Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекшелігі



Сөйлеу тіліндегі мүкістердің патологиялық дәрежелеріне, белгілі бір мүшелерінің атқаратын қызметтерінің бұзылуына, зақымдануының уақытына, басты кемістіктердің ықпалынан пайда болатын екінші бір ақаулықтардың көрінуіне байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтары да әр алуан болып келеді. Олар әрқайсысының өзіне тән симптоматикалық және динамикалық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі салаға бөлінеді. Мұндай салаға дауыстың бірқалыптылығының бұзылуы, сөйлеу тіліндегі дауыс ырғағының бұзылуы, тұтықпа, дислалия, ринолалия, дизартрия, алалия, афазия, жазу тілі мен оқу тілінің бұзылуы жатады.
Тілдің бұзылуы түрлі жаста, әсіресе жас балаларда көп кездеседі.
Сөйлеудегі бұзылу келесі топтарға бөлінеді:
• Фонетикалық бұзылулар – бір дыбысты немесе бір топқа жататын дыбыстарды айта алмау (ызың, шұғыл, тіл ортасы, тіл алды дыбыстардың бұзылуы; дауыссыз дыбыстардың қатаң – ұяң – үнді айтылуының бұзылуы, дыбыстарды дұрыс қабылдау қабілетінің бұзылуы). Бұған дислалия, дизартрия, фонетикалық-фонематикалық жетілмеу жатады.
• Лексикалық-грамматикалық бұзылулар. Бұған енетіндер: шектеулі сөздік қор, жадағай фраза; фразадағы және сөйлемдегі сөздердің өзара қиыспауы, шылаулар мен жалғау-жұрнақтарды қате қолдану (сөйлеудің жалпы жетілмеуі).
• Әуендік – екпіндік бұзылулар: екпінді дұрыс қоймаумен байланысты, дауыстың күші мен жоғарылығы, тембрінің бұзылуына қарай (ақырын, қарғылыңқы, бақылдақ және т.б.). мысалы: дисфония, ринолалия, ринофония т.б.
• Қарқындылық – ырғақтық бұзылулар: мидағы қозу үдерістерінің басымдылығымен байланысты болатын шапшаң қарқын (брахилалия); тежелу үдерістері басым болатын баяу қарқын (брадилалия); үзік-үзік қарқын (қажетсіз паузалар, сүріну, құрысу сипатты емес кекештену – физиологиялық итерациялар, полтерн және құрысу сипатындағы – тұтығу немесе кекештік).
• Жазба тілдің бұзылуы: жазуда: фонеманың графемаға қате айналуы; толық жазбау; сөздегі әріптерді тастап кету немесе шатастыру; сөйлеудегі сөздердің өзара қиыспауы немесе орындарының ауысуы; жазу жолынан шығып кету т.б., оқуда: дыбыстарды алмастыру мен шатастыру; әріптеп оқу; сөздің дыбыстық-буындық құрамын бұрмалау; оқылғанды түсінудің бұзылуы; аграмматизмдер. Мысалы: дислексия мен дисграфия.
• Сөйлеудің жүйелі бұзылуы: сөйлеу мүмкін емес немесе былдырлау мүмкіндігі ғана болады, мысалы, алалия және афазия.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
СГМУ им Шакарима

СРО

Орындаған : Сиязбекова Мархаба ПХ-316
Тексерген: Тезекбаева М. Ж

г. СЕМЕЙ 2015г.

Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекшелігі
Сөйлеу тіліндегі мүкістердің патологиялық дәрежелеріне, белгілі бір мүшелерінің атқаратын қызметтерінің бұзылуына, зақымдануының уақытына, басты кемістіктердің ықпалынан пайда болатын екінші бір ақаулықтардың көрінуіне байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтары да әр алуан болып келеді. Олар әрқайсысының өзіне тән симптоматикалық және динамикалық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі салаға бөлінеді. Мұндай салаға дауыстың бірқалыптылығының бұзылуы, сөйлеу тіліндегі дауыс ырғағының бұзылуы, тұтықпа, дислалия, ринолалия, дизартрия, алалия, афазия, жазу тілі мен оқу тілінің бұзылуы жатады.
Тілдің бұзылуы түрлі жаста, әсіресе жас балаларда көп кездеседі.
Сөйлеудегі бұзылу келесі топтарға бөлінеді:
* Фонетикалық бұзылулар - бір дыбысты немесе бір топқа жататын дыбыстарды айта алмау (ызың, шұғыл, тіл ортасы, тіл алды дыбыстардың бұзылуы; дауыссыз дыбыстардың қатаң - ұяң - үнді айтылуының бұзылуы, дыбыстарды дұрыс қабылдау қабілетінің бұзылуы). Бұған дислалия, дизартрия, фонетикалық-фонематикалық жетілмеу жатады.
* Лексикалық-грамматикалық бұзылулар. Бұған енетіндер: шектеулі сөздік қор, жадағай фраза; фразадағы және сөйлемдегі сөздердің өзара қиыспауы, шылаулар мен жалғау-жұрнақтарды қате қолдану (сөйлеудің жалпы жетілмеуі).
* Әуендік - екпіндік бұзылулар: екпінді дұрыс қоймаумен байланысты, дауыстың күші мен жоғарылығы, тембрінің бұзылуына қарай (ақырын, қарғылыңқы, бақылдақ және т.б.). мысалы: дисфония, ринолалия, ринофония т.б.
* Қарқындылық - ырғақтық бұзылулар: мидағы қозу үдерістерінің басымдылығымен байланысты болатын шапшаң қарқын (брахилалия); тежелу үдерістері басым болатын баяу қарқын (брадилалия); үзік-үзік қарқын (қажетсіз паузалар, сүріну, құрысу сипатты емес кекештену - физиологиялық итерациялар, полтерн және құрысу сипатындағы - тұтығу немесе кекештік).
* Жазба тілдің бұзылуы: жазуда: фонеманың графемаға қате айналуы; толық жазбау; сөздегі әріптерді тастап кету немесе шатастыру; сөйлеудегі сөздердің өзара қиыспауы немесе орындарының ауысуы; жазу жолынан шығып кету т.б., оқуда: дыбыстарды алмастыру мен шатастыру; әріптеп оқу; сөздің дыбыстық-буындық құрамын бұрмалау; оқылғанды түсінудің бұзылуы; аграмматизмдер. Мысалы: дислексия мен дисграфия.
* Сөйлеудің жүйелі бұзылуы: сөйлеу мүмкін емес немесе былдырлау мүмкіндігі ғана болады, мысалы, алалия және афазия.
Дислалия - сөйлеу тілі мүшелерінің анатомиялық кемістіктерінен дыбыстардың бұзылып айтылуын сипаттайды. Дислалия сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер.Пайда болу себептеріне қарай дислалия механикалық және функционалдық болып бөлінеді. Органикалық дислалияға сөйлеу тілі аппаратының сыртқы сүйек құрылысының және бұлшық ет түзілісінің органикалық кемістігінен дыбыстардың бұзылып айтылуы жатады.
Органикалық дислалияның ерекшеліктері: тіл асты желбезегінің тым қысқа болып бітуінен, тілдің ұшы жоғары қарай емін еркін көтеріліп қимылдай алмайды да, таңдай арқылы айтылатын дыбыстар бұзылады. Сонымен қатар тілдің ауыздың ішіне зорға сиып тұратын өте етжеңді үлкен немесе өте кішкентай жіңішке болуы да дыбыстардың дұрыс айтылуын қиындатады.
Алалия -грек сөзі, қолдануға жарамайтын болымсыз тіл деген мағынаны білдіреді. Демек алалия деген ұғымға баланың құрсақтағы немесе тілі шыққан нәрестелік даму кезеңінде бас миы қабыршағының сөйлеу тілін қалыптастырып жетілдіретін аймағының органикалық зақымдануынан сөйлеу тілінің жүйелі түрде дамымауы немесе мүлде болмауы жатады. Сөйлеу тілінің мұншалықты бұзылуына негізінен орталық жүйке жүйесінің зақымдануы себеп болады. Органикалық зақымдануға мидың қабынып ісінуі, сырттан болатын қатты соққыдан зақымдануы, босанған кезде миға қан кетуі және нәрестенің құрсақтағы дамуы кезеңінде және толғақ кезінде, сондай-ақ дүниеге келгеннен кейінгі бір айлығынан бір жас аралығындағы дамуында ағзадағы зат алмасу процесінің бұзылуы жатады. Сонымен қатар, алалияның пайда болуына менинго-энцефалит, рахит және қызылшаның асқынған түрі тыныс алу жолдарының қатты сырқаттануы және нәрестенің алғашқы айларындағы ұйқысы мен тәбетінің бұзылуы себеп болуы мүмкін. Бас миының үлкен сыңарының сөйлеу тілі аймағындағы жинақталған зақымдардың өздеріне тән ерекшеліктеріне байланысты алалия моторлы және сенсорлы болып бөлінеді.
Сенсорлы алалия. Сөйлеу тілін түсініп ұғынудың және сезіп түсінуінің бұзылуы сенсорлы алалияның ең басты сипаты болып саналады. Алайда сенсорлы алалияда есту қабілеті толық сақталады. Демек, сенсорлы алалия бас миының сол жақ жарты шарының самай аймағының зақымдануынан пайда болады. Мұндай балалар өздеріне қарата айтылған сөздерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есту қабілеті бұзылған балаларды инклюзивті түрде оқытудың негізгі формалары
Нашар еститін балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
Есту қабілеті зақымдалған балаларға мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Есту қабілеті бұзылған балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
Балалардың есту қабілетін дамыту үрдісі
Көру қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім берудегі ерекшеліктері
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА ЗЕРТТЕЛУІ
Сөйлеуді дамыту шарттары
Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды оқытуды әдістемелік ұйымдастыру
Балалардың көру қабілетінің бұзылуы
Пәндер