Тж тұрғындарды қорғау формалары. Ұжымдық жане жеке қорғану құралдары. Санитарлы өңдеу


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
- ТЖ тұрғындарды қорғау формалары. Ұжымдық жане жеке қорғану құралдары. Санитарлы өңдеу.
Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іске асырылатын халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары біздің республикамызда ең басты мақсат болып табылады.
Халықты қорғау қағидасы - бұл бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР Үкіметі белгілеген ереже.
Халықты бейбіт уақыттағы төтенше жағдайдан және осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау, қорғаудың негізгі үш тәсілі арқылығ, кешенді шараларды өткізумен іске асырылады:
- Қорғаныс ғимараттарына адамдарды жасыру;
- Тұрғындарды көшіру мен бытыраңқы орналастыру;
- Халықтың өзін - өзі қорғау құралдары мен қамтамасыз ету.
Халықты қорғаныс ғимараттарына жасыру халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе жау шабуылының қауіпі туған жағдайда қорғанудың негізгі және ең сенімді әдісі. Қорғаныс ғимараттары - бұл панахана, радиациядан қорғау орындары және қарапайым панаханалар. Халықты панаханаға жасыру арқылы қорғаудың ең басты жолы - қорғаныс ғимараттарын әрдайым дайын ұстау. АҚ дабылы болғанда халықты тезірек панаханаларға кіруге оқыту. Сондай - ақ, ТЖ болғанда панаханалар мен радиациядан қорғайтын орындарды басқару пунктері ретінде де қолдана алады.
Халықты көшіру, әсіресе бейбіт уақытта болғанда ТЖ-ға сонымен қатар, соғыс уақытында қала тұрғындарын осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғауға тән. Халықты жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету. Жеке қорғаныс құралдары радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттар мен бактериалды құралдардың ағзаға, теріге және киімге түсіп кетуінен қорғауға арналған.
Олар төмендегідей бөлінеді:
- Тыныс алу органдарын қорғау құралдары (ауаны сүзетін және ауаны кіргізбейтін газқағарлар, респираторлар, шаңнан қорғайтын мата маскасы (ПТМ - 1) және мақта мата таңғышы) ;
- Теріні қорғау құралдары (арнайы оқшаулап қорғайтын киім)
Жеке қорғаныс құралдарын қолдану - халықты қорғаудағы басты шаралардың бірі.
Ұжымдық қорғану құралдары - жұмыс істейтін екі және одан да көп адамдарды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.
Ұжымдық қорғану құралдары құрылымдық және функцияналды өндіріс процесімен, өндіріс құралдарымен, ғимаратпен, қондырғылармен, өндіріс алаңымен тығыз байланысты. Бағытына қарай былай бөлінеді:
- Жұмыс орындары мен ғимараттарды жарықтандыруды нормалайтын құралдар
- Ионданушы сәулелерден қорғану құралдары
- Инфракүлгін сәулелерден қорған құралдары
- Ультракүлгін және электромагниттік сәулелерден қорғау
- Лазарлі сәулелерден
- Шу мен ультрадыбыстан
- Вибрациядан
- Электротогымен зақымданудан сақтау құралдары
- Жоғарға және төменгі температурадан сақтау құралдары
- Химиялық факторлар әсерінен қорғау
- Биологиялық
Ұжымдық қорғаныс құралдары шектеуіш, сақтандырғыш, тежегіш жабдықтар, автоматты түрде бақылау және дабыл қаққыш жабдықтар, қашықтықтан басқару қауіпсіздік белгілері болып табылады. Шектеуіш құралдар адамдардың қауіпті аймаққа өтіп кетуінен сақтау үшін қолданылады. Сақтандырғыш құралдар адамның қауіпті аймаққа түсіп кеткен кезіндегі және көліктің немесе құрылғылардың қалыпты жүрісінен ауытқуы кезінде автоматты түрде өшіру үшін қоданылады. Бақылау құралдары қан қысымын, ден қызуын, статистикалық және динамикалық жүктемеледі өлшеу және сипаттаушы құрал қызметін атқарады. Жеке қорғану құралдары құызметкерлерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әс ерінен қорғауға арналған құралдар. Арнаулы киімдер қызметкерлерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап.
Толық санитарлық өңдеу -арнайы тазалау пунктерінде, санитарлық-өткізгіштік немесе залалданбаған су қоймаларында адам үстіндегі радиоактивтік, улағыш заттар мен бактериялық құралдарды сабынмен жуып, киімді міндетті түрде ауыстыру. Жеке құрам радиоактивтік заттармен уланған жағдайда Т. с. ө. ішінара өңдеуден кейін адамдардың зақымдалу деңгейі нормадан жоғары болғанда жүргізіледі. Т. с. ө. зақымданбаған ауданда, тікелей бөлімшелерде немесе арнайы өңдеу пункттерінде ұрыс тапсырма-ларын орындағаннан кейін іске асырылады.
- Алкоголизм, шылым шегу, нашақорлық және адам денсаулығы мәселелері.
Маскүнемдік (алкоголизм) - спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар семьясының, балашағасының берекесін кетіреді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылыс тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады. Ішкі, ліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де дәлелд енген: маскүнемнің балалары көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады.
Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде де, созылмалы алкоголизмге ішпесе тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі органдары кеселге ұшыратуы, адамның мінез-құлқын өзгертуі мүмкін. Ауру бірте-бірте өршиді. Маскүнемдікке салыну әуелі әуестіктен, соңынан әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан келіп туады. Бірте-бірте организм спиртті ішімдікке дағдыланады. Бұрынғы ішіп жүрген мөлшер ешқандай әсер етпейді, мастық күйге жету үшін әлдеқайда көп ішу қажет болады. Мас адам ашушаң, кінәшіл, тым батыл келеді. Ішпей сау жүргенде бей-жай, көңілсіз күйде болып, сергу үшін қайтадан ішуге құмартады. Бара-бара адам ішпесе тұра алмайтын халге жетелі.
Ішкілікке бойы үйренген адамда тоқтау болмайды (ішкен сайын құмартып, ішкен үстіне ішкісі келіп тұрады) . Ұдайы ішуге салынған адам әйтеуір бір сылтау тауып ішуді көздейді, өзінде болмаса, кім көрінгеннен сұрап ішуге арланбайды, оқшау тұрып та, кез келген бөтелкелестері мен бірлесіп те іше береді, барған сайын «сау» жүруі азаяды. Мұндай адамның мінез-құлқы өзгереді, ол дөрекі, алдамшы бола бастайды, жанұя мүддесін ойламайды.
Алкоголизмнің алғашқы сатысы шамамен 5-7 жылға созылады. Ішкілік дертіне шалдығудың екінші сатысы - бас жазу. Алкоголизм өршіген сайын ішімдіктің қолайсыз әсері күшейе түседі: мастығы тарқағакда қолы қалтырайды, терлейді, ұйқысы қашады, өз-өзі нен үрейі ұшып, мазасы кетеді. Басын жазғаннан кейін мұндай белгілері басылып, жадырағандай болады. Әуелі басын жазу үшін бір саптыаяқ сыра, не бір рюмка арақ жеткілікті, бірақ бара-бара мұның өзі көбейіп, тоқтаусыз, бірнеше күн қатарынан ішушілікке айналады. Маскүнемдер бірнеше айлап, тіпті жылдап күн сайын ішіп, мас болады, ертеңіне міндетті түрде басын жазады. Мұндайда (бірнеше күннен екі-үш аптаға дейін) спиртті ішімдіктерді өлшеусіз ішеді (күніне 1 литрге дейін, не 2 литрдей шарап), суррогаттарды да (әтір, политура) ішеді. Бірте-бірте мұндай жағдай жиілей түседі.
Алкоголизмнің екінші сатысында ішкі органдар мен нерв жүйелері едәуір зақымданады, қатты және созылмалы алкоголь психоздары пайда болады - еліреді, көзіне әр нәрсе елестейді. Алкоголизмнің екінші сатысы 10-15 жылға созыл ып, үшінші сатысына ауысады да, мидың жүйке клеткалары тұтастай зақымданады - алкаголь энцефалопатиясына ұшырайды. Мұндайда адам алкогольді көтере алмайды, спиртті ішімдіктің шағын дозасының өзі мас етеді. Еңбекке жарамайды, ақыл-есінен айырылады.
Е м і. Ауру асқынбай тұрғанда - созылмалы алкоголизмге дейін - әркімнің ішімдіктен бас тартуына болады. Тек өзіне ерік беріп, ішімдікке салынудың денсаулығына да, туыстары мен жора-жолдастарына да, қоғамға да зиянды екендігін түсінсе болғаны. Созылмалы алкоголизмге шалдыққан адам, әдетте, еркінен айырылып, үйренген дағдысынан бастарта алмайды. Алайда маскүнем осы аурудан арылуға өзі ұмтылмаса, оны емдеу шараларын ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі жапырағында танин, желім, шайыр, крахмал және алколоидер бар өсімдік. Темекі түтінінде 30-астам улы заттар бар: Никотин, Көмір қышқыл газы, Көміртек тотығы, Көгеретін қышқыл, Аммиак, Шайырлы заттар, Органикалық қышқылдар және басқалары. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Сигареттің 1-2 қорабында никотинның өлімдік мөлшері бар. Темекішілді құтқаратыны, бұл мөлшердің организмге бірдені емес, бөлшектеніп түсетіні. Шылым шегу - зиян қызмет, оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық, және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса қауіпті.
Нашақорлық -қауіпті дерт. Күшті есірткілер бірнеше аптаның өзінде-ақ, адамның рухын бой ұсындырып, бірнеше жыл ішінде адам өмірін бұзып, адам бұл жаман әдетсіз тұра алмайтын, қорқақ, ешкімге керексіз жанға айналуы мүмкін.
Нашақорлықты емдеу-қоғамның басты проблемасы болып, адамдарға оның не екендігін және оған қарсы қалай күресу керек екендігі жайлы үнемі айтып отыру керек. Әсіресе нашақорлықтың зияны туралы жастарымызға көп насихат айту олардың бұл жаман әдетке деген жиіркеніштілігін тудырады. Қазіргі күнде есірткінің зияндылығы, адамдардың оған неліктен құмартатындығы және соңында оған қалай тәуелді болып қалғанын да білмейтіндігі, тағы басқа туралы бүгінде кітапшаларда, баспасөз беттерінде аз жазылып жүрген жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz