Темекінің адам денсаулығына зияны



I.Кіріспе
Темекінің адам денсаулығына зияны
II.Негізгі бөлім
1)Темекі құрамындағы зиянды заттар
2)Темекіден туындайтын аурулар
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) мәліметіне сүйенсек, темекінің салдарынан пайда болған аурудан жыл сайын ондаған миллион адам көз жұмады. Он миллион халық — бір мемлекеттің жұрты десек, бұл цифр қазақты да айналып өтпейді. Темекі шегу, әсіресе, Жаңа жылдық маскарадта, сауық кештерінде көбейе түсері қорқынышты.
Темекінің шығуы мен халық арасына таралуының өзі шытырман оқиғаларға толы. 1492 жылы жиһангез Христафор Колумб Сан-Сальвадорды ашқан кезде абориген тұрғындар әлде бір өсімдіктердің құрғақ жапырақтарын тұтандырып тартатынын көреді. Аборигендер бұл нәрсені “Петум” деп атайды екен. Кейін бұл сөздің мәні “табак” деген ұғыммен алмасады. Өйткені, бүгінгі темекі өнімдерінің негізгі отаны – Санта-Домингодағы Тобаго провинциясы еді. Міне, осыдан келіп, күні бүгінге дейін “табак” деп аталып жүр.
1.“Тіршілік қауіпсіздігі” курсы бойынша жоғары оқу орындары студентеріне арналған оқу құралы. /Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі агеттігі. Алматы,
2003 ж. 1,2 том.
2."Мен адаммын" жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамытуға арналған әдістемелік құрал. Алматы, 2000 ж.
3. « Ақтөбе облыстық саяси – қоғамдық газеті», «Темекіні қойдырудың жолы –қымбаттау», ақпан 2011ж.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
I.Кіріспе
Темекінің адам денсаулығына зияны
II.Негізгі бөлім
1)Темекі құрамындағы зиянды заттар
2)Темекіден туындайтын аурулар
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) мәліметіне сүйенсек, темекінің салдарынан пайда болған аурудан жыл сайын ондаған миллион адам көз жұмады. Он миллион халық -- бір мемлекеттің жұрты десек, бұл цифр қазақты да айналып өтпейді. Темекі шегу, әсіресе, Жаңа жылдық маскарадта, сауық кештерінде көбейе түсері қорқынышты.
Темекінің шығуы мен халық арасына таралуының өзі шытырман оқиғаларға толы. 1492 жылы жиһангез Христафор Колумб Сан-Сальвадорды ашқан кезде абориген тұрғындар әлде бір өсімдіктердің құрғақ жапырақтарын тұтандырып тартатынын көреді. Аборигендер бұл нәрсені "Петум" деп атайды екен. Кейін бұл сөздің мәні "табак" деген ұғыммен алмасады. Өйткені, бүгінгі темекі өнімдерінің негізгі отаны - Санта-Домингодағы Тобаго провинциясы еді. Міне, осыдан келіп, күні бүгінге дейін "табак" деп аталып жүр.
Осылайша темекі шегумен алғаш айналысқандар испан матростары, сығандар, саудагерлер мен қазына іздеушілер болды. 1496 жылы Испанияға тұқымы алғаш әкелінген темекі әу баста сәндік шөп ретінде пайдаланылды. Себебі, көкнәр тұқымдас шөптің гүлі аулаға, сарай маңдарына ғажап өң беретін. Арада қырық жылға жуық уақыт өткенде темекі қолданысқа ене бастайды. ХVI ғасырда темекі Францияға таралып, сол кездегі королева Екатерина Медичиге басы ауырғанда уақытша тыныштандыратын дәрі ретінде шетелдік елшінің бірі Нико ұсынады. Дипломат Нико сонымен қатар Парижде темекі тұқымын өсіре бастайды да, уақыт келе осы Никоның есіміне байланысты "никотин" де қолданылысқа енеді. Осыдан соң-ақ темекіге деген қызығушылық бой бермей, тіпті, оны шіркеуден аластау істері де жолға қойылады. Айталық, Папа Урбан Vll ғасырда шылымшыларды шіркеуден аластап, 1692 жылы Сантьягода бес монахты монастырьдың дуалына тірідей қалап, сылатып тастайды. Ал Персия шахы Аббас темекі тартқандардың құлағын, мұрнын кесетін заң шығарғаны да мәлім. 1585 жылы Англия темекі тартқан адамдарды жазалайтын заң шығарады. Бірақ бұдан бас тарта қойған темекі құмарлар болмады, темекінің әлемді жаулауы жалғаса берді. Темекі өнімдерінің тым зиянды екендігі сол тұста-ақ анықталған.
" Темекі шегу - адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық" - деген болатын орыстың белгілі фармакологы И. М. Догель. Өйткені адам баласында темекіге деген табиғи қажеттілік жоқ. Темекі түтіні - темекінің жауынан пайда болған өнімдер, олар ауада қалықтаған өте майда құрғақ тозан және миллимикронмен өлшенетін көлемдегі сұйықтық тамшылары түрінде болады. Темекі түрінің құрамы бірнеше жүздеген заттардан тұрады. Оның ішінде өте улы никотин, көміртетігі тотығы, аммиак, күкіртсутегі, формальдегит,фенол, түрлі қышқылдар, қорғасын мышьяк, сынап, кадмий, кобальт, радиоактивті элементтер құрамында канцерогенді бензопирен бар темекі шайыры сияқты элементтер бар.
Осы аталған заттардың кез келгені адам ағзасына зиянын тигізбей қоймайды.

Темекі құрамындағы заттар.
Темекі түтігінде 4000-нан астам химиялық элементтер бар, оның 40-тан астамы онкологиялық ауруларға себеп болатын улы заттар.
Шайыр - түтін арқылы адам өкпесіне түседі. Түтін конденсация ұшырап, 70% шайыр өкпеде қалады.
Никотин - адамның тәуелділігін жылдам қалыптастыратын есірткелік зат. Темекі түтіндегі никотиннің қанға сіңуінен физиологиялық эффект пайда болады, бұның нәтижесінде жүректің соғуы жылдамдап, қан қысымы жоғарлайды.
СО көміртегі - исі мен дәмі жоқ улы газ. Оны адам еш сезбейді, әйтсе де көп мөлшері адамға қауіпті. Ол темекіні тұтатып, ішке тартқанда пайда болады және қандағы гемоглабинмен әрекеттесіп, оттегінің орнын алмастырып қандағы оның мөлшерін төмендетеді. Мүшелер мен ұлпада оттегінің жетіспеуі, ең алдымен, жүрек қан тамыр ауруларын және қан айналымын бұзады.
Кадмий - жоғары улы металл, батарейкаға пайдаланылады.
Формальдегид - өте улы зат, өлі денелерді сақтауға пайдаланылады.
Ацетон - еріткіш, тұрмыста кеңінен пайдаланылады.
Бензол - еріткіш, химиялық өнеркәсіпте пайдаланылады.
Мышьяк - өте улы ( кеміргіштерді құрту үшін пайдаланады).

Никотин темекі өсімдігінен шыбын - шіркейлерден қорғалу үшін синтезделеді, сондықтан оны табиғи инсектицид деп те атауға болады. Егерде құстың (торғайлар немесе көгершіндердің) тек тұмсығына ғана никотинмен суланған шыбықты апарсаңыз-ақ болғаны олар өліп қалады. Үй қояны төрттен бір никотин тамшысынан, ал ит екіден бір никотин тамшысынан өліп кетеді. Адамды өлтіруге никотин мөлшері 50 - 100 мг болса - ақ жетіп жатыр немесе 2-3 тамшысы да жеткілікті. Бұндай мөлшердегі никотин 20-25 сигаретті тартқаннан кейін-ақ адамның қанының құрамында жиналады. Шылым шегіп жүрген адам не себептен бірден өліп кетпейді, себебі, ол сигаретті біртіндеп, ұзақ уақыт шеккендіктен тез өлуге душар болмайды.
Оның тағы бір себебі темекінің құрамындағы никотиннің бір бөлігін басқа бір улы зат формальдегид нейтралдайды. Шылымды ылғи тартудың салдарынан, өлімге апармайтын мөлшері, никотинге деген әдетті тудырып, шылым шегуге құмарлықты тудырады. Никотин адамның дене мүшелеріндегі зат алмасу құбылысына қатысып, бөлінбес бір бөлігі болып қалыптасады. Бірақ, егер бір реттік шылым шеккенде адам никотиннің көп мөлшерін алса, ол өлімге себеп болады. Улы заттар қан арқылы адам организімінде бар - жоғы 21-23 секундта айналып өтеді. Егер шылымшы сигаретті ұзақ сорып тұрмаса, онда никотин тіл және жақтың шырышты қабығы арқылы қанға өтеді. Никотиннің залалсыздандырылуының көп мөлшері бауырда, сонымен қатар бүйрек пен өкпеде болады. Никотин және оның өнімдері шылымды шеккеннен кейін несеппен 10-15 сағат бойына бөлінеді. Темекі түтінінің қауіпті қоспасы ысты газ болып есептеледі. Ол шылым шегушінің жүрек ишемиялық ауруының дамуының ең басты себебі. Ысты газ біртіндеп уақыт өткен сайын адам дене мүшесіндегі оттегінің жетіспеушілігін тудырады. Ысты газ оттегіне қарағанда 250 есе жеңіл гемоглабинмен байланысқа түсіп, оттегіні гемоглобиннен ығыстырып тастайды. Бұл ауруды гипоксия деп атайды. Темекіде смола заттарының көп мөлшері болады. Ол заттар шылым шеккенде дене мүшелеріне жеңіл түрде өтіп кетеді. Егерде адам күніне бір пачкі сигарет тартатын болса оның өкпесіне 700 гр смола түседі, оның құрамында 100-ге жуық әртүрлі канцерогендік заттар бары анықталған. Ол канцерогендік заттардың (қатерлі ісік тудыратын заттар) ішіндегі ең қауіптісі бензпирен болып есептеледі. Осы жуық араға дейін никотин темекінің нөмір бірінші улы заты деп саналып келген болса, қазіргі күні бірінші орында темекінің радиоизотоптары болатындығы анықталды. Темекі түтінінің радиоактивті заттары өкпе талшығында, сүйек мүжігінде, лимфа түйіршіктерінде, ішкі бездерде жинақталады да айлап мейлі жылдап, ұзақ уақыт бойына сыртқа түзіліп шықпай, өздеріне сай зиянды әсерлерін жалғастыра береді. Темекі радиоизотоптарынан әсіресе полоний-210 және қорғасын-210 қатерлі ісіктерді тудыратын ең басты улы заттар болып табылып отыр. Бұл заттар темекі шегушілердің генетикасын зақымдайтын ең негізгі себептер. Адамды 200 рет рентгенге түсіргенде денеге өтетін радияциялық мөлшерді, адам күніне 20 сигарет тарту арқылы-ақ қабылдап жатады.

Темекінің зияны

Ас қорытуға
1. Асқа деген тәбетті қайтарады.
2. Ас қорытуды қиындатады.
3. Тісті сарғайтып, ауызды сасытады.
4. Асқазанда жара пайда болады.
5. Ерін, тіл және өңеш рагына жол ашады.
Тыныс алуға
1. Жөтел және қақырық пайда болады.
2. Созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп соқтырады.
3. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темекінің адам ағзасына зияны
Темекі дүние жүзін шарлап кетті
Темекінің жүрек-тамыр жүйесіне әсері
Темекі және оның алдын алу жолдары
Денсаулыққа зор кесел, Үйрете көрме ауызды, Насыбай менен шылымға
Денсаулық және темекі шегу
“Жас отандықтар” темекіге қарсы
Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына қалыптастыру жолдары
Темекінің адам денсаулығына әсері
Темекінің қарынға әсері
Пәндер