Қанның физикалық қасиеттерін анықтау



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қан алу
2. Қанның қасиеттері
3. Қанның физикалық қасиеттерін анықтау
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Қан қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды.
Қан жасушалары — адам мен жануарлар организмдерінің тіршілігіне тым қажет қызметтер атқаратын қанның құрамындағы жасушалар. Қан жасушаларына: эритроциттер (қанның қызыл жасушалары), лейкоциттер (қанның ақ жасушалары) және қан табақшалары (құстар мен төменгі омыртқалы жануарларда — тромбоциттер) жатады. Сүтқоректі жануарлар эритроциттерінде ядро және көптеген органеллалар болмайды. Эритроцит цитоплазмасы құрамында қанға қызыл түс беретін, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысып, организмдегі газ алмасу процесін іс жүзіне асыратын күрделі белок — гемоглобин болады. Гемоглобиннің құрамына темір (Ғе) кіреді.
Ал құстар мен төменгі омыртқалы жануарлар эритроциттерінде ядро болады. Лейкоциттер гранулоциттер (дәншелі, түйіршікті) және агранулоциттер (дәншесіз, түйіршіксіз) болып екі топқа бөлінеді. Гранулоциттерге эозинофилдер (жасуша цитоплазмасында ірі қызыл түйіршіктер болады), базофилдер (клетка цитоплазмасында көкшіл түсті түйіршіктер болады) және нейтрофилдер (жасуша цитоплазмасында қызғылт майда түйіршіктер болады) жатады. Гранулоциттердің ядролары бірнеше бөліктерден (сегменттерден) тұрады. Сондықтан, бұларды "сегментті ядролы лейкоциттер" деп атайды. Гранулоциттер фагоцитоз процесіне қатысып, қорғаныс қызметін атқарады. Агранулоциттерге лимфоциттер мен моноциттер жатады. Лимфоциттер— ірі дөңгелек ядролы, ұсақ жасушалар. Лимфоциттер өз кезегінде Т- лимфоциттер және В- лимфоциттер болып екі топқа бөлінеді. Т- лимфоциттер организмдегі клеткалық иммунитетке, ал В- лимфоциттер гуморальдық (сұйықтық) иммунитетке жауапты. Моноциттер — ядросының пішіні лобия тәрізді ірі жасушалар. Моноциттерден ұлпа макрофагтары дамып жетіледі. Қан табақшалары (тромбоциттер) қанның ұюын қамтамасыз етеді. Қан — сұйық ішкі орта ретінде жануарлар организміндегі жасушалық және ұлпалық деңгейдегі зат алмасуды (қоректік заттарды мүшелерге, ұлпаларға, жасушаларға, ал организмде түзілген ыдырау өнімдерін, керісінше, бөлу мүшелеріне жеткізу, газ алмасу) қамтамасыз ету, заттарды тасымалдау, организмнің ішкі құрам тұрақтылығын сақтау, қорғаныс (фагоцитоз, антиденелер, ұю) қызметтерін атқарады.
1. Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2013ж.
2. М.А.Молдағұлова, А.З.Дюсембаев. ”Жануарлар ауруларының клиникалық диагностикасы”, Алматы 2014ж.
3. Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ
Тақырыбы: Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау 

Орындаған : Тәтіғали А.Д.

Тексерген: Муратбаев Д.М.

Семей 2015

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қан алу
2. Қанның қасиеттері
3. Қанның физикалық қасиеттерін анықтау
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Қан қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін
атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін
жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне
тасымалдайды.
Қан жасушалары — адам мен жануарлар организмдерінің тіршілігіне тым
қажет қызметтер атқаратын қанның құрамындағы жасушалар. Қан
жасушаларына: эритроциттер (қанның қызыл жасушалары),  лейкоциттер (қанның
ақ жасушалары) және қан табақшалары (құстар мен төменгі омыртқалы
жануарларда — тромбоциттер) жатады. Сүтқоректі жануарлар эритроциттерінде
ядро және көптеген органеллалар болмайды. Эритроцит цитоплазмасы құрамында
қанға қызыл түс беретін, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысып,
организмдегі газ алмасу процесін іс жүзіне асыратын күрделі белок
— гемоглобин болады. Гемоглобиннің құрамына темір (Ғе) кіреді.
Ал құстар мен төменгі омыртқалы жануарлар эритроциттерінде ядро
болады. Лейкоциттер гранулоциттер (дәншелі, түйіршікті)
және агранулоциттер (дәншесіз, түйіршіксіз) болып екі топқа бөлінеді.
Гранулоциттерге эозинофилдер (жасуша цитоплазмасында ірі қызыл түйіршіктер
болады), базофилдер (клетка цитоплазмасында көкшіл түсті түйіршіктер
болады) және нейтрофилдер (жасуша цитоплазмасында қызғылт майда түйіршіктер
болады) жатады. Гранулоциттердің ядролары бірнеше бөліктерден
(сегменттерден) тұрады. Сондықтан, бұларды "сегментті ядролы лейкоциттер"
деп атайды. Гранулоциттер фагоцитоз процесіне қатысып, қорғаныс қызметін
атқарады. Агранулоциттерге лимфоциттер мен моноциттер жатады. Лимфоциттер—
ірі дөңгелек ядролы, ұсақ жасушалар. Лимфоциттер өз кезегінде Т-
лимфоциттер және В- лимфоциттер болып екі топқа бөлінеді. Т- лимфоциттер
организмдегі клеткалық иммунитетке, ал В- лимфоциттер гуморальдық
(сұйықтық) иммунитетке жауапты. Моноциттер — ядросының пішіні лобия тәрізді
ірі жасушалар. Моноциттерден ұлпа макрофагтары дамып жетіледі. Қан
табақшалары (тромбоциттер) қанның ұюын қамтамасыз етеді. Қан — сұйық ішкі
орта ретінде жануарлар организміндегі жасушалық және ұлпалық деңгейдегі зат
алмасуды (қоректік заттарды мүшелерге, ұлпаларға, жасушаларға, ал
организмде түзілген ыдырау өнімдерін, керісінше, бөлу мүшелеріне жеткізу,
газ алмасу) қамтамасыз ету, заттарды тасымалдау, организмнің ішкі құрам
тұрақтылығын сақтау, қорғаныс (фагоцитоз, антиденелер, ұю) қызметтерін
атқарады.
Малдан қап алу үшін қан алынатын жердің жүнін қырқып, немесе қырып,
теріні спиртпен тазалайды да, тамырды стерильденген арнаулы инемен теседі.
Қанды аз мөлшерде алған жағдайда малды онша күш жұмса-май үстаған дұрыс.
Кейбір жағдайларда ұсақ мал мен құстан қанды тікелей жүрек қарыншасынан
алады.
Жылқы, ірі қара және ұсақ малдан қан алу әдістері. Аздаған қанды
құлақтың вена тамырларынан алады. Тамыр орналасқан жерді тазартқан соң, оны
арнаулы инемен теседі де, шыққан қан тамшысын шыны түтікшемең сорып алады.
Тамырдан шыққан бірінші тамшыны құрғақ таза мақтамен сүртіп тастаған жөн,
сонда қан тамшысы жайылмайды, оны сорып алу оңайлайды.
Көп қанды ойыс венадан алады. Ол үшін малды қимылдамайтындай етіп
байлайды да, теріні тазартып, қан алатын тамырды бас бармақпен баса
үстайды. Қан тамырға жиналып, тамыр анык. көрінеді. Арнайы стерильденген
инемен тері мен тамырды көлбей теседі (ине ша-мамен 45° бұрышпен қадалу
керек). Қан аға бастағанда инеге таза ыдысты тосып, керекті мөлшерде қан
алады. Соңғы кезде қан алу үшін арнаулы аспап — автоматтар пайдаланылады.
Созылмалы тәжірибелерде терең орналасқан қан тамырларынан (қақпалық,
бауыр, артқы қолқа, мес қарын тамырлары және басқа веналардан) ұзақ уақыт
қан алу үшін катетерлеу әдісі қолданылады.
Шошқадан қан алу. Шошқаның үлкен құлақ венасын скальпелмен тілу арқылы
аздаған мөлшерде қан алады. Ол үшін тамырдың орталық бөлігін құлақ түбінен
саусақпен қысып тұрады.
Қанды көп мөлшерде алу үшін қайшы немесе скальпелмен құйрықтың ұшынан
1 —1,5 см шамасында кесіп тастайды. Қан алып болған соң, жараны
дезинфекциялап, құйрықтың үшын 1—2 тәулік бойына бинтпен таңып тастайды.
Торайлардан 5—30 мл мөлшеріпде қан алу үшін оларды шалқасынан жатқыза
байлап қойып, ине немесе микропипетканың көмегімен орбитальды вена синусын
теседі.
Иттен қан алу. Иттен (мысыктан) қанды аз мөлшерде құлағының ұшынан
алады. Көп мөлшердегі қанды асық жіліктің сырт жағын ала, тірсектен төмен
орналасқаң сирақ венасынан алады. Итті бір бүйіріне жатқызып, немесе
станокқа бекітіп, аяқтарын қолмен қыса үстап, тірсектің төменгі жағынан
резеңке бұрау салады да, инемен алдымен теріні, одан соң венаның қабырғасын
тесіп, қанды шприцпен сорып алады.
Қояннан қан алу. Қояннан қанды аз мөлшерде қүлақтың ұшын тіліп, немесе
құлақ венасынан алады. Бұл кезде қоянды сүлгімен орайды, немесе басы шығып
тұратын арпаулы тесігі бар жәшікке отырғызады. Құлақты алдын ала жылы суға
салған, немесе ксилолмен (спиртпен) сүрткен жөн.
Қанды көп мелшерде кеуде венасынан алады. Ол үшін операциялық алаңды
(шынтақ темпешігінен үшін-ші қабырғаға дейін) дайындап болған соң, венаны
саусақпен басып түрып, инені қан ағысына қарсы бағытта көлбеу енгізеді.
Кейде қанды тікелей жүректің өзінен алады. Қояннан 15—20 мл-ге дейін
қан алуға болады.
Теңіз доңызынан қан алу. Теңіз доңызынан қанды аз мөлшерде құлағынын,
ұшын тіліп немесе табанын франк инесімен тесу арқылы алады. Қанды көп
мөлшерде ойыс венадан (теріні кесіп, қан тамырын оқшаулағаннан кейін)
немесе тікелей жүректен арнаулы инемен алады. Инені тес сүйегінің сол жағын
ала, жүрек қағысы анық сезіліп түрған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қан алу мен оның физикалық қасиеттерін анықтау туралы ақпарат
Қанды зерттеудің клиникалық маңызы
Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау жайлы мәлімет
Қанның физикалық қасиеттерін анықтау. Қан алу
Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау жайлы ақпарат
Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау
Қан алу, оның физикалық қасиеттерін анықтау
Қанның құрамы мен мөлшері
Дене тәрбиесі жүйесінің басты талаптары
Ньютондық және ньютондық емес сұйықтықтар
Пәндер