Ежелгі және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы



1. Ежелгі тіл білімі
2. Грек жән рим тіл білімі
3. Орта ғасыр тіл білімі
4. Араб тіл білімі
Қоғам тарихының көне дәуірі де, жазу мен ғылымның алғашқы бастамалары да Таяу Шығыста, Месопотамия мен байырғы Египетте басталғанымен, олардан қалған тілге байланысты еңбектер біздің заманға жеткен жоқ, сондықтан ежелгі дәуір тіл білімі деген Көне Қытай, Үндістан, Грек-Рим заманынан қалған, біздің заманға жеткен жазба нұсқаларға байланысты қаралады. Ежелгі дәуір - тіл біліміне қатысты ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және оның мейілінше балаң шағы. Ұзақ мерзімді қамтитын бұл уақыт бойында тіл біліміне тән түсінік бірте-бірте, өте баяу дамиды. Ол өрісі, тереңдігі жағынан да тым жұпыны болды. Соған қарамастан бұл кезеңдегі тіл біліміне қатысты мәліметтерді қазіргі кезде өркен жайған тіл білімінің бастамасы, қалана бастаған ірге тасы деп санаған жөн.Ежелгі дәуір тіл білімінде ерекше көңіл бөлінген екі күрделі проблема болған. Оның бірі - атау, ат қою теориясы да, екіншісі - грамматикалық өнер /искусство/ проблемасы.
Мұның біріншісінде - зат атаулары қалай пайда болған, атаулардың өздері атау болған заттармен, құбылыстармен, оқиғалармен қандай байланысы бар? Атаулардың дұрыс, я теріс қойылуының қандай мәні бар дегендерді сөз етушілер - философтар болған және бұл проблеманы олар философияның ең мәнді саласының бірі ретінде қараған. Ғылым тарихында ат қою теориясы деп аталатын бұл сала Қытайда да, үнділерде де, гректерде де бір-біріне өте ұқсас бағытта талданып, біртектес шешімге сайып отырған.Грамматикалық өнер теориясы тілді дұрыс қолданудың ережесін белгілеуді мақсат еткен. Бұл ереже бірде грамматикалық өнер делінсе, енді бірде жазу өнері деп те аталады. Грамматикалық теория жазба ескерткіштер тілдерін зерттеуден туған. Сондықтан ежелгі дәуір тіл білімі, әдетте, филология дәуірі деп те аталады /филология - грек сөзі, мағынасы – сөзді сүю/.Филология - жазба ескерткіштердің тілін, стилін, тарихи жақтарын зерттейтін ілім. Оның дүниеге келуі жазба ескерткіштердің пайда болуымен, оны зерттеу қажеттігінің тууымен тығыз байланысты. Грамматика теориясы көне заман елдерінің әрқайсысында әртүрлі мақсатта және әртүрлі дәрежеде болған.Бірақ соған қарамастан ежелгі дәуір тіл біліміндегі ой-пікірдің барлығына тән ортақ сипаттар да болды.
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы, 1993. – 496 б.
2. Березин Ф.М. История лингвистических учений. – М. : Высшая школа, 1984. – 278 с.
3.Рүстемов Л.З. Лингвистика ілімінің тарихы. – Алматы, 1970, 1984. – 198 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

СӨОЖ
Тақырыбы: Ежелгі және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы.

Орындаған: Нұрсадықова Ж.Ж.
Тобы: Қ-213
Тексерген: Сәмекбаева Э.М.

Семей,2015жыл
Жоспар:
1. Ежелгі тіл білімі
2. Грек жән рим тіл білімі
3. Орта ғасыр тіл білімі
4. Араб тіл білімі

Қоғам тарихының көне дәуірі де, жазу мен ғылымның алғашқы бастамалары да Таяу Шығыста, Месопотамия мен байырғы Египетте басталғанымен, олардан қалған тілге байланысты еңбектер біздің заманға жеткен жоқ, сондықтан ежелгі дәуір тіл білімі деген Көне Қытай, Үндістан, Грек-Рим заманынан қалған, біздің заманға жеткен жазба нұсқаларға байланысты қаралады. Ежелгі дәуір - тіл біліміне қатысты ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және оның мейілінше балаң шағы. Ұзақ мерзімді қамтитын бұл уақыт бойында тіл біліміне тән түсінік бірте-бірте, өте баяу дамиды. Ол өрісі, тереңдігі жағынан да тым жұпыны болды. Соған қарамастан бұл кезеңдегі тіл біліміне қатысты мәліметтерді қазіргі кезде өркен жайған тіл білімінің бастамасы, қалана бастаған ірге тасы деп санаған жөн.Ежелгі дәуір тіл білімінде ерекше көңіл бөлінген екі күрделі проблема болған. Оның бірі - атау, ат қою теориясы да, екіншісі - грамматикалық өнер искусство проблемасы.
Мұның біріншісінде - зат атаулары қалай пайда болған, атаулардың өздері атау болған заттармен, құбылыстармен, оқиғалармен қандай байланысы бар? Атаулардың дұрыс, я теріс қойылуының қандай мәні бар дегендерді сөз етушілер - философтар болған және бұл проблеманы олар философияның ең мәнді саласының бірі ретінде қараған. Ғылым тарихында ат қою теориясы деп аталатын бұл сала Қытайда да, үнділерде де, гректерде де бір-біріне өте ұқсас бағытта талданып, біртектес шешімге сайып отырған.Грамматикалық өнер теориясы тілді дұрыс қолданудың ережесін белгілеуді мақсат еткен. Бұл ереже бірде грамматикалық өнер делінсе, енді бірде жазу өнері деп те аталады. Грамматикалық теория жазба ескерткіштер тілдерін зерттеуден туған. Сондықтан ежелгі дәуір тіл білімі, әдетте, филология дәуірі деп те аталады филология - грек сөзі, мағынасы - сөзді сүю.Филология - жазба ескерткіштердің тілін, стилін, тарихи жақтарын зерттейтін ілім. Оның дүниеге келуі жазба ескерткіштердің пайда болуымен, оны зерттеу қажеттігінің тууымен тығыз байланысты. Грамматика теориясы көне заман елдерінің әрқайсысында әртүрлі мақсатта және әртүрлі дәрежеде болған.Бірақ соған қарамастан ежелгі дәуір тіл біліміндегі ой-пікірдің барлығына тән ортақ сипаттар да болды.
Біріншіден, бұл кезеңдегі грамматикалық өнер біраз мәселеде философияға байланысты болған.
Екіншіден, грамматикалық өнер тілдің құрылысын түсіндіруді мақсат етпеген, тілді дұрыс қолданудың, дұрыс сөйлеудің ережелерін жасауды, жазу тілі мен сөйлеу тілі арасындағы қарым-қатынасты түсіндіруді көздеген. Сондықтан да грамматикалық өнер-пікірді - дұрыс, әдеби етіп бере білуге үйрететін тәжірибиелік ілім деп саналады.
Үшіншіден, филология дәуірінде тілдің морфология, фонетика саласында едәуір істер атқарылғанымен, олар тек тәжірибелік сипатта ғана болған, ал лексикология, синтаксис мәселелерінің зерттелуі тым мардымсыз.
Төртіншіден, әр елдің филологтары тек өз тұсындағы бір тілге тән нұсқаларды зерттеген. Сондықтан әр түрлі тілдер фактілерін салыстыра қарау дегенді олар білмеген.
Бесіншіден, бір елдің тіл біліміндегі ой-пікірдің екінші елге жетуі де нашар болған.
Ежелгі Греция тіл білімі. Ежелгі дәуір тіл білімінің тағы бір отаны - Ежелгі Греция. Грецияда туған тіл біліміндегі ой-пікір бүкіл Еуропа тіл ғылымының қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді. Ф.Энгельстің: Греция мен Рим қалаған негіз болмаса, қазіргі Еуропа да болмас еді,- деген сөзін тіл біліміне байланысты да айтуға болады. Тіл мәселелеріне байланысты бұл елден біздің дәуірге жеткен жазба материалдар жыл санауымызға дейінгі Ү ғасыр шамасынан басталады.Ғалымдардың айтуына қарағанда, Греция тіл білімі Гомердің "Илиада" мен "Одиссея" жырының тілін зерттеуден басталыпты. Көне заманнан сақталған бұл дастан тілінің көп жері гректердің сөйлеу тілінен мейілінше алыстап, оларға түсініксіз бола бастаған да, грек ойшылдары соны зерттеу, айқындау істерімен шұғылданған. Бұл жағынан алғанда, Үнді тіл білімі мен Грек тіл білімін туғызған себеп бірдей.Әдетте, Греция тіл білімін екі кезеңге бөліп қараушылық бар. Оның бірі - философиялык кезең, екіншісі - филологиялық кезең деп аталады. Бірінші кезең біздің дәуірге дейінгі Ү-ІІІ ғасырлар арасын қамтиды. Бұл - Грек тіл білімі қалыптасуының алғашқы кезеңі. Мұны қалыптастырушылар философтар болған. Олар тіл мәселелерін лингвистикалық тұрғыда емес, философия тұрғысынан сөз еткен, философияға тәуелді, соның ажырамайтын бір саласы деп есептеген және нақтылы тілдік фактілерге сүйенбей, абстрактылы болжаулар, философиялық тұжырымдар жасаумен шұғылданған. Бұл бағыт Греция тарихында эллинизм деп аталатын дәуірге дейін сақталды.Ежелгі Грек философтарының тілге қатысты мәселелерден ерекше сөз еткендері - атаудың табиғаты, зат пен оның атауы арасында қандай байланыс болатыны, тілдің қайдан, қалай пайда болғаны және тілдің грамматикасы мен логика арасындағы қарым-қатынас жөніндегі мәселелер.Заттың өз атауына қатысы жөніндегі мәселе Ежелгі Грецияда бірнеше ғасырға созылған және Грек философтарын екі топқа бөлген аса күрделі мәселе болған. Олардың Гераклит бастаған бір тобы - атау заттың табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген, сөз табиғат туындысы десе, Демокрит бастаған екінші тобы оған қарсы - зат пен оның атауы арасында табиғи байланыс болмайды, ол екеуінің арасындағы байланыс - шартты, кездейсоқ байланыс деген тұжырым жасайды.Грек философтары арасында болған бұл айтыс Платонның "Кратил" деп аталатын диалогі арқылы біздің дәуірге жетті. Демокрит атаулардың жаратылыстан берілген табиғи еместігіне төрт түрлі дәлел айтады. Олар тілдерде бір затты әр түрлі атаумен білдіретін синоним және атауы біркелкі бола тұра әр түрлі мағынаны білдіретін омоним сөздердің болуы, сондай-ақ, көптеген заттардың тілдік атауларының болмауы немесе зат атауларының кейде өзгеріп кететіні - осылардың барлығы атаудың зат табиғатына тән еместігін білдіреді деген дұрыс қорытынды жасайды.
Ежелгі Грек философтарының тілге байланысты сөз еткен екінші проблемасы - тілдің шығу жөніндегі мәселе. Бұл мәселеде де олар дұрыс шешімге келе алған жоқ. Олардың бір тобы тілді дыбысқа еліктеуінен шыққан десе, екінші бір тобы ертедегі адамдардың өзара келісуінен барып шыққан дегенді айтады. Тіл білімінде мұның алғашқысын дыбысқа еліктеу теориясы десе, соңғысы келісім теориясы деп аталады. Бұл екі тұжырымның екеуінің де ғылыми негізі жоқ.
Грек ғалымдары көтерген тағы бір проблема - грамматика мәселелері. Грамматиканы да алғашқыда философия, әсіресе логика ғылымына тәуелді, соның бір саласы ретінде, логикалық категориялардың көрсеткіші ретінде ғана қараған. Бұл саладағы алғашқы пікір Платон мен Аристотель еңбектерінде кездеседі. Платон тілдегі сөздерді есім, етістік деп екі топқа бөлсе, Аристотель алдыңғы екеуінің үстіне жалғауыш дегенді қосып, үш топқа бөледі. Аристотель - грамматика мен логика арасындағы қарым-қатынасты алғаш сөз еткен ғалым. Оның логика мен поэтика жөніндегі ілімі кейінгі заман оқымыстыларына да күшті ықпал жасады. Аристотель логиканы ұғым, пайымдау сияқты категорияларды зерттейтін ғылым деп анықтайды да, сөз табы деген - сөйлемнің элементтері, ал сөйлем - есім мен етістіктің байланысы, бұл екі категория арасында елеулі өзгешеліктер бар: етістік шақты білдіреді, предикативтік қызмет атқарады, ал есім септеледі, сөйлемде субъектілік қызмет атқарады дейді. Бірақ Платон да, Аристотель де сөздерді тапқа бөлгенде, біздің қазіргі түсінігіміздей тілдік категория ретінде емес, логикалық категория ретінде қарайды. Есім мен етістік - пайымдаудың мүшелері, бұлардан басқа сөздер осы екеуінің төңірегінде топталып, жалғауыштық қызметтер атқарады деп түсіндіреді. Соған қарамастан Аристотельдің лингвистикалық көзқарастары бұл ғылымның кейінгі замандардағы дамуына зор әсерін тигізді. Күні бүгінге дейін қолданылып жүрген грамматикалық категориялардың, терминдердің көпшілігі сол Аристотельден қалған.Бұл елдегі тіл ғылымы өз дамуының ең биігіне Греция тарихында эллинизм деп аталатын дәуірде көтерілді. (Бұл - жыл санауымызға дейінгі III ғасыр мен біздің дәуірдің ІҮ ғасыры арасы). Тіл білімі тарихында грамматистердің Александрия мектебі деп аталатын бағыт та осы дәуірде қалыптасқан. Бұл кезең Греция тіл білімі тарихында филология дәуірі деп аталады. Оның басты бір ерекшелігі - грамматикалық ілімнің философияның, логиканың ықпалынан босанып, өз алдына дербес пән ретінде қаралуы еді. Грамматистердің Александриялық мектебін қалыптастырып, грамматика ілімін дамытушылар: Аристарх Самофракийский (б.д.д. 200-150 ж), оның шәкірттері Дионисий Фракийский, Аполлоний Дискол (біздің заманымыздың II ғасыры) болды. Аристарх тілдегі сөздерді есім, етістік, есімше, член (артикль), есімдік, предлог, үстеу, жалғаулық деп сегіз топқа бөлген. Дионисий Фракийский негізгі сөз таптарының көптеген грамматикалық категорияларын, Аполлоний Дискол синтаксис мәселелерін зерттейді. Дегенмен, Ежелгі Грецияда морфологияға қарағанда синтаксис, фонетика, лексикология аз зерттелген. Бұл дәуірдегі филология жазба ескерткіштерді жинау, зерттеу ісімен ерекше шұғылданған. Ежелгі Грек дәуірінен келе жатқан зат пен оның атауы арасындағы қарым-қатынас жөніндегі талас бұл дәуірде де болды. Бірақ бұл кездегі талас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі дәуір және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы жөнінде
Ежелгі дәуір және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы
Тіл білімі ғылымы туралы түсінік
Сөз таптарының орналасу ерекшеліктері
Ежелгі Кытай тіл білімі
Тіл бірліктерінің қалыптары
Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы
Ежелгі тіл білімі
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі
Орта ғасырлар лингвистикасы
Пәндер