Сыртқы қаржы ресурстарын тарту барысындағы Қазақстандағы проблемалар



Көптеген елдерде қарыз капиталы түріндегі қаржылық құралдар ағымының өсуі жаңа бір мәселені – сыртқы қарыз немесе сыртқы берешек мәселесін туғызды. Тәуелсіз экономикалық даму кезеңіне аяқ басқан Қазақстан Республикасында сырттан қарыз құралдарын тарту саясатын белсенді жүргізе бастады. Ұстанған саясаттың негізгі мақсаты – дағдарыстан шығу үшін және экономикалық өсімге қол жеткізу үшін келуші қаржы құралдарын тиімді қолдану болды.
Жалпы сыртқы қарыздың республиканың экономикалық даму мақсаттарына қолданылуы қарама –қайшы сипаттарға ие. Оңды әсері – сыртқы несие құралдары экономикалық өсімді қамтамасыз етуд дамушы елдердің ішкі жинақтарын айтарлықтай толықтырады. Тиімсіз қолдану жағдайында ұдайы өндіріс барысын тежеп, сыртқы қарыздылық мәселесін шиеленістіреді.
Кез келген экономикалық дамушы ел тәрізді Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге қол жеткізуде 1992 жылдан бастап сыртқы қаржы көздеріне сүйене бастады.
Басқа да дамушы елдер тәрізді Қазақстанда да құралдарды дамуға ресми көмек шеңберінде алушы болып табылады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында дамуға ресми көмек желісі бойынша тартылған қаржы құралдары көбінде төлем балансын қолдауға, ұлттық валютаны нығайтуға және техникалық көмекке бағытталды.
Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы қарызы 1999 жылы желтоқсан айында 7892,9 млн. АҚШ долларын құрады.
2000 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша республиканың жалпы сыртқы қарызы 12525,3 млн.доллар, оның ішінде:
- мемлекеттік және кепілдікті қарыз – 3929,5 млн.доллар.
- жеке сектордың кепілдіксіз сыртқы қарызы -8595,8 млн. доллар.
Ал бұл Ұлттық Банктің облыстық филиалдарында тіркелген қазақстандық резиденттердің келісім шарттар бойынша ресімделген берешегінен және де басқа борыштық міндеттемелерден тұрды.
Мемлекеттік және үкімет кепілдік берген қарыздың елдің сыртқы қарызындағы үлесі төмендеуде. 01.01.1994 жылы бұл 89,3% құраған болса, 31.12.2000жылы 31,3%-ға дейін төмендеген.
Реформалық жылдарда ел экономикасында жеке меншік сектордың үлесі ұлғайып, маңызды орын ала бастады. Мұндай бағыт шетел

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Сыртқы қаржы ресурстарын тарту барысындағы Қазақстандағы проблемалар
Көптеген елдерде қарыз капиталы түріндегі қаржылық құралдар ағымының
өсуі жаңа бір мәселені – сыртқы қарыз немесе сыртқы берешек мәселесін
туғызды. Тәуелсіз экономикалық даму кезеңіне аяқ басқан Қазақстан
Республикасында сырттан қарыз құралдарын тарту саясатын белсенді жүргізе
бастады. Ұстанған саясаттың негізгі мақсаты – дағдарыстан шығу үшін және
экономикалық өсімге қол жеткізу үшін келуші қаржы құралдарын тиімді қолдану
болды.
Жалпы сыртқы қарыздың республиканың экономикалық даму мақсаттарына
қолданылуы қарама –қайшы сипаттарға ие. Оңды әсері – сыртқы несие құралдары
экономикалық өсімді қамтамасыз етуд дамушы елдердің ішкі жинақтарын
айтарлықтай толықтырады. Тиімсіз қолдану жағдайында ұдайы өндіріс барысын
тежеп, сыртқы қарыздылық мәселесін шиеленістіреді.
Кез келген экономикалық дамушы ел тәрізді Қазақстан Республикасы
әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге қол жеткізуде 1992 жылдан бастап
сыртқы қаржы көздеріне сүйене бастады.
Басқа да дамушы елдер тәрізді Қазақстанда да құралдарды дамуға ресми
көмек шеңберінде алушы болып табылады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында
дамуға ресми көмек желісі бойынша тартылған қаржы құралдары көбінде төлем
балансын қолдауға, ұлттық валютаны нығайтуға және техникалық көмекке
бағытталды.
Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы қарызы 1999 жылы желтоқсан айында
7892,9 млн. АҚШ долларын құрады.
2000 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша республиканың жалпы сыртқы
қарызы 12525,3 млн.доллар, оның ішінде:
- мемлекеттік және кепілдікті қарыз – 3929,5 млн.доллар.
- жеке сектордың кепілдіксіз сыртқы қарызы -8595,8 млн. доллар.
Ал бұл Ұлттық Банктің облыстық филиалдарында тіркелген қазақстандық
резиденттердің келісім шарттар бойынша ресімделген берешегінен және де
басқа борыштық міндеттемелерден тұрды.
Мемлекеттік және үкімет кепілдік берген қарыздың елдің сыртқы
қарызындағы үлесі төмендеуде. 01.01.1994 жылы бұл 89,3% құраған болса,
31.12.2000жылы 31,3%-ға дейін төмендеген.
Реформалық жылдарда ел экономикасында жеке меншік сектордың үлесі
ұлғайып, маңызды орын ала бастады. Мұндай бағыт шетел инвесторларының
көптеп келіп, өз капиталдарын несие беру арқылы елімізге араластыруын
жиілетті. Мұндайда несие қайтаруға мемлекет тарапынан кепілдік берілмейді.
Экономикадағы бұл бағыттың мақсаты жеке меншік секторды нығайта отырып,
олардың бәсекелесу мүмкіндігін күшейту, мемлекеттің кейбір жауапкершілігін
азайту, қаржылық ауыртпашылығын жеңілдету.
1995-2000 жылдары жеке сектор қарызының орташа өсімі 1964,8 млн.
долларды құрады
Шетел кредитінің көп келуінің нәтижесінде жеке сектордың қарызы өсіп
отыр, ал ол өз кезегінде елдің жалпы қарызының өсуіне алып келеді. Барлық
жағдайды талдай келе, сыртқы қарызды шектеп отырсақ та және оның
қымбаттауына қарамастан сырттан қарыз тарту әлі күнге жалғасып отыр.
Әсіресе банктер сыртқы рыноктан ресурс тартуды жалғастырып отыр және оның
көлемін болашақта өсаірмек ойы бар екені белгілі болып отыр. Мұндай жағдай
сыртқы экономикалық конъюнктураның нашарлауы жағдайында өте қауіпті. Ал ол
ерте ме, кеш пе болады.
Сыртқы рыноктан ресурс тарту бір жағынан несиелендіру көлемінің өсуіне,
несие ставкаларының төмендеуіне және экономиканың өсу деңгейін ұстап тұруға
мүмкіндік береді. Екінші жағынан бұл жағдай ЖІӨ-ге теңесуге де әкеледі.
Мұның барлығы сыртқы қарыздың төлемін өтеуін өсіреді, өткен жылы оның
көлемі 13,4 млрд. долларды құрады. Бірақ бұл сан қысқа мерзімді қарызды
жабуды есептемегенде.

2006 жылдың І кварталында сыртқы қарыз деңгейі 12%-ға өсті, яғни 46,8
млрд. долларды құрады. Алғашқы 3 айда 5,3 млрд.-қа өсті. Алдыңғы жылдармен
салыстыратын болсақ, алдыңғы 2 жылда сыртқы қарыздың жылдық өсімі 10
млрд. долларды құрап отырған болатын. І кварталда фирмааралық қарыз – 2,5
млрд, банк секторының қарызы – 2,1 млрд, кәсіпорынның қарызы -0,7 млрд.
долларға өсті.
Елдің сыртқы қарызы өз ерекшеліктерімен көрінеді. Қазіргі уақытта оның
аз бөлігі (5,1%) мемлекет кепілдік берген қарызды қамтиды. Қарыздың бұл
бөлігі тұрақты қысқарып келеді, соңғы жылдары оның мөлшері 1200
млн.долларға төмендеді. Мемлекет кепілдік берген қарыз ЖІӨ-ге қатысты 4%-ға
төмендеді, ол көптеген дамыған елдердегідей аналогтық көрсеткіштен төмен.

Мемлекеттік кепілдік берілмеген сыртқы қарызды құрылымына қарай 2-ге
бөлуге болады. Оның жартысынан аз бөлігі фирмааралық қарызға жатады, яғни
шетелдік компаниялар алдындағы міндет болып табылады және елімізде жұмыс
істейтін шетелдік компаниялар филиалының міндеті. Фирмааралық қарыз деңгейі
өсіп келеді, бірақ оның ЖІӨ-дегі үлесі азайып барады. Сондықтан
фирмаааралық қарыздың тәуекелділік деңгейі төмен болып саналады және оның
өсуі мемлекетке қауіп төндірмейді.
Екінші бөлігі отандық кәсіпорындар мен банктер еншісінде. Әсіресе банк
секторының қарызы тез өсіп барады. Банктердің сыртқы қарызы 16 млрд.-қа
дейін өсті және сыртқы қарыздың 13-ін құрайды. Қаржылық ведомстволардың
айтуынша мемлекеттік кепілдік берілмеген қарыздың осы бөлігі өте қауіпті
деп саналады.
Жалпы сыртқы қарыз 3 айда жан басына шаққанда 2728-ден 3068 долларға
және фирмааралық қарызды қоспағанда 1686 АҚШ долларына дейін өсті.
Жалпы сыртқы қарыздың ЖІӨ-дегі деңгейі өте жоғары, 75%-ды құрап отыр.
ЖІӨ-нің өсуінің және тауар мен қызметтердің экспортының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕврАзЭҚ мемлекеттерінің транзиттік қуатының негізгі проблемалары және даму болашағы
Инвестициялық саясатты қаржыландыру көздері
Су қорының ластануы
Әлемдік мәселелердің экономикалық жақтары
Депозит – банкке қаржы тартудың ерекше көзі ретінде
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес дамуын жетілдіру жолдары
Ұлттық экологиялық проблемалар
Жергілікті экологиялық проблемалар
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму кезеңдері
Коммерциялық банктердің қызметі саласындағы әлемдік тәжірибені оқып білу және оның жергілікті жағдайға бейімделуі
Пәндер