Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері. ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттіке университеті
СӨЖ
Тақырыбы : Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер
Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері. ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы.
Орындаған: Задаева Айгерім
ҚЯ-413, II курс
Тексерген: Қ. Шаяхметұлы
Семей 2015
Шығыс - көне мәдини орталық болғандылығы анық. Егер тарихқа көз салып қарайтн болсақ, көне грек мәденитінен бұрн және оның дамуна ықпал еткен Үндістан, Вавилон, Қтайлардың мәдинеті болған. Осы халықтармен шектес жатқан басқа халықтардың да мәденйеті біршама дамығандығы ықтимал.
Қазіргі түркі тектес халықтар жасайтын орта Азия, Қазақстан, Сібір өлкелері туралы, ондағы халықтардың тарихы, әлеуметтік жағдайы, географиясы, этнография-сы, т. б туралы мәлімет сол көне заманнан түрлі жазба ескерткіштерден бізге жеткен. Мұндай мәліметтер қытай жылнамаларынан, грек саяхатшылары мен тарихшыларының, географтарының еңбектерінде бар. Мысалы, Н. Я. Бичуриннің көрсетуінше, Ферғана туралы қытай жылнамаларындағы алғашқы мәлімет Чжан Кянь княздік құрған дәуірінен ал хуандар туралы мәлімет одан да бұрын жазылған жылнамаларда кездеседі. Грек тарихшылары мен географтары болса, Орта Азия және Каспий бойларын, сәл кейінірек Қазақстан мен Манғолияда жасалған халықтар туралы мәлімет береді. Мысалы Геродот өзінің тарихында массагеттер мен иседондар туралы мынандай мәлімет берген: «Киімі және өмір сүруі жағынан массгеттер скифтерге ұқсайды. Олар жаяу да, аттың үстінде де соғыса алады, соғыстың екі түрінде де біледі: жаймен, найзамен соғысады, қару-жарағы қарапайым және алдаспаны болады. Олардың барлық заттары алтыннан және мыстан, найза, жәй оғы, алдаспаны мыстан, бас киімі, белбеуі және әшекейі тағыншақтары алтыннан», - деп масагттерді сипаттаса, иседондар туралы : “ . . . иседондарда мынандай салт бар:егер олардың әкесі өлсе, оның туысқандары малдарын айдап әкетіп, құрбандық шалады. Етті майдалап кесіп, өліктің туысқандарымен бірге жиын өткізкеді”, -дейді.
Страбон өзінің герграфиясында масагеттер мен сахтар бір халық деп есептейді. Жалпы сақтар туралы жазған еңбектер көп -ақ. Ал сақтардың күшті мемлекті болғандығы тарихтан белгілі.
Түркі халықтарының тілін, әдебиетін арнайы зерттеу тарихы көне заманға бармайды, орта ғасырлардан басталады. Біздің қолымызға келіп жеткен деректерге қарағанда, алғашқы түркі тілін зерттеген ғалымдар-араб ғалымдарымен, араб мәдениетімен байланысты болғандар. Оның тарихи себебі де жоқ емес. Біріншіден, түркі халықтарының көпшілігі арабтардың қол астында болды. арабтар өз үстемдігін мәңгілік ету, көбірек жерді жаулап алу мақсатында түркі халықтарының тарихын, тілін, әдет-ғұрпын үйрене бастады. Екіншіден арабтар жаулап алған аумақ өте кең болатын. Сондықтан да олар арасындағы қатынас жолын сақтау және үздіксіз болуын қамтамасыз ету мақсатында, мемлекет тұтастығын не жаңа жерлер басып алу үшін жергілікті халықтардың өкілін мемлекеттік жұмысқа, әскерге алатын. Басқыншы армияның құрамында келген, арабтар бұл мақсатты қанағаттандыра алмайтын. Үшіншіден, арабтар тек қарудың күшімен Орта Азия, Қазақстан, Еділ бойындағы халықтарды жаулап алған емес. Арабтардың атының тұяғын Қазақстанның көп жерін, Еділ бойларын баспаналағаны анық. Олар өздерініңдінімен ұлан-ғайыр територияны басып алып, өз ықпалына жүгіндірген. Түр халықтарының тілі дәуірден бастап зерттеліне бастағандығын нақты көрсету қиын. Бірақ бізге жеткен ең көне түркі тілдеріне байланысты пікір айтқан еңбек Қарахандиттер дуіріне сәйкес келеді. Ең күрделі және жазылған уақыты жағынан көнесі М. Қашқаридың “Диуани лұғат -Ит түрік” деген еңбегі болып саналады. Түркі тілдері туралы жазылған екінші еңбек- М. Змақшаридің “Мұхамадыт-Әл-адаб ” деген еңбегі. М. Замақшари мың жетпіс бесінші жылы Қохерзім өлкесінде туылған. Аяғының кемістігі болғандықтан елінене ұзап шыға алмай, сауатын хорезімде ашады. Тек ержеткеннен кейін ғана Бұқара, Хорасан, Бағдат, Мекке дамскылерге барады. Ол араб тілі әдебиеті, филосифиясы Ислам дінінің тарихына байланысты елуден асқан ғылыми еңбек жазған, Бірақ бізге дейін барлығы жетпеген. Түркіологияға азап қатысы бар еңбегі “Мұхамадит-ул-адап”.
Орта ғасырдағы түркі тілдерін зерттеуде үлкен үлес қосқан ғалымның бірі- Асируддин абу Хаән аль-Андалусий. Ол 1256 жылы (хижра 654) Испанияда дүниеге келген. Испанияның малага, Велев, Альмерия қалаларында оқып, кәмелетке жеткен соң 1250-1281 жылы египетке саяхат жасайды. Осы саяхат кезінде Египет, Сирия, иранның мәдениеті мен ғылым дүниесіне қызығады; араб, парсы, түркі, тілдерін өте жақсы біледі және сол тілдердің сөздігі, грамматикасы туралы еңбек жазған.
Жалалиддин түкі сөздерінің мағынасын ғана түсіндіріп қана қоймастан, түркі тілінің грамматикасынан да мәліметтер беріп отырған. Түркі тілдерінің материалдарынталдаған, араб тіл білімі үлгісінде жазылған еңбектің бірі - Джамал ад -Дин ибн Муханнаның «Хилат ул-инсон ва халибатул-лисан» деген еңбегі. Бұл трактаттың бірнеше нұсқасы бар. Соңғы кездегі зерттеулердің көрсетуінше, қолжазбаның авторы 1279 жылы дүние салған ибн Муханна ал-Убайдулла болуы мүмкін.
Түркі тілдерінің материалдарына негізделіп, араб тіл білімі негізінде жазылған еңбектер 14 ғасырлардан кейін де жазылды. Мысалы, А. Науайдің шығармалары негізінде бірнеше сөздіктер жасалды. Атақты, А. Науайдің өзі де тіл білімі мәселесіне арнап « Мухокамтул-луғатайн» деген еңбек жазғаны анық.
Шығыстану ғылымының жаңа белеске көтерілуі I Петрдің қызметімен тікелей байланысты. Ресейдің келешегі Шығыспен тығыз байланысты екендігіне
оның көзі жеткен. Сондықтан ол орыс қазақтарының Сібірдегі басып алған жерлеріне тұрақты орналасуына жағдай жасап, Орта Азияға ену жолын іздей бастады. 1700 жылы 18 маусымда Тобылға қытай, монғол тілдерін үйрену үшін үш адам жіберу туралы Сібір митрополитінің бастығына I Петр жарлық шығарады.
А. Н. Кононов осы күнді отандық шығыстану пәнінің дүниеге келген мерзімі деп есептейді. Түркітану ғылымының қалыптасу тарихы көптеген ғасырлар бойы түркі халықтары көшпенділікпен айналысқан. Соның нәтижесінде болар, түркілердің нақты лингвистикалық шекарасын дөп басып анықтау өте қиын. Осындай себептерден түркі тілдерінің ішкі жіктелуін толығымен өңделіп, жетілді деп айта алмаймыз. Түркілердің алғашқы Отаны - ғалымдардың болжауынша, Оңтүстік Сібір мен Солтүстік Моңғолияның далаларына (Алтайдан Амур өзенінің бастауларына дейін) дейінгі алқап. Б. з. д. 206 жылы түркі тайпалары (хундар немесе гундер) алғаш рет қытайлармен шайқаста жеңіске жетеді. Б. з. д. І ғ. хун бірлестігі екіге ыдырайды: бір жартысы Моңғол алқаптарында қалса, екіншісі қазіргі Қазақстанның шығысына қарай ығысады. Түркілердің шығысты жеңіп алу жорықтары осы кезден басталады. Б. з. IV ғ. түркілер біртіндеп аландарды (скифтерді), остготтарды, дактарды жеңіп (әрі өз құрамына кіргізіп), Дунайға дейін келеді. Ғұндар Галлиге дейін келіп, Қара теңіз жағалауларындағы алқаптарды түгел басып алады. ІІ-VІ ғ. Еуропаға аяқ басқан түркілер ешқандай жазба ескерткіштер қалдырмаған. Сондықтан да сол жердегі түркі диалектілері бірігіп, шамамен бұлғарлар деп аталса керек. Бұлғар деп аталатын түркілер VII ғ. соңында Балқандағы славяндарды жаулап бағындырған. Кавказдың солтүстігі мен Дон бойында хазарлар (Х ғ. ) билік жүргізді. Бұлғар тобына қазіргі түркі тіддерінен чуваш тілі жатады. Олар Волга өзенінің орта тұсында мекендейді. Чуваштардың негізгі көпшілігі Чувашияда мекендейді. Чуваш тілі - қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда оқшау тұрған тілдердің бірі. Б. д. V ғ. шығыс түркілер қайтадан күшті одаққа бірігеді. Қытай жылнамаларында оларды Тюкю (turk деген этноним болуы да мүмкін) деп атайды. Сырдария мен Орталық Моңғолияның ұлан-байтақ территориясын алып жатқан тайпалардың аттары өзгеріп отырады (VI-VII ғғ. - тюкю VІІІ-ІХ ғғ. - ұйғырлар, IX ғ. -қырғыздар) . Бұл дәуірде көптеген жазба ескерткіштер сақталған, олар ерекше руникалық Орхон-Енисей жазуымен жазылған, негізінен тасқа қашалып жазылған қабір үстіндегі (эпитафиялык) ескерткіштер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz