Әйелдер арасындағы шылым шегу әлеуметтік және физиологиялық проблемалары


Абай атындағы Қазақ ¥лттық педагогикалық университеті

Химия биология факультеті

Анатомия, физиология, гигиена және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы

«050113-Биология» мамандығы бойынша 4 курс студенті

Бакирова Айганым Ілесқұлқызы

Аты-жөні

« Тұргындар арасындағы темекі тартумен оның алдын алу мәселесінің
Алматы жағдайы»

тақырыбындағы дипломдық жұмысы жазылуының

оқу, зерделеу және өңдеу.
: 3
оқу, зерделеу және өңдеу.:

Дипломдық жұмыстың жоспарын құрып, оны ғылыми жетекшімен келісу.

: Қараша
: 10. 11. 2011
:

Диплом

жұмысының

жоспары накты

талданып

уақытылы

бекітілді.

: 4
оқу, зерделеу және өңдеу.: Дипломдық жұмыстың бірінші тарауын жазу және оны тексеруге ұсыну.
: желтоқсан
: 20. 12. 2011
:

Бірінші тарау

бойынша

материялдарды

толық

жинақтап

орындады.

: 5
оқу, зерделеу және өңдеу.: Өндірістік практикадан өткен жерінен немесе жұмыс орнынан жинақталған практикалық материялдарды жүйелеу, талдау және қайта қарау.
: қаңтар
: 10. 01 . 2011
:

Практика

жүзінде

өткізген

жоспарлары

тексеріліп

талданды.

: 6
оқу, зерделеу және өңдеу.:

Дипломдық жұмыстың екінші тарауын жазу және тексеруге жіберу

.

: ақпан
: 28 . 02. 2011
:

Практика

кезіндегі

нэтижелерді

қорытындылап

кесте

құрастырылды.

: 7
оқу, зерделеу және өңдеу.:

Қорытындылар мен

ұсыныстарды ғылыми

жетекшімен келісу

: Наурыз
: 14. 03. 2011
:

Ақылдасып

шешім

қабылдады.

МАЗМ¥НЫ

КІРІСПЕ

ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ ШЫЛЫМ ШЕГУ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

  1. Темекі және оның шығу тарихы 3
  2. Әйелдердің шылым шегу себептері 4
  3. Шылым шегудің анатомиялық және физиологиялық салдары 5
  4. Темекіні қалай тастау кёрек 17
  5. Темекіні тастау шараларының психологиялық аспектілері 18

2. ЗЕРТТЕУДІҢ СИПАТЫ ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРДІҢ АНАЛИЗІ.

  1. Ерлер мен әйелдер арасында профилактика өткізу 21
  2. Зерттеудің нәтижесі және анализ! 44

3. ҚОРЫТЫНДЫ 58

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 59

Кіріспе

Жұмыстың міндеттері мен мақсаты.

Темекі шегудің жастар организіміне зиянды әсерлерін ашудың жаңа әдістерін ашу мақсатында, балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшелік-теріне байланысты темекінің ерекше зиянын анықтау үшін қойылған тап-сырманың орындалуын іске асыруға жасалған зерттеуді жүргізу кажет.

Осы мақсатты шешу ретінде алдымызға мынадай тапсырмалар белгіледік:

  • бүкіл дүние жүзілік әдебиеттер фонуына теориялық шолу жасау;
  • темекі - зиянды әдет, организім әсеріне баға беретін әдістерді қарау;
  • балалар мен жасөспірімнің организіміне ерекше әсерін арнайы бағалау;

- темекі шегуге қарсы шаралардың практикалық іске асуына қойылған мемлекеттік деңгейдегі құжаттарға шолу;

Жұмыстың өзектілігінде: Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасында, Дүние жүзіндегі алдыңғы 50 елдің қатарына енуі соңғы жолдаудың негізінде халық саулығына және денсаулық сақтау мен қорғау мәселесі бойынша өкіметтің құжаттарына арқа сүйей, жаңа әдістерге бағыт беру.

Жұмыстын апробациясы. Жыл сайын өтетін студенттер конферен-циясында баяндама жасап, кафедрада талқыланган.

1. Әдебиетке шолу.

1. 1. Темекі және оның шығу тарихы.

Еуропаға темекіні Колумбтың матростары экелгені тарихтан белгілі. 1992 жылы еуропалықтар осы қайғылы күннің 500-жылдығын атап өтті. Ал Африка мен Американың халқы оның бірнеше ғасыр бұрын дэмін татып көрген. «Темекі» деген сөз Тобаго деген арал атынан көрінеді. 1492 жылы 15 қазанда Колумб экспедициясымен қазіргі Орталық Америка жағалауларына келген испан матростарының айтуынша, «tobacco» деген сөзбен жергілікті түрғындар дэстүрлі темекі шегуге арналған үлкен теріл-ген жапырактарды атаған [33] . 1559 жылы Портуғалиядағы француз елші-сі Жан Нико Франция елінің ханшайымы Екатерина Медичиге үздіксіз бас ауруынан сауығуға көмектеседі деп темекінің жапырағы мен түқымын сыйға тартады. Осыдан көп үзамай-ақ, бүкіл Францияда темекі иіскеу сәнге айналды. Никоның құрметіне өсімдік латынша «Nicotina» атына иеленді, ал XIX ғасырдың басында одан бөлінетін затты алкалоид-никотин деп атады.

XVI ғасырдың екінші жартысында темекі дәрілік өсімдік ретінде кеңірек тарала бастады. Темекіні искеді, түтікше арқылы шекті, шайнады, әр түрлі заттармен араластырып, суықтан ауырғанды, тері және жүқпалы ауруларды емдеу үшін қолданды.

1580 жылы ағылшын ақсүйегі, темекіні көп шегетін теңізші әрі ақын Вальтер Рейли мырза Ирландияда темекі плантациясын қүрды, кейінірек тағы да бірнешеуін ашты. Олардың бірін ол «Виржиния» деп атап, оны соңынан өзінің кең тараған темекі сортына берді.

XVII ғасырдың басында қазіргі Америкада, негізінен, ағылшын орта-ларында басқа да темекі плантациялары өсті. 1611 жылы осындай план-тацияны Вержинияда ағылшын Джон Рольф жасады. Темекі ұрығын ол Тринидад пен Венессуэладан экелді, ал технологиясын Вальтер Рейлидан алып жетілдірді. 8 жылдан кейін Виржиниядан Англияға темекіні экспорт-қа шығару басталды, ал Джон Рольфтың өзі мэңгілікке Жаңа дүниеге қоныстанды және өзіне темекі өсіруге кеңес берген үндістер көсемінің қызына үйленді.

Ақсүйектер арасында темекінің басқа да табынушылары болады. Прусси каролі Фредрик I (18ғ. басы) Германия сарайында темекі шегудің мерекесін өткізді, ал оның бал асы Фредрик-Вильям I «Темекі алқасын» қүрды.

Темекіге қарсылар да болды. Англия каролі Джеймс I XVII ғасырдың басында-ақ темекі шегуге карсылығы жөнінде бірнеше рет айтқан болатын. Бұл әдеттің денсаулыққа зияндығын, темекінің адамдарды өлімтікке үқса-татынын, осылайша мемлекеттің эскери қорғанысын әлсірететін ескертті. Ол Англияға экспортқа шығатын темекіге салық салды, осы сәтте Францияда Ришелье де дәл осындай шара қолданды. Бірақ бұл темекінің жасырын контрабандалық жолмен жөнелтуіне жол ашты. Шығыста темекі шегу климаттың ыстығына байланысты өрт қауіпін тудырды, ал ол үшін қатаң шара қолданылатын. Түркияда темекі шегетіндердің денесін жарақаттайтын, маскаралайтын, тіпті өлімге де кесетін.

Бокарме деген граф өзінің қайынінісін темекі жапырақтарынан алынған бір затты алып келуге жібереді. Уланган адам миында, бауыры мен бүйре-гінде және басқа да мүшелерінде никотин табылады, дәрігерлердің қоры-тындысы бойынша адам өліміне солар себепші болған.

XIX ғасырдың ортасында шу болған Бокарме графтың сот ісі темекінің емдік қасиетіне деген сенімін жоғалтты.

1. 2 Жастардың шылым шегу себептері.

Орыстың белгілі фармакологы И. И. Догельдің айтуынша «Темекі шегу -адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық» - деген болатын. Қазіргі статистика бойынша жастардың 17 пайызының 8-9 жастан бастап темекіге үйірсек болатынын көрсетеді. Жоғарғы сыныптарда ер балалардың 50 пайызы, қыздардың 28 пайызы шылымқор.

Жасөспірімдер ересек, сәнді болып көріну үшін темекі шегуге мэжбүр. Бірақ, оларды сырттан бақылап отырсаңыз олардың бұл ересек болып көрінуге тырысуы, сәнділігі, қолдан жасалған үйлесімсіз, күшеншек, күлкілі әрекет екендігін байқаймыз. Лев Толстой да «Адамды ессіз түрде баурап, небір сорақы әрекеттерге жетелейтін ең қарапайым азғырғыштың түрі «бәрі де солай істейді ғой» деген ақталуды естиміз.

Темекі шегетін жасөспірімдердің жүйке жүйесі нашарлайды, оларда ашушаңдық, тез әсершеңдік пайда болады. Ал олардың есте сақтау қабілеті мен зейінін бағыттау, 5-7 пайызға төмендейтіні эксперименталды түрде дэлелденген. Демек, оқу қиындай бастайды. Оның үстіне мұндай оқушы болуға жол жабық. Темекі шегу наркоманияға да бастайтын жол. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры былай деген, әлемде 1, 1 миллиард шылымқор бар, олардың орташа өмір жасы темекі шекпейтіндермен салыстырғанда сегіз он жылға кем.

XX ғасырда темекі шегетін әйел адамды кездестіру қиын болатын. XX гасырдың басында ондайлар аздап та болса көбейе бастады. Ал XX гасырдың соңы мен біздің гасырымызда кейбір дамыған елдерде 40-50 пайызы шылымқор болды. Қыздардың арасында темекінің кеңінен таралуына мода, сәнқойлық себепкер болып отыр. Темекі шегетін қыздардың алпыс пайызы бұл сұраққа «Бұл әдемі», «Темекі шегу сәнді, сексуалды», «басқаларға үнағым келеді, назарын аударғым келді» деп жауап берген. Әйтсе де ер балалардың тек 9% гана темекі шегіп түрган қыз «әдемі, сексуалды көрінеді» деп санайды.

Жас кезінен бастап темекі тартқан бір адам, қалган өмірін, сау-сәлемет өткізу бақытын жогары дәрежеде қауіпке ұшыратады. Мысалы: Жастар арасында жүрек ұстамасына шалдыгу қаупі аз. Егер, темекі тартатын болса, жастардың өзінде жөтел, қуаттың әлсіздігі және жүрек қағу сияқты науқас белгілері көрінуі мүмкін.

1. 3. Шылым шегудің анатомиялық және физиология лык

салдары.

Темекі шегу - жәй ғана сән емес. Бул - ағзаны тұрақты түрде зиянды заттармен уландыру.

Шылым шегіп денсаулығына зиян тигізген кісі өз қолымен өзін қатерге итер-мелейді, әрі өз-өзін ұзақ мерзімде «баяу өлтіруіне» жол ашады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мэліметіне сүйенсек, Қазақстан халқының 27 пайызы (4 миллион адам) темекі шегеді. Сорақысы сол, елімізде жылына - 25 мың, күн сайын 70 пенде темекінің кесірінен туындаған дерттерден көз жұматын көрінеді. Езуіне шылым қыстырған кісілердің тең жартысының ғүмыры 15 жылға кемиді екен.

Шылым алдымен, қан тамырларына әсерін тигізеді, қан тамырларының жү-мысын нашарлатып, оларды жіңішкертіп, қан қысымын көтеріп, жүрек талма-сына жетелейді. Ал темекі құрамында 4000 мөлшерде химиялық зат барлығы анықталған. Тек бір тал темекі шеккен адамның ағзасында никотиннің зардабынан бүйрек үстіндегі бездерден «арденамен» және «норадренамен» деп аталатын гармондардың жұмысы бүзылады. Сондай-ақ ол ең алдымен асқа деген тәбетті қайтарады. Ac қорытуды қиындатады. Тісті сарғайтып, ауызды сасытады. Асқазанда жара пайда болады. Ерін, тіл және өңеш рағына жол ашады. Жөтел және қақырық пайда болады. Созылмалы тыныс жолдары қабы-нуына әкеліп соқтырады. Тамырды қатайтады. Қол, аяқ тамырлары бітеді, гангрена (тэн талшықтарының жансыздануы, шіруі) пайда болып, қол, аяқ ке-сіліп, кемтарлыққа дейін апарады. Ми қызметін реттейтін тамырларды да қа-тайтып, салдануға себепші болады. Жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек ұстамасы) қолайлылық туғызады. Есте сақтау қабілетін азайтады. Көңілсіздікке душар етеді. Ұйқыны азайтады. Теріге әжім түсіреді. Тіпті ер мен әйелдің жақындасуына еңжарлықтың басты себебінің бірі - темекі шегу.

Қазақстанда 4, 2 миллион адам темекі шегеді. Қазақстанда "Жеңіл және еркін тыныс ал" атты іттық шарасы өтуде. Шара оныншы жыл қатарынан Дүниежүзілік обструктивті өкпе ауруларымен күрес сүніне және Халықаралық темекі шегуден бас тарту күніне арналып ұйымдастырылып келеді.

Бүгін соған орай саламатты өмір салтын Іқалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен елорда да созылмалы обструктивті өкпе ауруларының (СОӨА) алдын алуға арналған дөңгелек үстел мәжілісі өтті. "Бұл шара қоғам мен дәрігерлердің назарын созылмалы обструктивті қолқа ауруларына аударту үшін жасалуда. Себебі, бұл дертке шалдығатындардың саны қант диабетімен ауыратын-дардың санынан үш есе коп. Ал оны емдеу өкпе демікпесін емдеуге кететін шығыннан әлдеқайда көп шығынды талап етеді", деген. Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бас терапевт маманы Мейрамгүл

Сағындықова. СОӨА-ның адамға салдары өте ауыр. Дерт өкпе немесе қолқа бейдауасына ұласып кетіп жатады.

"Былтыр Қазақстанда өкпе бейдауасы қатерлі ісік ауруларының ішінде бірінші орында болды. Биылғы жылы ол екінші орынға түсті. Дегенмен, өлім-жітім бойынша өкпенің қатерлі ісігі бірінші орынды берген емес", - деп Астана қаласы Онкологиялық диспансерінің бас дәрігері Мүхтар Төлеу-таев атап көрсетті. Оның басты себепкері - темекі шегу әдеті. Ресми деректерге сүйенсек, елде әрбір 3-ші азамат темекі шегеді. Олардың ішінде әрбір 10-шы СОӨА шалдыққан. Ал Әлемдік статистиканың мэліметтері бойынша, темекі шегетіндердің 82 пайызы өкпе бейдауасына душар болады. СОӨА дерті әлемдегі өлім-жітімнің 4-ші себебі болып табылады.

Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Мүны жыл бойына әр күн сайын 25 авиалайнер апатқа ұшырап, сол себепті түгел ажал қүшқан пассажирлердің санымен салыстыруға болады. Бүгінде жер шарында 1, 2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. Бұл - бұл ма? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгінетін болсақ, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда жарты миллиард тірі адамның түбіне темекі жетуі мүмкін көрінеді. Бұл қолайсыз мэлімдеме үрейлендіріп, үркіту үшін емес, нақты факт негізінде жасалып отыр. Ал, Қазақстанға келер болсақ, қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен. Оның басым бөлігі орта жастағы адамдар болса керек. Темекі тартатын адам күніге орта тартса, ал 45 жастағы адам өмір есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін бойына 2 млн. рет темекі тартады деседі. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-1 біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады. Темекі шегудің зиян келтіретінін білсе де, шылымқорлар көбеймесе азаймай отыр. Темекі шегуші адамдар тек өзін ғана улап қоймай, қасындағы басқа адамдарды да улайтыны белгілі. Пайғамбарымыз Мүхаммедтің (с. ғ. с. ) қасиетті сөздерінде айтылғандай, адам өз денсаулығын қорғауға, оны бүзып, уландыратын әр нәрседен аулақ болуға қазір тэжірибеде денсаулық сақтау қызметінің ескертуі, дәрігерлер кеңесі, шылымқорларға шүғыл шартты рефлекс жасау, оларға жағымсыз жайттар туғызу, гипноз (сиқыр), миға код жіберу және қолдаушы топ арқылы темекі қойғызуға арналған бағдарламалар жүдэ көп. Бірақ, бұлардың нэтижелері түбегейлі болмай түр. Осындай тәсілдермен емделген адамдардың бестен бірі ғана темекіні тәсігөй қойып кетуі ықтимал. Ал, олардың көпшілігі бұрынғы зиянды әрекеттерін жаңғыртып, қайтадан жалғастырады. Жүз пайыз нэтижеге қол жеткізетін тәсіл - «иман терапиясы». Яғни, шылымқорлардың Алладан қорқуы арқылы темекіні қоюына қол жеткізу ісі ғана сенімді жол деуге болады. Өйткені, иманның темекіден де жаман әдет және асқынған ауру түрі - арақ құмарлықтан адамдарды айықтырғаны бізге Ислам тарихынан мәлім. Бұл оқиға Пайғамбарымыз Мүхаммедтің (с. ғ. с. ) көзі тірі кезінде болған еді. Оған (с. ғ. с. ) Алла Тағаланың арақ ішуді харам еткені туралы (Мэидэ: 91) аят түскен кезде, адамдар ойланбастан арақ ішу індетін сап тиған екен. Нәтижесінде, көшеде

сарқырап аққан арақтан арық пайда болыпты. Арақ иісі апта бойы кетпей тұрып алса керек. Содан бері мұсылмандар арақты элі ауызына алып көрген жоқ. Дүние жүзінде алпауыт мемлекеттердің ешқайсысы қанша тырысқанмен, мүндай нәтижеге өкінішке орай, бүгінгі күні көптеген мұсылмандар Ислам дінінің шылым шегуге тыйым салганын түсінбейді немесе түсінуге тырыспайды. Олар темекі шегу харам етілгені жөнінде Құран мен Сүннетте ешқандай дэлел келтірілмегенін алға тартады. Рас, ондай тікелей тыйым жоқ. Бірақ, Пайғамбарымыздың (с. г. с. ) сүннетіне сүйене отырып, темекінің тыйым салынған зиянды әдеттүрі екенін түсіне аламыз. Шариғат көзінің бірі - қиясқа (салыстырмалы үкім) амал жасап, ысырапшылдық пен денсаулыққа зияндылығын тілге тиек етсек, оның тыйым салынуға тиіс екені өзінен-өзі түсінікті болады. Ысырап жөнін айтар болсақ, бір қорап темекінің орташа багасы 50 теңге тұрады делік. Оны 365 күнге көбейте қойыңыз. Біз бір ескеретін нәрсе - бір бөлке нанның қүны бұл күнде орташа есеппен 25 теңге тұрады. Бұл - бір адамды аштықтан аман алып қалатын тағам мөлшері. Ал, енді темекінің адамдардың денсаулығына зардабы қандай? Темекінің әр талы адам өмірін 12 минутқа қысқартатыны дәлелденген шындық көрінеді. Сондай-ақ, оның басты зияндылықтарын айтар болсақ, төмендегідей тізім пайдаланды.

  1. Ерін тіл және өңеш рағына жол ашады.
  2. Ac қорытуды қиындатады, тэбетті қайтарады.
  3. Асқазанда жара пайда болуына көп әсері бар.
  4. Өкпе мен көмекей рағына ұшыратады.
  5. Қол-аяқ тамырлары бірте-бірте бітеледі. (Гангренаға айналып, қол, аяқ кесілуге дейін барады) .
  6. Миды қамтитын тамырларда да қатаю пайда болып, клеткалары өледі және ол орнына қайтып келмейді.
  7. Жүрек ауруларына (инфарк) шалдығады.
  8. Тез қартаяды, теріде эжім пайда бола бастайды.
  9. Бел әлсіздігінің ең басты себебіне айналады.
  10. Темекі өрттің шыгуына да ықпал етеді. Соның кесірінен үй, орман өртеніп, адам өліміне де душар етуі мүмкін.
  11. Темекі екіқабат әйелдерге зиян береді. Сырқат сэбидің дүниеге келуіне негіз болады. Тіпті, баланың өлі тууына да себеп болуы ықтимал. Түсік тастауға да алып келуі гажап емес. т. б.
  12. Бала емізетін әйелдерде никотин емшек сүтіне араласып, осы арқылы сэби уланып, туберкулез, өкпе, мазасыздану т. б. сырқаттарға ұшырайды.

Темекінің зияндылығының негізін оның құрамындағы көптеген қатерлі әлементтерден түзелетіндігінен байқауға болады. Темекі түтінінде 4000-га жуық химиялық зат бар екендігі анықталып отыр. Оның бір де бірі адам ағзасына пайдалы емес, барлығы' бірдей залал. Оның ішінде никотин, шайыр, көміртегі тотығы және кансереген секілді заттардың зардабы аса ауыр болып келеді. 100 мг. никотинді бірден қабылдаған адам өледі. Бұл никотин мөлшерін екі қорап темекіден алуға болады. Әрине, екі қорап темекі шеккен адам өле қоймайды. Өйткені, ол оның бәрін бір сәтте қабылдап үлгермейді. Адам оны күні бойы шегеді. Сондықтан, улана қой-майды.

Тек бір тал темекі тартқан адамның бүйрегіндегі бездерден арденалин және норадреналин деп аталатын гармондардың бүзылуы басталады. Асқазанның қышқыл сұйықтығы (запыран) артады. Адамның тыныс алуы тездейді. Жүрек соғу жиілеп, оның қалыптан артық жұмыс істеуіне алып келеді. Қан қысымы артады. Міне, мүның бәрі бір тал темекідегі никотин-нің әсерінен болған жайптар. Мұның соңы адамды аса қауіпті асқынған ауруға душар етуі әбден мүмкін. Шылымқорлар шетінен үмытшақ болады. Олардың күш-қуаты азайып, шаршауы көбейеді. Әлсізденеді. Әрекет етуге құлықсызданады. Тэбеті тартпайды. Ұйқысы қашады. Қазір темекінің мыңнан артық зияны бар екені мэлім болып отыр. Сондықтан, темекі шекпейтіндер оған жоламай-ақ қойсын, шылымқорлар одан күтылудың жолын қарастырсын.

Темекі - адам денсаулығына қауіптілігімен қатар, темекіге деген тәуелділіктің пайда болуын тудыратын өнім. Әбден дағдыланып алған күмарпаздық дерті - үйреніскен темекіден қалай қүтылуға болады? Әсілінде, адамдардың нэпсісіне тыйым сала білетін ең тамаша уақыт - ораза ұстайтын қасиетті рамазан айы. Ораза ұстаған адамның күні бойы темекі тартпағанына Карағанда, біраз сабыр көрсетіп, басқа кездерде де осы күйін жалгастырса, бір ай ішінде темекі дертінен қүтылмауына ешбір себеп жоқ. Кейбіреулер темекіні біртіндеп қою тәжірибесін ұсынады. Негізінен мүның нэтежиесін көргендер көп. Темекі санын күн сайын азайтып, ақырында біржола арылуға болады. Темекі тастаған соң, оны қайта-дан тартпаудың да маңызы зор. Темекі есіңе түскенде басқа бір істермен айналысқан жөн. Қатты қиналсаңыз, Алла Тағалага дүга етіңіз. Бұл сізге бір рухани күш береді, сол сәтте темекіні ойлаудан тияды. Темекіні тастағандағы пайдаңызға келейік. Ең әуелі, ағзаңызды көміртегі тотығы, никотин, шәйір (қарамай) және басқа да улы зиянды заттардан тазартасыз. Деміңіздің сасық иісі айығып, тісіңіз тазаланады, рақат тыныс алатын боласыз. Жүрек ауруларынан қаупіңіз азайып, түнде жайлы ұйықтайсыз. Дәм айыру қабілетіңіз артады. Әр түрлі тағам түрлерінің соншалықты тәтті екенін бұрын білмей келгеніңізге таң қалатын боласыз. Ортаны, отбасыңызды, жолдастарыңызды темекі түтінімен уламайсыз. Кіріс жағынан да пайдаңыз бар. Темекіге жұмсаған ақша қалтаңызда қалады.

ТЕМЕКІ ТАРТУ ЖӘНЕ ЕКІҚАБАТ БОЛУ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық бұзатын факторлар
Темекі және оның алдын алу жолдары
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ
Зиынды заттардың профилактикасы
Темекі тарту – зиянды әдет. Аналар темекiге қарсы
Денсаулық және темекі шегу
Шылым шегудің зияндары
АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАН АЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ МЕН ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ
Қанайналым жүйесі ауруларының қауіп факторларының маңыздылығы
Баланы жастан немесе баланы бесігінен түзе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz