Императорлық Қазан Университеті жанындағы Тарих, археология және этнология қоғамы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 123 бет
Таңдаулыға:   

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. XIXғ. II жартысы қазақ территориясының Ресей империясына толығымен қосылуымен ерекшеленеді. Қазақстанды игерудің барысы және орыс-қазақ қатынастарының тереңдеуі өлкені зерттеуді кеңейту қажеттігін туғызғаны сөзсіз. Орыстандыру саясаты осы кезде ежелгі қазақ жерлеріне орыс халқын қоныстандыру, жерлерді түрлі әкімшілік аймақтарға бөлумен қатар, білім беру жүйесінде де көрініс тапты. Сол себепті, аталған кезең қазақ жерінде орыстық үлгідегі мемлекеттік білім беру жүйесінің қалыптасқан кезеңі, яғни, орыс-қазақ училищелері мен түрлі гимназиялардың пайда болуымен ерекшеленеді [1] .

XIX ғасырдың 20-60 жылдарындағы Ресей империясындағы ғылыми таным жүйесінің дамуы, география мен этнографияның қалыптсауы мен дамуы ориенталистикадағы жетекші бағыт ретінде орыс шығыстануының пайда болуына әкелді. XIX ғасырдың осы екінші жартысы да орыс ориенталистикасының гүлденген кезеңі болып табылады, себебі, осы кезеңде қазақ халқының мәдениеті мен тарихын зерттеумен Ресей империясының 24 ғылыми қоғамы айналысады, соның ішінде, Орыс Географиялық қоғамы мен оның Орынбор және Батыс-Сібір және басқа да бөлімшелері, Қазан, Петербург, Мәскеу университеттері жанынан құрылған ғылыми қоғамдар ауқымды тарих, археология, этнография, фольклор, әдебиет т. б салаларда ауқымды зерттеулер мен жұмыстар атқарды [2] . Аталған қоғамдардың атқарған қызметі XIX ғасыр мен-XX ғасыр аралығындағы Қазақстанның түркітілдес халықтары мен Еділ-Орал аймағының қоғамдық-мәдени өмірінде елеулі құбылыстардың бірі болды. Осыған байланысты қазақ, татар және башқұрт ұлттық интеллигенция өкілдерінің ғылыми ізденістері мен ғылыми қоғамдардың көпаспектілі қызметі белгілі бір ортақтықты қажет еткені сөзсіз.

Қазақ жеріне енгізілген ағартушылық жүйесі алғашында әкімшілік аппарат үшін мамандар дайындауды мақсат етті. Әрине мамандандырылған кадрларды Ресей империясының жоғарғы оқу орындары даярлады. Алғашында қазақ халқының автономды территориясы 1804 жылы құрылған Қазан оқыту округіне қараған еді. Қазан ұзақ уақыт бойы орыс ағартушылығының шығыстық форпосты болды [2] . Сол себепті осы кезеңде халықтың жаңаша сауатын ашып, тіл білімі мәселесін зерттеуді жолға қоюда Тобольск, Орынбор, Саратов, Астрахан және басқа қалалар гимназияларында татар тілін оқыту біршама орын алды. Қазан мен Петербург университеттерінің шығыстану бөлімдері де Орта Азия мен Қазақстанды зерттеуге ат салысты.

XIX ғасырдың екінші жартысында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру нысандары ғылыми қоғамдар ретінде кең таралды және империядағы әрбір университеттерде құрылды. Олар тарих ғылымының тұрақты құрылымына айналды және империяда 156-ға жуық ғылыми қоғамдар болды. Ресейде «Петровское Общество исследователей Астраханского края», «Общество изучения Амурского края», «Финно-Угорское Общество», «Уральское Общество любителей естествознания», «Туркестанский кружок любителей археологии» секілді жүз деген ғылыми мекемелер және қоғамдар, ИОГҚ-ның (ИРГО) Орынбор бөлімшесі, ИОГҚ-ның Амур бөлімшесі, Орал, Якут, Вятка, Воронеж және басқаларының губерниялық статистикалық комитеттері қызмет атқарды [3] .

Қоғамдарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, субсидиялар берілді және цензурадан босатылды. Бұл қоғамдар тарихи білімдердің тарихи шығармалар мен тарихи деректердің түрлі баспалар мен жұмыстар арқылы жариялануы мен таралуын қамтамасыз етті және тарихшы-зерттеушілердің ғылыми қоғамдастығын құрды. Сонымен қатар, империя аймағында құрылған ғылыми қоғамдар идеологиялық және саяси тұрғыда бақылауға алынғанын да айта кету керек.

Солардың ішінде-XIXғасырдың аяғы мен-XX ғасыр басындағы өзінің орналасу және талантты зерттеушілерімен ерекшеленетін - Қазан университеті жанынан құрылып, (1878-1917жж) аралығында қызмет атқарған Тарих, археология және этнография қоғамы» еді. Бұл қоғам Еділ мен Орал, Сібір мен Орта Азия халықтарының тарихын зерттеуді өзінің нысаны етіп алған Ресей империясындағы жалғыз ғана ғылыми орталық болды. Ресей империясының Халық ағарту министрлігі АТЭҚ-ның ашылуын отаршыл пиғылда рұқсат бергеніне қарамастан, өлке халқының тарихына құрмет пен қызығушылық, қоғамның полиэтникалық құрамы - осының бәрі қоғам өміріндегі прогресшіл факт болып табылды. Патша үкіметінің әкімшілігі ғылыми қоғамдарды бақылап, оларды патша мүддесіне байланысты бағыттай алатын еді. Сондықтан патша билігі тұсындағы еліміздің барлық саласындағы қоғамдық өзгерістер мен мәдени тарихи заңдылықтарды ашуда аталған қоғамның құрылуы мен қызметі маңызды рөлге ие.

Кейіннен 1917 жылғы саяси өзгерістерден кейін аталған ғылыми қоғамдар революцияға дейінгі қоғамдар ретінде қалып, өлкетану ісі Қазақстан, Татарстан және Башқұртстан елдеріндегідей массалық ғылыми-мәдени қозғалыстарға айналды. Бұл қоғамдар кеңестік тарихи ғылымдардың қалыптасуында маңызды рөл атқарып, ғылыми ізденістер мен олардың нәтижелерінің негізгі фактілік базасын құрады.

Сонымен, отандық тарихнамада жоғарыда аталған ғылыми қоғамдардың еліміздің тарихы мен мәдениетін зерттеудегі қосқан орасан зор үлесін ашып қөрсету әлі де болса өзекті, маңызды тақырыптардың бірі болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан тарихнамасында XIX ғасырдың екінші ширегі мен-XXғасыр басы аралығындағы Қазақстан тарихы бойынша тарихи ғылымдардың даму процесін ашып көрсететін біршама маңызды тарихнамалық еңбектер бар. Бұл еңбектерде Қазақстан тарихын зерттеудің кезеңдері, революцияға дейінгі орыс тарихнамасы, сонымен бірге, 1920-1980 жылдардағы кеңестік тарихи мектептердің кезеңдері мен қалыптасу жолдары талқыланады, әрине бұлар Д. И. Дулатова, Г. Ф. Дахшлейгер, Э. А. Масанов және И. М. Қозыбаевтың еңбектері еді. Әсіресе, Э. А. Масановтың «Очерк истории этнографического изучении казахского народа в СССР» еңбегінде автор XIX ғасыр басы-XX ғасырдағы қазақ қоғамының тұрмысын, дінін, шаруашылығын және т. б зерттеумен айналысқан Орыс Географиялық қоғамы мен Қазақстан территориясындағы бөлімшелері және Қазақстанды зерттеу қоғамына аса көңіл бөледі [4] .

Сонымен қатар, XIX ғасыр басы-XX ғасырдағы өлкетану және ғылыми-зерттеумен айналысқан ұйымдар қызметіне «Қазақстан тарихы» үшінші томында жалпы түсініктеме беріледі. XIX-XX ғғ Қазақстандағы ғылыми мекемелер қызметінің тарихын зерттеуге арналған А. К. Абилева мен Ж. А. Ахановтың, XIX ғасырдың 70-жылдарындағы Батыс Сібір мен Түркістанның ғылыми қоғамдары мен П. П. Семенов-Тянь-Шанскийдің, В. В. Радловтың, В. В. Бартольдтың қызметтері Э. И. Герасимованың еңбектерінде қарастырылады [5] .

Қазақ халқын тарихи-мәдени зерттеуде Қазан университеті жанынан құрылған ғылыми қоғамдар мен мекемелерде жұмыс атқарған қызметкерлердің ғылыми-зерттеу қызметтері маңызды рөл ойнады. Соның Қазан университетіндегі этнографиялық зерттеулердің даму динамикасында университет жанынан құрылған Тарих, археология және этнология қоғамның маңызы зор. Еділ-Орал аймағы мен Қазақстан халықтарының рухани мәдениеті дамуындағы Қазан университетінің рөлін көрсету мақсатында Г. Р. Стольярованың, С. М. Михайлованың, Ж. Есеналинаның «Взаимодествия научных обществ Западного Казахстан и Волго-Уральского региона во второй половине XIX-30-е годы XX веков», аталған университеттің он тоғызыншы ғасырының екінші ширегіндегі қоғамдық-саяси өмірі туралы Г. Н. Вульфсон, Е. Г. Бушканецтің және онда білім алған қазақ студенттерінің алғашқы қазақ интеллигенция өкілдері ретінде қарастырған Б. Кенжетаевтың, зерттеуші Г. С. Сұлтанғалиеваның еңбектері аталған бағыт бойынша зерттеліп, өз бағасын алып қойды [6] .

Императорлық Қазан Университеті жанынан құрылған Тарих, археология және этнология қоғамының атқарған жұмыстары жөніндегі мұрағат беттеріндегі мәліметтер, қоғамның жарғылары мен қоғамда қызмет атқарған ғалымдардың еңбектері қазіргі таңда маңызды деректер тобын қалыптастырады. Аталған мәселені Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде арнайы зерттеп, олардың ғылыми құндылығын көрсету мақсатында зерттеу жұмыстары, диссертациялар біршама жазылды. Ал, тарихнамасына келер болсақ, бірнеше авторлардың қоғам жөнінде еңбектері жарық көрген болатын. Атап айтсақ, С. М Шпилевскийдің «О задачах деятельности Казанского Общества Археологии, Истории и Этнографии и о возможном содействии Обществу со стороны жителей местного края // Известия ОАИЭ. -1884. -Т. 3, С. М Тимаевтың «Общество археологии и этнографии в Казани //Вестник археологии и истории. -1888. -Вып. 7. Н. Ф. Катановтың «Общество археологии, истории и этнографии за тридцать лет. -Казань, 1908, сондай-ақ А. А Хабибулиннің «Изучение истории народов среднего Поволжья и Приуралья в Обществе археологии, истории и этнографии при Казанском университете» (1878-1917) . Автореф. дисс… канд. ист. наук. - Казань, 1979, В. В Астафьевтің «Общество археологии, истории и этнографии при Казанском университете и его уникальный опыт интерпретации исторических памятников және Б. А Кенжетаевтың «Казанские учебные заведения и процесс формирования казахской национальной интеллигенции в середине XIX - XX вв. Казань, Изд. : ПиФ, 1998 [7] .

Қазанда Казем-бек (1802-1870), И. Н. Березин (1818-1896), В. В. Радлов (1837-1918), Н. Ф. Катанов (1862-1922) секілді керемет шығыстану кадрларының шығармашылық еңбектері жинақталған [8] . Петербург және Мәскеумен қатар Ресей империясындағы үшінші ориенталистік орталық Қазан деп санауға толық құқымыз бар. Қазандық шығыстанушылардың жан-жақты қызметі сол өлкенің көп ұлттық өмірімен байланысты болды.

Г. Н. Потанин, А. А. Диваевтың және т. б. қазақ елінде жүргізген жұмыстарының түпкі негізі - Ресей империясының отарлау саясатына мүддесіне сай келетін. А. Е. Алекторовтың да басты қызметі осы мақсатта болып [8], Н. И. Ильминский, В. В. Катаринскийлер тәрізді миссионерлік міндетті атқарғанымен, зерттеушінің жинаған, жариялаған фольклорлық, этнографиялық материалдарының, ой-пікірлері мен тұжырымдарының қазақ тарихы үшін маңызы зор. Себебі, А. Е. Алекторовтың немесе жоғарыда аталған авторлардың болсын еңбектері рухани мұрамыздың, тарихымыздың XIX ғасырдағы жай-күйін біршама нақты сипаттаған әрі, баспасөз беттерінде жарияланып бағалауға негіз болды [9] .

Сонымен қатар, Ресей ориентализмі, яғни империяның шығыс халықтарын зерттеумен айналысқан ғылыми қоғамдар жайлы шетелдік ғалымдар да өз кезеңінде зерттеп, баға берген еді. Олар Адиб Халид, Андреас Каппелер, Андреас Реннер, Марк Бассин, Вирджиния Мартин т. б.

Солардың бірі-Натаниел Найт еді. Н. Найт тек қана Ресей ориентализмін ғана емес, империядағы репрессияға ұшыраған этногрофтар туралы жазып, оларға талдау жасайды. Оның пікірінше, Сібір Ресей империясы монополиясына жатқызылмады, деп Ядринцев, Потаниндер пікіріне қарсы шығып, Сібір тарихнамасын жазуда Тернер концепсиясын пайдаланады [10] .

Қазіргі таңда аталған тарихнамалық еңбектер қоғамның негізгі атқарған қызметі мен маңыздылығын түсінуде септігін тигізеді.

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - Императорлық Қазан Университеті жанынан құрылған ғылыми қоғамдар, соның ішінде Тарих, археология және этнология қоғамының пайда болу обьективтілігі мен еліміздің тарихы мен мәдениетін зерттеудегі алатын рөлін көрсету;

Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

Императорлық Қазан университеті ғылыми қоғамдарының пайда болу себептерін ашу;

Университет жанынан құрылған Тарих, археология және этнология қоғамының мерзімді басылымының ерекшелігін және жарияланған мақалалардың деректік маңызын көрсету;

Қазан университеті мен ғылыми қоғамдарының зерттеушілері мен оқытушыларының еліміздің тарихы мен мәдениетін зерттеудегі қосқан үлесі мен атқарған қызметтерін ашып көрсету;

Университетте білім алған қазақ жастарының университеттегі ғылыми қоғамдар жұмысына араласуын көрсету.

Зерттеудің деректік негізі. Зерттеу жұмысының негізгі дерек көзі ретінде Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Ресей Ұлттық Кітапханасынан алынған және мұрағат беттеріндегі қоғам Жарғылары мен Ережелері болып табылады. Сонымен қатар 2012 жылы Қазан қаласында жарық көрген «История Казани в документах и материалах XIX век» құжаттар жинағы, бұл құжатта Татарстан Республикасының ұлттық мұрағатындағы Қазан оқыту орталығының қамқоршылары (92 қор), Қазан университеті (977 қор), мұғалімдік семинария (93 қор), ветеринарлық институт (87 қор), көрнекті миисионер И. И. Илминьскийдің (968 жеке қоры) және атақты шығыстанушы Н. В. Катановтың (696 жеке қорларынан) құнды құжаттар көрініс табады [11] . Және де зерттеуші Г. С. Сұлтанғалиеваның «Казахское чиновничество на службе Российской империи» құжаттар жинағында Орыс географиялық қоғамының мүшелерінің еңбектері жөніндегі аса құнды мәліметтер де аталған тақырыптың тағы бір деректер тобын құрап отыр. Сонымен қатар, Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасы мен Орталық мұрағатынан алынған мәліметтер, атап айтсақ, Қазан Университеті Жаршысының 1829-1830 жылғы жарық көрген томдары, Императорлық Қазан университеті жанынан құрылған Тарих, археология және этнология қоғамының 1889-1899 жылдар аралығында жарық көрген Хабаршылары, соның ішінде айтып кетер болсақ, 1892 жылы жарық көрген осы қоғамның 2-ші томында қоғам мүшелері туралы нақты, фактілік мәліметтер бар, олардың қай жылы қоғамға мүше болып сайланғаны, қоғамның қандай мүшесі және атқаратын қызметі жөнінде жазылған, сонымен бірге қоғамның 1892 жылғы есебі де көрсетілген.

Деректердің тағы бір тобын «Оренбургский листок», «Тургайская газета», «Тургайские областные ведомости» мерзімді басылымдары құрайды және бұл журналдарда қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне қатысты А. АДиваев, А. Е. Алекторов, А. И. Добросмыслов және т. б Қазан университеті оқытушылары мен зерттеушілерінің этнографияға, археологияға қатысты мақалалары жарық көрген.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі мен зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысын жазу барысында соңғы жылдары жалпы тарих ғылымдарында болып жатқан түбегейлі өзгерістерді негізге алынды. Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда зерттеу методологиясы жүйелі, объективтілік, тарихи-салыстырмалық тәрізді ғылыми таным қағидаларына негізделінді. Сондай-ақ, кейінгі уақыттарда қалыптасып келе жатқан жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдамалар, жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынып, зерттеу барысында нақты тарихи, салыстырмалы-тарихи, ғылыми жүйелеу, талдау, сипаттамалық және аналитикалық әдістер, жинақтау және қорыту, сонымен қатар, деректерді басқа да тарихи деректермен салыстыра отырып, негізге алынған дерек көздерінің обьективті шынайылығын анықтауға назар аударылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысымның ғылыми жаңалығы ретінде бұл тақырыптың өзіне лайық зерттеу көрмегендігінде, яғни, Қазан университеті жанынан құрылған Тарих, археология және этнология қоғамының атқарған қызметі мен жариялаған мәліметтердің еліміздің тарихын тереңірек зерттеулегі қосар үлесін, сонымен қатар, тұрақты түрде жарық көріп тұрған «Хабаршы» журналының мерзімді басылым ретінде Қазақстан тарихының құнды дереккөзі екенін көрсетіледі. Және де қазақ жеріндегі ұлттық интеллигенцияның қалыптасуымен, оқу-ағарту саласындағы Қазан губерниясы мен Императорлық Қазан университетінің империядағы шығыс халықтары, соның ішінде қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі атқарған істерін айта отырып, оларға тиісті баға беріледі.

Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ тарихы мен мәдениетін, шаруашылығы мен тұрмыс-тіршілігін салт-санасы, әдет-ғұрпын зерттеу мен жариялау істерінде жаңа қадамдар жасалынды. Ресей империясындағы орыс халқы ғана емес, басқа да халықтың білімді өкілдері қазақ жеріне келіп, маңызды зерттеулерді жарыққа шығарды. Жарық көрген мәліметтер тарих, этнография, археология саласында қазіргі кезде құнды мұра болып табылады. Зерттеу жұмысын жазу мақсатында басты назарға алынып отырған Императорлық Қазан университеті мен Тарих, археология және этнология қоғамының қызмет атқарған және коғам Хабаршысының жарық көрген мерзімдері, яғни XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы - зерттеу жұмысымның негізгі хронологиялық шегін құрайды.

Ғылыми-қолданбалық маңызы. Императорлық Қазан университеті жанындағы ғылыми қоғамдардың Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерттеудегі қосқан үлесі ( XIX ғ. а-XX ғ. б) тақырыбындағы магистерлік диссертацияны Қазақстан тарихының жаңа тарих кезеңін оқытуда тарих мамандығындағы студенттерге пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлім мен алты тараушадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1-тарау. Императорлық Қазан Университеті жанындағы Тарих, археология және этнология қоғамы

1. 1 Қазан университеті және университет жанынан құрылған ғылыми қоғамдардың атқарған қызметі мен маңызы

Ресей империясындағы жоғарғы оқу орындарының қалыптасуы алғаш рет XIX ғасырда Александр I (1821-1825) билік еткен кезеңімен тұтас келді. Себебі, бұл уақыт империяны европаландыру мақсатында ағартушылық идеяға терең көңіл бөлінген және де мемлекетке сауатты чиновник-қызметкерлер керек болған кезең еді. Осы уақыттан бастап Ресей империясында университет деңгейіндегі, жоғары әскери және рухани білім дами бастайды. Осы жоғарғы оқу орындарының түлектері чиновник-басқарушылардың орындарын толықтырды, білім беру, медицина, армия саласында әртүрлі қызметтерге орналасты, жауапты тапсырмаларға белсенді араласты [11] .

XIX ғасырдың басында Империя территориясында төрт университет ашылады: Дерпт университеті (1802), Вилен университеті (1803), Харьков университеті (1804) және Қазан университеті (1804) кейіннен осыларға Педагогикалық Институт жанынан 1819 жылы құрылған Петербург университеті және 1834 жылы Киев университеті қосылды [11] . Барлық университеттер біртұтас қалыптасқан Жарғы бойынша жұмыс істеді, ол жарғылар XIX ғасыр аралығында бірнеше рет өзгерістерге ұшырап отырды.

Қазан губерниясындағы жоғарғы білім төрт жоғарғы мекемелерден көрінді - Императорлық университет, Рухани академия, Ветеринарлық институт және Жоғары әйелдер курсы. Аса мәртебелі I Александрдың 1804 жылғы 5 қарашада бұйрығы бойынша, университет Жарғысы мен мақұлданған грамотасына қол қойылып, Императорлық Университеттің негізі қаланады [12] . Қазанда жоғары деңгейдегі оқу орнынының ашылуы кездейсоқ емес болатын, біріншіден, Қазан университеті империяның шығыс перифериясындағы білім берудің таралу аймағы болуы тиіс еді, екіншіден, университеттің негізі болған гимназия өмір сүріп тұрған еді. Сонымен қатар, осы гимназия негізінде Қазанда аталған университеттен басқа жоғарғы оқу орындар жүйесі де қалыптасады: ветеринарлық университет және мұғалімдік семинария.

Университетте білім алуға классикалық гимназия түлектерінің барлығы құқылы болды және олар емтихансыз кез-келген факультетті таңдай алды, ал басқа білім беру орнынан оқуға түскендер алдымен, бастапқы маңызды ғылымдар мен тіл білімі пәндерінен емтихан тапсыруға міндеттелді.

Университетте факультет негізінен екі себеп нәтижесінде таңдалды, гимназияның материалдық жағдайы төмендеу түлектерінің бір бөлігі жоғары шәкіртақы тағайындалған факультеттерді таңдады (тарих-филология), екіншіден, алдағы карьера мен жоғары табысты ескерген түлектердің келесі бір бөлігі барлық университеттерде мәртебелі саналатын заң және медицина факультеттеріне түсуге тырысты [12] .

Жарғы бойынша университет төрт бөлімнен, яғни факультеттен тұрды: 1- саяси және моральдық ғылымдар , онда шіркеу тарихы, философия, құқық, сот ісі, саяси экономика және дипломатика оқытылды; 2- физикалық және математикалық ғылымдар, физика, математика, астрономия, металлургия, ботаника, технология және т. б; 3- дәрігерлік және медициналық ғылымдар , студенттер анатомия, физиология, хирургия, патология т. б лекциялар тыңдады; 4- ауызша ғылымдар , дүниежүзілік және ресей тарихы, статистика, география, орыс, грек, латын және шығыс тілдеріне бейімдейтін факультеттер қызмет атқарды, барлығы 28 кафедра жұмыс істеді[13] .

Қазан университетінің тағы бір ерекшелігі болып 1835 жылы құрылған жеке шығыстану факультетінің құрылуын айтуға болады, онда араб, татар, парсы тілдерімен қатар, қытай тілі, армянтану мен санскритология ашылды, тюркологияда үлкен жетістіктерге жетті, шығыс тілдері, соның ішінде татар тілдерін аударуда керек болған тілмаштар даярлауда мемлекеттің саяси қызметінде қолдау тапты.

Университеттегі оқыту жүйесі екіге: дайындық және кәсіптікке бөлінді. Пәндерді таңдау жағынан гимназиялық білімнен айырмашылығы аз болды: студенттер латын, орыс тілдерін, география, тарих, статистика, физика, философия және жаратылыстану тарихын т. б оқыды, содан кейін студенттер ғылыми жетекшілерімен жеке зерттеу жұмыстарымен айналысты [13] .

Дегенмен, алғашында 1812 жылға дейін университет жағдайы мәз емес еді, гимназиямен бір ғимаратта болды, профеесорлардың жетіспеуінен кеңес ашылмады, университетті гимназия гимназия басқарып тұрды, студенттер саны аз болды, сонымен бірге XIX ғасырдың алғашқы ширегінде білім сапасы да төмендеу еді, бірінші кезекте орыс тілін нашар білетін шетелдік оқытушылардың көптігінен, екіншіден, биліктің айтқанын істейтін, тыңдаушы чиновниктерді даярлау алғашында басты приоритет болғандықтан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отандық тарих ғылымында Зәки Уәлиди Тоғанның мұраларына түркі халықтары тарихының дерек көзі ретінде қарауды қолға алған дұрыс
ИОГҚ мұражайының басшылары
Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы (ХХ ғ. 20–40 жж.)
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
Кешенді археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін ескерткіш таңдау
Оңтүстік Қазақстанда XIX ғ. аяғында жүргізілген археологиялық және этнографиялық зерттеулер
Орыс географиялық қоғамының тарихы
Зерттеу жұмысын жазу барысында соңғы жылдары Отандық тарих ғылымында болып жатқан түбегейлі өзгерістерді негізге алдық
Сырдария өзенінің орта ағысындағы қалалар мен елдімекендерде бұрын және соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер кезінде алынған деректер
Г.Н. Потанин және қазақ зиялылары: саяси және рухани көзқарастарды тарихи талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz