Вирустардың организмге таралуы, енуі, орналасуы.Инфекцияның түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БӨЖ №4
Тақырыбы: Вирустардың организмге таралуы, енуі, орналасуы.
Инфекцияның түрлері және оларға сипаттама.
Иммунитеттің механизмдері.
Тобы: ВМ - 305
Орындаған: Мырзағалиқызы А.
Тексерген: Омарбеков Е. О.
Семей 2015-11-13
Жоспары:
- Кіріспе
Вирустардың организмдегі таралуы, енуі және орналасуы
- Негізгі бөлімИнфекцияның түрлеріне сипаттамаИммунитет гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық факторлары.
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Вирус (лат. vīrus - «у») - тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан - кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген.
Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар - нуклеин қышқылдары мен белокты қабықтан тұрады; бұларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар - нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15 - 350 нм негізінен вирустарды тек электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан тұрады. ДНҚ-да вирустардың молекулалық саны 106 - 206, ал РНҚ-дағы вирустардікі - 106 - 15-106 болады. Вирустардың көптеген жылдар бойы тіршілік ортасында әрекетсіз жата беру қабілеті бар. Олар дамуына қолайлы жағдай туғанда бірнеше минуттың ішінде көбейіп, өзіне тән қасиеттерін көрсете алады. Адам мен жануарларда жиі кездесетін вирусты көпшілігі 60С-та қыздырғанда тіршілігін немесе ауру қоздырғыштық қасиеттерін жояды. Ал темекі теңбілінің вирусы 10 минут бойы 90С-қа дейін, сары ауру вирусы отыз минут бойы 80С-қа дейін қыздырғанда ғана тіршілігін жояды. Вирус ультракүлгін сәулелер мен химиялық заттарға төзімді келеді. Тотықтырғыш заттар вирустың белсенділігін жояды, ал барлық тотықсыздандырғыш заттар олардың тіршілігіне қолайлы келеді. Мысалы, полиомиелит вирусы фенолдың 0, 5%, күкірт қышқылы аммонийдың 50%-дық ерітіндісінде сақтала береді. Ал тотықтырғыштарда, мысалы, сутек асқын тотығы немесе марганец қышқыл калий ерітіндісінде олар тіршілігін тез жояды.
Вирус көбеюі бес сатыға бөлінеді: клеткаға ену; клеткада вирус нуклеин қышқылының құрылуын қамтамасыз ететін ферменттердің түзілуі; вирус құрылым бөлшектерінің жиналуы; одан вирионның түзілуі; ересек вирустың клеткадан шығуы. Вирус бактериялар клеткасына клетка қабырғасы арқылы өтсе, жануарларда клетка мембранасы арқылы адсорбцияланады. Өсімдіктерге вирус тек қана клетканың зақымдалған жерінен ғана ене алады. Бір клетканы «іштей жеген» вирустар көршілес клеткаларға ауысып, барлық организмді зақымдап, ауруға шалдықтырады. Иесінің жасушамен вирус арасындағы өзара әрекеттесу - өте күрделі процесс.
Вирустардың репродукциялану циклының сатылары: жасушаға жабысу жасушаға ену шешіну вирустық ДНҚ немесе РНҚ -ның репликациялануы вирустық геномның транскрипциялануы вирустық ақпараттың РНҚ-ның транслокациялануы вирустық бөлшектердің бастырылуы вирустың жасушадан шығуы. Адсорбция - ол жасушаның вирионмен инфицирленуінің бірінші сатысы, вирион жасушалық беткейлерге жабысады, әрбір вирус жасушаларының бәріне ие, кейбіреулеріне ғана адсорбциялану қабілеттілігі болатыны белгілі. Ол кейбір вирустардың ақуызында "вирустық рецепторлар" деп аталатын тиісті аминқышқылдық реттіліктердің болуымен байланысты. Вирустық рецепторлар "тіркеуші "деп аталатын ақуыздардың құрамында болады, жасушалық рецепторларды танып алу және олармен өзара әрекеттесу қызметін атқарады, капсидтік беткейлік ақуыздарының қатысуымен орындалады. Қосылып - бірігу процесіне қатысатын гликопротеиндердің бәріне ортақ қасиеттері бар: Олар вирион беткейінде шамамен 100-150 нм көтеріңкі орналасады; Олигомерлер түзеді және олардың пайда болуы вириондардың жасуша ішінде тасымалдануына елеулі әсер етеді; Құрылымында біріктіруші пептид болады; Қабықшалы вирустардың шешінуі екі кезеңмен жүреді- жасушалық мембранамен қосылған беткейлік ақуыздардың жойылуы және мембраналық ақуыздармен байланысқан ДНҚ немесе РНҚ-ның босансып шығуы. Қабықшасыз вирустардың шешінуі бірнеше кезеңдерден тұрады. Бұл процестердің механизмі толық зерттелмеген. Вирустық нуклеин қышқылдарының репликациялануы. Жаңа жасушалық бөлшектер - ол жұқтырылатын жасушада болмайтын вирустық нуклеин қышқылдарының және вирустық ақуыздардың барлық молекулалардың жиынтығы.
Негізгі бөлім
Спонтанды инфекция
Патогендік микробқа тән беріліс механизмі
іске асқан табиғи жағдайда
пайда болады және мал организмінде
Жасанды инфекция
патологиялық материалды немесе қоздырушының культурасын
енгізу арқылы жасайды.
патогендік микроорганизмдердің
активтенуі арқылы болады.
Спецификалық қоздырушы сырттан, қоршаған ортадан, организмге енген
болса , экзогендік инфекция туралы сөз болады. Бірақ, малдың ауруға қарсы тұрушылығы төмендеген организмді коммпенсалдар есебінде
мекендеушілер, шартты патогенді микробтар инфекцияны тудыра аладыБұл эндогендік инфекция (аутоинфекция) . Қоздырушының бір түрімен
пайда болған инфекцияны қарапайым (моноинфекция) деп, ал бүтін бір топ микробтарының потогендік әрекетінің нәтижесінде пайда болғанда ассоциативті деп аталады. Кейде осындай жағдайда микробтың бір түрінің басқалардың ықпалымен патогендігі күшеюінен синергизм байқалады. Әртүрлі екі аурудың қатар жүргізуіндегі инфекция аралас
(қоспа) деп аталады. Тыныс жолдарының ішектің кілегейлі қабығында мекендейтіншартты патогенді микробтардың активтенуі нәтижесінде
бастапқы (негізгі) фонда екінші (секундтары) инфекцияның дамуының кездейсоқтығы белгілі. Пастерелл мен сальмонельдің патогендік әрекеттері, мысалы, классикалық шошқа обасын асқындырады. Аралас, екінші және ассоциативтік инфекциялар таршылық жерде малдардың көп шоғырланған өндірістік мал шаруашылығы жағдайында маңызды мәселе болып отыр.
Егер болып өткен инфекция мен мал организмінің оның қоздырушысынан тазарғаннан кейін сол патогендік микробтық себебімен қайтадан ауру болса, оны реинфекция дейді. Оның даму шарты сол қыздырушыға бейімділігінің сақталуы. Сол патогендік микробпен қозып, бұрынырақдамыған инфекциялық процестің фонында басталған жаңа (қайтадан) қанығудың салдары - суперинфекция деп аталады. Аурудың қайтадан оралуы, басталған клиникалық жазылудан кейін оның нышандарының қайта көрініс беруі редцидив деп аталады. Ол малдың ауруға қарсы тұрушылығының төмендеуімен болып өткен аурудың организмде сақталған қоздырушылардың активтенуінен пайда болады. Рецидивтер тұрақты иммнитетті жеткіліксіз құрылуынан болатын ауруларға тән (бруцелез, туберкулез, жылқының індетті қан аздығы) .
Иммунитеттің механизмдері
Мал организмінде түрлі врустар кездеседі. Соған орай организмде сол вирустарғақарсы арнамалы қорғау механизмдері пайда болады.
Вирусқа қарсы иммунитеттің негізгі қызметі - организмге енген вирустарды тауып алу және организмді сол вирустан, олардың антигендерінен және вирус зақымдаған клеткалардан тазарту. Осы қорғану қызметі организмнің иммунологиялық жүйесінің және иммунитетке жауапты клеткаларының арқасында іске асады. Сонымен бірге организмде бейарнамалы қорғану факторлары да бар. Вирусқа қарсы арнамалы иммунитет пен табиғи сақтану механизмдері өзара өте тығыз байланыста болады және бір бірінің қызметін ұлғайтады. Тек осындай жағдайда ғана олар ең негізгі мақсаттарын - организмде вирустардың сезімтал клеткалларда көбеюіне кедергі жасап, вирустарды жояды.
Вирустық инфекцияларға қарсы қорғану механизмдері блгілі бір заңдылыққа бағынады да, ол механизмдер организмде болатын өзгерістерді ұлғайтпай, вирустардың биологиялық қасиеттерін құртып, организмнің ішкі ортасының тепе - теңдігін сақтауға арналады.
Соған орай вирусқа қарсы тұрудың екі түрін атап өту қажет:
1. Вирусқа деген табиғи және туа біткен түрге немесе нәсілдік қасиетке сәйкес төзімділік. Ол жағдай туа біткен қасиетке немесе өсе келе организмнің белгілі бір ауруға қарсы тұрарлық қасиетіне сәйкес.
2. Жүре біркен төзімділік - организм ауырып жазылғаннан соң немесе қолдан егудің арқасында пайда болады. Егу үшін тірі немесе өлтірілген вакциналар қолданылады.
Вирустық инфекциялардан қорғану механизмдері:
I. Иммунитеттің арнамалы факторлары:
- Гумарольдық факторлары
- Клетка факторлары
II. Организмнің бейарнамалы қорғане факторлары :
- Гумарольдық факторлары
- Клетка факторлары
III. Вирусқа қарсы табиғи төзімділік .
Вирусқа қарсы иммунитеттің гуморальдық факторлары
Вирусқа қарсы иммунитетте гуморальдық факторлардың маңызы өте зор және ол факторлар В - лимфоциттерге тығыз байланысты. В - лимфоциттер өзгере келіп плазматикалық клеткаларға айналады, ал ол клеткалар вирусқа қарсы антиденелерді бөліп шығарады.
Жануарлар қан сарысуында болатын арнамалы антиденелер - иммунитеттің гумарольды факторы арқылы болуының көрсеткіші болып табылады. Вирустың жеке бір белогында бірнеше антигендік детерминанталар болуы мүмкін, ал антигендік детерминантаның антиденелермен байланыса алатын жерін эпитоптар деп атайды. Себебі организмде антиденелер антигеннің молекуласымен түгелдей байланыспай, тек кейбір жерімен ғана байланысады, ол жерді антигендік детерминанта деп атайды. Антигендік детерминантадағы амин қышқылдары белгілі бір қалыппен орналады.
Вирустардың құрамында бір топқа жататын туыс вирустарға ортақ - топқа тән антиген бар. Одан басқа вирустың тек бір түріне ғана жататын, немесе вирустардың штаммына тән антиген бар, оны түрге, штаммға тән антиген деп атайды.
Иммуноглобулиндердің G, M, A кластары вирустан сақтайтын антиденелер болып саналады. Иммуноглобулиндер - белок молeкулалар олар гамма - глобулиндерге жатады. Антиген организмге түскен соң иммуноглобулиндердің саны да өседі және вирусқа қарсы арнамалы қасиеттері де пайда болады. Клеткада иммуноглобулиндер ДНҚ - РНҚ әсерінен пайда болады. Осы жағдайды іске асыру үшін арнамалы антигенннің әсері бар. Oрганизмді еккен кезде, немесе табиғи ауырған кезде белгілі бір қалыппен пайда бола бастайды.
Ең алдымен иммуноглобулиндердің М - класы пайда болады, олар алғашқы антиденелерге жатқызады, мөлшері 5 - 10 процент Ig M - 900 КД. Олардың барлығы организмнің жаңа ауырғанын мәлімдейді.
Содан соң иммуноглобулиндердің А класы пайда болады. Оларды кілегей қабықшаның В - лимфоциттары бөледі, ал мөлшері 10 - 15 процент Ig А м. м. - 170 КД. Бұл антиденелер вирустарды тыныс жолдарының кілегейлі қабықшаларында бейтараптандырады, жояды және жергілікті иммунитет туғызады. Сондықтан вакцинаны тыныс жолдарына арнайы еккен.
Соңынан антиденелердің G класы пайда болады. Олардың вирусқа қарсы гуморальды фактор арқылы болатын иммунитетте маңызы өте зор. Плацента кедергісінен оңай өте алады. Сондықтан жаңа туған организмде ананың антиденелері 6 - 9 айға дейін болады. G - ның мөлшері 70 - 88 процент Ig G м. м. - 150КД.
Иммуноглобулин A әр түрде кездеседі: жай, димер, тример. Димерден және тримердан тұратыын иммуноглобулин А -ның құрамында гликопротеиннің секрет бөлетін компонентіде бар. Осы компонент А - ның клетка аралығындағы кеңістік арқылы өтуіне әсер етеді және белок ерітетін ферменттерден сақтайды. Бұл жағдайдың маңызы өте зор. Себебі, а кілегейлі қабықшаның бөліндісінде болады, ал ол жерде ферменттер көп шоғырланады.
Вирусқа қарсы иммунитеттің клеткалық факторлары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz