Атмосферадағы оттегі эволюциясы және фотосинтез туралы



1.Атмосферадағы оттегі
2.Эволюция және фотосинтез
3.Пайдаланылған әдебиеттер
Атмосфера - жердің ауа қабығы, жер қабықтарының ішіндегі ең сыртқысы. Ол біздің планетамыздың басқа қабықтарымен үздіксіз өзара әрекеттесіп тұрады және оған үнемі Космостың әсері, бәрінен де бұрын Күннің де әсері тиіп тұратыны белгілі. Грекше atmos – бу, sphaira – шар дегенді білдіреді. Атмосфераның бүкіл массасының 50% жуығы оның төменгі 5 километрлік қабатында, 75% - 10 километрлік қабатында, ал 90% 16 километрлік қабатында шоғырланған. 3000 км-ден жоғарыда атмосфераның тығыздығы планета аралық кеңістік тығыздығынан аз-ақ айырма жасайды, дегенмен оның өзі 10 000 км-ден артық биіктікте де байқалған.
Теңіз деңгейіндегі таза және құрғақ ауа бірнеше газдардың қосындысынан тұрады. Олардың ішіндегі негізгілері азот – 78,09%, оттегі – 20,95%, аргон – 0,93%, көмірқышқыл газы – 0,03%. Басқа газдар: неон, гелий, метан, криптон, ксенон, сутегі, озон, йодтың болмысы өте аз (0,1%-тен кем). Атмосфераның басты құрамдас бөліктері – азот пен оттегінің арасалмағы тұрақты болады.
100-200 км биіктікке дейін ауа түгелдей сапырылысып жататындықтан атмосфераның құрамы біртектес болып келеді. Бұл қабат гомосфера, ал оның үстіңгі қабаты гетеросфера деп аталады. Гетеросферада атмосфераның құрамы биіктік бойынша өзгереді: 200-250 км биіктікке дейін азот пен оттегі, 200-250 км-ден 500-700 км-ге дейін атомдық оттегі, одан жоғарыда гелий мен сутегі басым, соның өзінде олардың басым болатын қабатының төменгі шекарасы күн әрекеті күшіне сәйкес ауытқып отырады.
Су буы, озон мен көмірқышқыл газы сияқты атмосфераның маңызды құрамдас бөліктерінің мөлшері мерзім бойынша да, кеңістікте де кең көлемде өзгеріп тұрады. Әсіресе, ауаның темперетурасына байланысты су буы құрамының өзгерісі көзге түседі. Полярлық аудандарда жер бетіне іргелес ауа бар болғаны 0,2%, ал экваторлық аудандарда 3% ылғал ұстайды. Ауада неғұрлым су буы көп болса, соғұрлым басқа газдар аз болады, бірақ олардың өзара қатынасы өзгермейді. Биіктік артқан сайын су буы мөлшері азая береді: 2 км шамасындағы биіктікте 2 есе, 8 км биіктікте 100 есе азаяды, ал 10-15 км-ден жоғарыда ауада су буы өте аз болады.
1.М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-927-4
2. Жоғарыға көтеріліңіз ↑ О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
3. Жоғарыға көтеріліңіз ↑ "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

CӨЖ

Тақырыбы: Атмосферадағы оттегі эволюциясы және фотосинтез

Тексерген: Татенов А.Б
Орындаған:Турсынгали Е.А

Семей, 2015 ж
Жоспар
1.Атмосферадағы оттегі
2.Эволюция және фотосинтез
3.Пайдаланылған әдебиеттер

Атмосфера - жердің ауа қабығы, жер қабықтарының ішіндегі ең сыртқысы. Ол біздің планетамыздың басқа қабықтарымен үздіксіз өзара әрекеттесіп тұрады және оған үнемі Космостың әсері, бәрінен де бұрын Күннің де әсері тиіп тұратыны белгілі. Грекше atmos - бу, sphaira - шар дегенді білдіреді. Атмосфераның бүкіл массасының 50% жуығы оның төменгі 5 километрлік қабатында, 75% - 10 километрлік қабатында, ал 90% 16 километрлік қабатында шоғырланған. 3000 км-ден жоғарыда атмосфераның тығыздығы планета аралық кеңістік тығыздығынан аз-ақ айырма жасайды, дегенмен оның өзі 10 000 км-ден артық биіктікте де байқалған.
Теңіз деңгейіндегі таза және құрғақ ауа бірнеше газдардың қосындысынан тұрады. Олардың ішіндегі негізгілері азот - 78,09%, оттегі - 20,95%, аргон - 0,93%, көмірқышқыл газы - 0,03%. Басқа газдар: неон, гелий, метан, криптон, ксенон, сутегі, озон, йодтың болмысы өте аз (0,1%-тен кем). Атмосфераның басты құрамдас бөліктері - азот пен оттегінің арасалмағы тұрақты болады.
100-200 км биіктікке дейін ауа түгелдей сапырылысып жататындықтан атмосфераның құрамы біртектес болып келеді. Бұл қабат гомосфера, ал оның үстіңгі қабаты гетеросфера деп аталады. Гетеросферада атмосфераның құрамы биіктік бойынша өзгереді: 200-250 км биіктікке дейін азот пен оттегі, 200-250 км-ден 500-700 км-ге дейін атомдық оттегі, одан жоғарыда гелий мен сутегі басым, соның өзінде олардың басым болатын қабатының төменгі шекарасы күн әрекеті күшіне сәйкес ауытқып отырады.
Су буы, озон мен көмірқышқыл газы сияқты атмосфераның маңызды құрамдас бөліктерінің мөлшері мерзім бойынша да, кеңістікте де кең көлемде өзгеріп тұрады. Әсіресе, ауаның темперетурасына байланысты су буы құрамының өзгерісі көзге түседі. Полярлық аудандарда жер бетіне іргелес ауа бар болғаны 0,2%, ал экваторлық аудандарда 3% ылғал ұстайды. Ауада неғұрлым су буы көп болса, соғұрлым басқа газдар аз болады, бірақ олардың өзара қатынасы өзгермейді. Биіктік артқан сайын су буы мөлшері азая береді: 2 км шамасындағы биіктікте 2 есе, 8 км биіктікте 100 есе азаяды, ал 10-15 км-ден жоғарыда ауада су буы өте аз болады.
Ауада құрамында оттегі тұрақты болғандықтан өсімдіктер ауамен әрқашанда қамтулы. Оттегінің жетіспеушілігі тек тамыр жүйелерінде болуы мүмкін. Ауаның газ тәрізді азоты, ауадағы инертті газдар өсімдіктер үшін қажетті фактор.
Жасыл фотосинтездеуші өсімдіктер үшін ең негізгі экологиялық факторлардың бірі ауаның құрамындағы көмірқышқыл газы. Оның табиғи көзі бірнешеу, олардың ішіндегі ең маңыздылары су және құрлық ағзаларының тынысы, органикалық қалдықтардың шіруі, ашуы т.б., сондай-ақ топырақтың тынысы кезінде топырақ микроағзалары мен саңырауқұлақтардың тіршілігі барысында бөлінетін СО2.
Атмосфералық ауадағы СО2 0,03 % (немесе шамамен 300 ррm- миллионнан бір бөлігі). Салыстырмалы тұрақтылық барлық биогеохимиялық көміртек айналымның теңдігімен Дүниежүзілік мұхит бетінің буферлі рөлінің әсерінен сақталып тұрады.
Өсімдіктерді қоршап тұрған СО2 нің ауадағы концентрациясы әртүрлі биіктікте біркелкі емес. СО2 тік (вертикальді) градиенті қалың өсімдікті жамылғыда, әсіресе орманды бірлестіктерде жақсы байқалады. Ол топырақтың интенсивті тыныс алуының арқасында және де ыдыраған топырақ үстіндегі ауа қабаттары көмірқышқыл газымен қамтамасыз етілген, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атмосферадағы оттегі эволюциясы және фотосинтез туралы ақпарат
Вернадскийдің биосфера туралы ілімі
Биосфера туралы ілім
Атмосферадағы оттегі эволюциясы және фотосинтез жайлы ақпарат
Автоотмосферадағы оттегі эволюциясы және фотосинтез
Атмосферадағы оттегі эволюциясы.фотосинтез
Биогеохимиялық циклдердің классификациясы
Биогеохимияның негізгі концепциялары (сұрақ-жауап түрінде)
Атмосферадағы оттегі эволюциясы
Биогеохимия
Пәндер