Топырақ өңдеу жүйесі



Егістік танаптарының топырақтарын ойдағыдай өңдеу егіншілік мәдениетін еөтерудің басты шартарының бірі болып саналады. Сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп – дамуына қажетті жағдайлардың бірі жасалады. Дұрыс бапталған топырақ қабатында ылғал мол жиналып ұзақ сақталады соны мен қатар қар мен жауын суы және ауа тез сіңеді.
Топырақты өңдеудің мақсаты. Егілетін дақылға қолайлы жағдай туғызу үшін ташиналармен өндіргіш құралдар арқылы топыраққа механикалық әсер етуді топырақты өңдеу деп айтылады. Топырақты өңдеуге органикалық және минералдық тынайтқыштарды ендіруге көп жылдық шөп пен сабан түптерін сондай – ақ топырақтың жоғары қабатында аңызда арамшөптерде болатын зиянкестер мен өсімдіктер аурулардың тұқымдарын жауып әрі тұншықтырылады. Егіншіліктің ұзақ жылғы тарихында өңдеу тәсілдері мен құралдары қарапайым түрінен бастап осы заманға топырақты өңдейтін құралдар мен машиналарға дейін үлкен өзгерістерден өтті.
Өңдеу жұмысы ең алдымен топырақта өтетін физикалық, химиялық және биологиялық процестердің жоғары қарқынды жүруіне әсер етедіжәне олардың топырақтағы өзгерістері мәдени өсімдіктері үшін қолайлы жағдайлар жасайды.Өңдеудің көмегімен ылғалды мол аудандардағы артық ылғалдың кемітуге ал құрғақшылық аудандарда ылғалды жйнауға болады. Арамшөптермен кұресуде топырақты өңдеудің рөліне баға жетпейді.
Топырақты өңдеудің міндеттері. Топырақты өңдеуде мынандай міндеттерді орындайды. 1. Арамшөптерді жою 2. Топыраққа органикалық, минералдық тынайтқыштарды, улы химикаттарды енгізу. 3. Өсімдік шаруашылығындағы дақылдарды зақымдайтын зиянкестер мен ауыр қоздырғыштарды жою 4. Топырақтың су эрозиясы мен дефеяцияға тұрақтылығын арттыру. т.б. міндетті кіреді.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БАӨЖ
Тақырыбы: Топырақ өңдеу жүйесі

Орындаған:Каирбекова А.С
Тобы: АГ-313
Тексерген: Қаламов Б.Х

Семей - 2015 жыл

Топырақ өңдеу - ауыл шаруашылық дақылдарының өсіп-өнуіне қолайлы жағдайлар жасау үшін топырақ өңдеуші машиналар мен құралдардың жұмысшы органдары арқылы топыраққа мех. әсер ету. Топырақ өңдеу егісті арамшөптерден тазартуға, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауру таратушыларды жоюға, сонымен қатар өсімдік қалдықтарының, шымның, тыңайтқыштар мен гербицидтердің топыраққа сіңіп кетуіне және ауыл шаруашылық дақылдары тұқымының белгілі бір тереңдікке енуіне мүмкіндік береді. Топырақ өңдеу қаншалықты тереңдікте жүргізілуіне байланысты: негізгі - жер жырту, топырақты қопармай тереңнен қопсыту, т.б.; беткі қабатты сыдыра жырту, қопсыту, тырмалау, т.б.; арнайы - тереңнен қопара жырту, т.б. болып ажыратылады. Топырақ өңдеудің қопсыту, үгіту, аудару, тығыздау, егістік бетін тегістеу, топырақты араластыру, арамшөптерді кесу, топырақ бетінде өсімдіктің қысқа сабақтарын қалдыру, микрорельеф қалыптастыру, т.б. түрлері бар. Қопсыту - топырақ бөліктерінің өзара орналасуын соқа, қопсытқыш, көп пышақты топырақ өңдегіштің көмегімен топырақта ірі кеуектілік пайда болатындай етіп өзгерту. Үгіту - қатып қалған ірі кесек топырақтарды ұнтақтау, ұсату. Қопсыту, аудару, араластыру жұмыстырмен бір мезгілде жүргізіледі. Аудару - құрамындағы суы, қарашіріндісі, қоректік заттары мен микроорганизмдеріне қарай ерекшеленетін топырақ қабаттарын тік бағытта орнын ауыстыру. Тығыздау - топырақ бөліктерінің өзара орналасуын топырақта азғантай кеуектілік пайда болатындай етіп өзгерту. Егістік бетін тегістеу - топырақтағы тегіс емес жерлерді жөндеу; сүйреткі, ысырма, тырма, таптауыштардың көмегімен атқарылады. Топырақты араластыру - органик. заттар, тыңайтқыштар, әктің ыдырау өнімдері біркелкі таралып өңделетін біртектес қабат жасау. Арамшөптерді кесу қопсыту, аудару, топырақты араластыру жұмыстарымен қатар жүргізіледі. Топырақ бетінде өсімдіктің қысқа сабақтарын қалдыру кескіш-қопсытқыштың, тереңнен қопсытқыштың, аударғыштардың, тісті тырманың көмегімен орындалады. Микрорельеф қалыптастыру (атыз, жүйек, жал, саңылау, ұя) топырақтың ауа және су режимін реттеу үшін жасалынады. Жыртуға арналған қуатты қабат қалыптастыруда табиғи құнарлылығы төмен тұзды және шымтезекті топырақтарды құнарландыру үшін арнайы Топырақ өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін топырақтың бетіне немесе біршама тереңдігіне әр түрлі тыңайтқыштар
Начало формы

Конец формы

Кіріспе
Егістік танаптарының топырақтарын ойдағыдай өңдеу егіншілік мәдениетін еөтерудің басты шартарының бірі болып саналады. Сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп - дамуына қажетті жағдайлардың бірі жасалады. Дұрыс бапталған топырақ қабатында ылғал мол жиналып ұзақ сақталады соны мен қатар қар мен жауын суы және ауа тез сіңеді.
Топырақты өңдеудің мақсаты. Егілетін дақылға қолайлы жағдай туғызу үшін ташиналармен өндіргіш құралдар арқылы топыраққа механикалық әсер етуді топырақты өңдеу деп айтылады. Топырақты өңдеуге органикалық және минералдық тынайтқыштарды ендіруге көп жылдық шөп пен сабан түптерін сондай - ақ топырақтың жоғары қабатында аңызда арамшөптерде болатын зиянкестер мен өсімдіктер аурулардың тұқымдарын жауып әрі тұншықтырылады. Егіншіліктің ұзақ жылғы тарихында өңдеу тәсілдері мен құралдары қарапайым түрінен бастап осы заманға топырақты өңдейтін құралдар мен машиналарға дейін үлкен өзгерістерден өтті.
Өңдеу жұмысы ең алдымен топырақта өтетін физикалық, химиялық және биологиялық процестердің жоғары қарқынды жүруіне әсер етедіжәне олардың топырақтағы өзгерістері мәдени өсімдіктері үшін қолайлы жағдайлар жасайды.Өңдеудің көмегімен ылғалды мол аудандардағы артық ылғалдың кемітуге ал құрғақшылық аудандарда ылғалды жйнауға болады. Арамшөптермен кұресуде топырақты өңдеудің рөліне баға жетпейді.
Топырақты өңдеудің міндеттері. Топырақты өңдеуде мынандай міндеттерді орындайды. 1. Арамшөптерді жою 2. Топыраққа органикалық, минералдық тынайтқыштарды, улы химикаттарды енгізу. 3. Өсімдік шаруашылығындағы дақылдарды зақымдайтын зиянкестер мен ауыр қоздырғыштарды жою 4. Топырақтың су эрозиясы мен дефеяцияға тұрақтылығын арттыру. т.б. міндетті кіреді.

1.1 Қазақстанда топырақты өңдеу әдістері
Егістік танаптарының топырақтарың ойдағыдай өңдеу- егіншілік мәдениетін көтерудің басты шартының бірі болып саналады.
Сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп-дамуына қажетті жағдайлардың бәрі жасалады. Дұрыс бапталған топырақ қабатында ылғал мол жиналып, ұзақ сақталады, сонымен қатар қар мен жауын суы және ауа тез сіңеді.
Топырақты өңдегенде құрылымы төмендеген беткі қабаттың орнына органикалық қалдықтарға бай, қоректік заттар қоры анағұрлым көп төменгі қабат ауысып түседі. Мұндай жағдайда аэробты мироорганизмдердің белсенділігі артып, органикалық заттардың минералдануы күшейеді. Сонымен топырақты өңдей арқылы оның қабаттарына ылғал, ауа және қажетті қоректік заттардың қорын молайтуға болады.
Топырақты өңдеудің мақсаты. Егілетін дақылға қолайлы жағдай туғызу үшін машиналар мен өндіргіш құралдары арқылы топыраққа механикалық әсер етуді топырақты өңдеу деп атайдыү
Топырақты өңдеуде органикалық және миниралдық тыңайтқыштарды ендіруге, қөпжылдық шөп пен сабан түптерін, сондай-ақ топырақтың жоғарғы қабатында, аңызда, арамшөптерден болатын зиянкестер мен өсімдік ауруларының тұқымдарын жауыпе, әрі тұншықтырады.
Егіншіліктің ұзақ жылғы тарихында өңдеу тәсілдері мен құралдары қарапайым түрінен бастап, осы заманғы топырақты өңдейтін құралдары мен машиналарға дейін үлкен өзгерістерден өтті.
Өдеу ең алдымен топырақта өтетін физикалық, химиялық және биологиялық процестердің жоғарғы қарқынды жүреді, өсімдіктер үшін қолайлы жағдайларды жасайды. Яғни су және коректік заттар өсімдікке тікелей топырақ арқылы бірігіп әсер етеді.
Өңдеудің көмегімен ылғалы мол аудандардағы артық ылғалды кемітуге, ал құрғақшылық аудандарда ылғалды жинауға болады. Арамшөптермен күресуде топырақты өндеудің роліне баға жетпейді.
Танапқа себілетін тұқымдық дән топырактағы барлық керекті факторларды тиімді түрде бойына сіңіре отырып, көктеп шығатындай және толысып есетіндей етіп өндеу қажет.
Қазіргі егіншіліктегі ғылыми-техникалық прогреске байланысты топырақ еңдеудің тәсілдері мен құралдарының саны тұрақты өсіп келеді. Мұның өзі бір жағынан топырақ құнарлығына қарқынды әсер етуінің қажеттілігінен туса, екінші жағынан кұнарлылығы темендеген топырақтарға да егін егудің қажеттігінен туып отыр.
Топырақты өңдеудің міндеттері. Топырақты өңдеуде мынадай міндеттерді орындайды:
1. Мәдени есімдіктерге қолайлы факторлармен (су, ауа, жылу, қоректік заттар) қамтамасыз ету үшін топырактың енделетін қабатына оптималды түйіршіктер, қолайлы кұрылым дайындау.
2.Арамшөптерді жою.
3. Танап топырағына органикалык, минералдык тыңайткыштарды, химиялық мелиоранттарды, улы химикаттарды енгізу.
4. Ылғалы тапшы жағдайда жинап әрі сақтау, ылғалы мол жағдайда танап топырағынан артық ылғалды оптималды түрге келтіру.
5. Топырақ қабатынағы мнкробиологиялық процестерге қарқынды әсер етумен қоректік заттардың жиналуын, сакталуын жаксарту.
6. Өсімдік шаруашылығындағы дакылдарды закымдантын зиянкестер мен ауру коздырғыштарды жою.
7. Танап топырағының оптималды терендігіне мәдени дақылдардың тұқымдарын себу.
8. Топырактың су эрозиясы мен дефляцияға тұрақтылығын арттыру.
9. Шымтопырақты, тың, тыңайтылған танаптағы болмаса кыртысты топыракта өскен көпжылдық шөптер тіршілігін жою.
1.2 ТОПЫРАҢ ӨҢДЕУДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
Топырақ өндеу тұтас жүйелі технологиялық процесс, мұндағы негізгі операциялар: қопсыту немесе майдалау, жыртылган топырақ қабатын аудару, араластыру, тілгілеу, тегістеу, тығыздау, арамшөп тамырларын қырқу, оларды топырак бетіне шығару, жалдар мен жүйектерді жасау.
Топырақты қопсыту және майдалау. Топырақ көптеген себептердің әсерінен шөгіп, нығыздалады. Топырақтың жыртылатын қабатының құрылымы жақсы болса, жәй шөгеді және аз нығыздалады. Қопсыту мен майдалаудың нәтижесінде топырақтың өңделетін қабатының түйіртпектері жұмсарады.
Топырақ өңдеуде қопсытып, үгіту процесі өте жиі қолданылатын операқиялардық бірі.
Топырақ қопсытылып, үгітілгенде оның құрылымы майда,жұмсақ түйіршіктерге айналып, өсімдік тамырына ауанық, ылғалдың және қоректік заттардық еніп жиналуына, олардық сақталуына ең қолайлы жағдайлар жасалынады.
Сазды және құрылымы нашар топырақтарды мол ылғалды
немесе кеуіп қалған күйінде өңдегенде, олар кесекті түйіршік-
терге нашар бөлінеді.
Топырақтық кұрамды жағдайына, өңдеудің негізгі максатына және әрбір екпе дақылдарды егудің талабына сай олардың қопсыту әр түрлі тереңдікте: ең беткі қабаттан бастап, жыртылған тереңдіктен төменгі қабаттарға дейін жүргізіледі. I
Топырақты жыртып-қопсытуға,соқалар, қайырмалы және дискілі сыдырғыштар, табанды культиваторлар, дискілі және әр түрлі тісті тырмалар қолданылады.
Топырақты аудару дегеніміз топырақтың жыртылатын қабатының бетін төменгі қабатына, астыңғысын бетіне шығару болып табылады. Топырақты бұлайша еңдеу -- органикалық және минералдық тыңайткыштарды өндіруге, көпжылдық шөп пен сабая түптерін, сондай-ақ топырақтың жоғарғы қабатында, аңызда арамшөптерде болатын зиянкестер мен өсімдік ауруларының тұқымдарын жауып, тұншықтыру үшін қолданылады.
Аудару процесі арқылы топырактық құнарлы қабаты қалыңдатылады, өйткені оның төменгі құнарсыз деңгейі үстіне шығарылып, құнарлы қабатпен араластырылады.
Кебіне топырактық жаксы кұрылымы оның тәменгі қабатында пайда болады. Топырақтың төменгі жаксы құрылымын үстіне шығару арқылы, су мен ауаның топырақтық төменгі қабатынғ сіңуіне қолайлы жағдай жасалады.
Кейбір жағдайларда топырак қабатын аудару, арамшөп тамырларын топырақ бетіне шығару арқылы олардық мұнан кейін жойылуын көздеу мақсатында жүргізіледі.
Микробиологиялык алмасу әдетте топырақтың беткі қабатында көбірек болады. Сонық нәтижесінде мұнда өсімдіктің қоректік заттарының жинақталуына қолайлы жағдай жасалады.
Топырақ қабатын аудару арқылы, оның бетіндегі қоректік заттар тереңдетіліп, өңделетін топырақ қабаты құрамының бір текті болуына мүмкіндік олады.
Топырақ қабатына тыңайтқыштар мен әк өндіру кезінде мик-роорганизмдердің дұрыс бөлініп, қоректік элементтердіқ жеткілікті болуы және топырақ қабатының біртектілігін қамтамасыз ету үшін топырактық өңделетін қабатын араластыру керек. Топыракты аударуға плугтер мен сыдырғыштар колданылады.
Топырақ қабатын аударудың пайдалылығына қарамастан оны әр кезде және барлық жерде бірдей қолдана бермейді.
Құрғақшылық аудандарда топырақ қабатын аудару, оның кеуіп кетуін күшейтеді. Мұнан басқа, аңыз бен өсімдік қалдықтарын топырақ қабатына араластырғанда, су эрозиясы мен дефляцияның (дефляция-топырақтың желмен жылжып көшуін білдіреді және бұл құбылыс - топырақ түйіршіктерінің бұзылуын, көшуін және шөгуін түгел қамтиды) пайда болу қауіпін өсіреді, қысқы ылғалдың жиналу жағдайын нашарлатады.
Өңделетін топырақ қабаттарын араластыру, топырақты өңдеу тәсілдерінің барлығында да орындалады. Ол топырақты фрезер құралымен өңдегенде толық орындалады, ал топырақты дискілі құралмен, әсіресе қырғыш дискілі ауыр тырмамен өңдегенде, жеткілікті іске асырылады.
Топырақтың бетін тегістеу-дақылдар тұқымдарын біркелкі тереңдікке енгізудің негізгі шарты. Тегістелмеген топырақты тұқым әр түрлі тереңдікке түседі де, өсімдік көгі біркелкі өнбейді. Топырақ бетін тегістеу, тоң кесектердің жою топырақ қабатындағы ылғалдың буға айналмауына әрі жиналуына мүмкіндік туғызады.
Танап топырағының беткейі толқын тәріздес, жалды немесе кесекті болуынан ылғал тегістелген топырақтың беткейіне қарағанда тез буланғыш келеді.
Егістік танап топырағын тегістеу тырмамен, культиватормен, тегістегіш сүйретпемен және катокпен жүргізіледі.
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1Топырақты тығыздау. Тығыздалу технологиялық операциясы топырақтың тоң кесегі мен борпылдақтығын жоюға керек. Топырақты тығыздау тұқымының өсіп шығуына ең қолайлы жағдай жасайды.
Тығыздау-себілген тұқымдардың топырақпен жанасуын жақсартады, топырақтың жалпы және капиллярлы емес түтіктерінің санын төмендетеді, оның төменгі қабатынан ылғалдың көтерілуіне қолайлы жағдай жасады. Сонымен бірге топырақты тығыздау, оның өңделетін қабаты тұқым себер кезде шамадан тыс қопсытылған болса, кейін топырақ шөкенде, өсімдіктің тамыр жүйесіне зақым келмеуі үшін де қажет.
Тығыздауды механикалық құрамы ауыр, жақсы құрылымы бар топырақтар бәрінен де жиі қажет етеді. өйткені олар терең өңделгенен кейін, ұзақ уақыт бойы борпылдақ күйінде болуға бейім келеді.
Тығыздалған топырақ қабатынан ылғалдың буланып ұшуының көбеюі, оның тиімді қасиетін төмендетеді. Топырақ бетіндегі ылғалдың азайту үшін катокпен тегістеуден кейін жеңіл тісті тырмалармен топырақ беткейін аздап қопсыту керек.
Арамшөптерді отау немесе тамырын қырқу.өңделетін топырақ қабатын қесу - топырақты аудару, араластыру және қопсыту процестерімен жалғастырыла жүргізілетін операция болып табылады. Көбінеарамшөптерді жою үшін танапты культиватормен арнайы өңдеу жұмысын жүргізу қажет.
Кесу сол топырақ өңдейтін, кесетін жұмыс мүшесі бар құралдармен, плугтармен, культиваторлмармен, дискілермен және қайырмалы сыдыра жыртатын құралмен жүзеге асырылады.
Құрғақшылық аудандар үшін топырақ қабатын аудармай кесіп және қопсытатын культиватор - жазық тілгіш құралдары қолайлы.
Арамшөптердің өсуінің алғашқы кезеңінде қарапайым тырмамен өңдеудің өзімен-ақ олар жойылады.
Көпжылдық тамырсабақты және атпатамырлы арамшөптерге қарсы күресте серппелі және табанды культиваторлар тамырсабақтарды тарап алу үшін қолданылады, ал олардың тамыры мен тамыршаларын ұсақ бөлшектерге кесіп, жою үшін дискілі құралдар қолданылады.
Пішіндеу. Кейде егіс алаңы беткейін (себілген, өңделген қабатқа), топырақтың жоғарғы бетін белгілі бір формаға, белгілі бір пішінге келтіру қажет болған жағдайда жүргізіледі. Мәселен, жүйек,жал,үймек,ойық,ұялар, микрожолтабан жасау. Топырақ бетіне белгілі пішін берудің арқасында ылғал бөгеледі немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ туралы мәлміет
Егіншілік түсінігі, жүйесі, мәдениеті туралы
Топырақты өңдеудің мақсаты
Топырақ өңдеу
Топырақтың коректік заттар режімі және оны егіншілікте реттеу
Инновациялық топырақ өңдеу жүйесі
Екпе ормандарға топырақ өңдеу
Топырақты минималды өңдеу жүйесі
Топырақты қорғайтын топырақ өңдеу жүйесін анықтау
Топырақты қорғайтын топырақ өңдеу жүйесін анықтау туралы
Пәндер