Тәрбие сағаты мәдениеттілік



Пән: «Адам және қоғам»
Білімділік: Оқушыларға Мәдениеттілік туралы жүйелі білім беру.
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап, баяндау, әңгімелесу, ізденіс, топпен жұмыс.
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Мәдениеттілік—қоғамдық құрылыс, ас ішер алдында, қол жуудан бастап, адамзаттың ақылы мен ойының биігіне дейін қамтитын кең ұғым.
Мәдениетті болу — ең алдымен, адам қоғамы жасаған рухани байлық — ғылым негізін игерумен тыныз байланысты. Мәдениеттілік адамның қоғамдық ортада өзін ұстауынан, әрекетінен, тәрбиесінен көрініп тұрады. Мәдениетті адамның жақсы қасиеттерінің бірі — сыпайылық. Сыпайылық — адамдарды құрметтеуден, адамгершілік қатынастардан тұрады. Өзгелерді сыйлау, оларға әдепті ілтипат білдіру өзін мәдениеттімін деп есептейтін әр адамға тән қасиет болуы керек. Мәдениеттіліктің тағы бір белгісі — қарапайымдылық, кішіпейілдік. Мәдениетті адам орынсыз мақтанбайды, өз қабілетін асыра бағалаудан аулақ болады, басқалардан үйренуге намыстанбайды. Жеке адамның мәдениеттілік көрсеткіші. Адамның мәдениеттілігі — оның өзін ұстауынан, сөзінен, әрекетінен, жүріс-тұрысынан, затқа, адамдарға қатысты көзқарастарынан көрінеді. Жеке адам мәдениетінің өлшемдеріне адам өмірінің барлық жағы — еңбекке, қоғам мүддесіне қатысты ұстанымы, басқа адамдармен қарым-қатынас мәдениеті, өзін ұстауы, киінуі, жұмыстан бос уақытында немен шұғылданатыны кіреді.
Адамның жеке бас мәдениеттілігі оның өзіне қоятын талабына байланысты. Ол адамның қызмет бабында өз ұстанымында тұра білуінен, түрлі әкімшілік қысымға қарамастан шындықты қорғай білуінен, қиын жағдайларда моральдық дұрыс таңдау жасай білуінен көрінеді. Шыншыл және адал адам өз арына, намысына нұқсан келтіретін әрекеттер жасамайды. Сондықтан ол барлық жағдайда да ұстанымды, адал қалпынан айнымайды.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Мәдениеттілік
Сынып: 9
Пән: Адам және қоғам
Білімділік: Оқушыларға Мәдениеттілік туралы жүйелі білім беру.
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ -- жауап, баяндау, әңгімелесу, ізденіс, топпен жұмыс.
Құрал - жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Мәдениеттілік -- қоғамдық құрылыс, ас ішер алдында, қол жуудан бастап, адамзаттың ақылы мен ойының биігіне дейін қамтитын кең ұғым.
Мәдениетті болу -- ең алдымен, адам қоғамы жасаған рухани байлық -- ғылым негізін игерумен тыныз байланысты. Мәдениеттілік адамның қоғамдық ортада өзін ұстауынан, әрекетінен, тәрбиесінен көрініп тұрады. Мәдениетті адамның жақсы қасиеттерінің бірі -- сыпайылық. Сыпайылық -- адамдарды құрметтеуден, адамгершілік қатынастардан тұрады. Өзгелерді сыйлау, оларға әдепті ілтипат білдіру өзін мәдениеттімін деп есептейтін әр адамға тән қасиет болуы керек. Мәдениеттіліктің тағы бір белгісі -- қарапайымдылық, кішіпейілдік. Мәдениетті адам орынсыз мақтанбайды, өз қабілетін асыра бағалаудан аулақ болады, басқалардан үйренуге намыстанбайды. Жеке адамның мәдениеттілік көрсеткіші. Адамның мәдениеттілігі -- оның өзін ұстауынан, сөзінен, әрекетінен, жүріс-тұрысынан, затқа, адамдарға қатысты көзқарастарынан көрінеді. Жеке адам мәдениетінің өлшемдеріне адам өмірінің барлық жағы -- еңбекке, қоғам мүддесіне қатысты ұстанымы, басқа адамдармен қарым-қатынас мәдениеті, өзін ұстауы, киінуі, жұмыстан бос уақытында немен шұғылданатыны кіреді.
Адамның жеке бас мәдениеттілігі оның өзіне қоятын талабына байланысты. Ол адамның қызмет бабында өз ұстанымында тұра білуінен, түрлі әкімшілік қысымға қарамастан шындықты қорғай білуінен, қиын жағдайларда моральдық дұрыс таңдау жасай білуінен көрінеді. Шыншыл және адал адам өз арына, намысына нұқсан келтіретін әрекеттер жасамайды. Сондықтан ол барлық жағдайда да ұстанымды, адал қалпынан айнымайды.
Шыншылдық дегеніміз -- мәдениетті адамның ішкі дүниесінің әсемдігі мен мейірбандығының көрсеткіші ғана емес, ол философиялық және эстетикалык санат. Орыс суретшісі И.Е. Репин: Сұлулық -- шындықта, -- деп жазған екен.
Мәдениетті адам біреудің киіміндегі дақты көріп, ол жөнінде жан-жаққа естірте жариялап айтпайды, оны ешкім елемейтіндей етіп айтады. Жолдасының қандай да болсын кемшіліктері жөнінде, оған жеке жерде айтады. Егер мәдениетті адам көпшілік алдында біреуді сынаса, жолдастық шын пейілмен, адамның қателігін түзеуге тілектестік тұрғыдан айтады. Мәдениетті адам тәртіпті, ұйымшыл және ұстамды, оған дәлдік және жинақылық сияқты бағалы қасиеттер де тән. Тәртіпті адамдарға өзін-өзі тексеру, ұстамдылық, ұжым алдын - дағы борыштылықты сезіну тән. Тәкаппарлық, атақ-құмарлық, менмендік, дандайсу, мақтаншақтық, өзін-өзі дәріптеуге тырысу сияқты дөрекі қылықтар мәдениетті адамға мүлдем жат.
Сыпайы адамның жанында адам өзін ыңғайсыз сезінбейді. Олар өздерін еркін, табиғи жағдайда ұстайды. Мәдениетті адамның мінезіндегі тағы бір маңызды нәрсе -- ол айналадағы адамдарға қайырымды келеді.
Қоғам өмірі өте күрделі. Онда адамдар арасындағы қақтығыстар жиі ұшырасып жатады. Ол қақтығыс-тардың көбі қоғамдық жұмыс бабымен, өндірістік мақсаттар көздеген көзқарастардың келіспеушілігінен немесе еңбекке қатысты даулардан ұшқындауы мүмкін. Пікірталастардың кейбіреулері тұлғааралық қақтығыстарға ұласып кету жағдайлары да аз болмайды. Мұндайда адамның өзін ұстай білуінің маңызы ерекше. Өйткені, жауапты қызметкерлердің бір мәмілеге келуі өндіріс үшін тиімді.
Адамның мәдениеттілігі оның сыртқы пішінінен де көрінеді. Мәдениетті адамның киімінде аса көзге түсерліктей огаштық болмайды, ол кербездердің киіміне де ұқсамайды. Абай Құнанбайұлы: Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек дұрыс іс деп үйреткен.
Өздігінен білім алу. Білім -- таусылмайтын байлық. Адамның тірнектеп жинаған білімі -- оның ешкім тартып алмайтын меншігі. Елімізде заманға қажетті мамандықтар беретін оқу орындары көп. Дарынды студенттердің бірқатары білім алуға шетелдерге жіберіледі. Біртекті мектептердің орнына лицей, колледж, гимназиялар, жеке меншік, авторлық мектептер дүниеге келді.
Жастарда ғылымның түрлі саласына деген қызығушылық, оны терең білуге деген құлшыныс болуы керек.
Адамның қабілеті білімнің бір саласын ғана емес, оның бірнеше саласын, солардың ішінде бір-бірімен байланысы жоқтарьш да меңгеріп алуға мүмкіндік береді. Ғалым, ағартушы Шоқан Уәлиханов қоғамдық, саяси, ғылыми қызметтерін қатар жүргізіп, философия және әдебиетпен айналысқан. Өзі географ, этнограф, тарихшы, саяхатшы, суретші бола тұра, өмірінің соңғы күніне дейін өздігінен білім алуға деген құштарлығын жоймаған. Өз халқының мәдени жетістіктері мен ерекшелігін өзге тілде жазу арқылы паш еткен.
Ғылым мен өнердің бірнеше саласын қатар меңгерген мәдениет қайраткерлері әрқашанда болтан, қазір де аз емес. Қаныш Сәтбаев, Евней Букетов сияқты қазақ академиктері бір-бірінен алыс жатқан техникалық ғылымдарды гуманитарлық салалардағы терең білімімен ұштастырды. Алашорда қайраткерлерінің көбі жан-жақты білімді адамдар болтан. Мысал үшін алсақ, Ахмет Байтұрсыновтың өзі ақын, аудармашы, әдебиет зерттеушісі, лингвист, педагог, саясатшы ретінде осы салалардың бәрінен айтулы еңбектер жазып қалдырды.
Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез, -- деп Абай айтқандай, білімділердің айтқан ойларының, әйтеуір бір талапты жасқа кез боларына еш күмәнданбауы керек. Білімді өлсе -- қағазда аты қалады, өнерлі өлсе -- істеген заты қалады. Қазіргі ұрпақтың өздігінен білім алуға ұмтылысы қуанарлық. Олар бірнеше тілдерді, компьютерді меңгеріп, жаңа білім салаларын үйренуге талпынып жүр.
Білімді өмірлік практикада қолдана білу. Біздің қоғамымыз тарихта бұрын болмаған деңгейде ғылыми білімді өрістете түсуді, оны өмірлік практикада қолдана білуді талап етеді. Ғылым мен техниканы дамытып, олардың жаңалықтары мен жетістіктерін өндірісте қолдану тек ғалымдар мен мамандардың үлесіндегі ғана іс емес, баршаның ісі. Бір айта кетерлік жайт, тек жаратылыстану мен техникалық ғылымдар ғана маңызды деуге болмайды. Қоғамның даму үрдісінде қоғамдық ғылымдар да -- саясаттану, философия, әлеуметтану, құқык, тарих, психология -- өзіндік рөл атқарады.
Бекіту кезеңі:
1. Адамның мәдениеттілігі неден көрінеді деп ойлайсыздар?
2. Жеке адамның мәдениеттілік өлшемдері ретінде нелерді алуға болады?
3. Өздігінен білім алудың әдістері қандай?
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 56

Тақырыбы: Адамдардың қарым - қатынасы
Сынып: 9
Пән: Адам және қоғам
Білімділік: Оқушыларға Адамдардың қарым - қатынасы туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ -- жауап, баяндау, әңгімелесу, ізденіс, топпен жұмыс.
Құрал - жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Қарым-қатынас. Адамдардың әлеуметтік субъект екендігі, ең алдымен, оның тек адамдар ортасында ғана өмір сүре алатындығынан көрініс береді. Адамдар арасында өмір сүру деген сөз: әрдайым өзінің айналасындаты адамдармен үнемі қарым-қатынас үстінде болу деген сөз. Қарым-қатынас адамдар арасында саналы түрде, көпшілік жағдайда міндетті әрі ресми, кейде ерікті түрде болатын эмоциялық қатынас жасау әрекеті болып табылады.
Қарым-қатынас деп адамдардың қызметті бірлесіп істеу қажеттігінен туындайтын, адамның өзге адаммен немесе адамдар тобымен пікір алмасуын, өзара әрекеттесудің біртұтас стратегиясын жасап шығаруын, басқа адаммен оны қабылдау және түсіну бағытында қатынасқа келуін және сол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балаларға арналған дене шынықтыру сабағы (естияр топ)
Кәсіптік - еңбек тәрбиесі
Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбие жүйелері және формалары
Отбасы тәрбиесі жағдайында қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру процесі
Мектептегі берілетін тәрбие
Азаматтық тұлғаның әлеуметтенуі
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРАЛАР АРҚЫЛЫ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
Экологиялық мәдениет ұғымына берілген анықтамалар
Жоғары оқу орнындағы студенттердің қарым – қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Балауса аула клубының үйірмелері
Пәндер