Ауыл шаруашылығында қолданатын бактериалды препараттар туралы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Тақырыбы :Ауыл шаруашылығында қолданатын бактериалды препараттар
Семей 2015 ж.
Қазіргі таңда агроөндірістік кешеннің негізгі бағыттарының бірі - елімізді ауыл шаруашылық шикізаттары және өнімдері- мен тұрақты қамтамасыз ету. БҰҰ тамақ және ауылшаруашылық ұйымының санағы бойынша жыл сайын зиянды ағзалар ауылшаруашылық өнімдерінің 30 пайызын төмендетеді. Оның ішінде топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды сіңіретін, күн көзінен көлеңкелейтін, улы тұқымдарымен ластайтын арам шөптердің үлесі мол. Ауылшаруашылық өнімдерінде таралған ауру қоздырғыштары (қара күйе, тат, ақ ұнтақ, таз қотыр, жалған ақ ұнтақ, фитофтороз және т. б. ) дәнді залалдап, микотоксиндер (афлатоксиндер, охратоксиндер) түзеді. Талдау бойынша микотоксиндер жоғары улы заттарға (ЛД50 1, 6-30 мг/кг) жатады. Аурулардың эпифитотиялық таралу жағдайында ауылшаруашылық дақылдары өнімін түгелдей жояды. Жәндік- тер, кенелер тез көбейіп, мысалы колорад қоңызы бір мезгілде 3 рет генерацияланып, 30 млн. дана, ал қандала одан да көп жұмыртқа салады. Қазақстанда 2000 жылы жәндіктердің ішінде шегірткенің кең көлемде таралып, егістіктер мен шабындық- тарға орасан зиян келтіргені белгілі. Адамзат өсімдік шаруашылығымен айналысқаннан бастап, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен, арамшөптермен әр түрлі жолдармен күресуде. Өсімдікті химиялық заттармен қорғау осыдан 2000 жыл бұрын басталған. Демокрит (б. э. б. 460-380 ж. ) өсімдікті аурулардан плинус (б. э. б. 79-23 ж) күл, ұсақталған кипарис жапырақтарын және сұйытылғын зәр ерітіндісін өсімдікті қорғау үшін ұсынған. Қазіргі кезде жер шарында адамзат саны жылдан жылға өсуде. Болжам бойынша дүние жүзінде 2040 жылдары халық саны 8, 5 млрд. құрауы мүмкін, ал адамзатқа жер өңдеу өнімдерінің мөлшері бірнеше есе артуы тиіс. Ауылшаруашылық өнімдерін жоғарылату үшін экстенсивті механикаландыру, топырақ қопсыту тәжірибесін жақсарту, жаңа сұрыптарды алу, т. б. шаралардың кешендері қолданылады. Өсімдікті химиялық әдіспен қорғау негізгісі болып саналады. Ол өзінің биологиялық және экономикалық тиімділігімен ерекшеленеді. Сондықтан өсімдікті қорғайтын химиялық заттардың өндірісі жылдан жылға артуда. Мысалы АҚШ-да 20 мың препарат тіркелген (675 әсер етуші заттар) оның ішінде 470-і ауылшаруашылықта қолданылады. Ресейде (194 әсер етуші заттар) 633 препарат тіркелген, ал Қазақстанда пестицид- тер тізімін 249 дана құрайды. Өсімдікті қорғайтын химиялық заттар ауылшарушылық дақылдары өнімін арттырады, механикалық және адам қолымен жасалатын жұмыстарды жеңілдетеді.
2. Пестицидтерді ауылшаруашылығында қолдану негізгі мәселелердің бірі болғанымен, олардың қоршаған ортаға, адамзатқа кері әсерінің бар екенін ескеру қажет. Пестицидтерді экология жағынан қауіпсіз қолдану өте маңызды. Қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін пестицидтердің көпшілігі табиғатта кездеспей- тін синтетикалық улағыш заттар. Пайдаланылған пестицид- тердің қалдық мөлшерлері қоршаған орта нысандарында жиналып, пайдалы флора мен фаунаға кері әсерін тигізуі мүмкін.
Пестицидтер
(лат.
pesfo
-жұқпалы ауру, cido-өлтіремін) - өсімдік зиянкестері мен ауруларына, арамшөптерге, мақта, жүн, теріден жасалған бұйым зиянкестеріне, жануарлар экопаразиттеріне, адам мен жануарларға ауру тарататын организмдерге қарсы қолданылатын химиялық заттар.
Химиялық табиғаты және патогендік қасиетіне байланысты пестицидтердің бірнеше: гигиеналық, химиялык., өнеркәсіптік классификациясы бар.
Пестицидтер улылық дәрежелерінің әртүрлі болуымен ерекшеленеді. Улылығын бағалау үшін тәжірибеге алынған жануарлардың 50% өлетін дозаны, яғни орташа өлтіру дозасын (ЛД50) пайдаланады. ЛД50 мөлшеріне байланысты пестицидтерді: кушті әсер ететін улы заттар, улылығы жоғары, улылығы орташа, және улылығы төмен деп бөледі.
Тұрақтылығына байланысты пестицидтерді: өте тұрақты (ыдырау уақыты 2 жылдан көп) ; тұрақ ты (0, 5-1 жыл) ; салыстырмалы тұрақты (1-6 ай) ; тұрақтылығы аз (1 ай) деп бөледі. Көбіне хлорорганикалық, фосфорорганикалық және сынапорганикалық пестицидтер жиі қолданылады.
Химиялық құрамы жағынан пестицидтер 5 класқа топтастырылады:
- хлорорганикалық қосылыстар -гексахлоран, ДДТ (дуст) гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен т. б. Олар организмде жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен қосылысып, тұрақты органикалық қосылыстар түзеді.
- Фосфорорганикалық инсектицидтер -карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т. б. Бұлар топырықта және басқа ортада тезірек ыдырайды.
- Карбаматты инсектицидтер -карбамин қышқылының күрделі эфирлері (севин) . Бунақденелілердің жекелеген түрлеріне ғана әсеретеді, ал жануарлар мен адамдарға зияны жоқ.
- Хлорфеноксиқышқыл туындыллары -дефолиант ретінде су қоймаларында өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады.
- Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер - транс-хризантема қышқылы. Бұл инсектицидтердің жаңа түрі, оны табиғи материалдардан бөліп алған. Мысалы, түймедақ өсімдігінің сығындысынан табиғи пиретрин-І алынған.
- зооцидтер -кемірушілермен күрес үшін;
- инсектицидтер -зиянды жәндіктермен күресу үшін;
- лимацидтер -әртүрлі моллюскалармен күресу үшін;
- нематоцидтер -жұмыр құрттармен күресу үшін;
- фунгицидтер- топырақтағы саңырауқұлақтармен күресу
үшін.
Пестицидтерді пайдалану ауыл шаруашылығы мен ормаң шаруашылығының өнімдерін арттырғанымен топыраққа, қоршаған ортаға зиянды. Пестицидтердің ішінде - (ДДТ) көп қолданылады. Кезінде дүние жүзінде жыл сайын осы пестицидтің 100 мың тонна мөлшері шығарылып отырған. Соңғы жылдары АҚШ, ТМД елдерінде, Венгрияда, Швеңияда, Нидерландыда және т. б. елдерде ДДТ-ның шығарылуы тоқтатылған. Себебі ауыл шаруашылығына тигізетін пайдасынан экологиялық тұрғыдан зияндылығы асып түскен. Жартылай ыдырау мерзімі 50 жылдан артық болғандықтан, қоршаған орта обьектілерінде жинақталған ДДТ қоректік тізбек арқылы адамдар мен жануарлардың денесіне өткен. Осы жағдайдың салдарынан әсіресе балалар өлімі, тұрғындардың арасында басқа да ауру түрлері көбейген. ДДТ- ның биосферада көп таралғаны соншалықты, Антарктидадағы пингвиндердің бауырынан да табылған.
Сондықтан қоршаған ортаның пестиңидтермен ластануын азайту үшін өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдістерін кеңінен қолдану керек.
Табиғатты қорғаудың басты механизмдерінің бірі гигиеналық және санитарлық-техникалық (немесе экологиялық) нормативтер негізінде санитарлық бақылауды жүргізу және ауа атмосферасы, су, топырақ сапасын нормалау болып табылады.
3. Азотобактерин.
1901 жылы Бейеринк атмосферадағы молекула күйіндегі азотты сіңіре алатын азотобактер микробын тапты. Ол топырақта жеке, өз бетінше тіршілік ететін аэробты организм. Бұл микроорганизмдерді зерттеуші ғалымдар ауыл шаруашылық дақылдарын азотпен қамтамасыз ету үшін, олардан бактериялы тыңайтқыштарды әзірлеуді ұсынды.
Ауыл шаруашылығында мұны кеңінен қолдану мақсатымен Бүкіл одақтық ауыл шаруашылык микробиология институты азотабактерден тыңайтқыш жасап шығарды және оны азотобактерин деп атады. Жалпы азотобактеринді даярлау 1937 жылдан басталды. Қазіргі кезде оны бактериялы тыңайтқыштар даярлайтын заводтар әзірлеп, шаруашылықта кеңінен лайдаланып келеді.
Азотобактеринді даярлаудың бірнеше тәсілдері бар. Әдетте лабораторияда және заводтарда агарлы азотобактерин даярланады. Бүл үшін алдын ала қантты микроэлементтерді және борды суда ерітеді. Алынған ортаны қатты күйге айналдыру үшін, 1, 5-2%-тей агар қосады. Осындай коректік ортаны 0, 2-0, 5 литрлік сүт бөтелкелеріне құйып, залалсыздандырады да, сүйықты көлбей қатырады. Осы көлбей қатырылған ортанын бетіне азото-бактерді себеді. Бұдан кейін бөтелкелерді температурасы +25-27° жерде 4-6 күндей ұстайды.
Қоректік зат бетінде азотобактер қалың шырыш түрінде өседі, кейін ол қара қошқыл түске айналады. Осындай бөтелкедегі азотобактер клеткасының саны 40 миллиардқа жетеді. Мұндай препараттарды үш ай ішінде қолдану керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz