С.сейфуллиннің "тар жол, тайғақ кешу" романы



Сәкен Сейфуллин – қазақ әдебиетінің бар жанрынды еңбек етіп, соңында бай мұра қалдырған классик. «Тар жол, тайғақ кешу» - Сәкеннің елеулі бір туындысы ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінің төрінен орын алатын өміршең шығарма.
«Тар жол, тайғақ кешудің» алғашқы тараулары 1923 жылы «Қызыл Қазақстан» журналының бетінен көріне бастады. 1923 жылғы 19-21, 22, 23- 24; 1924 жылғы 3,4,7-9; 1926 жылғы 11-14, 15-18 сандарында үзінділер жарияланды. Тарихтың қай кезеңін болса да ғылыми тұрғыдан танып білудің ең негізгі арнасы - өмір шындығын көне деректер мен фактілерді мүмкіндігінше жан-жақты қамтып, ақиқатқа айналу процесін көрсете білу болса керек. Ал «Тар жол, тайғақ кешу» сынды шындықты бейнелейтін шығармаға бүгінгі заман талабымен қараған тұста оның ақ-қарасын ашу үшін оның ішкі ағысына зер салып, бұрыс тартқаны мен дұрыс желілегенін жіліктей білу дұрыс .
Сәкен Сейфуллиннің ұлтжандылығы, еліне тілегені алаш қозғалысының негізгі мәселелеріне көзқарасы арқылы айқындалады. Сәкен Сейфуллиннің роман-эссесіне хабардар кісіге оқиға 1916 жылдың жазында басталатыны белгілі. Ақмола уезіндегі Бұғылы елінде жаңадан ашылмақ ауылдық мектепке мұғалім болып тағайындалған Сәкен Сейфуллин оқу басталуына екі-үш айдай бос уақыт болған соң, әрі уақыт өткізу, әрі қаражат тауып алу үшін ауыл шаруашылық санақ қызметіне жалданады. Сәкен бастаған бес адам маусым айының соңына таман Семей губерниясының Павлодар уезімен шектес қанжығалы Қоржынкөл еліне келгенде, қазақтан майтаданның қара жұмысына жігіт алатындығы туралы жарлық шыққанын естиді. Үрейленген, ереуілдеген халық арасында Сәкен біраз болады. Ұлттық езгінің ауыр салмағынан, отаршылдық ожарлықтан күңіреніп толқыған елді ақылға келтірудің қиындығын көреді. Амал таба алмай дал болған Сәкен өзі бел тұтқан алдыңғы ағаларына, алаш қозғалысының жетекшілеріне алаңдайды. Не істерін білмей, елге: «шабылмасаңдаршы, қорқатын не бар енді? Балаларың бара берсін. Енді өздерің құрисыңдар ғой, - деп Мүсәпір деген кісінің үйінде жиналып отырған қазақтарға басу айтады. Егілген елге басу айтқан Сәкен шешімінің түп-төркіні алдыңғы ағаларының, қазақ зиялыларының аузынан да шықты. 1916 жылы «Қазақ» газетінің 192 санында Әлихан, Ахмет, Міржақып қазақ халқына ашық хат жазды: қара жұмысқа «барса шаруаға кемшілік келіп, алынған жігіттер аз қазаға ұшырағаны, ал бармаймын деп қарсылық қылса елге зор бүліншілік. Осы екі ауырлықтың жұрт қай жеңілін таңдау керек. Біздің білуімізше жеңілі - көнген», - дегені бұған нақты мысал. Бұл позицияны әр түрлі саққа жүгіртуге болар, бірақ Сәкен бұдан тиімдіні айта алмады. Негізгі бағыты «Қазақ» нұсқаған жолдың аңғарында жатты. Ал ауылнай, болыстардың пара алып список түзуде әділетсіздік жасағандарынан хабардар зиялылар: «дұрыстықпен қызметін атқару керек», - деп жөн айтқандай болғанмен «Біз естиміз, елдің көбі бұл істің жаласына ауылнай, болыстарға аударып, список бермей отыр дейді. Бұлары қата. Болыс пен ауылнайда ерік жоқ жоқ, бұйырды - орындады», - деп «Қазақ» газеті жазып тұрды. Ал Сәкеннің бар тындырғаны Ақмола уезінің бастығына елдің көріп отырған қорлықтарын, зорлықтарын, параға шашылып жатқанын айтып «кім біледі әрі әділеттік те келер, жауыздардың да жазаларын тартар уақыт жетер» деп бүркіншек атпен шағым жазғаны ғана. Яғни қазақ зиялылары, оның ішінде Сәкен де күрделі құбылысқа дайын еместігін, жоспары жоқтығын аңғартты. Төре, чиновниктерді сөгуі Сәкеннің жалпыдемократиялық көзқарасын ғана танытады.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет

СРО

Тақырыбы: С.Сейфуллиннің "Тар жол, тайғақ кешу" романы

Орындаған: Жолдыбаев Т
Тобы: Жу-301
Тексерген: Секей. Ж

Семей, 2015
Сәкен Сейфуллин - қазақ әдебиетінің бар жанрынды еңбек етіп, соңында бай мұра қалдырған классик. Тар жол, тайғақ кешу - Сәкеннің елеулі бір туындысы ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінің төрінен орын алатын өміршең шығарма.
Тар жол, тайғақ кешудің алғашқы тараулары 1923 жылы Қызыл Қазақстан журналының бетінен көріне бастады. 1923 жылғы 19-21, 22, 23- 24; 1924 жылғы 3,4,7-9; 1926 жылғы 11-14, 15-18 сандарында үзінділер жарияланды. Тарихтың қай кезеңін болса да ғылыми тұрғыдан танып білудің ең негізгі арнасы - өмір шындығын көне деректер мен фактілерді мүмкіндігінше жан-жақты қамтып, ақиқатқа айналу процесін көрсете білу болса керек. Ал Тар жол, тайғақ кешу сынды шындықты бейнелейтін шығармаға бүгінгі заман талабымен қараған тұста оның ақ-қарасын ашу үшін оның ішкі ағысына зер салып, бұрыс тартқаны мен дұрыс желілегенін жіліктей білу дұрыс .
Сәкен Сейфуллиннің ұлтжандылығы, еліне тілегені алаш қозғалысының негізгі мәселелеріне көзқарасы арқылы айқындалады. Сәкен Сейфуллиннің роман-эссесіне хабардар кісіге оқиға 1916 жылдың жазында басталатыны белгілі. Ақмола уезіндегі Бұғылы елінде жаңадан ашылмақ ауылдық мектепке мұғалім болып тағайындалған Сәкен Сейфуллин оқу басталуына екі-үш айдай бос уақыт болған соң, әрі уақыт өткізу, әрі қаражат тауып алу үшін ауыл шаруашылық санақ қызметіне жалданады. Сәкен бастаған бес адам маусым айының соңына таман Семей губерниясының Павлодар уезімен шектес қанжығалы Қоржынкөл еліне келгенде, қазақтан майтаданның қара жұмысына жігіт алатындығы туралы жарлық шыққанын естиді. Үрейленген, ереуілдеген халық арасында Сәкен біраз болады. Ұлттық езгінің ауыр салмағынан, отаршылдық ожарлықтан күңіреніп толқыған елді ақылға келтірудің қиындығын көреді. Амал таба алмай дал болған Сәкен өзі бел тұтқан алдыңғы ағаларына, алаш қозғалысының жетекшілеріне алаңдайды. Не істерін білмей, елге: шабылмасаңдаршы, қорқатын не бар енді? Балаларың бара берсін. Енді өздерің құрисыңдар ғой, - деп Мүсәпір деген кісінің үйінде жиналып отырған қазақтарға басу айтады. Егілген елге басу айтқан Сәкен шешімінің түп-төркіні алдыңғы ағаларының, қазақ зиялыларының аузынан да шықты. 1916 жылы Қазақ газетінің 192 санында Әлихан, Ахмет, Міржақып қазақ халқына ашық хат жазды: қара жұмысқа барса шаруаға кемшілік келіп, алынған жігіттер аз қазаға ұшырағаны, ал бармаймын деп қарсылық қылса елге зор бүліншілік. Осы екі ауырлықтың жұрт қай жеңілін таңдау керек. Біздің білуімізше жеңілі - көнген, - дегені бұған нақты мысал. Бұл позицияны әр түрлі саққа жүгіртуге болар, бірақ Сәкен бұдан тиімдіні айта алмады. Негізгі бағыты Қазақ нұсқаған жолдың аңғарында жатты. Ал ауылнай, болыстардың пара алып список түзуде әділетсіздік жасағандарынан хабардар зиялылар: дұрыстықпен қызметін атқару керек, - деп жөн айтқандай болғанмен Біз естиміз, елдің көбі бұл істің жаласына ауылнай, болыстарға аударып, список бермей отыр дейді. Бұлары қата. Болыс пен ауылнайда ерік жоқ жоқ, бұйырды - орындады, - деп Қазақ газеті жазып тұрды. Ал Сәкеннің бар тындырғаны Ақмола уезінің бастығына елдің көріп отырған қорлықтарын, зорлықтарын, параға шашылып жатқанын айтып кім біледі әрі әділеттік те келер, жауыздардың да жазаларын тартар уақыт жетер деп бүркіншек атпен шағым жазғаны ғана. Яғни қазақ зиялылары, оның ішінде Сәкен де күрделі құбылысқа дайын еместігін, жоспары жоқтығын аңғартты. Төре, чиновниктерді сөгуі Сәкеннің жалпыдемократиялық көзқарасын ғана танытады.
Алаш партиясының басшылары алғашқы кезде кадеттер жолын ұстанғандығы туралы К. Нұрпейісов Ә. Бөкейханов қазақтың ұлттық партиясын құру идеясын жүзеге асыруда әуел баста патша үкіметіне оппозицияда болған либералды орыс буржуазиясының партиясы - кадеттердің үлгісіне бейім тұрды. Кейін осы партияға мүше де болды - десе, оны Талас Омарбеков Алаш саяси ұйымының Ақпан төңкерісінен кейінгі қос үкімет құрылған алғашқы күннен бастап-ақ советтерді емес, уақытша үкіметті қолдағанын, Ә. Бөкейхановтың Минскіден Қарқаралыға жолдаған телеграммасының мазмұны халық бостандығы (кадеттер) партиясы бағдарламасының қағидаларымен үндесіп жатқанын атап өтеді. Ал уақыт өте келе көзқарас өзгеріп, жағдай басқа әуенге түскен уақытта федеративті демократиялық республика идеясына ауысудың еш айып-шамы жоқ. Жағдайдың логикалық дамуы осыған еріксіз жетелеген болатын. Оның үстіне 1 жалпы қазақ съезі Россия демократическая парламентарная республика болып, қазақ облыстары қоныс - ұлт жігіне қарай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
С. Сейфулиннің «Тар жол тайғақ кешу» романындағы күрескер ақынның бейнесі
Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының танудың технологиясы. мектепте дастан оқыту мәселесі
Әдебиеттің оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырудағы маңызы. Тарих және тұлға
С. Сейфуллин шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі орны
Б.Кенжебаев-әдебиет сыншысы. М.Қаратаев-әдебиет сыншысы.Тоқырау жылдарындағы әдеби сын. Қазақ әдебиетіндегі ақтаңдақтардың игерілуі
Сәкен Сейфуллин жайлы
Қазақ әдебиетіндегі Сәкен Сейфуллиннің бейнесі
Сәкен Сейфуллиннің туғанына 110 жыл
Сәкен Сейфуллин поэзиясындағы жаңашылдық
Сәбит пен Сәкен шығармашылық байланыстылығы
Пәндер