Стенобионттық және эврибионттық организмдер Негізгі абиотикалық факторлардың-жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және тсс экологиялық мәні Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні туралы ақпарат


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы : Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлардың-жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т. с. с. экологиялық мәні.

Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні.

Орындаған: Манасова А. Т.

Тобы:ВС-403

Тексерген: Мурзалимова А. К.

Семей, 2015 ж.

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Стенобионттық және эврибионттық организмдер.
  2. Негізгі абиотикалық факторлардың-жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т. с. сэкологиялық мәні.
  3. Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Белгілі бір факторға қатысты организмнің өмір сүре алатын төзімділік мәндерінің арасын организмдердің экологиялық валенттілігі (толеранттылығы) деп атайды. Фактордың ең төменгі немесе ең жоғарғы мәндерінен асып, организмнің тіршілігін тоқтатуы туралы ұғымды ғылымға 1913 жылы американдық зоолог В. Шелфорд енгізді. Бұл максимум заңында немесе толеранттылық заңында көрсетілген. Кейде мұны Шелфорд ережесі дейді.

-Организмдердің белгілі бір ортада орналасуы немесе тіршілік етуі, сол организмнің белгілі бір шыдамдылық шектері бар ортаның кешенді экологиялық факторларына байланысты. Организм тек осы минималды және максималды мәндерінің аралығында ғана өмір сүре алады. В. Шелфорд заңының практикалық маңызы зор. Ю. Одум 1979 жылы Шелфорд зерттеулеріне бірнеше толықтырулар еңгізді.

В. Шелфорд заңы ашылғаннан кейін көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіліп, өсімдіктер мен жануарлардың, сонымен қатар адамдардың да тіршілік ету шектері анықталды.

Экологиялық толеранттылыққа байланысты организмдер екі типке бөлінеді.

Эврибионттар ( грекше eurus-кең ) - факторлардың кең диапазонында тіршілік ете алатын организмдер. Мысалы, эвритермді түрлер - температураның үлкен ауытқуына төзімді организмдер. Эвригалинді түрлер- су тұздылығының үлкен ауытқуына төзімді организмдер, эврибатты - қысымның қатты ауытқуына төзе алатын организмдер, эврифагтар- әртүрлі азықтармен қоректене беретін организмдер, эвритоптар- әртүрлі тіршілік орталарында кең таралған организмдер және т. б.

Стенобионттар-( грекше stenos- тар ) -тек белгілі бір орта жағдайларына ғана тіршілік ете алатын организмдер. Мысалы, стенотермді түрлер тек температураның аз ғана ауытқуына ғана шыдамды организмдер, стеногалинді түрлер-су тұздылығының өзгеруіне төзе алмайтын организмдер, стенобатты түрлер- қысымның ауытқуына шыдай алмайтын организмдер, стенофагтар- азықтың белгілі бір түрлерімен ғана қоректенеді, стенотоптар- тек белгілі бір тіршілік орталарында ғана өмір сүре алады және т. б.

Эврибионттар тұщы суда да, суы ащы теңіздерде тіршілік ете алады. Эврибионтты ағзалар стенобионттарға қарағанда жер бетінде кең тараған.

2. Негізгі абиотикалық факторлардың-жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т. с. с. экологиялық мәні.

Жарық

Жарық өсімдіктер мен жануарлардың тікелей қатысты, әртүрлі рөл атқаратын экологиялық маңызды фактор. Жер шарындағы барлық тірі материяның пайда болуы мен тіршілігі осы космостан келетін күн жарығына байланысты. Физикалық тұрғыдан қарайтың болсақ жарық энергия түрі, толқынды түрде сәулеленетін электомагниттік табиғаты бар фактор. Өсімдіктер мухиттардың түбінде, не 100-200 м-ден кейінгі тереңдікте, қаранғы үнгілерде өспейді, себебі олардың организмдерінде жүретін, тіршіліктері үшін өте қажетті фотосинтез процесі жарықсыз жүрмейді. Биосфераның объектілерінде олардың таралуы да жарыққа байланысты. Өсімдіктер 39-80-нен 710 нанометр толқындар үзындығы аралығындағы күн сәулесін қабылдайды. Жануарлар да осы аралықтағы сәулелену спектірін қабылдай алады. Оларға жарық энергия көзі ретінде емес, кеністікте дұрыс беймделуі мен бағыт алуына қажет. Көру мүшелері жок, қаранғы жерде мекендейтін көптеген жануарлар, қеңістікте жылжып қозғалуы үшін басқа сезім мүшелерін пайдаланады. Сонымен қатар саңырауқулақтардың және басқа да бірқатар организмдердің тіршілігіне жарық қажетті фактор болып саналмайды.

Қөрінетін жарық ағзаларға әр түрлі әсер етеді: қызыл сәулелер -жылулық, көк және күлгін - биохимиялық реакциялардың жылдамдығы мен бағытын өзгертеді. Жалпы алғанда жарық өсімдіктердің даму жылдамдығына, белседілігіне, қоршаған ортаның ылғалдылығы мен температурасының өзгеруіне әсер етеді, тәуліктік және маусымдық циклдерді қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады. Әрбір мекен ету ортасы жарық күшімен, мөлшерімен және сапасымен анықталатың белгілі бір жарық режимімен сипатталады.

Экологиялық фактор ретінде жарыққа қатысты өсімдіктердің төмендегі топтарын бөліп көрсетуге болады: гелиофиттер (грек тілінен аударғанда helios - күн , phyton - өсімдік ), сциофиттер (грек тілінен аударғанда skia - көлеңке ), және көлеңкеге төзімді өсімдіктер - факультативті гелиофиттер (латың тілінен аударғанда facultatis - мумкіндіғі бар ) .

Топырақ әсері

Топырақтың әсері (химилялық құрамы, физикалық және химиялық ерекшеліктері) ; гидрологиялық факторлар(судың тұнықтылығы, күн сәулесінің түсуі, құрамы, қысымы, ластануы т. б. ) ; жер бедерінің әсері.

Температура әсер етуі. Температура -күннің ұзын толқынды инфрақызыл сәулелерінен бөлінетін және ағзалар үшін өте қажетті, тіршілік иелері үшін аса маңызды экологиялық фактар болып табылады. Кез келген ағзаның тіршілігі үшін сыртқы ортаның және ағзаның өзінің ішкі температурасының маңызы ерекше. Жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлардың басым көпшілігі төменгі температурада белсенді тіршілігінен айырылып, оларға қауіп төнеді. Тірі организмдер 0 градуспен 50 градус аралығын тіршілік ете алады. Өсу және тіршілік үшін қолайлы температура оптималды деп аталады. Салқын жерде тіршілік ететіндерді криофилдер тобына жатқызады, ал жоғары температура да тіршілік термофилдер деп атайды. Әрбір түр эволюциялық даму барысында сыртқы ортаның белгілі бір температуралық жағдайына бейімделеді.

Бергман ережесі (1847ж. ) -бойынша түрдің немесе бір текті жақын түрлердің тобында дене мөлшері ірі, жылықанды жануарлар анағұрлым салқын аудандарда таралған. Термидинамика тұрғысынан ағзаның жылуды жоғалтуы оның салмағына емес, бетінің ауданына тура пропорционал болады. Неғұрлым ірі жануар соғұрлым температураны тұрақты ұстап тұра алады, ал кішкентай жануарларға тұрақты температураны ұстап тұру қиынға соғады.

Аллен ережесі (1877ж. ) -бойынша дене температурасы тұрақты жануарлардың салқын климаттық белдеулерде денесінің шығыңқы бөліктері кішірейеді. Мысалы, экологиялық жағынан бір-біріне жақын мына түрлердің құлаұтарының мөлшерін салыстырсақ, тундрада поляр түлкісінің құлағы ең кіші, ал қоңыржай белдеуде мекендейтін кәдімгі түлкінің құлағы орташа, Африка шөлдерінде мекендейтін фенектің құлағы өте үлкен болып келеді. Жылу алмасу тұріне байланысты жануарлардың екі типін бөліп көрсетуге болады:пойкилотермді(салқын қанды) және гомойотермді(жылы қанды) .

Пойкилотермд і ағзалардың( грек тілінен аударғанда poikilos-алуан түрлі) зат алмасу деңгейі тұрақсыз, жылу реттеу механизмдері жоқ. Олардың денесінің температурасы қоршаған ортаның температурасына тәуелді

болады. Пойкилотермді жануарларға омыртқасыздар, балықтар, қосмекенділер жатады.

Гомойотермді ағзалардың(грек тілінен аударғанда -homoios-бірдей) -зат алмасу деңгейі жоғары және тұрақты, зат алмасу нәтижесінде жылу реттелуі жүзеге асырылады. Мұның өзі олардың денесінің температурасының салыстырмалы түрде тұрақты болуын қамтамасыз етеді.

Пойкилотермді жануарлардың өзін салыстырмалы түрде кең ауқымды температура ауытқуында белсенді тіршілік ететін эвритермді және температураның айтарлықтай ауытқуын көтере алмайтын стенотермді деп бөлуге болады. Пойкилотермді жануарлар температура бірден төмендеп кеткен жағдайда анабиоз жағдайына өтеді . Гомойотермді ағзаларда жылу реттеулінің механизмдері химиялық және физикалық болып бөлінеді. Химиялық механизмді ағзадағы реакциялардың интенсивтілігі қамтамасыз етеді де, рефлекторлық жолмен жүзеге асады. Жылу реттеулінің физикалық механизімін жылу сақтау жабыны (қауырсындар, жүн, май қабаты), тері бездерінің қызметі, тыныс алу кезіндегі ылғалдың булануы, қан айналудың қан тамырлық реттелуі қамтамасыз етеді. Салқынқанды жануарлардың зат алмасуының жылдамдылығы сыртқы ортаның температурасына тура пропорционал, ал жылықанды жануарларда керісінше, температура төмендегенде жылу бөліну артады, яғни зат алмасу процестерінің жылдамдығының артуы жылу өндірудің артуына әкеледі .

Пойкилотермді және гомойотермді жануарлар арасында аралық жағдайда гетеротермді жануарлардың орналасады. Оларда белсенді жағдайда дене температурасы салыстырмалы түрде жоғары және тұрақты болса, ал тыныштық қүйінде дене температурасының сыртқы орта температурасынан айырмашылығы болмайды. Бұл жануарларда ұйқыға кеткен кезде зат алмасу деңгейі төмендейді де, денесінің температурасы қоршаған орта температурасынан аздап қана жоғары болады. Гетеротермді жануарлардың өқілдері ретінде -сарышұнақ, кірпі, жарғанат, аю, үйректұмсық, кенгурулар мысал бола алады. Анабиоз (грек тілінен аударғанда kryos-суық, аяз ) - вирустарда, бактерияларда, омыртқасыздарда, қөсмекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда, қыналарда, мүктерде байқалады. Анабиоз құбылысын алғаш сипаттаған А. Левенгук(1701) болды. Температура жер бетінде ағзалардың таралуында маңызды фактор болып табылады.

1918 жылы А. Хопкинс биоклиматтық заңды тұжырымдады. Оның зерттеулері бойынша солтүстікке, шығысқа және тауға қарай тірі ағзалардың өміріндегі периодтық құбылыстар ендіктің әр градусы, бойлықтың әр 5 градусы, шамамен әр 100 м биіктеген сайын 4 күнге кешігеді, яғни ол маусымдық құбылыстардың дамуы ендік бойлық және теңіз деңгейі биіктігіне тәуелді екенін және олардың арасында белгілі бір заңдылық бар екенін көрсетеді. Қазіргі ағзалардың таралуының маңызды заңдылықтарының бірі құрлық теңіз жануарлары мен өсімдіктерінің географиялық таралуының биополярлығы болып табылады. Бұл заңдылық бойынша бір түр екі жарты шардың да салқын, қоңыржай ендіктерінде мекендегенмен, тропиктік белдеуде кездеспейді(тіссіз киттер, құлақты түлендер және т. б) . Сонымен қортыта келгенде, температура дегеніміз-ағзалардың тіршілік әрекетіне әсер ететін негізгі абиотикалық факторлардың бірі болып табылады.

Тұздылық режимі.

Гидробионттардың су балансын бірқалыпты ұстауының өз ерекшеліктері бар. Егер құрлық беті жануары мен өсімдіктері үшін судың тапшылығын қамтамасыз ету маңызды болса, гидробионттар үшін ортада судың көп болуына байланысты өз денесін қалыпты деңгейде ұстау маңызды. Клеткадағы су мөлшерінің көп болуы мұндағы осмос қысымының өзгеруіне және маңызды тірщілік қызметтерінің бұзылуына алып келеді. Су организмнің көпшілігі пойкилосмосты:олардың денесіндегі осмостық қысым судың тұздылығына байланысты. Тұщы су өкілдері теңіздерде тіршілік ете алмаса, теңіз организмдері тұщылыққа шыдамайды. Гидробионттар арасында тұщы және ащы суларда да белсенді тіршілік етуге қабілетті эвригалинді түрлер көп емес. Бұлар әдетте лимандарда, өзендердің теңізге құяр жерлерінде тіршілік ететін организмдер

Ылғалдылық. Су тірі ағзалардың өмірдегі маңызды экологиялық факторы және олардың тұрақты құрам бөлігі болып табылады. Өсімдіктердің әр түрлі түрлерінің әр түрлі даму кезеңдерін де суға деген қажеттілігі әр түрлі болады. Ол ауа райына, топырақ типіне байланысты болады. Жеке ағзалар деңгейінде абиотикалық факторлар, ең алдымен мінез-құлқына әсер етіп, олардың көбею қабілетіне, өсімталдығына, өсу жылдамдығына және тіршілігінің ұзақтығына әсер етеді. Ал өз кезегінде ағзалар жоғарғыдағы факторларға екі жолмен жауап бере отырып бейімделеді. Олар-мінез-құлықтық және ағзаның физиологиялық тұрғыда қайта реттелуі. Нәтижесінде, ағзалар тіршілігінде эволюция барысында экологиялық факторларға қатысты бейімделулер пайда болады.

Өсімдіктердің бейімделу механизмінде жануарлар мен салыстырғанда көптеген ерекшеліктер бар. Олар өсімдіктердің құрылымына, дамуына және заттар алмасуына қатысты болады. Мәселен, өсімдіктердің бір түрінің екі түрлі ортада өсірілген түрлерін салыстырсақ, факторлардың әсерін және өсімдіктің оған бейімделу белгілерін бірден байқауға болалы. Өсімдіктің *жарытық*және *көлеңкелік* формасын салыстырсақ, олардан сыртқы пішіндері, биіктігі, жапырақ көлемі, т. б. мүшелеріндегі ерекшеліктері мен айырмашылықтарды байқаймыз. Кейбір жағдайда бейімделудің пайдалы жақтары басым болады. Яғни, факторлардың әсер етуі өсімдіктің тұқым, жеміс беру сапасын жақсартуы мүмкін.

Жануарлар дүниесіне бейімделудің жеке ағзалар деңгейіндегі көріністері де сан алуан болып келеді. Олардың асқорыту және тыныс алу мүшелерінің өзгеруін айтуға болады. Мәселен, адам аскаридасының паразиттік тіршілік етуге байналысты көру, асқорыту және тыныс алу мүшелерінің өзгеруін айтуға болады.

Жануарлар үшін олардың су алмасуын реттейтін механизмдер мен жабындарының өткізгіштігі маңызды рөл атқарады. Су режиміне байланысты өсімдіктер мен жануарлардың мынадай экологиялық топтарын: ылғалды сүйетін, құрғақшылықты сүйгіш және орташа ылғалдылықты сүйгіш деп бөліп қөрсетуге болады.

Ылғалды қажеттілігіне қарай өсімдіктер төмендегідей топтарға бөлінеді:

1. Гидатофиттер (грек тілінен аударғанда hydor, hydatos-су) - су өсімдіктері, денесінің бір бөлігі немесе толығынан суға батып тұрады(элодея, тұңғиықгүл және т. б. ) .

2. Гидрофиттер (грек тілінен аударғанда hydor -су) -құрлық-су өсімдіктері, суға тек төменгі бөліктері ғана батып тұрады (жебежапырақ) .

3. Гигрофиттер (грек тілінен аударғанда hydros - ылғалды) - ылғалдығы жоғары жағдайларда өсуге бейімделген құрлық өсімдіктері. Көбінесе ылғалды ормандарда (папоротниктер), батпақтарда - батпақ өсімдіктері, су қоймаларының жағалауларында өседі.

4. Мезофиттер (грек тілінен аударғанда mesos - орташа, аралық) - қоныржай, орташа ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер. Мезофиттерге шалғындықтың шөптері, көптеген орманның шөптесін өсімдіктері, жалпақ жапырақты ағаштар, көптеген ауыл шаруашылық дақылдары, арамшөптер жатады.

5. Ксерофиттер (грек тілінен аударғанда xeros - құрғақ) - құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктер. Олар екіге бөлінеді: суккуленттер және склерофиттер.

а) суккуленттер (латын тілінен аударғанда succulentus - шырынды) - ұлпаларында суды көп мөлшерде қорға жинауға қабілетті өсімдіктер (кактустар, алоэ, агава) .

б) склерофиттер (грек тілінен аударғанда skleros - құрғақ, қатты) - құрғақшылыққа төзімді, судың буландыруын төмендететін қатты, тері тәрізді қабықшасы бар өсімдіктер (сексеуіл, жантақ, жусан, боз селеу) . Бұл өсімдіктер биік емес, бірақ тамыр жүйесі күшті дамыған. Көптеген склерофиттердің жапырақтары ұсақ, құрғақ, көбінесе тікенге, қабыршаққа айналған.

Құрлық жануарларын ылғалға қатысты төмендегідей топтарға бөледі:

1. Гидрофилдер -ылғал сүйгіш жануарлар (маса, құрлықтың былқылдақденелілері мен амфибиялар) .

2. Мезофилдер -орташа ылғалдылық жағдайында тіршілік ететін жануарлар (көптеген бунақденелілер, құстар, сүтқоректілер) .

3. Ксер офилдер - жоғары ылғалдылық жағдайында тіршілік ете алмайтын, құрғақшылықты сүйетін жануарлар (түйе, шөлдің кемірушілері мен бауырмен жорғалаушылары) . Бұл жануарлардың өзіндік бейімделушіліктері пайда болған. Мысалы, шөл тасбақалары суды қ уығында қорға жинайды. Кейбір сү тқор е ктілер май қабатының тотығ уы - нәтижесінде пайда болған метаблиттік суды пайдалануға бейімделге н. Метаболиттік судың есебінен қөптеген бунақденелілер, түйе, құйрықты қой, тышқандар тіршілік етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың экологиялық мәні. Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың экологиялық мәні
Стенобионттық және эврибионттық организмдер жайлы
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлар туралы ақпарат
Стенобионттық және эврибионттық организмдер
Абиотикалық факторлар
Стенобионттық және эврибионттық организмдер жайлы ақпарат туралы
Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні
Стенобионттық және эврибионттық организмдер.Абиотикалық фактордың сигналдық мәні туралы ақпарат
Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz