік бастамаларға айтарлықтай бөгет болды. Кедейшілікті жеңудегі саясаттың жүзеге асуы қоғамның жоғары қабаттарының алдындағы белгілі бір идеологиялық негізсіз мүмкін емес еді.

Халықтың аз қамсыздандырылған тобымен күрес бағдарламасы Э. Фрей Руис-Тагленің президенттілігінің басында бекітілді. Ол үкіметтік комиссиялардың, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың көптеген әлеуметтік инициативалары мен ұсыныстарына негізделіп, бірнеше базалық бағыттардан тұрды:

  • елдің барлық халқын өмірлік маңызды қызметтермен қамтамасыз ету - ауыз су, электроэнергия, канализация мен телефон байланысы;
  • елдің алшақ аудандарындағы жан-жақты инфрақұрылымды құру, ауылдық жерлерде білім беру, медицина мекемелерінің, жол құрылысы, қала орталықтарынан оқшаулануды жою;
  • кедей аудандардың муниципалитеттерінің инициативасы мен дербестігін дамыту;
  • аса кедейшілік жағдайындағы үй шаруашылықтарының басшылары - әйелдерді қорғау бойынша арнайы бағдарламалар құру;
  • кедей отбасыларына әлеуметтік бағдарламалар жұмысына енуіне көмектесетін құқықтық көмек жүйесін құру;
  • жергілікті жерде бағдарламалардың жүзеге асуына жауапты басқарушы кадрлардың жауапкершілігі мен профессионализмін көтеру.

Білім беру жүйесін жетілдіру кедей қабаттарға, оның қол жетімділігін көтеру халықтың аз қамтылған тобымен күрестегі саясатта әрқашан үлкен рөл атқарды. Кедей қабаттан шыққан балалар үшін мектептің мәдени және психологиялық орталық болғандықтан, Эйлвин үкіметі муниципалды мектептердің білім беру деңгейін көтеріп қана қоймай, бүкіл мектеп өмірінің жүйесін сапалы өзгертуді көздеді - баланың мектепте өткізетін уақытын ұзарту, тамақтануды жақсарту, мұғалімдердің кәсіби дайындығын көтеру, жас әрі квалификацияланған мамандарды тарту. Осыған байланысты 1990 ж. Р-900 атты арнайы ұзақ мерзімді бағдарлама енгізілді, ол жылына 900 сәтсіз мектептерді, негізінен кедей аудандарының мектептерін қамтыды. Ақшалай субсидиялар мен мұғалімдер үшін квалификациясын жоғарлату курстарынан басқа қазіргі заманғы құралдар, оқулықтар мен әдістемелік-оқулықтар, жаңа мамандар бағытталып, білім сапасы қадағаланды. Бұл шаралар бағдарламаға қатысқан көптеген мектептердің жағдайын жақсартты.

Р-900 бағдарламасын жүзеге асыру үкіметтің жалпы мектептік білімнің қол жетімділігі проблемасына қатынасын сипаттайды. «Шағын істер» тәжірибесінің артында әлеуметтік теңсіздік салдарына да көңіл бөлініп отырды, яғни жоғары, орта және төменгі қабаттардың өкілдерінің әртүрлі мүмкіншіліктеріне. Осы мүмкіншіліктерді теңестіру білім беру аймағындағы мемлекеттің стратегиясының басты мақсатына айналды.

Денсаулық сақтау жүйесін жақсартуда негізгі екпін тең мүмкіншіліктерге қол жеткізуге, халықтың кедей қабаттарына медициналық қызмет көрсету деңгейін көтеруге жасалынды. 1981 ж. -дан кейін Чилида бұл жүйе мемлекеттік және жеке қорлардан қаржыланатын болды, және қызметтің сапасы мен көлемі төленген ақыға тікелей байланысты болды. Үкіметпен мемлекеттік қаржыландыруды ұлғайтуды, азқамтылған қабаттарға медициналық қызметтің қол жетімді болуы үшін шаралар жасалынғанымен, жалпы алғанда денсаулық сақтау жүйесі тиімді әрі қазіргі заманғы болды, бірақ халыққа қызмет көрсетуде әлеуметтік бағыттылығынан мәңгіге айырылды.

Әлеуметтік қорғау мен зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде әскери тәртіп жылдары басталған қайта-құрулар жалғасты. Оның мәні, бір жағынан, мемлекеттік көмекті барынша дифференциациялау, яғни жалпы мемлекеттік қамқорлықты жойып, ең мұқтаж категорияларды анықтау, екінші жағынан - кедейліктен шығуға ұмтылатын әр адамның талпынысын қолпаштап отыру. Анығы, мұнда еңбек нарығына толық қатысатын топтар ұтты, яғни ресми, тұрақты жұмысы бар, және салық төлеп отыратын. Сонымен қатар осы жылдар бойында кедей халықты әлеуметтік қорғаудың құралы мемлекеттің ақшалай субсидиялары болды - қосымша субсидиялар, қайыршылық жағдайындағы жәрдемақы, отбасылық жәрдемақылар, өмір сүруде қажетті түрлі қызметтер үшін басқа да төлемақылар.

Чили социологтары осы шаралардың ойластырылғандығы мен атаулылығын атап өтуде, олар 2000 жылы кедей қабаттың отбасы табысының 8, 6% құраған. Сонымен қатар тікелей ақшалай көмекпен қатар, қызмет көрсету мен жеңілдіктер түріндегі мақсаттық әлеуметтік көмектің маңызы зор болды (білім беруде, денсаулық сақтауда, арзан баспанада) . «Жеңілдіктер мен қызметтер» түріндегі жәрдемақылар 2000ж. кедей отбасының бюджетінің шамамен 37, 2% құрап, қоғамдағы теңсіздікті азайтудың маңызды элементі болды. Ал жоғарғы бай қабаттардың 20% үлесіне аталған жеңілдіктердің 0, 2% келді. Осылайша, атаулы, нақты, мақсатқа бағытталған әлеуметтік көмек әлеуметтік теңсіздікті жоюда тиімділігін көрсетті.

Сонымен қатар, үкіметтік шараларды құрудан бөлек, кедейшілікті және әсіресе, әлеуметтік теңсіздіктің психологиялық салдарын жеңуде азаматтық қоғамның түрлі ұйымдары үлкен рөл атқарды. Азаматтық қоғамы жақсы дамыған елдерде - Чили олардың қатарына кіреді, өз аудандарының тұрғындарына тұрмыстық, шаруашылық, психологиялық мәселелерді шешуде белсенді ат салысады. Осы ұйымдардың мемлекеттік мекемелермен барлық деңгейдегі өзара әрекеттестігі әлеуметтік бағдарламалардың сәтті жүргізілуінің қажетті шарты болып табылады [2] .

Германия.

Еуропа елдерінде буржуазиялық қоғамның нарықтық шаруашылық жағдайындағы адамдардың өмірін жақсартудың едәуір тәжірибесі жинақталған. Біздің елдің ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік мемлекет қалыптастыру процесінде көп жақтарын пайдаланып көруге болады.

ФГР-дің екінші канцлері, ғалым әрі саясаткер Людвиг Эрхард (1897-1977) өткен ғасырдың 50-60 жж. Батыс Германияда елдің әлеуметтік-экономикалық өмірін түбегейлі өзгерткен кең ауқымды экономикалық реформа жүргізген. Эрхардтың теориялық көзқарастары ресми мемлекеттік доктрина дәрежесіне дейін қойылған және экономикалық бағдарламаның негізі болып саналған «әлеуметтік нарықтық шаруашылық» теориясына негізделді. Эрхардтың пікірі бойынша, әлеуметтік нарықтық шаруашылық бастапқы кезден-ақ тек теория ғана емес, елдің келбетін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік берген практикалық әдіс те болды.

«Әлеуметтік нарықтық шаруашылық» концепциясы өзінің теориялық ұстанымдары бойынша жанама реттеудің кейнсиандық теориясына жақын болды. 50-60 жылдары Еуропада ағылшын экономистті Дж. М. Кейнспен (1883-1946) ұсынылған және ізбасарларымен жетілдірілген шаруашылық саясаты тараған болатын.

Эрхардтың реформаларының барысында бағаларда төмендету жалақыны көтерумен қатар жүрді. Бағаларды тұрақтандыруға деген ұмтылыс орнықты бағалардаң тізімін мерзімді басылымдарда жариялап отыруда көрініс тапты. Өз бетімен (келісімсіз) бағаларды көтеруге қарсы заң қабылданды. Эрхард экспортты үш есе ұлғайта алды. Оның бағалауы бойынша, әлемдік рыноктағы жағдайды тек валютаның тұрақтылығын қамтамасыз еткен жағдай да ғана бекітуге болады.

Әлеуметтік бағытталған нарықтың салыстырмалы түрде дербес элементі тиімді жұмысбастылық жүйесін құру болды, жұмыс орындарының санын ұлғайту мен жұмыссыздықты азайту бойынша оң шаралар қабылданды. Нарықтың әлеуметтік бағытталғандығы өзінің механизміне халықты әлеуметтік қорғаудың арнайы жүйесін ендіруді талап етті. Эрхардтың пікірі бойынша, әлеуметтік саясат - бұл миллионерлердің мүддесіне арналған саясат емес, миллиондағандар үшін саясат.

Оның ең маңызды аспектісі салық саясаты болды: қоғамның барлық аз қамтылған қабаттарын салық салудан босату, жанама салықтарды көтеруден бас тарту, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруды ауқатты азаматтарды кейбір субсидиялардан айыру мен жоғары салық салу есебінен жүзеге асыру. Реформа барысында зейнетақы мен басқа да мемлекеттік жәрдемақылар бірнеше есе көбейді.

Дәл Эрхард тұсында ғылыми айналымға монетаристтік типтегі мемлекетке қарама-қарсы «әлеуметтік мемлекет» термині енді.

Монетаризмнің мәні - мемлекеттік басқарудан бас тартып, нарықтық конъюктураны орнатқан кезде халықтың жұмысбастылығы мен бағалардың тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Монетаризм әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік жүйесіне, мемлекеттік медициналық көмек мен білім беруге, стихиялық нарықтық экономикаға мемлекеттің араласуына қарсы шығады. Монетаризмге қарағанда әлеуметтік мемлекет қоғамдық процестерді, соның ішінде нарықты реттеп отырады; барша халықтың мүддесі үшін әлеуметтік саясат жүргізеді. Әлеуметтік мемлекет барлық жұмысшыларға жақсы өмір сүруге қол жеткізуіне, ұжымдық іс-әрекеттер арқылы әл-ауқаттылық пен еңбек жағдайларын жақсартуға құқық береді. Бұл халық ауқаттылығын жаппай көтерудің факторы болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасылардың әлеуметтік - экономикалық жағдайы
Қазақстандағы дін және мемлекет қатынастары
Қазақстандағы кедейшіліктің осы заманғы жағдайы
Мұнай мен газ беру туралы
Қазақстандағы әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы
Әлеуметтік қорғаудың компоненттері, нысандары, деңгейлері
Өлшем тізбегінің классификациясы
Халыққа әлеуметтік көмек көрсету түрлері
Қарттарды әлуметтендірудегі әлеуметтік педагогтың ролі
Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz